Қола дәуірінің ерекшелігі


Жоспар
- Қола дәуірінің ерекшелігі.
- Қола дәуірінде өмір сүрген Андронов мәдениеті.
- Қола дәуіріндегі мал өсіру мен егіншіліктің дамуы.
- Қола дәуірінің ерекшелігі.
Неолит дәуірінде-ақ бола бастаған шаруашылық өзгерістері нәтижесінде біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургия қалыптасты. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға көшу Қазақстан территориясындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер құрды; бұлардың қалыптасуында соғыс қақтығыстары едәуір роль атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың қақтығыстарында да жиі пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.
Археологиялық материалдар бойынша, андроновтық тұрпатты ескерткіштер қалдырған далалық малшы-егінші тайпалардың мәдени ортақтығы жақсы мәлім. Барлық жергілікті өзгешеліктеріне қарамастан, ұлан-байтақ территорияға тараған бұл тайпалар неолит дәуіріндегі тайпалық ала-құлалықтың орнына айқын мәдени біркелкіліті көрсетті.
Қола дәуіріндегі қоғам процесі екі факторға байланысты. Олардың бірі - жаңа дәуірді белгілеген фактор - палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды.
Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттар жасау ісін меңгерді. Қоланың өзі заттың неге арналуына қарай, әр түрлі пропорцияда мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы болып табылады. Мыспен салыстырғанда қоланың бірсыпыра артықшылықтары бар; оның өзгешелігі - өзі қатты, балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі. Қола еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат бола бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металлургияның мықты ошағы шығуының бір себебі болды.
Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың басында-ақ Поволжьенің, Приуральенің, Қазақстан мен Алтайдың далалық тайпаларында комплексті малшылық-егіншілік шаруашылығы қалыптасады. Ал біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Евразия халықтарының шаруашылығында мал өсіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың аяғында - І мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығына көшеді.
Басқа тайпалар ішінен мал өсірушілердің бөлініп шығуын Ф. Энгельс ең бірінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі деп атады. Батыс Азия мен Шығыс Европаның далалық аймағында бақташы тайпаларының бөлініп шығуы, шынында, біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында болды деуге келеді, алайда әр қилы табиғи ортадағы дамудың әр түрлі қарқынын еске алу керек.
Алғашқы экономиканың қайта құрылуына бәрінен бұрын табиғи-климаттық өзгерістер себепші болды. Мәселен, қола дәуірінде ұзаққа созылған салқын-ылғал кезеңнің орнына климаттың жылылық пен қуаншылыққа қарай бірте-бірте өзгеруінің мың жылдан асатын дәуірі келді, сөйтіп, ксеротермиялық минимум дәуірі басталды. Қуаншылық дәуірінде өзендердің суы тартылды, жайылмадағы алаңқайлар бірте-бірте құрғады, көлдердің су деңгейі төмендеді, түптеп келгенде, Солтүстік жартышардағы құрылықтардың жалпы ылғалдылығы азайды.
Климаттың жедел құрғауына байланысты Шығыс Европа мен Батыс Азиядағы далалық тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысында болған өзгерістерді археологиялық деректерде де растайды. Батыс және Орталық Қазақстанның ұзақ уақыттық қоныстарында су жетістірудің жаңа әдісі - құдық қазу шығады.
Егер Қазақстанның солтүстік аудандарының тұрғындары мен Батыс Сібірдің орманды және тайгалы аймақтарының тайпалары энеолит пен әуелгі қола дәуірінде шаруашылық және мәдениет жағынан бір-біріне көп ұқсас болса, кейін климат өзгергенде бұл ұқсастық жойылады. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Орталық Қазақстандағы сияқты бұл аудандарда да малшылық-егіншілік шаруашылығы өрістеп, мал шаруашылығы басым болды.
Оңтүстік Сібірде Нарым өлкесінің тайгалы-батпақты аудандарына дейін бұл аймақтың халқына тән емес ежелгі мал шаруашылығының шаруашылық дәстүрлерінің кең таралуына және Қазақстанның далалық тайпалары мәдениеті ықпалының күшеюіне, сірә, сол жоғарыдағы табиғи-климаттық құбылыстар себеп болса керек.
Халықтың қоғамдық құрылысы мен семьялық-некелік қатынастарында мәнді-мәнді өзгерістер болды.
Қола дәуіріндегі экономиканың басты-басты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамда еркектер ролінің күшеюіне және түптеп келгенде, аналық ру орнына аталық ру (патриархат) болуына жеткізді.
Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндіргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты болды. Жеке семьялар оқшауланды, семьялық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.
- Қола дәуірінде өмір сүрген Андронов мәдениеті.
... жалғасыҚола дәуірінде Сібірдің, Приуральенің, Қазақстанның және Орта Азияның ұлғайыр далаларынтегі жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді; бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Бірінші ескерткіштің табылған жері Ачинск маңындағы Андроново селосының атына қарай бұл мәдениет ғылымда шартты түрде «Андронов мәдениеті» деп аталды.
Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі Қазақстан территориясында болды. Батыс аудандардың андроновтық халқы қима мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп отырды және өз тарапынан оларға тікелей ықпал жасап отырды.
Археологиялық деректер андроновтық халықтың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүргенін көрсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты. Патриархаттық семьялардың үйлері үлкен жертөлелер болды; олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын қашалар салынды. Бұл поселкелерге мал бағу кәсібі басымырақ малшылық-егіншілік шаруашылығының комплекстік сипаты тән болды.
Андроновтық уақытқа байланысты металдан жасалған еңбек құралдары, қарулар және сәндік заттар: ұңғысы бар, дүмі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға-шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер көп тарады.
Андроновтық халықты басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің басты-басты этнографиялық белгілері жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнегі бар балшық ыдыстардың өзінше бір жиынтығы, металл заттардың формалары болып табылады.
Андронов тайпалары тұрқы әр түрлі тас қоршаулар түрінде зираттар тұрғызды, олар тік бұрышталып, дөңгелектей, ұзынша сопақталып қоршалатын болды. Кейде, әсіресе, Приуральеде, бұлардың орнына обалар үйілді. Өлген тайпалас адамдар не өртелді, не ерекше әдіспен бүйірінен жатқызылып, қол-аяғы бүктеліп, тас тақталардан жасалған «жәшікке» немесе қазылған төрт бұрышты шұңқырға салынып жерленді.
Ыдыстар қолдан жапсырылып жасалды. Мұның алдындағы уақыттағы ыдыстардың түбі шығыңқы домаланып келетін болса, енді тайпақ болатын болды. Олардың сырты тарақ тәрізді немесе типыл қалыппен түсірілген күрделі геометриялық өрнектермен сәнделді.
Сәндік заттардың андроновтық тайпалар мәдениетінің тараған шегінен аспаған ерекше формалары: алтын жапырақшадан бір жарым рет бүктетіліп жасалған сырғалар, бас киімге, басқа да киімге тағылатын «көзілдірік тәрізді» және «табан із тәрізді» сәнді салпыншақтар, қақтама өрнекті тоғалар, шеттері иректеліп түйілген білезіктер болды.
Өндіріс техникасының көрнектілігі және қола заттар мен балшық ыдыстардың формаларының әдемілігі мәдениет деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді.
Андронов мәдениеті адамдарының бет-пішінін зерттеу қола дәуірінде бұл жерлерде европеоидтік белгілері айқын білінетін тайпалар тұрғанын дәлелдейді.
Қазақстанның орталық, солтүстік және шығыс аудандарын мекендеген халық, мамандардың анықтауы бойынша, ежелгі европалық нәсілдің андроновтық варианты дейтінге жатады. Оған тән адамдардың бас сүйегі үлкен мезокранды (орташа келте-басты), беті төмендеу және жалпақ, көз ойығы түсіңкі, кеңсірік үсті шығыңқы, қыр мұрынды келеді.
Қазақстанның батыс және оңтүстік-батыс аудандарының халқы европеоид нәсілінің басқа вариантына, Жерорта теңіздік варианты дейтінге жатты. Оның негізгі ерекшеліктері - бас сүйегі долихокранды (сопақ басты), бет-пішіні ат жақтылау келеді.
Жерорта теңіздік тұрпатты адамдардың мекендеген аймағы Европаның оңтүстік-шығыс даласын және Орта Азияның оңтүстік бөлігін қамтыды. Нәсілдік екі тұрпаттың шекаралық аймақтарында тікелей байланыс жасап, бір-бірімен араласуы, олардың таралуы батыс және оңтүстік-батыс аудандарындағы ежелгі қазақстандық тайпалардың аралас антропологиялық құрамды болуына себеп болды.
Сонымен, палеоантропологиялық деректер мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: қола дәуіріндегі ежелгі қазақстандық тайпалардың антропологиялық құрамы негізінен екі европеоидтік нәсілдік тұрпаттан - андроновтық және шығыс жерорта теңіздік тұрпаттардан құралды. Олар ежелгі европалық нәсілдің өкілдері және андроновтық мәдениеттің иелері болды. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың бойында олар Оңтүстік Сібір, Алтай, Поволжье, Аралдың оңтүстік
төңірегі, Орта Азия сияқты көрші елдердегі тайпалардың дене бітіміне ықпал жасап отырды.
Андронов мәдениетінің қалай шыққаны - айтыс туғызып келе жатқан проблема. Бұл проблеманы шешудің қиындығына бұдан бұрынғы неолит пен энеолит дәуірлеріндегі ескерткіштердің жеткіліксіз зерттелуі себеп болып отыр.
Тарих ғылымында бірнеше болжам бар. Бір болжам бойынша былай деп топшыланады: Андронов мәдениеті Орта Азиядан келген халықтың қазақстандық энеолиттік аңшылар мен жинаушылардың арасына енуі нәтижесінде шықты. Ол халық өндіруші шаруашылықтың салттары мен формаларын ала келді. Міне, осындай байланыс бірнеше ғасырлардан соң далалық және орманды-далалық аймақтарда андроновтық тайпалардың сапасы жағынан жаңа мәдениетінің шығуына жеткізді.
Алайда зерттеушілердің көпшілігі былай деп есептейді: Андронов мәдениеті неолит пен энеолит дәуірлеріндегі Қазақстан даласының солтүстік аймағының және Зауралье мен Батыс Сібір іргелес аудандарының мәдениеті жағынан, әрі, сірә, шыққан тегі жағынан туыс тайпаларының табиғи дамуы негізінде құрылды. Сол кездің өзінде-ақ мал өсіру, қара дүрсін егіншілік және кен кәсібінің бастамасы мәлім болатын.
Үй жанында мал бағу мен жайылмада кетпенмен егін салудың одан әрі дамуы отырықшылықтың ұлғаюына, үй кәсіпшіліктерінің шығуына, металлургияның дамуына жеткізді. Ұланғайыр далалық аймақта осы материалдық игіліктерді шығаратын негізгі өндірістер прогресінің шамамен бір деңгейлес болуы Андронов мәдениетінің өзіне тән ерекшеліктерінің қалыпасуына, қоғамның әлеуметтік укладтарының жақын формаларына жеткізді.
Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 ж. А. Я. Тугаринов ашты. Содан бері өткен уақыттың ішінде орасан көп археологиялық материал жиналды.
Бұл мәдениеттің ескерткіштерін дәуір-дәуірге бөліп, топтастыруды бастаған С. А. Теплоухов болды. Әсіресе М. П. Грязновтың сіңірген еңбегі зор. Ол 30-жылдарда-ақ Андронов мәдениетінің тарихи құбылыс ретіндегі суреттемесін жасап берді және далалық қола дәуірінің хронологиялық үш кезеңін - әуелгі, орта және соңғы кезеңдерін саралап берді.
Кейін К. В. Сальников Зауральенің Андронов мәдениетіне хронологиялық классификация жасады; оны бірінің орнын бірі басқан үш кезеңге бөліп, оларға шартты түрде мынадай аттар берді: Федоров кезеңі - біздің заманымыздан бұрынғы XII - VIII ғасырлар. Андронов мәдениетін К. В. Сальниковтың дәуір-дәуірге бөлуі тарих ғылымында дұрыс деп танылды және далалық қола дәуірінің ескерткіштерін зерттегенде осы мәдениеттің тараған аудандарының бәрінде қолданылды.
Қазақстан Андронов мәдениетін дәуір-дәуірге бөлу проблемасы жөнінде Ә. Х. Марғұлан, К. А. Ақышев, А. Г. Максимова, С. С. Черников, А. М. Оразбаев жұмыс істеді.
Соңғы жылдары Э. А. Федорова-Давыдованың, В. С. Стоколостың және Г. Б. Здановичтің еңбектерінде К. В. Сальниковтың дәуір-дәуірге бөлуі күмәнді деп есептеледі.
Андронов мәдениетін дәуір-дәуірге бөлуге байланысты бұл болжамдарды жақтаушылардың принципті пікір алалығы бұл мәдениеттің Федоров кезеңі мен Алакөл кезеңінің хронологиялық шеңберлерін бағалау жөнінде болып
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz