Нарықтық экономика жағдайындағы өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруды жетілдіру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3


1.НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДА ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Өндіріс ерекшеліктері және олардың шығындар есебін ұйымдастыруға тигізетін әсерлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2. Өзіндік құнның экономикалық мәні және оны үнемдеу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.3. Экономикалық элементтер бойынша өндірістік шығындар және олардың есеп саясатындағы көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29


2. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
2.1. Материалдық шығындар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.2. Еңбек ақы шығындарының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
2.3. Үстеме шығындарды есептеу және оларды бөлуді жетілдіру ... ... ... ... 52


3. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ АУДИТІ
3.1. Ішкі аудиттің мақсаты, міндеттері және атқаратын қызметтері ... ... ... 63
3.2. Кәсіпорындағы өндірістік шығындарды талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68
3.3. Жұмсалған шығындар мен орындалған жұмыстар аудиттері ... ... ... ... 79


ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...90
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .96
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Автокөлік жолдары – Қазақстан Республикасының жалпы транспорт жүйесінің маңызды саласы бола отырып, олардың даму деңгейі мен техникалық жағдайы жалпы мемлекеттің, сондай-ақ жеке аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуына ерекше ықпал етеді. Автокөлік жолдары тауарлар мен өнімдер, жүктер мен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын негізгі қатынас құралы болып есептеледі.
Қазақстан Республикасында саяси – экономикалық және әлеуметтік қатынастардың тұрақтану жағдайында пайдаланудағы жолдарды қалыпты жағдайда күтіп – ұстау маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Автокөлік тасымалдарының қарқынды дамуы автокөлік жолдарының жай – күйіне және олар көрсететін қызметтердің сапасына қатаң талаптар қойып отыр. Соған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі 2001 жылдың 29 мамырында «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» қаулы қабылдады [1]. Осы қаулының негізінде «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды [2].
Қазақстан Республикасы территориясының көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орынды алады, ал тұрғындарының саны тек 15 млн-нан сәл артып түседі. Осы тұрғыдан алғанда транспорттық – коммуникациялық кешеннің маңызы ел экономикасы мен оның мемлекеттік тұтастығы үшін алатын орны өте жоғары.
Қазіргі уақытта өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының, өңдеуші орындардың тұрақты дамуы, транзиттік қатынастардың өрістеуі, коммуникациялар мен ақпараттың ғаламдық жүйелері, халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар мен корпарациялардың іс – қимылдары, жүк және жолаушы тасымалдар көлемінің өсуі, сондай-ақ барлық елді – мекендер, аудандар мен облыстар арасында тұрақты автомобиль қатынастарын қамтамасыз етудің қажеттілігі республикада автомобиль жолдары желісін дамытудың маңыздылығын айқындата түседі.
1. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы » заңы өзгерістер мен толықтыруларымен 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-ІІІ Заңы
2. «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 мамырдағы № 726 қаулысы // ПҮАЖ -2001 №19.-Б. 24-25.
3. «Қазақстан Республикасының халақаралық көлік дәліздерін дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001жылғы 27 сәуірдегі №566 қаулысы // ПҮАЖ.-2001 №15.-Б.37-56.
4. Радостовец В.К., Бутин М.Е, Копайлов Г.З. Бухгалтерский учет в дорожных хозяйствах – Алматы: Издательство «Казахстан», 1996.-344с.
5. Бухгалтерский учет в дорожных хозяйствах: Научно – методические разработки / Под ред. В.К. Радостовца. – Алматы, Минавтодор Каз ССР, 1984.–506 с.
6. Назарова В.Л. Учет и аудит затрат на содержание и ремонта автомобильных дорог и дорожных сооружений / Диссертация ... канд.эконо.наук:. 08.00.12. – Алматы: КазГАУ им. Т. Рыскулова, 1993.-136 с.
7. Бельгибаев Е. Главная задача – строительво дорог: Дороги Республики Казахстан // Правительственный вестник, 2001. № 1.-С. 66-67.
8. Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңы // Заң газеті. 2001. – 8 тамыз.
9. Тасмағанбетов Т.А. Басқарушы есеп, стратегиялық жоспарлау және талдау (кәсіпорында басқарушы есепті құрудың метологиялық және практикалық қағидасы). Оқу құралы.-Алматы.: Дәуір, 2002.-416 б.
10. Николаева С.А. Особенности учета затрат в условиях рынка: система «директ - костинг»: Теория и практика. – М.: Финансы и статистика, 1993.-128 с.
11. Кеулимжаев К.К., Джумагазина А.К. Вопросы совершенствования учета затрат на производство // Бухгалтерский учет и аудит, № 6.-С.29-27.
12. Кеулимжаев К.К. Учет накладных расходов в строительстве // Учет и аудит, 1999. № 4.-С.7-11.
13. Назарова В.Л. Учет в строительстве // Файл Бухгалтера. Отреслевой учет.-2003. № 18-24.
14. Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. – Алматы.: Центр аудит Казахстан, 2000.-404 с.
15. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Ғабдуллин Т.Ғ., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: Өңделіп және толықтырылып 3-ші басылуы. – Алматы: Қазақстан – аудит орталығы, 2002.-656 б.
16. Основы учета в строительстве Р.К. (прак. пособие) / Под ред. Скала В.И.-Алматы.-2003.-268 с.
17. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория анализа хозяйственной деятельности: Учебник. М.: Финансы и статистика, 1997.-416 с.
18. Ковалев В.В., Волков О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. М.: Проспект, 2004.-424 с.
19. Жарковская Е.П. Анализ хозяйственной деятельности строительных организаций. Учебник. – М.: Стройиздат, 1989.-252 с.
20. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. – 2-е изд., испр и доп. – М.:ИНФРА-М, 2003.-400 с.
21. Кеулимжаев К.К., Сергеева О.А. Аудит затрат на производство строительно-монтажных работ. // Бухгалтерский учет и аудит, 2000. №4.-С. 25-33.
22. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учеб. Пособие. – Алматы: «Қаржы - қаражат», 1998.-512 с.
23. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары. – Алматы: Раритет, 2003.-672 б.
24. Бухгалтерский учет / Под ред. Л.И. Хоружий и Р.Н. Расторгуевой. – М.: Колос С, 2004.-511 с.
25. Учетная политика предприятия (В условиях работы по МСФО) часть 2 «БИКО» 1(162) январь 2004 г.
26. Абдыкасынов Т.А., Сатмурзаев А.А.Основы бухгалтерского учета и аудита; Учебное пособие.- Уральск:Дастан,2001.-238 с.
27. Назарова В.Л., Жапбарханова М.С. Басқару есебі; Оқулық.-Алматы: Экономика, 2005.-298 б.
28. Ержанов М.С., Даулетбеков Г.Б. и др. Аудит – 1: Учебник. – Алматы: Бастау, 2005.-282 с.
29. Тайгашынова К.Т. Управленческий учет логистических издержек Часть 1 Учебное пособие.-Алматы: Экономика, 2006.-208с.
30. «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау бағдарламасы» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарғысы // Егемен Қазақстан, 2003.№.-Б-3.
31. Аксененко А.Ф. Себестоимость в системе управления отраслью: (Учет и анализ). - М: Экономика, 1984. -168с.
32. Друри К. Введение в управленческий производственный учет. - М.: «Аудит», 1999.783 с.
33. В.Ф. Палий. Основы калькулирования. - М.: «Финансы и статистика», 1987.— 288 с.
34. Баширов А.А. Учет издержек производства и калькулирование себестомости в подрядном строительстве.-М.: Финансы и статистика, 1986.-207 с.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

НАБИҒАЗЫ ГҮЛЖАН

Нарықтық экономика жағдайындағы өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруды
жетілдіру

6N 0508 Есеп және аудит

Магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған

ДИССЕРТАЦИЯ

Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к.,доцент
Жапбарханова М.С.

АЛМАТЫ, 2007 жыл

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДА ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Өндіріс ерекшеліктері және олардың шығындар есебін ұйымдастыруға
тигізетін әсерлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...10
1.2. Өзіндік құнның экономикалық мәні және оны үнемдеу
жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.3. Экономикалық элементтер бойынша өндірістік шығындар және олардың есеп
саясатындағы көрінісі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

2. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
2.1. Материалдық шығындар есебі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 37
2.2. Еңбек ақы шығындарының есебі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
2.3. Үстеме шығындарды есептеу және оларды бөлуді жетілдіру
... ... ... ... 52

3. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ АУДИТІ
3.1. Ішкі аудиттің мақсаты, міндеттері және атқаратын қызметтері
... ... ... 63
3.2. Кәсіпорындағы өндірістік шығындарды талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68
3.3. Жұмсалған шығындар мен орындалған жұмыстар аудиттері
... ... ... ... 79

ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 90
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..96

Қысқартылған атаулар

АҚ- акционерлік қоғам
ҒЗИ- ғылыми – зерттеу институты
ИЖҚ- инвестициялық жекешелендіру қоры
ҚҚС- қосылған құн салығы
МТБ- материалдық техникалық база
МТЖ- материалдық – техникалық жабдықтау
ӨБ- өндірістік бірлестік
млн- миллион
га- гектар
ц- центнер
кг- килограмм
м- метр
тн- теңге

К І Р І С П Е

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Автокөлік жолдары – Қазақстан
Республикасының жалпы транспорт жүйесінің маңызды саласы бола отырып,
олардың даму деңгейі мен техникалық жағдайы жалпы мемлекеттің, сондай-ақ
жеке аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуына ерекше ықпал етеді.
Автокөлік жолдары тауарлар мен өнімдер, жүктер мен жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асыратын негізгі қатынас құралы болып есептеледі.
Қазақстан Республикасында саяси – экономикалық және әлеуметтік
қатынастардың тұрақтану жағдайында пайдаланудағы жолдарды қалыпты жағдайда
күтіп – ұстау маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Автокөлік
тасымалдарының қарқынды дамуы автокөлік жолдарының жай – күйіне және олар
көрсететін қызметтердің сапасына қатаң талаптар қойып отыр. Соған
байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі 2001 жылдың 29 мамырында
Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2008 жылдарға
арналған тұжырымдамасы туралы қаулы қабылдады [1]. Осы қаулының негізінде
Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды [2].
Қазақстан Республикасы территориясының көлемі жағынан әлемде тоғызыншы
орынды алады, ал тұрғындарының саны тек 15 млн-нан сәл артып түседі. Осы
тұрғыдан алғанда транспорттық – коммуникациялық кешеннің маңызы ел
экономикасы мен оның мемлекеттік тұтастығы үшін алатын орны өте жоғары.
Қазіргі уақытта өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының, өңдеуші орындардың
тұрақты дамуы, транзиттік қатынастардың өрістеуі, коммуникациялар мен
ақпараттың ғаламдық жүйелері, халықаралық экономикалық және қаржылық
ұйымдар мен корпарациялардың іс – қимылдары, жүк және жолаушы тасымалдар
көлемінің өсуі, сондай-ақ барлық елді – мекендер, аудандар мен облыстар
арасында тұрақты автомобиль қатынастарын қамтамасыз етудің қажеттілігі
республикада автомобиль жолдары желісін дамытудың маңыздылығын айқындата
түседі.
Халықаралық ынтамақтастықты кеңейту, кірігу процестерін тереңдету және
халықаралық сауда көлемін ұлғайту мемлекетаралық экономикалық және мәдени
байланыстарды қамтамасыз етуге қатысты транзиттік жүк және жолаушылар
ағындарын кедергісіз өткізуге қолайлы жағдайларды талап етеді. Транзиттік
тасымалдардың өсуі ұлттық көлік жүйелерінің тасу мүмкіндіктерінің
резервтерінің пайдалану тиімділігін арттырады, олардың ұдайы өндірісі мен
жетілдіруін ынталандырады. Транзиттік тасымалдардың өсуінің нәтижесі
бюджеттік түсімдердің, көлік ұйымдары кірістерінің ұлғаюы мен олардың
тиімді дамуына ықпал ете алады [2].
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекетіміздің көп
салалы секторлары, соның ішінде орта және кіші бизнес, мұнай және газ
өнеркәсібі, құрылыс кешендері экономиканың тұрақтануына елеулі әсер етіп
отыр.
Осы салалардың ішінде жалпы пайдаланудағы автокөлік жолдарының
маңыздылығы олардың техникалық жай – күйі мен көрсететін қызметтерінің
сапасы халықаралық стандарттардың талаптарына жауап берген жағдайда ерекше
орын алады. Сондықтан да, қазіргі таңда жол шаруашылығының тұрақты дамуына
және автомобиль жолдарының тиімді пайдалануына саладағы өндіріс шығындары
есебі мен аудиттің дұрыс ұйымдастырылуы маңызды әсер етеді. Яғни, саладағы
дұрыс ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп арқылы материалдық ресурстар мен
ақшалай қаражаттарды үнемді пайдалануға, жолдарды салу және жөндеу
жұмыстарының өзіндік құндарын төмендетуге, сонымен қатар өндіріс
тиімділігін арттыруға мүмкіндік болады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері, сондай-ақ Кеңес
үкіметінің тұсында да жалпы құрылыс кешеннің ішінде автокөлік жолдарын салу
мен жөндеу жұмыстары бойынша шығындар есебі мен аудитін және талдау
жұмыстарын жетілдіруге онша мән берілмеген. Бұл саладағы есепті жетілдіру
мәселелері бойынша В.К. Радостовецтің жетекшілігімен бірнеше ғалымдар Жол
шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп оқулығын шығырды.[3]. Ал, 1984 жылы
жол шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп бойынша ғылыми - әдістеме дайындалды
[4]. Сонымен қатар, 1993 жылы В.Л. Назарова Автомобиль жолдары мен жол
құрылғыларын жөндеу және ұстау шығындарының есебі мен аудиті тақырыбы
диисертациялық жұмысын қорғап шықты [5]. Содан бері жол шаруашылығындағы
бухгалтергалтерлік есеп пен талдау жүйесін жетілдіру бойынша ғылыми
зерттелген жұмыстар жоқтың қасы. Қазіргі нарықта қызмет істеп отырған жол
құрылысы ұйымдары өздерінің есеп жұмыстарын тұрғын –үй коммуналдық
құрылысқа негізделіп жасалған ережелер мен әдістердің негізінде
ұйымдастырып отыр. Осының салдарынан жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына
байланысты өндірістік шығындардың дұрыс топтамасы қалыптаспай, олардың
жұмсалу бағыттары бойынша есеп және талдау жұмыстары бухгалтерлік есеп
стандарттарында көрсетілген жалпы ұстамдар мен талаптарға сәйкес орындалмай
келеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың
негізгі мақсаты нарықтық қатынастар жағдайында жолдарды салу мен жөндеу
жұмыстары бойынша өндіріс шығындарының қалыптасуының теориялық
ерекшеліктерін, олардың есебін жүргізу әдістерін, сонымен бірге өндіріс
шығындарына талдау жүргізуді ұйымдастыруды жетілдіру болып табылады.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін зерттеу барысында мына төмендегідей
міндеттер алға қойылды:
• Жол шаруашылығының технологиялық және салалық ерекшеліктеріне
байланысты өндіріс шығындарының баптары мен элементтеріне қарай
жіктелуін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;
• Нарықтық қатынастар жағдайында өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру
мен саладағы қызметтің өзіндік құндарын төмендету жолдарын жетілдіру
мәселелеріне байланысты ұсыныстар жасау;
• Автокөлік жолдарын салу және жөндеу жұмыстары бойынша материалдық,
еңбек ақы және техника пайдалануға байланысты шығындар есебі мен
үстеме шығындарды есептеу және бөлуді жетілдіру мәселелері бойынша
ұсыныстар беру:
• Жолдарды салу мен жөндеу жұмыстарына жұмсалған өндірістік шығындарға
талдау жүргізіп, тиімді жолдарын ұсыну;
• Орындалған жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына және оларға жұмсалған
шығындар бойынша сыртқы және ішкі аудитті ұйымдастырудың ұтымды
әдістемелерін ұсыну.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Автокөлік жолдары шаруашылығын
дамыту мәселелері бойынша зерттеу жұмыстары негізінен осы саладағы
инженер- экономист мамандардың тарапынан жүргізілгендіктен, олардың
еңбегі жол шаруашылығының жалпы экономикалық даму бағытын зерттеуге, ал,
жалпы құрылыс бойынша шығындар есебі мен өзіндік құнды калкульяциялауды
жетілдіру және талдауды ұйымдастыру Е. Бельгибаев [6], В.Л.
Назарова[5,12], В.К. Радостовец [3,13,14], Қ.К. Кеулимжаев [10,11,20],
К.Ш Дюсембаев [21], М.С Ержанов [27] К.Т.Тайгашынова [28] және тағы
басқа да ғалымдар мен экономистердің ғылыми жұмыстарында кеңінен
зерттелген.
Аталған авторлардың ғылыми еңбектерінде жалпы құрылыс салалары
бойынша бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ аудит пен
бақылауды және талдау жұмыстарын жетілдіру мәселерінің теориялық және
тәжірибелік әдістемелері қарастырылған.
Автокөлік жолдарын салу мен жөндеу жұмыстарын орындайтын ұйымдардағы
шығындардың есебі мен өзіндік құнды калькуляциялау мәселелері, аудит
және бақылау, сонымен бірге талдау әдістері бойынша өзекті мәселелер осы
уақытқа дейін ғылыми тұрғыдан толық деңгейде зерттелмегендіктен, бұл
мәселелер саланың ерекшеліктерін есепке ала отырып әрі қарай зерттеуді
қажет етеді. Осы аталған және басқа да жағдайлар диссертациялық жұмыстың
тақырыбын таңдауға, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін айқындауға ықпал
етті.
Зерттеудің пәні мен объектілері. Зерттеудің пәні автокөлік жолдарын
салу мен жөндеу жұмыстарына байланысты шығындар есебін жетілдіру,
орындалған жұмыстар мен жұмсалған шығындар бойынша талдау мен жедел
бақылауды және ұйымдастырудың тиімді әдістемелерін қарастыру.
Зерттеу объектісі ААҚ Ақжол жол құрылысы басқармасы болып
табылады.
Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Ғылыми
жұмысты зерттеу барысында бухгалтерлік есеп, менеджмент, қаржылық және
басқарушылық талдау саласындағы отандық және шетелдік ғалым –
экономистердің, жол шаруашылығын, транспорт пен байланыс инфрақұрылымын
дамытудағы ғалымдардың еңбектері, республиканың автокөлік жолдары
саласын дамыту және реформалау бағыттарына байланысты қабылданған заңдар
мен заң күші бар жарлықтар, нормативтік нұсқау – ережелер, ғылыми –
тәжірибелік конференцияның материалдары, сонымен бірге Қазақстан
Республикасының Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдаулары мен
үкіметтің қабылдаған қаулы – ережелері басшылыққа алынып, автокөлік
жолдары құрылысы ұйымының бухгалтерлік есеп мәліметтері пайдаланылды.
Ғылыми жұмыстың жаңалығы. Автокөлік жолдарын салу мен жөндеу
жұмыстарының салалық ерекшеліктеріне қарай өндірістік шығындардың
жіктелуін және олардың шығындар есебін ұйымдастыруға тигізетін ықпалын,
сондай-ақ өзіндік құн құрылымы және оларды төмендету жолдарын, сонымен
қатар өндірістік шығындар есебі мен аудит жүйесін жан – жақты жетілдіру,
талдау мен бақылау механизмдерін тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша
ұсыныстарды нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес енгізу болып
саналады.
Қорғауға шығарылған төмендегідей маңызды нәтижелер алынды:
- жол құрылысының технологиялық және салалық ерекшеліктеріне
сипаттама беріліп, олардың шығындар есебіне тигізетін әсерлері
анықталды;
- автокөлік жолдарын салу мен жөндеу жұмыстары бойынша шығындардың
құрамы мен өзіндік құнның құрылымы айқындалып, оларды үнемдеу
жолдары көрсетілді;
- отандық және шетелдік бухгалтерлік есеп теориясы мен тәжірибесін
зерттеудің негізінде жол құрылысы ұйымдарында материалдық және
еңбек ақы шығындары есебін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді;
- жол құрылысы ұйымдарында құрылыс машиналары мен механизмдерін
пайдалануға байланысты шығындар есебінің ерекшелігі мен оларды бөлу
жолдары қарастырылды;
- саладағы үстеме шығындардың баптары анықталып, оларға толық
бақылауды қамтамасыз ету үшін бөлу тәртіптеріне ұсыныстар жасалды;
- автокөлік жолдарын салу мен жөндеу жұмыстары бойынша шығындарға
жүргізілетін талдау және жедел бақылау механизмдерінің тәртіптері
зерттелді;
- орындалған құрылыс – монтаж жұмыстары мен жұмсалған шығындарға
сыртқы және ішкі аудитті жүргізудің тәсілдері мен әдістері
ұсынылды.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы.
Диссертацияда берілген ұсыныстағы еліміздің жол шаруашылығы саласындағы
ұйымдардың шығындар есебін, талдауы мен аудитін жетілдіруге, жедел
бақылауды ұйымдастыруға, сонымен бірге жұмыстар мен қызметтердің өзіндік
құндарын анықтауға арналған. Зерттеу нәтижелерін автокөлік жолдарын салу
және жөндеу жұмыстарын орындаушы құрылыс ұйымдарының қызметтерін тиімді
жүргізу мен басқару шешімдерін қабылдау үшін, шаруашылық басшыларын нақты
ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ бақылау мен талдау
жұмыстарын және аудитті ұйымдастыруды жетілдіру үшін республикадағы барлық
жол құрылысы кәсіпорындары мен мекемелерінде, есеп пен аудит мамандарын
дайындайтын жоғары оқу орындарында пайдалануға болады.
Еңбектің мақұлдануы. Жұмыс нәтижелері мен қорытындылары халықаралық
және республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциялар мен республикалық
кезеңдік басылымдарда баяндалып жарық көрді.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш
негізгі бөлімнен, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшадан тұрады. Диссертация көлемі 98 бетті, 8 кестені қамтиды.

1. НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДА ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ

1. Өндіріс ерекшеліктері және олардың шығындар есебін ұйымдастыруға
тигізетін әсерлері

Автокөлік жолдары – Қазақстанның көлік коммуникация кешенінің
маңызды элементтерінің бірі бола отырып, оның тиімді қызмет істеуі мен
ұдайы дамуы ел экономикасының тұрақтануына, халықтың тұрмыс жағдайы
деңгейінің көтерілуіне зор ықпалын тигізеді. Автокөлік жолдары тауарлар,
құрылыс және агроөнеркәсіп өнімдері мен жүктерін, сондай-ақ жолаушылар
тасымалдарын жүзеге асыратын бірден-бір қатынас құралы болып есептеледі.
Нарықтық жағдайда жолдар арқылы жүк тасуды жеделдету және жүйелеу қоғамдық
маңызды мәселе болып саналады, сондықтан өнім өндірушілер мен жүк
жөнелтушілер жақын қашықтыққа ғана емес, сондай-ақ алыс қашықтыққа да
тасымал жасауға бейімделуде.
Қазақстанның Еуроазия құрлығының орталығында орналасуы халықаралық
бағыттар қалыптастыратын көлік магистральдарын пайдалану үшін қолайлы
жағдайлар жасап, сонымен қатар мемлекетаралық экономикалық байланыстардың
кеңеюі мен елдер арасында сауда ағындарының серпінді дамуына ықпал етіп
отыр. Осыған байланысты ішкі және транзиттік автокөлік тасымалдарының
қарқынды дамуы автокөлік жолдарының техникалық жай-күйіне және осы ретте
көрсетілетін қызметтер сапасына қоятын талаптары да жоғары болады.
Қазіргі жағдайда республиканың өндіргіш күштері мен автокөлік паркінің
дамуы автомобиль жолдары желісін дамытудың қажеттілігін айқындайды. Мұндай
дамудың объективтік алғышарттары ретінде мыналар саналады:
1) өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының, өңдеуші орындардың дамып, өсуі
және жалпы ұлттық өнімнің өсуі;
2) жүк және жолаушы тасымалдары көлемінің өсуі;
3) транзиттік қатынастарды өрістетудің ықтимал мүмкіндіктері;
4) барлық ауылдық елді – мекендер, аудандар мен обылыстар арасында
тұрақты автомобиль қатынастарын қамтамасыз етудің қажеттігі.
Тұтас алғанда жол мәселесінің күнделігі мен сан қырлылығы автожол
саласында республикадағы экономикалық және әлеуметтік қатынастардың
барысында жол факторының объективті әсерін есепке алуға негізделіп
ойластырылған саясаттың қажеттілігін дәлелдейді, әрі автокөлік жолдарын
дамыту мәселесін шешуде жүйелі көзқарас пен бағдарламалық әдістерді
пайдалану керектігін талап етеді [6].
Еліміздегі экономикалық қатынастардың қарқынды даму барысында автокөлік
жолдарының рөлін арттыру үшін, алдыменен олардың техникалық жағдайларын
жақсартумен, олардың қызмет көрсету мерзімін арттыру мақсатында мемлекеттік
бағдарламаларды жүзеге асырумен қатар, жалпы автомобиль жолдары саласын
реттейтін заңнамаларды жетілдіре отырып, олардың орындалуын мемлекет
тарапынан қатаң бақылауға алып, ауқымды инвестицияларды тарту жолдарын
қарастыру қажет.
Елімізде автомобиль жолдарын салу және оларға жөндеу жұмыстарын өткізу
жоғары шығындарды қажет ететін күрделі сала, мысалы: Қазақстанның табиғи –
климаттық жағдайына байланысты бір шақырым жолдың құрылысына шамамен – 200
мың, күрделі жөндеуге – 100 мың, ағымдағы жөндеуге – 20 мың АҚШ доллары
жұмсалады. Осыған байланысты Қазақстанның автомобиль жолдарын қайта қалпына
келтіру ауқымды инвестицияларды тартуды қажет етеді [23,26].
Транспорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының
Үкіметі 2001 жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасының автожол саласын
дамытудың 2001-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы № 726 қаулы
қабылдады. Осы қаулының негізінде Қазақстан Республикасының автожол
саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
(№730 28.11.2001) қабылданып, қызмет істеп келеді. Бұл бағдарламада
көзделген негізгі міндеттер төмендегідей:
- автомобиль жолдарының жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шараларды
мақсатты қаржыландырумен қамтамасыз ету;
- пайдаланудағы автокөлік желілерін сақтау және дамыту, олардың жай-
күйін жақсарту және негізгі транзиттік автомобиль жолдарын халықаралық
стандарттардың техникалық талаптарына сәйкес келтіру;
- Қазақстанның автомобиль жолдары бойынша отандық және шетелдік
тасымалдаушылар үшін неғұрлым тиімді және қауіпсіз жағдайларды
қамтамасыз ету;
- пайдаланудағы автомобиль жолдарын дамытуды жандандыру, сондай-
ақ Қазақстанның әлемдік сауда нарықтарына шығу жағдайын көтеруге
мүмкіндік беретін балама жобаларды іске қосу;
- транзиттік бағыттардағы автожол инфрақұрылымын дамытуды
қамтамасыз ету үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту;
- автожол саласының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру.
Қазақстанның географиялық жағдайы Еуроазияның орталық бөлігінде Ұлы
Жібек жолының маңызды қиылысында орналасуы – мемлекеттің негізгі
байлықтарының бірі болып саналады. Біздің еліміз жаңа халықаралық
бағыттардың қалыптасуына әсер етуші мемлекеттердің бірі болғандықтан,
республикада тарихи қалыптасқан Жібек Жолы бағыты бойынша транзиттік көлік
қатынастарын қалыптастыру Қазақстанның маңызды стратегиялық мәселелерінің
шешілуіне зор ықпалын тигізіп келеді. Оған біріншіден, республиканың ішкі
құрылықтық мемлекет ретінде теңіз портына шығуы, екіншіден, Ресей, Еуропа,
Қытай, Жапония, Кавказ, Иран, Түркия, Оңтүстік шығыс және Орта азия елдері
арқылы транзиттік бағыттардың қалыптасуы жатады. Сонымен қатар, Ұлы Жібек
жолы сауда және мәдени қатынастардың негізгі магистралы бола отырып, Шығыс
пен Батыс өркениетінің дамуында маңызды орын алады. Осы жол ғылым мен
техниканың, ұлтаралық және аймақаралық қатынастардың дамуы мен мәдени
құндылықтардың алмасуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
ЮНЕСКО-ның Жібек жолын кешенді зерттеу – келісім жолы деп аталатын
аса ауқымды жобасына орай 1998 жылы Жібек жолының тарихи орталықтарын
қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және
сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау бағдарламасы қабылданды
[28]. Бағдарламаның басты мақсаты болып – Жібек жолының Қазақстандағы
бөлігінде жалпы ұлттық, әлеуметтік – экономикалық және халықаралық рөлін
көтеру мен оны қайта жаңғырту саналады.
Нарықтық қатынастарды тұрақтандырумен қатар, Қазақстан Республикасы
халықаралық, экономикалық - әлеуметтік байланыстарды дамытуға өте үлкен мән
беріп отыр. Республикалық және халықаралық транспорттық бағыттар
экономикалық қатынастарды дамытудың бірден-бір жолы бола отырып
экономиканың маңызды секторларын, яғни табиғи ресурстардың экспортын,
тұтыну тауарлары мен азық-түліктер импортының қозғалысын қамтамасыз етеді.
Демек, жолаушылар тасымалы мен айналымына жоғары деңгейде қызмет
көрсетуші автомобиль транспорты саналады. Яғни, республика көлемінде
автокөлікпен жолаушыларды тасымалдау басқа транспорт түрлеріне қарағанда
тиімді болып отыр. Осы орайда айта кететін жағдай, елімізде автомобиль
транспортымен орындалатын қызметтердің көлемін әрі қарай дамыту үшін
пайдаланудағы автокөлік жолдарының техникалық жағдайы мен сервистік қызмет
көрсетулерді жақсартып, қажет болған жағдайда халықаралық стандарттардың
талаптарына жауап беретін жолдардың құрылысын жүргізу мүмкіндіктерін де
қарастыру қажет.
Қазақстан Республикасының жол шаруашылығы жалпыға ортақ пайдаланудағы
автокөлік жолдарын салу және оларды ұстау, жөндеумен айналысатын мекемелер
мен ұйымдардан тұрады. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автокөлік жолдары
өздерінің маңызы бойынша халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы
бар жолдар болып бөлінеді [7].
Халықаралық маңызы бар автокөлік жолдарына көршілес мемлекеттердің
астаналарын жалғастырып жатқан, сондай-ақ мемлекет аралық келісімдерге
сәйкес халықаралық автокөлік жолдары желісіне кіретін жолдар жатады.
Республикалық маңызы бар автокөлік жолдарына республиканың ірі
әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары, сол сияқты көршілес
мемлекеттер арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін және қорғаныстық
маңызы бар автокөлік жолдары кіреді.
Жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарына республиканың әкімшілік
орталықтарын облыс және аудан орталықтарымен, ауылдық елді-мекендермен,
сондай-ақ аудан орталықтарын республикалық маңызы бар жолдармен жалғастырып
жатқан автокөлік жолдары жатады.
Жолдардың нашар жағдайына байланысты автомобиль транспортының тікелей
материалдық шығындары жүк және жолаушы тасымалдары ағымының төмендеуіне,
сондай-ақ жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын
шығындар тасымалдың өзіндік құнының жоғарлануына әсерін тигізеді [15].
Сондықтан елдегі жол шаруашылығын жетілдірудің нәтижесінде автомобиль
жолдары арқылы орындалатын қызметтердің сапасын және олардың маңызын
арттыру үшін жалпы жол саласында төмендегідей шаралардың орындалуы қажет:
- жол саласын қаржыландыру механизімін бүгінгі күн талаптарына сәйкес
қайтадан жетілдіру арқылы жолдардың жаңа құрылысы мен оларды қалыпты
деңгейде сақтау үшін мақсатты қаржыны жұмылдыру;
- қазіргі уақыттағы халықаралық техникалық талаптарға жауап беретін жаңа
автокөлік жолдарын салу;
- қалыптасқан көліктік ағымға сәйкес келмейтін және қауіпсіздік
талаптарын қамтамасыз етпейтін пайдаланудағы жолдарды қайта жаңарту;
- қалыптасқан көліктік ағымға сәйкес келетін, бірақ үздіксіз, қауіпсіз
және ыңғайлы автокөлік қозғалысының талаптар деңгейіне жауап бере
алмайтын автокөлік жолдарын жөндеу;
- пайдаланудағы автокөлік жолдарын, олардың транспорттық –
эксплуатациялық сипаттамасын талап етілген деңгейде ұстау;
- автокөлік жолдары бойынша көлік қозғалысын ұйымдастыру, басқару,
жоғары сервистік қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.
Бұл шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының жол
саласын қаржыландыру механизімін бүгінгі күн талаптарына сәйкес қайтадан
жетілдіру арқылы жолдардың жаңа құрылысы мен оларды қалыпты деңгейде сақтау
үшін мақсатты қаржыны жұмылдыру мен жоғары техникалық қызмет көрсетудің жан-
жақты толық жүйесі қажет.
Қазақстанда нарықтық қатынастардың тұрақтану кезінде жол саласын
қаржыландыру нысандары мен ұстамдары бірнеше рет өзгеріске ұшырап отырады.
Осы жылы Қазақстан Республикасының Жол қоры туралы заңы қабылданғаннан
кейін жол жұмыстарын мақсатты қаржыландыру көзінің тұрақты жүйесі
қалыптасып, жол қорлары облыстық және республикалық деңгейлерде жасақталған
болатын. Облыстық жол қорына қаржыларды жинақтау және оларды пайдалану
құқығын әрбір аймақтың өзіне беру арқылы жол шаруашылығын жедел, әрі тиімді
жүргізуге және дамытуға толық мүмкіндіктер қалыптасады.
1999 жылдың 1-ші қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің
жарлығымен Жол қоры туралы заң салық жүйесіндегі өзгерістерді есепке ала
отырып, қайтадан күшіне енгенеді. Бірақ, 2002 жылы Қазақстан
РеспубликасыҮкіметі жол қорын тарату туралы қайтадан шешім қабылдап, осы
кезден бүгінгі уақытқа дейін жол саласын қаржыландыру мемлекеттік бюджет
есебінен жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда жол саласын қаржыландыру
мәселелерін айқын анықтайтын заңнамалардың жоқтығы, сондай-ақ бақылау
механизмдерінің дұрыс орындалмау салдарынан жол шаруашылығына бөлінген
қаржылар әр уақытта мақсаты мен бағытына қарай пайдалана бермейді [16].
Сондықтан, мемлекетіміздің алдында тұрған күрделі мәселенің бірі – бұл
республиканың жол шаруашылығын тұрақты қаржыландыру және осы саланың
бақылау қызметтерін реттейтін заңнамасын қабылдау болып саналады.
Қазақстан экономикасында болып жатқан өзгерістер, соның ішінде
өнеркәсіптің, өңдеуші салалардың дамуы мен ауылшаруашылығы инфрақұрылымы
автокөлік жолдарының сапасы мен техникалық жағдайына жаңаша талаптар қойып
отыр, себебі, ел ішіндегі тасымалдар әрбір сала экономикасының дамуына
ерекше ықпал етеді. Дегенмен де, транзиттік тасымалдарды өсіру міндеттерін
шешу, қазіргі уақыттағы жолдардың техникалық жай-күйі арқылы жүзеге асыру
мүмкін емес, сондықтан да автомобиль жолдарын салу, жөндеу жұмыстарын
өткізу алдыңғы қатарлы техникалар мен технологияларды пайдалана отырып іске
асыруды қажет етеді [21]. Сонымен қатар, ішкі және транзиттік тасымалдарды
қарқынды дамыту мақсатында жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарын отандық және
шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асыру үшін алғышарттар жасау
қажет.
Жол шаруашылығы ұйымдарының қызметтері тек қана жол құрылысы және
жөндеу жұмыстарымен шектелмейді, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы автокөлік
жолдарына техникалық қызмет көрсетеді. Елде халықаралық және республикалық
маңыздағы автомобиль жолдарын салу, күрделі жөндеу және қалпына келтіру
жұмыстарын жүзеге асыру үшін қаржыландыру алдыменен республикалық бюджет
есебінен жүргізілсе, сонымен бірге мердігерлік компаниялар мен инвесторлар
арқылы да орындалады. Ал, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының
құрылысы мен оларды жөндеу жұмыстары жергілікті бюджет есебінен
қаржыландырылады [24].
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық және саяси даму
шеңберінде Батыс Қазақстан облысы маңызды орын алады, өйткені мұнда ірі
өнеркәсіп орталықтары мен мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау жүйелері
қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ, Ресейдің көршілес Саратов, Самар, Орынбор
облыстарымен тығыз мәдени, экономикалық, саяси байланыстар орныққан.
Жолдарды салу мен жөндеу жұмыстарын орындауға жергілікті климаттық,
гидрогеологиялық, рельефтік және басқа да жағдайлардың әсері (түсетін жауын-
шашынның көлемі, ауа-райының өте төмеңгі температурасы), сонымен қатар
құрылыс жұмыстарының бірнеше есепті мерзім бойы немесе жылдар бойы
орындалуы жоспарланған шығындардың нормативтерден ауытқуына әкеліп
соқтырады. Мысалы, құрылыс жұмыстары кезінде жауын- шашынның көп болу
салдарынан жұмыстың тоқтап қалуы және объектілерге жеткізілген құрылыс
материалдарының бастапқы сапасының төмендеуі ықтимал. Яғни, табиғи
жағдайлардың салдарынан жұмыстың орындалмайтын уақытына жұмысшыларға еңбек
ақы төлеу қажет болса, ал материалдардың сапасының бұзылуынан олардың
қосымша шығыны қалыптасады. Ал егер, жұмыстың кідіріс уақытына және қосымша
материалдардың қажеттілігіне тиісті белгі құжаттарды дер кезінде
рәсімдемесе шығындардың талдамалық есебін жүргізу мен қызметтің өзіндік
құнын анықтау барысында нақты мәліметтер алуға кедергі жасайды.
Сонымен автомобиль жолдарының маңыздылығын айқындай отырып, жол
құрылысының салалық ерекшеліктері мен олардың шығындар есебіне тигізетін
әсерлерін зерттей келе төмендегідей қорытындылар жасауға болады:
• автокөлік жолдары мемлекетіміздің транспорттық жүйесінің маңызды
звеносы бола отырып, елдің әлеуметтік – экономикалық және саяси –
халақаралық қатынастардың дамуына зор ықпалын тигізеді. Сондықтан,
елімізде жол шаруашылығының маңыздылығын арттыру үшін бүгінгі күннің
талаптарына жауап беретін жолдардың құрылысын жүргізіп пайдаланудағы
жолдар мен жол құрылымдарына жөндеу аралық мерзімдерін сақтай отырып
күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын өткізіп отыру қажет. Жол
саласына бөлінген материалдық және ақшалай ресурстардың үнемді
пайдалануына, саладағы жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құндарының
төмендеуіне, сондай-ақ жол құрылысы ұйымдарының қаржылық – шаруашылық
қызмет жағдайларының жақсаруына шығындар есебі мен талдауының маңызы
өте жоғары;
• жол жұмыстарының бірнеше есепті мерзім аралықтарында және орталықтан
қашық жерлерде орындалуы, жол құрылысында еңбек құралдарының жылжымалы
болуы, ал оның өнімі, яғни жолдар мен жол құрылымдарының бір жерде
тұрақты болуы және олардың өндірілген орындарында пайдалануы, негізгі
құрылыс жұмыстары мен жөндеу жұмыстарының қатар жүргізілуі, құрылыс –
монтаж жұмыстарына қажетті материалдарды жабдықтаушы мекемелердің және
көмекші цехтардың қашық жерлерде орналасуы және тағы басқа да
жағдайлар жол құрылысы саласының ерекшеліктері ретінде өндіріс
шығындарының есебін ұйымдастыруға әсер етеді.

2. Өзіндік құнның экономикалық мәні және оны үнемдеу жолдары

Нарықтық экономиканың тұрақтану мен даму сатысында жол қатынастарының
маңыздылығы, соның ішінде автокөлік жолдарының алатын рөлінің үлес салмағы
жылдан – жылға жоғарлап келеді. Автокөлік жолдарының тиімді желілерін құру
арқылы ауылшаруашылығы, өнеркәсіп және сауданың дамуын жылдамдатуға болады.
Соның нәтижесінде ол тұрғындардың өмір сүру деңгейінің жақсаруына, жаңа
жұмыс орындарының пайда болуына септігін тигізеді.
Жолдардың транспорттық – эксплуатациялық сапасын қажетті деңгейде
сақтау үшін тасымалдың өзіндік құнын төмендету, жолдарды ұстау және
ағымдағы жөндеуге шығындарды азайту, сапарлардың және жүктерді жеткізудің
уақытын үнемдеу, сондай-ақ жол – автокөлік оқиғаларынан ысыраптарды азайту,
жолдарға жақын аймақтардың экономикалық дамуын ынталандыру, жол
сапарларының жай – күйін жақсарту арқылы қол жеткізуге болады [9]. Осы
мақсатта, жолдардың техникалық деңгейін неғұрлым жақсартпай және олардың
қызмет істеу жағдайын бір қалыпты ұстап тұрмай жолдарды салу мен оларды
жөндеуге, қайта қалпына келтіруге жұмсалған шығындарды тиімді пайдалану
мүмкін емес.
Нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестіктің, еркін бағалар
жүйесінің дамуымен бірге, ұйымның табысына әсер ететін басты фактор ретінде
өзіндік құнның да рөлі өсе түспек.
Өнімнің өзіндік құны ұйымның өндірістік және қаржылық қызметінің бүкіл
аспектілерін, атап айтқанда, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды
пайдалану тиімділігін, жұмыс сапасын көрсететін маңызды сапалық көрсеткіш.
Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуын, оның құрамын зерттеу өндірісті
дамыту резервтерін анықтауда, жоспарлау, баға белгілеу және ұйымның
қызметін басқару әдістерін жетілдіруде үлкен экономикалық және тәжірибелік
мәнге ие.
Қазіргі кезде өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын сапалы есептеуге
көп көңіл бөлінуде, бұл ұйым басқармасының мұқтаждығынан туып отырған
қажеттілік. Осы мәселе өзіндік құнға оның экономикалық мәні мен жаратылысы
тұрғысынан қарауды талап етеді. Соңғы екеуі өндірістік шығындар мен өзіндік
құнды есептеуге қатысатын шығындардың құрамын дәл анықтауға мүмкіндік
береді. Сондықтан өзіндік құн ұғымының мәнін ашу өте маңызды. Тек
осылайша, құрылыс өндірісі өнімінің өзіндік құнын жоспарлау (смета),
калькуляциялау және құрылыс шығындарын есепке алу жүйесін оңтайлы
ұйымдастыру негізіне жататын алғы шарттарды ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге
болады.
Экономикалық теорияда өзіндік құнға қоғамдық өндірістік шығын, яғни
заттай және жанды еңбек шығыны деп түсінік беріледі. Басқаша айтқанда,
өзіндік құн – бұл өндіріс құралдары мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсалған
ақшалай шығындар.
Бухгалтерлік есеп пен талдау әдебиеттерінде, өзіндік құн өнімді өндіру
және өткізумен байланысты нақты шығындарды ақшалай өлшемде көрсететін ұйым
қызметінің маңызды синтетикалық көрсеткіші ретінде түсіндіріледі.
Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуының жалпы теориялық мәселелері,
құрылыс өндірісінің өзіндік құнының қалыптасу мәселелері отандық және
шетелдік ғалым - экономистердің еңбектерінде қаралған. Алайда, өзіндік
құн ұғымы және оның қазіргі жағдайдағы қалыптасу тәртібі жайлы, өндіріс
шығындары мен өнімнің өзіндік құнының арақатынасы жайлы ортақ пікір жоқтың
қасы. Осы сұраққа жауап іздеген экономист – ғалымдардың өзіндік құн
ұғымына берген сан алуан түсініктері өзіндік құнның мәнінің, оның құрамдас
элементтерінің, нақты деңгейінің, құрылымы мен есептеу әдістемесінің
бұрмалануына әкеледі.
Арнайы әдебиеттерде көптеген авторлар өнімнің өзіндік құнының қалыптасу
ерекшеліктерін ашуға тырысқан. Кейбір ғалым – экономистердің пікірінше,
өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны өндіріс процесінде тұтынылатын табиғи
ресурстардың, шикізаттар мен материалдардың, отын, энергия және негізгі
құралдардың, еңбек ресурстарының шығындарын, сондай - ақ өнімді өндірумен
және өткізумен байланысты өзге де шығындарды қамтиды.
Халықаралық практиканың тәжірибесі бойынша, шығындарды азайту, өзіндік
құнды төмендету, өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
ету үшін егжей – тегжейленген ішкі есепті ұйымдастыру әдістемесі керек
деп К.Т. Тайгашынованың пікірінше, ал ол менеджерлерді осы үдерістерді
жүзеге асырудың ақпаратымен жедел түрде қамтамасыз етеді делінген28.
Өзіндік құнның қысқаша анықтамасы Н.П.Кондраковтың, М.А.Вахрушиннің
еңбектерінде берілген: Өнімнің өзіндік құны – өнімді өндіруге және
өткізуге жұмсалынған шығындардың ақшалай көрінісі.
К.Ш. Дюсембаевтың пікірі бойынша, шығыстардың жалпы көлемінде
айтарлықтай үлесті, ұйым қызметінің сапасын анықтайтын негізгі көрсеткіш -
өзіндік құнды құрайтын, өнімді өндіру және өткізу шығындары алады.
В.Ф. Палий өзіндік құн ұғымына өнімді өткізу шығындарын қоспайды, ол
өнімнің өзіндік құнын өндіріс нәтижесінде алынатын синтетикалық көрсеткіш
ретінде қарастырады. Оның егжей – тегжейіне жете қарау мүмкіндігі тым
салыстырмалы, бұл мүмкіндік өзіндік құнды есептеу процедурасымен –
калькуляция әдісімен шектелген [31].
М.И. Баканов, А.Д. Шереметтің пікірінше, өнімнің, жұмыстың, қызметтің
өзіндік құны - бұл өндіріске жұмсалған ресурстардың ақшалай көріністегі
шығыны, оның құрамы - стандартпен, ал калькуляциялау әдісі ұйымның өзімен
анықталады.
Шетелдік экономист К. Друри былай деп жазады: Өндірілген өнімнің және
алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін енетін және аяқталған
шығындарды айыру қажет. Енетін шығындар – бұл сатып алынған, қолда бар және
болашақта табыс әкеледі деп күтілетін қаражаттар, ресурстар. Баланста олар
актив ретінде тіркеледі. Егер осы қаражаттар (ресурстар) табыс алу үшін
жұмсалынса, әрі одан әрі табыс әкелу қабілетін жоғалтса, онда олар
аяқталған шығындардың қатарына өтіп, табыстар мен залалдар шотында
көрсетіледі. Әрі қарай ол, шығындар – бұл табыс алу үшін жұмсалынған
қаражаттар,-деп түсіндіреді [30].
Б. Нидлз, Х. Андерсон және Д. Колдуэллдің пікірі бойынша Шығыстар
туралы мәліметтердің қозғалысы өндірістік шығындар есебіне қажетті
ақпараттар базасын жасауды қамтамасыз етеді. Осы процесте бүкіл өндірістік
шығындар өнімді өндіру шығындары ретінде қарастырылады. Олар есепті
кезеңнің соңында тауарлардың қалдығын және сатылған тауарлардың өзіндік
құнын есептеу үшін қолданылады
Отандық және алыс – жақын шетелдердің авторларының өзіндік құн
ұғымына берген анықтамаларының онша үйлесе бермегенімен, өнім өндіруге
жұмсалған шығындардың ақшалай көрінісі деген желінің сақталғандығы
байқалады. Басқаша айтқанда, осы сұрақ бойынша дәл болмаса да, бірізділікке
жетелейтін ортақтастықтың бар екендігі көрінеді.
Қазақстанда 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржылық есептің
халықаралық стандартына көшкенге дейін қолданылып келген №7 Тауарлы-
материалдық қорлар есебі бухгалтерлік есеп стандарты бойынша, тауарлы-
материалдық қорлардың өзіндік құны оларды сатып алу шығындарынан, көліктік
– дайындау шығындарынан, өнімдерді өңдеуге (жұмыстарды орындауға) жұмсалған
шығындардан құралады.
Өндірістің технологиясына және ұйымдастырылуына сәйкес, өндіріс
процесінде тұтынылатын табиғи ресурстардың құнын, шикізаттардың,
материалдардың, отын және энергияның құнын, еңбек ақы шығындарын, негізгі
құралдардың тозу сомасын, сондай – ақ өнім (жұмыс, қызмет) өндірісінің
бірлігімен тікелей байланысты өзгедей шығындарды қамтитын тауарлы –
материалдық қорларды өңдеуге (жұмыстарды орындауға) жұмсалған шығындар
өндірістік өзіндік құн ретінде танылады.
Алайда, берілген түсініктеменің халықаралық есеп стандартына қарама –
қайшы тұстары да бар. Қаржылық есептің халықаралық стандартына сүйенсек,
өндірістік өзіндік құнға тек өндірістік шығындар: тікелей еңбек шығындары,
тікелей материалдық шығындар және жалпы өндірістік шығындар енгізілуі тиіс.
Ал толық өзіндік құн өндірістік өзіндік құннан, өткізу және әкімшілік
(жалпы шаруашылық) шығындарынан құралады.
Біздің ойымызша, жоғарыдағы стандартта берілген өзіндік құн ұғымы осы
экономикалық категорияны сипаттайтын барлық аспектілерді толық ашып
көрсетеді.
Отандық бухгалтерлік есеп тәжірибесінде, өндіріс шығындары
категориясының өзіндік құн категориясымен теңестірілуі кездеседі.
Бірқатар авторлар (А.Ф. Аксененко, Ю.И. Хаустов) өндіріс шығындары мен
өзіндік құнның арасындағы айырмашылық таза терминологиялық деген ойды
ұстанады. Олардың ұстанымынша, өзіндік құн тауарды тікелей өндірушілердің
өндіріс шығындарының өзгерген түрі ретінде өнімді жасауға қатысатын
еңбек пен өндіріс құралдары шығындарын сипаттап, ұдайы өндіріс процесін
қайта жалғастыру үшін осы шығындардың өтелуін қамтамасыз етеді. Яғни
жоғарыда аталған авторлар өндіріс шығындары және өзіндік құн
ұғымдарының арасына теңдік белгісін қояды. Авторлардың бір тобы (И.А.
Басманов, В.Ф. Котов) өндіріс шығындары мен өзіндік құн - әртүрлі ұғым деп
есептейді. Олардың пікірінше, өндіріс шығындары өндіріс процесіндегі
өнімнің құнын құрайтын қоғамдық еңбек шығындарының жиынтығын сипаттайды, ал
өзіндік құн – бұл ұйымның өнім өндіруге және өткізуге жұмсаған шығындарының
ақшалай көрінісі, құнның құрамдас бөлігі.
Осы жерде біз Б.С. Безрукихтың да пікірін келтіргенді жөн көріп
отырмыз, ... өндіріске жұмсалған шығындар өндіріс шығындарынан тек
тәжірибе жүзінде ғана емес, теория жүзінде де өзгеше. Өндіріске жұмсалған
шығындар өндіріс процесінің аяқталғанына және шығындардың өндірілген
өніммен байланысу сипатына қарамастан, тек өнім өндірісіне ғана қатысты
болады. Ал өндіріс шығындары өзіндік құн секілді, өндіріс процесінің
аяқталғанын білдіреді. Нақтылап айтқанда, өндіріс шығындары және өзіндік
құн шығындардың дайын өнімге қатысты бөлігін сипаттайды.
Біздің ойымызша, өндіріс шығындары өнім өндірісіне және оны сатуға
жұмсалған жиынтық шығындар, бұл шығындар сатылатын өнімнің құнын құрайды,
ал өнімнің өзіндік құны өндіріс процесінде пайдаланылған құралдардың, еңбек
заттарының, еңбек ақының және басқадай ресурстардың құндық бағасын
білдіреді, яғни өзіндік құн өнімді өндіру және сату ұйымға қаншаға
түсетінін көрсетеді.
Өндіріс шығындары өнім өндіру, жұмысты орындау және қызмет көрсету
шығындары мен сату шығындарын қоса қамтиды. Бұдан туатын тұжырым, алдымен
өндіріске жұмсалған шығындар материалдандырылып актив ретінде нақты өзіндік
құны бойынша тіркеліп, дайын өнім (қызмет, жұмыс) түрінде болашақта табыс
әкелу қасиетіне ие болады. Өндіріс шығындары, өндіріске жұмсалған шығындар
мен сату шығындарының жиынтығын білдіретін түпкілікті мақсатқа жетелейтін
өндіріс және сату үрдісінің шығындарының жиынтық көрсеткішіне айналып,
сатылатын өнімнің (қызметтің, жұмыстың) құны қалыптасады.
Өзіндік құн өнімді өндіруге жұмсалған өндіріс құралдары мен еңбек ақы
шығындарын сипаттай отырып, ұдайы өндіріс процесін жалғастыру үшін осы
шығындардың қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Ұдайы өндіріс шарты әрбір ұйымға өнімді өндіру және өткізуге жұмсаған
барлық ақшалай қаражаттарын үнемі анықтап отыру қажеттілігін тудырады.
Өзіндік құн нарықтық экономика жағдайында ұдайы өндірісті кеңейтудің шешуші
факторы болып табылады, өйткені өндірісті дамыту үшін кез келген ұйым
өнімнің өзіндік құнын өтеуі тиіс, басқаша айтқанда, бұрынғы өндіріс ауқымын
қамтамасыз етіп, содан кейін ғана табыс есебінен өндірісті кеңейте алады.
Құрылысқа қатысты салалық көзқарас тұрғысынан қарайтын болсақ, өзіндік
құн құрылыс ұйымдарының объектілерді тұрғызуға, іске қосуға, күрделі
жөндеуге және өзгедей құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргізуге жұмсаған
шығындарынан құралады. Өзіндік құнның құрамына құрылыс алаңындағы
жұмыстарды ұйымдастырумен, құрылыс – монтаж жұмыстарын жетілдірумен,
құрылыс өнімінің сапасын жақсартумен, еңбек жағдайын және еңбек
қауіпсіздігін күшейтумен, жұмысшылардың біліктілігін көтерумен байланысты
шығындар кіреді.
Құрылыс – монтаж жұмыстарының өндірістік шығындарын терең зерттеген
А.А.Баширов, А.С. Наринскийлердің пікірінше, құрылыста өзіндік құнға
құрылыс – монтаж жұмыстарына жұмсалған шығындар жатады. Құрылыс – монтаж
ұйымдарының өзіндік құнының тапсырыс берушілердің (застройщик) іске қосқан
негізгі қорларының инвентарлық құнына енетін шығындарынан айырмашылығы,
олар тек құрылыс – монтаж жұмыстарының өндірісіне жұмсалған шығындардан
тұрады.
Құрылыс өндірісінің шығындары деп құрылыс – монтаж жұмыстарын орындауға
және оларды өткізуге жұмсалған жанды және затқа айналдырылған еңбек
шығындарын түсіну керек. Орындалған жұмыстармен тікелей байланысты өндіріс
шығындары құрылыс жұмыстарының өзіндік құнында көрсетіледі. Құрылыс
жұмыстарының өзіндік құны – бұл құрылыс ұйымының құрылыс-монтаж жұмыстарын
орындауға және тапсырыс берушіге өткізуге жұмсаған шығындары. Бұл
көрсеткішті есептеу құрылыс өндірісінің және жекелеген жұмыс түрлерінің
рентабельділігін анықтау үшін, құрылыс жұмыстарының өзіндік құнын төмендету
резервтерін табу үшін, құрылыс өнімінің келісімді құнын анықтау үшін қажет.

Біздің ойымызша, құрылыс – монтаж жұмыстарының өзіндік құны - бұл
мердігерлік келісім шартқа сәйкес орындалған жұмыстардың өндірісіне және
оны тапсырыс берушіге өткізуге жұмсалған шығындар.
Орындалған құрылыс – монтаж жұмыстарының өзіндік құнын қалыптастыру осы
саланың ерекшеліктерімен анықталады.
Құрылыс өнімінің өзіндік құнының қалыптасу тәртібін зерттеу нәтижесі
көрсетіп отырғандай, құрылыс объектісін тұрғызып, құрылыс - монтаж
жұмыстарын бастамас бұрын жобалық – сметалық құжаттар дайындалады. Әрбір
құрылыс өнімі дара сипатқа ие болғандықтан, құрылыс – монтаж жұмыстарына
осы жобада қабылданған техникалық шешімдерді, өндірістің нақты шарттарын
ескеретін жеке смета жасалынады. Смета Қазақстан Республикасында
қабылданған құрылыстық нормалар мен бағаларға сүйене отырып дайындалған
жобалық құжаттар кешенімен анықталады.
Құрылыста құрылыс – монтаж жұмыстарының сметалық, жоспарлы және нақты
өзіндік құнын анықтайды.
Сметалық құн құрылыс ұйымына өзінің болашақ шығындарының деңгейін алдын
– ала болжауына, ал тапсырыс берушіге осы ұйыммен келісім шартқа отыру
немесе саудаласу мүддесін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар құрылыс
– монтаж жұмыстарының жоспарлы өзіндік құнын есептеуге негіз болады.
Сметада материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың сметалық шығындарының
шамасы есептеледі. Сметалық нормаларды жасау кезінде құрылыс жұмыстары
өндірісінің тәсілдері мен орташа (усредненных) жай-күйі ескеріледі.
Сонымен, құрылыс материалдарын дайындаудың сметалық өзіндік құны
материалдардың сатып алу бағасын, құрылыс алаңына жеткізу шығындарын, ыдыс
құнын, жабдықтау ұйымдарының үстеме бағасын және дайындау – қойма
шығындарын қамтиды. Құрылысшылардың негізгі еңбек ақысының сметалық
шығындары 1 адам-күнге орташа разряд пен бекітілген аумақтық
коэффициенттерді ескере отырып анықталады. Құрылыс машиналары мен
механизмдерінің әрбір түрінің 1 машина-сағатының сметалық өзіндік құны
бірмезгілдік, жылдық және ағымдағы шығыстарды қоса отырып есептеледі.
Барлық шығындар орта есеппен (усреднены) алынады. Құрылыс объектісінің
сметалық құнына қабылданған тарату базасынан (тікелей шығындар немесе
жұмысшылардың негізгі жалақысынан) пайыз түрінде есептелетін үстеме
шығындар қосылады.
Құрылыстар мен объектілердің жиынтық сметасында бекітілген норма мен
шектеулерге сәйкес кейбір шығындар: уақытша ғимараттар мен имараттарды
тұрғызу шығындары, қыс мезгілінде құрылыс – монтаж жұмыстарын орындау және
т.б. құрылыс жұмыстарының өндірістік шығындарының құрамына енгізіледі.
Бұдан басқа құрылыс жұмыстарының көлемін дәл анықтаумен, құрылыс
техникасының орындау әдісі мен тәсілінің, сипатының өзгеруімен байланысты
туындаған қосымша жұмыстарды орындаумен байланысты қосымша шығындарды жабу
үшін құрылыстың сметалық құнынан пайыз түрінде резерв құрылады.
Нақты өзіндік құн өз күшімен орындалған жұмыстардың нақты шығындарынан,
сонымен қатар субмердігерлермен орындалған және төленуге қабылданған
жұмыстардың сметалық құнынан құралады. Толық өзіндік құн объектідегі барлық
жұмыстар аяқталғаннан кейін анықталады.
Құрылыс жұмыстарының өзіндік құны туралы шынайы ақпарат алу үшін
өндірістік шығындардың құрамын дәл анықтаудың маңызы зор. Шығындардың
қайсысы өндіріс ықпалымен, қайсысы өзгедей құбылыстардың ықпалымен
қалыптасатындығына қаржылық нәтиже тәуелді.
Өнімнің өзіндік құнын назардан тыс қалдыруға болмайды. Өзіндік құнның
деңгейіне ұйымға тәуелді және тәуелсіз, сондай – ақ ұйыммен бақыланатын
және бақыланбайтын факторлар әсер етеді. Мысалы, ұйымның қызмет
ерекшелігіне байланысты табиғи жағдайлардың әсері, материалдарды
жеткізушілердің қашықтығы, материалдың, отынның, құралдардың бағасы,
электрқуатының тарифтері.
Бұл жағдайда басты орынды өндірістік есеп алады, ол өндіріске жұмсалған
ақпараттарды жинау, бақылау және талдауды жүзеге асырады. Өндірістік есеп
жүйесінде шығындар туралы мұндай ақпараттар әртүрлі белгілері бойынша
жинақталады, топтастырылады және талдау жасалынады. Республикада
экономиканың бүкіл саласының ұйымдары өндіретін өнімнің өзіндік құнына
енетін шығындарды бір ізге түсіру мақсатында №7 Тауарлы – материалдық
қорлардың есебі стандартының әдістемелік нұсқаулары қолданылып келді.
Өнімнің өзіндік құны жекелеген экономикалық элементтерден құралады. Жеке
ұйым және құрылыс салалары бір – бірінен экономикалық элементтерінің үлес
салмағы бойынша ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер өндіріс технологиясы мен
ұйымдастырудың салалық өзгешелігіне, техникалық жарақтану дәрежесіне
байланысты туындайды.
Құрылыстың өзіндік құнын басқару үшін және бригадирлердің, учаскелердің
өз жұмыстарының нәтижелеріне жауапкершілігін және мүдделілігін көтеру үшін,
шығындар есебін салынып жатқан объектілердің бөліктері бойынша, жұмыс
түрлері бойынша, сондай – ақ жұмысты орындап жатқан учаскенің ішіндегі
біртекті объектілер тобы бойынша жіктеген орынды.
Құрылыс ұйымдарының өз күшімен орындаған құрылыс жұмыстарының өзіндік
құны өндіріс процесінде материалдарды, отын, энергия, негізгі құралдар,
еңбек ресурстары және басқа да шығындарды пайдаланумен байланысты
шығындардан құралады.
Бас мердігер құрылыс – монтаж жұмыстарының өндірісіне жұмсалған
шығындардың баптар бойынша есебін өздері орындаған жұмыстар бойынша, ал
субмердігерлерден қабылданған жұмыстардың құнын шығын баптарына бөлместен,
бірақ тиісті объекті бойынша жүргізеді.
Құрылыс ұйымдарының өнімдерінің өзіндік құны өндіріс процесінде
тұтынылатын табиғи ресурстардың, шикізаттар мен материалдардың, отын,
энергия және негізгі құралдардың, еңбек ресурстарының шығындарын, сондай -
ақ өнімді өндірумен және өткізумен байланысты өзге де шығындарды қамтиды.
Осыған сәйкес құрылыс өнімінің өзіндік құн келесі шығындардан құралады:
- құрылыс жұмыстарының өндірісімен тікелей байланысты шығындар:
материалдардың, конструкциялар мен тетіктердің құны, өндірістік
жұмысшылардың негізгі жалақысы, құрылыс машиналары мен механизмдерін
пайдалану шығындары;
- құрылыс алаңдарында жұмыстарды ұйымдастыру және жұмыстарды өткізу
шығындары;
- құрылыс жұмысшыларына қызмет көрсету бойынша шығындар;
- санитарлық – гигиеналық және мәдени – тұрмыстық жайлармен қамтамасыз
ету шығындары;
- еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік шығындар нормасы - өндірісті басқарудың негізгі құралы
Өндіріс шығындарының есебін жүргізу
Жұмыспен қамтудың арнайы түрлері
Кәсіпорын шығындарын басқару
Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Кезең шығындарының есебі
Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау
Зерттеу нәтижелерінің аппробациясы мен өндіріске ендірілуі
Нарықтық экономика жағдайындағы өндірістегі тікелей және жанама шығындардың есебі
Басқару есебі жөніндегі жалпы түсінік
Пәндер