Көркем мәтін талдаудың лингвистикалық ерекшеліктері
Жазушылардың кез келгені ұлт тілінің әдеби үлгісіне әрдайым өз шығармаларының шұрайлы тілі арқылы «қолтаңбасын» қалдырады. Көркем дүние тілін танудың басты міндеті ˗ шығарма тілі автордың айтпақ идеясына сай келе ме дегенді анықтау, жазушы өрнегін, қолтаңбасын айқындау.
Қаламгер, сөз өнерінің бастауын жалпы халықтық тілден алатындығы ақиқат. Жазушының сөз өрнегін келісті сала білуі, қаламгердің даралық стилін, тіл өзгешелігін, шеберлігін танытады.
Көркем тіл стилі оқырманға эмоционалды, бейнелі, яғни эстетикалық әсер ету функциясын атқарады. Жазушылар өз шығармаларында троптың түрлерін құбылта қолдану және семантикалық категориялардың мағыналық реңктерін орнымен жұмсау, фразеологизмдерді тақырыптық мағыналық жағынан сұрыптап суреттеу тәсіліне енгізу ˗ міне, мұның барлығы суреткер үшін әрі шеберлік, әрі азаматтық міндет.
Балалар әдебиетінің классигі ˗ Б. Соқпақбаев шығармаларының тілі баланың жас ерекшелігі мен танымына сай. Қарапайым қазақ баласының танымын суреттеп, қазақ балаларының жиынтық образын жасап, кішкентай оқырмандарының жүректеріне жол таба білген қалам иесі. Шығарма жазуда әсерлі де айшықты тіл мен ұтымды тәсіл қолданған. Баланың қоршаған ортаны қабылдауын суреттеуде қаламгер үлкен шеберлік танытып, көркем тілмен сурет сала білген.
Әр жазушының қалыптасқан өзіндік даралығы болады. Ірі қаламгерлердің атақты шығармаларын қолға алсақ, кімнің шығармасы екендігін бірден айта аламыз. Қаламгер Б. Соқпақбаевтың даралығы нақтылы жазу, ұтымды жазу деп тартынбай-ақ айтуға әбден болады. Шыншылдықты табиғаттан үйренген, жоқтан бар етпеген қаламгер өзгелерден сонысымен дараланады.
Жұмыстың өзектілігі. Зерттеу жұмысы балалар әдебиетінің классик жазушысы Б. Соқпақбаев шығармалары негізінде сөз болады. Жазушы шығармашылығы жөнінде сөз қозғаулар балалар прозасына арналған шығармалар негізінде әдебиетші ғалымдар тарапынан ғана көрініс табуда. Жазушының шеберлігі, балалар әдебиетіндегі орны туралы әдебиетші
Ә. Кекілбаев, С. Қирабаев, Қ. Ергөбек, Т. Ахтанов, С. Шаймерденов, А.Нұрқатов, Р. Нұрғалиев сынды ғалымдар сөз еткен болатын. Қаламгер шығармашылығына тілші зерттеушілер тарапынан Саткенова Ж. «Кейіпкер тілінің когнитивтік аспектісі (Б. Соқпақбаев шығармалары барысында)» атты диссертациялық жұмыс жазылған.
Жазушы шығармаларының тілдік, стильдік ерекшеліктерін, көркемдеу тәсілдерін қолдану шеберлігін сөз етуіміз жұмыстың өзектілігін танытады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Жұмыстың басты мақсаты Б. Соқпақбаев шығармаларының тілін: көркемдеу тәсілдері мен баяндау стиліне, кейіпкерлер тіліне талдау жасай отырып, олардың жазушы қолданысындағы ерекшеліктерін анықтау.

1. Смағұлова Г. Көркем мәтін лингвистикасы: оқулық. – Алматы: Алматы қаласы әкімдігі «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2010. ˗ 148 б.
2. Сыздықова Р. Бүгінгі көркем проза тілі және әдеби норма // Өнер алды қызыл тіл. – Алматы. 1986. ˗ 80 б.
3. Соқпақбаев Б. Өлгендер қайтып келмейді: Роман. – Алматы: Ан Арыс, 2010. ˗ 368 б.
4. Қазақ мақал-мәтелдерінің АЛТЫН КІТАБЫ (8 675 мақал˗мәтел) / Құрастырушы: Ж. Кейкін, – Алматы: Аруна, 2013. ˗ 632 б.
5. www.univerlife.kz
6. Қазақ мақал-мәтелдері / Құрастырушы: М. Аққозин, – Алматы: Қазақстан, 1990. ˗ 288 б.
7. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / І. Кеңесбаевтың редакторлығымен. – Алматы: Ғылым, 1978. ˗ 211 б.
8. Смағұлова Г.Н., Айтжанова Г.Д. Фразеологиялық калькалар: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. ˗ 124 б.
9. Смағұлова Г. Фразеологизмдердің семантикалық категориялары: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. ˗ 162 б.
10. Шаяхметова А.К. Фразеологическая компетенция двуязычных детей. // Жизнь языка и язык в жизни. – Алматы, 2005. ˗ С. 480.
11. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдер сөздігі. – Алматы: Елтаным, 2010. ˗ 252 б.
12. Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. – Алматы: Арыс, 2007. ˗ 800 б.
13. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Т. Жанұзақов редакторлығымен. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. ˗ 968 б.
14. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. – Алматы: Ғылым, 1998. ˗ 196 б.
15. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. – Алматы: Мектеп, 1978. ˗ 10˗11 бб.
16. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі / Құрастырушылар: З. Ахметов,
Т. Шаңбаев, – Алматы: Ана тілі, 1998. ˗ 384 б.
17. Телия В.Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. – М., 1977. ˗ С. 135.
18. Гак В.Г. К проблеме общих семантических законов // Общее и романское языкознание. – М., 1972. ˗ С. 11.
19. Арутюнова Н.Д. Языковая метафора (синтаксис и лексика) // Лингвистика и поэтика. – М., 1979. ˗ С. 146.
20. Сыбанбаева А. Метафораның тілдік болмысы және концептуалдық метафоралар: Көмекші оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. ˗ 161 б.
21. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. ˗ 119 б.
22. Бүркіт О. Қайталамалардың лингвостилистикалық жүйесі. – Алматы: Ғылым, 2001. ˗ 274 б.
23. Балақаев М, Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1961. ˗ 172 б.
24. Шалабаев Б. Көркем проза тілі. – Алматы: Білім, 1994. ˗ 128 б.
25. Шаймерденов С. Ақиқаттан айнымаған қалам // Жас алаш. 1994. ˗ 2 маусым.
26. Ахтанов Т. Бердібек биігі // Ауыл. 1994. ˗ 21˗27 қаңтар.
27. Сыздықова Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Санат, 1997. ˗ 34 б.
28. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. – Алматы, 1999. ˗ 52˗53 б.
29. Саткенова Ж. Кейіпкер тілінің когнитивтік аспектісі (Б.Соқпақбаев шығармалары барысында): филол.ғыл.канд. ... диссерт.: – Алматы, 2005.˗ 120 б.
30. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2005. ˗ 440 б.
31. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі: Сөз тіркесі мен синтаксисі. – Алматы: Білім, 2004. ˗ 224 б.
32. Бизақов С. Қазақ тілі қандай тіл? – Алматы: Арыс, 2010. ˗ 432 б.
33. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997. ˗ 256 б.
34. Кәрімов Х. Қанатты тіл. – Алматы: Санат, 1995. ˗ 9˗10 б.
35. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манаспаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы, 1974.
Көркем әдебиеттер тізімі
1. Соқпақбаев Б. Жекпе-жек, Повесть, әңгімелер. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1962. ˗ 208 б.
2. Соқпақбаев Б. Өлгендер қайтып келмейді: Роман және әңгімелер. (Таңдамалы) – Алматы: Жазушы, 1979. ˗ 464 б.
3. Соқпақбаев Б. Аяжан, Повестер мен әңгімелер. – Алматы: Жалын, 1985. ˗ 158 б.
4. Қазақ балалар әдебиетінің классикалық үлгілері. Бес томдық. 3-том:
Повестер. – Алматы: Арда, 2011. ˗ 368 б.
5. Соқпақбаев Б. Өлгендер қайтып келмейді: Роман. – Алматы: Ан Арыс,
2010. ˗ 368 б.
6. Соқпақбаев Б. Балалық шаққа саяхат: Повесть, роман. – Алматы: Балауса, 1992. ˗ 528 б.

КІРІСПЕ
Жазушылардың кез келгені ұлт тілінің әдеби үлгісіне әрдайым өз
шығармаларының шұрайлы тілі арқылы қолтаңбасын қалдырады. Көркем дүние
тілін танудың басты міндеті ˗ шығарма тілі автордың айтпақ идеясына сай
келе ме дегенді анықтау, жазушы өрнегін, қолтаңбасын айқындау.
Қаламгер, сөз өнерінің бастауын жалпы халықтық тілден алатындығы
ақиқат. Жазушының сөз өрнегін келісті сала білуі, қаламгердің даралық
стилін, тіл өзгешелігін, шеберлігін танытады.
Көркем тіл стилі оқырманға эмоционалды, бейнелі, яғни эстетикалық әсер
ету функциясын атқарады. Жазушылар өз шығармаларында троптың түрлерін
құбылта қолдану және семантикалық категориялардың мағыналық реңктерін
орнымен жұмсау, фразеологизмдерді тақырыптық мағыналық жағынан сұрыптап
суреттеу тәсіліне енгізу ˗ міне, мұның барлығы суреткер үшін әрі шеберлік,
әрі азаматтық міндет.
Балалар әдебиетінің классигі ˗ Б. Соқпақбаев шығармаларының тілі
баланың жас ерекшелігі мен танымына сай. Қарапайым қазақ баласының танымын
суреттеп, қазақ балаларының жиынтық образын жасап, кішкентай оқырмандарының
жүректеріне жол таба білген қалам иесі. Шығарма жазуда әсерлі де айшықты
тіл мен ұтымды тәсіл қолданған. Баланың қоршаған ортаны қабылдауын
суреттеуде қаламгер үлкен шеберлік танытып, көркем тілмен сурет сала
білген.
Әр жазушының қалыптасқан өзіндік даралығы болады. Ірі қаламгерлердің
атақты шығармаларын қолға алсақ, кімнің шығармасы екендігін бірден айта
аламыз. Қаламгер Б. Соқпақбаевтың даралығы нақтылы жазу, ұтымды жазу деп
тартынбай-ақ айтуға әбден болады. Шыншылдықты табиғаттан үйренген, жоқтан
бар етпеген қаламгер өзгелерден сонысымен дараланады.
Жұмыстың өзектілігі. Зерттеу жұмысы балалар әдебиетінің классик
жазушысы Б. Соқпақбаев шығармалары негізінде сөз болады. Жазушы
шығармашылығы жөнінде сөз қозғаулар балалар прозасына арналған шығармалар
негізінде әдебиетші ғалымдар тарапынан ғана көрініс табуда. Жазушының
шеберлігі, балалар әдебиетіндегі орны туралы әдебиетші
Ә. Кекілбаев, С. Қирабаев, Қ. Ергөбек, Т. Ахтанов, С. Шаймерденов,
А.Нұрқатов, Р. Нұрғалиев сынды ғалымдар сөз еткен болатын. Қаламгер
шығармашылығына тілші зерттеушілер тарапынан Саткенова Ж. Кейіпкер тілінің
когнитивтік аспектісі (Б. Соқпақбаев шығармалары барысында) атты
диссертациялық жұмыс жазылған.
Жазушы шығармаларының тілдік, стильдік ерекшеліктерін, көркемдеу
тәсілдерін қолдану шеберлігін сөз етуіміз жұмыстың өзектілігін танытады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Жұмыстың басты мақсаты Б. Соқпақбаев шығармаларының тілін: көркемдеу
тәсілдері мен баяндау стиліне, кейіпкерлер тіліне талдау жасай отырып,
олардың жазушы қолданысындағы ерекшеліктерін анықтау.
Аталған мақсатты орындау үшін мынадай міндеттерді жүзеге асыру
көзделеді:
- қаламгер шығармаларындағы мақал-мәтелдер мен фразеологиялық
тіркестерді тақырыптық топтарға жіктеп, олардың авторлық қолданыстағы
ерекшеліктерін көрсету;
- көркем туындыдағы көркемдеу амал-тәсілдерін саралау;
- Б. Соқпақбаев шығармаларындағы баяндау стилін анықтау;
- жазушы шығармаларындағы: диалог, монолог, полилогтың авторлық
қолданыстағы ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу нысаны: Б. Соқпақбаев шығармаларының тілі.
Жұмысты жазуда басшылыққа алынған теориялық еңбектер мен
дереккөздері: Жұмысты жазу барысында қазақ ғалымдарының Р.Сыздықованың, М.
Балақаевтың, Ғ. Қалиұлының, Ә. Болғанбайұлының, Х.Кәрімовтың, Т.
Қоңыровтың, З. Қабдоловтың, Б. Шалабаевтың, Г.Смағұлованың, А.
Сыбанбаеваның еңбектерін және Ж. Саткенованың жұмысын басшылыққа алдық.
А.К. Шаяхметова, В.Г. Гак, В.Н. Телия, Н.Д. Арутюнова сынды
ғалымдардың негізгі теориялық тұжырымдарын да зерттеуімізге негіз еттік.
Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі, Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі, Мағыналас фразеологизмдер сөздігі, Әдебиеттану.
Терминдер сөздігі, Б. Соқпақбаевтың Өлгендер қайтып келмейді, Балалық
шаққа саяхат, Менің атым Қожа, Қайдасың, Гауһар?, Аяжан, Алыстағы
ауылда атты роман, повестері мен отыз шақты әңгімелері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысының құрылымы зерттеліп
отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
1. КӨРКЕМ МӘТІН ТАЛДАУДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. Мәтіннің зерттелуі және ерекшеліктері
Көркем мәтінді лингвистикалық талдау – тіл мен әдебиеттің кешенді
нысаны. Көркем мәтін материалдарын лингвистикалық талдау түрлері
лингвистикалық принциптер мен әдістер арқылы жүзеге асырылады.
ХХ ғасырда мәтін жеке ғылым саласы ретінде лингвистиканың кешенді
зерттеу нысанына айналып, мәтін теориясы қалыптасты. Мәтін теориясының
пәнаралық мәртебесі басқа ғылымдармен байланыстыра қарастыруды талап етті.
Мәтін тек лингвистикалық қана емес, әдебиеттану, семиотика, психология,
тарих және заң әдебиеттері, теология, этнографияның да зерттеу нысанына
айналды. Зерттеушілердің айтуына қарағанда мәтінге үш жүздей берілген
анықтама бар екен. Мәтін – аяқталған тілдік шығармашылық процесс ретінде
тақырыптан тұратын және ерекше бірліктері бар (күрделі синтаксистік
тұтастық) лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилдік өзара байланысы бар
оқушыға (адресатқа) бағытталған прагматикаға негізделген таңбалар әлемі.
Бұл орыс тіл білімінде алғашқы мәтінтанушы – И.Г. Гальперин берген
анықтама [1, 9].
Мәтінге қатысты ерекшеліктердің ең бастысы – оның қатысымдық, яғни
коммуникативтік сипаты. Мәтін тілдің динамикалық қарым қатысына қарай ғана
пайда болды. Екі жақтың өзара қатысы – мәтін аспектісі.
Мәтін ерте кезден-ақ түрлі ғылым салаларының зерттеу нысаны болған. О
баста діни сакральдық мәтіндер (астарлы, құпия мәні бар), бертін келе, заң
және әдеби мәтіндер ғалымдардың ерекше назарын аудартқан. 19-ғ. соңында
этнологтардың ерекше шұғылданған саласы да осы мәтін болды. Ең алғаш мәтін
құрылымы туралы зерттеу орыс фольклорисі В.Я. Пропптың атымен байланысты.
Оның 1928 ж. Морфология сказки деген кітабында ертегілердің кейіпкерлері,
тұрақты түрде қайталанатын орны, оқиғасы т.б. айтқан ойлары ағылшын,
француз тілдеріне аударылған. Тіпті ғылыми бестсселерге айналды. Кейінгі
кезде пайда болған семиотика мен мәтін лингвистикасына ғылыми бағдар берген
еңбек болды. Әсіресе, француз структуралистері мен семиологтары
пайдаланған. Олар: К. Леви-Стросс, Р. Барт, Ц. Тодоров,
А. Греймас т.б.
Батыс еуропалық мәтін лингвистикасы үшін басқа, мәселен, чех
лингвистикалық мектебі негіз болды. Олардың тура және жанама тигізген
әсерінен батыс Еуропада 1960 ж. мәтін лингвистикалық теориясының негізі
қалана бастады. Олар: П. Хартман, Р. Харвег, З. Шмид, Т.ван Дейк, В.
Дресслер т.б. Олардың еңбектерінде мәтін құрылымдық жағынан қарастырылды.
Таксономдық әдіспен, мысалы Р. Харвег лексикалық единицалардың мәтіннің
басы ен соңына қарай орналасатыны туралы талдау жасаған.
1970 ж. ортасында мәтін қатысымдық коммуникативтік процесс ретінде
қайта жандана бастады. Мәтін лингвистикасының негізін салушылардың бірі әрі
бұл мәселемен көбірек шұғылданған атақты голландиялық тілші Т.ван Дейк 70-
жылдардың 2- жартысында мәтін терминінен дискурстық терминологияға көшіп,
мәтінді статикалық қалыптан динамикалық қалыпқа айналдырып, өзгеше
зерттеуді қолға алды. Осы тұста Р.А. да Богранд пен В. Дресслердің
Введение в лингвистику текста деген монографиясы үлкен рөл атқарды.
Кеңестік тіл білімі сөйлемге қарағанда мұндай тілдік объектіге ерекше
қызығушылықпен барлау жасап, күрделі фразалық тұтасым (Л.А. Булаховский),
күрделі синтаксистік тұтастық деп (Н.С. Поспелова) айтып жүрді. Бұл ойларға
негіз болған А.М.Пешковскийдің ірі синтаксистік тұтастық туралы термин
ойластыру керек деген сөзі еді.
1950-60 ж. мәтін құрылымымен Н.Ю. Шведов, Т.Г. Винокур, Е.В.Падчуева
т.б. айналысты. Абзац құрылымы және фразалық семантиканың мәтінге қатысы
сияқты мәселелер көтерілді. Мәтінді лингвистикалық зерттеу 1970-80 ж. өте
қарқынды дамып, Т.М. Николаева, С.И. Гиндин, И.И. Резвин, М.И. Откупщикова,
И.Р. Гальперин, В.Г. Гак, Б.М.Гаспаров, О.И. Москальская, З.Я. Тураева т.б
еңбектері жарыққа шықты. Олардың еңбектерінде: мәтіндегі просодия,
интонация, мәтін құрылымында көмекші сөздердің ерекше қолданылуы
(маркерленген), мәтіндегі ұсақ тілдік единицалардың жұмсалуы (фонема,
морфема т.б.) мәтіннің жалпы құрылымы, мәтін референциясы, мәтіндер
типологиясы деген зерттеу салалары мәтін лингвистикасының дамуы мен
қалыптасуына үлкен үлес қосқан ғылыми еңбектер болды. Әсіресе, мәтін
лингвистикасы туралы зерттеулердің тұтас жиынтығы сияқты М.И.Откупщикованың
Синтаксис связного текста деген еңбегі. Мұнда мәтін көлемі және
единицасы, байланыс заңдылықтары, мәтіндегі сөйлем және оның актуальді
мүшеленуі, т.б. қарастырылады.
Қазақ тіл білімінде жалпы мәтінге қатысты біршама зерттеу еңбектері
әр жылдары жарық көрген. Мәселен, мәтін түзуші тілдік бірліктердің
ерекшеліктеріне қатысты: Е. Жанпейісов. Қазақ прозасының тілі. (1968);
Р.Сыздықова. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. (1970); Х. Кәрімов.
Көркем әдебиет тілін зерттеудің мәселелері. (1986); Р. Сыздықова, Б.
Шалабаев. Көркем тексті лингвистикалық талдау (1989); М. Серғалиев. Көркем
мәтіннің тілі. (1996); Б. Шалабай. Қазақ көркем прозасының тілін зерттеудің
ғылыми-теориялық негіздері. (1997); Г. Смағұлова. Көркем мәтін
лингвистикасы (2010); т.б. кітаптар шықты.
2. Көркем мәтінді талдау жолдары
Тіл білімінде мәтін туралы, мәтін талдау мәселелері ХХ ғасырдың
екінші жартысынан бастап лингвистика тарихында елеулі жетістіктерге жетті.
Мәтіннің ақпараттық құндылығына, оның таңбалық, тілдік және қатысымдық,
мәдениеттанымдық, когнитивтік ерекшеліктеріне қарай зерттеу бағыттары да
сан қырлы болып келеді.
Орыс тіл білімінде мәтінге қатысты зерттеулер ХХ ғасырдың соңғы
ширегінде жан-жақты көріне бастады. Мәтінді лингвистика пәні деп қарастыру
мақсатында И.О. Москальскаяның пікірі:
▪ Аяқталған айтылымды білдіретін сөздің негізгі бірлігі сөйлем емес, -
мәтін; мәтін синтаксис деңгейінің жоғары бірлігі.
▪ Нақты сөз (речь) туындылары – мәтіннің негізінде мәтінді құрудың
жалпы принциптері жатыр; олар сөз саласына емес, тіл жүйесіне немесе тілдің
құзырына жатады. Сонымен мәтінді сөздің бірлігі ғана емес, тілдің бірлігі
деп қарау керек.
▪ Мәтін тілдің басқа да бірліктері сияқты таңба жүйесінің бөлігі болып
табылады.
▪ Мәтінді ерекше деңгейдегі тіл және сөз бірліктері ретінде жан-жақты
қарастыру ерекше лингвистикалық пән – мәтін лингвистикасының құрылуын талап
етеді. Сондай-ақ, мәтін лингвистикасының пайда болуына 40-50 жылдары барлық
лексикалық және грамматикалық феномендерді сөйлемнің шеңберінде толық
түсіндіру, толық ашу мүмкін емес, деген пікірлерден кейін мәтін
линвгистикасы бастауын алды [1, 5].
Қазақ тіл білімінің негізін салған А. Байтұрсынов, Қ. Жұбановтың
ғылыми ойларынан мәтінтанудың әлемдік проблемаларымен ұштасып жатқан
пікірлері байқалады. Олардың зерттеу еңбектеріне аңыз-әңгімелер, мақал-
мәтелдер, өлең жырлардың мәтіні арқау болып, дыбыс, сөз, сөйлемдерден де
күрделі құрылымдар бар екендігін айтқан. Қазіргі қазақ тіл білімінде сол
ғалымдардың мәтінге қатысты алғашқы ұшқын ойлары ары қарай дамытылды.
Мәтіннің тұтастығын зерттеу оның элементтерінің қызмет ауқымын
айқындау тұрғысынан жүзеге асады. Мәтіннің мазмұнын ашу мәтіндегі қандай да
болмасын зерттеулердің түпкі мақсаты. Сондықтан тіл тұлғаларының ашық та,
жабық-жасырын келетін көркем мәтіндерді зерттеуде бұл әсіресе, үлкен мәнге
ие. Өзінің айтайын деген ойын, белгілі бір мазмұнды беру үшін автор қандай
бейнелеу құралдарын таңдаймын десе де ерікті. Мәтіннің жасырын мағыналарын
ашуда тіл таңбаларының екі жақты болмысына ден қойылады: тілдік тұлғалар
(таңбалар) сол мәтіндегі не басқа мәтіндегі өзі сияқты тұлғалармен
мағыналары сыртқы тұлғалары бойынша үндесе отырып, мәтіннің басқа да
компоненттерімен өзара байланысқа түседі. Сондықтан мәтін теориясының
жетістіктері көркем мәтінді талдауда кең пайдаланылады.
Көркем шығарма – эстетикалық категория. Оған тілдің поэтикалық қуаты
ғана қызмет ете алатындығын көркем әдебиет мысалдарымен жан-жақты ашудың
басқа да көптеген амал-тәсілдердің қырлары бар. Мәселен, тілдің қатысымдық
әрі лингвистикалық бірлік ретінде жанрлық ерекшеліктердің қалыптасуына
әсерін анықтау мен мәтін түзетін тілдік единицалар қызметін айқындау – ең
басты мәселе.
Қазақ әдеби тілінің негізін қалаушылардың белгілі бір еңбектерімен
қоса, ежелден сөз өнерін пір тұтқан бабалар тіліндегі асыл мұра – тарихи
жырлар, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, шешендік
сөздер, тілек-бата сөздері – көркем мәтіннің ажырамас құрамды бөліктері.
Көркем мәтінді лингвистикалық талдау мынадай талаптармен жүзеге
асырылады.
• Көркем мәтінді лингвистикалық талдаудың әдістері мен әдістемелері,
методологиясы мен басты аспектілерін анықтау.
• Синхронды және диахронды талдау әдістерінің мәтіндегі бірлігі.
• Мәтіндегі түрлі лексикалық және фразеологиялық қабаттардың
мәдениремаларын анықтау.
• Поэтикалық сөз символдарының ішкі мағынасы.
• Көркем мәтіндегі ескірген және окказионал перифраздар.
• Қазіргі қазақ әдеби тілде қолданылып жүрген кейбір түсініксіз
диалектизмдер, кәсіби сөздер табиғаты, жаргондар мен терминдер.
• Семантикалық жүйедегі жеке авторлық сөзжасам мен сөзтіркесім
үлгілерін анықтау.
• Мәтін ішіндегі немесе көркем туындының мазмұндық тақырыбын ашу
үшін алынған фондық лексикалар табиғаты.
• Фонетика, морфология және синтаксистегі норамадан ауытқушылық
факторларын айқындау.
• Мәтін талдаудың стилистикалық ерекшеліктері.
1.3 Б. Соқпақбаев шығармашылығы
Көркем әдебиет тілін зерттеудің алғашқы қадамы ХІХ ғасырдың соңы мен
ХХ ғасырдың бас кезінде еуропалық тілшілер тарапынан жасалынған. Осы
кезеңде көркем шығарма тілі теориясының негізі қаланды. Бұл мәселе өз
кезеңінде әдеби тіл тарихымен бірлікте қаралған еді.
Қ. Жұмалиевтің Стиль – өнер ерекшелігі атты еңбегі дүниеге келді.
Осы бағытта көркем әдебиет тілінің жалпы сипаты, ерекше белгілері, әдеби
тілдегі орны жөніндегі жинақталған ой тұжырымдар, жеке жазушының даралық
стилі, тіл өзгешелігі туралы ой-пікірлер кең өріс алды.
Шығарма тілі автордың айтпақ идеясына сай келе ме дегенді алып,
жазушы өрнегін, қолтаңбасын айқындау – көркем дүние тілін танудың басты
міндеті [2, 80] – дейді ғалым Р. Сыздықова. Көркем мәтінге талдау жасауда
көркем шығарманы оқырманның түсінуіне жеңілдік жасайтын, мазмұн мен тілдік
амалдар арасындағы тәуелділікті байқауға болады.
Профессор Г. Смағұлова: Көркем әдебиет тілі – әдеби тілдің негізгі
көрсеткіші. Ұлттық өнер дамыған әдебиет – әдеби тіл байлығы деп танылады.
Қай кезде болмасын ұлт әдебиетінің ірі өкілдері сол ұлттың әдеби тілін
дамытуға үлес қосады, өзіндік ізін қалдырады. Орыс әдеби тілі үшін Пушкин
шығармашылығы бағдар болса, қазақ әдебиетінің классигі ұлы Абай,
Мұхтарлардың қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орасан еңбектері ғылым
зерттеушілерінің нысаны болды. Ақын, жазушылардың кез келгені ұлт тілінің
әдеби үлгісіне әрдайым өз шығармаларының шұрайлы тілі арқылы қолтаңбасын
қалдырады. Көркем тілдің ең дамыған жоғары сатысы сол ұлт тілінің жетістігі
ретінде бағаланады [1, 93] – дейді. Расымен де, жазушы образдармен
қиялданады, бейнелейді, көрсетеді, сөзбен сурет салады. Ал, көркем әдебиет
үшін сөзбен эстетикалық әсер беру басты нәрсе. Көркем сөз өнері жазушы
қаламымен ұшталады. Оқушы қиялын шарықтатады. Тілдік мәнер әр суреткерде әр
түрлі болып келеді. Мәтін көркемдігі суреткердің лексикалық тұлғаларды
қандай мөлшерде қолданған сандық жағы емес, сөздердің орнын тауып сапалы
қолданғандығымен көрінеді. Сөз шеберлерінің тілді жұмсау мәдениеті көп
нәрсені аңғартады. Көркем әдебиет тілінде арнаулы лексикадан бастап,
тілдегі барлық лексикалық қабаттар түрлі стильдік қызметімен тұтас
көрінеді. Стильдік шектеулік деген ұғым болмайды.
Балалар әдебиетінің классигі – Бердібек Соқпақбаев қазақ әдебиетіне ХХ
ғасырдың 50-60 жылдары өзіндік белесімен келген жазушы. Әдебиетке әуел
баста ақын ретінде келген жазушының 1950 жылы Бұлақ деп аталатын өлең
жинағы басылып шықты. Жазушы өз талантын проза әлемінде айқын танытып,
шыңдай түсті.
Жазушының Өзім туралы деп аталған повесі, кейіннен Менің атым Қожа
(1957) деп өзгертілді. Балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс,
украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы
"Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға
шығарды. "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен
балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы
сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар Балалық шаққа саяхат (1960), Өлгендер
қайтып келмейді (1963 ˗ 1 том, 1974 ˗ 2 том), Алыстағы ауылда (1953),
Жекпе˗жек (1951), Қайдасың, Гауһар? (1966), Аяжан (1963) сынды
шоқтығы биік, прозалық белді туындыларымен кішкентай оқырмандарының
жүрегінен жол таба білді. Менің атым Қожа, Аяжан повестері мен
Өлгендер қайтып келмейді романы орыс тілдеріне аударылды.
Қаламгер шығармашылығы жайында ғалым С.Қирабаев: Бердібек Соқпақбаев
қазақ әдебиетінде өзіндік өрнегімен, шындықты қарапайым әңгімелеу арқылы
мөлдіретіп, көз алдыңа жайып салатын, кейіпкерлерді даралау мен
психологиялық бейнелеудің де өзгеше бір жолын тапқан талантты
жазушыларымыздың бірі еді [3, 355] – дейді.
Б. Соқпақбаевтың қалам тартқан шығармаларының тақырыбы – Ұлы Отан
соғысы алдындағы, соғыс жылдары, соғыстан кейінгі ауыл өмірі. Қаламгер сол
кездегі қоғамдық жағдайды қарапайым қазақ баласының танымы арқылы суреттеп,
қазақ балаларының жиынтық образын жасаған. Қазақ балаларының қоршаған
ортаны қабылдауын суреттеуде үлкен шеберлік танытты, көркем тілмен сурет
сала отырып, ұтымды тәсіл, әсерлі де айшықты тіл таба білді.
2 ҚАЛАМГЕР ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Мақал-мәтел, фразеологизмдерді қолдану ерекшеліктері
Жазушы ұлттық болмысты, менталдық дүниені танытуда да үлкен
шеберлікпен көзге түседі. Б. Соқпақбаев паремиологиялық сөздік қорды
молынан пайдаланады. Мақал-мәтелдер кейіпкердің танымы мен болмысына сай
етіп беріледі.
Қазақ тілінің байлығын, көркемдігін ашып көрсететін тілдегі сөздер
тобының бірі ˗ мақал-мәтелдер. Мақал мен мәтел ˗ өміршең поэтикалық жанр,
қазақ халқының рухани қазынасы, философиялық пайымы, түсінігі. Ұрпақтан
ұрпаққа ұмытылмай жаттала тараған өнегелі, өсиет сөздердің киелі түзілімі.
Мақал ˗ сөз анасы. Әдемі ұйқасты, үйлесімді ырғақты, өлеңді өрнекпен
не шешендік қара сөзбен айшықталған, қысқа да нұсқа айтылатын нақыл сөздің
мәйегі. Мәтел ˗ мақалға ұқсас, өлеңде тұжырымы тұспалды, қара сөзде
нұсқалы, қорытынды түйіндеуі тура айтылатын, қарама-қарсы шендестіруі жоқ,
ықшам да кестелі нақыл сөз [4, 3].
Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым ˗
Ш.Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н. Березин архивтерінде ХІХ ғасырдың елуінші
жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер
сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ
мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен
әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан
Ы.Алтынсарин, Ә. Диваев, В. Радлов, М. Тереньтев сынды ағартушы,
ғалымдардың еңбегі ерекше. Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан
зерттелуіне арналған іргелі монографиялық зерттеулер де, мақалалар да
баршылық. Солардың ішінен ғалым Б. Шалабаев алғашқылардың бірі болып,
аталмыш тұрақты тіркестер тобын арнайы қарастырып, олардың негізгі
мағыналық топтарын, жанрлық ерекшеліктерін анықтады. М. Ғабдуллин өзінің
Қазақ халқының ауыз әдебиеті деген еңбегінде қазақ халқының шаруашылығын,
кәсібін, тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын мақал-мәтелдердің өмір танытқыштық
мәні мен қызметін айқындаса, С. Нұрышев оларды даму тарихы тұрғысынан
қарастырды. [5, 1].
Мақал-мәтелдер бірнеше ғасырлар бойында жасалған, құрамындағы
сөздердің орны әбден қалыптасып, тұрақтанған. Мақал-мәтелдің негізгі
белгілері: қалыптасқан дайын сөйлемдер қалпында жұмсалады; белгілі бір
тұжырымды береді; өсиет, ақыл мақсатында айтылып, жақсылыққа, еңбекке,
ерлікке, адамгершілікке үндейді. Мақалда ой неғұрлым ашық айтылады.
Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады. Мәтелде ой, мағына ишара, тұспал
түрінде беріледі. Құрамы жағынан көбінесе бір бөлімді болып келеді.
Эмоциялық реңк басым болады.
Жазушы шығармаларында кездесетін мақал-мәтелдерді тақырыптық топтарға
бөлдік. Шығармаларда: Байлық, кедейлік, мұқтаждық; Батырлық, қайсарлық,
тәуекелшілдік, жігерлілік; Ағайын-туыс; Жақсылық пен жамандық секілді
тақырыптық топтағы мақал-мәтелдер көбірек кездесетіні анықталды.
Жақсылық пен жамандық:
• Жақсылыққа жақсылық ˗ әр кісінің ісі ғой. Жамандыққа жақсылық ˗ ер
кісінің ісі ғой ( Шал мен бала, 375 б.);
Бастапқы формасы: Жақсылыққа жақсылық ˗ Әр кісінің ісі дүр,
Жамандыққа жақсылық ˗ ер кісінің ісі дүр [6, 88], ˗ деп берілген. Автор
дүр сөзін ғой сөзімен алмастырған. Дүр сөзінің мағынасы Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігінде: атақты, даңқты, атышулы, [7, 198] ˗ деп
берілген. Яғни атағы зор, өзгелерден биік болған кісілерге айтылған.
• Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас
болсаң қаларсың ұятқа (Менің атым Қожа, 76 б.).
Сақтық:
• Аузы күйген үріп ішеді (Қой өңгерген, 399 б.).
Бақытсыздық, сәтсіздік:
• Қырсыққанда қымыран іриді (Қой өңгерген, 398 б.).
• Бір айналдырғанды құдай шыр айналдырады (Менің атым Қожа,117 б.).
• Көп асқанға бір тосқан (Өлгендер қайтып келмейді, 238 б.).
Ел, халық:
• Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас (Жексен ˗
жекеменшік, 402 б.)
• Көппен көрген ұлы той (Өлгендер қайтып келмейді, 34 б.).
Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң (Балалық шаққа саяхат, 197
б.).
Ас, тағам:
• Кедейдің бір тойғаны шала байығаны (Балалық шаққа саяхат, 75 б.).
Автор жарлы сөзінің орнына кедей сөзін қолданған.
• Жақсы тамақ қалғанша, жаман қарын жарылсын (негізінде тамақ
Автор ас сөзінің орнына тамақ сөзін қолданған. (Балалық шаққа
саяхат, 61 б.);
Бақыт, сәттілік:
• Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан дегенді автор:
Жолы болар жігіттің жеңгесі алдынан кездеседі, ˗ деп береді.
(Балалық шаққа саяхат, 82 б.).
Дін, қожа-молда:
• Дүмше молда дін бұзар (Балалық шаққа саяхат, 99 б.).
Байлық, кедейлік, мұқтаждық:
• Арық атқа қамшы жау,
Жыртық үйге тамшы жау, ˗ мақалының бір ғана жолын алып, авторлық
өзгертумен Арық атқа қамшы ауыр деп қолданған. (Балалық шаққа саяхат,
101 б.);
• Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар, ˗ [6, 48] деген
мақал˗мәтелді шығармада: Жоқ жомарттың қолын байлайды, ˗ деп береді.
(Көңілді кеш, 411 б.).
• Кедей болсаң көшіп көр (Өлгендер қайтып келмейді, 334 б.).
• Үйі жоқтың, күйі жоқ дейтін мақал да шығарып алдым. (Өлгендер
қайтып келмейді, 328 б.). Бұл авторлық мақал.
• Үйдегі ойды түздегі нарық бұзады (Өлгендер қайтып келмейді, 323 б.)
Әдет, салт:
• Сүйреп қосқан тазы түлкі ала ма авторлық мақал, негізі: Жетектеген
ит аңға жарамас
Тәкаппарлық, мақтаншақтық, менменсушілік:
• Аяз би, әліңді біл, Құмырсқа, жолыңды біл (Менің атым Қожа, 76 б.).
Қонақ, қонақжайлылық:
• Қонған үйден шай ішпей қонақ атқа қонбайды (Сол бір сапар, 404 б.).
• Қуыс үйден құр шықпа (Балалық шаққа саяхат, 137 б.)
• Құтты қонақ келгенде, қой егіз табады (Алыстағы ауылда, 56 б.)
Ақылдылық, ақымақтық:
• Жаманның ақылы түстен кейін кіреді (Сол бір сапар, 405 б.).
Сөз, сөйлеу, тіл:
• Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді (Әріппай және көкжал қасқыр, 409 б.).
Пендешілік көлеңкелері, ұрлық:
• Ұрының арты қуыс (Ұлтан оқиғасы, 430 б.).
• Ұрлық түбі қорлық (Балалық шаққа саяхат, 184 б.).
Татулық, сыйластық:
• Төрт аяқтыда бота тату, екі аяқтыда бажа тату (Өлгендер қайтып
келмейді, 17 б.).
Өмір мен өлім:
• Өмір екі келмейді, өгіз аттай желмейді (Өлгендер қайтып келмейді,
330 б.)
Той, думан, қуаныш:
• Той десе қу бас домалайды (Менің атым Қожа, 77 б., Балалық шаққа
саяхат, 159 б.).
Ағайын-туыс:
• Ағасы бардың жағасы бар (Балалық шаққа саяхат, 158 б.).
• Өз ˗ өзекке тепсе, кетпейді,
Жат ˗ арқандаса тұрмайды (Балалық шаққа саяхат, 197 б.).
• Көзден кетсе көңілден болады ұмыт (Балалық шаққа саяхат, 104 б.).
Еңбек, еңбекқорлық:
• Ерінбеген етікші, ұялмаған өлеңші болады (Жалғыз қолды
биллиардшы, 452 б.).
Қорқақтық, жасқаншақтық:
• Сасқан үйрек артымен жүзеді (Ұлтан оқиғасы, 432 б.).
Туған жер, ел:
• Өз үй, өлең төсегі (Өлгендер қайтып келмейді, 20 б.).
Адалдық, арамдық:
• Адал деген қазаннан шошқаның басы шықты (Өлгендер қайтып
келмейді, 245 б.).
Асығу, аптығу:
• Қашайын деген қоянға тәйт деген себеп (Өлгендер қайтып келмейді,
249, 313 б.). Бір шығармада екі рет кездеседі.
Бас болу:
• Бақпаса мал, қарамаса қатын кетеді (Өлгендер қайтып
келмейді, 307 б.).
Қанағатшылдық:
• Барымен базар (Жекпе-жек, 35 б.).
Батырлық, қайсарлық, тәуекелшілдік, жігерлілік:
• Шешінген судан тайынбайды (Өлгендер қайтып келмейді, 76 б.).
• Ит жоқта шошқа үреді қораға (Қайдасың, Гауһар?, 297 б.)
• Жуастан жуан шығады (Балалық шаққа саяхат, 187 б.).
• Ер азығы мен бөрі азығы жолда (Балалық шаққа саяхат, 197 б.).
• Жығылғанды жер көтереді (Жекпе-жек, 8 б.)
Төрт түлік:
• Ер қанаты ˗ ат (Менің атым Қожа, 52 б.).
Ар, намыс, ұят:
• Ұялған тек тұрмас (Алыстағы ауылда, 64 б.).
• Өлімнен ұят күшті (Менің атым Қожа, 93 б.)
Жазушы шығармаларында халық тіліндегі нақышты сөз, мақал-мәтелдердің
кездесуі әр түрлі. Бірінде аз кездессе, бірінде көп кездесіп жатады. Мақал-
мәтел ең көп кездескен шығармалар: Өлгендер қайтып келмейді, Балалық
шаққа саяхат, Менің атым Қожа. Автор туындыларындағы оқиғаларды
суреттеудің тұс-тұсында, кейіпкердің әзіл-оспағының арасында қолданған
мақал-мәтелдер, нысанаға дәл тиер нақыл сөздерді кейіпкерлерге мінездеме
беруде, оқиғаны қорытындылауда, талас-тартыстың шешімін, түйінін кейіпкер
атынан айтқызуда қолданады.
Тілімізде басқа тілден енген жекелеген сөздер ғана емес, тұтас сөз
тіркестері мен тұрақты тіркестер де жиі кездеседі. Ал олардың бірі тура
аударма арқылы енсе, енді бірі ˗ тілдегі балама сөздермен беріледі. Осындай
тілдік амалдарды тіл білімінде калька деп атайды. Калька ˗ сөзбе-сөз
аудару тәсілі сөздің немесе сөз тіркесінің ішкі мағынасын дәлме-дәл сол
күйінде аудару [8, 16]. Француз тілінен шыққан бұл сөздің қазақша дәл
мағынасы ˗ көшірме, еліктеу деген сөз. Калька тәсілі сөзжасамның бір жолы
және тілдің сөздік құрамын байытудың бір көзі болып табылады. Калька туралы
Л.А.Пономаренко, К. Флекенштейн, А.К. Палийдің зерттеу еңбектерінің маңызы
зор. Сондай-ақ, Н.М. Шанский, А.А. Реформатский, Л.П. Ефремов секілді
лингвистер өз зерттеулерінде сөзбе-сөз аудару мәселесін жан-жақты
қарастырады. Калька туралы зерттеу еңбектерінің ішінен, әсіресе,
Э.М.Ахунзянов, Б.Г. Колкер, М.М.Копыленко, Н.М. Шанский мақалаларында
аталған тілдік құбылыс жан-жақты терең зерттелген. Түркі тілдерінде оның
ішінде қазақ тілінде сөзбе-сөз аудару мәселесі Ә. Қайдар, Б. Қалиев,
Ө.Айтбаев, Ш. Құрманбайұлының ғылыми еңбектерінде кеңінен сөз етілген.
Кез келген тілдік фактілерге назар аударсақ, өзге тілдерден сөз
алмасулармен қатар, адамзат мәдениетінің рухани қазынасы іспеттес мақал-
мәтелдерді де бір-бірінен аударып, емін-еркін қолданысқа түсіреді. Салмақты
ойдың түйіні мақал-мәтелдермен астарласып, адамдардың ортақ тіршілігінен
хабардар етеді.
Қазақ тілінде мақал-мәтелдерді басқа тілдерден көбірек аударып,
бөтен елдікі екендігін байқатпай қазақ тіліне еркін сөйлеткізген шебер
аудармашылар аз да болса бар. Олар М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Қ. Сағындықов,
М. Әлімбаев, т.б. деуге болады. Түрлі мәтіндерді қазақшалау тұсында олардың
әрқайсысының меңгерген амал-тәсілдері болған. Әсіресе, қазақ тілінің барлық
заңдылықтарына сай келетін, түпнұсқадан дәлме-дәл калька арқылы енген мақал-
мәтелдер қазір тонның ішкі бауындай болып кеткен. [9, 31].
Мақал-мәтелдердің көркем шығармада атқаратын қызметі ерекше. Ойды
мәнерлеп жеткізу, образды ашу, автордың баяндауындағы әсерлілік секілді
міндеттерді осы мақал-мәтелдер атқарады. Автор орыс тіліндегі мақал-
мәтелдерді қазақ тіліне аударып қолданған. Яғни, калька арқылы жасалған
мақал-мәтелдер кездеседі. Олар:
• Қоршаулы бақтың жемісі тәтті (Балалық шаққа саяхат, 198 б.).
Орыс тілінде: Запретный плод сладок
• Үндемеуі келіскені (Көңілді кеш, 415 б.).
Орыс тілінде: Молчание знак согласие
Егер аударма кезінде бір сөзді тастап кетсе, онда автордың айтайын
деген ойы солғын жеткізілер еді. Аталған мақал-мәтелдер сөзбе-сөз
аударылып, мағынасы сақталған.
Зерттеуші А.К. Шаяхметова Тілдік лексикалық, фразеологиялық бірліктер
мен мақал-мәтелдер бала танымына орай қалыптасып, қабылданып, бірте-бірте
лексикалық қорын молайтады, ˗ дейді [10, 391]. Жоғарыда аталған
шығармаларда кездесетін мақал-мәтелдердің барлығы кейіпкер болмысына сай,
әрі бала түсінігіне жеңіл етіп берілген. Баланың лексикалық қорын молайтуға
әсер ететін мақал-мәтелдердің көпшілігі дәстүрлі, баршамызға таныс, әрі
түсінікті.
Жазушының өзіндік шеберлігін танытатын, автордың өз тарапынан қосқан
афоризмдік сипат алған сөздері мынадай:
Соғыс біреуге ˗ соғыс болса, біреуге ˗ ырыс (Өлгендер қайтып
келмейді, 38 б, 171 б.). Бір шығармада екі рет қолданылған.
Қызметі биіктің үйі де биік.
Мансабы зордың беделі де зор (Жекпе-жек, 25 б.).
Еңбегі көптің табысы да көп,
Еңбегі аздың табысы да аз (Менің атым Қожа, 102 б.)
Мықтының ең мықтысы,
көнбістің ең көнбісі ˗ әйелдер (Менің атым Қожа, 69 б.)
Ақша мені таппайды, мен ақшаны табам (Көңілді кеш, 416 б.).
Көліксіз күнің күн емес, серіксіз одан да жаман (Менің атым
Қожа, 82 б.) Бұл афоризмдер, кейіпкер басындағы тауқыметі мол өмірдің бар
сипатын жинап алған. Осылардың барлығын тізбектей суреттеу қаламгер стилі
үшін артық нәрсе болғандықтан, қысқа баяндаудың үнемді амалы ретінде
қолданып отыр.
Оқулығы сай бала, көңілі жай бала (Менің атым Қожа, 71 б.)
Аш қарынға данышпан болып жетістірмеу, ˗ (Менің атым Қожа, 45 б.)
деген сөйлемдер бала пайымынан туған, баланың дүниетанымына тән түсінік.
Шарапты сүйіп ішсең де, сүймей ішсең де мас етеді (Өлгендер қайтып
келмейді, 149 б.)
Мұндай ойлы-тұжырымды фактілер ситуация мазмұнына қосымша мағыналық
реңк үстеп, оқушысын өзіне баурап алуда ерекше рөл атқарады.
Афоризмдік сипат алған бұл сөздерді, белгілі бір оқиғаны қорытындылау
үшін, талас-тартыстың шешімін, түйінін айтқызу мақсатында қолданады. Жасы
кіші балалардың тіліне, танымына, сөздік қорына аталған сөздердің енуі
олардың қоршаған орта туралы білімін сипаттайды.
Фразеологизмдер. Фразеологизмдер ˗ құрамы жағынан тұрақтылығымен,
дайын күйінде кездесетіндігімен, кез келген тұста қолдана беруге болмайтын
талғампаздығымен, мағына-мазмұн тереңдігімен, бейнелілігімен ерекшеленіп
тұратын тілдік құбылыс. Мәдени-тілдік ұжымның (халықтың, ұлттың, этностың)
байырғы дүниетанымы, салт-дәстүрі жеке сөздерге қарағанда фразеологизмдерде
молырақ қордаланған. Халықтың байырғы күнтізбе жүйесі, уақыт пен кеңістік
өлшемдері, халық астрономиясы, дәстүрлі мәдениет институттарына қатысты
ұғымдар, тірлікте болмағанмен тілде сақталған мифологиялық, этнографиялық
көнеліктер көбіне фразеологиялық тіркестер құрамында кездеседі.
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы теориялық тұрғыдан
зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан басталып, бүгінгі күнге дейін зерттеушілер
назарына ілігіп, зерттеу объектісіне айналып, әлі толастамай келеді.
Зерттеулерді шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады:
І. ХХ ғасырдың ортасы мен 60 жылдар арасы. Қазақ фраезологиясын
теориялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.
ІІ. 60-70 жылдар ˗ қазақ фразеологизмдерін классификациялау, жеке
авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайы.
ІІІ. ХХ ғасырдың соңғы он жылы ˗ фразеологизмдерді,
этнолингвистикалық, этномәдени тұрғыдан зерттеу.
ІV. 90-жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін қазақ тілінің
фразеологизмдері әр қырынан зерттеліп, мақалалар көлемінен шығып,
диссертациялық зерттеулер объектісіне айналды.
Фразеологизмдердің теориялық-практикалық мәселелерін І. Кеңесбаев,
Ғ.Мұсабаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, К. Аханов, Р. Сәрсенбаев және
кейінгі буын зерттеушілер А. Байтелиев, Қ. Қалыбаева, С. Сәтенова,
Ш.Сейітова, Қ. Ғабитханұлы, Г. Смағұлова т.б. фразеологизмдердің
тақырыптық ˗ мағыналық топтарын, синтаксистік қызметін арнайы зерттеп,
тұжырымдар жасады.
Орыс ғалымдары А.А. Шахматов, Ф.Ф. Фортунатов, А.А. Потебня тұрақты
сөз тіркестерін синтаксистік тұрғыдан зерттеп, фразеологияға үлкен үлес
қосты.
Қазақ фраезологиясындағы мағыналас қатарлардың топтарын
антропоцентрлік және тілдегі адамдық фактор тұрғысынан мынадай фразео-
семантикалық өрістерге жіктеуге болады. Бұл ретте мағыналас қатарлар
алдымен жалпы фразеологиялық семантикаға негізделе отырып, жалпыдан жалқыға
сияқты иерархиялық принциппен жүйеленеді.
1. Адамның жағымды, жағымсыз қимыл әрекеттеріне негізделген
мағыналас фразеологизмдер қатары.
2. Сезім әрекеттеріне қатысты жасалған фразеологизмдердің тақырыптық
мағыналас топтары.
3. Сезім жағдайы немесе жоғары эмоциялы фразеологизмдердің
мағыналас, тақырыптық түрлері.
4. Адамның физикалық қалпын бейнелейтін фразеологизмдердің
мағыналас тіркестер тобы.
5. Адамның сөйлеу дағдысы түрлерін сипаттайтын мағыналас тіркестер
тобы.
6. Адамның жеке басына тән қасиеттері туралы жасалған мағыналас
фразеологизмдер.
7. Адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайы, орны, тұрмысы туралы
айтылатын тіркестер.
8. Адамның сыртқы түр-әлпеті, жас мөлшері жөнінде қалыптасқан
мағыналас тіркестер.
9. Уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген мағыналас фразеологизмдер
қатары.
10. Киім, тамақ, денсаулыққа байланысты туған мағыналас
фразеологизмдер.
11. Тілек-бата, ырым, садақаға байланысты айтылған мағыналас
фразеологизмдер.
12. Табиғат құбылыстары, ауа райына қатысты жасалған мағыналас
топтар.
13. Еңбек, өмір, тағдыр, дүние туралы айтылатын мағыналас тіркестер.
14. Отбасы, үйлену, туыс, дос, жолдас туралы айтылатын мағыналас
фразеологизмдер [9, 60].
Жазушы шығармаларындағы фраезологиялық тіркестерді жоғарыда аталған
тақырыптық топтар бойынша жүйеледік.
Адамның жағымды, жағымсыз қимыл әрекеттеріне негізделген
мағыналас фразеологизмдер қатары.
Тәуелді ˗ (біреуге тәуелді болу, біреуді тәуелді ету) [11, 13].
Көн тулақ. Контексте көн тулақ деген жылқыға қатысты айтылып тұр.
Мағынасы: тәуелді, көнбіс жылқы дегенді білдіреді. Екі аттың екеуі де көн
тулақ арық аттар, жазы-қысы мойындарына қамыт түспейтін бейшаралар.
(Өлгендер қайтып келмейді, 100 б.)
Қиындық көру (қиын кез) [11, 15].
Ішкені ірің, жегені желім болу
Ішкені ірің, жегені желім болады ғой. (Менің атым қожа, 118 б.)
Шымбайына бату
Әбдібақастың қайғысы Ұлжан шешей мен Батырбай қарттың шымбайына кезінде
ерекше батты. (Жекпе˗жек, 5 б.)
Жолы болу [11, 17].
Айдарынан жел есу
Айдарымыздан жел есіп, астанаға аман-есен келіп жеттік. (Қайдасың,
Гауһар?, 299 б.)
Жолы болмау [11, 18].
Аяғы көктен келу
Жылқыбайдың аяғы көктен келер еді. (Балалық шаққа саяхат, 42 б.)
Жоғалту, көзін құрту [11, 22].
Басына су құю фразеологизмі екі шығармада кездеседі.
Кеше, әне көрдің ғой, бір кештің арасында отыз сомның басына су құйдық.
(Қайдасың, Гауһар?, 315 б.) Берген екі жүз сомның басына жолдағы
станцияларда су құйғам. (Өлгендер қайтып келмейді, 91 б.)
Көзінен бұлбұл ұшу
Бұның бәрі қазіргі кезде жұрт көзінен бұлбұл ұшқан қаны жерге тамбас
дүниелер. (Өлгендер қайтып келмейді, 95 б.)
Қашу (біреуден, бірдеңеден) [11, 25].
Тайып тұру
Көкшіл жіп торды қалтасына умаждап салып алды да, Жексен тайып тұрды.
(Өлгендер қайтып келмейді, 231 б.)
Ренжіту, реніш [11, 26].
Жігері құм болу Бұл фразеологизм шығармада екі рет кездеседі.
Ішім удай ашып, жігерім құм боп, шешем өлгендей боздап жылап жібердім.
(Өлгендер қайтып келмейді, 83 б.)
Сіркесі су көтермеу. Ұлғайған метафораның негізінде жасалған идиома.
Сіркесі су көтермеу тіркесінің құрамындағы сыңарларды бөліп, ажыратуға
келмейді. Бітісіп, тұтасып кеткен томаға тұйық тіркес. Бұл жерде идиоманың
беретін ұғымы мен білдіретін мағынасы түсінікті.
Тергеуі жуықмаңда бітпей, сарғайтып ұзақ отырып қалғандар шетінен сіркесі
су көтермес, ызақор, шыжбаң. (Өлгендер қайтып келмейді, 197 б.)
Мақтан, өсу (адамның әлеуметтік жағдайының өзгеруі) [11, 26].
Кеудесіне нан пісу. Тұтастың бөлшегі ретінде мағыналық жақындық
негізінде пайда болған компоненттердің алмасуынан пайда болған соматикалық
атаулар фразеологизмдердің варианттарын түзеді. Соның бірі: кеудесіне нан
пісу, көкірегіне нан пісу фразеологизмі. Кеудесіне нан пісу
фразеологизмі екі шығармада кездеседі. Кеудеме нан пісіп, жер көктің
арасына симай жеттім Қорғанға. (Өлгендер қайтып келмейді, 293 б.) Бұрынғы
кеудесіне нан піскен бай тұқымы енді кетпен˗күрек арқалаған қара құрым
көптің біріне айналады. (Балалық шаққа саяхат, 37 б.)
Мұрнын көкке шүйіру
Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды
кеудеме қойып, тәжім еттім. (Менің атым Қожа, 103 б.)
Танауы делдию
Класқа екі танауы делдиіп Садық кіріп келді. (Жекпе˗жек, 52б.)
Ұру, соғу, төбелес [11, 29].
Көзіне көк шыбын үймелету
Жалына қол артпайтын асауды Нұрәлі көзіне көк шыбын үймелетіп жұмысқа
салмақ. (Өлгендер қайтып келмейді, 65 б.)
Қағып қанын, соғып сөлін алу
Қаршадай сенде әкесінің құны бардай˗ақ қағып қаныңды, соғып сөліңді алады.
(Балалық шаққа саяхат, 34 б.)
Ұрыс, ұрсу, балағаттау [11, 32].
Қызыл кеңірдек болу
Жанар екеуміз осы арада кәдімгідей қызыл кеңірдек болып қалдық. (Менің атым
Қожа, 56 б.)
Қызыл өңеш керісу
Кәдімгі қызыл өңеш керісу басталды. (Өлгендер қайтып келмейді, 287 б.)
Билеп˗төстеп отыру [11, 33].
Бір шыбықпен өргізу Келін-баласын бір шыбықпен өргізіп, жуасытатын түрі
бар. (Өлгендер қайтып келмейді, 277 б.)
Бір шыбықпен айдау Бізді бір шыбықпен айдап бағындырады. (Балалық шаққа
саяхат, 23 б.) Мұндағы айдау және өргізу
Асыра сілтеу [11, 37].
Шаш ал десе бас алу
Мұғалімнің аузынан шыққанды заңдай көріп, шаш ал десе бас алуға дайын,
лыпып тұрады. (Балалық шаққа саяхат, 20 б.)
Шаш ал десе, бас алатын әлгідей әпербақан өкілдерге әй, батыр, бұның қалай
деп, бетіне тура қарайтын адам ол кезде санасы жаңа оянып келе жатқан
ауылда сирек еді. (Балалық шаққа саяхат, 27 б.)
Үгіттеу [11, 38].
Қолтығына су бүрку
Біздің пәленше шаршау білмейді, тауға екі рет шығып түсу оған ойыншық деп
қолтығына су бүркіп, мақтап қояды. (Өлгендер қайтып келмейді, 138 б.)
Жұмысбастылық [11, 40].
Мұршасы келмеу
Қу соғыс оған мұршасын келтірмеген. (Өлгендер қайтып келмейді, 98 б.)
Мұрыннан су кету
Бір жағынан шөп орылып бітпей, екінші жақтан егіннің пісуі таяп, мұрыннан
су кетіп жатқан тығыз шақ. (Өлгендер қайтып келмейді, 41 б.)
Тоқтау, басылу [11, 44].
Су сепкендей басылу
Ұста дүкеніндегі қимыл су сепкендей басылды. (Аяжан, 28 б.)
Күту, алаңдау [11, 44].
Екі көзі төрт болу
Зағыш, Жамалжаным екеуі екі көзі төрт болып, кабинада отыр. (Өлгендер
қайтып келмейді, 337 б.)
Дегеніне жету. [11, 47].
Қадалған жерінен қан алу
Бұлар Шықабайдың Тұрсынбайы, Уәлібайдың Әбегі, Өзібектің Әріпбайы секілді
кілең қадалған жерінен қан алмай тынбайтын көкжалдар еді. (Балалық шаққа
саяхат, 103 б.)
Анық (іс, әрекет туралы) [11, 48].
Тайға таңба басқандай. Шығармада фразеологизммен қатар оның мағынасы да
қатар берілген. Бұл баланың түсінігіне жеңіл болуы үшін, автордың қолданған
өзіндік тәсілі.
Қожа Қадыров деп, тайға таңба басқандай айқын жазылған. (Менің атым Қожа,
36 б.)
Қызмет қылу [11, 51].
Құрдай жорғалау
Бірінші басшылардың алдында ол аяғын үшінен басып, құрдай жорғалайды.
(Өлгендер қайтып келмейді, 305 б.)
Сезім әрекеттеріне қатысты айтылатын фразеологизмдер тобы
Көңілсіздік [11, 54].
Жігері құм болу

Жүні жығылу
Әке-шешесінен қабат зеку естіген Нұрдаулеттің жүні дереу жығылып: - Балалар
сөйдеді, - деп күмілжіді. (Аяжан, 9 б.)
Тауын шағу
Ауыр тұрмыс адамның тауын шағып, мұқатады екен. (Өлгендер қайтып келмейді,
90 б.)
Татулық [11, 60].
Сүттей ұю. Бұл фразеологиялық тіркес шығармада бірнеше рет кездеседі.
Халықтың дәстүрлі тұрмыс тіршілігінен алынған, теңеу арқылы жасалған
фразеологиялық тіркес.
Мынау сүттей ұйыған тыныш дүниені бүлдірді директор балаң. (Өлгендер
қайтып келмейді, 186 б.)
Мұғалімдер коллективі сүттей ұйыған тату болатын. (Өлгендер қайтып
келмейді, 187 б.)
Сүттей ұйыған мұғалімдер коллективінің арасына жік кірді. (Өлгендер қайтып
келмейді, 311 б.)
Қаймағы шайқалмаған
Жоқ олай емес бұрынғы жолдастығымыз сол бәз˗баяғы қаз˗қалпынан
бұзылмағандай, қаймағы шайқалмағандай. (Менің атым Қожа, 98 б.)
Көңілге қарау [11, 62].
Көңілін жықпау
Бірақ Аяжанның көңілін, жыққысы келмеді: - Болмағанда ше? Бола алады.
(Аяжан, 28 б.)
Өте жақсы көру [11, 63].
Ішкен асын жерге қою
Кәрімнің он алты жасар інісі Сүлеймен жақсы ат көрсе, ішкен асын жерге
қояды. (Бурыл ат, 333 б.)
Қоң етін кесіп беру. Ең жақын адамына ғана жасалатын жақсылық мағынасында
айтылады. Бұл идиоманың компоненттер құрамындағы сөздер өзгеріп айтылуынан,
вариант идиома жасалып тұр. Идиомалық тіркестің толық нұсқасы Қоң етінен
ет кесіп беру болса, кесіп беру сөзінің орнына ойып беру варианты да
қолданылады. Қаламгер, шығармасында қоң етін кесіп беру деп қолданған.
Біреуге иненің жасуындай жаманшылық ойлауды білмейді, өзім деген
кісіге қоң етін ойып беруге дайын тұрады. (Балалық шаққа саяхат, 113 б.)
Тыңдау [11, 64].
Құлақ түру
Жантас, біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде
сыбырлап-сыпсыңдағыш, өзі тақтаға шыққанда көрінгенге құлақ түргіш. (Менің
атым Қожа, 48 б.)
Үндемеу [11, 65].
Жым болу
Ши шығарып алғанымды сездім де, жым бола қалдым. (Қайдасың, Гауһар?, 312
б.)
Жым болды
Әлгіні көріп, жым болып тұра қалдық. (Қайдасың, Гауһар?, 313 б.)
Сезім жағдайына қатысты жоғары эмоциялы фразеологизмдер.
Қайғыру [11, 72].
Қабырғасына аяздай бату. Теңеу арқылы жасалған фразеологиялық тіркес.
Соғысты мен мұншалық ұзаққа созылар, халықтың қабырғасына аяздай бататын
қиыншылыққа айналар деп еш ойлаған жоқ едім. (Өлгендер қайтып келмейді, 34
б.)
Жүрегі қарс айрылу
Әке деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айрыла жаздайды˗ау. (Менің атым
Қожа, 39б.)
Қуанған кезде [11, 73].
Жерден жеті қоян тапқандай
Жерден жеті қоян тапқандай болып, жүгіріп сол араға келейін. (Балалық
шаққа саяхат, 52 б.)
Төбесі көкке жеткендей
Бұл сөзді естіп Сүлейменнің төбесі көкке жеткендей болды. (Бурыл ат, 341
б.)
Қорқу [11, 75].
Жүрегі су ету
Шеті көзіме шалынғанда-ақ жүрегім су етіп, ішім удай ашып кетті. (Менің
атым Қожа, 65 б.)
Зәресі ұшу
Апамның да, менің де зәреміз ұшып кетті. (Өлгендер қайтып келмейді, 42 б.)
Көзі шарасынан шығу
Шайтан көргендей бақырып, қайта қашып шықты. Көзі шарасынан шығып, құп-қу
болып кетіпті. Артынан біреу келе жатқандай жалтақ-жалтақ қарай береді.
(Алыстағы ауылда, 81 б.)
Су жүрек
Не деген су жүректік! (Өлгендер қайтып келмейді, 216 б.)
Нағыз сужүректің өзі екенсің ғой. (Менің атым Қожа, 98 б.)
Төбе шашы тік тұру
Қанышаның төбе шашы тік тұрады. (Өлгендер қайтып келмейді, 63 б.)
Үрейі ұшу
Үрейлері ұшып кетті. (Балалық шаққа саяхат,77 б.)
Шыбын жанын шүберекке түю
Қызыл оттың ішінен шыбын жанын шүберекке түйіп аман алып шыққан нағыз
бақыттыдай көреді. (Өлгендер қайтып келмейді, 159 б.)
Ашулану [11, 77].
Ерін бауырына алып тулау(ер тоқымын)
Шын достар бірінің кемістігін бірі көзге түскен жерде, дер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz