Инфляцияға жалпы сипаттама



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4
І ТАРАУ. ИНФЛЯЦИЯҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.

Инфляцияның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.9
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары ... ..10.15
Филлипстің қисық сызығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16.24

ІІ ТАРАУ. ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮРІ

Әкімшіл.әміршіл жүйе жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері.Инфляцияға қарсы саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25.26

Инфляция мен жұмыссыздық түрлері және арақатынасы ... ... .27.29
Жұмыссыздардың сан жағынан көбеюі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

ІІІ ТАРАУ.ЕҢБЕК БИРЖАСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ.
Еңбек биржасы және оның атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы ... ... ... ... ... ... ... 32.35
Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен қамту туралы ... 36

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37.40


Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі – inflatio – (вздутие) – қампаю, түңғыш рет Солтүстік Америкада 1861 – 1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдибеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін жиі қолданыла бастады. Қазіргі кездегі ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда экономика мен экономикалық теория бүгінгі күндерде қоғамды дамытудың басты пәрменді күші болып отыр. Экономикалық құрылымы өте күрделі және экономика ғылымы эволюциялық жолмен дамып , болжамдарды жалғастырып келеді. Экономика сонымен қатар қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды. Әсіресе, соның ішінде баға, табыс, жұмыссыздық және тағы басқа құбылыстардың өзгерісімен тығыз байланысты. Қазіргі күндері экономиканы біріншіден - өндіріс , инфляция , табыстар қозғалысын түсіндіру және жазу үшін, екіншіден – экономикалық тәртіпті негіздеу үшін қолданылады.
Экономиканың өзін макроэкономика және микроэкономика деп екі салада қарастырамыз. Бұл екі сала өзара бір – бірімен тығыз байланысты болады. Міне, осы макроэкономика саласының күрделі
Алғашқы рет ″ инфляция ″ деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ – та Азамат соғысы кезінде / 1851 – 1865 ж.ж / орасан зор гривналар /ақша орнына қолданылған күміс кесек 450 млн доллар / шығарылуына байланысты қолданыла бастады, ал оның төлем қабілеті 2 жылдың ішінде 60 % -ке дейін төмендеді.
1. Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанов “Макроэкономика” Алматы, 2003
2. Сахариев С.С , Сахариева А.С. “Әлем экономикасы” І,ІІ том
Алматы, 2003
3. Сахариев С.С , Сахариева А.С. “Жаңа кезең экономикалық теориясы” Алматы, 2004
4. Тарасевич Л.С. В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И., Галыпин “Макроэкономика” Санкт- Петербург, 1997
5. Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. “Жалпы экономикалық теория” Алматы-Ақтөбе, 2002
6. Я. Әубәкіров, Нәрібаев К., М.Есқалиев, Е.Жатқанбаев “экономикалық теория негіздері” Алматы, 1998

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3-4
І ТАРАУ. ИНФЛЯЦИЯҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.

1.1. Инфляцияның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..5-9
1.2. Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары ... ..10-15
1.3. Филлипстің қисық
сызығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..16-24

ІІ ТАРАУ. ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮРІ

2.1. Әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайындағы инфляцияның
ерекшеліктері.Инфляцияға қарсы
саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25-26
2.2. Инфляция мен жұмыссыздық түрлері және арақатынасы ... ... .27-29
2.3. Жұмыссыздардың сан жағынан
көбеюі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

ІІІ ТАРАУ.ЕҢБЕК БИРЖАСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ.
3.1. Еңбек биржасы және оның атқаратын
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... .31
3.2. Жұмыспен қамту саясаты және еңбек
нарығы ... ... ... ... ... ... ... 32-35
3.3. Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен қамту туралы ... 36

Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 37-40
Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..41

Кіріспе
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде.
Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция
термині латын сөзі – inflatio – (вздутие) – қампаю, түңғыш рет Солтүстік
Америкада 1861 – 1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып,
айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ
ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық
әдибеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүние жүзілік соғыстан
кейін жиі қолданыла бастады. Қазіргі кездегі ауқымды өзгерістер кезеңі
қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда экономика мен
экономикалық теория бүгінгі күндерде қоғамды дамытудың басты
пәрменді күші болып отыр. Экономикалық құрылымы өте күрделі және
экономика ғылымы эволюциялық жолмен дамып , болжамдарды жалғастырып
келеді. Экономика сонымен қатар қоғам өмірінің көптеген мәселелерін
қамтиды. Әсіресе, соның ішінде баға, табыс, жұмыссыздық және тағы басқа
құбылыстардың өзгерісімен тығыз байланысты. Қазіргі күндері экономиканы
біріншіден - өндіріс , инфляция , табыстар қозғалысын түсіндіру және жазу
үшін, екіншіден – экономикалық тәртіпті негіздеу үшін қолданылады.
Экономиканың өзін макроэкономика және
микроэкономика деп екі салада қарастырамыз. Бұл екі сала өзара бір –
бірімен тығыз байланысты болады. Міне, осы макроэкономика саласының
күрделі
Алғашқы рет ″ инфляция ″ деген ұғым ақша
айналымына қатысты АҚШ – та Азамат соғысы кезінде 1851 – 1865 ж.ж
орасан зор гривналар ақша орнына қолданылған күміс кесек 450 млн
доллар шығарылуына байланысты қолданыла бастады, ал оның төлем
қабілеті 2 жылдың ішінде 60 % -ке дейін төмендеді.
Инфляция тек қағаз ақшаға тән және ол экономиканың кез
– келген үлгісінде орын алады, көбінесе инфляция айналымдағы ақшаның
көбеюімен бейнеленеді. Бірақ кейде, инфляциялық ахуал, айналымдағы
ақшаның саны бір қалыпта қалған күнде – де туады. Мысалы, егер елде
тауар өнімінің көлемі азайып кетсе, онымен тікелей байланысты тауар
айналымының да көлемі азаяды. Олай болса , оларға жұмыс жасайтын
ақшаның да саны азаяды. Сөйтіп , дәл осы кезде айналымда жүрген
ақшаның кейбір бөлігі артық болып шығуы мүмкін . Тап осындай
жағдай ақша айналымы жеделдетілсе де туады. Ақша айналымын жеделдету
, басқа жағдайлары бірдей болғанда, айналымға қосымша ақша
шығарғанмен бірдей.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша
массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына
және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым
процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз.
Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән
“ғажайып” құбылыс емес. Ол – күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс, оны
тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс
сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің
экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.

І ТАРАУ. ИНФЛЯЦИЯҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.
1.1. Инфляцияның түрлері.

Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте,
төтенше жағдайларға байланысты болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында
мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларға мәжбүр
болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға,
ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10%
-тен аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны
экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық
саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен
сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік
береді.
Жоғары қарқынды(галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-
дан 200%-ке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген
контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.
Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері
мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді.
Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%- ке
дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның
ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны
басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша
мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады.
Инфляция балансталған, тепе-тендіктің болуы мүмкін, яғни бағаның
өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай
жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка проценті көбейеді, бұл
бағалардың тұрақтануы кезеңіндегі экономикалық ахуалды білдіреді.
Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитын инфляциядан ажырата
білу керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны
“жоспарлайды”, мысал ретінде Ресей федерацияның, Қазақстанның 1991 жылы
бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарылату қарқынының
бағдарламасын келтіруге болады.
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен
сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер
экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан
қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын
шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын
қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылпды. Бағаның
тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін
өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі “инфляцияны күту ” басталмаған
экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше
болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген
үмітпен, тұтынушылар нарыққа сатып алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана
ақша жұмсайды, көбірек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған
шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы
да өзінің тепе-тендік жағдайына келеді. Біз нарықтық шаруашылық қызметінің
әсерін, оңды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу эффектісі деп атайды.
Инфляция ерекшелігі. Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті
валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни
ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты
жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға
сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар
рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес.
Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақты
экономикалық жағдайдар да әсер етеді. Ақша әсерінен тыс тауар бағаларының
өзгеруі еңбек өнімділігінің артыуна цикілдік және маусымдық толқуларға
ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге бағаның монополиялануы мен
экономиканы мемлекеттік реттеуге салықтың жаңа ствкаларын енгізуге ақша
өлшемінің девалвациялануы мен ревальвациялануына рынок конъюнктурасының
өзгеру мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т. б.
байланысты. Демек бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері
болады. Конъюктураның циклдік толқуынан болатын бағаның өскін инфляцияға
жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе ХІХ –
ХХ ғасырдың бас кезіне тән классикалық түрі) бағалардың динамикасы өзгеріп
отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен дипресия
фазасында төмендеп жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек
өнімділігін арттыру бағаның төменденуіне әкелу тиіс. Циклдық толқулардың
тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек, өнімділігінен артып кетуінде.
Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады. Ол өз кезегінде баға
деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның
инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық су басып кеткен аймақтардағы
құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын
өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында баға төмендеуі
тиіс. Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз?
Инфляция көп сәйкессіздіктерімен байланысты екенін еске ұстап, оның
ішіндегі ең бастыларын атайық.
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-
теңдігінің бұзылуы баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан
көрінеді. Егер дефецит орталық эмисия банкісінің заем арқылы
қаржыландырылса басқаша айтқанда ақша станогы белсенді пайдаланылса онда
айналыста ақша массасы көбейеді.
Екіншіден, осындай жолмен әдіспен инвестицияны қаржыландыру
жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе
экономиканы милитариландыру мен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді.
Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар
қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. әскери ассигнациялар бір сәтке ғана
қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен өамтамазыс етілмеген
ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік
бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне
ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгңейінің жалпы өсуі қазіргі арықтық
экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі
нарықта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай
уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигопиялық нарық.
Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді.
Олигопиялар бағаны бірініші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы.
Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен
тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік
жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополистерге
жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте
әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында “импорттық”инфляцияның
қаупі туады. Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы
(энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп,
технологиялық тізбек бойынша басқа тауарла бағасының қымбаттауына әкелді.
“Импорттық” инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын
ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарлату арқылы мұнай импортын
арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық
бағасын да қымбататады, ал бұл дүнмежүзілік нарықта бәсекелестік қабілетті
төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол
“инфляция ны күту” нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген
экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық
пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы
саясаттың ең басты міндеті.
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі
қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық
бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны
көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың
бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне жоғары баға
бермейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикі зат, материал, қосалқы бөлшектер
қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасындағы (қаңтар-көкек 1992ж) инфляцияның
жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жбдықтаушылардың бағаны көтеру
мүмкіндігінен сақтанып, алдынала өз өнімдерінің бағасын жоғарлатты.
Нәтижесінде ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрыңғы
төлем қабілеті бар сұраныс деңгеінде ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден
де асып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің
сан түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың
комбинациясы жекелеген елдердің нақты экономикалық жағдайына байланысты.
Айталық Батыс Еуропада 2-ші дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция
көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда
инфляциялық құбылыстың күшеюне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының
арақатысы, инфляцияның басқа елдерден клуі және т.б. факторлар себепші
болды.
1.2. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары.
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді.
Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарлатып, уақытша
коньюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы
өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік
шиеліністерді тереңдетеді. Инфляция атын текіректеп шауып, бой бермеген
кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп,
экономикалық саясаииы жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі
экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын
бүркемелеп, ішкі нарықта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция
тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан
тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны
жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы
құнсызданады, банктер несие беретін мекемелер зиян шегеді. өндірістің
интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық
валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта
бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номеналды және нақты жалақының
өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады.
Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері,
зейнеткелер т.б. басынан өткізеді. Сонымен инфляциялық ахуал көптеген
себептердің әсерінен тууы мүмкін. Осы себептерді екі топқа бөлуге
болады :
1. Ақша айналымымен тікелей байланысты себептер
• Айналымға бюджеттің тапшылығын жабу үшін , тауарлық
ресурстармен қамтамасыз етілмеген тым көп қолма – қол ақша
шығару;
• Айналымға қолма – қол емес ақша шығарумен байланысты ,
шаруашылыққа шамадан тыс көп несие беру;
• Ұлттық валютаның бағамын бір деңгейде ұстау үшін Ұлттық
банктің , басқа елдердің, еркін айырбасталымды валюталарын
сатып алу немесе сату.
2. Ақша айналымы мен жанама байланысты себептер
• Шаруашылықтың үйлесімді өркендеуінің бұзылуы ;
• Шаруашылықтың шығынды тетігі ;
• Салық саясаты ;
• Баға саясаты ;
• Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі

Бір қарағанда екінші топта келтірілген
себептер инфляциямен байланысы жоқ сияқты болып көрінеді , бірақ
бұдардың әрқайсысы айналымдағы ақшаның жинағының өзгеруіне әсер ете
алады , сөйтіп инфляциялық ахуал туғыза алады. Мысалы , шектен тыс
жоғары салықты өндіріс пен тауар айналымының өсуін
ынтымақтандырмайды , керісінше , инвестицияның белсенділігі төмендейді ,
соның нәтижесінде өндіріс көлемі де , тауар айналымы да азайып ,
айналымда артық ақша пайда болады.
Макроэкономикалық құбылыстарға басты себептер
ұлттардың табысқа жету – жетпеуіне байланысты болады.
Ұлттар өзінің экономикалық жағдайындағы
шығындар, салықтар, ақша айналысындағы өзгерістеріне экономикалық
саясат арқылы әсер етеді.
Өсудің тенденциясын анықтау көрсеткіші үшін
өндірістің потенциалдық көлемін, яғни оның мүмкіндігінің минимумын
алады.
Өндірістің потенциалдық көлеміне жету –
жұмыспен қамтамасыз етуге , инфляцияның ұлғаюына байланысты,
жұмыссыздық көбейген кезде инфляция төмендейді. Сонымен қатар, соңғы
уақытқа дейін біздің санамызда ″ инфляция ″ ұғымы капитализмнің
келелі ретінде орнықты. Құн заңы әрекетімен анықталатын тауар ақша
қатынастарының болуы инфляциялық процесстерді тудырады. Инфляцияның
себебі, әрекет ету механизмі, көрінуі және оның зардаптарымен күресу
жолдары бұрын соңды біздің елде зерттелмеген.
Қазіргі кезде ол барлық жұмысшы күштерінің 6 % -тін
қамтиды.
Сонымен инфляция дегеніміз - латын сөзінен алғанда
inflatio қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік –
экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша
өлшемдері қосындысынан артып кетіп , осының нәтижесінде тауарлармен
қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Оның
мәнін түсіну үшін 10 млрд алтын доллар керек екен , ал қағаз ақша
20 млрд доллар шамасында шығарылды делік. Мұның өзі қағаз доллардың
екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшылардың
жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі , тауар бағасы бірнеше
есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрезесінен арттырмауға
тырысады. Ақшаның құнсыздануы , халықтың әл – ауқатының дәрежесін
төмендетуге әкеп соқтырады.
Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның
деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады.
Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып таур азық –
түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Инфляция қағаз ақшалардың алтынмен салыстырғанда құнының
төмендеп кетуінен туады да, товар бағасының көтерілуіне әкеліп
соғады.
Егер қағаз ақшалар товар айналысына қажетті мөлшерде
шығарылатын болса, онда бұл ақшалардың нақтылы сатып алу
қабілеттілігі олардың мазмұнына сәйкес келетін болады.Осылардың
нәтижесінде девальвация және ревальвация деген ұғым бар.
Девальвация дегеніміз – қағаз ақшаның ресми құнының
өзіне тұрақты қалпына келтіру. Ол үшін бағасы төмендеп ақшаларды
айналыстан шығарып оның орнына толық құнды кредит билеттерін
шығару яғни бұл ашық девальвация . Айналыстағы қағаз ақшаның
ресми құнының төмендету бұны бүркемелі девальвация мақсатымен ақша
реформасын жүргізу. Ұлттық ақша өлшемінің алтындық мазмұнын кеміту
және шет ел валюталарымен қатынас курсын төмендету.
Ревальвация дегеніміз – ақша курсын көтеру. Алтын немесе
шет ел валютасымен салыстырғанда мемлекеттік қағаз ақша курсның
өсуі. Ревальвация – ақшаны тұрақтандыру , бағаның инфляциялық өсуіне
қарсы ықпал етудің белгілі бір әдісі.
Шет ел мамандары инфляцияның өсу қарқынына
байланысты оны 3 түрге бөледі :
1. Баяу және сұлама инфляция
2. Қарқынды инфляция
3. Ұшқыр инфляция
Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де жылына 10 %-тен
аз ақша негізінде өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халық та,
мемлекет те төтенше жағдайда тап болмайды.
Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10 – 20 –дан 200 % -
ке дейін өседі. Соның салдарынан жалақы өсіп, ол одан әрі өсуіне
әкеп соқтырады.
Ал ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға
астрономиялық қарқынмен 1000 % -тен жоғары өседі. Баға мен
жалақының арасы алшақтап , бай адамдардың да тұрмыс жағдайы,
тіршілігі қиындай бастайды.
Шет ел нарықта болатын инфляциялық тепе – теңдік
формаларына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы деп бөледі.
Еркін баға белгілеу экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар
мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді. Ашық инфляция
кейбір тауар нарығындағы бағаның оқтын – оқтын төмендеуімен немесе
оның өсуінің баяулауымен сыйса береді.Ал ол ашық инфляцияның нарық
механизмін едәуір бұрмалағанымен әйтсе де оны толық бүлдіре
алмайтын көрсетеді.
Жасырын инфляция деп аталаын басылыңқы инфляция
реттелмелі бағалар қолданылатын экономикаға тән , ол тауар
тапшылығында , өнімніңсапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда
астыртын экономикада көрінеді. Егер біздің осы уақытқа дейінгі
экономикамызды алсақ, онда ұзақ жылдар бойы басылыңқы инфляция
жағдайында болды. Және болашақ экономика үшін бұл қауіпті емес,
одан әлі де болса құтылуға болады 1993 ж дейінгі .
Сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны екі типке
бөлуге болады :
1.Сұраным инфляцияциясы
2. Ұсыным инфляцияциясы
Сұраным инфляцияциясы – нарықтық байланыстарда монополизм мен
әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесінің ұзақ үстемдігі болған
жағдайда да орын алады.
Ұсыным инфляцияциясы - өндіріс шығындарының өсуінің немесе жиынтық
ұсынымның нәтижесінде болады. Тағы ұсыным инфляцияциясы ұсыным мен
шығындарды өзгерту нәтижесінде болуы мүмкін.
Ұсыным инфляцияциясының екі түрі бар:
1) Жалақының өсуі әсерінен болатын инфляция
2) Ұсыным экономикасы механизмінің бұзылуы нәтижесінде пайда
болатын инфляция

Инфляцияның сипаты қоғамдық ұдайы өндірісті дамыту
барысында елеулі түрде өзгереді. Осыған байланысты инфляцияны кейбір
елдерде орын алатын жергілікті инфляция, барлық елдерді қамтитын
бүкіл әлемдік инфляция, елде бір ішкі экономикалық факторлардың
әсерінен болатын индуцироланған инфляция , мөлшерден тыс несие
экономикасынан туындайтын несие инфляциясы , сыртқы себептерден
туындайтын сырттан әкелінген және сыртқа шығарылатын инфляция,
инфляциялық процестің бір қалыптылығы еместігімен байланысты болатын
сатылы инфляция деп ерекшеленеді.

1.3. Филлипстің қисық сызығы.
Инфляция жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер етеді. 1958 жылы
ағылшын экономисі А. Филлипс оның ықпалын көрсететін, “с9раныс инфляциясы”
деген үлгіні ұсынды. 1861-1956 жылдардағы Ұлыбритания санақтары деректерін
пайдалана отырып, ол жалақы ставкасы өзгеруі мен жұмыссыздық деңгейінің
арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық арқылы көрсетті. Сөйтіп,
Англиядағы жұмыссыздықтың 2,5-3 проценттен артық көбейтуі баға мен жалақы
өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді.
Үкімет Филлипстің қисық сызығын сол күйінде экономикалық
саясатты жасаудың құралы ретінде қолданды. Әсіресе ол толық жұмыспен қамту
және өндіріс бағасының тұрақтылығын анықтайтын жағдайда пайдаланылды.
Абцисса өсінде жұмыссыздық деңгейі, ординат өсінде тауар
бағаларының өсу қарқыны бейнеленеді. Қисық сызық өсі параметрлердің
көрінісі.

Егер үкімет жұмыссыздық деңгейі И1 (оған баға өсу қарқыны сай Р1
келеді) төтнше жоғары деп есептесе, онда оны төмендету үшін бюджеттік және
ақша – несие шаралары қолданады, олар өз кезегінде сұранысты күшейтеді. Бұл
өндірістің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі.
Жұмыссыздық нормасы И2 мөлшеріне дейін төмендейді, бірақ дәлсол мезгілде
инфляция қарқыны Р2-ге дейін жоғарылайды. Мұндай жағдайлар экономиканың
“қызып” кетуіне, дағдарысқа ұшырауына әкелуі мүмкін, сондықтан үкімет несие
беруді тежеу, мемлекеттік бюджеттің шығыстарынкеміту және т.б. шаралар
жүргізеді. Нәтижесінде бағаның өсу қарқыны Р3 деңгейіне төмендеп, ал
жұмыссыздық өсіп, оның нормасы И3 болады.
Экономикалық реттеу тәжірибесі көрсеткендей, Филлипстің қисық
сызығы қысқа мерзімді экономикалық жағдайларда қолдануға келеді. Өйткені
ұзақ мерзімді жоспарда ( 5-10 жыл) жұмыссыздықтың жоғары болуына қарамастан
инфляция үдей береді, мұның бірталай себептері бар.
Бұлардың ішіндегі жиынтық сұранысты ынталандыру міселесін
бөліп көрсеті керек. Үкімет инфляция арқылы жұмыссыздықтың төмен деңгейін
тұрақтандыру үшін еңбекшілерді “жалған күту” дегенге сендіре алса діттеген
мақсатына жетеді. Мысалы, жалдамалы жұмысшылар номиналды жалақы ставкасының
өсуін байқап, еңбек ұсынысын көбейтеді. Мұнда Филлипстің концепциясы
бойынша инфляцияның өсуі (мұнымен байланысты номиналды алаөының өсуі)
жұмыссыздықты азайтуы мүмкін. Бірақ, бір кезде халық номиналды жалақының
жоғары ставкасының шын бағасын біледі. Өйткені, инфляция тұсында нақты
жалақының жоғарылауы оның номиналды дәрежесінің өсуімен бірдей емес, оған
сәйкес келмейді. Егер адамдар алған ақшаларына қызмет пен тауар сатып алуды
бірте-бірте азайтса, үміттің үзілгені, онда ешкім де жалақының өсуіне
қарамастан еңбегін ұсынбайды.
Мұндай өзара тәуелділікке 60-шы жылдары американ экономисі М.
Фридмен ерекше назар аударды. Ол жұмыссыздықпен күресуде жиынтық сұранысты
инфляциялық шаралармен “толтыру” тиімсіз деп көрсетті. Халық өзінің “жалған
күтуін ” сезіп, номеналды ставканы жоғарылату жалақыны сатып алу қабілетін
жоғарылатумен сәйкес еместігін түсінгенде ғана инфляцияның өсуі еңбіктік
ұсынудың өсуімен жүрмей оның азаюы, яғни жұмыссыздықтың өсуімен жүреді.
Филлипстің қисық сызығын экономикалық талдау үшін тек қарқыны
төмен, баяу инфляцияға ғана қолдануға болады деген де сөздер бар.
Күтпегенэкономикалық күйзелісте инфляцияның қарқыны кенеттен өседі және ол
жұмыссыздықтың көбеюімен қабаттасады. Басқа сөзбен айтқанда Филлипстің
қисық сызығы көрсететін статистикалық қатынас, ұзақ уақытқа тұрақты
экономикалық заңдылық бола алмайды.
Мұның орнына жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деген теория шықты.
Ол 1679 жылдан АҚШ-тың (рейган мен Дж. Буштың республикалық әкімшілігі)
және Англияда ( М. Тетчер үкіметі) экономикалық талдауында қолданылды.
Бұл теориның мәні мынада: қарқыны баяу, орта, яғни қоғамға
қолайлы инфляция деңгейі тек жұмыссыздықтың табиғи дәрежесінде ғана мүмкін
болады. Ал табиғи жұмыссыздықтың дәрежесі әр түрлі кәсіп иелерін жұмыспен
қамту жөніндегі ақпараттарға сүйене отырып, олардың фрикциондық және
құрылымдық түрлерін есептеу арқылы анықталады. Жұмыссыздықтың табиғи
дәрежесі мен инфляция қарқынын баяулатуға, тұрақтандыруға бағытталған
экономикалық саясат мақсатына жете бермейді. Оның оңды нәтижелерімен қатар
( 80-ші жылдардың 2-ші жартысында АҚШ-та инфляция қарқыны едәуір
төмендеді), мынаны атап өту керек, жұмыссыздық табиғи деңгейіне жеткенде
инфляция біраз уақыт энерциямен қозғалады да содан кейін оның қарқыны жедел
төмендейді. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі соңғы он жылдықта барлық батыс
елдерінде дерлік өсті . Инфляцияны ауыздықтаудың дәстүрлі жолы ақша
ұсынысы мен мемлекттік шығындардың өсуін тоқтату.
Инфляция зардаптарын бейтараптандыру мақсатымен
мемлекет инфляцияға қарсы саясат жүргізеді. Мемлекеттің инфляцияға
қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, баға мен жалақыны реттеу
қаржыны сауықтандыру, несие экономикасын тежеу, ақшаны эмиссиялауды
қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру
арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады.
Инфляция ″ экономикалық аурудың ″ ерекше түрі болып саналады. Ол бір
мезгілде материалдық қаржылық сәйкессіздіктің әрі салдары, әрі
себептері ретінде көрінеді. Оны бүкіл шаруашылық механизмімен емдемей
жеңуге болмайды, яғни егер инфляциялық вирус инфляцияға қарсы
саясаттың жүзеге асуын қиындататын болса, экономиканы сауықтыру
нәтижесіз болуы мүмкін.
Ақша реформасын жүргізудің екі формасы бар бірінші,
жаңа ақша жүйесін құру – ол алғашқыда металл ақша жүйесін құрғанда,
сонымен қатар мемлекеттік құрылым өзгергенде, яғни отаршылық жүйе
құлап, оның орнына отаршылықтан арылған саяси тәуелсіз мемлекеттер
пайда болғанда және 90 жылдардың басында КСРО – ның орнына ТМД
елдері құрылғанда бұл елдердің даму ерекшеліктеріне байланысты өзіне
тән жаңа ақша жүйесі пайда болды.
Екінші, ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгерту, яғни жаңа
ақша өлшемін енгізу , баға масштабының , ақша түрлерін өзгерту.
Соғыс және революциядан кейінгі жылдары көптеген
мемлекеттер ақша айналысын тұрақтандыру мен экономиканы қалпына
келтірудің ең бір қажетті жолы ретінде мына әдістерді қолданады :
нуллификация , рестврация ( ревальвация ), девальвация және деноминация.

• Нуллификация - ол құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа
валютаны енгізу әдісі.
• Реставрация - ол ақша өлшемінің бұрынғы алтын ақша
өлшемінің бұрынғы алтын құрамын қалпына келтіру әдісі.
• Девальвация - ол ақша өлшемінің алтын құрамын төмендтету.
• Деноминация - ол ″ нольдерді сызу ″ әдісі, яғни баға масштабын
ірілендіру.
Қазақстанда өндірісті дамытуға бағытталған
экономикадағы сәйкәссіздіктерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты
Қазақстандағы инфляциялық жағдай
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама. Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. Қазақстан Республикасының экономикалық өсімі
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама (2013-2015). Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. ҚР экономикалық өсім
Инфляция және жұмыссыздықтың өзара байланысы
Инфляцияның әлеуметтік экономикалық салдары және инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияның мәнін ашу, оның түрлері және ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін анықтау
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы
Инфляция - пайда болу себептері және онымен күресу жолдары
Макро экономика
Пәндер