Мемлекеттік - әкімшілік басқару теориясы мен тарихы


Кіріспе.
«Біз, ортак тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» деп басталатын, біздін конституциямыздағы осы сөздерде мемлекеттігін жаңғыртып, жана әділетті қоғам орнатуды мұрат тұтқан сан ұрпақтын тарих сабақтастығы тоғысып жатыр. Мемлекет- аумақтын тұтастығы, азаматтардын топтасқандығы, билік институттары ғана емес, біз сонымен қатар ол оз боиына алдынғы ұрпақтын омір тажірбиесі мен жарқын болашаққа деген ізгі үміт сіңірген конституция депте білеміз.
Еліміздін Президенті Н. Назарбаев «Біздің омірімізді түбегеилі озгертіп, Қазақстан тәуелсіздікке ие болған откен ғасырдын, тоқсаныншы жылдарының тарихқа озғанына да коп уақыт оте қоиған жоқ. Сана мен сезімнін шиеленісі мен ширығуы жағынан бұл ерекше жылдар болды. Бұл біздін мемлекетіміздін алдағы жүрер жолын аиқындаитын аса маңызды шешім қабылдаған жылдар болды, сол кезде қабылданған бір ғана бұрыс шешім, еліміздін жүрер жолының бағыт бағдарын елеулі озгеріске ұшыратуы абден мүмкін еді. Осы уақыттын ішінде халық менің елімізге басшылық етуме өзінің шынаиы сезімін білдірді. Мен болсам сіздердің сенімдеріңізді ақтауға тырысып, біздің стратегиялық бағытымыздың негізгі бағдарларын әр жыл саиын оздеріңізбен бірге саралап келемін»- деп атап отті.
Егемен Қазақстанда біршама қысқа мерзімнің ішінде екі негізгі Заң тарих қоинауына кетті. Оның біріншісі бізге кеңестік кезеңнен еншімізге тисе, ал 1993 жылы қабылданған екінші, жасырары не кешегі мен келешекті мәмілелестіруге тырысқан әрекет ғана еді. Оның ғұмырының қысқа болары да, бесенеден белгілі еді. Эканомика мен саясаттғы, адамдардың санасындағы түбегеилі озгерістердің тездегені сонша, жаңа Конституция қабылдау қажеттігі айдан анық болды. Осы заманғы демократияның негіздері қалана бастаған, бұдан екі жүз жылдан астам уақыт бұрын заңдар мен конституцияларға озгерістер енгізе беруді онша құнттай қоймаған Т. Джефферсонның өзі-«заңдар мен адам институттары адамзат парасатының ілгерілеуімен ілесе, бірге жүріп отыруға тиіс» деп жазған еді.
Жаңа конституцияны әзірлеу үшін отандық заң ғылымының күллі қуаты іске қосылып, қоғамтанудағы сабақтас салалардың білікті мамандары, білгір сарапшылар жұмысқа тартылды. Сонымен бір мезгілде басқа мемлекеттердің конституциялары нысаналы түрде сараланды. Ақыры бүкіл халықтық референдумда конституция қабылданды.
Халық озінің егемен құқығын пайдаланып, қабылданған конституция қол сұғылмас қасиетке, жоғары заңдық қана емес, рухани адамгершілікке ие болады, сөитіп ол қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудің іргетасына айналады.
Конституциялық құрылыстың осынау кезеңінде біз алдымызға аса күрделі, сан қырлы, әрі барынша жауапты міндеттер қоидық. Біріншіден, жаңадан құрылған мемлекеттігімізді, мемлекеттік билік пен басқарудың күллі жүиесін жан жақты нығаиту керек еді. Екіншіден, эканомикамызды түбегеилі реформалау мен оның терең дағдарыстан шығарудың қауірт праблемаларын шешу қажет болды. Үшіншіден, оған сындарлы сыртқы саясат жүрргізу міндетін қосыңыз. Төртіншіден, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету керек еді. Сайып келгенде, оркениетті алемде азаматтардың жалпыға танылған құқықтары мен бостандықтарын орнықтыруға, демократиялық институттарды дамытуға қатысты міндеттердің бәрін шешуге тиіс болдық.
Қазақстан халқы Конституцияға дауыс беру арқылы сол уақытта объективті тұрғыда орныққан Президенттік басқару нысанын беиемдеп берді. Бұл таңдау кездеисоқ емес. Ол алдыңғы тарихымыз бен бүгінгі болмысымыздан қандаида бір әлеуметтік, эканомикалық дағдарыстарға немесе биліктің әртүрлі тармақтары арасындағы алауыздыққа байланысты ауытқушылықтарға жол бермеитін қуатты топтасқан билік жүиесінің қажеттігінен туындады.
Біз мемлекеттік биліктің заңнамалық атқарушылық және сот тармақтарының ара жігін ажыратудың конституциялық күрделі міндетін шеше білдік. Бір жағынан олардың тығыз ынтымақтастығын қамтамасыз ететін, екінші жағынан олардың Конституция мен заңдарда белгіленген озара тежегіш, бірінің құзыретіне бірінің араласуына жол бермеитін тетігі сомдалды. Бұл ретте билікті ажырату принціпіне кереғар келетін-«билік бөлінісіне» ұрылуға жол бермеудің маңызы ерекше болды, мұның өзі керісінше, бюилік тармақтарын, ың бір-біріне қарсы тұрудың билік басындағы жекелеген адамдардың тайталасын ушықтыра түсер еді.
Қазақстанның бір тұтас халқы мемлекеттік биліктің қаинар козі болып табылатыны біз үшін ақиқатқа айналды, демек оның мүддесіне қызмет ету үшін өкімет өзінің табиғаты мен мақсаткерлігі тұрғысында әрі қуатты, әрі үилесімді болуға тиіс. Бұл әлемдік үрдістерге сай келеді.
Сонымен қазіргі кезеңде біздің қоғамдық ұйымды құраитын барлық бөліктердің келісімді, тәртіптеген қызметін қамтамасыз ету өзінің негізгі міндеті болатын мемлекеттік басқару бір тұтас мемлекеттік биліктің салаларының бірі - Атқарушы биліктің механизімі болып табылады.
Бұл механизм бүкіл Республика колемінде атқарушы билікті нақты жүзеге асыратын Мемлекеттік әкімшілік. Атқарушы билік органдары, немесе атқарушы органдар заңнамаларды орындауды, яғни олардың талаптарын іске асыруды қамтамасыз ете отырып, іс жүзінде әкімшілік етеді. Яғни эканомикалық, әлеуметтік - мәдени және әкімшілік - саяси өмірлік аяларын басқарады. Олардың қызметінің әкімшілігін, яғни басқарушылық, атқарушылық, соттан тысқары сипаты бар.
Мемлекеттік әкімшілік- мемлекеттік машинаның нағыз көп, нағыз күшті бөлігі. Ол елдің орасан мол бюджетін, таиғат және өзге ресурстарына тікелей билік етеді. Оның жүйесінде барлық мемлекеттік қызметшілердің 9/10 бөлігі шамасында жұмыс істейді. Мемлекеттік әкімшілікке күштеп мәжбүрлеудің барлық дерлік құралдары тікелей бағындырылған: әскер, полиция, қарсы барлау, еңбекпен түзеу мекемелері, психиятриялық ауруханалар, т. б. оның қолындағы билік - әкімшілік билік - орасан әлеуметтік күш. Оны дұрыс пайдалану елдің өркендеуіне шындап көмек теседі. Мемлекеттік билікті жүзеге асырған кездегі субьективтік, жете білмеушілік, зорлық - зомбылық, теріс пайдаланушылық, қоғамға өте үлкен зиян келтіреді, өкінішке қарай XX ғасырдың 20-90 жылдарында бұрынғы КСРО-дағы Қазақстанда осылай болды.
Мемлекеттік әкімшілік өзінің атқарушылық қызметінде жариялы - құқықтық мүддені білдіреді, ол үшін оған айтарлықтай заңдық биліктің өкілеттіктер беріледі, оларды өзінің азаматтармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдармен, жергіліті органдармен қарым - қатынастарында пайдалана алады. Сонымен бірге оның органдарының көбі әкімшілік жауапкершілікпен соттан тысқары мәжбүрлеудің басқа шараларын қолдану жөнінде юрисдикциялық құралдарды кеңінен пайдаланады.
Соңғы жылдары Қазақстанның мемлекеттік әкімшілік басқару жүйесінде түбегйлі өзгерістер болуда. Қазақстанның егемендік алуы мемлекеттік басқарудың және заңнамалық жүйенің жаңа түрін талап етті. 1995жылы қабылданған жаңа Конституция Қазақстанда Президенттік басқару түрін бекітіп, биліктің өзара байланысқан заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінді.
1997жылы қабылданған «Қазақстан - 2030» стратегиясының ұзақ мерзімді жетістіктің бірі болып кәсіби үкіметтің қалыптасуы жоспарланған стратегияға сүйене отырып, 1999 жылы 23 шілдеде «Мемлекеттік қызмет туралы» атты Қазақстан Республикаының заңы қабылданды. Бұл заңда жоғары кәсіби, саяси дербес мемлекеттік қызметтің заңдық негіздері қаланды. Бәсекелестікке қабілетті, дамыған, егеменді елдер қатарына ену үшін мемлекеттік әкімшілік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру қажеттілігі сөзсіз. Сондықатн, мемлекеттің беделін көтеру арқылы елдің болашағын арттыруға мүмкіндік туады. Бүгінгі күні мемлекет әлемдік қауымдастықта ұлттың көзқарастарын ұсынуда және қорғауда құрал ретінде қызмет атқарды. Ол үшін мемлекеттің ішкі функцияларының белсенді орындалуын қамтамасыз ету қажет. Елдің қарқынды дамуы мен өркендеуі мемлекеттік - әкімшілік басқарудың тиімділігіне байланысты.
Мемлекеттік - әкімшілік басқаруда қажетті нәтижеге жету үшін мемлекеттік органдардың құрылымы мен қызметін тиімді өзгертуге ұсыныстар мен өзгерістер енгізіп, қазіргі заман талабына сай өз білімдерін іс жүзінде пайдалана алатын мамандар қажет. Мемлекеттік аппараттын сапасы оның кадрлық потенциялына байланысты және қажетті кадрлық саясаттың жүргізілуін талап етеді. Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарын біртұтас жұйесі.
Сонымен мемлекеттік - әкімшілік басқару жүйесі тақырыбы аясында мынадай негіздер қарастырылады:
- Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет туралы, олардың функцияларын анықтау, іске асыру әдістері мен формаларын және қалыптасу тарихын зерттеу.
- Мемлекеттік - әкімшілік басқару институтының нормативті - құқықтық негізін және мемлекеттік қызметтердің құқықтық статусын зерттеу.
- Мемлекеттік қызметке кіру, атқару және тоқтату тіртіптерін зерттеу.
- Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жауапкершіліктерін анықтау.
- Мемлекеттік қызметтік заңнамаларды дұрыс пайдалану және талдау.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік- әкімшілік басқару жүйесін шетелдердің мемлекеттік - әкімшілік басқару жуйәсімен салыстырмалы талдау жасау.
Мемлекетті басқару жүйесіндегі Мемлекеттік - әкімшілік басқарудағы жүйелік құрылымдар мәселесі өзекті де, қызықты деп ойлаймын. Сондықтан да осы тақырыпты таңдадым және бұл жұмысты жазудағы алға қойған мақсатым: Мемлекеттік- әкімшілік басқару жүйесіне талдау жасау.
Жұмысты жазу барысында көптеген әдебиеттер пйдаланылды. Соының қатарында Ресей және еліміздің құқық саласындағы ғалымдардың: Ғ. С. Сапарғалиев, Н. А. Сахаров, Т. А. Ағдарбеков, Е. Баянов, В. А. Совельев, Қ, Д. Жоламанов, В. А. Ким, Б. А. Майлыбаев, Ө. Қ. Қопабаев, Ж. Ихтанов еңбектері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, тиісті парагрофтарға бөлінген екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1. 1Мемлекеттік - әкімшілік басқару теориясы мен тарихы.
Мемлекеттік басқарудың объектісі мен субъектісі ретіндегі мәселе мемлекеттік басқару теориясының негізгі әдістемелік мәселелердің бірі болып табылады. Оны шешу - мемлекеттік басқарудағы субъект пен объект қатнастарын түсінуге және объекттінің демократиялық сипатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл маселеде ешқандай праблема жоқ тәрізді : басқару субъекттісі - мемлекет, ал объектісі қоғам. Бірақ бұлаи қортынды жасау асығыстық. Осы жерде мемлекет деген түсінікті анықтап алу қажет (өйткені мемлекет ұғымына әр түрлі анықтама беруге болады) : Субъект ретінде біз мемлекетті немесе адамдардың саяси одағын қарастырамыз ба? әлде саяси құқықтық институт ретіндегі мемлекетті қарастырамыз ба? деген орынды сұрақ туындайды. Сонғысын, яғни саяси құқықтың институт ретіндегі мемлекетті біз басқару субъекттісі ретінде қарастырамыз.
Жалпы «кім басқаруға тиіс» деген сұрақ ежелден келе жатыр. Бұл сұрақты ертедегі грек философы Платон қоиған. Демократияны жақтаушылар халық басқаруға тиіс деп санаса, элитарлық демократияның окілдері басқару міндетін жүзеге асыру үшін арнайы дайындықтан өткен элитаны басқару субъектісі деп білді. Авторитарлық режимді қорғаушылар мемлекет пен қоғамды таңдаулы тұлғалар - көсемдер мен лидерлер басқару керек деп есептеиді. Басқару нысандарына анықтама берудің маңызы өте зор. Өйткені, ол мемлекеттің мәнін айқындайтын. Сөйтіп мемлекеттік биліктің жоғары органдарының құқықтық жағдаилары мен құрылысын ашып береді, сондаи-ақ кеиінгілердің мемлекет басшысынан қаншалықты заңды және нақты тәуелділігін көрсетеді.
Дүние жүзінде басқарудың екі түрі бар. Олар: Монархия және Республика.
Монархия - елді мемлекеттік басқаруды тек бір адамның жүзеге асыратынын, оның мемлекеттің жоғары лауазымды тек мұрагерлік тәртіппен иеленгендігін білдіреді.
Республика - бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын негізінен халық болып табылатын басқару нысаны. Республикалық басқару негізінен екі түрге бөлінеді: Президенттік және Парламенттік.
Президенттік республиканың басты сипаты - Президент қолына мемлекет басшысы мен атқару билігінің басшысы өкілеттіктері шоғырланады. (Мысалы, Аргентина, Боливия, АҚШ, Өзбекстан) Президенттік республиканың алғашқы тарихы әрі үлгілі түрі АҚШ болып табылады. Бұл елде Президенттік институт 1787 жылғы конституция негізінде енгізілген.
Мемлекеттік құрылым нысандарын анықтауда мына жәиттерді көздеген мақұл : белгілі бір елдің территориялық аумағы қалаиша түзілген, ол қандай бөліктерден құралған (әкімшілік - аумақтық бірліктен немесе федерация субъекттілерінен) оның құқықтық жағдаиы қандай және аумақтық басқару органдары мен мемлекеттің орталық органдары арасындағы қарым - қатнас, т. б. қалайша құрылған.
Мемлекеттік құрылым нысандары негізінен екі түрде : Унитарлық (біртұтас) және Федератифтік (құрама) болады.
Унитарлық мемлекеттер қатарына : Бельгия, Греция, Эстония, Қырғызыстан Республикасы, Түркіменстан, Украина, Армения, Жапония, Польша, Қазақстан т. б. жатады. Унитарлық елдер төмендегі негізгі сипаттары мен ерекшеленіледі : Конституция бірлігі; Мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бірыңғай жүиесі; Азаматтың бірлігі; құқықтық жүие бірлігі; сот жүйесінің бірлігі; мемлекеттік рәміздердің бірлігі; унитарлық мемлекет аумағы тәуелсіз мемлекет сипаттарына ие емес әкімшілік - аумақтық жеке бірліктерге (жергілікті басқару органдары мемлекеттің орталық органдарына бағындырылған) бөлінеді.
Құрылымдық - Функционалдық әдіс те мемлекеттік басқаруды жүйе ретінде зерттеиді. Құрылымдық функционалдық әдіс жүйенің өмір сүруі мен қызмет етуіне байланысты мәселелерді шешуге бағытталған.
Қазіргі кездегі басқару теориясында құрылымдық - функционалдық талдау Н. Мисиннің айтуынша екі аспектіден тұрады. Құрылымдық аспект: а) осы жүйені құраитын компоненттерді анықтау; ә) осы компоненттердің заңды байланыстарын анықтау. Функционалдық аспект: жүйе элементтері қызметінің ішкі механизмін сонымен бірге жүйенің сыртқы қызметін - жүйенің сыртқы ортамен арақатнасын зерттеу.
Әрбір қоғамдық жүйені сыртқы ортаның әсерін қабылдап, оған қарсы жауап қаитаратын кибернетикалық модель ретінде қарастыруға болады. Айталық саяси жүйеге қоғам мүшелерінің қоятын талаптары және белгілі бір қоғамдық күштердің қолдау көрсетуі - сыртқы ортадан туындаса, шешім қабылдау және іс әрекет жасау жасау - қоиылған талап пен қолдау көрсетуге жауап қайтару болып табылады.
Мемлекеттік - әкімшілік басқару ұғымы және оның түрлері.
«Басқару» термині түрлі мағналарда пайдаланады. Басқару деп жалпы мағнада белгілі бір процесті қалыпқа келтіруге бағытталған кез - келген ұйымдастырылған іс - әрекект. Бұл тұрғыдан басқару ұғымы реттеушілік мағнаны беріп тұр.
Басқаруда механикалық, биологиялық, әлеуметтік жүйелерді атауға болады. Әлеуметтік басқарудың негізгі бағыттары:
- әлеуметтік басқару адамдардың біріккен іс - әрекеті бар жерде кездеседі;
- әлеуметтік басқару саналы мақсаттандырылған біріккен іс - әрекетті қамтамасыз етеді;
- әлеуметтік басқару өз мақсатын адамдардың қимыл - тұрысын ұйымдастыру, келістіру және координациялау арқылы жетеді;
- әлеуметтік басқару біріккен адамдардың жалпы функцияларын орындап, жеке іс - әрекеттерін келістіреді;
- әлеуметтік басқару топты немесе ұжымды қойылған мақсатқа жетуге бір мүддеге бағынуды талап ету;
- әлеуметтік басқару ұйымдастырылған қатынастарда жүзеге асырылады;
Әлеуметтік басқарудың бір түрі ретінде мемлекеттік басқаруды айтуға болады.
Ғылыми әдебиетте «мемлекеттік басқару» терминіне біркелкі анықтама жоқ. Жалпыланған түрде мемлекеттік басқару ұғымы кең және жеке мағнада кездеседі. Кең мағнада мемлекеттік басқару - мемлекеттік органдар жүйесі және лауазымды қызметкерлер арқылы мемлекеттің қоғамдық процестерге және азаматтардың қатнастарына мақсаттандырылған, ұйымдастырушы және реттеуші іс - әрекеті.
Мемлекеттік басқару кең мағнада ерекшеліктері келесі:
1. жалпы белгіленген функцияларды орындау;
2. нормативті - ұйғарымдық реттеу;
3. заңды түрдегі іс - әрекет;
4. билікті қолдану;
Жеке мағнада мемлекеттік басқару атқарушы органдардың (үкімет, министрліктер, басқармалар, әкімдіктер) ұйымдастырушы және ұйғарушы саласы.
Мемлекеттік әкімшілік басқару мен менеджмент немесе қоғамдық басқару арасында айырмашылық бар. Қоғамдық басқару деп қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ саяси партиялардың кәсіби ұжымдардың, жергілікті өзін- өзі басқару органдарының қоғамдық процестер мен қатнастарды ұйымдастырушы және реттеуші әрекетә.
Менеджімет - 1) өндірістің тиімділігі мен пайдасын арттыруға бағытталған принціптер, әдістер, құралдар мен басқару формалары; 2) адамдар арасындағы өндірістік іс-әрекет барысындағы қатнас туралы ғылым және тұтынушы мен өндіруші арасындағы байланыс.
Мемлекеттік әкімшілік басқару принціптері - мемлекеттік-әкімшілік басқарудың негізін анықтайтын қалыптастырушы ережелер.
Мемлекеттік әкімшілік басқару функциялары.
Мемлекеттік әкімшілік басқару процесінің функцияналдық құрылымы бар. Мемлекеттік әкімшілік басқару процесін іске асыру оның басқарушылық әрекетінің нақтыланған мақсатымен функцияларының орындалуы болып табылады.
Мемлекеттік әкімшілік басқару функциялары - мемлекеттік басқару мақсатын орындауға бағытталған біркелкі және нақты анықталған басқарушылық әрекет. Жалпы, арнайы және қосалқы функциялары қалыптасқан.
Жалпы функцияларына басқару (ақпаратты жинақтау, өңдеу, сақтау, талдау және ақпаратты басқа органдарға тасмалдау) болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, жетекшілік жасау, реттеу, кординациялау және бақылау функциялары жатады.
«Басқарудың арнаиы функциялар» категориясы мемлекеттік басқарудың нақты субъекттілерінің өзіндік мағналы әрекеттері жатады (мысалы, заң шығарушы биліктің функциялары, прокуратура органдарының функциясы, т. б. )
Қосалқы функциялар мемлекеттік органдардың материалдық-техникалық, ақпараттық, әкімшілік-шаруашылық қамтамасыздандыруы мен байланысты. Меғмлекеттік әкімшілік басқару тікелеи ықпалын тигізбесе де, жалпы және арнаиы функциялармен тығыз байланысты.
Мемлекеттік әкімшілік басқару әдістері.
Мемлекеттік әкімшілік басқару әдісі - мемлекеттік басқару субъектісінің мінднттері мен функцияларын тәжірбиеде нақты әрекет арқылы жүзеге асыру. Демек меклекеттік әкімшілік басқару категориясы арқылы басқарушылық функциялардың қандай тәсілдерді, шешімдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады деген сауалға жауап беруде. Мемлекеттік басқарушылық әдістері мен мемлекеттік аппарат жұмысының әдістері екі түрлі. Мысалы, аппаратың ішінде міндеттерді бөлу және жекелік, ұжымдастық т. б.
Мемлекеттік әкімшілік басқарудың екі универсалды әдісі бар: сендіру және мәжбүрлеу.
Сендіру әдісі - мемлекеттік әкімшілік басқару сферасында қажетті тәртіпті талап ететін әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
Мәжбүрлеу әдісі - мемлекеттік әкімшілік басқару сферасында қажетті тәртіпті міндетті түрде бағындыратын әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Жалпы алғанда мемлекеттік әкімшілік басқару әдістерінің келесі көрінісістері орын алуда:
А) Мемлекеттік әкімшілік басқару жүйесінде жалпыға міндетті ережелерді ұстану;
Ә) Жеке түрдегі ұйғарымдылық;
Б) Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;
Мемлекеттік аппаратың түсінігі мен мазмұны.
Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек ғена қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың баиланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктері мен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазақстан Республикасы «мемлекеттік қызмет туралы» заңның екінші бабында: «Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзгеде міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби» қызмет делінген.
Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы бар, олардың арасындағы қатнастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін эканомика, саяси қарым-қатнастар, сана-сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принціптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппараты бір орталыққа бағындыратын - патшалық билігі орнаған. Парламенттік Республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нысандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқада мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызмет.
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынандай принціптермен реттелді : мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижесі, тиімді болды. Ол үшін оның қызметі демократиялық, конституциялық, заңдылық принціптнрге сәикес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті. Халықты мемлекетті басқару процесіне қатысуының демократиялық жолдары оларды сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппарат пенбайланысатын саяси жүйені құрады.
Мемлекеттік қызметтің принціптері : заңдылық, мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекет қызметінің біртұтастығы; азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдығы; мемлекет қызметіне кіруге, қатысуға еріктілігі; өз өкілеттері негізінде жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдаған шешімдердің төменгі мемлекеттік органдар қызметкерлерінің орындауы үшін міндеттілігі; мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен жоғары біліктілігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz