Азаматтық құқықтық қатынастар жайлы
Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Азаматтық құқықтық қатынастың ұғымы жəне элементтері ... ... ... ... .5
2. Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
3. Субъективтік азаматтық құқықтар мен міндеттердің
ұғымы, мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
4. Азаматтық . құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеру және
тоқтатылу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қолданған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қоғамдық қатынастар - белгілі бір өндіріс тəсілі негізінде өндірісте жəне өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық жəне идеолоғиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы əрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас -қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын алады.
Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары - саяси, құқықтық, моральдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар. Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы - өзара заңды байланысқан реттелген бұлжымас бір ізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір ізділікті табу, оның ең бастысын, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу - ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар əртүрлі əлеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде жəне сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір əлеуметтік ортасы болып табылады.
Құқықтық қатынастар - адамдардың өзара əлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс.

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. 1-том , Ғ.Төлеуғалиев. Алматы, 2001 жыл.
2. Гражданское право: учебник под редакцией М.К: Сулейменова и Ю.Г. Васина А, 2000.
3. Гражданское право// под редакцией Ю.К. Толстого, А.П. Сергеева ч.I. 1996-1997
4. Гражданское право: Практикум. 4.1. под редакцией Н.А. Егорова, А.П. Сергеева 1997, 1997
5. Гражданское право: Пособие по изучению курса ‘‘Общая часть гражданского права’‘ / под редакцией А.Г. Диденко, Ю.Г. Басина, О.С.Иоффе А, 1999.

Жоспар:
Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Азаматтық құқықтық қатынастың ұғымы жəне элементтері ... ... ... ... .5
2. Азаматтық құқықтық қатынастардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
3. Субъективтік азаматтық құқықтар мен міндеттердің
ұғымы,
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..18
4. Азаматтық – құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеру және
тоқтатылу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 8
Қолданған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..29
Кiрiспе
Қоғамдық қатынастар - белгілі бір өндіріс тəсілі негізінде өндірісте
жəне өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар.
Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық
жəне идеолоғиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас
объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық
қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы əрі айқындаушысы адамдардың
өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық
өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық
қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас -қоғамдық өндірістің қажетті
жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар
белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар
мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын
алады.
Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең
маңыздылары - саяси, құқықтық, моральдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар.
Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы - өзара заңды байланысқан реттелген
бұлжымас бір ізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір
ізділікті табу, оның ең бастысын, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың
өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу - ғылымның зор еңбегі.
Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар əртүрлі əлеуметтік топтар арасындағы
қатынастар ретінде жəне сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір
сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір
сүретін белгілі бір əлеуметтік ортасы болып табылады.
Құқықтық қатынастар - адамдардың өзара əлеуметтік байланысы, қарым-
қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа
себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс.
Құқықтық қатынас дегеніміз - мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты
құқықтары мен міңдеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-
белгілері:
Бірінші - құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы
реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде
қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс
орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар
арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.
Екінші - қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен
міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының
міндеттеріне сəйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.
Үшінші — субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру
үшін құқықтық қатынас жасайды.
Төртінші — егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе
субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің
қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға
тиіс.
1. Азаматтық құқықтық қатынастың ұғымы жəне элементтері
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сəйкес туындайтын жəне бұл
нормаларға тəуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық
қатынастары деп аталады.
Адамдар өз өмірінде жəне əрекет үстінде үнемі əрқилы азаматтық құқық
қатынастарға араласып жүргенімен, өздерінің əрекеттерінің заң жөніндегі
сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда
сатушы мен алушының арасында осындай қатынас туындайды. Азаматтық кодексте
көрсетілген сату-сатып алу мəмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық
қатынастар пайда болады. Бұл мəміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада
ақша төлеуге міңдетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне
беруге немесе сол затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан
кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, əйтпесе
алған ақшасын қайтарып беруге міндетті жəне т.с.с.
Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқық
қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату,
банк арқылы есеп айыру - осылардың бəрі де құқық қатынасын тудырады, яғни
осылардың бəрінің де заң арқылы белгілі салдары болады.
Азаматтық құқықтық қатынастың ұғымы мен элементтері: субъект, мазмұны жəне
объект
1. Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағаңда біз алдымен оның
құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Əрбір құқық қатынастарында
қатынастың субьектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық
қатынастарының субъекгілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, əкімшілік-аумақтық
бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.
Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс
орнайды, сол арқылы осы қатынастардың мазмұнын құрайтын олардың арасында
белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нəрсеге (мүліктік жəне жеке
мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нəрсе оның объектісі деп
аталады.
Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тəн болады:
субъектілер (қатысушылар), мазмұны (құқықтар мен міндеттер) жəне объектілер
(құқықтар мен міндеттердің қатысы бар мүліктік жəне мүліктік емес
игілікгер).
2. Осыған орай құқықтың жалпы теориясының бір мәселесіне тоқтала
кетейiк. Əдетте "құқық" сөзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ шын
мəнінде мүлдем бөлек екі мағына білдіретіндігін айтпауға болмайды. Оның
бірінішсін "Азаматтық құқық" "құқық нормалары" дегенге қолданамыз. Бұл сөз
тіркесіндегі "құқық" дегеніміз мемлекетте қалыптасқан құқықтық рəсімдер
жүйесі, жиынтығы. Өйткенi қажет болған жағдайда оның жүзеге асырылуы
мемлекет күшіне сүйенеді. Осы мағынасында қолданатын құқықтың объективті
мағынасындағы құқық деп немесе "объективті құқық" деп атайды.
Біз күнделікті өмірде "Менің меншік құқығым бар", "Сіз бұлай істеуге
құқығыңыз жоқ", "Оның зейнетақы алуға құқығы бар" осыларға тəрізді сөздерді
жиі айтамыз, ал бұл орайда кездесетін "құқық" сөзі заң дегенді емес,
тұлғаның, нақты адамның белгілі бір мүддесін ғана білдіреді. Бұл
жағдайларда "құқық" субъективтік мағынасында немесе басқаша айтқанда,
құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері болып
есептеледі. Құқық қатынастарының элементі ретінде айтқанымызда, біз
субъективтік құқық туралы да айтамыз. Бұл "құқық" деген сөзге беретін
екiнші мағына.
Əрбір құқық қатынасында қатысушының бірінің субъективті құқығына
екіншісінің заңдық міндеттілігі сəйкестендіріледі. Мысалы, үйді сатып алу-
сату шартына сəйкес сатушы мен сатып алушы арасында екі бірдей құқық
қатынасы пайда болады. Оның біріншісінде сатып алушы үйді алуға құқылы да,
сатушы оны беруге міндетті.
3. Заңдылық фактісінің түсінігі.
Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматтық құқық қатынастарын
тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі
бір жағдай болғанда ғана пайда болады. Мұның мазмұнының өзгеруі немесе оның
қысқартылуы да белгілі бір жағдайға байланысты. Осындай құқық
қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер
болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың тууы,
мəміленің бүлінуі т.б. заңдылық фактілер болып табылады.
Азаматтық кодексте сату-сатып алу, жалдау, мұра қалдыру жəне тағысын
тағылардың кезінде пайда болатын құқық қатынастарын тəртіптейтін баптардың
болуы сол жеке тұлғалардың арасында немесе сондай-ақ заңды тұлғалардың
арасында нақтылы құқық қатынастарын өздігінен тудыра алмайды. Белгілі бір
азамат пен дүкен араларында сату-сатып алу туралы АК-тің баптарында
көрсетілген қатынастар пайда болу үшін сол азамат дүкенге барып бір нəрсе
сатып алуы керек, яғни дүкенмен сату-сатып алу мəмілесіне кірісуі керек.
Заңдылық оқиғалар. Кейбір заңдылық фактілер осы фактілер нəтижесінде
туатын құқық қатынастарына қатысушы тұлғалардың өздерінің қалауы жəне
ниетінен тыс пайда болады. Мұндай заңдылық фактілерді оқиға деп атайды (АК-
тің 7-бабының 8-тармағы). Адамның өлуі, белгілі бір мерзімнің өтіп кетуі
фактілері - осылардың бəрі де оқиғалардың қатарына жатады.
Заңдылық əрекеттер. Заңдылық салдар, яғни белгілі бір құқық
қатынастарын тудыратын тұлғалардың əрекеттері де заңдылық факті болып
табылады (АК-тің 7-бабының 7-тармағы). Мысалы, мəміле жасасу, ерлі-
зайыптылардың айрылысуы, біреуге əдейілеп зиян келтіру заң əрекеттері болып
табылады. Алайда, құқық тəртіптері тұлғалардың жүріс-тұрыстарының бəріне
бірдей заң əрекеттері деп маңыз бермейді; біздің əрекеттеріміздің көбі
құқық үшін бейтарап əрекеттер, бұл əрекеттер заңдылық қатынастарды
тудырмайды да, өзгертпейді де. Кісі біреумен əңгімелесіп отырғанда, кітап
оқып отырғанда, жазатын мақаласын ойланып отырғанда, кəдуілгі жағдайдағы
оның қызметтері құқық шеңберінен тыс жатады.
Заңда, заңдылық салдары бар деп табылатын əрекеттердің мазмұны
бірнеше түрде кездеседі жəне белгілі белсенді бір түрінде - істелген іс
немесе айтылған сөз түрінде, сондай-ақ жəне əрекеттен бой тартқан түрде
-əрекетсіздік түрінде, кездеседі.
Заңды жəне заңсыз əрекеттер (құқыққа сыйымды жəне құқыққа сыйымсыз
əрекеттер). Көбіне-көп жағдайларда құқықтар мен міндеттер құқық тəртібінде
рұқсат етілген əрекеттердің нəтижесінде пайда болып өзгертіліп немесе
қысқартылып отырады. Заңмен тыйым салынбаған əрекеттер заңды əрекеттер
болып табылады. Белгілі бір құқықтық нəтижелер тудыру ниетімен істелген,
ерік берілген, заңды əрекеттерге мысал бола алатын, басқаша айтқанда,
азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін
белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған əрекеттері мəмілелер
болып танылады. ( АК-тің 4-тарауы).
Мəмілелермен қатар, тікелей құқық жəне міндет туындасын деген ниетпен
істелмеген, бірақ құқық қатынастарының пайда болуына немесе оның қысқаруына
негіз болып табылатын сан түрлі əрекеттер болады. Мұндай əрекеттерге мысал
болатындар: некелесу, əдеби шығарма жазу, өнертабыс т.с.с.
Кейбір əрекеттер құқық тəртібінде тыйым салынғандықтан ғана, яғни
заңсыз болғандықтан құндық қатынастарын тудырады. Мəселен, АК-тің 917-
бабында былай делінген: басқа біреудің жеке басына, не мүлкіне немесе занды
тұлғаға зиян келтіруші сол зиянды толық өтеуге міндетті. Зиян келтіру
(деликт) болып табылатын болғандықтан, яғни зиян келтірушіні азаматтық
жауапқа тарту салдарын тудыратын заңсыз əрекет болғандықтан зиянды өтеу
міндеті, ол зиян келтірушінің еркіне байланыссыз болады.
4. Заттар - азаматтық құқық қатынастарының объектілері.
Азаматтық құқық қатынастарының объектілері деп заттарды (мүлік жəне
мүліктік құқық), жұмыс пен қызметті, ақпаратты, материалдық деп
есептелмейтін игіліктер (мəселен атау) мен интеллектуалды меншікті, яғни
əдеби шығарма, өнертабыс жəне тағы басқаларын айтамыз. Тап осы объектілерде
құқық қатынастарына қатысушылардың мүдделері тоғысады жəне де бұл
объектілердің құқық қатынастарындағы тағдыры шешіледі. Жалпы алғаңда,
азаматтық құқық қатынастарының объектілерінің негізгі бөлігін заттар
құрайды. Зат деп материадцық əлемнің кез келген объектісін айтамыз.
Заттардың заңдық тағдырында оның сапасы мен құқылық мəртебесі елеулі орын
алады. Сондықтан да азаматтық құқықта заттарды саралаудың
(классификациялау) алуан түрі кездеседі.
Заттар азаматтық айналымдағы қатысына орай шектеулі айналым
қабілеттігіне байланысты азаматтық айналымнан шығарылмаған жəне азаматтық
айналымнан шығарылған деп бөлінеді. Азаматтық айналымнан шығарылмаған
заттарды олардың иелері өзгеге еркін түрде бере алады, сөйтіп, ол ешқандай
шектеусіз қолдан қолға өте береді. Былайша айтқанда, мұндай заттар
азаматтық айналымға емін-еркін қатысады. Айналым қабілеттілігі шектелген
заттар азаматтық айналымға қатысушылардың белгілі бір бөлігіне қатысты,
немесе айналымы ерекше тəртіппен жүзеге асады. Осы объектілердің шеңбері
заңмен айқындалады. Оған у, қару-жарақ, оқ-дəрі, қымбат бағалы металдар мен
тастар, мəдени жəне тарихи ескерткіштер, тағы басқалары жатады.
Сонымен, азаматтық заң кейбір заттарды азаматтық айналымнан шығарып
тастайды. Өйткені, оның өзі мемлекеттің немесе басқа тұлғалардың өзгеге
беруге болмайтын жеке дара меншігі болып табылады. Қазіргі кезде оған мысал
ретінде орман, су жəне басқа бірқатар объектілерді жатқызуға болады.
Заттарды бөлінетін жəне бөлінбейтін деп жіктейді. Бөлінетін заттар
бөлінген күннің өзінде тұтынушылық қасиетінен, бастапқы сапасынан
айырылмайды. Мысалы, бір бөлке нанды алайықшы, оны қанша жерден бөлсеңіз де
нан күйінде қалады емес пе. Ал бөлінбейтін заттарды бөлсеңіз пайдаға аспай
қалады. Егер отырғышты арамен екіге жарып кесіп тастаңыз, онда ол тұтыну
қасиетінен айрылып қалады. Саралаудың мұндай заттық мəні мүлікті болу
кезінде айқын көрінеді.
Заттар құқық қатынастарында жекеше белгіленген жəне тектес
қасиеттеріне қарай белгіленетін заттар деп бөлінеді. Заттар жеке
белгілеріне қарап, немесе бүтіндей бір тобына, тектесуіне қарап бөлінеді.
Бірінші жағдайда жекеше белгіленген заттар деп, екінші жағдайда тектес
қасиеттеріне қарай белгіленген заттар деп атайды. Жекеше белгіленгені тек
басқасына емес, тек сол заттың өзіне тəн. Мысалы, оған суретшінің суреттегі
қолтаңбасы немесе көйлектің өзіндік үлгісі жатады. Зат сол жекеше күйінде
ғана бір құқық қатынасында тектес қасиеттерімен айқындалады, ал басқа ретте
даралық сипатқа ие.
Заттар қозғалмалы жəне қозғалмайтын болып бөлінеді. Оның
қозғалмайтынына жермен тығыз байланысы бар жер учаскелері, учаске қойнауы,
көпжылдық өсімдіктер, ғимарат жəне құрылыстар жатады, олар тұтастығы мен
пайдаұа асуына орай жерге елеулі залал келтірмей бөліне алмайды. Сондай-ақ
Азаматтық кодекс қозғалмайтын заттар қатарына əуе жəне теңіз кемелері мен
ғарыш кемелерiн объектілерін де жатқызады. Себебі олар халықаралық дəстүр
мен халықаралық төрелік жасау арқылы қолданылады. Осындай аса қымбат
саналатын объектілерді пайдалану белгілі бір мемлекет құзырынан шығып та
кетеді.
Қозғалмайтын мүлікке берілетін құқық мемлекеттік тіркеуден міндетті
түрде өтуі тиіс. Дəл сол сияқты мемлекеттік тіркеуге қозғалмайтын мүлікке
жасалған келісім де жатады. Алайда бұл арада ереже талаптарынан шығып
кететін жағдайларды да кездестіреміз. Мəселен, автокəсіпорын қозғалатын
мүлік болып есептелгенмен тіркеуге жатқызылады.
Кəсіпкерлікке пайдаланылатын кəсіпорын мүліктік кешен ретінде
мүліктің (заттың) ерекше түрі болып табылады. Ал кəсіпорын негізінен
алғанда қозғалмайтын мүлікке жатады. Мүліктік кешен ретінде кəсіпорынға
оның қызметіне керекті мүліктің барлық түрі енеді. Ол тек қажетті
объектілерді ғана қамтып қоймай, жер учаскесі, ғимарат, құрылыстар тəрізді
қозғалмайтын болып көрінетіндерді өзіне қаратып алады, тіпті жеке дара
күйінде қозғалмалы мүлік болып табылатын керек-жарақ, құрал-жабдық,
шикізат, өнім, тіпті талап ету құқы да, қарыз, атауы, тауарлы жəне фирмалық
белгілер, бəрі-бəрі одан іргесін аулақ сала алмайды. Демек, егер кəсіпорын
сатылатын болса, онда оның иесі сатып алушыға өзінің қарамағындағы барлық
мүлікті беруге тиіс. Тек сатып алушымен келісім арқылы мүліктің бір бөлігін
(мысалы, шикізат немесе кейбір құрал-жабдықтар) жекелей түрде сатуына
болады.
Қосалқы зат жəне басты зат. Дербес пайдалануға келмейтін, тек басқа
затпен (басты) ғана бірге пайдалануға болатын заттар қосалқы заттар деп
аталады. Жалпы ережеге сəйкес қосалқы зат басты заттың зандық тағдырына
әсер етеді. Енді басты зат пен қосалқы затқа мысалдар келтірейік: құлып пен
кілт, есік пен құлып, үй мен есік. Егер сіз үйді сату-сатып алу жөнінде
шарт жасассаңыз, онда оған үйді есігімен, құлпысымен, сондай-ақ кілтімен
сатылады деп жатудың қажеті жоқ. Өйткені, ол басты зат пен қосалқы зат
ережелеріне бағынады. Сатушы есіктің құлпын алып қойса, онда сатып алушы
оны орнына қоюды талап етуге құқылы. Кей жағдайда сатушы мен сатып алушы
арасында жасалған келісім шарт бойынша қосалқы затты басты заттан белуге
мəмілеге келе алады.
Жаңа Азаматтық кодекс азаматтық құқық объектілерінің тізіміне
жануарларды да қосады. Егер занда өзгеше көзделмесе, оған мүлік жөніндегі
жалпы ереже қолданылады. Құқықты жүзеге асыру кезінде жануарлармен ізгілік
принциптеріне қайшы келетін қатал да аямаушылық əрекеттердің орын алуына
жол бермейді. Мұндай тұжырымдама қосымша түсіндірме жасауды қажетсінеді.
Біріншіден, бұл арада əңгіме жан-жануарлардың бəріне қатысты ма, əлде тек
үй жануарлары туралы ғана ма? Қоян мен қасқырды орман мүлкіне жатқыза
аламыз ба? Солай болған күнде меншік иесі мұндай мүліктерді басқара алмайды
емес пе...
Сондай-ақ жануарға "қатал қарау - аямаушылық" дегенге орай оған əдейі
зардап шектіру шегі қалай айқындалады, бұл да оңай сауал емес. Өйткені,
ғылыми тəжірибеге байланысты жануарларды азаптауға, тіпті өлтіруге тура
келеді, онда қалай болады? Бұл сауалдарға жауапты тек соттың белгілі бір
жағдайларға байланысты шығарған шешімі ғана жауап бере алады.
Затқа ақша, валюталық құндылықтар, сондай-ақ құнды қағаздар жатады.
Əдетте ақша тектес белгілерімен анықталған зат болып табылады. Тек оның
көрініске қойылғандары ғана оған кірмейді. Қазақстанның барлық аумағында
теңге занды толем құралы болып есептеледі. Ол банкнотта көрсетілген
бірлікте ~ 100 теңге, 500 теңге жəне т.с.с. бағаланады. Шетелдік валютамен
есеп айырысу тек заңда көзделген ретте жүзеге асады.
Валюта құндылығына қымбат бағалы металдар, қымбат бағалы тастар[1] ,
шетелдік валюта, шетелдік банктік кірістер, акциялар, шетелдік облигациялар
жатады. Олармен келісім жасау 1996 жылы 24 желтоқсанда қабылданған
Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы" заңымен жүзеге асады.
Бірақ валюталық құндылыққа меншік құқығы басқа мүліктер тəрізді жалпы
негізде қорғалады.
Құнды қағаздар да зат түрiне жатқызылады. Құнды қағаз дегеніміз
белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, қайсыбір
мүліктік құқықты орнататын, оны куəлендіретін, өзін көрсеткенде ғана
құқықты іске асыратын құжат болып табылады. Демек құнды қағаз жоғалса,
онымен жасалған мүліктік құқық та қоса жойылады. Құнды қағаз осы
ерекшеліктерімен қарыз алғанда берілетін қолхат есебінде əрекетке түседі.
Оның соңғысы мүліктік талапты куəландыруға қызмет етсе, ал оны жоғалту
ондай талапты қоюда басқа куəларды алға тартуға кедергі жасамайды. Құнды
қағаз өзінде көрсетілгеніндей, мүліктік құқықты айғақтайтын бірден-бір
құжат болып есептеледі.
Ол белгіленген жəне міндетті өлшемдерді (реквизитті) сақтай отырып
жасалады. Мəселен, жалпы ережеге сəйкес коносамент жарамды болуы үшін оның
белгіленген өлшемі болуы шарт. Онда коносаменттің атауы, белгілі бір соманы
төлеуге деген ұсыныс, оны кімнің төлейтіндігі, атауы, төлемді төлеу мерзімі
мен орны, кімге немесе тапсырыс бойынша кімнің төлем жасайтындығы,
коносаменттің жасалған уақыты мен орнын көрсету, коносаментті берушінің
қолы тəрізді талаптар қамтылады. Осылардың біреуі болмаған жағдайда
коносамент жарамсыз болып танылады.
Құнды қағаздарды бір тұлғадан екiншi бiр тұлғаға беруге болады. Бұл
орайда құнды қағазда қамтылған құқықтардың бəрі екiншi тұлғаның қарауына
өтеді.
Қазіргі кезде құнды қағаздың негізгі түрлері деп кеңінен қолданылып
жүрген облигацияны, акцияны, жинақ жəне депозитивті сертификаттарды
айтамыз.
Құнды қағаз ретінде облигация оны шығарушы (көбіне көп мемлекет) мен
сатып алушының иесі белгілі бір тəртіппен есептелген оның номиналды бағасы
мен пайызының сомасын ала алады (мысалы, ұтыс жолымен). Акция оны
иеленушінің (акционердің) акционерлік қоғам түсірген пайданың бөлігін
дивидент ретінде алу құқығын бекітеді, сондай-ақ оған бұл қоғамның басқару
ісіне қатысу құқығы беріледі, ал акционерлік қоғам таратылған кезде оның
пайдасының бір бөлігін меншіктену құқығына ие болады. Банктің жинақ жəне
депозитивтік сертификаты банкке ақша салушының белгілі бір мерзім өткен соң
оны пайызбен алуына құқық береді.
Құнды қағаздар мынадай үш түрге бөлінеді: атаулы, ордерлік жəне
ұсынбалы. Оның атаулысы белгілі бір адамға беріледі əрі ондағы құқықты тек
өзі ғана жүзеге асырады. Оған мəселен, жинақ жəне депозитивті сертификаттар
жатады. Ордерлік түрі де белгілі бір тұлғаға беріледі, бірақ ол бұл қағазды
басқа біреуге бергенде бергені туралы оған жазады (индосаменттік жазу). Ал
ол өз кезегінде бұл қағазды үшінші біреуге бере алады, т.с.с. Ұсынбалы түрі
оны көрсетушіге беріледі, яғни оны көрсеткен адам ондағы құқыққа ие болады.
Оған облигация жəне акция жатқызылады.
Құнды қағаздарды шығару (эмиссия) тəртібі мен оны ұйымдастырып
шығарушылардың (эмитент) жауапкершілігі заңмен реттеледі.
2. Азаматтық-құқықтық қатынастардың түрлері
Азаматтық-құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін объектіге қарай
азаматтық-құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады:
1) мүліктік қатынастар;
2) мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік
қатынастар;
3) мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік
қатынастар.
Азаматтық-құқықтық реттеудің объектісі, ең алдымен, мүліктік
қатынастар болатындықтан, азаматтық-құқықтық қатынастардың басым бөлігі
мүліктік сипатта болады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастардың
объектісі материалдық игіліктер мен құқық (мүлік) болып табылады. Меншік
қатынастары, мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне (сатьш алу-сату,
айырбас, займ және т.с.с.) делдалдық жасайтын қатынастар мүліктік азаматтық-
құқықтық қатынастарға жатады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің
нәтижелері мүліктік қатынас-тармен байланысты мүліктік емес өзіндік
құқықтық қатынастардың объектісі больш табылады. Интеллектуалдық
шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқық мүліктік емес сипатта болады
(авторлық құқығы, шығармаға қол сұғылмау құқығы жене т.с.с), алайда оларды
басқа тұлғалардың пайдалануы ақылы негізде жалпы ереже бойьшша жүргізіледі,
осының салдарынан аталған құқықтық қатынастар мүліктік емес болғаңдықтан,
мүліктік қатынастармен байланысты болып шығады. Адамның жеке басына қатысты
материалдық емес құқықтар мен игіліктер — ар-намыс, қадір-қасиет, іскерлік
бедел және т.с.с. мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес
өзіндік қатынастардың объектісі болып табылады.
Абсолюттік және салыстырмалы азаматтық-құқықтық қатынастар.
1) Абсолюттік құқықтық қатынастарда құқық берілген адамға
міңдетті ретіңде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы
түрады, мұндай құқықтық қатынастарда іс жүзіңде өркім және
барша жұрт міндетті болып шығады. Мысалы, меншіктің құқықтық
қатынастары абсолюттік қатынастарға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz