1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

1 тарау. 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы

  1. Ақпан төңкерісі және Қазақстан

Ақпан төңкерісі және Қазақстан

1917 жылғы Ақпан төңкерісі патшалық Ресей империясының даму жолына түбірлі өзгеріс әкелген маңызды оқиға болды. Отаршыл патша билігінің құлатылуы және оның орнына келген Уақытша үкіметтің демократиялық ұстанымдарға негізделген саясаты қазақ халқының алдымен зор мүмкіндіктер ашты. Қазақ қоғамы қысқа сәтке болса да елінің даму жолын таңдау мүмкіндігіне ие болғандығын анық сезінді.

Ақпан революцясының қазақ жұрты үшін маңызды тарихи оқиға екені Семей облыстық қазақ съезіндегі кіріспе сөзінде Г. ММәрсетов: «Біздің еркіндікке жетуімізге, құлдықтан босануымызға және үмітті болашағымыз үшін ең бірінші Ұлы орыс (Ақпан) революциясына міндеттіміз» - деп бағалаған болатын. (Шаяхм. 33б)

Қазақстан халқының қалың топтары Ресей патшасы ІІ Николайдың құлатылуын, Ақпан революциясын ірі саяси және экономикалық өзгерістерге деген үмітпен қабылдап, өздерінің ғасырлар бойғы тілектерінің орындалу мен толғағы жеткен ұлттық және әлеуметтік проблемалардың шешілуін сонымен байланыстырды.

Жақсылық хабарды естіген А. Байтұрсынов сол кездегі көңіл күйді былайша білдірген болатын: «Қазақстарға ақпан төңкерісі қанша түсінікті болса, қазан төңкерісі соншалықты түсініксіз көрінді. Олар алғашқы төңкерісті қандай қуанышпен қарсы алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға тура келді. Алғашқы қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл төңкеріс оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында, екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсінуінде еді». (А. С. 41б)

Түрлі басылым беттерінде елде орын алған саяси өзгерістер жөнінде, оған деген халықтың пікірі турасында мақалалар жарияланды. Мәселен, «Қазақ» газеті: . . . Бұл жақсылық, қуаныш жалғыз ғана орыстардікі емес, отаны Ресей болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш. Бұрын Россияның өгей ұлындай болып жүрген бұратаналар енді Россия ұлы болып амалсыз теңеледі. Ескі үкіметтің неше түрлі қиянатын, зорлық, қорлығын басынан кешірген біздің қазақ сияқты жұрттарға мұнан қуанышты уақиға өңі түгіл түсіне де енбейді», - деп жазған болатын. (Қазақ газеті 367б)

«Қазақ» газеті 1917 жылғы 223-санында Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Есболов, Т. Жаманмұрынов бастаған барлығы он бес қазақ интелегентігінің Қазақстанның барлық негізгі орталықтарына (25 адрес) жолдаған жеделхат мәтінін жариялайды.

Жеделхатта: Ресейдегі барша халыққа ағайындық, теңдік, бостандық күні туды. Жаңа құрылған үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек. Жаңа құрылған ел бағу дүкенін нығайту үшін тегі басқа барша халықтармен үйір боларға керек. Учредительное Собрание сайлауларына қазақ болып қамдану керек. Жарамды жақсы адамдарын ауызға ала беру керек. Енді араздық, өштік, дау, жанжал, талас, партиялық сыйыспауларды тастау керек. Көксерлік жұмыстарының - бірлік, адалдық болсын! Жер мселесін де қозғап, тезірек қолға ала беріңдер. Біз қалайтын патшалық түрі - демократическая республика, яғни мал өсіріп, егін салып, жерге ие боларолық түрі».

Бұл келтірілген жеделхаттан қазақ зиялыларының саяси айқындамасын анық көруімізге болады. Ал ол айқындама, біріншіден, халықты жаңа билікке толық қолдау көрсетуге шақыру болса, екіншіден, сол билікті қолдау арқылы соның шеңберінде ұлт тағдырына қатысты негізгі зәру мәселелерді шешіп алудан үміттену еді. (М. Қ. 215-216бб)

Ұлттық зиялылардың мұндай бағытты ұстануы, белгілі дәрежеде, сол кезеңдегі қазақ қоғамының қоғамдық-саяси даму деңгейіне, содан туындаған талап-тілектеріне тәуелді болғандығын ұмытпаған жөн. Ал сол тарихи кезеңде қазақ қоғамы үшін бірінші кезекте тұрған нәрсе, әрине, ұлттық тәуелсіздік, ұлттық бостандықты өз қолына алу еді. Қазақ демократиялық интеллегенциясы бұл мақсатқа толық болмаса да, алғашқы кезеңде жарым-жартылай, яғни империя шеңберіндегі ұлттық автономияға жалпыресейлік демократиялық күштермен біріге отырып, қол жеткізуге болады деп түсінді. Ресейден бірден бөлініп кетуді мақсат етіп қоюға қазақ қоғамы әзір емес деп білді.

Ақпан төңкерісі - Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың заңды нәтижесі, патшалық тәртіптің құлауы елде сапалық тұрғыдан жаңа саяси жүйе құруға мүмкіндіктер туғызады. Империяда бұрыннан орын алып келген «Біртұтас және бөлінбес Россия» идеясы мен соған негізделген мемлекеттік саясатқа сызат түсе бастайды. Ақпан төңкерісінен кейін жаңа таптық, әлеуметтік, ұлттық және партиялық, көп жағдайда бір-біріне қарсы болған мақсат - мүдделерді жақтайтын күштер саяси күрес алаңына шығады. (к. н. 74б)

Ақпан революциясынан кейінгі жағдайдың өзіндік ерекшілігі буржуазияның және буржуазияланып алған помещиктердің органы - Петроград жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесі түріндегі қос үкімет болып табылады. (ІІІ том 656б)

Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы ақпан төңкерісінің ішкі қайшылықтарын бейнеледі. Елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екендігін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа бармайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік империалистік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі болған жұмысшылар мен шаруалардың революцияшыл - демократиялық өкімет органы болған кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. (к. н. 83б)

Мемлекеттік Думаның комитеті Петроград жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесңмен ынтымақтасып, 28 ақпанда Уақытша үкімет сайлауды Жаңа үкімет басында халық билеуге - министрлікке сайланғандар мыналар: бас министр, яғни Министрлер Кеңесінің төрағасы һәм ішкі істер министрі князь Львов, әскер һәм орлот министрі Гучков, сыртқы іс министрі Милюков, оқу министрі профессор Мануйлов, қаржы министрі Терещенко, жер министрі Шингарев, әділет министрі Керенский, рухани министрі депутат Львов. («Қазақ» газеті 367б)

Уақытша сайланған үкімет Россияның мемлекеттік басқару формасын анықтайтын, әр ел өкілдерінің жиылысы - «Құрылтай жиналысына» дейін ел билеу ісін өз қолына алды және Құрылтай жиналысы бекітетін негізгі заң шыққанша 8 пунктен тұратын уақытша заң шығарған болатын:

  1. Барша саяси, діни айыпкерлер: бұрынғы үкіметке қастық һәм қарсылық қылғаны үшін, қару-жарақ жұмсап жауласқаны үшін, жер туралы жанжал шығарғаны үшін айыпкер болған һәм басқа сол сияқты бұрынғы үкіметке қарсылық жүзінде жазықты болған адамдардың кінәларына кешірім жасау;
  2. Ауыз сөз, баспа сөз, қауымдасу, жиылыс жасау сияқты істерге ерік беру;
  3. Діннің, тектің басқалығы жүзінде болған бұрынғы таршылықтарының бәрін жоғалту;
  4. Кешікпей учредительное Собраниеге өкілдер шақыруға даярлану;
  5. Полицияны жоғалтып, халықтың өзінен милиция (бақылаушы) қою, милиция батығын халық мекемелері сайлау һәм сол мекеменің қарамағында өту;
  6. Сайлау негізі баршаға бірдей, тең, төте һәм қалау жағы құпия болу;
  7. Өзгеріс ісіне күшін қосқан Петроградтағы әскерлердің қару-жарығын тастатпау һәм Петроградтан басқа жерге алып кетпеу;
  8. Әскерлік жүзіндегі тәртіптерді нық сақтап, жалпы жұртқа берілген құқықтарды басқа мен қатар солдаттарға да беру; (қ. г. 368б)

Бұл бағдарлама елді конституциялық және демократиялық даму жолына аяқ басуына алғышарттай болды.

Ресей империясының құрамындағы барлық отар елдер сияқты қазақ халқы да Уақытша үкіметке қолдау көрсетті. 1917 жылғы 5 наурыздағы Уақытша үкіметтің жергілікті өкімет органдарын құру туралы қаулысына сәйкес наурыз айында Қазақстанның барлық жерлерінде Уақытша өкіметтің жергілікті орғандары құрылды. Революциядан кейін қалың бұқараның өсе түскен саяси белсенділігі әртүрлі комитеттердің (қоғамдық, азаматтық, коалициялық, қоғамдық қауіпсіздік комитеттері т. б. ) құрылуына әкеп соқты, осы комите, ттер арқылы бұқара халық жергілікті жерлерде мемлекеттік істерді басқаруға қатысуға ұмтылды.

4 наурызда Петрапавлда Уақытша қоғамдық қауіпсіздік комитеті құрылып, кейіннен Атқару комитеті етіп қайта ұйымдастырылды. 1917 жылғы 5 наурызда Қалалық думаның, әскери өнеркісіп комитетінің, көпестердің, офицерлердің, шенеуліктермен басқалардың өкілдері Семейде қоғамдық ұйымдармен армияның Облыстық атқару комитетін құрды. Көкшетауда - Уездік коалициялық комитет, Петрапавлда - кейініректе Атқару комитеті етіп қайта ұйымдастырылған Уақытша қауіпсіздік комитеті, Қостанайда - қоғамдық комиссия, Ақтөбеде - азаматтық комитет, Орал мен Верныйда уақытша атқару комитеті және басқалар пайда болды. (ІІІтом 659б. )

Сонымен Уақытша үкіметтің жергілікті саяси өкімет органдарын құруына қалалық думалар, әр түрлі одақтар, ұйымдар, комитеттер, земстволар негіз болған болатын. Әр ұлт, әр қауым, әр ұйымнан өкілдер кіретін қоғамдық ұйымдардың құрама комитеті жергілікті өкімет билігін жүзеге асырды.

Елдің орталығы мен басқа да аймақтарында орнаған қосөкімет көрінісі сияқты, Қазақстанда да Уақытша үкіметтің жергілікті органдарымен қатар жұмысшы, солдат және шаруа кеңестері пайда бола бастады.

Атап айтсақ, Жетісу облысының орталығы Верный қаласында 1917 жылы наурыздың 12-де жұмысшы дапутаттары кеңесінің алғашқы мәжілісі болып, онда кеңестік атқару комитеті сайланды. Сол жылдың наурыз айының 11-де Семейдің қалалық жұмысшы депутаттары кеңесінің 32 адам қатынасқан ұйымдастыру мәжілісі болып өтті, наурызда Қызылжар (Петрапавл) қаласында жұмысшы және солдат дапутаттары кеңесінің алғашқы біріккен мәжілісі болды. Оған жұмысшылардан 40 депутат және солдаттардан 64 депутат қатынасты. Наурыз айында жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері Павлодар мен Өскеменде, Қостанай мен Ақмолада, Перовскіде (Қызылордада) мен Қазалыда, Әулиеатада (Жамбыл) мен Черняевта ұйымдасты. (к. н. 84б) .

Жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестерінен кейін көп кешікпей шаруа депутаттарының Кеңестері құрыла бастады, оларды ұйымдастыруда Орынбор, Омбы және Ташкент Кеңестері үлкен рөл атқарды. Перовск уезінің 35 адамнан тұратын Х. Ибрагимов басқарған, 1917 жылғы наурыздың аяғында құрылған казах депутаттарының Кеңесі шаруа дапутаттары Кеңесінің алғашқыларының бірі болды. 1917 жылдың көктемі мен жазында Орал облыстық, Ақмола, Әулиеата, Перовск, Повладар және басқаларының уездік Кеңестері, Семей облыстық шаруа және казак депутаттарының Кеңестері жұмыс істеген. (к. н. стан сов. 33-40б)

Қазақстан халқының әр түрлі әлеуметтік, этникалық және діни топтары депутаттарының осы кеңестерінің бәрі өз қызметінің бас кезінде Уақытша үкімет және соғыстың жеңіске жеткенге дейін жалғастырылуын қолдағанымен де, өздерін сайлаған халықтың қалың топтарының мүдделерін қорғады.

Қалалық жерлерде Уақытша үкімет тұсында мынандай басқару жүйесі қалыптасты: губерндік (облыстық), қалалық, уездік, қоғамдық ұйымдар комитеті, қалалық дума, қалалық думаның атқару органы - губерндік, уездік басқармалар (управа), солдат және жұмысшы депутаттары Кеңестері, уақытша үкіметтің өкілдері - комиссарлар. (Каз МУ хаб 1995 №2 32б)

Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының таратылуы және оған деген Шығыс Қазақстан қоғамының көзқарасы

Жиналыста Құрылтай жиналысын қорғау одағының комиссиясы дайындаған Петрограттағы Құрылтай жиналысын қорғау одағына жіберілетін жеделхаттың мәтіні талқыланды. Оның қысқаша мазмұны: «Семей қалалық басқармасының шақыруымен жиналған Семей қаласының қоғамдық, үкіметтік және демократиялық ұйымдарының өкілдері халықтың нағыз еркін білдірушілерге қолдау көрсетеді және Құрылтай жиналысын таратуға, оның мүшелерін тұтқындауға әрекет еткен большивиктердің ісін сынға алады. Семей қаласының тұрғындары тек Құрылтай жиналысы бекітетін Үкіметті ғана мойындайды. (Св. Речь. 10. 12. 1917. №110)

Жиналыс жеделхаттың мәтінін қабылдап, оны Құрылтай жиналысының атына, Қалалар Одағы мен Земстволарға, Петроград және Мәскеу қалалық думаларына, демократиялық басылымдардың редакцияларына жолдау туралы шешімге келді. Сондай-ақ Құрылтай жиналысын қорғау жөніндегі комитет құру туралы Клепацкий жолдастың ұсынысы да қабылданады. Комитетке мүше ретінде жеті адам: Пучков, Сергеев, Коротя, Лиханов, Бичевина, Гордасевич, Лейков және кондидат ретінде бес адам: Безсонов, Лаптев, Клепацкий, Вайсер мен Герасимов енді.

1917 жылы 12 қарашада Ресей аумағындағы 68 округте (4 округ бойынша мәлімет толық емес) Құрылтай сайлауы өткізіліп, 44. 443 адам сайлауға қатысты. Нәтижесінде большевиктерге 10. 649 адам немес 24 пайыз эсерлер, меньшевиктер мен түрлі ұлттық партиялардың депутаттарына 26. 374 дауыс немесе 59 пайыз, кадеттер мен оның оң қанатында тұрған партиялар үшін? 420 мың немесе 17 пайыз дауыс берілген. Құрылтай жиналысына сайланған 703 депутаттың 229-ы эсерлер, 168-і большевиктер, 39-ы солшыл эсерлер болған. Осылайша солшыл эсерлермен біріккен жағдайдың өзінде большевиктердің депутаттық мандаты социалист-революционерлерден аз еді. (Вопр. Истории 1992 №2 5б. )

Сонымен Құрылтай жиналысы арқылы кеңестер Билікті заңды жолмен иемденеді деген Большевиктердің үміті ақталмай қалды. Осыдан кейін Большевиктерді декреттері арқылы Бүкілресейлік Құрылтай жиналысын шақырылған мерзімі - 28 қарашадан кейінге қалдырды. Уақытша үкіметтің бұрынғы министрлерінің Құрылтай жиналысын 28 қараша (11 желтоқсан) күні шақырмақ болған әрекеті сәтсіз аяқталды. (А. К. Соколов курс С. И. 80б. )

Көп ұзамай «Правда» газетінің 13(26) желтоқсанындағы санында «Құрылтай жиналысы туралы тезис» жарық көрді. Ленин Қазан революциясына қысқаша түсініктеме беріп, «Буржуазиялық республикада Құрылтай жиналысы демократизмнің негізгі формасы болып табылады, сондықтан партиялардың Буржуазиялық революцияға дейінгі бағдарламаларында Құрылтай жиналысының шақырылуының талап етілуі «толығымен заңды». Дегенмен, Ақпан революциясынан кейін «революциялық социал-демократия» Кеңестердің республикасы Буржуазиялық республикаға қарағанда социолизмге еш қиындықсыз өтуді қамтамасыз ететін жалғыз мемлекеттік құрылыс деп санайды. Бұл процесске, біріншіден, «таптық күштердің» қайта топтасуы әсер етеді, яғни революциялық идея шаруа менәскер қатарында кеңінен тарауда. Екіншіден, Украинадағы (ішінара Финляндия, Белоруссия мен Кавказда) кеңес билігі мен буржуазиялық режим арасында күрсетің басталып кетуі; үшіншіден, Каледин мен кадеттердің 28 қараша күні Құрылтай жиналысын шақырмақ болған контрреволюциялық әрекеті «аса маңызды мәселелерді ресми-демократиялық жолмен» шешу мүмкіндіктерінен айырды.

«Құрылтай жиналысы туралы тезистің» жарық көруінің екі негізгі солдары болды: біріншіден ол революцияны әлі де буржуазиялық сатысында деп санаған социалистік партиялар айналды.

  1. Шығыс Қазақстандағы қоғамдық-саяси үрдістер

Ақпан революциясынан кейінгі уақыт Қазақстан үшін аса қауырт тарихи кезең ғана емес, сонымен бірге саяси кемелдену, өсу сәті де болды. Себебі қазақ қоғамы қысқа сәтке болса да елінің даму жолын таңдау мүмкіндігіне ие болғандығын сезінген еді.

Еліміздің шығыс өңірі де қоғамдық-саяси өзгерістерді бастан кешірді. Семей облысы көлемінде ел ішінде орын алған әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешуді өз міндет-мақсаттарына, бағыт-бағдарламаларына арқау еткен қоғамдық-саяси ұйымдар, комитеттер құрыла бастады. 1917 жылы 5 наурызда «Біріккен қоғамдық ұйымдар мен армияның облыстық атқару комитетіне» сайлау өткізіледі. Уақытша билік ретінде облысытық атқару комитеті өтпелі кезеңнің кезек күттірмес мәселелерін шешуге тырысты. Орталық Үкіметтің 1917 жылғы 6-наурыздағы декларациясына сәйкес Семей облыстық атқару комитетінің негізгі міндеттері:

  • Облыстың халқына революцияның, елімізде орнаған жаңа саяси жүйенің мәні мен ағымдағы міндеттерін түсіндіру;
  • Қалалық және ауылдық жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарын сайланбалы негізде қайта құру;
  • Халықтың тыныштығын, азаматтардың жеке басы мен мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Азық-түлік мәселесін шешу, сондай-ақ азық тапшылығына ұшырамас үшін егістік көлемінің қысқаруына жол бермеу;
  • Еңбекші бұқараға өз мүдделерін қорғайтын ұйымдар құруға мүмкіндік жасау;
  • Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайлаудың еркін әрі ашық түрде өтуін қамтамасыз ету; /1/

8-наурызда Атқару комитетінің президиумы облыстық басқарманың жұмыстарын қабылдауға кірісті. Комитеттің құзырына губернатордың барлық құқықтары мен міндеткерліктері өтті. Комитеттің Президиумы Петроградтағы Министрлер Кеңесінің төрағасы кінәз Львовке мынадай мазмұндағы жеделхат жолдады: «Бүгін барлық ұйымдардың өкілдері Атқару комитетіне келіп, оның нұсқауларын басшылыққа алуға және ауызбіршілікте жұмыс істеуге келісім берді» /2/.

Атқару комитеті барлық қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеді. Олар қабылдаған шешімдері мен жиналыстарының журналының көшірмесін атқару комитетіне жіберіп отырды.

Атқару комитеттері облыс көлемінде құрыла бастады. Өскемендегі атқару комситетінің төрағасы Герь-Пагасянец болды. Көкпектіде құрылған жергілікті құрама комитет те облыстық комитетке ибағынатынын жария етті. (Бюл. 9. 03. 1917 3)

Атқару комитеті қоғамдық өмірдің түрлі салаларына қатысты мәселелерді шешуге тырысты. 1917 жылғы 15 наузыздағы атқару комитетінің мәжілісінде Семей жұмысшы және солдат депутаттарының кеңесі ұсынған талаптарды талқылады. Олар:

-Жалпыға бірдей, тең әрі құпия сайлаудың негізінде қалалық және ауылдықөзін-өзі басқару ұйымдарын құру;

-Осындай негізде азық-түлік комитеттерін уездер мен селоларда ұйымдастыру, оларды облыстағы егістік көлемін арттыруісіне тарту;

-Барлық сауда-өнеркәсіп орындарында, фабрика-зауыттарда 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу;

-Түрлі ұйымдардың өкілдерінен тұратын аралас комиссияға жалақының минимум деңгейін анықтауды тапсыру;

-Барлық кәсіпорындарға санитарлық бақылау орнату;

-Міндетті демалыс күнін енгізу;

-Өнеркәсіп орындарында жұмысшыларға меддициналық және құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

Атқару комитеті қоғамдық ұйымдардың (кооперативтер, қызметкерлер мен жұмысшылардың кәсіби бірлестіктері), сауда-өнеркәсіптік ұйымдардың, мәдени-ағартушылық қоғамдардың, жергілікті әскери бөлімшелердің өкілдерінен тұрды. Сол себепті қоғамдық ұйымдардың құрама комитетінен шет қалу қазақ үшін облыстағы жергілікті басқару құқығынан айрылу деген сөз еді. Осы жағдайды жақсы түсінген Семей облысының ұлт зиялылары 7 наурызда шұғыл түрде Сеей облыстық Қазақ комитетін құрды. Қазақ комитеттерінің құрылу мақсатын «Сарыарқа» былайша айқындайды:» Қазақ комитетінің көздеген мақсаты- әмір жүргізіп, билік құру емес еді, мәселен: жаңа тәртіпті жұртқа түсіндіру, ел арасына тыныштық орнату, учредительный собранияға қамдану, қазақ пен орыс арасын жайластыру, билік құрмаған әкімдердің үстінен күзетші болу һәм сол сияқты қазаққа тиісті мәселелерге кірісу. » Ұлт намысын қорғаған ұйымның басқармасына мүше болып кіргендер: Ә. Ермеков, С. Дүйсенбин, А. Қозыбағаров, Б. Сәрсенов, Ш. Керейбаев, М. Малдыбаев, С. Қияқов, С. Молдабаев, Д. Құлжанов, С. Торайғыров, С. Сабатаев болды. Комитет төралқасы: Р. Мәрсеков(төраға), Х. Ғаббасов, И. Тарабаев(төраға серіктері), А. Молдабаев(қазынашы) және Ә. Ермековтен(хатшы) тұрды /3/.

Облыстық Қазақ комитетінің бастамасымен 27 сәуірден 7 мамыр аралығында Семей қаласында съезд өтті. Бұл съезге 200 өкіл қатысты. Облыстық Қазақ комитеті съезге өзінің бағдарламасын ұсынды. Бағдарлама қазақ қоғамы үшін заңды да жауапты Құрылтай жиналысы, мемлекеттік басқару түрі, автономия және жергілікті басқару, жалпықазақ съезі, халыққа білім беру, сот, қоғамдық қазына, 1916 жылғы 25 маусым жарлығына байланысты шығындарды өтеу сияқты мәселелерден құралған еді. Көпшілік бұл бағдарламаны бір ауыздан бекітті /4/.

Облыстық қазақ комиеті енді уездік комитеттер құру үшін жан-жаққа өз өкілдерін жіберді. Сөйтіп, қазақ комитетінің уездік, болыстық ұйымдары ашылды.

Заречная Слободка (Жаңа Семей) тұрғындары 28 наурызда жалпы жиналыс өткізіп, қазақ комитетін құрады. Құрамына Ж. Аллаоңғаров, Ы. Ахмадиев, М. Тұрғанбаев, К. Кебеков, А. Аңдамасов, Б. Құлғарин т. б. азаматтар кірген бұл ұйымның төрағалық қызметі Жаңғали Аллаоңғаровқа табысталады.

Нұрманбет Орманбетов басқарған Қарқаралы уездік қазақ комитеті де осы мезгілде құрылып, оның құрамына Е. Бөкейханов, Ж. Шоқбаев тағы басқа кісілер кіреді. Жер-жерлерде құрылған бұл ұйымдарға Семей облыстық қазақ комитеті басшылық жасап отырады.

Семей облыстық құрама атқару комитеті қазақ ісін алып кете алмайды, істің ауырын да, жеңілін де қазақ комитетіне ысыра салып отырады. Қазақ ісінің көбі қазақ комитетіне қарай ағылғаннан кейін атқару комитетінің алдына қазақтан өкілдер алу және өз ортасыфнан қазақ ісін бавсқаратын бір бөлім ашу мәселесі қойылады. Бірақ атқару комитетінің көңіл бөлмеуі салдарынан бұл мәселе 1917 жылы 27 сәуір мен 7 мамыр аралығында өткен Семей облыстық қазақ съезінің күн тәртібіне қойылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семей облыстық қазақ комитетінің мүшесі
Міржақыптың Қазақ Алашбайұғлы бүркеншік есімі
Алаш қозғалысы жайында
Түркістан автономиясының күйреуі жайлы мағлұмат беру
Міржақып Дулатұлының әдеби публицистикалық мұрасы
1917 жылғы ақпан төңкерісі
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің өзекті мәселелері
ХХ ғасырдың басындағы түркістанды мекендеген халықтардың ұлм-азаттық көтерілістері
Сібір және Түркістан автономиялары мәселесі
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz