Компьютерлік вирустар туралы мәлімет


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І. Компьютерлік вирустарға жалпы сипаттама
1. Компьютерлік вирус.
2. Компьютерге вирустың ену мүмкіндіктері
3. Вирус жұққан файлдар
4. Файлдық жүйені өзгертетін вирустар.
ІІ. Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі
ІІІ. Антивирустық программаларға сипаттама
1. Жекелеген антивирустық программаларға қысқаша
сиптаттама
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
КІРІСПЕ
Өзектілігі:
ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны өңдеу ұғымымен анықталады.
Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа, яғни, қорға айналып ақпараттық технологияны қалыптастыру, яғни, мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлінуде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңының шыққанын айта кету жеткілікті шығар.
Сондықтан да біздер компьютерлермен жұмысты жасағанда, кез келген қарсы жасалып жатқан кедергілерге (вирустар) қарамай, ешқандай кедергісіз еліміздің дамуына үлес қосуымыз керек.
Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана, соның ішінде вирустармен күресе білудің аса қажеттігін көрсетті.
Мәселе:
Қазіргі ақпараттық заманда компьютерді ақпаратпен жұмыс кезінде кездесетін компьютерлік вирустардың алдын алу мәселесі туындайды.
Мақсаты:
Компьютерлік вирустар және олардың түрлерін, жіктелуін, компьютерлік вирустарға қарсы программалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде қолданушыға көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрету.
Міндеттері:
1. Компьютерлік вирустарды теориялық тұрғыдан жіктеу. ндеттері:
2. Компьютерлік вирустарға қарсы программаларды жүйелеу.
3. Antiviral Toolkit Pro ( AVP ) программасына сипаттама беру.
Зерттеу нысаны:
Компьютерлік вирустар және оларға қарсы программалар.
Зерттеу пәні:
Информатика және компьютерлік технологиялар.
Болжам:
Егер әр бір қолданушы берілген тақырыпты жан- жақты, терең меңгерсе, дербес компьютермен жұмыс кезінде қолайсыз жағдайларға кезікпес еді.
Ғылымға пайдасы:
Вирустар және олармен күресудің, сақтанудың жолдары туралы, ену мүмкіндіктері, бүлінген файлдарды емдейтін құралдар туралы мағұлматтар беру.
Компьютерлік вирус - арнайы жазылған шағын көлемді программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды «бүлдіруге» кіріседі, сондай - ақ компьютерег тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа «ауру жұққан» немесе «бүлінген» деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға кері әсер етіп, оларға да «жұғады» және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай басатайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с. ) . Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Осының кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерді орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша өз жұмысын жалғастырып, сырт көзге «вирус жұққандығы» бастапқы кезде байқалмай қалады. Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS - ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын - оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп толтырады. Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол тез орындалып әсері тез білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде «вирус жұққан» программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ, біраз уақыт өткен соң компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынандай іс - әрекеттер істеуі мүмкін :
- кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді.
- экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады.
- компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды.
- көптеген файлдардан бүлінгені байқалады және т. с. с.
- компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен Катологтар, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілер бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге тарап кеткені байқалмай да қалады.
Вирустардың кейбір түрлерінің кейбір түрлерінің кері әсері тіпті одан да терең болады. Олар бастапқы кезде өзінің жұққанын ешбір әсерімен білдіртпей, көптеген программалар мен дискілереге үндемей таралып кетеді де, сонан соң бірден бел шешіп, зиянкестік жасауға кіріседі, мысалға компьютердегі қатты дискіні өздігінен қайта форматтап шығады. Ал зиянкестік әсерін программаларға өте аз тигізіп, бірақ қатты дискідегі мәліметттерді іштен мүжіп, құртып жататын вирустарға не істеуге болады? Осының бәрі вирустан дер кезінде қорғанбасақ, оның келешектегі әсері керекті мәліметтерді жоғалтуға душар ететіні Талас тудырмаса керек. Вирус программасының байқалмау себебі, олардың көлемі кішкене ғана болады, өздері ассамблер тілінде жазылады. Кез - келген жағдайда вирус программасы қай компьютерге арналып жазылса да, ол мәлімет алмасып жұмыс істейтін басқа компьютерлерге де тез тарап кетеді және өте көп зяинкестік әрекеттер жасауы мүмкін. Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топқа бөледі: 1. резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар; 2. резиденттік емес вирустар.
Вирус жұққан программа іске қосылғанда резиденттік вирустар әсерлене әрекет етеді, олар жадқа көшіріліп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенімен, соңынан ібрден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады. Дискілерге мәлімет жазу кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп, негізгі операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискіге жазылып алады да, оның қалай жұққанын адамдар білмей де қалады. Ал резиденттік вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске қосылғанда, ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істер тұрған каталогтан немесе РАТН командасында көрсетілген каталогтардан өзі ішіне байқаусыз еніп кететін файл іздейді. Ондай файлды тауып, оның ішіне кіріп алып, ол кейін жұмыс істейтін кезде оған зиянды кері әсерін тигізеді. Вирус дискідегі кез келген файлды бүлдіре алады, бірақ кейбір файлдарға ол бірден жабысады, яғни ол файлдың ішкі көлемінен орын алып, оның қызметін түрлендіріп, қолайлы жағдай туғанда, зиянды әрекетін бастай кетеді. Дегенмен көптеген прграммалар мәтіндер мен құжаттарға, мәліметтер базасының информациялық файлдарына, электрондық кестедегі мәліметтерге вирустар онша әсерін тигізе алмайды, тек оларды аздап қана зақымдауы мүмкін. Вирустардың мынандай файлдарға жұғуы мүмкін:
Бірден орындалатын файлдар, белгілі бір іс-әрекет істейтін кеңейтілулері сот және ехе болып келген файлдар, сондай - ақ басқа программаларға қажет кезінде қосылатын оверлейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды. Вирус жұққан файлдар өздерінің кері әсерін жұмыс істейтін, іске қослған сәттерде жасайды. Ең қауіпті вирустарға резиденттік түрде жедел жадта сақатлып, орындалатын әрбір программаны зақымдап отыратындары жатады. Ал егерде олар AUTOEXEC және CONFIG. SYS арқылы іске қосылатын программаларға жұқса, онда компьютер өшіріліп, қайта іске қосылған сайын вирустар өз әсерлерін тұрақты қайталап жүргізіп отырады.
-.
Операциялық жүйенің жүктеуші мен қатты дискінің ең басты мәлімет жүктеу жазбасы. Бұл аумақтарды зақымдайтын вирустар «жүктегіш» немесе ВООL -вирустар деп аталады. Мұндай вирустар өз қызметін компьютерді іске қосқанда, яғни операциялық жүйені жүктегенде бірден бастайды және әрдайым компьютердің жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі компьютерге салынған дискеттердің алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіру болып табылады. Әдетте мұндай вирустар екі бөліктен тұрады, өйткені дискеттің жүктеуіш жазбасы мен операциялық жүйенің басты жазбасы өте шағын көелмнен тұрады, сондықтан вирус бірден түгелдей олардың ішіне орналаса алмайды. Вирустың екінші бөлігі дискінің түпкі каталогының соңына немесе мәліметтер кластерлеріне жазылып қалады.
Құрылғылар драйверлері, яғни CONFIG, SYS файлының шеткері құрылғылар көрсетілетін devise деген сөз тұрған жолында жазылған файлдар. Ондай файлдағы драйверлерді бір компьютерден екінші компьютерге көшіру өте сирек болатындықтан, мұндай вирустар көп тарала қоймаған. Bos жүйелік файлдарына MS. bos. sys және LO. SXS да вирус жұқтырылуы теория жүзінде мүмкін болғанымен, олардың таралу іс жүзінде өте сирек кездеседі. Әдетте әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне ғана жұғады. Көбінесе бірден орындалатын файлдарға жұғатын вирустар жиі кездеседі. Дискінің жүктегіш аймағын зақымдайтын вирустар екінші орында деп айтуға болады. Шеткері құрылғылар драйверлерін зақымдайтын вирустар сирек кездеседі, әдетте олар бірден орындалатын файлдарға да зиянын тигізеді.
Файлдық жүйені өзгертетін вирустар
Соңғы кезде вирустың жаңа түрлері, дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда. Оларды қысқаша - вирустар деп атайды. Мұндай вирустар өз мәтінін дискінің белгілі бір бөлігіне, әдетте дискінің соңғы калстеріне жасырып жазып қяоды да, оны дикінің файлды орналастыру кестесіне -файлдың соңы ретінде белгілейді. Барлық СОМ және ЕХЕ итпті файлдар үшін каталогтағы файлдың алғашқы мәліметі көрсетілген орынға вирус жазылған қате орын көрсетіліп, ал дұрыс көрсеткіш таңбаланған түрде каталогтың пайдаалнылмайтын бөлігіне жасырылады. Сол себепті кез келген программаны іске қосқанда дискіден бірінші вирус оқылады да, ол тұрақты компьютер жедел жадында сақталып файлдарды өндейтін -программаларына жабысады. Бірақ жалпы көрініс каталог дұрыс жұмыс атқарған сияқты болып сырт көзге мұның әсері білінбей тұрады. Тек вирусы бар дискеттерден программалық файл оқитын сәттерде оның нақты көлемі қысқарып небәрі 512 не 1024 байт қана болып қалады. Бірақ атқарылуға тиіс вирусы бар әрбір программа іске қосылғанда оның дұрыс емес екендігі байқалмайды. Міне, осылай ауырған дисіклерді дұрыс қалпына келтіру үшін тек арнайы антивирустік программалар қаежт, мысалы: программасының соңғы нұсқалары.
Көрінбейтін және өздігінен өрбитін вирустар өзін жай көзге сездірмес үшін кейбір вирустар жасырынудың қилы - қилы тәсілдерін пайдаланып жүр. Осындайлардың екі түрін - көрінбейтін және өздігінен өрбитін вирустарды қарастырайық.
Көрінбейтін вирустар - көптеген резиденттік вирустар бұлай жасырынуды әдетке айналдырған, олар жүйесінің вирус жұққан файлдарды шақыруын өзгертпей дұрыс күйінде қалдырады. Бірақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерде ғана байқалады, ал вирус жұққан компьютерде ғана байқалады, ал вирус жұға қоймаған компьютерде файлдар мен дискілерді жүктеуіш аймақтарының өзгеруін байқау қиын емес.
Өздігінен өрбитін вирустар-вирустардың жасырын жолының екінші жолы- өзін-өзі аздап өзгертіп, өрбіп толықтырылып отыруы. Көптеген вирустар жасайтын кері әсерін байқатпас үшін өз көлемінің бірсыпырасын шартаңбаланған жасырын күйде сақтайды. Бірте-бірте өрби отырып, олар таңбалану тәсілін де таңбаланбаған алғашқы бөлігін де аздап өзгертіп отырады. Осының арқасында вирусты іздеп табатын тұрақты байттар тізбегі болмай, олардың ұстайтын детектор программалар жұмысы қиындайды.
Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі
Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі қазіргі кезде 1 шамасында кмопьютерлік вирусатр белгілі. Оларды әдетте мақсатына, жұмыс логикасына, көлеміне және жұмыс істеу аумағына қарай топатрға жіктейді. Жұмыс логикасына және мақсатына қаарй оларды шартты түрде төмендегідей жіктеуге болады:
- «Ұстауыш - вирустар» - программалық құралдар кешеніндегі қателіктер мен дәлелсіздіктерді пайдаланады. Көлемді программаларды түзету кезінде белсенділік көрсетіп программаға жабысады. әртүлі зияндық әрекеттері бар вирус.
- «логикалық бомбалар» бояу әсер ететін «бомбалар» - қарапайым программаларға кіріп алып көрінбей тұрады. Тек белгілі бір шарттар көрсетілген күн - ай мерзіміне немесе уақытта, программа орындалуының белгілі кезеңінде, орындалғанда ғана әсер ете бастайды. Сол шарт орындалар мезетке дейін неғұрлым көп программаларға «жұғыуға» тырысады.
- «Құрттар» - жүйелік программалардың информациялық есептеу желілерінің бос тұрған ресурстарын анықтау программаларына кіріп алып, сол бос құрылғыларды тектен тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Мысалы, оларды шексіз циклге енгізіп, құрдан - құр жүргізіп қояды немесе қажетсіз мәліметтерді баспаға шығартады және т. с. с.
- «Троян аттары»-қарапайым қолданбалы программаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді орындатады. Мақсаттарына қарай вирустар мынандай төрт бөлікке бөлінеді: 1. «бейсауат»-онша қатты зиянын тигізбейтін вирустар; 2. «шантаж жасаушы»-мысалы, белгілі бір төлемақы берсе, вирус әсері жоғалатынын анонимді түрде хабарлайтын «баяу әсер ететін бомбалар»; 3. «насихатшы» - өзін көрсету мақсатында жасалынған; «мағанасыз» - атынан - ақ әсері түсінікті. бізде кең тараған антивирустік программаның авторы Д. Лозинскидің ұсынысы бойынша вирустарды көлеміне қарай жеті топқа жіктеуге болатыны белгілі, олар көрсетілген.
ҚОРЫТЫНДЫ
Компьютерлік вирустар «таза» компьютерге вирус жұққан иілгіш дискеттер арқылы таратылады. Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыдан да кең жол ашылады. Айта кететін жайт, вирусатрдың кейбір түрлері компьютерге келісімен зиянды ісіне кірісе кетеді, ал олардан кейбіір файлдар құрамына енсе де іске кіріспей, біраз уақыт тым-тырыс жасырынып жатады, бұл уақытты «инкубациялық мезгіл» деп атайды. Жалпы информация қорғау тәсілдері тек вирустан сақтанудан ғана емес, басқа жағдайда да пайдалы болатынын есте сақтаған жөн. Ондай тәсілдің негізгі екі түрі белгілі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz