ҚР-ның коммерциялық банктері



КІРІСПЕ

1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР, ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру негіздері
1.2 Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу қажеттілігі

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ
2.1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы
2.2 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары


ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
"Коммерциялық банк" термині, банкілер басымды жағдайда саудаға (commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі.
Несиелер мерзімі біртіндеп өсе бастады, банк ресурстарының бір бөлігі негізгі капитал мен бағалы қағаздарға жұмсалым үшін қолданыла бастады. Соңғы уақытта Қазақстанның банкілік жүйесінің қалыптасуында маңызды өзгерістер болды. Банк-жетекшілер анықталды, банкілік мамандандырудың негізгі бағыттары қалыптасты, қаржы институттары арасында тапсырыскерлер қорын бөлу аяқталды.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуін, оның жұмыс істеу тиімділігінің артуын, қажетті инфрақұрылымның құрылуын несиелендіру қатынасын қолданбай және оны ары қарай өркендетпей қамтамасыздандыру мүмкін емес.
Несие – қарызға ақша немесе тауар беру, ереже бойынша, процент төлеумен; құндық экономикалық категория тауар – ақша қатынасының бөлінбес элементі. Несиенің пайда болуы айырбас саласымен тікелей байланысты, бұл жерде тауарлар иелері экономикалық қатынасқа түсуге дайын, меншіктенушілер ретінде бір – біріне қарсы тұрады.
Несиенің пайда болу және өркендеу мүмкіндігі капиталдың ауыспалы айналымымен және айналымымен байланысты. Капиталдың негізгі және айналымды қозғалысы процесінде ресурстарды босатып алу жүреді. Еңбек құралдары өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолданылады, олардың құны дайын өнімдер құнына бөлшекті беріледі.
Несие берудің негізгі алты принципі (алты «Си» ережесі)
Сипаттама (Character) Тапсырыскердің несиелік тарихы. Осы тапсырыскермен байланысты басқа несиегерлер тәжірибесі. Несие мақсаты, болжауды құрудағы тапсырыскер тәжірибесі. Несиелік рейтинг, сұранылатын несие бойынша, екінші қол қоятын немесе кепілдік беретін тұлғаның болуы.
Ақша қаражаты (Cash) Пайда, дивидендтер және бұрынғы сату көлемдері. Қолма – қол ақшаның жоспарланған ағымының жеткіліктілігі және өтімді бұйым қорының болуы.
Қамтамасыз етілу (Collateral) Активтерді меншіктену құқығы, олардың қызмет көрсету мерзімі. Активтердің моральды тозу ықтималдығы. Олардың қалдықты құны.
Шарттар (Conditions) Саладағы тапсырыскер жағдайы және нарықтағы күтілетін үлес. Тапсырыскер қызметінің нәтижелерін осы саланың басқа фирмаларының қызметтері нәтижелерімен салыстыру.
1. Нәумбетов Қ.С Вестник Каз НУ."Инспекциялық қадағалау механизмі"2005 ж, маусым. И4 (75);
2. Абильпейсова.А.А \Жедел жаңару жолындағы эканомикалық бағдарламалар.Халықаралық ғылыми тәрбиелік конференция материялдары."Пруденциялық нормативтер коммерциялық банктер қызметтерін реттеудің инструменті".2005жыл 18-20мамыр,271-278 бет.
3. "Перечень банковских операций, проводимых инвестиционным банками в Республике Казахстан"(19.10.04г.,постанавление И181);
4. Мақыш.С.Б. Қаз ҰУ хабаршысы.Коммерциялық банктер тәуекелін рейтингтік бағалау жүйесі.эканомика сериясы.2004 жыл,маусым.(И3,137-136);
5. "ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы"ҚР заңы.31.08.1999ж.
6. Абдуллина.Н.К Банковская система за десять лет независимости Кахахстана,под редакцией.2001,стр 110;
7. Аралбаева.А.А Банки Казахстана."Бүгінгі таңдағы банктік қызметті реттеуге арналған заңдық дамуының кейбір мәселелері" 2005жыл И11,37-38бет;
8. Давыдов.М, Айманов.Д "Банковское право республики Казахстан":учебное пособие Жеті жарғы,Алматы 2003г.,352стр;
9. Абрамов.М.А Александрова.Л.С .Финансы,денежное обращение и кредит.М:институт международного права и эканомики,2004г;
10. Колесникова.В.И, Кроливецеой.Л.П под редакцией\Банковское дело:М, Финансы и статистика 2001г;
11. Бралина.А.Г. Вестник Каз НУ,серия экономическая. Денежно- кредитная политика коммерческого банка.2005г,И2(48);
12. Информационный бюллетень.Национальный Банк Казахстана. 2004г. №14;
13. Банки Казахстана,Банктің хұқтық актілері, 2005жыл.,ақпан И5(45);
14. Қарымсақов. Ғ. С. Вестник КазНУ., Банкқызметіндегі тәуекелдік.2005жыл.,И3 (50);
15. Уткин.Э.А. Справочник банкира.2002г;
16. Қарымсақов. Ғ.С. “Вестник КазНУ”. Банк қызметіндегі валюталық пайыздық тәуекелдер. 2005ж.,№3 (70) ;
17. Павлодский Е.А. Прововое регулирование расчетных и кредитных отношении//право и экономика 2002 №3,4. стр.30.
18. Ефимова А.Г. Сборник оброзцов банковских документов. М: кодекс,2004г;
19. Қарымсақов Ғ.С. “Вестник КазНУ” Несие тәуекелдік 2005ж. №3 (55) ;
20. Новоселова Л.А. “Денежные расчеты в предпренимательской деятельности” М: Юринформ 1999г. Стр.145.
21. Ефимова Л.Д. Комерческий банк: предприятие или учереждение// хозяйство и прово. 2000г. №7. стр.100.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МазмҰны

кіріспе

1. Коммерциялық банктер, және олардың қызмет етуінің теоретикалық негіздері
1.1 Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру негіздері
1.2 Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу қажеттілігі

2. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қызметін Талдау және реттеу
2.1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы
2.2 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу
құралдары

Қорытынды

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

іріспеасы рыќтыќ экономикасындаѓы
___________________________________ ___________________________________ ______
________________
Кіріспе

"Коммерциялық банк" термині, банкілер басымды жағдайда саудаға
(commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі
кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі
тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты
тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік
өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру
бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар
мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі.
Несиелер мерзімі біртіндеп өсе бастады, банк ресурстарының бір бөлігі
негізгі капитал мен бағалы қағаздарға жұмсалым үшін қолданыла бастады.
Соңғы уақытта Қазақстанның банкілік жүйесінің қалыптасуында маңызды
өзгерістер болды. Банк-жетекшілер анықталды, банкілік мамандандырудың
негізгі бағыттары қалыптасты, қаржы институттары арасында тапсырыскерлер
қорын бөлу аяқталды.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуін, оның жұмыс істеу тиімділігінің
артуын, қажетті инфрақұрылымның құрылуын несиелендіру қатынасын қолданбай
және оны ары қарай өркендетпей қамтамасыздандыру мүмкін емес.
Несие – қарызға ақша немесе тауар беру, ереже бойынша, процент
төлеумен; құндық экономикалық категория тауар – ақша қатынасының бөлінбес
элементі. Несиенің пайда болуы айырбас саласымен тікелей байланысты, бұл
жерде тауарлар иелері экономикалық қатынасқа түсуге дайын, меншіктенушілер
ретінде бір – біріне қарсы тұрады.
Несиенің пайда болу және өркендеу мүмкіндігі капиталдың ауыспалы
айналымымен және айналымымен байланысты. Капиталдың негізгі және айналымды
қозғалысы процесінде ресурстарды босатып алу жүреді. Еңбек құралдары
өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолданылады, олардың құны дайын өнімдер
құнына бөлшекті беріледі.
Несие берудің негізгі алты принципі (алты Си ережесі)
Сипаттама (Character) Тапсырыскердің несиелік тарихы. Осы
тапсырыскермен байланысты басқа несиегерлер тәжірибесі. Несие мақсаты,
болжауды құрудағы тапсырыскер тәжірибесі. Несиелік рейтинг, сұранылатын
несие бойынша, екінші қол қоятын немесе кепілдік беретін тұлғаның болуы.
Ақша қаражаты (Cash) Пайда, дивидендтер және бұрынғы сату көлемдері.
Қолма – қол ақшаның жоспарланған ағымының жеткіліктілігі және өтімді бұйым
қорының болуы.
Қамтамасыз етілу (Collateral) Активтерді меншіктену құқығы, олардың
қызмет көрсету мерзімі. Активтердің моральды тозу ықтималдығы. Олардың
қалдықты құны.
Шарттар (Conditions) Саладағы тапсырыскер жағдайы және нарықтағы
күтілетін үлес. Тапсырыскер қызметінің нәтижелерін осы саланың басқа
фирмаларының қызметтері нәтижелерімен салыстыру.
Бақылау (Control) Банк қызметіндегі сәйкестікті заңдар және несиенің
сипаты мен сапасына қатысты ережелер.
Қазіргі кезде Қазақстандағы шағын бизнестің өркендеу жағдайы қоғамның
қажетсінуіне алыс сәйкестікте емес. Бұл тарихи түсінікті жағдай. Нарыққа
өтпес бұрын Қазақстан экономикасын ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар –
социалистік индустрияның флагмандары құрды. Одан өзге, онымен қатаң және
компромиссіз күрес жүргізілді, өйткені шағын кәсіпкерліктің өркендеуі
социалогиялық идеология негізінің беделін түсіретін еді.
1 Коммерциялық банктер, және олардың қызмет етуінің теоретикалық негіздері

1.1 Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру негіздері

ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда
қабылданған "ҚР Ұлттық банкі" және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған "ҚР-
ғы банктер және банктік қызмет туралы" ҚР заңдарын басшылыққа
алады.1,152б
Коммерциялық банктер - банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар
банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға кең
көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жузеге асырады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап
қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары он бес жылдық тарихы
бар. Коммерциялық банктердің соңғы сегіз жылдағы сандық құрамы 1-кестеде
берілген.

1 кесте - ҚР -ғы коммерциялық банктердің сандық құрамы кезеңнің басына

Банктер түрлері 01. 00 01.01 01. 02
1. Екінші деңгейдегі 44 38 36
банктердің барлығы:
оның ішіиде:
мемлекеттік 2 2 2
мемлекетаралық 1 - -
Шетел капиталының
қатысуымен, оның ішінде: -
100%50%-дан аса, оның 16 17 17
ішінде еншілес банктер 96 96 104
11 11 10

Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-
несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда
табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне
жетекшілік етуге бағытталады.16, 48-49б
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк - бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен
айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялык банкке
ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық
кассалық резевтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі
Ұлттық банктер мекеме-лерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы
арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды
Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық
банктен несие ала алады.
Ұлттық банк - бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті
алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын
мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әртүрлі
келесідей құқылық формалары кездеседі:
- мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк
формасында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан);
- акцияның бір бөлігі мемлекетке тиеселі немесе мемлекеттің қатысынсыз
акционерлік қоғам формасында (Жапония, Белгияда);
- орталық банктің функцияларын біртұтас аткаратын теуелсіз банктер
жүйесі (АҚШ-та).
АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың
капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық
банктердің қосқан жарнасынан тұрады.
Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады,
ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері
- 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан,
құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым
қорлары банкке тиселі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан
тұрады.
2004 жылдан бастап, "Ұлттық банкі туралы" ҚР заңына жасалған соңғы
толықтырулар мен өзгерістердің кейінгі Ұлттық банкінің басты міндеті -
еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сол сияқты, Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктелді;
- мемлекеттің ақша-несие саясатын жасау;
- төлем жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамысыз ету;
- банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану
арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың
орындалуына бақылауды жүзеге асыру.17
Ұлттық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден құралады:
- меншікті қаражат есебінен;
- басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде
орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
- ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;
- арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар
есебінен.
Ұлттық банктің басқару құрылымы.
Қазақстанның Ұлттық банкі - тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас
орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына:
Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.
ҚҰБ-нің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және басқармаға
келесідей негізгі қызметтер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;
- банк қызметтіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерін
бекіту;
- Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта
қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;
- жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру
туралы шешім қабылдау;
- банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;
- алтын валюта активтерін баскарудың негізгі қағидаларын анықтау;
- ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
- ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттің
бекітуіне беру;
- ҚҰБ-нің жылдық балансын және табыс мен зияны туралы есебін қарау және
бекіту;
- ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың
қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді пайдалану,
ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті, департамент
директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін
тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
- банктер үшін пруденциальдық нормативтер мен баска да міндетті
нормаларды және шектерді бекіту;
- еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және
бекіту;
- ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы шешім
қабылдау;
- Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;
- бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырын, ҚҰБ-не
арналған бухгалтерлік есептің саясатын және одістерін анықтау;
Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің
Басқармасының құрамына:
- ҚҰБ төрағасы жене бес лауазымды тұлғалары,
- ҚР Президентінен бір өкіл;
- ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.
Ұлттық банктің оперативтік басқару органы директорлар кеңесі болып
табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның
орынбасарлары жене құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.
Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру
мыналарды білдіреді:
- Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-нің төрағасын 6 жылға
сайлайды және қызметінен босатады;
- ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ төрағасының ұсынуымен ҚР
Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады.
- ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Прзеиденті бекітеді;
- Ұлттық валютаның - теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті
бекітеді;
- ҚҰБ-нің ҚР Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты
ақпараттарды беріп отыруы.
Ұлттық банк өзінің негізіі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық
басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық банк
атынан жұмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкілеттіліктері өз қызметтерін ҚҰБ
бекіткен өкілеттігі шегінде ғана жүзеге асырады.
Ұлттық банктің функциональдық құрылымына департаменттер мен басқа да
бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілетіліктері мен
ұйымдары кіреді.
Ұлттық банктің орталық аппаратында мынадай департаменттер мен дербес
басқармалары бар:
- зерттеу және статистика департамент;
- шетел операциялары департаменті;
- ішкі операциялар басқармасы;
- монетарлық операциялар департамент;
- сыртқы байланыстар бөлімі;
- заң қызметі департаменті;
- әкімшілік департаменті;
- қолма-қол ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма;
- инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі;
- бухгалтерлік есеп департаменті;
- есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;
- операциондық басқарма;
- төлем жүйесі басқарамсы;
- бақылау және аудит департаменті;
- персоналдармен жұмыс жасау басқармасы;
- халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;
- мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар белімі. Сонымен қатар,
ҚҰБ құрылымына мынадай дербес
бөлімшелер де кіреді:
- Мемлекеттік сақтау қоймасы;
- Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк екілеттігі;
- Банкноттық фабрика;
- Монета сарайы;
- Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталғы (ҚБЕО);
- Қазақстан ипотекалық компаниясы;
- Ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры;
- Процессингтік орталық;
- Актуарлық орталық;
- Банктік сервистік бюро;
- Ұлттық ақпараттар технологиясы;
- Автобаза.18,44б
2004 жылдан бастап, Үкіметтің қаулысымен Ұлттық банктің құрылымынан
қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қызметіне бақылау және қадағалау
жөніндегі Қаржы агенттігі бөлініп шықты.
Оның құрамына: банктің қадағалау, бағалы қағаздар нарығын реттеу және
сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу департаменттері кіреді.
Осындай өзгерістерге сәйкес Ұлттық банктің атқаратын қызметтері де
қысқарып, яғни тек қана классикалық қызметтер қалды.
Ұлттық банк мынадай классикалық қызметтерді атқарады:
- ақшаны эмиссялау;
- ақша-несие саясатын жүргізу;
- төлем жүйесін ұйымдастыру;
- төлем балансын құру;
- валюталық реттеу және валюталық бақылау. Ұлттық банк мынадай
операцияларды жүргізеді:
- бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару
мерзімдегі міндеттемелерді қайта есепке
алады;
- мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және
сатады;
- депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жылға жататын
борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.
- депозиттік және есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы
қағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
- қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
- қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
- чектерді жазып вексельдерді береді;
- жарғыға қайшы келмейтін өз міндеітемелеріне сай келетін басқа да
банктік операцияларды жүзеге асырады.
Ақша-несие саясаты
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және
жүзеге асыратын орган болып табылады.
ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты - ұлттық валютаның
тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына
қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін,
сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің
қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі - Ұлттық
банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу
объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының
жиынтығы жатады.
Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының
екі типі болады:
І.Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
2.Экспанциондық ақша-несие саясаты.
Рестрикциялық ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік
операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы
мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциондық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен,
айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.
Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты:
инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл
мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға
сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының
көмегімен реттеледі:
- Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;
- Ең төменгі міндетті резевтер нормасын белгілеу;
- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашық
нарықтағы операцияларды жүргізу;
- банктерге және укіметке несиелер беру;
- валюталық нарықта интервенциялау;
- кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің
деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде
қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді
ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.19,221б
Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы
мөлшерлемелерді белгілейді:
- ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
- ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі;
- РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
- "овернайт " займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
- күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына,
несие бойынша сұраныс мен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция
деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері, ҚР
Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары
бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.
Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы
жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты
белгіленеді және Ұлттық банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу
операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық
пайыздық мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық
вексельдерді қайта есептеуге қолданылады.
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері - жылдық
пайыздық молшерлемелер, ішқі қаржы нарығының жағдайына байланысты
белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүрғізуде
қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мелшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай
қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы
мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мелшерлемелердің елеулі ауытқуын
болдырмау.20,58б
"Овернайт" заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі - Ұлттық банктің екінші
деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп
айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары
"бойынша қолданылады.
Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері Ұлттық банктің екінші
деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары
бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажстті ақша
қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша
қолданылады.
Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелерін төмендегідей 3-кестемен
беруге болады.

3 кесте- Ұлттық банктің ресми сыйакы мөлшерлемелері пайызбен*

N Сыйақы мөлшерлемесінің 01.2003 ж.01.2004 ж.01.2005ж.
түрлері
1.Қайта қаржыландыру 14 9 7,5
2.Есептік (дисконттық) 12,5 8 8
3.Овернайт займдары бойынша 20 12 9
4.РЕПО операциялары
бойынша,
соның ішінде:
овернайт - 5 5,5 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы ақпарат
Ақш- тың банк жүйесі
Банктік жүйенің мәні және Қазақстанның экономикасындағы ролі
Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
ҚР-ның банк жүйесі
Қазақстан Республикасында коммерциялық банктерді құру, оның қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы
Алғашқы банктер
Банк жүйесінің қалыптасуы
Банктың операциялық қызметтері
Несие жүйесінің түсінігі
Пәндер