Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

2. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі.
Жоңғар мемлекетінің күйреуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Қазақстанда айқындалған дамудың табиғи барысын татар-моңғол шапқыншылығының күйзелістері үзіп жіберді. Адамдар, өндіргіш күштер, ғасырлар бойы жинақталған материалдық және мәдени бағалылықтар жойылды. Дамыған, гүлденген қалалар, мысалға, Отырар, Ашнас, Сығанақ толықтай күйреді.
Моңғол шапқыншылығының ойсыратқан салдары – халықтар үшін аса ауыртпалық түсірген салықтар мен алымдарға байланысты болды. Ол халықтың жаппай кедейленуіне алып келді. Жаулап алу тұсында қиратылмаған қалалар одан кейінгі кезеңде бос қалды. Барлық мағлұмат көздері қалалық және отырықшы - егіншілік мәдениетінің құлдырауына, әрі өлкеде моңғол үстемдігі орнағаннан кейінгі алғашқы онжылдықтың өзінде-ақ егістікке өңделген, игерілген жерлердің жайылымдарға айналғандығына назар аударады. Кезінде өркендеген, халқы тығыз орналасқан қалалық мәдениеті мен отырықшы егіншілік және көшпелі шаруашылықтары дамыған Қазақстанның оңтүстік-шығыс аумағы өзінің бұрынғы экономикалық және мәдени мағынасын тез жоғалта бастады.
1. Ж. Артықбаев «Қазақстан тарихы» оқулық-хрестоматия Астана қаласы «Фолиант» 2000 жыл
2. К. Ә. Берденова «Қазақстанның экономикалық тарихы» Алматы қаласы «Экономика» 1998 жыл
3. «Очерк по Истории Казахстана». Алматы «Рауан» 1993г.
4. «Казахстан. Летопись трех тысячелетий». Алматы «Рауан» 1992г.
5. «История Казахстана в средние века». Алматы «Рауан» 1996г.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне
шапқыншылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 4

2. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі.
Жоңғар мемлекетінің
күйреуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..15
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.16

Кіріспе

Қазақстанда айқындалған дамудың табиғи барысын татар-моңғол
шапқыншылығының күйзелістері үзіп жіберді. Адамдар, өндіргіш күштер,
ғасырлар бойы жинақталған материалдық және мәдени бағалылықтар
жойылды. Дамыған, гүлденген қалалар, мысалға, Отырар, Ашнас, Сығанақ
толықтай күйреді.

Моңғол шапқыншылығының ойсыратқан салдары – халықтар үшін аса
ауыртпалық түсірген салықтар мен алымдарға байланысты болды. Ол
халықтың жаппай кедейленуіне алып келді. Жаулап алу тұсында
қиратылмаған қалалар одан кейінгі кезеңде бос қалды. Барлық
мағлұмат көздері қалалық және отырықшы - егіншілік мәдениетінің
құлдырауына, әрі өлкеде моңғол үстемдігі орнағаннан кейінгі алғашқы
онжылдықтың өзінде-ақ егістікке өңделген, игерілген жерлердің
жайылымдарға айналғандығына назар аударады. Кезінде өркендеген, халқы
тығыз орналасқан қалалық мәдениеті мен отырықшы егіншілік және
көшпелі шаруашылықтары дамыған Қазақстанның оңтүстік-шығыс аумағы
өзінің бұрынғы экономикалық және мәдени мағынасын тез жоғалта
бастады.

1. Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне
шапқыншылығы

XVIII ғасырда Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып
жатқан қазақ халқы жерінің жағрафиялық жағдайына қарай үш жүзге
бөлініп өмір сүрді. Оның әрбір Жүзінің өзі Еуропадағы әлденеше
шағын елдер мен мемлекеттерді сыйдырарлық көлемдегі жерлерді
жайлады. Қазіргі Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе,
Қызылорда облыстарын мекен еткен Кіші жүз, Орталық Қазақстанға
жататын аймақтарды мекендеген Орта жүз, елдің Оңтүстік және
Оңтүстік-Шығысын қоныс еткен Ұлы жүздің әрқайсысының өз хандары
болды. Кіші жүзде - Әбілхайыр, Орта жүзде - Сәмеке Шахмүхамбет,
Ұлы жүзде - Жолбарыс, Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың
ханы Тәуке еді. Бұл хандардың ақылшысы болған, үш жүздің басын
біріктіріп, даулы істеріне билік айтып, береке бастаушы болған Кіші
жүздегі Әлім руынан шыққан Әйтеке биді, Орта жүздің биі арғын,
Қаракесек руынан шыққан Қаз дауысты Қазыбек биді, Ұлы жүздің биі
үйсін, Жаныс руынан шыққан атақты шешен Төле биді, Үлкен Орданың
сарай ақыны Бүқар жырауды бүкіл қазақ жұрты, алты алаштың адамдары
жақсы білді.
Үш жүздің билеушілері әдетте бас қосып, оқтын-оқтын мәслихат-
мәжіліс өткізетін. Ондай мәжілістер Сайрам маңындағы тауларда,
Мәртөбе жотасында өтетін. Оларда қыстау жағдайы, қауіп-қатерден
сақтану мен қауіпсіздік мәселесі талқыланатын. Бірақ, қазақ жерінде
біртұтас бір иелікке бағынған, басқару жүйесі орталықтанған ірі
мемлекеттің жоқтығы ылғи да сезіліп түрды. Мүны қазақ жеріне
ертеден көз алартып келе жатқан Қазақстанмен жапсарлас, жерлері
шектесіп жатқан елдердің билеушілері пайдаланып қалуға тырысты.
Оңтүстік-батыстан Жайық казак-орыстарының қолдап-қолпаштауымен Еділ
өзенінің бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кіші жүздің халқына
тынымсыз шабуыл жасады. Қазақ жеріне солтүстіктен Сібір казак-орыс-
тары килікті. Орта Азиядағы Бүқара мен Хиуа хандықтары да қазақ
жерінен дәмелі болды. Оларға қазақ жасақтары табандылықпен тойтарыс
беріп отырды. Осылардың бәрінен де асып түскен, қазақ халқына
мәңгі жойылып, құрып кету қаупін төндірген жау - жоңғарлар еді.
XVII ғасырдың бірінші жартысында ойраттар мен қазақтардың
арасындағы әскери қақтығыстар жиілей түсті. Ойрат феодалдарының
Шығыс Моңғолияға қарсы ойдағыдай жүргізген соғыстары олардың күшін
нығайтты. XVI ғасырдың аяқ шенінде ойраттар басты-басты төрт
тайпалық бірлестіктен құралды. Олар: Тарбағатайдан Шығысқа қарай
өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоңғарғы ағысын бойлай
қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының төңірегіндегі
хошоуыттар және Іле өзенінің жоңғарғы жағындағы шоростар еді.
Қазақ және ойрат әміршілерінің арасында жайылымдық жерлер үшін
ірі қақтығыстар XV ғасырдың өзінде басталған болатын. XVI ғасырдың
аяғында ойраттардың шағын бір бөлігі сәтсіз шабуылдан кейін қазақ
ханы Тәуекелге бағынышты болып шықты. 1635 жылы қоңтайшы Батурдың
бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Осыдан соң, егер XVI ғасырдың
аяғында XVII ғасырдың басында қазақ хандығына бытыраңқы ойрат
тайпалары қарсы болса, XVII ғасырдың екінші ширегінде күштердің ара
салмағы жоңғар тайпаларының пайдасына өзгере бастады. Қазақ-жоңғар
қатынастары, әсіресе Батур-қоңтайшы 1634-1654 жж. билік құрған
кезде ерекше шиеленісе түсті. Одан кейін Ғалдан-Бошакту (1670-1697
жж.) билеген кезде, оның мүрагері Цеван-Рабтан (1697-1727 жж.)
өкімет басына келгенде қазақ-қалмақ қатынастары қатты шиеленісіп
кетті. 1698 жылдан ойраттар мен қазақ хандары арасындағы қарулы
қақтығыо тардың жаңа кезеңі басталды. Жоңғарлардың әскер басшылары
маңызды сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан
Оңтүстік Қазақстан жерін басып алуды көздеді. Қазақтың Сығнақ,
Түркістан, Отырар, Сайрам, әсіресе Созақ қалалары жоңғарлармен
күресте өзіндік стратегиялық тірек бекетіне айналды. Тәуке ханның
ойраттармен күрестегі кейбір сәтті шайқастары оған үлкен жеңіс
әкелмеді, соғыс барысындағы басымдық ойраттардың жағында болды.
Жан-жақты әскери дайындығы бар және шабуыл жасайтын жерлердегі
жағдай жөнінде толық мағлүмат жинаған жоңғарлар 1710-1711 жылдары
қазақ жеріне басып кіріп, қырғын соғыс жүргізді. Көп олжа алып,
кері оралған олар 1717 жылы жазда Аякөз өзенінің жағасында
қазақтардың 30 мың жасағын талқандап жеңді. Келесі жылы
жоңғарлардың әскері тағы да қанды жорыққа аттанып Бөген, Шаян,
Арыс өзендерінің бойында қазақтарды қырғынға ұшыратты.
1718 жылы Тәуке хан өліп, билік оның баласы Болат ханға
өткен түста қалмақтардың қазақ жерлеріне жорығы күшейді. Бұл
жорықтардың табысты болуына шведтің артиллерия сержанты Иоганн
Густав Ренаттың тигізген әсері үлкен. 1709 жылы Полтава түбінде
орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалады, осында
Ертістің бойымен жоңғары өрлеп бара жатқан Бухгольцтың экспедициясы
құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қыста ол қалмақтарға
тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болған ол
қалмақтарды темір балқытып зеңбірек жасауға, оның оғын дайындауға,
тіпті баспахана жасап, әріп қүюға үйретеді. Сонымен бірге
қазақтарды өз қол астына өтуге мәжбүр еткісі келген Ресей
қалмақтарға Сібір бойындағы бекіністерден зеңбірек берген деседі.
Ренаттың көмегімен зеңбірек атыс жарақтарын жасап, жүз мыңнан астам
әскер құрап, қалмақтар қазақтарға қарсы соғысқа дайындалып жатқанда
қазақтар жағы олардан қауіп күтпей, ішкі талас-тартыспен жүрген
болатын. Бұл түста қазақтар мен қалмақтардың шекарасы Ертіс өзені,
Балқаш көлі, Шу, Талас өзендерінің аралығымен өтетін.
1723 жылы көктемінде қазақ жерін бет қаратпай басып алуға
әбден бекінген жоңғарлар шешуші жорыққа шықты. Мол әскер жинап,
барынша толық қаруландырып, оның қолбасшылығына Шуно Дабо деген
қалмақ баһадүрін тағайындады. Оның тактикалық жоспары бойынша қалмақ
әскерлері стратегиялық екі бағытта қимыл жасауға тиісті болды.
Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне шығу
болса, екінші бағыт - қазақтарға ес жиғызбай соққы беріп, Шыршық
өзенінің қойнауына жету еді. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер
жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш
көліне қүятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі
қолбасшысы Амур-сана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір
тобы Іле өзенінің бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын
өзенінің күншығыс жағындағы Кетпен тауының баурайына орналасты.
Сөйтіп, Алатау баурайын жайлаған қаннен-қаперсіз отырған қалың
елге шабуылға шыққан қалмақ әскерлері қазақтардың қанын судай
ағызды. Еркек кіндікті адамдарды қырып, әйелдерді, қыздарды байлап-
матап алып кетті. Бейғам отырған ел басқыншыларға ешқандай қарсылық
көрсете алмады. Шапқыншылықтың басты ауыртпалығы Ұлы жүздің,
Жетісудың халқына түсті. Ешбір бөгетсіз, қарсылықсыз, жолындағының
бәрін жайпап келе жатқан зүлым жау араға көп уақыт салмай Орта
жүз бен Кіші жүздің жеріне жетті. Малын, қонысын тастап, бала-
шағасынан, туысқандарынан айырылып босқан халық беті ауған жаққа
қашып-пысуға мәжбүр болды. Ұлы жүз бен Орта жүздің қазақтары
Самарқанд пен Ходжентке қарай шүбырды. Кіші жүз қазақтары Хиуа мен
Бүқараға ағылды. Босқындардың біразы Алакөл маңына келіп паналады.
Мүхаметжан Тынышбаевтың айтуынша, Орта Азияда осындай екі көл
болған. Оның біріншісі - Сырдың сол жақ бетінде, Бетпақдала каналы
екіге бөлінетін жерде, екіншісі - Ташкенттен 90 шақырым жерде, ол
да Сыр бойында. Халық осылардың алғашқысына барып паналаған. Бұл
кезеңді қазақ "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деп атады. Яғни,
қазақтардың табаны ағарғанша шүбырып, Алқакөлге жетіп азап пен
аштықтан сұлаған жерлер еді дейді. Сол сұлағаннан талай қазақ жан
тәслім қылып, басын қайта көтермеген. Осы ауыр жылдарда шыққан
қазақтың қаралы да қайғылы, ән үраны сияқты "Елім-ай" әнін
білмейтін, оны айтқанда тебіреніп, қатігездіктің құрбаны болған
боздақтарын еске түсіріп, бүгінге дейін көзіне жас алмайтын
қазақтың кәрі-жасы кемде-кем. "Елім-ай" әнінің сөзі былай болып
келеді, авторы Қожамберді би:

Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел-журтынан айырылған қиын екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.
Мына заман қай заман, бағы заман?
Баяғыдай болар ма тағы заман!
А тадан ұл, енеден қыз айырылды,
Көздің жасын кәлдетіп ағызамын.
Мына заман қай заман, қысқан заман?
Басымыздан бақ-дәулет ұшқан заман!
Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман!...

Мұнан үш жүз жылға жуық уақыт бұрын шығарылған осы өлеңмен
оның әні қазақтың басына түскен сол бір ауыр күндердің өшпес
ескерткіші іспеттес. Қазақты бірлікке, елдікке, ерлікке үндейтін бұл
өлеңді білу, ұмытпау жастар үшін бүгінгі таңда да тарихты білу
болып табылады.

2. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі. Жоңғар
мемлекетіиің күйреуі.

Ақтабан шүбырындыда ауа көшкен жұрт көптеген қалалар мен елді
мекендердегі отырықшы халықтарды жұтқа ұшыратты. Оның нәтижесінде
Самарқанд, Бүқар, Хиуа, Ферғана сияқты қалалар қаңырап қалды. Сол
жылдарда Хиуа маңындағы мекендер мен егіндік жерлер иесізденіп,
қаламың өзінде қырық шақты ғана отбасы қалған.
Жаппай босу, аштық, елді, жерді сағыну қазақтардың қайрат-
жігерін үштады, оларды ортақ жауға ұйымдасып қарсы шығуға
жұмылдырды. 1726 ж. Шымкентке таяу Ордабасы деген жерде Үш жүздің
басшылары, билері жиын откізіп, онда қазақ жасақтарының қолбасшысы
болып Әбілхайыр хан және Бөгенбай батыр сайланды. 1727 жылы
халықтың қаһарлы қарсылығының алғы шебінде болып, қалмақ
әскерлерімен үш жылдай үрыс жүргізген Әбілхайыр бастаған Кіші жүз
жасақтары, ондағы айтулы батырлардың бірі Тайлақ және оның жиені
Ұлы жүздің Ошақты руындағы Тасжүрек тайпасынан шыққан Саңырык батыр
Ырғыздың оңтүстік-шығыс бетіндегі Бүланты өзенінің жағасында "Қара
сиыр" деген жерде қалмақтарға есеңгірете соққы берді. Қалмақ
әскерлері қиян-кескі соғыста ондаған мың адамынан айырылды. Қазақтар
жағы өздерінің талайдан қаны қайнап ыза мен кекке суарылған
қайрат-жігерінің жемісін керіп қуанды. Жеңіс туралы хабар қазақ
арасына ілезде тарап кетті. Алты алаштың рухын көтеріп, оларды
күреске шабыттандырған бұл жеңіске қол жеткен жер кейін "Қалмақ
қырылған" деп аталды.
1729 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен
қалмақтардың арасында тағы бір қатты қырғын соғыс жүрді. Бөгенбай,
Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Бөкенбай, Малайсары сияқты
атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ
әскерлеріне скінші рет күйрете соққы берді. Майдан даласында
мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып, жаралы болып,
жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауысы бірнеше күн
даланы басына көтерді. Бұл жер кейін "Аңырақай" деп аталып кетті.
Сөйтіп, Аңырақайда аяусыз соққыға душар болған Шуно Дабо басқарған
қалмақ әскерлері Іле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр
болды.
Осы тұста Тәуке ханның баласы үлкен Орда иесі Болат хан
қайтыс болып, осыған байланысты қазақ халқының тағдырына қатысты
ірі оқиғалар орын алды. Қазақтың үш жүзінің басын қосып, біртұтас
тәуелсіз мемлекеттігін қалыптастыруға тиісті Үлкен Орданың басында
отырған Болат хан жігерсіз жан еді. Мүны қазақтың хандары, ел
билеушілері түсінді. Бірақ ашық айтқан жоқ. Егер Болат хан алай-
бұлай болып кетіп, Үлкен Орданың билігі өзіме тисе, қазақ хандығын
көгертер едім деп жүрген аға хандықтан бірінші үміткер Болат
ханның інісі, Орта жүздің ханы Сәмеке Шахмүхамбет болды. Сәмеке
ақылсыз адам емес еді. Бірақ оған аға хандық бүйырмады. Үлкен
Орданың иелігіне екінші үміткер - Кіші жүздің ханы Әбілхайыр. Кіші
жүзден аға хан сайлау дәстүрде болмағанмен, айдынның жайылма
суындай қаптап келе жатқан қалмақ әскерлеріне Бүланты өзенінің
маңында бірінші рет бас көтертпей соққы беріп тоқтатқан, Аңырақай
түбіндегі тамаша жеңістің дем берушісі болған, үш жүз әскерлерінің
бас қолбасшысы болып сайланып, өзінің ұйымдастырушылық дарын-
қабілеті, жеке басының ерлігі мен алты алашқа аты шыққан, оның
үстіне тәжірбиесі мол, егде тартқан Әбілхайырдың аға хандықтан үміт
етуіне негіз бар еді. Үлкен Орда иелігі оған да бүйырмады. Аға
хан болып көпшілік билер қолдамаса да Болаттың ұлы Әбілмәмбет
сайлан-ды. Тарихшылардың долбарлауы бойынша мұндай таңдау жасалғанына
наразы болған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоңғар шапқыншылығы туралы
Жоңғар.Жоңғар шапқыншылығы
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі
XVII-XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ЖОҢҒАР МЕМЛЕКЕТІ
Xviii ғғ. бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және ішкі саяси жағдайы
Жоңғар мемлекетінің күйреуі
Қазақ – жоңғар қатынастары
Қазақ халқының жоңғар шапқынышылығына қарсы күресі
«Түркі» этносы және этнонимі
Жоңғар мемлекеті
Пәндер