Қазақ ордасының мемлекеттік құрылымы


Кіріспе
1. Қазақ ордасының мемлекеттік құрылымы және Тәуке ханның билігі
1. 1. XV -XVІІІ ғасырлардағы қазақ ордасының саяси құрылымының ерекшеліктері
1. 2. Тәуке хан және оның билік құрған кезеңі
- Қазақ ордасының заңдарына сипаттама
2. 1. Қасым ханның қасқа жолы
2. 2. “Есім ханның ескі жолы”
2. 3. Тәуке ханның жеті жарғысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе
Қазақтың ежелгі ғасырлар бойы қалыптасқан, құқық дәрежесіне ие болған әдет-ғұрып қағидалары, солармен бітіскен хан-би ережелері талай дәуірді басынан кешірді. Соған қарамастан өзіндік алғашқы ішкі қасиеттері мен құрылымдарын сақтап қалды, жаңа дәуірге шейін жеткізді. Айнала дүние өзгеріп жатса да, дамыған көрші елдердің ықпалы күшейе түссе де қазақ құқық ережелерінің өмірі ұзақ болды.
Ертедегі тұғыры мен қасиеттерін сақтап қалған ата-баба заңдары қазақ қоғамы тарихының ажырамас бөлігі.
Көшпелі шаруашылық негізінде құрылған қоғамда кең тараған патриархальды-феодалдық қатынастар негізінде қалыптасып дамыған әдет-ғұрып құқық ережелері бірте-бірте тұрақты да жүйелі құбылысқа айналған болатын. Ресей патшасы қазақ жерін өзінің ішкі отарына айналдырған кезде де ол өміршеңдік қабілетін жоймай, өз тұғырынан таймағанды. Ресей әкімшілігі енгізген жаңа құқық ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ ата-баба ережелерін күштеп қоғамдық өмірдің кейбір салаларынан кейбір аймақтарда ығыстыра бастады немесе қабаттаса өмір сүрді. Дегенмен, орыс заңдарының және ислам шариат жүйесінің әсері жылдан-жылға арта түскеніне қарамастан, революцияға дейінгі қазақ даласында қоғамдық қатынастардың маңызды салаларын реттеуде ата-баба ережелерінің басымдылығы сақталған еді.
Белгілі бір жүйе есебінде қазақ әдет-ғұрып заңдарының сыртқы-ішкі өзгерістерге төтеп беріп, өз келбетін сақтап қалуының сыры неде еді? Ең әуелі, бұл өзгерістердің қоғамның әлеуметтік - экономикалық негіздеріне тигізген әсерінің аздығында еді. ХХ ғ. басына дейін ертедегі феодалдық қатынастар қазақ қоғамындағы басты әрі негізгі қатынастар боп қалды. Әрине, олар бәз-баяғы қалпында қалды деуден аулақпыз, бірақ бұл салада түбегейлі де түбірлі, революциялық өзгерістер болмағанды.
Адам қатынастарын, қоғамдық байланыстар мен тәртіптілікті реттеушісі ретінде әдет-ғұрыппен ұштасып жатқан құқық ережелері ең ежелгі, әрі тармақ-тамырлы, мейлінше қуатты және беделді күш боп саналады. Тапсыз қоғамда және одан таптық қоғамға өту дәуірінде жағдай осылай болатын. Әдет-ғұрып заңдарының мұндай күшке ие болуы олардың өзін қалыптастырған қоғамның табиғи туындысы әрі оның өмір сүруінің айнымас шарты және тынысы болуында еді. Ондай ережелер қоғам мүшелерінің психологиясына сіңіп, табиғи дәстүрге айналады. Енді одан арылу, оны басқа қондырма ережелермен ығыстыруы оңайға соқпайды.
Саяси билік тарапынан мойындалған, я бекітілген әдет-ғұрыптар заңдылық күші бар әдет-ғұрыптарға айналады. Олар әдет-ғұрыптық қасиеттерін сақтай отырып құқықтық ереже белгісіне ие болады, бірақ өздерінің нақтылығы, формальдығы және императивтік күші жағынан екеуінен де бөлек құбылыс боп шығады. Тарихта белгілі әдет-ғұрып ережелерінің кодекстері жасалынды қоғамдағы барлық әдет-ғұрып қағидаларының жиынтығы емес, әдетте, солардың ішіндегі ең маңызды өміршең әдет-ғұрыптарды қамтиды.
Әдет-ғұрыптарды жинақтап, сөйтіп оларды әдет-ғұрып заңдары дәрежесіне көтеру талабы Қазақстан тарихында да орын алғанды. XVІ ғасырдың бірінші ширегінде Қасым хан, бізге жеткен деректер бойынша, би, батырлар мен дала бекзадаларының үлкен кеңесінде “өңделген” әдет-ғұрып ережелер қабылданған. Осылай қазақ топырағындағы алғашқы әдет-ғұрып заңдарының жинағы дүниеге келген. Ол “Қасым ханның қасқа жолы” деген атпен белгілі. Сөз өнері шырқай дамыған көшпелі қазақ қоғамында кезінде бұл заң ережелері жатқа айтылып, зерделілердің жадында айна-қатесіз сақталғанына шүбә болмаса керек. “Қасым ханның қасқа жолы” ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра есебінде беріліп отырды. Сол сияқты, XVІ ғ. аяғында және XVІІ ғ. бірінші ширегінде өмір сүрген Есім хан шығарды деген де заңдар кодексі бар. Ол - “Есім ханның ескі жолы” деген атпен тарихқа белгілі. Қоғам өміріне, ел жағдайына байланысты әдет-ғұрып Дала Заңдарыныың кейбір ережелеріне хандар, билер тарапынан өзгерістер енгізу салтқа айналғнды.
Дала қағидаларына, ережелеріне ортақ : “ескі әдет”, “әдет-ғұрып”, “ата-баба салты” деген атаулар қолданылатын. Сонда да болса қоғам өміріндегі маңыздылығын баса көрсету үшін қосымша атаулар да болатын. Айталық, “жора”, “жарғы”, “жол”, “жоба”. Кейде бұл атаулар қосарланып “жол-жора”, “жол-жоба” деп те айтылатын. Ал, “жарғы” атауы осы ұғымдардан ерекшелеу тұратын. Шамасы, “жарғы” деп мемлекеттегі ең жоғарғы билік органы бекіткен немесе қабылдаған заң-ережелерді айтса керек. Не де болса осы талданған барлық атаулар әдет-ғұрып заңдарына қатысты еді деп нық сеніммен айтуға болады.
Бітіру жұмысының алдына қойған мақсаты Қазақ ордасының заңдарының бітім-болмысын саралау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін біз мынандай міндеттерді шешуді өзімізге жүктеп отырық:
- Қазақ ордасының мемлекеттік құрылымы және Тәуке ханның билігінің ерекшеліктерін ашу;
- Қасым ханның қасқа жолы;
- Есім ханның ескі жолы;
- Тәуке ханның жеті жарғысына сипаттама жасау.
1. Қазақ ордасының мемлекеттік құрылымы және Тәуке ханның билігі
1. 1. XV -XVІІІ ғасырлардағы қазақ ордасының саяси құрылымының ерекшеліктері
XV ғасырдың аяғынан қазақтардың дала демократиясына сүйенген жеке монархиялық мемлекеттігінің дәуірі басталғанын отандық тарихтан жақсы білеміз. Ол қазіргі Орталық Азия аумағында болып жатқан саяси және этноәлеуметтік процестердің көп ғасырлық өзара қайшылықты әсері мен өзара араласуының нәтижесінде қалыптасып, 1465 жылы құрылған Қазақ ордасынан басталды.
Жалпы, Қазақ ордасының саяси құрылымын көз алдымызға анық елестету үшін, мемлекеттің сол замандарда болған Заң түрлерін қарастыруымыз қажет. Осы заңдардың ішіндегі демократиялық дәстүрдің жарқын бейнесін беретіні - “Жеті жарғы”. Бұл Заң Қазақ мемлекетінің бұдан бұрынғы болған нормативтік актілері негізінде жасалған. Олардың қатарына “Қасым ханның қасқа жолы” және “Есім ханның ескі жолын” атты қазақтың негізгі заңдары жинағы жатады. Міне, осы заңдарда айтылғандай, мемлекеттегі жоғарғы билік иесі - Хан. Хан - Елбасы мемлекеттің әскери қауіпсіздігін ұйымдастыру, өлім жазасына кесу немесе кешірім жасау құқықтарына ие болды. Хан өзге мемлекеттермен келіссөздер жүргізіп, соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешкен. Хан билігі мұраға қалдырылмайды. Яғни қазақтардың саяси құқығы бар екендігінің маңызды көрсеткіші хандарды сайлау институты болатын немесе, дәлірек айтқанда, қоғамдық пікір бойынша басшы ретінде танылған Шығыс төрелерінің билігін бекітудің заңдылық іс-жосығы еді. Тарихтан белгілісі - ең лайықты деген үміткер Хан сайланып, оны ақ киізге салып көтеріп, жария ететін1.
Шын мәнінде қазақтардың ортағасырлық қоғамында сол кездің өзінде-ақ билікті бөлудің өзіндік жүйесі қалыптасқан болатын. Хан билігі институты өзінің монархиялық табиғатына қарамастан, сайлану мүмкіндігін сақтағанын атап өттік.
Қазақ қоғамындағы биліктің ерекшелігі, билік иелерінің тағайындалуы мен сайлануынан гөрі, олардың танылуында, яғни басқарушының лауазымды, еңбегі сіңген құрметті атақ екендігінде еді. Сайланған Ханды ақ киізге салып көтеру немесе билерге сот-әкімшілік, әскери-саяси және дипломатиялық қызметке мерзімі шектелмеген рұқсат беру салт жорасы тек халық таныған жағдайда ғана жасалатынының куәсі. Бұл ерекшелік сондай-ақ қазіргі заманда кеңінен таралып отырған ірку мен қарсы әсер жүйесінде ұқсас билік өкілдігін тежеу түрінде де байқалған. Хандар ақырғы шешімді қабылдауға заң жүзінде ғана құқығы болған, ал іс жүзінде ол Хан кеңесінде әр түрлі мемлекеттік мәселелерді талқылау кезінде көпшілік пікірмен санасуға мәжбүр болған, ал сол кеңестерде қатардағы адамдардың мүддесін халық ортасынан шыққан билер қолдап отырған. Биліктің жекелеме институттарының сайланатын тәжірибесінің кеңінен таралуы нәтижесінде билік ресурстарының өзінен өзі ұдайы қайталанып тұруы жүзеге асып отырды, ал бұл болса жоғарғы топтың (элитаның) қоғам талаптарына деген төзімділігін арттырды. Міне, осы фактілердің барлығы Қазақ мемлекетінің белгілі бір саяси құрылымы мен билік институттарын қалыптастырды.
Демек, XV-XVІІІ ғасырлардағы Қазақ мемлекеті монархия мен аристократиялық-демократиялық республиканың элементтерінен тұратын, дала демократиясының дәстүрлерін бойына жинақтаған иерархиялық әлеуметтік-саяси құрылым болды. Жыл сайын ханмен бірге жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге ру ақсақалдары мен билері, батырлар қатысатын Құрылтай шақырылып отырды. Беделді рубасылары Елбасы жанынан Билер алқасын құрды. Мұнан басқа, жоғарғы билік органы құрылымына аристократ-сұлтандар кеңесі мен батырлар кеңесі кірді. Әрбір кеңес дара билік институты ретінде қызмет атқарған. Енді Қазақ мемлекетінің саяси құрылымындағы жоғарыда атап өткен билік институттарына жеке-жеке тоқталып өтейік.
Билер институты
Жалпы кеңесті үш жүзден халық сайлаған беделді билер тобы құрған. Билер алқасын үш жүздің төбе билері басқарған. Төбе биді әр жүз өз ішінде сайлап, жоғарғы кеңеске ұсынған. Билер алқасының саяси институт ретінде атқаратын негізгі функциясы - мемлекеттегі сот билігі. Яғни, олардың міндетіне мемлекет ішінде болатын дау-дамайларды шешу кіреді. Билер алқасының мемлекеттегі Заң шығару процесіне тікелей қатысы бар. Мысалы, тарихтан белгілі ұлы жүздің төбе биі - Төле, орта жүздің төбе биі - Қазыбек, кіші жүздің төбе биі - Әйтеке билер құрастырған “Таңбалы тас заңдар жинағы шын мәнінде қазақтың тұңғыш Конституциясы болды. Қазақтың барлық билері өз абыройын, халық арасындағы беделін өзінің шешендігімен, тапқырлығымен, көрегендігімен жинай білген. Ш. Уәлиханов өзінің “Сот реформасы туралы” жазбасында: “Қырғыздар (қазақтарда) би атағын беру халық тарапынан формалды түрде сайлаумен және халыққа билік жүргізіп отырған өкімет тарапынан бекітуімен байланыстырылған емес. Қырғыздарға бұл құрметті атақты тек шешендігімен жалғасып жатқан сот әдетіндегі қызметі терең білім ғана беретін… Бидің маңызды беделге негізделген және бұл сот тәжірибесіне берілген патент тәрізді болған”, - деп жазады. Жекебастық және ұжымдық құқықты бұзуға байланысты пайда болған дау-жанжалды шешудің тетігі сот қызметін және, сонымен қатар, әкімшілік билікті атқаратын Билер алқасы еді. Демек, Билер алқасының екі негізгі функциясы бар, олар: саяси қызмет және әлеуметтік-құқықтық қызмет. Саяси қызметі: билік құрылымының мүдделерін, ру-тайпалар басындағылар мен халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарын үйлестіру. Әлеуметтік-құқықтық қызметі: азаматтық, мүліктік, жер мәселесі, жайлау мен көші-қон жолдарын, су көздерін бөлу сияқты шаруашылық-экономикалық мәселелерді реттеу және рулар арасындағы дауларды шешу. Жалпы билер институты әрқашан қазақ даласында демократиялық дәстүрлердің сақталуын билеушілерден талап етіп отырғандығын тарих беттері көрсетеді2.
Аристократ-сұлтандар кеңесі
Биліктің бұл өкілдері, айтып өткеніміздей, Құрылтайға кіретін лауазымдар. Кеңесті үш жүз сияқты ірі әкімшілік-территориялық бірліктердің басшылары, яғни Жүз басшылары басқарған. Жүз басшыларын әр жүз ішінде сайлап, “ақ киізге салып хан көтерген”. Жүз басшылары мен басқа да сұлтандар Ұлы ханға, яғни мемлекеттің Елбасына бағынады. Олардың негізгі міндеті - әрқайсысы өз құрылымында, өз ұлысында билік жүргізіп, мемлекеттің ортақ заңы бойынша тәртіп орнату. Сонымен қатар Жүз басшыларының өз құрылымдарының шеңберінде заң шығару функциясын орындап, құрылым ерекшеліктеріне байланысты жарлықтар шығаруына құқы болған. Бұл мәселелер бойынша Жүз басшысына сол жүздің төбебиі бастаған билер тобы мен батырлар тобы көмектесуге міндетті болды. Құрылтайда бұл кеңес саяси институт ретінде мынадай негізгі 3 мәселені қарастырған:
- өз алдына ерікті ел болу, өзін өзі меңгеру;
- шаруашылықты, экономиканы дамыту;
- ынтымақты болу, Отанын, елдігін қорғау;
Батырлар кеңесі немесе Қорғаныс мәселелерін шешу коллегиясы
Бұл кеңестің негізгі функциясы: қорғаныс стратегиясын құру, Қазақ мемлекетінің соғыс жүргізу тактикасын дамыту, мемлекет шекарасын күзету мәселелерін шешу. Кеңес мүшелерін бүкіл қазақ руларынан сайланған, батырлығымен, соғыс жүргізу өнерімен көзге түскен белді батырлар құрған. Кеңесті жалпы қарулы күштердің Бас қолбасшысы басқарған. Бұл лауазымға иісі қазаққа әйгілі ерлігімен, қолбасшылық дарынымен, ұйымдастырушылық қабілетімен аты шыққан батыр сайланған. Айта кететін бір мәселе - Бас қолбасшысы лауазымына әр ұрыс қимылында, әр соғыста кеңес беруден өткен жаңа батырдың сайлану мүмкіндігі. Яғни, басқолбасшылық лауазымы жеке бір адамға бекітілмейді. Жалпы Қазақ мемлекетінің әскері батырлардың қаруланған қолынан құралды. Әрбір жүз, рудың әскери бөлімдерін сол ру несес тайпа сайлаған батыр басқарды. Олардың өз тулары, таңбалары мен әскери ұрандары болды. Бірақ жалпы әскер ұрысқа аспан түсес ту астында аттанды. XVІ ғасырдың XVІІІ бірінші жартысына дейінгі аралықта Сығанақ және Түркістан қалалары Қазақ мемлекетінің саяси орталығы болды. Осы қалаларда ханның тұрақты ордасы және халық кеңестері институттары орналасты. Сыр бойындағы қалалар Қазақ мемлекетінің саяси-әлеуметтік орталығы ғана емес, бүкіл қазақ даласының кілті болды. Бұл қалалар Қазақ мемлекеттігі үшін стратегиялық маңызы бар объектілер болып танылды. Сондықтан хандық кеңес мемлекеттің бұл шебінде үнемі тұрақты әскер ұстауға мәжбүр болған. Жоғарыда атап өткеніміздей, Қазақ мемлекетінің Қарулы күштері әр түрлі рулардың қаруланған жасақтарынан тұрған және олар бейбіт кезеңде қызметтерін тоқтатып, таратылып отырған. Ал тұрақты әскер қызметін төлеңгіттер тобы, яғни ұлттық ұлан ретінде түрлі рулардың әбден шыңдалған ер-жүрек жігіттерінен іріктелген жауынгерлер атқарды. Ұлттық ұлан - төлеңгіттер жасағы Елбасыға тікелей тәуелді болды.
Ханның кеңесшісі. Бұл қызметті қазақ мемлекетінің тарихында әдетте импровизатор жыраулар атқарған. Жырау сонау көне замандардың өзінде өз халқының рухани тірегі, ақылгөй ақсақалы ретінде танылған, ел арасында өте беделді адам болған3. Жырау беделі жағына қара халық арасында ханнан да жоғары тұрғандығын көптеген тарихи деректер дәлелдейді. Бұл қызметтің бір ерекшелігі, жырау үнемі ханның ордасында болуға тиісті де міндетті емес. Ол өз өмірін ел арасында өткізіп, кез келген шаңырақтың құрметті қонағы болып, ел жағдайын біліп, оны Елбасыға жеткізіп отырған. Өзінің сындарлы жырларымен ханға тоқтау айтқан, ақыл-кеңес берген. Демес, жырау ордада уәзір қызметін емес, тек кеңесші қызметін атқарған және ол хан кеңесіне қатысуға міндетті емес еді. Қазақ мемлекетінің тарихи дамуының әр кезеңінде Елбасшы кеңесшілері болған Асанқайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Жиенбет, Марғасқа, Ақтамберді, Тәтіқара, Бұқар сияқты ірі тарихи тұлғалар өз тарихи миссияларын орындап кетті. Мысалы, Ш. Уәлиханов айтқандай, “көшпенділердің философы” атақты Асанқайғы Сәбитұлы Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі Жәнібек ханға кеңесші болған. Осы қызметті атқарып жүріп, ол мағынасы жағынан утопиялық болса да, мемлекеттің маңызы бар “жерұйық” идеясын алға тартады. Яғни ол: “Жерұйықты мекендеген жұрттың бай-кедейі жоқ, бәрі тең, барлығы шат-шадыман, бақытты өмір өткізеді”, - деп атап өткен. Бұл Карл Маркстің “коммунизм идеясына мақсаты жағынан өте ұқсас екендігін көреміз. Яғни ханның кеңесші мемлекеттегі бірден-бір идеолог қызметін қоса атқарған, жалпымемлекеттік идеологияны насихаттаумен айналысқан. Соғыс жағдайында қара халықты жауға қарсы ұрысқа шақырып, жігерлендіріп отырған, саяси маңызы бар ұрандар тастаған.
Міне, көріп отырғанымыздай, қазақтарға тән мемлекеттің пайда болу процесі мен Қазақстан Республикасы егемендігінің қалыптасуы әр кезеңдерде әр алуан нысанда, өте күрделі және бұралаңды жолдармен жүзеге асса да, ұлттық мемлекеттің дамуы тұрғысынан алғанда, біртұтас тарихи процесс болып табылады. Қазақ халқының ата-тегі, айтып кеткеніміздей, өзіндігінен рулық және тайпалық қауымға, ал сонан соң тайпалық одақтарға бірікті. Олардың саяси дамуының ерекшеліктері нақты географиялық және климаттық ортаға сай күнкөрістің қазақтарға тән өмір салты мен көшпелі өндірістік әдістің табиғи қажеттіліктерімен, сырттық жаулардан қорғау мүддесіне сәйкес анықталып отырады .
Ұлтымыздың тарихымен бірге жасап келе жатқан мұра мәдениет екені белгілі. Оның дамуы дәстүр арнасын талап етеді. Сондықтан қазіргі мәдениет, өркениет өрбуінің әрбір қадамы ескі мен жаңаның тарихи сабақтастық үйлесімі арқылы ғана жарасамдылық табады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңалық атаулыға сын көзбен қарап, мәдениеттегі тарихи дәстүрден аулақтап қалмауымыз тиіс. Яғни біз өзіміздің адамзат тарихында жеке мемлекетіміздің, мәдениетіміздің және өзіндік ерекше өркениетіміздің болғандығын жария етуіміз қажет. Бұл, бірінші кезекте, “қазақтарда мемлекет, жалпы саясат болған емес” деген жаңсақ пікірлерге тойтарыс беріп, қазіргі өмір сүріп жатқан республикамыздың жоқтан пайда болмағанын дәлелдеу. Яғни қазіргі Қазақстан Республикасының, қазақ мемлекеттілігінің түбірі сонау ғасырлар қойнауында жатқандығын көрсету, жастардың сана-сезіміне ұлттық құштарлық пен сүйіспеншілік сезімін егу, өз халқына деген ықыласын арттыра түсу. Жастардың рухани-психологиялық қасиеттерінде ұлттық намыс пен ұлтжандылықты дамытуға қазақ мемлекетінің тарихы ықпал етуге тиіс.
1. 2. Тәуке хан және оның билік құрған кезеңі
Қазақ аталғанымызға көп ғасыр өтпегенімен, түркі тектес туыстас халықтардан ажырап, “қара шаңыраққа” ие болып, жұртымыз өз алдына отау құрғалы ықылым заманалар жылжып жөнелгені хақ. Міне, содан бері қазақтар өз ата-баба жолын ұстанып, әдет-ғұрпын, дәстүр-салтын және тілін таза сақтап келе жатыр4.
Көп жылдан бері халқымыздың әдет-ғұрпына қатысты деректерді жинап, жеке бір кітап етіп жазу мақсатын ойымызда берік ұстағанмен, бұл жұмыстың күрделілігі, расын айтсақ, талшықтай нәзіктігі мен маңыздылығы бізді қобалжытқан еді. Оның үстіне, кеңес өкіметі мұндай жақсы ниетке үрке қарағаны да мәлім. Бірақ жылдар өткен сайын бұл ой үлкен мақсатқа, қасиетті борышқа айналып, бізге ендігі жерде қолға қалам ұстамау зор күнә іспетті көрінді.
Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайлары мәз емес еді. феодал шонжарларының арасында бақталастық пен алауыздықтар күшейе түсіп, әрбір сұлтан өз иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге ұмтылды. Қазақ жүздерінің арасындағы бұрыннан келе жатқан байланыстар нашарлап, олар бір-бірінен оқшаулана түсті. Үш жүз үшке бөлініп, сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына тәуелді болғанымен, іс жүзінде өз алдына билік жүргізді. Бұл жағдайлар жалпы қазақ халқын біріктіріп, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға кесірін тигізді. Алауыздық пен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшесінен батқан қазақтарға шығыстан, Арқадан төпеп берген жоңғар қалмақтарының шабуылы күшейе түскен еді.
Осындай қиындық кезеңде хандық құрған Тәуке алдымен Ресей және оңтүстіктегі көрші елдермен қарым-қатынасын түзей отырып, қазақ қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың уақытша болса да ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулармен батыл күресуге болмайтынын түсінді.
Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі-ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодалдық билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. “Халық кеңесі” мен “Билер кеңесін” тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды5.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz