Ислам ахлағы


Мазмұны:
Кіріспе . . . 2
1 - бөлім Ахлаққа түсініктеме
1. 1. Ахлақтың анықтамасы мен мақсаты . . . 7
1. 2. Ахлақтың жеке тұлға мен қоғамға әсері . . . 10
2 - бөлім Ислам ахлағы
2. 1. Исламнан бұрынғы әдеп түсінігі . . . 13
2. 2. Ислам дінінің әкелген әдеп түсінігі . . . 16
3 - бөлім Ахлақи міндеттер
3. 1. Жеке тұлға ретіндегі міндеттеріміз . . . 24
3. 2. Рухани міндеттеріміз . . . 35
3. 3. Жанұядағы міндеттеріміз . . . 37.
3. 4. Қоғамдағы міндеттеріміз . . . 53
Қорытынды . . . 88
Әдебиеттер тізімі . . . 92
Кіріспе
Қазіргі таңда адамгершілік тәрбиесінің өзекті мәселесі қоғам алдында тұрған мақсат-мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттер ата-бабадан қалған салт-дәстүрлерінен ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан тәрбие жөніндегі іс-тәжірибесіне имандылық тәрбие мүмкіндіктерінен көрінеді. Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделі зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз. Бүгінгі таңда тәуелсіздігін алып өзінің сыртқы және ішкі жағдайларын анықтап жатқан қазақ елі үшін өркениетке жеткізер тәрбие жолдарын саралап, жүйелеп, өмірге енгізудің орны ерекше екені белгілі. Бұл ретте бала дүниеге келгеннен кейін ең алдымен отбасында, онан кейін қоғамдық ортада және оны тұлға ретінде қалыптастыруға, тәрбиелеуге қатысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп келген оның тәрбиесін қолданудың маңызы зор. Өз тарихының бастауынан-ақ адамзат ұрпақ тәрбиелеуге ерекше мән берген. Отбасындағы бала тәрбиесі нәрестенің ана құрсағында жатқан балаға тәрбие анасының көңіл-күйі, мінез-құлқы арқылы дариды деген пікірлер бекер айтылмаған. Ал, нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен-ақ ата-ананың мейірімді жүзі, жылы жүрегі, ыстық құшағынан балаға дүние есігі ашылады, оның дүниетанымы, өмірді білуі басталады. «Бала кезден не әдет етсең соның шырмауында қаласың» деген мақалдан жас кезінен отбасында алған тәрбиесі дұрыс еңбек етуді адамгершілігі мол, ар ұятты, ақыл-ойды адамдармен жақсы қарым-қатынаста боласың дегенді білдіреді.
Қаныш Сәтбаев: «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз сөз жоқ жеңіске жетесіздер. Сіздердің мінез қасиетіңізге адамгершілік бірінші болып орын алса, шыншыл, батыл, тиянақты, жігерлі және кішіпейіл адам болған болар едіңіздер. Жеткен жетістік пен табысқа мақтану, масаттану сіздер үшін қасиет емес» деген. Жалпы, адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - жастар бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі тәрбиешілердің арнаулы мақсат көздеген қызметі. Адамгершілік тәрбиесі жан-жақты тәрбиенің аса маңызды бөлігі болып табылады. Адамгершілік идеялары және оны тәрбиелеу өте мағыналы ұғым. Ол - адамның ішкі жан-дүниесінен, әсемділігінен бастап оның сыртқы қабілеті, ой-әсемдігі мәселелерін қамтиды. Адамгершілікке тәрбиелеу адамның дүниеге, адамдарға деген көзқарасын анықтайды, оның ықпалымен жеке адамның адамгершілік құқығын қалыптастырады. Адалдық пен шыншылдық адамгершілік, қарапайымдылық пен сыпайылық үлкендерді сыйлау сияқты мінездегі моральдық ерікті саналарды тәрбиелеудің негізі болып табылады. Баланы шыншыл, адал азамат етіп тәрбиелеу-әр отбасының қоғам алдындағы міндеті. Отбасы мүшелерінің басқа адамдармен қарым-қатынасы жас буынның бойына адамгершілік қасиеттерін егеді. Халқымыз «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп бекер айтпаса керек. Жастайынан баланы неге баулысаң, олар өскен соң соған лайық жемісін береді. Тәрбиелі ортада өскен адамдар, қашанда үлкен ілтипатқа бөленеді. Олай болса сол балғындар сусындайтын айдын, нәр алатын бұлағымыз таза болғаны жөн. Адамгершілік тәрбиесі-үзіліссіз процесс. Ол адам туғаннан бастап, бүкіл өмір бойы жалғаса береді. Тәрбиенің барысы үшін оның нәтижесін білудің маңызы зор, оны өмірдің белгілі бір кезеңде шығармаға адамның қолы жеткен білі мен есепке алу алдағы уақытта оның адамгершілік өсуін жобалауға көмектеседі. Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптастыру процесінде адамгершілік өсуін жобалауға көмектеседі. Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптастыру процесінде адамгершілік сезімдері ерекше орын алады. Адамгершілік сезімді тәрбиелеу көп қырлы процесс. Сезім баланың мінез-құлқына керемет әсер етеді. Тәрбиеде сезімге сүйену тәрбиенің тиімділігін арттырады. Баланың сезіміне әсер ету шексіз және тәрбие жұмысының неғұрылым күрделі саласы болып табылады.
Сезім дегеніміз әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарын эмоциялық қатынас. Жоғары сезімдер арасында адамгершілік сезімдері ерекше орын алады. Бұл туралы Н. Д. Ушинский «Адам тәрбие жемісің» деген еңбегінде: «Біздің өзімізді, біздің дүниеге қалыптасуымызды, біздің сезіміміз де, ойымыз да тіпті қылығымыз да сезімдеріміз де жеке дұрыс білдіре алмайды, біздің сезімдерімізде жеке ой ғана, жеке шешімдер ғана емес, адам жанының мазмұны, оның жүйесі түгелдей көрініп тұрады1- деп сипаттама берген. Сондай-ақ адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы ұзақ та күрделі процесс, ол мектепке бармаған баланың қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуынан жақын адамдардың өзара қатынастарынан басталады. Біздің балаларымыз үшін күшті сезім туғызарлық, мінез-құлқы мен ісіне көрінетін терең идеялы сенім керек. Ондай сенім ойлағанда, сезінгенде ғана емес, адам өз басынан кешкен жағдайда өзінің жеке тәжірибесінде дәлелденген жағдайда тууы мүмкін. Сондықтан тәрбие жұмысында тек қана белгілі бір мінез-құлық нормалары жайлы түсіндіріп қоймай, балалар өз көзқарастарын тексеріп көре алатындай, практикада олардың дұрыстығына көз жеткізетіндей жағдай жасау керек.
Адамгершілік сенім, адамгершілік сананы, адамгершілік талаптары білу, түсіну және соған сай қарым-қатынаста болуды қамтиды. Ол өзінің сенімін қандай бір жағдай болмасын оны қорғауға және өзінің сенімінен таймауға, қарым-қатынас жасуға тырысады. Сенім әрбір іс-әрекетте, мінез-құлықта, адамның бағыт-бағдарын принциптілігін айқындайды. Алайда, күнделікті тәжірибеде сенім мен мінез-құлық іс-әрекет арасында алшақтық кездесіп отырады. Бала моральдық талаптарды ережелерді түсініп, оған енгендігін қарамастан мінез-құлқына, адамдармен араласу барысында адамгершілікке жатпайтын теріс әрекеттер жасайтын жағдайлар кездеседі.
Сондықтан адамгершілік тәрбиесінде моральдық ереже нормалары туралы білім түсінік ұғымдарының негізіндегі адамгершілік сенімнің алатын орны ерекше. Тәрбиенің пәрменділігі мектептің балаға мінез-құлықтың пайдалы дағдылары мен әрекеттерін қалыптастыру туралы қаншалықты қамқорлық жасауына байланысты. Балаларға адамгершілік дағдыларын қалыптастыру ұзақ уақытқа созылумен, күрделі де көп қырлы процесс. Ол баланың сана-сезіміне ықпал етуді, олардың жақсы әдеті мен мінез-құлқы, адамгершілік сезімі мен қасиеттерді қалыптастыруды және олардың еркі мен тілегін бағыттай білуді, т. б. талап етеді. Сонымен, адамгершілікке тәрбиелеу А. С. Макаренконың сөзімен айтқанда: «Өмірге жаттықтыру болып табылады».
«Адамзат тарихында пайда болған адамгершілік адамгершілікке байланысты көптеген категориялар жомарттық, батылдық, шыншылдық сыпайыгершілікке, ар мен намыс тағы басқалары сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпаған» деп Әбжанов Қ, Нысанбаев ғалымдары адамгершіліктің категориялары деп көрсеткен. Осы айтқандарына сүйене отырып адамгершілік қасиеттеріне ар-ұят, намыс-абырой, әділдік, адалдық, кішіпейілдік, жауапкершілік, парасат-сатбыр, нысан-қанағат, қарапайымдылық, бауырмалдық т. б. жататынын көреміз. Сондықтан қазіргі кезде оқушылар, ұстаздар, тәбиешілер ең алдымен жас жеткіншектерді, оқушыларды жан-жақты халқының қамын ойлап азамат етіп өсіру қажет. Мақсатында тығырықтан шығар жол іздеп, тың бағыттарда ізденіп, бала жүрегінде жол табатындай етіп, осы адамгершілік қасиеттерді сабақ уақытында, сабақтан тыс уақыттарда дұрыс тиімді пайдаланып үйретуді керек етеді. Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп, қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені отан, халық, ел, жер деген ұғым ауқымды. Бұған шын мәнінде адамның бүкіл болмысының қатысы бар. Өзінің бүкіл халық болып, мемлекет болып құрылуы тарихында талай тар жол, тайғақ кешуді басынан кешіріп, үнемі шапқыншылардың шабуылына төтеп берумен өмірін өткізген халқымыз елді, жерді қорғаудың қадірін ерте түсініп, баласын ана сүтімен бірге отанын сүюге және найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай аман сақтап келді. Құрып кету қаупі төніп тұрған кезде бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарып жауға қарсы тұру нағыз отан сүйгіштікке қасиет болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз-қазақстандық отан сүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азамат өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру»2 деп жазды. Көп ұлтты Қазақстан халқы үшін отан сүйгіштік өзіміздің рухани саладағы тату-тәтті тірлік азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттің материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. Отан сүйгіштік рухы қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүние жүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш.
Бүгінгі таңда жас ұрпақты ұлттық тәрбие ауадай қажет болып отырғанда, бұл жалған мәңгі өмірдің де құпия сырларын оқытып, үйрету-дүниеге келген әрбір ұрпақтың жан-дүниесіне адамгершілік-имандылық қасиетті сыйлау болып табылады. Олай болса, дін-ғылым, дін-білі екенін ескере отырып, жас ұрпақтың жан дүниесіне рухани азық беруді кешіктірмей, іске батыл кірісуіміз керек. Тәрбие жалпы халықтық іс екендігін еш уақытта естен шығармауымыз қажет. Сондықтан жастар тәрбиесі дұрыс жолға қойылса, әрбір отбасы мен елді мекен, жалпы бүкіл еліміз дамыған, мәдениетті жоғары елдің азаматын тәрбиелеп, болашаққа зор үмітпен қарайтын болады.
Ахлаққа түсінік.
1. Ахлақтың анықтамасы мен мақсаты.
«Ахлақ» сөзі араб тілінедгі «ха лә қа» етістігінен шыққан «Хулуқ» сөзінің көпше түрі. "Хулк" дегеніміз адамның жаратылысынан бері пайда болған әрі тәрбие жолымен қол жеткізген рухани сезім. Біз мұндай халді - мінез-құлық, әдеп сияқты сөздермен түсіндіруге тырысамыз.
"Ахлақ" сөзінің терминдік мағынасы - қимыл іс-әрекеттер ешқандай ойды немесе пікірді кажет етпей орналасқан жаттандылык хал.
Хал деп - адам бойында толығымен орнықпаған іс-әрекетті айтамыз. Мысалы, бір адамның анда-санда күлуі, қорқуы, абыржуы т. б. сияқты. Ал, мына бір тұрғыдан қарағанда тағы бір ерекшелік байқалады. Ол адам бойынан оңайлықпен ажырата алмайтын әдеттенген мінез-құлық. Мысалы, жомарттық, шыншылдық немесе олардың антонимі сараң, өтірікші сияқты.
Егер мән беріп карасақ жомарт адам оңайлыкпен бұл мінезін тастай алмайды. Мұндай кісіге ешкім еш нәрсе демесе де қолындағы бар затын қасындағыларға таратып бере салады. Яғни, жомарт кісі қолында беретін еш нәрсесі болмаса да бұл мінезінен ажырай алмайды. Әрдайым бір нәрсеге ие болып, соларды өзгелерге беруге ынтығып жүреді. Шыншылдық та осы тәрізді. Мысалы, бір кісі сот алдында жазаланатындығын білсе де ақиқаттан жалтармай, жазадан қорыкпай шындықты айтады. Өйткені, оған шындықты айту ішкі жан дүниесіне орныққандықтан сол әдетінен құтыла алмайды. Міне осындай ішкі жан дүниеге негізделген ерекшеліктерді жаттандылық десек жаңылмас едік. Ал егер өзінің пайдасы үшін біреуге жақсылық жасаса ол жомарттыққа жатпайды. Себебі бұл тірлікке оны итермелеген басқа бір себеп.
Басқа бір тұрғыдан қарастырғанда біздің жан дүниемізде орныққан мұндай жаратылыс жаттандылығы нәтижесінде ортаға шыққан мінез-құлықтарымызды дін солай ұстануымызды әмір еткендей тыйым да салуы мүмкін. Сондықтан мінез құлықтарымыз жақсы, ұнамды болса, жақсы ахлақ болып, керісінше ұнамсыз ерекшеліктері болса онда ол сүйкімсіз ахлақ болып табылады.
Ахлақ саласын ғылыми түрғыдан алғанда, қаншама ғасырдан бері білім саласы ретінде қарастырылып келеді. Көптеген ғылым саласына зерттеулер жүргізіп, сол ғылымдармен айналысып жүргендер бір шама анықтамалар берсе, ахлақ саласын зерттеушілер де ахлақтың анықтамасын беруге тырысқан. Солардан бір-екеуін алатын болсақ:
- Ахлақ адам баласын жоғары дәрежеге жетелейтін ілім.
- Ахлақ жақсылық жасауға шақырып, жамандықтан тыйатын ілім.
Міне осы айтылғандар ахлақтың мақсаты жақсы және жаман мінездерге ие, болған адам. Бірақ ахлақ ілімі адамды материалдық тұрғыдан алып қарастырмайды. Керісінше адамның өз қалауы мен таңдауы арқылы істеген әрекетгерін, жақсы және жаман мінездерін қолға алып, ненің жақсы, ненің жаман екендігін анықтап, рухани жетістікке апаратын жолды көрсетіп, жамандықтан құтылудың жолын үйретеді.
Ахлақтың басты мақсаты адамдарды екі дүниенің бақытына, қуанышына кенелту. Екі дүниеде де жақсы бір жағдайда болуын қалайды. Құрандағы мына аят муминдердің осы кейіптерін бейнелеуде: " Және олардан кім. "Раббымыз! Бізге дүниеде де жақсылық бер әрі ахиретте де жақсылық бер. Және тозақ отының азабынан сақта! " - дейді, (2. Бақара - 201) .
Ахлақ ілімі негізінен теориялық және практикалық болып екіге бөлінеді. Теориялық ахлақ ахлақтың негізгі қағидалары, үлгі алатын әрекеттер және де ішкі дүниемізді басқару жолын үйретеді. Практикалық ахлақ; адамға жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты, жанұядағы, қоғамдағы міндеттерімізді үйретумен қатар олардың дұрыс жағын алып, іске асыруымызда бағыт бағдар береді. Жақсымен шындыққа бет бұрған адам материялдық және рухани тұлғасын белгілі бір жүйемен тәрбиелейді. Нәпсісін жамандықтан арылтып, өзгелермен тату-тәтті өмір сүруге бейімдейді. Осындай кейіптен айрылмағанша он екі мүшесі сияқты жан дүниесі де сау болады. Міне осы тәріздегі адам осы дүниеде тіпті ахиретте де бақытқа бөленеді. Осылайша ахлақтың көздеген мақсатына қол жеткізеді.
Ойшылдар ахлақтың не екендігін, ахлақи қағидалардың қайдан шыққандығын, бұл қағидаларды койған бір күштің бар екендігі үшін әрдайым тартысқан. Бұлардың кейбіреуі ахлақтың коғам жағынан ортаға шыққандығын, яғни қоғамның жақсы дегені жақсы, жаман дегені жаман ретінде қарауы тиіс. Себебі, ахлақи түсініктердің кейде өзгеріске ұшырауы осы дәлелдің айғағы екендігін білдіруде. Ал кейбір ойшылдар ахлақтың түбірін "ар-ождан" десе, кейбіреулері ақылдың тәжірбиесі арқылы пайда болғандығын айтуда. Сөйтіп, осыған байланысты кейбір ахлақи қағидаларды қоюға тырысқан. Өкінішке орай, бул қағидалар іске аспай тек кітагп; арда жазылып калудан баска пайдасы болмады. Түптеп келгенде, барлық діндердің және сол дінге сенген адамдардың, діннің әкелген ахлақи жүйесін қоғам болып ұстанғандығы олардың сенген ұлы жаратушыларына деген сезімдерінің адамзат қойған ахлақи жүйеден жоғары екендігін көрсетеді. Осы айтылғандар бізге ахлақтың шыққан түбірі дін екендігін көрсетуде. Себебі, діни негізге сүйенбеген ахлақ түсінігінін қазіргі таңға дейін ешқандай жетістікке жетпегені анық. Ахлақи негіздердің ең мықты жағы Аллаһ ақырет күні құлдарының істеген амалдарына сай есепке алатындығы, бұның нәтижесінде біреулерді сыйға бөлеп, кейбіреулерді жазалайтындығы жайында сенім бар. Мұндай сенім болмаса ахлақ та болмайды. Өйткені, діни сенім мен сезімнің төмендеген немесе жойылған қоғамдарда адамдардың этикасының төмендегенін байқаймыз. Мемлекеттің қойған заңы немесе қатаң шаралар еш уақытта дінсіз бір адамды яки қоғамды тәрбиелі, ахлақты (әдепті) ете алмайды.
Ислам дінінің ахлағы (әдебі) Құран мен хадисті негізге ала. отырып соның белгілеген ережелеріне сүйенеді.
2. Ахлақтың жеке тұлға мен қоғамға әсері.
а) Ахлақтың жеке тұлғаға әсері.
Әрбір кісі бүкіл өмірін адамдармен бірге өткізеді. Әлемде жалғыз бас үшін өмір сүрген адам жоқ. Осылай бірте өмір сүру тәртібі табиғат заңдылығы. Сондықтан, адамдар бірге өмір сүретіндіктен өз араларында әлеуметтік қатынас құруы тиіс. Ахлақ осындай қатынастарды ретке келтіреді.
Айналамыздағы адамдарға назар салатын болсақ әркімнің мінезі әр түрлі екендігін байқаймыз. Кейбір адамдар туа біткеннен жақсы мінезді болса, ал кейбіреулер жаман кейіпте көбінесе зұлымдық жасап, жамандық істеумен болады. Осы аталмыш екі кейіптегі адамдардан басқа да мынандай үшінші топтағы адамдарды кездестіреміз. Бұлар жазадан қорқып бақылаудың күшімен жүргендер. Мұндай адамдар көзден таса болысымен өзгелерге зұлымдық, қастандық етуден тайынбайтын болады.
Адам баласы жаратылыс бойынша менменшіл (егоист) келеді. Жеке басының қамы үшін өзгелердің ақысын жеуден тайынбайды. Сондықтан әлеуметтік өмірдін бір қалыпты өтуі үшін жеке тұлғалардың шексіз қалауларын тежейтін, менменшілдікті белгілі бір деңгейде ұстайтын рухани құндылыққа өте мұқтаж. Міне осы рухани құндылықтар дін мен ахлақи қағидалардан тұрады. Бұл қағидалар адамға үйретілгеннен кейін, оның жамандық істеуіне кедергі болады.
Ахлақ ілімі адамға дұрыс жолды көрсетеді және осыларды істеуін қалайды. Жаман, сүйкімсіз әрекеттерден тыйып, олардан бойын аулақ ұстауды үгіттейді. Ахлақи тәрбиені алған кісілер адамдар арасында өзгеше болып тұрады. Мына төмендегідей ерекшелікке ие болады:
- Ахлақтың бастауы дін болғандықтан ахлақты кісілер діндар, тақуа болады. Мұндай кісілер өз сеніміне берік, құлшылықтарын да кемшіліксіз уақытында орындайды.
- Ахлақты кісілерде жауапкершілік сезімі басым болады.
3. Ахлақты кісі Аллаһтан қорыққандықтан жаманшылық жасамай, керісінше жарлыларға қол ұшын беруге тырысады. Қазақ халқында да мынандай нақыл сөз бекерден бекер айтылмаса керек: " Құдайдан қорыққаннан қорықпа, Құдайдан қорықпағаннан қорық ".
4. Ахлақ адам бойына хақ пен әділеттік сезімін орнықтырады. Біреуге хақсыздық ету немесс зұлымдық етуден тыйады.
5. Ахлақ сүйіспеншіліктің, ынтымақтастықтың, сондай-ақ мейірімділіктің негізгі көзі. Осы сияқты мінез-құлықты Адам өзгелерге бауырмашыл, дінге, елге, жерге және отанға жанашыр болады.
6. Ахлақты, тәрбиелі кісілер жұмысында тиянақты, тірлігін мінсіз таза істеуді, ұрлық-қарлықтан алыс тұруды мақсат тұтады.
б) Ахлақтың қоғамға әсері
Адамдардың бірге өмір сүруі белгілі бір қоғамды құрайтындығы рас. Делік осы қоғамда бір адамның бойында әдептілік нышаны болса, ол толығымен қоғамға ықпалын тигізеді. Ахлақ ілімінің мақсаты да жеке түлғамен қатар қоғамды қуанышқа кенелту болғандықтан, жеке кісілердің әдепті, парасатты болуы коғамның әдептілігін біддіреді. Ислам дінінің ахлақи негіздері мен заңдылықтары қоғамды қарастыратын ерекшеліктерге толы. Мысалы, жетім-жесірлерге, жарлыларға көмек көрсету, басқаларға зұлымдық жасамау секілді әмір мен тыйымдар адамдардың бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсартып, ретке келтіреді. Әдептілік пен имандылықты меңгерген қоғамдардан ахлақтың төмендегідей әсер алғандығын байқауға болады:
- Ахлақты қоғамдарда бірлік, ынтымақ болады. Өз араларында мейірімді, бір-біріне жанашыр болса ондай жандардан тәртіпсіздік пен дұшпандықты кездестіре алмайсың.
- Әркім өзіне тиісті міндетін біліп, халық еңбекқор болып, ырысын да ысырап етпейді. Бір-біріне көмектесіп, қоғамның күшті, мықты, бақытты болуына себепші болады.
3. Жанұядан басталған әдептілік тәрбиесі қоғам ішінде орныққаннан кейін сүйіспеншілік пен құрмет орнығады да адамдар заң мен ережелерге бағынуды міндет деп есептейді. Әрине мұндай қоғамда тәртіп орнары анық.
4. Мұндай қоғамда хаксыздық етілмей, әділетсіздікке бұғау салады. Сөйтіп, жеке тұлға сияқты қоғамда толығымен діндар болып шығады. Нәтижеде әрбір қоғам мүшесі Аллаһ Тағаладан да қорқа бастайды. 3
ИСЛАМ АХЛАҒЫ (ӘДЕБІ) .
1. Исламнан бұрынғы арабтардың әдеп түсінігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz