ҚР ақша жүйесі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

І. «Ақша» категориясының теориялық негіздері. 4

1. 1 Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері. 4 - 10

1. 2 Ақша теориялары. 10

1. 2. 1 Металл ақша теориясы және 10 - 12

металл ақша айналысы.

1. 2. 2 Номиналистік теория және қағаз ақшалар, 12 - 13

олардың айналыс заңдылықтары.

1. 2. 3 Несие ақшалар. 13 - 17

1. 2. 4 Ақшаның сандық теориясы. 17 - 18

1. 3 Ақша жүйесі жөніндегі түсінік, оның элементтері 18 - 20 мен негізгі типтері.

ІІ. ҚР ақша жүйесі. 20

2. 1 ҚР ақша реформасы. 20 - 23 2. 2 Ұлттық банк - ҚР-ның Орталық банкі. 23 - 30

2. 3 Ұлттық Банктегі жаңа енгізулер мен өзгерістер. 30 - 33

2. 4 Ақша-несие саясаты. 33 - 37

Қорытынды. 38

2

І. «Ақша» категориясының негіздері.

1. 1 Ақшаның мәні және атқаратын қызметі.

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Ақша - тауарлы өндірістің өнімі. Адам еңбегінің өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар - еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола бермейді. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, онда оған кеткен уақытта бос кетті деуге болады. Тауардың басқа адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті тауардың тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарлы өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін көрсетеді. «Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша» (К. Маркс, Ф. Энгельс. Шығ. Т. 46., 1 б. Б. 87) .

Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Айырбас құны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол - құнның айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.

Кез келген зат құн бола алмайды. Себебі, адамның еңбегі жұмсалмаған заттың құны жоқ. Құн - тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының негізі - еңбек. Өнімнің құны болуы үшін, тауар өндірісі қажет, яғни өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың екіншіге кездейсоқ айырбасталынуы кезінде, айырбас құнының жай немесе кездейсоқ формалары қолданылды. Мысалы, 1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай және т. б.

Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиі кездесе бастайды. Жалпы тауардың массасының ішінен жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өтуі келеді.

Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар - барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы болып табылады. Сөйтіп, құнның кеңейтілген формасы біртіндеп құнның жалпыға ортақ формасына айналады.

Қорыта айтқанда, өндіргіш күштерінің жетілуі айырбас процессін үздіксіз құбылысқа айналдырып, тауар айырбасталуының өмірлік мәнге ие болуы жалпыға ортақ құн эквивалентінің қажеттілігін туғызады. Алайда уақыт өтісімен, тауар өндірісінің өрістеуі айырбасты арттырып, оның нарықтың шегінен шығуына әкеп соғады. Содан, құнның жалпыға ортақ эквивалент қызметін атқаратын бір тауар болады. Ол тауар - ақша. Нәтижесінде құнның жалпыға ортақ формасы құнның ақшалай формасына ауысып, айырбас процессіне нақты орнықты. Осылай ақша пайда болды. Ақша деген тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасымен тұтыну құны бірге қайнасқан ерекше тауар.

4

Басқа сөзбен айтқанда, ақша - тауар өндіру мен оны айырбастау процессінде

басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама рөлін атқару.

Ақша кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар рөлін атқарады. Осыдан келіп ақшанның жаппай өктем күші пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс «индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:

Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.

Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өмірдегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі, адамның қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.

Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құндары түрінде айрбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретінде ақша қарсы тұрады.

Құнның ақшалай формасының пайда болуы, яғни ақша - тауардың жалпы эквиваленті болуына тауар өндірісінің ұлғайып, айырбас қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемі қайталанатын цеске айналып, кең көлемде өсуіне жол ашты.

Тауар өндірісінің тарихи даму барысында ақшаның ролын әр түрлі тауарлар атқарады. Әрбір тауарлы өндіріс тауардың жалпы эквивалентін пайдаланды. Қоғамдық еңбектің бірінші ірі бөлінуі нәтижесінде малшы тайпалары пайда болып, олар айырбас құралы ретінде малды қолданды. Оның нақты түрі жергілікті жердің жаратылысына байланысты әр түрлі болды. Ақшаның айырбас құралы қызметін мал атқаруы әр халықтардың ауыз әдебиетінде сақталғаны соншалық, кейін металдан соғылған ақшаны да мал атауларымен атаған. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланғаны туралы дәлелдер әр түрлі табылған поэзиялар поэмаларда жазылған. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылды. Мысалы, латынның сөзі «пекуния» (ақша) «пекус» (мал) сөзінен шыққан. «Рупа» (мал) сөзі үнділердің ақша мәнді «рупия» негізі осыда жатыр.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген «капитал» сөзі де осы мал атауымен байланысты. Мұның себебі, ескі гермен тілінде көп мал басы болса, сол байлықты «капитал» деп атаған.

Қолөнер дамығаннан кейін, солтүстік елдер ақша ретінде жүнді аң терісін пайдаланды. Жүн ақшалары Моңғолия, Тибет және Памир де кең көлемде қолданған еді.

5

Теңіздердің жылы жағалауын мекендеген елдер айырбас құралы ретінде

бақалшақ, қабыршақ (раковина) болды. Олардың тарихта атаулары сақталған, бұлар: чангос, цимбис, бангез, хайква және т. б.

Бақалшақ ақшалар тауар ақшаларының ең бір тұрақты, орнықты формасы. Себебі, ХХ ғасырдың 70 ж. ж. басында Солмон аралдарының кейбір жерлерінде қабыршақтардың үш түрі айналыста қолданылды. Олар: ең арзаны - қара түсті (курила), ақ түсті (галия), аса қымбат - қызыл түсті (ронго) .

Жалпы эвивалент ретінде металлдар қолдана бастады. Меаллдардың өзіне тән ерешелігі болды - біркелкі, төзімді, ұсақталынады, т. б. Оның ішінде артықшылық алтын мен күміске берілді. Сонымен қатар, мыс, темір, қалайы, қорғасында қолданылды.

Монеталардың пайда болуы - ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.

Жалпыға бірдей эвивалент рөлін тарихи тұрғыдан алтынға бекіткен. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К. Маркс айтқандай: «Табиғат ақшаны жарапайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген».

Алтын жалпыға бірдей эквивалент рөлін атқарушы ең басты тауар болып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана «патша арағында» ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Алтын қоры аз болғанымен, оны өндіруге кететін шығындар көп көлемде болады. Оны өндіру қиынға және қымбатқа түседі. Мысалы, 1 кг алтын алу үшін 3000 м орта тереңдіктегі тау қыртыстарының 100 тоннасын қайта өңдеу керек болады.

Алтын тек қана валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де қолданылады.

«Ақша - зат емес, ол - қоғамдық қатынас». Оалр шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келеді. Бұл дегеніміз, қоғамнан бөлінген адамға ақшаның қажеттілгі жоқ.

Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.

  • Жалпыға тікелей айырбасталау формасында ақшаны пайдалану кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Қазірде жекешелендіру процестерінің жүруіне байланысты, жалпыға тікелей айырбастау елеулі түрде кеңіді.
  • Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану бұл: олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалаптастыру, өндірістік және өндірістік

6

емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т. б.

  • Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.

Ақша нарықтық экономикада ақша-несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфлияциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолдануда.

Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына құралы, дүниежүзілік ақша.

Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі болады. Ақша еңбек өлшемі - ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

Тауар құның өлшеу үшін ақшаның қолда болуының қажеті жоқ. Ақша құн өлшемі қызметін қолдағы ақша емес, ойдағы ақша ретінде орындайды. Себебі, тауардың құнын өлшеу оны ақшаға айырбастаудан бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына айналдыру үшін тауардың бағасын белгілеу жеткілікті.

Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Ақшаның өз ақшасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі бар.

Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетеді. Бірақ тауар бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Баға масштабы деп ақша өлшемі ретінде мемлекет белгілеген белгілі бір металдың (алтын, күміс) мөлшері мен массасын айтады. Металдық салмақтық санын ақша бірлігіне теңестірді.

Құн өлшемі және баға масштабы арсында айырмашылық бар. Құн өлшемі - мемлкетке тәуелді емес, ақшаның экономикалық қызметі, яғни құн өнімді шығаруға жұмсалған еңбек шығынын айтады. Ал баға масштабы тауардың бағасын анықтау мемлекет заңды түрде бекіткен - құқықтық сипаттағы техникалық құрал.

Тауардың мемлекет бекіткен бағасының өз құнынан ауытқуы салдарынан металл ақша айналымы кезінде бекітілген ресми баға масштабы өзінің экономикалық маңызын жоятынын айта кеткен жөн.

Ақша айналыс құралы. Тауарлардың бір-бірімен айырбасталғанда ақша делдалдық қызмет атқарады.

Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін қозғалыста болады. Ақша айналысы пайда болғаннан кейін тікелей тауар айырбастау (Т-Т) тауар айналысы (Т-А-Т) формасына көшеді. Сөйтіп, екі жол пайда болады: Т-А - ол тауарларды сатып, ақша алу немесе ақшаға айыбастау,

7

ал екіншісі А-Т - бұл ақшаға керекті тауардың сатып алынуы. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.

Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.

Ақша айналыс құралы қызметінің ерекшеліктері:

  • тауар мен ақша бір-біріне қарсы қозғалыс;
  • бұл қызметті ойдағы ақша емес, нақты, қолма-қол ақша орындайды;
  • тауарларды айырбастау тез орындалатындықтан, оны нағыз ақшалар емес, оны ауыстырушылар - ақша белгілері орындайды.

Ақша айналыс құралы қызметін орындайтындықтан, айналыс қажеттілігі олардың өткізілуі тиіс тауарлар слммасымен анықталады. Ақша неғұрлым тез айналса, солғұрлым айналысқа аз мөлшері ақша қажет. Егер де айналыстағы ақша массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл олардың құнсыздануы, яғни инфлияцияға алып келді.

Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады. Сатып алушы тауар үшін ақшаны төлем мерзімі басталған кеде ғана төлейді. Яғни, бұл - тауар несиеге саталды деген ұғым. Тауар несиеге сатылғанда стаушы - несие беруші (кредитор), ал сатып алушы борышқар (қарыздар) деп аталады.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бірге қаржы-неси қатынастарына да қызмет етеді. Барлық төлемдерді төмендегідей топтастыруға болады:

  • тауарларға және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу;
  • еңбек ақы, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
  • мемлекеттік қаржылық міндеттемелерін өтеу;
  • банктік, мемлекеттік, тұтыну несиелері бойынша қарызды өтеу;
  • сақтандыру міндеттемелерін төлеу
  • әкімшілік-сот сипатындағы ақыларды төлеу және т. б.

Ақшаның төлем құралы қызметінде де өзара айрмащылықтары бар: бұл қызметінде ақша сату-сатып алу процестерін аяқтайды және қолма-қол ақшамен қатар несие ақшалары да жүреді. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны бермей, оған борыштық міндеттемені жазып береді. Ал, борыш өтелгенннен кейін, ақша төлем құралы қызметін атқару бастайды.

Төлем құралы қызметі толық бағалы емес нақты ақшалар, ал борыштық міндеттемелер қарызды өтеудегі ойдағы ақшалар.

Ақшаның төлем құралы қызметіне байланысты ақша айналыс заңы толық мәнге ие болды. Егер тауар несиеге сатылса, онда қолма-қол ақшаның қажеті керек жоқ. Осыдан қолма-қол ақша өз қажеттілігі кеми түседі. Ал, қарыз төлеу

мерзімі жақындаған сайын ақша айналымының қажеттілігі арта түседі. Бір ескерту, егер қарыз өз уақытында өтелмесе, онда бұл басқа да төлемдік тізімін толтырады

8

(өтеу қарызыы, бюджетке төлейтін қарыздар, жалақы бойынша және т. б. төлемдер) .

Қорыта айтқанда, ақшаның төлем құралы қызметі несие қатынастары мен несие жүйесін дамытты. Ол - алтын ақшаны айналыстан шығарудың тағы бір түрі болып келеді.

Ақша - қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем және айналыс қызметтерінің орындалуы үшін ақша қорын жинау керек. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т - А - Т айналымының екі актілерге Т - А және А - Т ажыратылуымен байланысты.

Капиталыстік кезеңде ел байлығы «таза қазына» түрінде болды, яғни ақшаның қарапайым түрде жиналуы. Бұл экономиканың дамуына еш әсері болған жоқ, себебі бұл қолдануға, яғни айналыстан тыс жатқан ақша болып келді. Бірақ та бұл несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін болды.

Қазынаны қорландыру үшін тек нақты (алтын) ақшалар қажет, себебі толық бағалы ақшалар материалданған құнның формасы ретінде байлықтың жалпы түрын сипаттайды. Қазыналарды қорландыру - алтын монеталар мен алтын құймаларды жинақтаумен сипатталады.

Тауар айналымының үзіліссіз өзгермей қозғалыста болуы үшін қажетті ақша мөлшерін өзгертіп отыруы қажет. Сондықтан бір кезде айналысқы қосымша ақша мөлшерін шығару немесе керісінше қосу қажеттігі туады.

Ақша айналысы саласынан уақытша тыс қалған ақша қорлана бастайды. Қорлану кезінде де ақша өз құнын өзгертпей сол қалпында сақталыды, олар кез келген уақытта қайта айналысқа түсуі немесе айналым құралы ретінде жүзеге аса алады. Айналым құралдарын және тұтыну заттарын сатып алу үшін қағаз нмесе несие ақшалар керек. Ақша қорын жинау ұйымдарының жинақтары немесе адамдардың жеке жинақтары түрінде болады:

  • кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражыт қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
  • банктердегі, мемлекеттік облигациялардағы, т. б. салымдар түріндегі жинақтар.

Несие жүйесі арқылы ұйымдардың, халықтың салымдары қайта айналысқа түседі. Сөйтіп бұл қызметте ақшалар ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта бөлу процесіне дәнекер болады.

Дүниежүзілік ақша қызметі. Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы, тауар шарушылығының кеңеюі, шараушылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік рыноктың пайда болуы осы қызметтің пайда болуына смебеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.

Ақшаның бұл қызметі капитализмге дейінгі кезеңдерде пайда болып, дамуын бастады. Бұл қызметті алғашқыда толық бағалы ақшалар(алтын), ал кейінірек нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі

бойынша дүниежүзілік ақша қызметін тек алтынға бекітті. Содан бастап, алтын үш түрлі бағытта қолданылды:

9

  1. барлық елдерде төлем құралы, яғни халықаралық төлем құралы ретінде халықаралық төлем балансы бойынша есеп айырысуда пайдаланылды.
  2. барлық елдерде сатып алу құралы, яғни басқа шет елдерден тауар сатып алу кезінде қолма-қол ақша ретінде қолданылды.
  3. қоғамдық байлықты қаржыландыру құралы ретінде ақшаны бір елден екінші елге көшіргенде, яғни контрибуция салығын төлегенде, репарация зиянын төлегенде қолданылды.

Дегенмен алтын айналысы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуларға алдыңғы елдердің ұлттық валюталары қызмет етті. 1913 ж. халықаралық есеп айырысуларының 80%-зы ағылшын фунт стерлингпен толтырылған аударым векселімен жүргізілген, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет етті.

1922 ж. Генуяда болған бірінші Халықаралық келісімде ағылшын фунт стерлингі және АҚШ доллары алтын эквиваленті деп жарияланып, халықаралық айналымға түсті. Ал екінші келісім 1944 ж. Бреттон-Вудсте (АҚШ) қабылданып, ағылшын фунт стерлингі мен АҚШ долларына резервтік валюта статусын (мәртебесін) берді. Біраз уақыттан кейін ақшаның жаңа формалары пайда бола бастады: СДР - арнайы қарыз алу құқығы (1970ж. ), ЭКО - еуропалық есепке алу бірлігі (1979ж. ) пайда болды. Ал 1999 жылдың 1 қаңтарында Еуропа ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі «еуро» айналысқа енгізілді.

Дегенмен, дүниежүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелік ақшаға өту жолын кеш те болса қайталауда. Кейбір елдердің ұлттық ақша белгілерінің дүниежүзілік ақша ретінде қолданылуының себептері:

Біріншіден, бұл елдердің дүниежүзілік сауда мен несие қатынастарында жоғары үлесті салмағы бар;

Екіншіден, бұл елдердің басқа елдерге айтарлықтай несие беруге мүмкіндігі бар.

Демек, экономикасы дамыған және әлемдік рыноктағы тауарларының үлес салмағы қомақты мемлкеттердің ұлттық валютасы дүниежүзілік ақша ретінде жүреді.

Алайда, дүниежүзілік ақша ретінде тек алтын танылғасын халықаралық есеп айырысу құралдары алтынға еркін айырбасталуы тиіс. Бұл қасиеттің болмауы дүниежүзілік төлем қатынастарының дағдарысын көрсетеді.

1. 2. Ақша теориясы.

1. 2. 1 Ақша металдық теориясы және ақша металдық айналысы.

Осы теорияны ұстанушылар алғашқы қорлану кезеңінің өкілдері меркантилистер болды. Олардың пікірінше, ақша қоғамның байлығы және осы байлыққа метеллды да жатқызуға болады. Қоғамның негізгі байлығы болып алтын мен күмісті санайды. Ақшаның металдық теориясы фетишистік сипатта, себебі

бұл теорияның пайымдауынша алтын мен күміс сияқты бағалы металлдар ақша

10

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша саясаты
Мемлекеттік қаржы қызмет
Ұлттық банк-Қазақстан Республикасының Орталық банкі
Мемлекеттің қаржылық қызметі
Мемлекеттік қаржы
Ақша эмиссиясының негіздері
Қазақстан Республикасының ұлттық банксі
Экономиканың ақшалай-несиелік тұрақтылығындағы орталық банктің атқарылатын рөлі
Екінші деңгейлі банк
ҚР банк жүйесі элементтерінің функциялары. Даму жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz