Банктегі несиелік процестер


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Банктегі несиелік процестерді ұйымдастырудың теориялық негізі . . . 6
1. 1 Несиенің мәні, түрі, функциялары және әдісі . . . 6
1. 2 Несиелеу принциптері . . . 16
1. 3 Банктегі несиелік процестерді ұйымдастыру, кезеңдері және жіктелімі . . . 19
2 «АТФ Банк» АҚ үлгісіндегі несиелік процес. ……. . …34
2. 1 «АТФ Банк» АҚ ісіне (қызметіне) жалпы мінездеме (сипаттама) . . . 34
2. 2 Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі . . . 45
3 Банктегі несиелік процесін ұйымдастыруды талдау және даму болашағы мен жетілдіру жолдары . . . 54
3. 1 Шетел тәжірибесіндегі банктердің несиелеу ерекшеліктері . . . 54
3. 2 Несиелік процесін жетілдіру жолдары мен даму болашағы………. …. . 59
Қорытынды. …64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 67
Кіріспе
Диплом жұмысымның өзектілігі банктегі несиелік процестерді ұйымдастырудың теориялық негізі, кезеңдері, жетістіктері мен даму болашағы. Несиелік операциялар коммерциялық банктің активтік операцияларына жатады. Банктік бизнес құрылымында осы операция түрі оларға табыстың негізгі бөлігін алып келеді. Нақты банктің несиелік операцияларының құрылымы оның активтерінің мөлшеріне, орталық бөлімінің орналасуына, бөлімдерінің санына, клиенттер құрамына, банктің мамандануына және тағы басқаларына байланысты және де, үлкен ықпалды мемлекеттің экономикалық конъюктурасының жағдайы да көрсетеді. Мысалы, шет аймақтардағы қалаларда орналасқан кіші және орташа банктер клиенттердің шектелген көлемімен байланыста болады және жалпыұлттық, сонымен қатар әлемдік ақша нарығымен салыстырмалы түрде әлсіз байланыста болады. Сондықтан, олардың активтер құрылымында ссудалық операциялардың мөлшері қаржылық орталықтарда орналасқан ірі банктерге қарағанда аз болып келеді. Мынадай жалпы саяси және әлеуметтік-экономикалық процестер, яғни соғысқа, экономикалық кризистерге, инфляцияға және т. б. байланысты іскерлік белсенділіктің бұзылуы банктік активтердің құрамына ықпал етеді.
Несиелеу банктік операциялардың ең табыстыларының қатарына жатқызылғанымен, осы аумақ шеңберіндегі дұрыс саясат қазіргі таңда коммерциялық банктің дамуының кепілі болады. Осы фактіні есепке ала отырып, дипломдық жұмыстың осы тақырыбы нарықтық жағдайда өзекті болып табылады.
Менің диплом жұмысымның тақырыбы: “Банктегі несиелік процестерді ұйымдастыру”.
Жұмыстың негізгі мақсаты - банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруды зерттеу болып табылады. Банктің несиелік саясатын қалыптастыру шеңберінде толығырақ зерттеуді жүргізу үшін біз келесі негізгі мақсаттарды ашып қарастыруымыз үшін алдыма мынадай міндеттерді қойдым:
Несиелеу процесін коммерциялық банктің ең табысты операциясы ретінде қарастыру. Бұл үшін біз несиелік саясаттың негізгі принциптерін анықтауымыз және көрсетуіміз қажет.
«АТФ Банк» АҚ-ның құрылу кезінен бастап, несиелік саясатын қалыптастырылуы және несиелеу процесі қалай жүргізілетінін зерттеу. Ол үшін «АТФ Банк» АҚ-ның құрылу кезінен зерттеуді жүргізуді бастап, зерттеліп отырылған банктегі несиелік саясаттың ерекшеліктерін және қалыптастырылуын қарастырамыз.
Шетел тәжірибесіндегі банктердің несиелеу ерекшеліктері мен банктердегі несиелік даму болашағы мен жетілдіру жолдарына арналған.
Осы жұмысты жазу барысында банктік қызметті реттейтін әртүрлі нормативтік актілер, оқу әдебиеттері, анықтама материалдар қолданылды.
Диплом жұмысының зерттеулер пәні ретінде қазіргі кезде коммерциялық банктердің несиелік процестерді ұйымдастырудың жүргізу тәжірибелері қарастырылады.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі болып - «АТФ Банк» АҚ-ның несиелік процестерді ұйымдастыру деректері бойынша есептік көрсеткіштер мен практикалық тәжірибелер алынды.
Диплом жұмысының жаңалығы - Бүкіл әлемдік дағдарысқа байланысты Қазақстан Республика үкіметінің екінші деңгейлі банктердегі несиелік процесті ұйымдастыруға байланысты жаңа бағдарламаларды енгізуі.
Осы жұмыстың әдістемелік негізі - диплом жұмысты дайындау барысында отандық және шетел ғалымдарының ғылыми еңбектері, ҚР ҰБ статистикалық мәліметтері, ҚР статистика бойынша агенттігі, «АТФ Банк» АҚ-ның жылдық есебі, мерзімді басылымдар, даму болашағы мен етістіктеріне байланысты қазіргі жаңалықтар және т. б.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады:
1 бөлімде - Банктегі несиелік процестерді ұйымдастырудың теориялық негізі;
2 бөлімде - АТФ Банк” АҚ үлесіндегі несиелік процесс;
3 бөлімде - Банктегі несиелік процестерді ұйымдастырудағы даму болашағы мен жетілдіру жолдары.
1 Банктегі несиелік процестерді ұйымдастырудың теориялық негізі
1. 1 Несиенің мәні, түрі, функциялары және әдісі
Несие нарықтық экономика жағдайында қарыз капиталының қозғалысының теориясы, яғни қарызға берілетін ақша капиталы болып табылады. Несие ақша капиталын қарыз капиталына айналдыруды қамтамасыз етеді де, қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қатынастарды көрсетеді.
Несие - құндық экономикалық категория, тауар-ақша қатынастарының ажырамас элементі.
Іс жүзінде несие - ақшаны немесе тауарларды пайызбен қарызға беру. Несиенің пайда болуы айырбас сферасымен тікелей байланысты, ол кезде тауар иелері бір-бірімен экономикалық қарым-қатынасқа түсуге дайын. Несиенің пайда болу мүмкіндігі және дамуы капитал айналымына байланысты. Негізгі және айналым капиталының қозғалысы процесінде ресурстар босайды. Еңбек құралдары өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолданылып, құнын дайын өнімге біртіндеп ауыстырады. Негізгі капиталдың құнының ақшалай формада біртіндеп қалыптасуы босаған ақша қаражаттарының кәсіпорын шотында бос тұрып қалуына әкелді. Сонымен қатар, бір жағынан тозған еңбек құралдарын айырбастау қажеттілігі және бір мерзімдік ірі шығындар туындайды. Сипаты осыған ұқсас процестер айналым капиталы қозғалысында да болады. Сонымен бірге, айналымдағы тербелістер әркелкі көрініс алады. Өндірістің мерзімділігіне, әр түрлі жабдықтауға және басқаларға байланысты өнімді жасау және айналдыру уақыттарында сәйкессіздік туындайды. Бір субъектілерде уақытша қаражат артықшылығы, енді біреулерінде оның жетіспеушілігі пайда болады. 1 Бұл несие қарым-қатынастарының туындауына мүмкіндік береді, яғни несие қаражаттардың уақытша тұрып қалуы мен олардың шаруашылықта қолданылу қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылықтарды шешеді.
Несиелік қарым-қатынастар экономикада белгілі-бір әдістемелік негізгі сүйенеді, солардың бірі ссудалық капитал нарығындағы кез-келген операцияны практикалық ұйымдастыруда қатаң сақталатын принциптер. Бұл принциптер несиенінің дамуының алғашқы кезеңінде-ақ қалыптасып, кейіннен жалпы мемлекеттік және халықаралық несие заңдылықтарында тікелей көрініс алды.
Несиенің қайтарымдылығы
Бұл принцип қарыз алушының кредитордан алған қаржы ресурстарын қолданып болған соң, уақытында қайтару қажеттілігін көрсетеді. Ол тәжірибеде нақты қарызды несие берген ұйымның шотына аудару арқылы сөндіруді білдіреді. Бұл банктің несие ресурстарының қайта толықтырылып, жарғылық қызметінің жалғасуын қамтамасыз етеді.
Отандық тәжірибеде орталықтандырылған жоспарлы экономикада «қайтарымсыз қарыз» деген ресми емес түсінік болған. Несиелеудің бұл формасы әсіресе аграрлық секторда кең тараған. Яғни, мемлекеттік несие мекемесі қарыз алушының кризистік қаржылық жағдайына байланасты қайтарымсыз несие беруі. Өзінің экономикалық мәні жағынан қайтарымсыз қарыз бюджеттік субсидияның қосымша формасы болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында қайтарымсыз қарыз (ссуда) түсінігі «жоспарлы, зиянды жеке кәсіпорын» түсінігі сияқты, сондықтан оған жол берілмейді.
Несиенің мерзімділігі
Бұл принцип несиені несие шартында немесе оны ауыстыратын құжатта белгіленген нақты бір уақытта қайтару қажеттілігін білдіреді. 2 Осы көрсетілген шартты бұзу несие берушінің қарыз алушыға алынатын пайызды өсіру формасында экономикалық санкцияны қолдануына негіз болады, ал ары қарай мерзімінен кешіктіру (біздің елімізде - 3 айдан жоғары) - сот арқылы қаржылық талап қоюға мәжбүр етеді. Бұл ережеден тек несие шартында уақыты анықталмайтын онкольдік ссудалары ауытқиды (Онкольдік несие - кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелінетін қысқа мерзімді несие) . Бұл ссудалар 19 ғасырда және 20 ғасырдың басында (АҚШ аграрлық секторда) кең тараған, қазіргі жағдайда қолданылмайды.
Сонымен бірге, онкольдық несие шартында нақты жабу мерзімі анықталмағанмен, қарыз алушының қарыз алған сәттен бастап банктен алынған қаражаттарды қайтару туралы ескерту келгенге дейінгі уақыты нақты бекітіледі. Бұл қарастырылып отырған принциптің қандай бір дәрежеде сақталуын қамтамасыз етеді.
Несиенің төлемділігі. Ссудалық пайыз
Бұл принцип қарыз алушының банктен алған несие ресурстарын тікелей қайтарып қана қоймай, оларды қолдану құқығына ақы төлеуін көрсетеді. Несиеге ақы төлеудің экономикалық мәні қарыз алушының несиеге қолданудан алған қосымша пайдасын несие беруші мен бөлісуін білдіреді. Қарастырылып отырған принцип банктік пайыз мөлшерін бекіту процесінде практикалық көрініс алады.
Ол негізгі 3 функция атқарады:
- Заңды тұлғалар пайдасының бір бөлігін және жеке тұлғалардың табысын қайта бөлу;
- Ссудалық капиталды салалық, сала аралық және халықаралық деңгейлерде бөлу арқылы өндірісті және айналымды реттеу;
- Экономиканың дамуындағы тоқырау кезеңдерінде банк клиентерінің ақшалай жинақтарын инфляциядан қорғау. 3
Ссудалық пайыз ставкасы (немесе нормасы) ссудалық капиталға алынған жылдық табыс сомасының берілген несиеге қатынасы арқылы анықталып, несие ресурстарының бағасы ретінде танылады.
Несиенің төлемділігі қарыз алушыны оны өндірісте өнім өндіруге қолданылуға ынталандырады. Дәл осы ынталандырушы функция жоспарлы экономика жағдайында толық қолданылмаған, онда несие ресурстарының көп бөлігін мемлекеттік банк мекемелері минималды төлеммен (1, 5-5% жылдық) немесе пайыссыз берген. Басқа тауар түрлеріне баға бекітуде қоғамдық қажетті еңбек шығындары анықтаушы элемент болып табылады, ал несиенің бағасы осы дәстүрлі баға бекіту механизмінен ерекшеленеді. Ол ссудалық капитал нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың жалпы қатынасын көрсетеді және бір қатар конъюнктуралық сипаттағы факторларға байланысты:
- нарықтық экономиканың даму циклі (құлдырау кезеңінде ссудалық пайыз өседі, жедел көтерілгенде - төмендейді) ;
- инфляциялық процесс темптері;
- орталық банктің коммерциялық банктерді несиелеу процесіндегі есеп саясаты арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік несиенің реттік тиімділігі;
- халықаралық несие нарығындағы жағдайлар (мысалы, АҚШ 80-жылдары жүргізген несиені қымбаттау саясаты американдық банктерге шетелдік капиталды тартуға әкелді, ол өз кезегінде сәйкес ұлттық нарықтарға әсер етті) ;
- заңды және жеке тұлғалардың ақшалай жинақтарының динамикасы (олардың қысқару бет алысында ссудалық пайыз жоғарылайды) ; 4 потенциалды қарыз алушылардың сәйкес категориялардың несие ресурстарына қажеттілігін анықтайтын өндіріс және айналым динамикасы;
- өндірістің мерзімділігі (мысалы, Ресейде ссудалық пайыз ставкасы әдетте тамыз - қыркүйек айларында жоғарылайды, ол аграрлық несие беру қажеттілігіне байланысты) ;
- мемлекет беретін несие мөлшері мен оның қарызы арасындағы қатынас (ішкі мемлекеттік қарыз өскен кезде ссудалық пайыз тұрақты түрде жоғарылайды) .
Несиенің қамтамасыз етілуі
Бұл принцип кредитордың мүліктік мүддесін қарыз алушы өзіне алған міндеттемелерін бұзу мүмкіндігінен қорғауды қамтамасыз етуді көрсетеді.
Кепілдікке қарыз беру немесе қаржылық кепілдікке қарыз беру сияқты несиелеу формалары арқылы тәжірибеде қолданылады. Әсіресе, жалпы экономикалық тұрақсыздық кезінде өзекті болып табылады.
Несиенің мақсатты сипаты
Осы принцип несиелік операциялардың басым бөлігіне таратылады, несие берушіден алынған қаражаттардың мақсатты қолданылу қажеттілігін көрсетеді. Тәжірибеде несие шартының сәйкес бөлігінде беріліп отырған несиенің нақты мақсаты бекітіледі және банк қарыз алушының осы шартты сақтауын қадағалайды. Бұл міндеттемені бұзу несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге немесе айыппұлдық ссудалық пайыз енгізуге болады.
Несиенің дифференциациялдық сипаты
Бұл принцип несие ұйымдарының әр түрлі категориялы, потенциялды қарыз алушыларға дифференциациялды тұрғыда қарауын анықтайды. 5 Оның тәжірибеде жүзеге асуы нақты банктің индивидуалды мүддесіне тәуелді және мемлекеттің жекелеген салаларды немесе қызмет сфераларын қолдауға байланысты орталықтандырылған саясатына тәуелді (мысалы, ұсақ бизнес және т. б. ) .
Қоғамның экономикалық жүйесіндегі несиенің рөлі, орны, олар атқаратын жалпы және селективті сипаттағы функциялармен сұрыпталған сипаттағы функциялармен анықталады:
Қайта бөлу функциясы
Нарықтық экономика жағдайында ссудалық капитал нарығы уақытша бос қаржы ресурстарын шаруашылық қызметінің бір сферасынан екінші бір неғұрлым жоғары пайдамен қамтамасыз ететін сферасына бағыттап отыратын насос тәріздес. Әр түрлі салаларда немесе аймақтардағы оның дифференциялдық деңгейіне бағыттала отырып, несие қосымша қаржы ресурстарын қажет ететін, динамикалы дамитын объектілерді қанағаттандыруды қамтамасыз ететін экономиканың макрореттеушісі болып табылады.
Бірақ кейбір жағдайларда бұл функцияның тәжірибеде жүзеге асуы нарық құрылымындағы қарама-қайшылықтардың тереңдеуіне ықпал етеді, оған Ресейде нарықтық экономикаға көшу кезеңіндегі капиталдың өндіріс сферасынан айналым сферасына құйылуы қауіпті сипат алғанын мысал етуге болады. Сондықтан несиелік жүйені мемлекеттік реттеудің аса маңызды міндеттерінің бірі - экономикалық басымдылықтарды рационалды анықтап, несие ресурстарын ұлттық мүдде тұрғысынан жедел дамуы қажет салаларға немесе аймақтарға тартуды ынталандыру болып табылады.
Айналым шығындарын үнемдеу
Бұл функцияның тәжірибеде жүзеге асуы тікелей несиенің экономикалық мәнінен шығады. Шаруашылық субъектілерінің ақша қаражаттарының түсуі мен шығындалуы арасындағы уақыт айырмасы қаржы ресурстарының артықшылығын ғана емес, жетіспеушілігін де анықтайды. 6
Міне, сондықтан қарыз алушылардың барлық категориялары қолданатын меншікті айналым қаражаттарының уақытша жетіспеушілігін де анықтайды. Міне, сондықтан қарыз алушылардың барлық категориялары қолданатын меншікті айналым қаражаттарының уақытша жетіспеушілігін толтыруға арналған ссудалар кең тараған. Олар капиталдың айналымдылығын жеделдетуді қамтамасыз етіп, жалпы айналым шығындарын үнемдейді.
Капиталдың шоғырлануын жеделдету
Капиталды шоғырландыру процесі экономиканың тұрақты дамуының аса қажет шарты және кез келген шаруашылық субъектісінің басым мақсаты болып табылады. Бұл міндетті шешуде өндіріс масштабтарын кеңейтіп (немесе басқа шаруашылық операциясын), сол арқылы қосымша пайдамен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қарыз қаражаттар нақты көмек береді. Оның бір бөлігін кредитормен есеп айырысуға бөлу қажеттігін ескерген күннің өзінде несие ресурстарын тарту тек меншікті қаражаттарға ғана сүйенуге қарағанда тиімді.
Бірақ, айта кететін жайт, экономикалық құлдырау кезеңінде (әсіресе, нарықтық экономикаға көшу жағдайында) бұл ресурстардың қымбаттылығы шаруашылық қызметінің көптеген сфераларында оларды капиталды шоғырландыру міндетін шешу үшін белсенді қолдануға мүмкіндік бермейді.
Тауар айналымына қызмет көрсету
Бұл функцияның жүзеге асуы процесінде несие тауар айналымымен қатар ақша айналымында жеделдетеді. Ақша айналымына вексельдер, чектер, несие карточкалары және басқа да құралдарды енгізе отырып, қолма-қол есеп айырысуды қолма-қол ақшасыз операциялармен ауыстырып, ішкі және халықаралық нарықтардағы экономикалық қарым-қатынастар механизмін жеделдетіп, жеңілдетеді. 7 Осы міндетті шешуде тауар айырбасының аса қажет элементі ретінде коммерциялық несие белсенді рөль атқарады.
Ғылыми-техникаклық прогресті жеделдету
Соғыстан кейінгі жылдары ғылыми-техникалық прогресс шаруашылық субъектісінің экономикалық дамуындағы анықтаушы фактор болып табылады.
Оны жеделдетудегі несиенің рөлін ғылыми-техникалық ұйымдар қызметін қаржыландыру процесі мысалынан байқауға болады. Олардың қызметіндегі ерекшелік, ондағы алғашқы қаражатты салу мен дайын өнімді өткізу арасындағы уақыт айырмасы басқа салаларға қарағанда ұзақ болып келеді.
Нарықтық экономика жағдайында несие келесі функцияларды атқарады:
- уақытша бос ақша қаражаттарын аккумуляциялау;
- ақша қаражаттарын қайтарымдылық шартында қайта бөлу;
- айналымның несиелік құралдарын жасау (банкнот және қазына билеттері) және несие операцияларын жасау;
- жиынтық ақша айналымының көлемін реттеу.
Несиенің негізгі принциптері: ақылық, мерзімділік және қайтарымдылық.
Несиелеу әдісі - несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының шеңберінде қатынасу тәсілдері. Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық банктің тәжірибеде несиелеудің екі әдісін қолданған:
- қалдық бойынша несиелеу;
- айналым бойынша несиелеу. 8
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы несиеленетін құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болды. Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы-материалды құндылықтар (шикізат, негізгі және қосымша материалдар, қосалқы бөлшектер, тауарлар және т. б. ), аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге деген сұраныс тудырып, ал олардың азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын талап етті. Мұндай несиелеу әдісінде несие компенсациялық сипатта болады, өйткені, несие шаруашылық органдардың құндылықтары мен шығындар қорларының нормативтен жоғары бөлігінде жұмасалған меншікті қаражаттарының орнын жабуға бағытталды. Компенсациялық несиелер жай несиелік шоттар бойынша беріледі. Сондай-ақ, бұл несиенің қайтарылуы есеп айырысу шотынан шегеру жолымен жүзеге асырылады.
Қалдық бойынша несиелеу әдісі нарықтық жағдайға өтумен байланысты өзінің тәжірибелік маңызын жоғалтты, өйткені 80-ші жылдардағы банкті реформалаудың бірінші кезеңінің жүрісінде саны көп ауқымды объектілерді несиелеуден (қалдық бойынша, сол сияқты айналым бойынша да) бір тұтас несиелеу механизмі бойынша ірі объектілерді тек айналым бойынша несиелеуге өтудің ебъективті процесі аяқталды. Мұндай айналым бойынша несиелеу жиынтық қорлар мен өндіріс шығындары бойынша несиелеу формасында қабылдады, сондай-ақ мұндай формаға іс жүзінде шаруашылықтың барлық салалары өткізілді. Қазіргі жағдайда мұндай тәртіпте өнеркәсіптік, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылық, сауда және жабдықтау сату ұйымдары несиеленеді. 9
Сонымен, қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады:
- айналым бойынша несиелеу әдістері;
- қалдық бойынша несиелеу әдістері;
- айналым-қалдық бойынша несиелеу әдістері.
Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің айналымындағы қозғалысын жалғастырып отырады. Несие қарыз алушының шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген объективтік ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің азаюна байланысты несие қайтарылады. Бұл әдіс негізінен несиені қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту шараларына байланысты болып табылады.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие несиеге деген қажеттілік тауарлы-материалды құндылықтар және шығындар қалдықтарымен өзара байланысты. Мысалы, кәсіпорын өзіне қажетті құндылықтарды өзінің қаржылай көздері есебінен сатып алуы мүмкін және содан соң оларды қамтамасыз ете отырып, несие компенсациялау тәжірибесінде беріледі, ал қажетті материалды сатып алу шығындары авансылау үшін берілмейді.
Қалдық бойынша несиелеуде несиелеу объектісінің кішкене бөлігі қамтылса, ал айналым бойынша несиелеуде несиелеу объектісі толық қамтылады.
Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс-жүзінде ұштасуының нәтижесінде айналым - қалдықтық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде, несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде, берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде тауарлы-материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңінде несие клиенттің банк алдындағы мерзімді міндеттемелер негізінде өтеледі. 10
Шетелдік банктік тәжірибеде несиелеудің мынадай екі әдісі белгілі: бірінші әдіс бойынша несиені беру туралы мәселе әр рет алған сайын қарапайым тәртіппен шешіледі. Несие қаражатқа деген белгілі бір мақсатты қажеттілікті қанағаттандыруға беріледі. Бұл әдіс несиелерді нақты бір мерзімге, яғни мерзімді несие беру уақытында қолданады. Екінші әдіс барысында несиелер қарыз алушы үшін банктің алдын ала белгіленген несиелеу шегі көлемінде беріледі.
1. 2 Несиелеу принциптері
Банктік несиелеу белгілі принциптердің қатаң сақталуы жағдайында жүзеге асырылады, олар несиенің мәні мен мазмұнын көрсететін несиелеу жүйесінің басты элементтері болып табылады.
Несиелеу принциптеріне келесілер жатады:
- мерзімділік;
- қайтарымдылық;
- несиенің төлемділігі;
- материалдық қамтылуы;
- мақсатты бағыт.
Мерзімділік - қарыз қаражаттарды несие берушіге қайтарудың алдын-ала келісілген мерзімі, яғни несиені қайтарудың анықталған уақыты, оны бұзу белгілі санкцияларды қолдануға әкеледі. Несиелеу мерзімі - қарыз қаражаттардың қарыз алушының қарамағында болуының шекті уақыты.
Қайтарымдылық - негізгі қарыз соммасын несие берушіге келісілген шарт бойынша міндетті түрде қайтару; қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Бұл несиені басқа тауар-ақша қатынастарындағы экономикалық категориялардан ерекшелендіреді. Нарықтық экономикаға көшкеннен кейін несиелеудің бұл принципіне ерекше маңыз береді:11
- Біріншіден, қоғамдық ұдайы өндірісті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету осы принциптің сақталуына байланысты.
- Екіншіден, бұл принциптің сақталуы банктің өтімділігін қамтамасыз етеді.
- Үшіншіден, әрбір жеке қарыз алушы үшін бұл принципті сақтау банктен жаңа несие алу мүмкіндігіне жол ашады.
- Несиелеу мерзімін банк несиеленетін материалдық құндылықтардың айналымдылық мерзіміне және шығындардың ақталуына қарай бекітеді.
- Несиенің мерзімінде қайтарылуы принципі дифференциациялдылық принципімен тығыз байланысты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz