Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы мәлімет


Ж О С П А Р
Кіріспе
І. Ұлттық банк - Қазақстан Республикасының орталық банкі
1. 1. Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы
1. 2. Ұлттық Банктің негізгі қызметтері және операциялары
1. 3. Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері
ІІ. Қазақстан республикасының ұлттық банкінің ақша-несие саясатын жүргізудегі экономикаға тигізетін әсерін талдау
2. 1. Қазақстан Республикасының экономика жағдайын және даму динамикасын бағалау
2. 2. Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің негізгі көсеткіштерін экономикалық талдау
2. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі бағыттар
ІІІ. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жетілдіру жолдары
3. 1. Инфляцияға әсер етуші монетарлы емес факторларды талдау ерекшелігі
3. 2. Инфляциялық тәргеттеуді өндірудің дүниежүзілік тәжірибесі және оны Қазақстан Республикасына бейімделуі
3. 3. Қазақстан Республикасының инфляциялық тәргеттеуге өтудің өтпелі кезеңі және енгізу жоспары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктер нарықтық экономикаға басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.
Банктік жүйесінің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудан мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды.
Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.
2006 жылдың сәуір айында Елбасы елдің қаржылық жағдайын талдап, инфляциямен күрес, қазына және монетарлық саясат жайында жиналыс өткізді.
Былтырғы жыл қаржылық сектордың, еліміздің ең үдемелі дамыған экономиканың басты саласы ретінде көзге түскенін Президент атап өтті. Екінші деңгейлі банктердің активтерінің көрсеткіштері жалпы ішкі өнімнің қатынасында 2005 жылы 67 пайызды құрады, Бұл шығыс Еуропа елдеріне сәйкес көрсеткіш. Қазақстан Республикасы қаржы нарығындағы басқа көрсеткіштерімен де осы елдер қатарына қосылуына жақындап қалды. Осыған сәйкес елдегі инфляцияның қарқынын төмен деңгейде сақтап отыру, басты мақсат екенін Елбасымыз атап айтты [1] .
Елбасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Ұлттық Банкке инфляцияға қарсы нәтижелі іс-шараларды ұйымдастыруға тапсырыс берді. Ақша-несие саясатын одан әрі нығайту біздің елімізге қажетті.
Елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк экономикаға ақша ұсынысын теңгерімділік түрде көбеюін тізбектілік саясатын жүргізу керек.
2010ж. Қазақстан Республикасы өзінің жалпы ішкі өнімін 2000 жылға қарағанда екі есе көбейтуге жоспарлаған еді, бірак қазіргі таңда Қазақстан үшін оның екі еселенуі 2008 жылда болады деген сенім бар.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бағытында құрылған экономикалық саясатының нәтижесі.
Бюджеттік, салықтық, кедендік және ақша-несиелік тетіктер арқылы мемлекет экономиканы реттеп отырады. Халық арасында бюджеттік, салықтық, кедендік тетіктер экономиканы реттеуде көп қолданыс таппайды, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде реттеу ақша-несие тетігі арқылы, яғни қаржы нарығындағы басты реттеуші орган - Орталық банк арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының жетістігі Ұлттық Банктің қызметінің нәтижесі болып табылады. Ұлттық Банктік қызметі және жүргізіп отырған саясаты елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізетін әсері соншалықты, Парламент, Үкімет және шаруашылық жүргізуші субъектілердін мәжілісінде басты мәселе ретінде қарастырылады. Қандай құралдар және әдістер арқылы жүзеге асырылады. Экономикасы дамыған елдерде, мәселен Шығыс Еуропа мен АҚШ, қандай жаңаша әдістер қолданыс тапқаны. Сонымен қатар Ұлттық Банктің және Қазақстан Республикасының экономикасы дамыған және дамушы елдермен салыстырғанда қай белеске жеткенін талдау керек.
Ұлттық Банктің қызметін талдау мынадай макроэкономикалық көрсеткіштер арқылы көруге болады: инфляциның динамикасы, жалпы ішкі өнімнің динамикасы, мүнай өндеудің салыстырмалы динамикасы, шетел инвестицияларының адам басына шаққандағы таза ағымы, салалардың дамуын бағалау және өнім шығару.
Қазақстан Республикасының банк жүйесі, қаржы жүйесі көптеген қиын белестерден өтті, бірақ 2000 жылдан бастап макроэкономикалық көрсеткіштер өсе бастады, бұны жыл сайын өткізілетін несие рейтингтері көрсетті. Бұл рейтингтерді Standart and Poor’s, Moody’s Fitsh сияқты тәуелсіз компаниялар жүргізді. Осы рейтингтер бойынша Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы басқа ТМД елдермен салыстырғанда 2 жылға озық дәрежеде болғанын көрсетті, бұны Ұлттық Банктің дұрыс жүргізген саясатының нәтижесі деп білуге болады.
Ұлттық Банктік Қазақстан Республикасының экономикасына тигізетін әсерін зерттеу дипломдық жұмыстың басты мақсаты болып табылады, өйткені халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру және елбасымыздың жолдауы бойынша, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының негізі екенін көріп отырмыз.
I. ҰЛТТЫҚ БАНК - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ОРТАЛЫҚ БАНКІ
1. 1 Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы
Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда, барлық өзге банктер төменгі деңгейдегі банктер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен, халықаралық банктермен және өзге де қаржы-несие ұйымдарымен қарым-қатынастарда өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді [2] .
Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді, алайда өзіне заңмен берілген өкілеттіктер шегінде өз қызметінде тәуелсіз. Қазақстанның Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіріп отырады, өз қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескереді және егер бұл оның негізгі функцияларын орындау мен ақша-несие және валюта саясатын асыруға қайшы келмесе, оны іске асыруға жәрдемдеседі. [3] .
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатты іске асыру үшін Қазакстанның Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер жүктеледі:
- мемлекеттік ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
- төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.
Сонымен бірге, Ұлттық Банк:
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу арқылы бағалы қағаздарды эмиссиялайды, Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен монеталардың жалғыз эмитенті болып табылады;
- банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
- банктің, қаржы кеңесшісінің, Үкімет агентінің функциясын жүзеге асырады;
- төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырады;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды, өкілеттіктерді және құқықтарды жүзеге асырады [4] .
2004 жылдан бастап Еуроодақ стандарттарына және шарттарының Ұлттық Банктің айырбастау бағамы бойынша бағдарлардан бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету саясатындағы акценттердің орнын ауыстыру болып табылатын инфляциялық тәргеттеу принциптеріне жариялы көші шеңберінде Ұлттық Банк бағдарларды инфляция бойынша ғана белгілейтін болады. Ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысында туындауы мүмкін кез-келген басқа міндеттер мен бағдарлар екінші кезектегілер болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсанындағы Жарлығымен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі» мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы Ұлттық Банк қайта ұйымдастырылды. Қаржы нарығының барлық қатысушыларын қадағалау үшін жеке реттеуші орган құру қаржы нарығын реттеуді дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Реттеудің мұндай схемасы қаржы секторьш, қаржы құралдарын және қаржылық делдалдық қызмет көрсетуді дамыту үшін едәуір тиімді екендігін әлемдік практика көрсетіп отыр [5] .
¥лттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:
- 10 департаменттен, 140 жеке басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат;
- 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы бір филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы;
- Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі;
- 5 есеп беретін ұйым.
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есепайырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар кәсіпорны;
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Ұлттық Банк:
- «Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры»;
- «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»;
- «Қазақстанның Актуарлық орталығы»;
- «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы және «Процессинг орталығы» жабық акционерлік қоғамы құрылтайшыларының бірі болып табылады.
- «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы акционерлерінің бірі болып табылады.
Ұлттық Банкінің басқару құрылымьт мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» заңы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» ережесі негізінде анықталады (сурет 1) .
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің басқару құрылымы
Ескерту: Ақша, несие, банктер: окулық/Жалпы редакциясын басқарған Ғ. С. Сейітқасымов. - Алматы: Экономика, 2001.
Сурет 1
Ұлттык Банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық Банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына - Ұлттық Банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері Қазақстан Республикасының Президентімен бекітіледі.
Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.
Ұлттық Банк төрағасы Қазақстан Республикасының Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады.
Ұлттық Банк төрағасы Ұлттық Банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және баска ұйымдармен катынастарда жұмыс істейді.
Ұлттық Банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық Банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ұлттық Банкінің жедел басқару органы - Директорлар кеңесі, ол Ұлттық Банк төрағасымен басқарылады.
Директорлар кеңесі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңға сәйкес Ұлттық Банкінің қарауындағы басқа басқа мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Оның құрамына - төраға, оның орынбасарлары және департамент директорлары кіреді.
Ұлттық Банк өзінің негізгі кызметтерін жергілікті өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық Банк атынан қызмет етеді.
1. 2 Ұлттық Банктің негізгі қызметтері және операциялары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі -Үкіметтің бас банкирі, қаржы кеңесшісі және агенті. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы» Заңында былай жазылған: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді.
Қазакстан Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен және басқа банктермен карым-қатынаста, халықаралық банктер мен баска да қаржы-несие ұйымдарында өз құзыреті шеғінде Қазақстан Республикасының
мүддесін білдіреді.Қазақстан Ұлттық Банкі өз міндеттерін орындау кезінде пайда табу
мақсатын басшылыққа алмауға тиіс.Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне -шаруашылық субъектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық Банкіде соны жасайды. Оның клиенттері - коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер. Осыдан келіп, Ұлттык Банкіні «банктердің банкі» деп атайды.
Ұлттық Банк «банктердің банкі» қызметін атқару үшін:
- коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды;
- коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне байланысты қысқа мерзімді қарыздар береді;
- жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүзеге асырады;
- банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.
Қазакстанның Ұлттык банкі:
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бірден-бір эмитенті болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды.
Қазакстан Үлттык Банкі эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкі міндеттемелер алады;
- Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша Қазақстан
Республикасы Үкіметінің мемлекеттік карыздарына кызмет көрсетуге
катысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетеді;
- банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға несие беруге құқылы. Банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
Қазақстан Ұлттық БанкінІң Басқармасы белгілейтін тәртіппен және шартпен банктердің және басқа үйымдардан алған несиелерІ бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкі алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;
- банк операцияларының мынадай түрлерін жүргізу тәртібін айқындайды: банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын үйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу; жеке және заңды түлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; банкаралық клиринг; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ чек кітапшаларын шығару тәртІбін айқындайды;
- Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайлардақаржы нарығы мен қаржылық үйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегіуәкілетті мемлекеттік органға (бүдан әрі - уәкілетті орган) банкоперацияларының және банктер үшін сейф операцияларының жекелегентүрлері бойынша уәкілетті органның лицензия беру мүмкіндігі туралықорытынды береді, сондай-ақ осындай қорытынды берудің тәртібінайқындайды;
- қаржы нарығындағы сыйақының нарықтық ставкаларына ықпал етуді жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәртібін, жүйесі мен нысанын белгілейді, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарының уақтылы және кідіріссіз жүргізілуін камтамасыз ететін төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады, банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өздері пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенімді, қауіпсіз болуын қамтамасыз ету жөніндегі ең төменгі талаптарын белгілейді;
-банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметін
көрсету ережелерін белгілейді;- Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық
бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерін
жүргізуге кұқылы;
-қызметінің бірден-бір түрі шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға валюталық операциялар жүргізуге, қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жузеге асыруға және қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар береді;
- банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық клирингке; төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар береді;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметінің бірден-бір түрі шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін және қалыптастыру тәртібін белгілейді;
-қызметінің бірден-бір түрі шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру больш табылатын заңды тұлғаларға әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге рұқсат береді;
-банк қызметі, ақша төлемдері мен аударымдары, заң актілерімен белгіленген өкілеттік шегінде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелері бойынша барлық банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерінің міндетті түрде орындауына жататын нормативті құқықтық актілер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
-барлық қаржы ұйымдары орындауға міндетті бухгалтерлік есепке алу
және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелері жөніндегі
нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ Қазақстан
Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңдарының
талаптары мен бухгалтерлік есепке алу стандарттарын сақтауын бақылауды
жүзеге асырады;- операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды барлық қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның ішінде уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып тексерулер арқылы бақылауды жүзеге асырады;
-арнайы қаржы компанияларының орындауы үшін міндетті бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелері бойынша нормативтік құкықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп стандарттары туралы заңнаманы, сондай-ақ операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
-бухгалтерлік есепке алу және каржылык есептілік жүйелерін реттеу
жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып халықаралық қаржылық
есептілік стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтін
мәселелер бойынша бухгалтерлік есептілік стандарттарын, сондай-ақ оларға
әдістемелік ұсыныстарды әзірлейді және бекітеді;
- уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде онымен келісе отырып, статистикалық есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін белгілейді;
- уәкілетті органмен келісім бойынша барлық қаржы ұйымдарының және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда олардың аффилиирленген тұлғалары қаржылық есептілігінің сәйкес келетін тізбесі мен нысандарын, сондай-ақ табыс етумерзімдері мен тәртібін белгілейді;
- валюталық реттеу мен бақылау мәселелері бойынша есептілік тәртібін, нысандарын және табыс ету мерзімдерін белгілейді;
- банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнінде орындалуға міндетті талаптарды тиісті уәкілетті органдармен келісім бойынша белгілейді;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша, ақша төлемдері мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актілерінде өзгеше көзделмеген болса, банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын үйымдардың және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезегін белгілеуге қүқылы;
- Қазақстан Ұлттық Банкі өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына жәрдемдесетін және (немесе) қаржы нарығының инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға құқылы;
- қолма-қол банкноттар мен тиындарды есепке алу, сақтау, тасымалдаужәне инкассациялау тәртібін белгілейді, банкноттар мен тиындарды сақтауды, тасымалдауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен тиындардың резервтегі мемлекеттік қорын құрайды;
- Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансы мен өз балансын жасайды және оны үнемі жариялап отырады;
- елдің есептік төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және жалпы сыртқы борышын бағалауды қалыптастырады, төлем
балансының қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамды
бағаларын әзірлеуге қатысады, валюталық операцияларды тіркеуді және
мемлекеттік кепілдіктері жоқ мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша
шарттардың мониторингін жүзеге асырады [6] .
1. 3 Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz