Егеменді және тәуелсіз Қазақстан


Жоспар:
- Кіріспе
- Қазақстанның тәуелсіздігі туралы декларация
- Егеменді және тәуелсіз Қазақстан үшінші мыңжылдықтың басында
- Біздің Президентіміз
- Парламент
- Үкімет
- Қортынды
- Қолданған әдебиеттер
Кіріспе
Қай заманда, қандай жағдайда болса да өз ұлтының тағдырын ойлап, оның болашағы үшін күш-қуатын жұмсап, қажымай күресу - намысқа шабар перзенттердің төл ісі.
Өйткені әр халық, өз жерінде, туған отанында ғана көктеп көгеріп, жайнап гүл ашпақ. Оны өзгелер еш уақытта маңдайынан сипамақ емес. Қазақ халықының қадір - қасиеті де қанындай қасиетті жерімен тығыз байланысты. Ата- бабаларынан қалған мирас: бай жері мен бай тілі күні бүгін де сұқ көзден, жаттан қорғап, аялап сақтар асылдары болып отыр. Жаратқан Аллаһтың қазақ жұртына сыйлаған бұл сыйы - несібесін теріп жеуге бұйыртқан жері әлде бір айла - шарғылармен сатылып, талан - таражға түсуге тиісті ме, жоқ! Құдайым біздің, ес - ақылы түзу ұл - қыздарымызды ондай кешірілмес қылмыс терезесінен телмеңдетпесін ! Олай деуіміздің басты себебі қазақ болып туғанның Қазақстаннан басқа барар жері, басар тауы жоқ. Алтайдан Каспий теңізіне дейін, Оралдан Тәңір тауына дейін созылып жатқан кең аймақ - қазақтың қымбат қазынасы.
Осы кең байтақ өлкеде тәуелсіздік таңы алғаш атқан жылы туған бала қазір он үштен асып, отау иесі болып отыр. Ол 2030 жылы орда бұзар отыздың өріне көтерілді. Ендеше ел тәуелсіздігі осы ұрпақтың және дүниеге енді келер ұрпақтарымыздың алаңсыз игілікті өмірінің аманат тәуелсіздігі болуға тиіс. Аға буын алдындағы абыройлы міндет аманатты - бай жеріміз бен бай тіліміздің ұрпаққа аман - есен тапсыру. Өзінің туған жерін, туған тілін қадірлей білмеген ұрпақ қанаты қырқылған құс секілді, ұзаққа бара алмайды және тамыры шірік ағаштай тез қурап солады, құриды. Сондықтан біз неғұрлым түп - тамырымызды - тектік тазалығымызды сақтап қалуға күш салуымыз керек. Онсыз өркениет деп бос даурығудың қажеті шамалы.
Қазақстанның тәуелсіздігі туралы декларация
1991 жылдың желтоқсанында екі тарихи оқиға болып өтті. Біріншіден, аса қуатты мызғымас держава болып есептелетін КСРО мемлекеті бір - ақ сәтте таратылды.
Екіншіден, одақтық бір мемлекеттің орнына 15 дербес республика пайда болды. Ескі мемлекеттік құрылыс бұзылып, жаңа типті мемлекет пен жаңа құқықтық жолмен орныға бастады. Осындай алғашқы акті 1990 жылы 25 қазанда қабылданған «Қазақ Советтік социалистік Республикасының егемендігі туралы Декларация»болып табылды. Ал 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық Заңы жариялаанды. Бұл - еліміздің ешкімге тәуелсіздербес мемлекет екендігін дүниежүзіне әйгілеген аса қасиетті құжат. Осы күннен бастап елміз ешкімге жалтақтамай, Өз бетінше өмір сүріп келеді. Бұл тарихи құжат мемлекеттің тәуелсіздігіне және оның социалистік емес жолмен дамуына жол ашып берді. «Декларацияда» социалистік федеративтік мемлееттік ұйымдастыру тәртібі мен қызметінің қағидаларын жоққа шығарылып, жаңа шарттар ұсынылды.
Американдық сенатор Т. Джефферсон «АҚШ - тың Британ империясынан тәуелсіздік алуы туралы Декларациясын» жасап, жариялаған 1776 жылы алғаш рет тарихта «Тәуелсіздік декларациясы» деген термин пайда болды. «Тәуелсіздік декларациясы» дегеніміз - заң да, Конституция да емес, адам құқығы туралы декларация, адам баласының бостандығы туралы құжат болса, Тәуелсіздік туралы конституциялық заң мемлекеттік бостандығы туралы құжат.
Егеменді және тәуелсіз Қазақстан үшінші мыңжылдықтың басында
Қазақстан Республикасы - Евразия деп аталатын құрылылықтар кеңістігінің дәл ортаңғы бөлігінде орналасқан ел. Оның басты аймақтары Европа құрылығының жерінде жатыр. Қазақтар Жайық деп атайтын Орал өзені - Европа мен Азияны бөліп тұратын шекара. Ал еліміздің солтүстігі, шығысы мен оңтүстігі Азия құрылығында орналасқан. Қазақстан Республикасының аумағы - 2 миллион 724 мың шаршы киломертді құрайды. Жерінің аумағы жөнінен ол бүкіл дүниежүзінде 9 -орында тұр. Мұндай жерге Франция сияқты 5 мемлекетті сыйғызып жіберуге болады. Елдің климаты мейілінше континенті. Солтүстіктегі орташа температура қыстыгүні Цельский бойынша 20 - 25 градус болса, кей жылдары бұл 40 - 45 градусқа дейін төмендейді. Жаздыгүні солтүстіктегі температура 18, оңтүстіктегі температура 35 - 40 градус болады.
1999 жылғы ресми санақ бойынша Қазақстанда 15 миллион шамасында халық тұрады. Жыл өткен сайын бұл цифр ұлғая түсуде. Елімізде халықтың 53, 4 пайызын құрайтын байырғы халық қазақтардан басқа ұлттардың да өкілдері тұрады. Шамамен алғанда, орыстар - 30, украиндар - 3, 7, өзбектер - 2, 5 пайызды құрайды. Сондай - ақ елімізде немістер, ұйғырлар, кәрістер, дұнғандар, түріктер және басқа халықтардың өкілдері бар.
Елдің мемлекеттік тілі - қазақ, ресми тілі - орыс тілі болып табылады. Қазақстан Республикасының астаасы 1998 жылы Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілген. Қазақстан Республикасы - халықтың өзі басқаратын демократиялық, зайырлы ( азаматтық), біртұтас (бөлінбейтін) президенттік басқару нысанындағ, ы мемлекет. Ел басшысы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1999 жылы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде сайланған Президент. Қазақстан Республикасының негізгі заңы Конституцияда Президент халық мүддесін қолдау үшін халық атынан әрекет етеді деп жазылған.
Қазақстан Республикасында 14 облыс, 159 аудан, 85 қала, 195 кент, 2150 ауылдық және селолық округтер бар. Еліміздің Еділ өзенінің төменгі ағысынан Алтай тауына дейінгі ұзындығы 3000 километрдей болса, Батыс Сібір жазығынан Іле Алатауына дейінгі аралығы мың жарым километрден астам. Ал Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығ 15 мың километрге жетеді. Еліміз батысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Түркіменстан, Өзбекстан және Қырғызстан республикаларымен, ал шығысында Қытай Халық Республикасымен шекараласады. Азаттық үшін болған екі жарым ғасырдан астам уақыт күрестен кейін қазақ халқы тәуелсіздікке 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол жеткізді. Сондықтан да жыл сайын 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі ретінде ресми аталып өтеді. Қазақстан - Біріккен Ұлттар Ұйымының тең құқықты мүшесі. XXI ғасырға тәуелсіз мемлкет болып аяқ аттаған біздің отанымыз Қазақстан Республикасы, міне осындай.
Біздің Президентіміз
Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің сайланып қойылатын басшысы, ең жоғары лауазым иесі. Президенттің құқықтары мен міндеттері өте көп. Ол Үкіметті жасақтайды, Парламенттің келісімімен Үкімет басшысы Премьер -Министрді тағайындайды, заңдар мен заң күші бар жарлықтар шығаруға құқылы, республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды.
Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Оның еліміз бен халқымыздың алдында сіңірген еңбегі орасан зор. Оның басшылығы кезінде халқымыз азаттық алып, Қазақстан егеменділікке, сосын тәуелсіздікке қол жеткізді.
1958 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Н. Ә. Назарбаев Днеппродзержинск қаласындағы № 8 техникалық училищесіне оқуға түседі де, оны 1960 жылы бітіріп шығады. 1960 жылдың мамыр айында ол Теміртау қаласындағы «Казметаллургстрой» тресінің «Доменстрой» құрылыс басқармасында қара жұмысшы болып еңбек жолын бастаған. Ал осы жылдың шілдесінен бастап Қарағанды металлургия зауытының балқыту цехында шойын құюшы болып жұмыс істейді.
1964 жылдың ақпанынан 1965 тамызына дейін Қарағанды политехникалық институтының студенті болған ол балқыту цехының диспетчері, балқыту пешінің газовщигі және балқыту цехының аға газовщиғі болып істейді. 1969 жылдың шілде айынан Теміртау қалалық партия комитетінің өндіріс және көлік бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады да, осы жылдың желтоқсанынан бастап Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып істейді.
1971 жылдың маусымында Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, ал1973 жылдың қазанынан Қарағанды металлургия комбиаты партия комитетінің екінші хатшысы болған. 1977 жылдың наурызынан Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы . 1979 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Компартиясы ОК - ның хатшысы.
1984 жылдың наурызында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болған ол 1989 жылдың маусымынан Қазақсиан Компартиясы ОК - ның бірінші хатшысы.
1990 жылдың ақпанында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы, 1990 жылдың сәуірінен қазақ КСР - ның, 1991 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Президенті.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1967 жылы Карметкомбинат жанындағы Жоғары техникалық оқу орнын қара металдар металлургияся мамандығы бойынша бітіріп, инженер - металлург мамандығын алған. Өндірісте жұмыс істей жүріп ол СОКП ОК - ның жанындағы Жоғарғы партия мектебін сырттай оқып бітірді. Біздің Президентіміз - іргелі ғалым, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академисының академигі, Ресей Әлеуметтік ғылымдар академиясының акдемигі . Ол «Қазақстанның құрыш келбеті » (Алматы, 1984 ), «Нұрсұлтан Назарбаев : оңшыл және солшылдарсыз» (Москва, 1991), «Егемен мемлекет ретіндегі Қазақстан дамуының стратегиясы» (Алматы, 1992), «ресурс сақтау стратегиясы және нарыққа өту» (Москва, 1992 ), «Қоғамның идеялық шоғырлануы - Қазақстан прогресінің шарты» (Алматы, 1993), «Жаңарған Қазақстанға реформаны тереңдету, жалпы Ұлттық келісім арқылы» (Алматы, 1994), «Нарық және әлеуметтік - экономикалық даму» (Москва, 1994), «Ғасырлар тоғысында»(Алматы, 1996), «Тарих ағымында»(Алматы, 1999), және т. б. кітаптардың авторы.
Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н. Ә. Назарбаевты Қазақ КСР - ның Бірінші Президенті етіп сайланды. Егеменді және тәуелсіз Қазақстанда 1991 жылдың бірінші желтоқсанындағы бүкіл халықтық сайлауда ол ел Президенті болып сайланды. Қазақ КСР - нің Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес 1991 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісті.
1995 жылғы 29 сәуірдегі бүкілхалықтық референдумның нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі 2000 жылдың желтоқсанына дейін ұзартылды. 1999 жылы Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізіліп, Н. Ә. Назарбаев жеңіске жетті. Ол бұл жолы жеті жылға сайланды. «Мемлекеттің бірінші тұлғалары» кітабында біздің Президентімізге: «Нұрсұлтан Назарбаевты дүние жүзі біледі, таниды және сыйлайды, оның маңдайына өз халқының мүддесін қорғау жазылған. Біздің республикамыздың тәуелсіздік алуы, Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуы және нығаю кезеңі оның есімімен тығыз байланысты, ол билік дегеніміз бәрінен бұрын жауапкершілік екенін іс жүзінде дәлелдеді. Нұрсұлтан Назарбаев - ұлт тарихының жаңа дәуірін жанды түрде бейнелейді, ол - бұл тарихтың бірібөлшегі» деп сипаттама берілген.
Президенттің басшылығымен еліміздегі экономикалық жүйені түбегейлі реформалау, нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылуда.
Парламент
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz