Негізгі құралдар бухгалтерлік есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Негізгі құралдар және оларды кiрiске алуды бухгалтерлік есебi. КУРСОВАЯ

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе3

1 Негізгі құралдар бухгалтерлік есебінің қолданыстағы тәртібі5

1. 1 Негізгі құралдардың келіп түсуінің есебі5

1. 2 Негізгі құралдардың тозуының есебі11

1. 3 Негізгі құралдарды жөндеуінің есебі13

1. 4 Негізгі құралдардың шығуының синтетикалық немесе аналитикалық есебі18

2 Кiрiске алуды және негiзгi құралдардың аналитикалық есебiн ұйымдастыру24

Қорытынды30

Қолданылған әдебиеттер тізімі32

Кіріспе

Негізгі құралдарды пайдаланудың бухгалтерлік есебі мен аудиті

Ел Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында былай делінген: «Біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән, әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймыз. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы - өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өнерлі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжыуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің із ашарымыз болып қалуға тиіс».

Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек өнімділігін арттыру және ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, қолданыстағы негізгі құралдарды тиімдірек пайдалану және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салынған әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық салаларының тиімділігін жақсарту қажет.

Экономиканың тиімділігін арттыру мемлекеттің осы заманғы экономикалық стратегиясының басты міндеті болып табылады.

Мұнда ерекше ролді кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құралы ретінде және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі құралдардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайы оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды мезгейді. Осыдан қолда бар негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдалануына қатаң есеп пен бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды.

Сондықтан бұл тақырыптың бүгінгі күннің өзекті мәселесін қарастыратыны сөзсіз.

Жоғарыда айтылған проблемаларды іс жүзінде шешу негізгі құралдардың бухгалтерлік есеп жүйесін байсалды қайта құруды талап етеді. Қазіргі уақытта, бухгалтерлік есептің стандарттары 6 «Негізгі құралдар есебі», 17 «Жалгерлік есеп» және субъектілердің қаржы шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебінің шоттарының Бас жоспарының енгізілуіне байланысты негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі проблемаларының көптеген әдістемелік аспектілері түбегейлі өзгерістерге ұшырап, өзінің практикалық маңызынан айырылады.

Сондықтан курстық жұмысты жазудың негізгі мақсаты болып негізгі құралдардың есебі мен аудитінің негізін теориялық тұрғыда ашып, оның пайдалануының тиімділігінің бухгалтерлік есебі және аудитінің қолдану жағдайын зерттеу болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

- негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызын ашып, олардың жіктелуін қарастыру;

- негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі мен міндеттерін айқындай отырып, тәжірибеде қолданысын зерттеу;

- негізгі қорларды пайдалануының тиімділігін жоғарылату жолдарын көрсету;

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ААҚ «Автоматика» табылады. Ол металлургия, көмір, энергетика және басқа да салаларының кәсіпорындары үшін тексеру-өлшеу приборлары мен құрал-жабдықтарды құрастырумен, өндіруімен, ойлап табумен шұғылданатын кәсіпорын. Сонымен бірге бұл кәсіпорын өндірістік мақсаттағы өнімдерді және халық тұтынатын тауарлар өндіреді.

1 Негізгі құралдар бухгалтерлік есебінің қолданыстағы тәртібі

1. 1 Негізгі құралдардың келіп түсуінің есебі

Біздің қарастырып отырған зерттеу объектісі «Автоматика» ААҚ-ң бухгалтерлік есеп жүргізудің есептік саясаты арнайы құрылған комиссиямен өңделіп бекітілген. Оны қалыптастырудың базасы бухгалтерлік есеп стандарттары, оларға әдістемелік нұсқаулар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп жүйесін реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық құжаттар болып саналады.

Негізгі құралдардың есебі №6 "Негізгі құралды есепке алу" бухгалтерлік есеп стандартына және осы стандарттың әдістемелік нұсқауларына сәйкес жүргізілген.

Есеп саясатын қалыптастыру жауапкершілігі "Автоматика" ААҚ директорына жүктелген.

"Автоматака" ААҚ негізгі құралдар мынадай жағдайларда түскен: күрделі қаржы, жаңа ғимараттар, берік құрылғыларын салу, жабдықтарды сатып алу және орнату; жарғылық капиталға акционерлік кәсіпорынның жарнасы ретінде түсуі; түгендеу кезінде анықталған есепте жоқ объектілерді кіріске алынған.

Кәсіпорынға түскен негізгі құралдар обьектілерін кәсіпорын басшысының үкімімен құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Комиссия құрамына кәсіпорынның бас инженері, техникалық бөлімнің инженері, объектіні пайдалануы берілетін цех немесе бөлімнің бастығы енеді.

Бұл кәсіпорында негізгі құралды қабылдау беру актісінде (№ОС-1) негізгі құралдың құрамына жекелеген обьектілер тіркелген, оларды эксплуатацияға шығару үшін, шығару берілген заңға сәйкес, ерекше тәртіпте толтырылған, онда негізгі құралдар эксплуатацияға жатпайды; негізгі құралдарды бір цехтан келесі цехқа іштей ауыстыру үшін, сонымен бірге басқа субьектіге ауыстыру кезінде құрамнан негізгі құралдарды шығарып тастау үшін (жарғылық капиталға салым, тарату) қолданылған. Осы негізгі құралдарды қабылдаудың құжатын толтыру кезінде актіні бір дана етіп әрбір жеке обьектіге субьект жетекшісінің бұйрығымен тағайындалған қабылдау комиссиясы рәсімдейді. Жалпы акті шаруашылық инвентарын, құрал-жабдықтарды, обьектілерді есептеу кезінде, бұл егер обьектілер бір типті болса, олардың құны бірдей болып, бір күнтізбелік айға қабылданса құрастырылады. Акт толтырылған соң, берілген обьектіге қатысты техникалық құжаттармен бірге бухгалтерге өткізіліп, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі бекіту керек. Бірақ бұнда бір кемшілік, кейбір келіп түскен обьектінің техникалық құжаттары бухгалтерияға өткізілмеген және комиссия мүшелері объектінің егжей-тегжейлі сипаттамасын келтірмегені байқалады.

Бұл кәсіпорында негізгі құралды ішінара өткізу кезінде актіні беруші бөлімнің қызметкері 2 дана қылып толтырған. Алушы мен беруші бөлімге өткізілген.

Негізгі құралдарды қайтарусыз басқа субъектіге өткізу кезінде акт 2 дана етіп құрастырылған. Мұнда да беруші мен қабылдаушы объект субьектілері үшін толтырылған.

Негізгі құралдарды басқа субъектіге тарату кезінде акт 3 дана болып құрастырылған; алғашқы 2 данасы беруші субъектіде қалады (бірінші данасы негізгі құралдың қалдығы мен қозғалысы туралы есеп беруге, ал екіншісі есеп айырысу төлем құжаттарына тігіледі), 3-ші данасы қабылдайтын тұлғаға өткізіледі.

Кәсіпорын бухгалтеріне түскен объектіні материалдық жауапты тұлғаға бекітіп, инвентарлық карточка ашады, объектіге инвентарлық нөмір бекітіп береді, ол бояумен белгіленіп жазылған және объектілі инвентарлық тізімге енгізеді. Ол №НҚ-13 негізгі құралдар келіп түсуі бойынша жазбада жүргізілген. Бұл кәсіпорынның негізгі құралдардың аналитикалық есебі бухгалтерияда өндірістік немесе шаруашылық тағайындамалары бірдей, техникалық сипаттары бірдей белгіленген құны және бір өндірістік бөлімде орналасқан шаруашылық инвентардың бір типті заттары, құрал-саймандары және тағы басқа затынан басқа әрбір инвентарлық обьектіге ашылатын инвентарлық карточкада жүргізіледі.

Кәсіорында барлық түрлері үшін инвентарлық карточканың бірдей: типтік формасы №НҚ-6 бекітілген. МНҚ-6 формалы карточканы түскен негізгі құрал, техникалық құжаттар тағы басқа құжатгар актісі негізінде толтырылған. Обьект мен олардың жекелеген элементерінің сипаттамасы қысқа және әр обьектінің жекелеген ерекшеліктері дәл белгіленген. Инвентарлық обьект бухгалтердің әрбір объектінің немесе жекелеген объектінің тобына жүргізілген.

Негізгі құралдардың объектісін басқа субъектіге өткізу кезінде, сонымен бірге негізгі құралдар объектісінің ішінде субъектіні ауыстыру кезіндегі негізгі құралдардың шығуы туралы белгі үшін негіз “Негізгі құралдар қабылдау-беру актісі” (№НҚ-1) болып табылды, ал негізгі құралдар объектінің шығарьш тастау кезінде “Негізгі құралдар есептеп шығару” (№НҚ-3) актісі толтырылады.

“Автономика ААҚ” кәсіпорында байқағанымыз, құрылыс, құрал- жабдықтау, реконструкциялау және модернизациялау, объектіні жөңдеу бойынша аяқталған жұмыстар туралы жазбалар. “Жөнделген, реконструкцияланған, модернизацияланған” объектілерді қабылдау өткізу актісінің (№НҚ-2) негізіндегі карточкаға енгізіп отырылған.

“Обьектінің қысқаша жекелеген сипаттамасы” бөлімінде негізгі объектінің тек негізгі сандық және мөлшерінің көрсеткіштері ғана жазылған, сонымен бірге негізгі объектіге қатысты маңызды құрылыстар, керек-жарақтар да жазылған. Негізгі құралдарды топтық есептеу жағдайына қысқаша жекелеген сипаттаманы әр объектіге жеке емес, инвентарлық карточкада көрсетілген тұтас объектіге береді.

Сандық және сапалық көрсеткіштердің өзгеруіне қарай бұрынғы инвертарлық карточкадағы барлық көрсеткіштердің бейнелеуі мүмкін емес жағдайында жаңаша ауыстырған екен. Ескі инвентарлық карточканы анықтама құжаты ретінде кейінге керек болған жағдайда сақтап қойған.

Осы кәсіпорында толтырылған инвентарлық карточкалар бухгалтерде негізгі құралдар есебі бойынша инвентарлық карточкалар жазылымында (№НҚ-10) тіркелген. Ол негізгі құралдардың әрбір жіктелген тобы бойынша бір дана етіліп жүргізілген. Карточканы тіркеген кезде нөмірленіп, негізгі құралдарды жіктелу тобы бойынша сақтайтын карточкаға салынған. Картотекадағы бөлімдер: эксплуатациядағы негізгі құралдар (жіктеу топтары бойынша: “ғимараттар”, “беріліс құралдары”), сонымен бірге “Осы айда түсті”, “Осы айда шықты”, “жөндеуде”, “қорда”, “консервацияда”, “'Жалға берілген негізгі құралдар”, “Ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар”, “Жалға алынған негізгі құралдар”, “Архив” деп орын-орындарымен реттеліп қойылған.

Бір ай ішінде “түсті”, “шықты” бөлімдеріндегі карточкалар 12 бөлім “негізгі құралдар” шотында көрсетілген айналыммен салыстырылғаннан кейін картотеканың сәйкес бөлімдеріне енгізілген. Объектіні жөндеудегі немесе жалға алушылардан қайтып алудан, консервацияны тоқтатудан, қордан эксплуатацияға өткізуден кейін, бұл объектің карточкалары картотеканың сәйкес бөліміне қойылған. Негізгі құралдардың шығуы бойынша карточкаларды картотеканың “Архив” бөліміне енгізген. Осы кәсіпорында жағдайы мен қозғалысын бақылауды қамтамасыз етеді.

Негізгі құралдардың әрбір жіктелу тобы бойынша бір айдағы ақының қолмен жөнделу кезінде айналым мен қалдық жинағы және негізгі құралдар қозғалысы есебінің карточкасында (№НҚ-12) жазылған, бұнда құжаттар негізін инвентарлық карточкада көрсетілген айналым мен қалдықтар жазылып “Негізгі құрал” 12 бөлім шоты бойынша Бас кітаппен салыстырылады. Бұл карточкада жылдық (тоқсан, ай) басындағы негізгі құралдардың қалдығы, түсім, шығу, айдың аяғындағы қалдық көрсетіледі. Осы берілгендердің негізінде негізгі құралдардың бар болуы мен қозғалысы туралы есеп беру құрастырылған.

Кәсіпорын басшысының бұйрығымен материалды жауапты тұлға тағайындалған. Материалды жауапты тұлғаға бекітілген барлық негізгі қордың инвентарлық тізіміне енгізген (№НҚ-13) . Тізім материалды жауапты тұлғаның қолында болып, оперативті мақсаттар үшін пайдаланылады.

Негізгі құралдардың құны туралы мәліметтер тізім мен инвентарлық карточкада сәйкес келіп тұр. Негізгі құралдар есебі орнына қарай бухгалтерия жазып беретін инвентарлық карточканың 2-ші данасына енген. Бухгалтерия картотекасы мен негізгі құрал эксплуатациясының орны бойынша картотеканың мәліметтері дәл келіп түр.

Аналитикалық есеп еліміздің территориясы мен шетелде негізгі құралдың бар болуы мен қозғалысы туралы мәліметтерді алудың мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясы 1996 жылғы 18 қараша №6 қаулысымен бекіткен субъектінің қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп шотының Бас жоспарына сәйкес негізгі құрал қозғалысының синтетикалық есебі 12 бөлімшесінің "негізгі құрал" шотында жүргізіледі, онда негізгі құралдардың жекелеген объектісін есепке алу жөнінде мынадай негізгі инвентарлық шоттар бар: 121-126 шоттар. Бұл шоттар бухгалтерлік балансқа қарағанда белсенді болып табылады, сондықтан дебет бойынша негізгі құралдардың түсімдері, ал кредит бойынша шығысы көрсетіледі. Осы шоттардағы негізгі құралдар бастапқы құны бойынша есептеледі де, осы құн бойынша олар бухгалтерлік баланстың "Ұзақ мерзімді активтер" бөлімінде активтерде және Қазақстан Республикасының субъектілерінің басқа қаржы есебі формаларында көрсетіледі.

1. "Автоматика" ААҚ-на күрделі қаржы нәтижесінде негізгі құрал объектілері келіп түсті:

а) Мердігерлерге орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін ҚҚС пен есептерде сомасы - 500, 0 тг.

б) Мердігерге монтаждауға берілген жабдықтың бастапқы құны (ҚҚС пен) есептерде сомасы - 260, 0 тг. жабдық берілді.

в) Құрылыс салу үшін жер телімін таңдауға төленетін өтемақы (ҚҚС-бірге) - 120, 0 тг.

г) Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін (ҚҚС бірге) есептегенде мердігерлердің 620, 0 тенге шоты төленді.

д) Негізгі құралды қабылдау-беру актісі негізінде салынған ғимарат кіріске енгізілді - 880, 0 тенге (500, 0+260, 0+120, 0)

е) Құрылысқа байланысты, бірақ объектілеу бастапқы құнына енгізілмейтін шығындар - 95, 0 тенге.

Кесте 1 - Күрделі қаржы салу нәтижесінде түсуін шоттарда көрсету

Операция мазмұны: Операция мазмұны
Dm: D m
Km: K m
:
Операция мазмұны: Мердігерлерге орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін (ҚҚС)
Dm: 126
Km: 671
: 500, 0
Операция мазмұны:

Мердігерге монтаждауға бастапқы

құнымен (ҚҚС) қосқанда берілген жабдық

Dm:

126

331

Km:

125

671

:

260, 0

75, 0

Операция мазмұны: Жер телімін тандау үшін (ҚҚС) өтемақы есептеу
Dm: 126
Km: 687
: 120, 0
Операция мазмұны:

Орындалған құрылыс-монтаж жұмысы үшін

(ҚҚС) қоса есептін мердігерлердің шоттары

төленді

Dm:

331

671,

687

Km:

687

441

:

28, 0

620, 0

Операция мазмұны: Негізгі құралды қабылдау-беру актісі негізінде объекті пайдаға берілді
Dm: 122
Km: 126
: 880, 0
Операция мазмұны:

Құрылысқа байланысты, бірақ объекттің

бастапқы құнына енгізілмейтін шығындар

сомасы

Dm: 821
Km: 126
: 95, 0

2. "Автоматика" ААҚ 2002 жылы қазан айында Ресейден "Камаз" автомашинасын сатып алған. Оның бастапқы құны-2300, 0 тг., тозуы-300, 0 тг., баланстық құны-2000, 0 тг. Сауда-саттық шартына сәйкес автомашинаны 950, 0 тг. сатты.

Кесте 2 - Көлік құрамының қозғалысы бойынша операциялардың көрсетілуі

Операция мазмұны: Операция мазмұны
Dm: D m
Km: K m
:
Операция мазмұны: Негізгі құрал кіріске алынуы
Dm: 124
Km: 671
: 2000, 0
Операция мазмұны: Жабдықтаушы шотының төленуі
Dm: 671
Km: 431
: 2000, 0
Операция мазмұны: Қалдық құн есептен шығарылуы
Dm: 842
Km: 124
: 2000, 0
Операция мазмұны: Сатып алушыларға келісілген құны бойынша шот көрсетіледі.
Dm: 303
Km: 722
: 826, 0
Операция мазмұны: Негізгі құрал сату бойынша ҚҚС есептелді
Dm: 303
Km: 633
: 124, 0
Операция мазмұны: ҚҚС қосымша есептелетін (2000-826, 0) *15%
Dm: 821, 1
Km: 633
: 176, 0
Операция мазмұны: Сатьш алушыдан ақша қаражатының алынуы
Dm: 441
Km: 303
: 950
Операция мазмұны: Бюджетке ҚҚС аударылуы
Dm: 633
Km: 441
: 300

1. 2 Негізгі құралдардың тозуының есебі

Пайдалану процесінде негізгі құралдар өзінің бастапқы заттық формасын сақтай отырып, біртіндеп тозады да, өз құнын жаңадан жасалатын өнімге аударады. Бухгалтерлік есептің №6 "Негізгі құралдар есебі" стандартына сәйкес тозу - бұл негізгі құралдар объектілерінің физикалық және моральдық сипаттамаларынан айырылу процесі.

Негізгі құралдардың түр-түріне амортизацияны есептеудің түрлі тәсілдері қолданылады, негізгі құралдар обьектілерінің физикалық тозуы - бұл пайдалану процесінде олардың бастапқы құнының бір бөлігінен айрылу, оған: қажалу, сыну, механизмдердің, детальдардың жекелеген бөлшектердің қирауы және сыртқы ортаның әсері салдарынан пайдалану сапасынан айырылумен сипатталады.

Негізгі құралдар объектінің моральдық тозуы бұл жетілдірілген және өнімді машиналардың, жабдықтардың және басқа негізгі құралдардың пайда болуына байланысты жұмыс істеп тұрған объекттің бастапқы құнының төмендеуі. Бұндай тозуға негізгі құралдың барлық объектері жатады.

Барлық жағдайларда негізгі құралдардың объектілері пайдалану мерзімі аяқталғанша бастапқы түрін сақтайды, бірақ құны нақты тозу сомасынан төмендейді. Тозудың қалыпты қызмет мерзімі бойы активтің амортизация-ланатын құнының жүйелі бөлінуі түріндегі құндық шамасы амортизация деп аталады. Пайдалы нормативті қызметті барлық мерзімі бойы әрбір есепті кезеңге амортизациялық төлемдер субъектінің шығындары болып табылады.

Амортизацияны есептеу әдістерін шаруашылық субъектілерінің есеп саясатында қарастырылады:

1. Құнды біркелкі шегеру әдісі

2. Құнды атқарылған жұмыс көлеміне пара-пар шегеру

(өндірістік тәсіл)

3. Жеделдетілген әдістер

- қалдықты азайту әдісі

- құнды сан сомасы бойынша шегеру (кумулятивті) әдіс

Негізгі құралдардың әрбір түріне амортизацияны есептеудің қосымша тәсілдері қолданылады, бірақ та бір түріне жыл бойында тек бір әдіс өзгеріссіз қолданылады.

Осы қарастырылып отырған “Автоматика” ААҚ есептік саясында біркелкі әдіс негізгі құралдың барлығына қолданылады. Бұл әдістің таңдалу себебі, ол қолдануға қолайлы. Негізгі құрал құнын қайта бағалау Қазақстан Республика Үкіметінің қаулысына сәйкес жүргізілді. Амортизацияшы ай сайын құнды біркелкі шығару жолымен есептеледі. Қайтадан түскен негізгі құралға амортизациясын есептеу келесі айдың бірінші күнінен басталады да, істен шыққан негізгі құралға амортизацияны есептеу келесі айдың бірінші күнінен тоқталады. Амортизацияны есептеудің таңдап алынған тәсілі есептеу саясатымен белгіленіп, бір есепті кезеңнен екіншісіне дәйекті түрде қолданылуы тиіс. Амортизацияны есептеу әдісі өзгерген жағдайда осы өзгерістерді тудырған себептер ашылуы тиіс. Амортизацияланатын құн дегеніміз бастапқы және тарату құнының арасындағы айырмашылық есептеп шығару әдісі "Автоматика" ААҚ-ң негізгі құралдың барлығына қолданылады. Бұл әдістің таңдалу себебі, ол қолдануға ыңғайлы негізгі құрал құнын қайта бағалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жүргізілген.

Ғимарат, құрылыс бойынша амортизация әр қүрылысқа жеке есептеледі. Егер құрылыс құны тозу нәтижесінде 40 айлық есеп айырысу көрсеткішінен төмен болса, онда оның құны ағымдағы шығынға теңеліп, шығарып тастауға жатады.

Егер топтың құндық балансы салық жылының аяғында 100 айлық есеп айырысу көрсеткіші сомасынан төмен болса, топтың құндық балансының мөлшері шығарып тастауға жатады.

Тозуды біркелкі есептеу әдісі обьекттің тозған құнын оның қызмет мерзімі кезінде өндіріс шығынына біркелкі үлестіріп бөлуді қарастырады.

"Автоматика" ААҚ технологиялық жабдықтардың алғашқы құны 180, 0 тг., тарату құны 10, 0 тг., пайдалану мерзімі 20 жыл. Құнды біркелкі есептен шығару әдісін қолданған кезде амортизациялық аударымдардың жыл сайындағы сомасы (180, 0-10, 0) /20=8500 тг.

1994 жылы шығарылып, сол жылы пайдалануға берілген автомобиль одан әрі пайдалануға жарамайтындығына байланысты 2002 жылы есептен шығарылды. Автомобильді есептен шығару сәтіндегі бастапқы құны - 296455 теңге, амортизация сомасы - 157145 теңге, жою құны - 14823 теңге, пайдалануға келетін кіріске алынған материалдардың құны - 139310 теңге.

Кесте 3 - Негізгі құралдардың шығуы бойынша операциялардың шоттарда көрсетілуі

Операция мазмұны: Операция мазмұны
Dm: D m
Km: K m
:
Операция мазмұны: Амортизация сомасына негізгі құралды есептен шығару кезінде жинақталған
Dm: 133
Km: 124
: 157145
Операция мазмұны: Шығарылған негізгі құралдың баланстық құнына
Dm: 842
Km: 124
: 139310
Операция мазмұны: Есептен шығарылған негізгі құралдан алынған қосалқы бөлшектер кіріске алынуы
Dm: 205
Km: 727
: 139310

1. 3 Негізгі құралдарды жөндеуінің есебі

Көпшілік жағдайда негізгі құрал-жабдықтар жекелеген бөлшектерден, тораптар мен агрегаттардан тұратын күрделі механизм, олардың ресурсы шектеулі, әрекет ету мерзімі тұтастай обьектіні пайдаланудың нормативтік мерзімінен кем. Негізгі құрал-жабдықтар обьектісі түзу қалпында болуы, әрі бізге жоспарланған табыс әкелуі үшін қосымша шығын жұмсау қажет.

Бұл шығындар былайша бөлінеді:

- күрделі емес сипаттағы шығындар;

- күрделі шығындар;

Бұл шығындарды дұрыс ажырата білу керек. Күрделі емес сипаттағы шығындарға жататындары: негізгі құрал-жабдықтарды жұмыс қалпында сақтауға және сүйемелдеуге байланысты шығындар, яғни бастапқы бағаланған көрсеткіштеріне өзгеріс келтірмейтін, демек, обьектінің бастапқы құнын арттырмайтын ағымдағы шығындар.

Өз кезегінде, күрделі шығындар өндірістік қуатты немесе объектінің пайдалану мерзімін арттыруға әкеп соқтырады. Аталған шығындар капиталданады және де негізгі құрал-жабдықтар бастапқы құнын арттыруға бағытталады, өйткені оның өзі кейінгі пайдалану мерзімінде қосымша табыс алуға ықпал етеді.

Күрделі және күрделі емес шығындардың арасында шек қою әрдайым мүмкін бола бермейтіндіктен, бухгалтерлердің аталған шек қоюды, сондай-ақ өзінің есеп саясатында осы мәселе бойынша олардың сүйенетін құжаттарының тізімін көрсету ұсынылады.

Негізгі құрал-жабдықтарды пайдалануға байланысты келесі шығындар былайша жіктеледі.

- күтіп ұстау және техникалық қызмет көрсету,

  • жөндеу,
  • жаңғырту, қайта құру,
  • тағы басқалары
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақ аудиттің жүргізілу тәртібі
Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
Негізгі құралдар қозғалысының есебі
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі және оның операциялары
Негізгі құралдар есебін инвентаризациялау
Негізгі құралдар туралы түсінік
«КазАБЭК» кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдау
Негізгі құралдардың есебімен аудиті
Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі
СНГ авторларының аудитке берген анықтамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz