Ұзақ мерзімді міндеттемелер



Кіріспе
І тарау. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің мәні, жіктелуі
1.1. Ұзақ мерзімді міндеттеме түсінігі
1.2. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің бағалануы

ІІ тарау. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің аналитикалық
және синтетикалық есебі
2.1. Банктік мекемелер несиесінің есебі
2.2. Банктік емес мекемелер несиесінің есебі

ІІІ тарау. Ұзақ мерзімді міндеттемелерді есепке алуда
қолданылатын негізгі шоттар корреспонденциялары
және ситуациялық мысалдар.


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын өз шаруашылық қызметін қалыпты жүргізу үшін сырттан қаражаттар тартады. Олар мерзіміне қарай ұзақ және қысқа мерзімді міндеттемелер деп бөлінеді.
Міндеттеме дегеніміз - тұлғаның (борышқордың) басқа бір тұлғаның (кредит берушінің) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау, мәселен, мүлкін беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және басқа да не белгілі бір іс-әрекеттен бас тартуы, ал кредит берушінің борышқордан оның міндеттерін атқаруын талап етуге құқығы бар.
Сондықтан, осыны ескере отырып, ұзақ мерзімді міндеттемелердің маңызы ерекше орынға қойылады.
Тақырыптың жаңашылдығы - бухгалтерлік есепке алу шоттарының жаңа үлгі жоспарын басшылыққа ала отырып, ұзақ мерзімді міндеттемелерді есептеудің мысалдарын келтіре отырып, талдануы болып табылады.
Курстық жұмыс үш тараудан тұрады: “Ұзақ мерзімді міндеттемелердің мәні, жіктелуі”, “Ұзақ мерзімді міндеттемелердің аналитикалық және синтетикалық есебі” және “Ұзақ мерзімді міндеттемелерді есепке алуда қолданылатын негізгі шоттар корреспонденциялары және ситуациялық мысалдар”.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында ұзақ мерзімді міндеттеме түсінігі бірқатар экономист ғалымдардың пікірлерін салыстыра отырып, анықталған. Сондай-ақ ұзақ мерзімді міндеттемелердің бағалануының ерекше-ліктері қарастырылған.
Осы жұмыстың екінші тарауында банктік мекемелер несиесінің есебі және банктік емес мекемелер несиесінің есебі жеке-жеке келтірілген.
Курстық жұмыстың үшінші тарауында ұзақ мерзімді міндеттемелерді есепке алғанда қолданылатын негізгі шоттар корреспонденциялары және ситуациялық мысал-дар талданған.
1. ҚР Президентінің жарлығы, 1995ж 26 желтоқсан, №2732

2. №2 стандарт “Бухгалтерлік баланс және қаржы
есептеріндегі негізгі алынымдар” 1997 жыл 1 қаңтар.

3. // Бухгалтер бюллетені, №33 (242) тамыз 2002ж

4. // Заочная школа бухгалтера №4, 1999ж

5. А.Н. Азрилиян. Большой бухгалтерский словарь-
Москва, Институт новой экономики, 1998ж

6. Баймұханова. Бухгалтерлік есеп - Алматы, 1998ж

7. Кеулімжаев. Қаржылық есеп - Алматы, 2002ж

8. В.К Радостовец. Бухгалтерский учет на
предприятий-Алматы: Центраудит-Казакстан, 1998ж.

9. Рахимбекова. Финансовый учет на предприятии - Алматы:
Экономика, 2003ж

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

І тарау. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің мәні, жіктелуі
1.1. Ұзақ мерзімді міндеттеме түсінігі
1.2. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің бағалануы

ІІ тарау. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің аналитикалық
және синтетикалық есебі
2.1. Банктік мекемелер несиесінің есебі
2.2. Банктік емес мекемелер несиесінің есебі

ІІІ тарау. Ұзақ мерзімді міндеттемелерді есепке алуда
қолданылатын негізгі шоттар корреспонденциялары
және ситуациялық мысалдар.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

К І Р І С П Е

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын өз шаруашылық қызметін қалыпты
жүргізу үшін сырттан қаражаттар тартады. Олар мерзіміне қарай ұзақ және
қысқа мерзімді міндеттемелер деп бөлінеді.
Міндеттеме дегеніміз - тұлғаның (борышқордың) басқа бір тұлғаның
(кредит берушінің) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау, мәселен, мүлкін
беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және басқа да не белгілі бір іс-әрекеттен
бас тартуы, ал кредит берушінің борышқордан оның міндеттерін атқаруын талап
етуге құқығы бар.
Сондықтан, осыны ескере отырып, ұзақ мерзімді міндеттемелердің маңызы
ерекше орынға қойылады.
Тақырыптың жаңашылдығы - бухгалтерлік есепке алу шоттарының жаңа үлгі
жоспарын басшылыққа ала отырып, ұзақ мерзімді міндеттемелерді есептеудің
мысалдарын келтіре отырып, талдануы болып табылады.
Курстық жұмыс үш тараудан тұрады: “Ұзақ мерзімді міндеттемелердің мәні,
жіктелуі”, “Ұзақ мерзімді міндеттемелердің аналитикалық және синтетикалық
есебі” және “Ұзақ мерзімді міндеттемелерді есепке алуда қолданылатын
негізгі шоттар корреспонденциялары және ситуациялық мысалдар”.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында ұзақ мерзімді міндеттеме түсінігі
бірқатар экономист ғалымдардың пікірлерін салыстыра отырып, анықталған.
Сондай-ақ ұзақ мерзімді міндеттемелердің бағалануының ерекше-ліктері
қарастырылған.
Осы жұмыстың екінші тарауында банктік мекемелер несиесінің есебі және
банктік емес мекемелер несиесінің есебі жеке-жеке келтірілген.
Курстық жұмыстың үшінші тарауында ұзақ мерзімді міндеттемелерді есепке
алғанда қолданылатын негізгі шоттар корреспонденциялары және ситуациялық
мысал-дар талданған.

І тарау. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің мәні және
жіктелуі.

§1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер түсінігі.
Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада
қызмет атқаратындығына қара-мастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының
да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналыса-тын субъекті сол
өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушының
алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол
сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің алдында
міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын
субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмыс-шы қызметкерлерге
олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз
немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының
жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз,
несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндетте-мелерін
шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып,
аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі.
Кәсіпорын әдетте міндеттемелердің екі түріне ие болады: қысқа мерзімді
және ұзақ мерзімді. Қысқа мерзімді деп - кәсіпорынның айналым қаражаттарын
пайдалануды қажет ететін міндеттемелерді айтады. Қысқа мерзімді
міндеттемелерді орындау мерзімі бухгалтерлік баланстың бір жылы немесе
шаруашылық циклінің басталуы деп есептеледі. Қысқа мерзімді міндеттемелерге
мысал ретінде қысқа мерзімді төлеуге вексельдер, төлеуге еңбекақы, кепілдік
қызмет көрсету бойынша міндеттеме, еңбекақыдан әлеуметтік сақтан-дыруға
және басқа салықтар жатады.
Кәсіпорынның айналым қаражаттарын пайдалануды көздемейтін
міндеттемелер, яғни оларды төлеу мерзімі бір жыл ішінде болмайтын
міндеттемелер ұзақ мерзімді міндеттемелер санатына жатқызылады1.
“Кәсіпорындағы қаржылық есеп” кітабында ұзақ мерзімді міндеттеме-лерге
төмендегідей анықтама берілген: “Ұзақ мерзімді міндеттеме - бұл баланстың
фактілік датасынан бастап төлемі бір жылдан асатын міндеттеме болып
табылады”2. Ал Азрилиянның “Үлкен бухгалтерлік сөздігінде” ұзақ мерзімді
міндеттемелерді келесідей анықтаған: “Бірқатар ел компанияларының баланс
пассивінің бабы, ал салыстырмалы түрде ұзақ мерзімге беріледі. Бұған
несиеден басқа, әр түрлі мақсатты және бағаланған резервтер жатқызылады.
Бұл бап жеке (меншікті) капи-талмен бірге негізгі капитал салымдарын
қаржылан-дырады”3.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерге мысал ретінде жал міндеттемелері, ұзақ
мерзімді төлеуге вексельдер, өнімнің сапасына кепілдік міндеттемелер және
төлеуге облигация жатқызылады. Алайда, аталмыш міндеттемелердің әрбі-реуі,
мәселен, төлеуге вексельдер, ұзақ және қысқа мерзімді болуы мүмкін.
Сондықтан, ұзақ мерзімді міндеттемелерді бағалау-мен өлшегенде келесі
қағидаларды ескеру қажет:
- ұзақ мерзімді міндеттемелер тауарлар мен қызмет-тердің ағымдағы
құнымен тіркеледі;
- пайызды кезеңді төлеу міндеттеме шыққан күннің ағымдағы пайыздың
мөлшерлемесіне негізделеді;
- бухгалтерлік баланс құрғандағы ұзақ мерзімді міндеттеменің құны-
эмиссия кезінде ағымдық пайыз мөлшерлемесін дисконттағанға дейінгі қалған
қолма-қол төлемдердің фактілік құны.
Міндеттеме дегеніміз - келісім-шартпен ресімденген азаматтық-құқықтық
қатынастар, ол бойынша бір жақ басқа жақтың пайдасына белгілі бір әрекет
жасауы керек. Міндеттеменің екінші анықтамасына тоқталсақ, ол болашақта
төленуге тиісті ақша сомасы. Көпшілік міндеттеменің өлшемі мен төлеу күні
алдын-ала белгілі болады. Жалпы міндеттемелерге ұзақ мерзімді борыш,
банктік овердрафттар және жабдықтаушылармен қарыз жатқызылады.
Міндеттемелер төлеу мерзімінде төлеуге тиісті сома-мен анықталады.
1.2. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің бағалануы.

“Қаржы есептерін әзірлеп, тапсыруға арналған тұжырымдамалық
негіздемеде” қаржы есептерінің элементтерін бағалауға мынадай түсінік
берілген1.
Бағалау - бұл активтер мен міндеттемелер танылып, қаржы есептерінде
тіркелетін ақша сомасын айқындау әдісі.
Бағалаудың бірқатар әр түрлі негіздері қаржы есептерінде әр түрлі
дәрежеде және әрқилы құрамаларда пайдаланады. Олар мынадай ұғымдарды
қамтиды:
1) Бастапқы құн.
Міндеттемелер міндеттемеге ауыстырып алынған түсім сомасы бойынша
немесе белгілі бір жағдайларда (мысалы, табыс салықтары) қалыпты өрістеген
жағдайларда міндеттемені орындау үшін төленетін ақша қаражаты сомасы
бойынша көрсетіледі.
2) Ағымдағы құн.
Міндеттемелер міндеттеменің ақысын төлеу үшін қажет болатын ақша
қаражатының дисконттелмеген сомасы бойынша көрсетіледі.
3) Өткізу құны.
Міндеттемелер оларды өтеу үшін қажет болатын ақша қаражатының
дисконттелмеген сомасын бейнелей-тін міндеттемелердің өтеу құны бойынша
көрсетіледі.
4) Дисконттелген құн.
Міндеттемелер субъектінің қалыпты қызметі жағ-дайында міндеттемелерді
өтеу үшін пайдаланылуы мүмкін ақша қаражатының болашақ таза аударым-дарының
дисконттелген құнын бейнелейтін ағымдағы құн бойынша көрсетіледі.
5) Баланстық құн - бұл активтер мен міндеттеме-лерді есепті күнгі
бухгалтерлік баланста көрсету құны.
Енді ұзақ мерзімді міндеттемелердің бағалану ерек-шеліктеріне
тоқталайық.
Міндеттемелер (несие қарызы) әдетте қарызды төлеу үшін қажетті сомамен
немесе нарық жағдайында ұсынуға керек тауарлар және қызметтердің құнымен
бағаланады. Бірқатар міндеттемелер үшін сома алдын ала белгілі болады,
бірақ кейбіреулеріне оны есептеп шығару керек. Мәселен, автокөлікті сатушы
адам бір кепілдік жыл бойы қосалқы бөлшектерді жеткізіп, осы мерзім ішінде
қызмет көрсетуі керек. Сату болғандықтан міндеттеме бар болып тұр, бірақ
оның сомасы есептеліп шығарылуы тиіс.

ІІ тарау. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің аналитикалық
және синтетикалық есебі.

2.1. Банктік мекемелер несиесінің есебі.
Несие - бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның
заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде процент (пайыз, өсім) алу үшін
белгілі бір заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге бай-ланысты пайда
болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында несие коммер-циялық және банктік болып
екіге бөлінеді.
Коммерциялық несие - бір субъектінің екінші субъектіге сатқан тауарының
құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.
Банк несиесі - субъектіге ақша қаражаты түрінде өндірісін ұлғайтуға,
ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі1.
Несие беру және оны қайтару (өтеу) тәртібі тиісті заңдарға сәйкес және
субъектінің банкімен немесе басқа да несие берушілермен жасалған келісім-
шарттары негізінде реттеліп жүргізіледі. Онда несие берілетін объекті,
несие беру шарты мен тәртібі, оның өтелінетін (қайтарылу) мерзімі,
міндеттемесі, өзара қамтамасыз ету түрі, проценттік (пайыздық) өсім
ставкалары мен оның төлем тәртібі, екі жақтың жауапкершілігі мен құқығы,
толтырылатын және бір-біріне беретін құжаттарының тізімі тағы да басқалар
көрсетіледі.
Шаруашылық субъектісі банк мекемесінен несие сұрамастан бұрын несие
алудың қажеттілігін, оны уақытында қайтарудың мүмкіншілігін, әрбір коммер-
циялық банктердің несие беру, өтеу, өсім проценті (пай ызы) ставкаларымен
және басқадай талаптарымен танысып алдын ала шешіп алуы қажет. Банк
мекемелері әдетте несие сұраушы субъектінің өтем қабілеттілігімен
өтемпаздығын мұқият тексереді. Ол үшін субъектіден тиісті бухгалтерлік есеп
материалдарын алып танысады. Берілетін уақыт аралығына байланысты банк
несиесі қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі уақыт) және ұзақ мерзімді (бір
жылдан артық уақыт) болып екіге бөлінеді. Аталғанның соңғысы ұзақ мерзімді
міндеттемелер санатына жатқызылады.
Несиенің объективті қажеттілігі - бұл, субъектінің өндірістің және
сауда айналымы капиталының жетіспеу-шілігінен туындайды.
Банк мекемелері несиелерінің есебі қысқа және ұзақ мерзімді несие беру
туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен “Қысқа және ұзақ
мерзімді несие беру” ережелеріне сай жүргізіледі. Банк ашу үшін Ұлттық
Банктің шешімі және банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар, ресми
мәртебі анықталған банктер несие береді. Несие несие қабілеттілігі жоғары
кәсіпорындарға беріледі. Несие - өндіріс тиімділігін жоғарылату, оның
ғылыми-техникалық деңгейін көтеру, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін
шығаруды ынта-ландыру мақсаты мен шараларына, халыққа әр түрлі қызмет
көрсету үшін, халық тұтынатын тауарлар мен экспортқа өндіру үшін беріледі.
Артықшылық келісім-шарт міндеттерін орындайтын клиенттерге, акцио-нерлерге,
кәсіпорындар мен мекемелерге беріледі.
Несиелер қайтарымдылық, төлем және мерзімділік шарттары бойынша
келісіп, коммерциялық негізде бері-леді. Банктен несие беру олардың қолда
бар несие ресурстарына байланысты. Банктен ссуда беру мерзімі өткен ссуда
болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Төмен рентабельділік мекемелермен жұмыс
кезінде банктер ерекше абайлықпен кіріседі, себебі ол банк үшін жоғары
тәуекелділікпен байланысты. Шығынды кәсіпорындар үшін несиені беру сұрағы
жергілікті атқарушы органдардың немесе жоғары деңгейлердің ходатайства-
ларымен танысқаннан кейін шешіледі. Ходатайствода банк несиесін қайтаратын
нақты көздер көрсетілуі тиіс. Несиелерді беру мен өтеудің тәртібі тиісті
заңдармен қарастырылады және субъект пен банк арасындағы несие шартымен
реттеледі.
Онда несиелендіру объектілері, несие берудің шарт-тары мен тәртібі, оны
өтеудің мерзімдері, міндетте-мелерді өзара қамтамасыз етудің нысандары
(кепіл), проценттік ставкалар, оларды төлеудің тәртібі, тарап-тардың құқы
мен жауапкершілігі, құжаттардың тізбесі және оларды тапсырудың мерзімділігі
және т.б.
Нақты бір банкке қарыз үшін жүгінбес бұрын субъект:
1) оны алудың мақсатқа сайлығы мен қайтарудың мүмкіндіктерін
ойластыруға;
2) несие беру мерзімдері, проценттік ставкалардың мөлшері және басқа
талаптар тұрғысынан әр түрлі банктердің несие беруінің және өтеуінің
талаптарын бағалап алуға тиіс.
Несие алу үшін шаруашылық субъектілері банк мекемесі басшысының атына
өтініш береді. Бұл өтінішке қосымша өзіне қажетті несие сомасы мөлшерін,
оның жұмсалынатын мақсаты мен бағытын, өтеліну, яғни қайтару мерзімін,
сонымен қатар осы несие сомасы арқылы орындалатын операциялар үшін жасалған
бизнес-жоспар және тағы басқадай құжаттар табыс етуі тиіс.
Банктен бірінші рет несие алайын деп отырған кәсіпорындар мен ұйымдар,
яғни шаруашылық субъек-тілері жоғарыда аталған құжаттармен қоса банкке
өздерінің жарғысын, құрылтайлық құжаттарының көшір-месін, тіркелу
куәліктерін және тағы басқа құжаттарды табыс етуі керек. Қарыз алушы
несиені алғаш рет немесе тұрақты алғанына қарамастан, банк өтініші бойынша
келесі деректер берілуі қажет: өнім өткізетін түсім деп болжамдаған
есептеулермен қоса несиеленетін шараның техника-экономикалық негіздемесі,
қызметтерді орын-дауы, жылдық және тоқсандық бухгалтерлік пен ста-
тистикалық есептер, қаржылық нәтиже туралы есептер, шоттар бойынша
үзінділер, қарыз алушының қаржылық жағдайы мен несие қабілеттілігін
анықтайтын басқа есептер мен құжаттар; банк тәжірибесінде қолданылатын
міндеттемелердің нысаны.
Жалпы шаруашылық субъектілеріне берілетін несие сомасы банк мекемесінің
жауапты мамандары субъек-тінің өткізген құжаттарын тексеріп болғаннан кейін
несие бойынша борышты және процентті қайтару, өтеу үшін кепілдікке салынған
меншік туралы келісім-шарттың орындалуына сәйкес беріледі. Банк мекемесі
мен несие алушы шаруашылық субъекті арасындағы несиелік қызмет көрсету
бойынша келісім-шарт 1 жылға немесе одан да ұзақ жасалынады. Егер келісім-
шарт 1 жылдан артық уақытқа жасалынған жағдайда несие жыл сайын бекітілетін
несиелік келісім-шарт негізінде беріледі. Несиелік келісім-шарт банк
мекемесі мен әрбір несие алушы субъекті (клиент) үшін жеке-жеке жаса-
лынады. Банк несиесі субъектінің, яғни несие алушының есеп айырысу
шотындағы қаражаттарының мөлшеріне (көлеміне) байланыссыз беріледі және
қолма-қолсыз тәртіппен несие алушының қарыз шотынан оның есеп айырысу
шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік борышты өтеу тәртібі, нақты
мерзімі, әдістері несиелік келісім-шартта қарастырылады. Егер несие алушы
келісім-шартты белгіленіп көрсетілген мерзімінде несиелік борышын өтей
алмайтын болса, банк мекемесі алдын-ала несие алушының рұқсатынсыз кепілдік
беру-шінің шотынан қарыз сомасын қайтару жайлы талап қояды.
Ұзақ мерзімді банк несиесі негізінен күрделі құры-лыстарды қайта
құрудың және өзге күрделі салымдардың шығындарына беріледі. Бұл қарыздар
қосымша үнем есебінен немесе жаңа кәсіпорындардан, цехтардан,
өндірістерден, жабдықтарды жаңғыртудан және техно-логияны жақсартудан
алынған кіріс есебінен өтелуге тиіс.
Шаруашылық субъекті банк мекемесінен несие алған уақытында 441 - “есеп
айырысу шоты”, 451 - “кассадағы ұлттық валюта түріндегі ақша”, 671 -
“жабдықтаушы-лармен есеп айырысу шоты” және тағы да басқа шоттар
дебеттелініп, 601 - “Банк несиесі шоты” кредиттелінеді. Ал, бұл алынған
несие қайтарылған уақыты 601 - “Банк несиесі шоты” дебеттелініп, 441 -
“есеп айырысу шоты” кредиттелінеді. Осы алынған несие үшін есептелінген
пайыз (процент) сомасына 831 - “есептелінген процент” шотының дебеті, 684 -
“процент бойынша міндеттеме” шотының кредиті түрінде бухгалтерлік жазуы
жазылады. Шаруашылық субъектісі бұл міндеттемені төлеген уақытында 684 -
“процент бойынша міндеттеме” шоты дебеттелініп, 441 - “есеп айырысу шоты”
кредиттелінеді.
Ұзақ мерзімді несие ереже бойынша тез өтелетін және жоғары тиімді
шараларға 5 жылға дейін беріледі. Несие құрылыс-монтаж жұмыстарының
орындалуына қарай, тауарлы-материалды құндылықтарды сатып алуы-на орай
берілуі мүмкін.
Ұзақ мерзімді несиелердің нақты мерзімі және кезең-ділігі банк пен
қарыз алушы арасындағы келісім-шартта - шығындардың өтеліміне, қарыз
алушының төлеу қабілеттілігі мен қаржылық жағдайына, сондай-ақ несие
ресурстарының айналымдылығын жеделдету қажеттілігіне негізделіп анықталады.
Берілген ұзақ мерзімді несие, 31-желтоқсаннан кешіктірмей, жыл сайын
жедел ұзақ мерзімді міндет-темелермен ресімделеді, ал осы шараны
несиелегеннен кейін қарыз алушының міндеттемелерімен белгіленген мерзімге
өтелуге ресімделеді.
Несиені пайдалану үшін пайыздық ставка нарық жағ-дайына тәуелді өсу
жағына қайта қараумен реттелуші (қуылмалы пайыз), депозит (салым) бойынша
пайызды өзгерту, инфляция және басқа себептерге байланысты жасалуы қажет.
Аталғандар несие келісім-шартында қарастырылады. Банк жазбаша түрде қарыз
алушыға пайыз ставкаларының өзгеруі туралы хабарлайды. Құры-лыс кезеңінде
жеке құрылыстар бойынша пайыздар төлеттірілмеуі мүмкін, ал олардың сомасы
берілген құрылыс үшін қарыздың жалпы сомасына қосылып, ссуданың бірінші
төлемінде өтеледі.
Қарыз алушыда уақытша қаржылық қиындықтар бола қойған жағдайда несие
бойынша өтелмеген төлемге мерзімді ұзартады, ол 1 жылға дейін жоғары
процентпен келісім-шартта қарастырылады. Банк құрылыстың жүру барысын,
қарыз алушының несиені толық өтегенге дейінгі балансы мен басқа есептеріне,
қажет жағдайда - орынды тексеру мен бақылау өлшемдерін ала алады. Қарыз
алушы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда банк несие келісім-шартында
қарастырылған экономи-калық санкцияларды қолдана алады.
Еліміздің экономикалық жағдайын көтеру үшін сырт-тан инвестиция тартып,
әр түрлі дүниежүзіндегі ірі банктерден де несие алады. Соның ішінде
есептелінетін пайызы мен берілетін пайдалану мерзімі жағынан тиімді де
маңызды болып саналатын халықаралық валюталық қордың мүше - елдеріне
берілетін “Стэд-Бай” несиесі” болып табылады. Бұл қордың мүшелігіне кіретін
елдер кез келген уақытта халықаралық валюталық қордан келісілген уақыт
ішінде белгілі бірі соманы ұлттық валютадан шетел валютасына айырбастауына,
кедендік төлемдерді төлеу мерзімін несие есебінен ұзартуға құқығы бар.
Заңды тұлға - резиденттерге несие қолма-қолсыз түрде беріледі.
Уәкілетті банктермен валюталық құнды-лықтар кепілдік ретінде алынады. Қарыз
алушы несиені уақытында қайтармаған жағдайда валюта құндылықтары несиені
өтеу үшін заңды тәртіпте өткізіледі.
Мемлекеттік емес сыртқы қарыз алушы ҚР рези-денттері сыртқы заемдарды
қаржы Министрлігінде тіркеу керек. Келісім-шарттарды тіркеу үшін тиісті
Ұлттық Банктің облыстық басқармасына келесі құжаттарды беру қажет: несие
келісімін тіркеуге өтініш; келісім көшірмесі; қаражаттардың түсу графигі
және несие бойынша қарыздарды өтеу графигі.
Резидент - қарыз алушылар тіркелген келісім-шарт бойынша қаражаттардың
нақтылы түсуін сипаттайтын мәліметтерді бекітілген нысанды есепті тоқсаннан
кейінгі айдың 10-дейін ұсынуы қажет1.
Шетел несиесін тартатын қарыз алушылар және шетелден банк шоттары
арқылы қызмет алатындар шетелдік несие бойынша мәліметтерді есепті
тоқсаннан кейінгі 15-дейін бекітілген нысанда Ұлттық Банктің зерттеу және
статистика Департаментіне тапсыру қажет.
Резидент - импортерлер тіркеу кезінде тиісті облыс-тық басқармаға жүк
кеден декларациясын (ЖКД) беруі керек.
Шетелдік банктерден немесе басқалардан шетелдік валюта түрінде несие
алғанда субъектінің бухгалтерия-сында 431 - “Ел ішіндегі валюталық
шоттардағы ақша қаражаттары” немесе 432 - “Шетелдердегі валюталық
шоттардағы ақша қаражаттары” шоттарының тиістісі дебеттелініп, 601 - “Банк
несиесі” шоты кредиттелінеді. Ал, бұл несиені қайтарғанда 601 - шот
дебеттелініп, 431 немесе 432 шоттардың тиістілері кредиттелінеді.

2.2. Банктік емес мекемелер несиесінің есебі.

Басқарудың әкімшілік жүйесі кезінде шаруашылық субъектілерінің басқа
субъектілерге несие беруіне немесе олардан несие алуына құқығы болмады.
Экономиканы несиелеу механизмі мемлекеттік банктерде шоғырланды. Сұрақтың
осылайша шешілуі кәсіпорын шотындағы қаражаттардың тоқтап қалуына әкелді,
айналым қара-жаттардың айналымдылығы баяулап, рубль бұл кезде толық күшімен
“жұмыс жасай” алмады.
Нарықтық жолға көшу жағдайында экономикадағы тәртіптердің көбі өзгерді.
Қазіргі кезде кәсіпорындар, ұйымдар, яғни шаруашылық субъектілері ақша
қаражат-тарының қозғалысын, еркін пайдалануға, яғни өз қалауы бойынша несие
беру құқығына ие болды. Осыған сәйкес елімізде қабылданған бухгалтерлік
есептің бас шоттар жоспарында пассивті 602 - “Банктен тыс мекемелердің
несиелері” - деп аталатын шот қарастырылған. Бұл шот-тағы банктен тыс
мекемелерден алынған несиелері бойынша жүргізілетін операцияларға жазылатын
бухгал-терлік жазулар, банк несиелері бойынша операцияларға жазылатын
жазумен ұқсас болып келеді.
Міндеттемелерді қамсыздандыру ретінде үшінші тұлғаның кепілдіктері,
қарыздың келісім-шарттары, сақтандыру полистері және т.б. бола алады.
Енді кепілдіктер мен қарыздың келісім-шарттарының мазмұнын
қарастырайық.
Кепілдік - қарыз алушы қажетті соманы уақытылы төлеуді қамсыздандыру
үшін кәсіпорын - кепілгерден несие берушіге (кәсіпорын - қарыз берушіге)
беріледі. Кепілдіктер банктермен, кәсіпорындармен және меке-мелермен
берілуі мүмкін. Кепілдік дегеніміз - банк, кәсіпорын немесе мекеме
кәсіпорын қарыз алушы өзіне алған міндеттемелерін қайтармаған жағдайда өз
шотынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы
Қысқа мерзімді активтер
Ұзақ мерзімді міндеттемелер түсінігі, мәні мен мазмұны
Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
Бухгалтерлік баланстың теориялық негіздерін зерттеу
Қысқа мерзімді міндеттемелердің есебін және олардың ерекшеліктерін зерттеу
Кәсіпорындардың қаржылық міндеттемелері
Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
Қысқа мерзімді міндеттемелердің есебі
Пәндер