Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы


Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы
- Жердің географиялық қабығының пайда болуы мен дамуындағы планетарлы космостық факторларды қарастырыңыз.
Географиялық қабық өзі ең Ірі (планетарлық) табиғат комплексі бола отырып, көптеген салыстырмалы дербес, қарапайым және күрделі, Ірі және ұсақ табиғат (физикалық-географиялық) комплекстерден тұрады. Географиялық қабықты планетарлық табиғат комплексі ретінде тұтас оның зат құрамының ең жалпы ерекшеліктерін, географиялық құрылымы мен дамуын -физикалық география зерттейді.
Жерді планета ретінде қарастыратын ғылымдардың жиынтық атауы. Ғарыштық жертану деп те аталады. Ғарыштық жертану географиялық қабықтың ландшафттарын ғарыштан суретке түсіру және бақылау жолдарымен танып білуді мақсат етеді. Бұл зерттеулер жердің тұңғыш жасанды серіктері ұшырылған кезден бастап (20 ғ-дың 60-жылдарынан) дами бастады. Жер серіктерінен және ғарыш аппараттарынан 250 - 300 км-ден 100 мың км-ге дейінгі биіктік аралығындағы көптеген табиғи құбылыстардың даму жағдайын зерттеуге мүмкіндік туды. Ғарыштан түсірілген суреттер Жер бетінің орасан аумағын қамтиды және табиғаттың құрамдас бөліктерінің арасындағы байланыстарды айқын көрсетеді. Ғарыштық түсірулердің нәтижесінде жалпы географиялық және тақырыптық карталар жасалды.
Географиялық Қабық, ландшафттық қабық, эпигеосфера - атмосфера, литосфера, гидросфера және биосфера қабаттарының бір-бірімен тығыз байланыста болатын ортасы, яғни адамзаттың іс-әрекеті өтетін Жердің беткі (жоғарғы) қабығы. Географиялық Қабықтың негізгі ерекшелігі - мұнда заттар үш агрегаттық күйде (қатты, сұйықжәне газ) болады. Екінші ерекшелігі - Географиялық Қабықтың бір-бірімен тығыз байланыста болатын орталығында (ядросында) органик. өмір пайда болуы. Бүкіл органик. өмір өзінің әр алуан көрінісі арқылы литосфераның бірнеше жүздеген метрінен бастап, 4 - 5 км тереңдікке дейін (гипергенез қабатына дейін) және ауа ағындары арқылы стратосфераның төм. қабатына (озоносфера қабатына дейін) дейін таралады. Құрлықтағы Географиялық Қабықтың төм. шекарасы жер бетінен 30 - 40 км тереңдікте, ал тау сілемдерінде 70 - 80 км тереңдікке жетеді. Дүниежүз. мұхиттардағы Географиялық Қабықтың төм. шекарасы 5-8 км тереңдікте, яғни жер бетіне жақын орналасқан. Географиялық қабықты түзуші компоненттерге (құрамдарына) тау жыныстары, ауа массасы, топырақ жамылғысы, су көзі және биоценоздар, полюстік ендіктердегі мұздықтар жатады; негізгі энергет. құраушыларына гравитациялық энергия, планетаның ішкі (эндогенді) жылуы, Күннің сәулелі (радиациялық) энергиясы және ғарыштық энергия жатады. Географиялық Қабықтың негізгі ерекшелігі - оның біртұтастығы. Қабықтың құрамдас бөліктері арасында үнемі зат пен энергияайналымы болатындықтан, біреуінің өзгеруі міндетті түрде басқаларын да өзгеріске ұшыратады. Екінші ерекшелігі - зат және сонымен байланысты энергия айналымы, табиғи процестер мен құбылыстардың қайталанып отыруы. Мұнда айналымдардың күрделілігі әрқалай: бірі мех. қозғалыстар (атмосфера циркуляциясы, теңіз ағындары), екіншісі, заттың агрегаттық күйінің өзгеруі (жердегі ылғал айналымы), үшіншісі хим. трансформация (биол. айналым) . Айналымдар нәтижесінде Жер бетінде жыл мезгілдері қайталанып отырады. Айналымдарды негізінен астрон. және геол. факторлар тудырады. Біріне-бірі қарама-қайшы эндогендік және экзогендік күштердің нәтижесінде Географиялық Қабық үнемі дамуда болады. Дамудың нәтижесінде жер беті мен теңіз, мұхит түбі аумақтық жіктеуге ұшырайды. Құрлықтағы жіктелудің салдарынан геогр. белдемдер пайда болады. Кеңістікте геогр. құрылымның өзгеруінен ландшафттар мен геокешендер түзіледі. Географиялық Қабық ұғымын алғаш рет 1910 ж. орыс метеорологы П. И. Броунов, ал Г. қ. терминін 1932 ж. орыс географы, акад. А. А. Григорьев енгізді.
Жердің құрылымы және құрылысы жағынан ең күрделі бөлігі - оның географиялық қабығы. Ол атмосфераның төменгі қабатын, литосфераның беткі қабатын, бүкіл гидросфера мен биосфераны қамтиды. Олардың арасында зат және энергия алмасуы тоқтаусыз жүріп жатады. Географиялық қабықтың қалыңдығы бірнеше километр ғана болғанымен онда табиғи ландшафтының орасан кеңістіктік дифференциясы байқалады. Олар арктикалық және антарктикалық мұзды шөлдер, тундра, тайга, аралас және жалпақ жапырақты ормандар, орманды далалар, далалар, шөлейттер, шөлдер, субтропиктік жерортатеңіздік ландшафтысы, муссонды ормандар, саванналар, гилеялардан, т. б. тұрады. Таулы жерлерде ландшафт түрлері биіктік белдеулік бойынша таралады. Жер бетінің 30%-ын ормандар, 20%-ға жуығын саванналар мен сирек ормандар, 20%-ға жуығын шөлдер мен шөлейттер, 10%-дан астамын мұздықтар және 10%-ға жуығын әр түрлі табиғи ландшафтар, қалған 10%-ын жыртылған жерлер мен урбандалған аумақтар алып жатыр.
Адамның пайда болуымен байланысты Жерде тіршіліктің саналық формасы (ноосфера) қалыптасты. Нәтижесінде, адамзат табиғаттың барлық құраушылары мен ландшафттарына антропогендік қысым түсіре бастады. Адамның қоршаған ортаға экологиялық, экономикалық, т. б. әсерлері жылдан-жылға ұлғайып, жаһандық сипат алуда.
Ядро шекарасында бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 13, 6 км/с-тен 8, 1 км/с-ке дейін кемиді, субядро шегіне таяу 11, 2 км/с-ке дейін артады. Субядродағы сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тұрақты. Жердің физикалық қасиеттері мен температурасы тереңдеген сайын өзгереді. Геосфераны құрайтын жыныстар үнемі қозғалыста болады және өзгеріп отырады, бұл процесс, әсір
- Құрлықтар мен мұхиттар құрылысының жалпы ерекшеліктерін сипаттаңыз. Құрлықтар мен мұхиттардың физгеографиялық аудандастыруының негізгі принциптеріне баға беріңіз.
Алғаш рет география ғылымына физгеорафиялық аудандастыру терминін енгізген Г. И. Танфильев еді. «Физикогеографические области Европейской России» 1897/. Ол физгеографиялық аудандарды шаруашылықтық аудандарды жіктеудің негізі деп түсінді. Осы кезеңнен бастап аудандастырудың теориялық және практикалық мәселелеріне арналған ғылыми жұмыстар кеңінен өріс алды. Қазіргі кезеңде бір-біріне ұқсас, ортақ ерекшеліктері көп болса да физгеографиялық аудандастыруға берілген анықтамалар көп-ақ. Мәселен, аудандастыру кезінде табиғи ортада объективті түрде өмір сүретін табиғи кешендерді тани білу, анықтау және олардың жиынтығынан біртекті географиялық қабаттың қалыптасатыны, яғни кешендердің ұқсастық және айырмашылық деңгейіне байланысты жекелеген табиғи аймақтарды жіктеу. Сонымен қатар, кейбір ғалымдар топтастыруды, картографиялық бейнелеуді, табиғи ресурстарды және территориясының жіктелуіндегі айырмашылықтың себептерін де есепке алады. /Н. А. Гвоздецкий, А. А. Григорьев, Ф. Н. Мильков, В. Б. Сочава т. б. Ал енді кейбіреулері физгеографиялық аудандастыруды табиғи ортаның әр алуандығын танып білудегі әдңс деп түсінеді /А. Д. Арманд, Т. П. Куприянова/.
Дегенмен, физгеографиялық аудандастыру күрделі теориялық және методикалық мәселелерді қамтитыны анық. Сонымен, физгеографиялық аудандастыру дегеніміз объективті түрде өмір сүретін табиғи және өзгерген географиялық кешендерді анықтау, картаға түсіру, жіктеу, олардың заттық құрамымен, құрылымымен, байланысымен және олардың қалыптасуына әсер етуші процестермен танысу. Нақтылы айтқанда аудандастырудың негізгі объектісі - алып жатқан территориясы мен күрделілігі әртүрлі деңгейдегі жекелеген кешендер: планетарлық, регионалдақ және топологиялық /В. Б. Сочава бойынша/.
Кейбір, ғылыми әдебиеттерде «табиғи аудандастыру» терминін «физгеографиялық аудандастыру» терминінің синонимі ретінде қолданады, бірақ бұл екі түсініктің ортасына теңдік белгісін қоюға болмайды. /А. Е. Федина/ «Табиғи аудандастыру» ұғымы кең мағынада қолданылады, өйткені ол аудандастырудың барлық түрін: жеклеген компоненттерді де, физгеографиялық кешендерді де қамтиды. Ал физгеографиялық аудандастыру, шын мәнісінде, табиғи аудандастырудың бір бөлігі болса да жеке ғылыми бағыт деп есептеледі. Өйткені ол табиғи ортаның жеке компонеттерімен емес кешендерді зерттеумен айналасады.
Салалық табиғи аудандастырудың бірнеше түрлері бар: геоморфологиялық, климаттық, геоботаникалық, зоогеографиялық т. б. Ал ландшафтану ғылымының негізгі танып-білу объектісі комплекстік физгеографиялық немесе ландшафтық аудандастыру, яғни регионалдық деңгейдегі нақтылы геосистемалар немесе физгеографиялық аймақтар.
- Зоналық принцип. Бұл принциптің негізін қалайтын географиялық қабаттағы ең маңызды заңдылық - зоналық құрылым. Осы принципке жүгіне отырып зерттеушілер картада физгеографиялық аудандардың зоналық кешендерін - зоналарды, ал тауларда биіктік белдеулерді ажыратады.
- Азоналдық принцип географиялық қабаттың дамуы мен жіктелуіндегі басқа ерекшеліктерді ескереді, яғни физгеорафиялық кешендердің Жер бетінің, әсіресе кез келген территорияның геологиялық-геоморфологиялық құрылымының әсерінен өзгеруін. Физгеографиялық аудандастыру карталарында регионалдық бірліктер - елдер, провинциялар, аудандар көрсетіледі, ал зоналық бірліктер берілмейді.
- Генетикалық принцип. Алғаш рет бүкіл территорияның және оның жекелеген физгеографиялық бірліктерінің даму тарихын танып білуде қолданылатын генетикалық принципті Н. А. Солцев пен И. В. Васильева ұсынды.
- Зоналық-азональдық принцип нақтылы территориялардағы аудандастыру жұмыстарында кеңінен қолданылады (Н. А. Гвоздецкий, А. Г. Исаченко, Н. И. Михайлов, А. В. Чигаркин т. б. ) . Бұл принциптің негізі - регионалдық деңгейдегі физгеографиялық бірліктердің пайда болуы мен жіктелуіне бірдей уақытта зоналық және азональдық заңдылықтар әсерін тигізеді.
Комплекстік принцип. Бұл принципті алғаш рет Н. А. Гвоздецкий тұжырыдады да соңғы уақыттарда физгеографиялық аудандастыруда кеңінен қолданылады. Принциптің маңызы: физгеографиялық аудандастыруда территорияның шығу тегі, физгеографиялық бірліктердің бөліну себептері, жағдайы /генетикалық әдіс/ есепке алынады.
- Құрлықтар мен мұхиттардағы географиялық зоналылықтың айқындалуындағы планетарлы, аймақтық және провинциалық ерекшеліктерін қарастырыңыз.
Физгеографиялық аудандастыру дегеніміз объективті түрде өмір сүретін табиғи және өзгерген географиялық кешендерді анықтау, картаға түсіру, жіктеу, олардың заттық құрамымен, құрылымымен, байланысымен және олардың қалыптасуына әсер етуші процестермен танысу. Нақтылы айтқанда аудандастырудың негізгі объектісі - алып жатқан территориясы мен күрделілігі әртүрлі деңгейдегі жекелеген кешендер: планетарлық, регионалдақ және топологиялық /В. Б. Сочава бойынша/.
Кейбір, ғылыми әдебиеттерде «табиғи аудандастыру» терминін «физгеографиялық аудандастыру» терминінің синонимі ретінде қолданады, бірақ бұл екі түсініктің ортасына теңдік белгісін қоюға болмайды. /А. Е. Федина/ «Табиғи аудандастыру» ұғымы кең мағынада қолданылады, өйткені ол аудандастырудың барлық түрін: жеклеген компоненттерді де, физгеографиялық кешендерді де қамтиды. Ал физгеографиялық аудандастыру, шын мәнісінде, табиғи аудандастырудың бір бөлігі болса да жеке ғылыми бағыт деп есептеледі. Өйткені ол табиғи ортаның жеке компонеттерімен емес кешендерді зерттеумен айналасады.
Салалық табиғи аудандастырудың бірнеше түрлері бар: геоморфологиялық, климаттық, геоботаникалық, зоогеографиялық т. б. Ал ландшафтану ғылымының негізгі танып-білу объектісі комплекстік физгеографиялық немесе ландшафтық аудандастыру, яғни регионалдық деңгейдегі нақтылы геосистемалар немесе физгеографиялық аймақтар. Сонымен физгеографиялық аудандастыру мынадай мәселелерді қамтиды:
- Объективті түрде өмір сүретін жекелеген физгеорафиялық кешендерді анықау;
- Оларды картаға түсіріп, физгеографиялық аудандастырудың картасын құрастыру;
- Кешендердің заттық құрамымен танысу;
- Кешендердің пайда болуы мен жіктелуіндегі физгеографиялық процестер мен факторларды анықтау;
- Оларды белгілі бір жүйеге келтіру;
- Компоненттер мен кешендердің арасындағы система құрушы байланыстармен танысып, оларды ажырата білу;
- Кешендердің құрылымымен танысып, олардың моделін құрастыру;
- Табиғи процестер мен адам әрекетінен кешендердің өзгеру деңгейін көрсете білу;
- Физгеографиялық аудандастыруда пайдаланылатын әдістерді өңдеу. Жоғарыда атап өткен мәселелердің кез келгені ғылыми ізденістердің объектісі бола алады.
Сонымен, аудандастыруды ландшафтар систематикасының бір түрі деп те қарауға болады, өткені ол жіктеумен ұқсас. Олай дейтініміз бірінші және екінші жағдайда да әңгіме топтастыру туралы болып отыр. Бірақ ландшафтарды типологиялық топтастыруда біз олардың бір-бірінен алыс, жақын орналасқанына, араларында территориялық байланыс бар ма, жоқ па қарамастан, ең алдымен, олардың сапалық ұқсастығына көңіл бөлеміз. Ал, регионалдық топтастыруда керісінше сапалық ұқсастығы емес, олардың территориясының ортақтығына, генетикалық біртектілігіне назао аударамыз. Сондықтан, физгеографиялық аймақтар картада бір контурмен беріліп, тұтас территорияны қамтиды да өзіне сәйкес атау алады. Ал, жіктеуде бір топқа (тип, класс, түр) территориясы бойынша бытырап орналасқан ландшафтар енеді де олардың контурлары үзіліп беріледі. Сонымен, ландшафтарды жіктеуде олардың әрқайсысының жекелеген ерекшеліктеріне емес ортақ белгілеріне көңіл бөлінеді, ал аудандастыруда керісінше.
- Евразия табиғатының ерекшеліктері - оның ауқымды көлемі мен Солтүстік жартышардағы барлық географиялық ендік бойынша созылып жатуын анықтаңыз.
Еуразия жерінің жартысына жуығын алып жатқан таулы аймақтарға биіктік белдеулер тән болады. Таудың ең төменгі белдеуі тау орналасқан табиғат зонасына сәйкес келеді. Биіктеген сайын ылғалдың артуына қарамастан, ауа температурасы төмендеп тіршіліктің қарқынды дамуын тежейді. Сондықтан тау ормандарындағы ағаштар онша биік болмайды, ал топырақ жамылғысы жұқарақ келеді. Таулардың биік бөліктерінде қатал табиғат жағдайына бейімделген ірі жыртқыштар мен тұяқты жануарлар сақталған. Олардың қатарына Тибет пен Памир тауларын мекендейтін қодасты, Тянь Шань тауларындағы қар барысы мен ерекше құс - ұларды, Азияның биік тауларында тіршілік ететін аюлар мен арқарларды жатқызуға болады. Биіктік белдеулер Гималай мен Альпі тауларының оңтүстік беткейлерінде айқын байқалады. Мысалы, жауын-шашын өте мол түсетін Гималайдың оңтүстік беткейіндегі ең төменгі белдеу терая - өте батпақты келеді. Мұнда бамбук, павльмалар мен майлы ағаш, лианалардан тұратын қалың ну орманда буйволдар, жабайы пілдер мен қабылан, жолбарыстар мекендейді. Биіктеген сайын климаттың өзгеруі әсерінен белдеулер ауысып отырады да, 4500-5000 м биіктікте мәңгі қар мен мұз белдеуі басталады. Гималай аса ірі тау жүйесі болғандықтан оның беткейлеріндегі биіктік белдеулердің құрылымы бір біріне мүлдем ұқсамайды.
- Еуропа территориясының қалыптасу ерекшеліктері мен жер бедеріне баға беріңіз. Еуропа платформасы мен оның бөліктері: Балтық қалқаны мен плитасының қалыптасуын сипаттаңыз.
Континентті Еуразия плитасының құрылымы мен жыныстарының литологиялық құрамының әртүрлігінен пайдалы қазбалары да алуан түрлі.
Көне Еуразия құрлығының ядросында пайдалы қазбалардың көп қоры шоғырланған: архей мен протерозой тау жыныстарында темір, марганец және хром рудалары (Скандинавия мен Үндістан) мен кейбір түрлі-түсті және сирек кездесетін металдар (мыс, кобальт) жеткілікті. Үндістан платформасының қойнауында алтын, алмаз және бағалы тастар көп. Көне кристалдық ядроның кейбір жыныстарын әшекей заттар жасау үшін пайдаланады, мысалы, Балтық қалқанындағы гранит.
Палеозой қатпарлы құрылымдары тараған аймақтар, әсіресе шетелдік Еуразия түрлі-түсті және сирек кездесетін рудаларға өте бай (мысалы, мырыш, қорғасын, сынап, уран, қалайы) . Шөгінді жыныстарда мұнай мен газ, ал Үндістан платформасында Гондвана сериясымен тас көмірдің кен орындары байланысты. Ірі тас көмір кен орындарының таралуы да мысалы, Силез, Рур және шетелдік Еуропаның басқа да көмір бассейндерінің, Солтүстік-Шығыс Қытай кен орныдарының пайда болуы, палеозойлық тау алды иіндерімен байланысты.
Еуразияның солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік бөлігі мезозой мен кайнозой эраларында тау түзілу мен сығылу үрдістерінен өткен жас құрлықты- мұхиттық жапсарлы белдеуге жатады. Олардың континенттік бөлігі мен оған іргелес орналасқан мұхиттық қыртыстарының құрылымы күрделілігімен және рельефінің алуандығымен ерекшеленеді.
Тибет тау жүйесі мен Қарақорым тауында да мезозой эрасының қарқынды тау түзілу үрдістері көрініс тапқан. Бұл таулар Биік Азия деп аталатын Жер бетіндегі ең биік таулардың қатарына жатады. Олардың құрылымында әртүрлі жастағы қатпарлы кездеседі. Таулар антропоген кезінде және қазіргі кезде де көтеріліп келеді. Мезозой эрасында қатпарланып көтерілген Үндіқытайдың солтүстігі мен шығысы, Малакка түбегі кейінгі жас жарылымдардан аласарған да, орнында биіктігі орташа қатпарлы-жақпарлы таулар пайда болған.
Мезозой жыныстары тараған аймақтар бүкіл Еуразия құрлығы арқылы батысында Пиреней түбегінен оңтүстік-шығысында Үндіқытайға дейін созылып жатқан Альпі-Гималай қатпарлы белдеуімен қосылып кетеді.
- Еуропаның климат құрушы факторларын анықтаңыз. Маусымдық жыл бойынша ауа массаларының циркуляциясы, климаттық белдеулер мен климат типтеріне баға беріңіз.
Европаның негізгі бөлігі қоңыржай белдеуде орналасқан. Сондықтан бұл белдеуде батыстан соғатын желдер басым, олар Солтүстік Атлантикадағы Исландия циклоны мен Азор антициклонының әсерінен пайда болады. Атлант ау массалары Батыс Европаның үстімен жиі қозғалып жылы және ылғалды климаттың қалыптасуына ықпалын тигізеді. Оңтүстіктегі түбектер субтропикалық белдеуде жатыр, жазда олар циркуляцияның тропиктік типінің әсеріне ұшырайды. Ал Фенноскандияның солтүстігіне суық жыл мезгілінде арктикалық ауа массалары келеді. Негізгі ылғалды Атлант ауа массалары Орталық Европаның шұңқырларының үстінде қалыптасады. Шетелдік Европа климатының негізгі ерекшеліктері: қыста - арктикалық массалар, жылы Гольфстрим ағысы, Исландия минимумы әсер етеді. Ауаның циркуляциясында полярлық жоғарғы қысымды облысы салқын арктикалық ауаны оңтүстікке апарып кей мезгілдерде олар Жерорта теңізіне дейін жетеді. Орташа температура 0ᵒ̵тан төмен. Мұхит беті суық мезгілде құрлықтан жылылау болып олардың үстінде төменгі атмосфералық қысым орнайды. Солтүстік Атлантиканың шығыс бөлігінде бұл процесс айқын байқалады, себебі мұнда Гольфстрим мен Солтүстік Атлант жылы ағыстарының нәтижесінде Солтүстік Атлантиканың үстінде тұрақты және өте терең Исландия депрессиясы қалыптасады. Азор антициклоны қыста оңтүстікке жылжып Европаның климатына қыста үлкен әсер ете алмайды.
Суық материк үстіндегі ауа тығызданып, төмендейді. Соның нәтижесінде атмосфераның жер бетіне жақын жатқан қабатында жоғарғы қысым облысы, ал жоғарғы қабаттарда төменгі қысым облысы пайда болады. Ылғалды және жылы Атлант ауа массалары мен континенттік суық ауа массаларының тоғысқан жерінде поляр фронты пайда болады. Оның траекториясы Шотланд қыраты мен оңтүстік Скандинавияның үстімен өтеді. Осы циклондар Европаға негізгі жылы ауа массалары мен көп жауын-шашын алып келеді.
Жазда Исландия минимумы әлсіреп, мұхит үстінде жоғарғы қысым орталығы қалыптасады да, Азор максимумы мен оңтүстік тропиктік ауа массаларының әсері басым болады. Соған байланысты жер бедерінің макро- және мезо құрылымы және жер бетіндегі мезо- және микро климаттың қалыптасуына негіз болады. Шамадан тыс ылғалдылықтың мол болу жағдайы (2000 мм/ж астам) Фенноскандияның оңтүстік-батысы, Пиреней тауының солтүстік-батысы, батыс Динар тау сілемдерінде орманды ландшафт типтерінің қалыптасуына жағдай туғызады. Шілде айының орташа температурасы Финляндияның оңтүстігінде +17ᵒС, ал Норвегияның солтүстігінде +13ᵒС-ға тең. Европаның қалған бөлігінде шілде изотермалары +17ᵒС(орталық Европаның солтүстігі) +20ᵒС(Францияның оңтүстігі) және +22ᵒС-ға дейін Дунай жазықтары жетеді. Батыс Европаның ең жылы аумағы - Жерорта теңіз жағалаулары. Шілде айының орташа температурасы +23+26ᵒС. Жауын-шашынның негізгі бөлігі Жерорта теңізі жағалауына қыс мезгілінде түседі, ал жазда бұл аудан атмосфералық ылғалдылықтың жетіспеушілігіне ұшырайды.
Жауын-шашынның көп мөлшерін Скандинавия тауларының батыс макробеткейлері мен Шотланд қыраты алады. Британь аралдарында жылдық жауын-шашынның мөлшері жел жақ беткейінде 2500-4000мм аралығында түссе, желге қарсы беткейінде 500-700мм түседі. Орталық аудандарында жылдық жауын-шашынның мөлшері мен ылғалдануы рельефке немесе жер бедеріне байланысты.
Орта Европа жазығында 550-750мм, Орталық орташа тауларда 1000-2000мм аралығында. Дунай бойы жазықтарында жауын-шашын мөлшері 5000мм жетсе, төменгі Дунай жазығының шығысында 300мм-ге жетеді.
Оңтүстік Апенинде жауын-шашын мөлшері 1500-2000мм, Динар таулы үстіртінің батысында 5000мм-ге дейін, ал Альпінің оңтүстік-шығыс беткейінде 4000мм-ге дейін. Жазда Жерорта теңізі аймағында 1айдан 5айға дейін жауын-шашын болмайды.
Жалпы шетелдік Европада мұхиттық климат түрлерінің дамуына: а) аумақтың орографиясы, яғни бірінші кезекте батыс ауа массаларының ағынының жолында тау тосқауылдарының жоқтығы(Скандинавия тауларынан басқа) теңіз ауасының материк ішіне терең енуіне мүмкіндік береді; б) климаттың ылғалдылығы батыс Европа аумағына терең еніп тұрған шығанақтар мен теңіздердің әсерінен күшейеді. Ең құрғақ табиғат кешендері субтропикалық белдеу жағдайларында дамыған. Ал Месетаның құрғақ далалы табиғи кешендері ылғалдылықтың жетіспеуімен (300 мм/ж) сипатталады.
Жер үсті және жер асты суларының антропогендік әсерден өзгеруі. Ағын суының қалыптасуына жер бедері мен климаттың әсері. Су шаруашылық балансы табиғи кешен дамуының негізгі параметрін анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz