Мұрагерлiк құқық жайлы


Мазмұны.

Кiрiспе.

I - Тарау. Мұрагерлiк құқықтың жалпы сипаттамасы.

  1. Мұрагерлiктiң түсiнiгi мен мәнi.
  2. Мұрагерлiк құқықтың негiздерi мен мұраның ашылуы.

II - Тарау. Заң бойынша мұраға ие болу құқықтық қатынастарының субьектiлерiн классификациалау негiздерi.

  1. Заңды мұрагерлiк туралы түсiнiк.
  2. Заң бойынша мұрагерлiктiң бiрiншi кезегi.
  3. Заң бойынша мұрагерлiктiң екiншi кезегi.
  4. Заң бойынша мұрагерлiктiң үшiншi кезегi.
  5. Заң бойынша мұрагерлiктiң төртiншi кезегi.
  6. Заң бойынша мұрагерлiктiң бесiншi кезегi.
  7. Заң бойынша мұрагерлiктiң алтыншы кезегi.

III - Тарау. Заңды мұрагерлiкке қалатын мұраны қорғаудың құқықтық режимi.

  1. Мұраның құрамына кiретiн мүлiктi анықтап алу тәртiбi.
  2. Құқықтық қатынастағы мұрагерлiк арқылы берiлетiн мүлiктiк құқықты тану мәселесi.
  3. Мұраны бөлу, заңды мұрагерлердiң оны қабылдауы немесе одан бас тарту құқығы.
  4. Мұраға ие болу құқығы туралы куәлiк беру және заң бойынша мұраға ие болу құқықтық қатынастары ерекшелiгiнiң тиiмдiлiгiн арттыру аспектiлерi.

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы барлық уақытта өз халқының тұрмыс халін жақсарту үшін үлкен қамқорлық көрсетуде. Ол әсіресе егемендік алғаннан соң 10 жылдан астам уақыт ішінде үлкен жетістіктерге жетуімен дәлелденеді. Осыған орай, мемлекет көрсеткен қамқорлық әртүрлі тәсілдермен, соның ішінде азаматтарға мүлікті жеке меншікке беру, оны үлестіру және ортақ мүлікті бөліп беру, азаматтың өзіне тиесілі болатын мүлкін кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыру құқығының жоғарғы сатыда жүзеге асырылуымен айқындалады. Бұл жағдай жыл сайын халықтың кірісі жоғарлағандығынан және азаматтардың жеке меншік обьектілері шеңберінің ұлғаюынан көрінеді.

Бұл тақырыптың өзектілігі азаматтың жеке меншіктік құқығының өсуін анықтау және оларды қазіргі қоғамдағы мұрагерлік құқық шартымен байланыстыру қажеттілігінен көрінеді.

Мұрагерлік мирасқор заңда қарастырылған ережелерге сәйкес өсиет және заңды мұрагерлікке негізделіп жүзеге асырылады.

Егеменді ел болып, өз тәуелсіздігімізді алғаннан соң, ҚазССР-нан қалған заңдарды демократиялық мемлекетімізге сәйкестендіруге бағытталған бірқатар жаңа заңдар қабылданып, Ата заңымызға және түрлі құқық салаларына қатысты заңдарға, соның ішінде мұрагерлікті реттейтін заңдарға да жаңа ережелер енгізілген. Айта кететін жайт, бұрын ҚазССР-ң 1963 жылғы Азаматтық кодексі мұрагерлікке қатысты 35 бапты қамтыса, ал қазіргі 1999 жылдың шілде айының 1-ші жұлдызында заң күшіне енген Қазақстан Республиқасының Азаматтық кодексі 46 бапты қарастырған.

Қазіргі танда Азаматтық заңдар бойынша әкеден қалған мал-мүліктің балаға, ұрпағына заңды негіздерге сәйкес, құқықтық тәртіптермен ауысуы қарастырылады. Осыған орай, мұрагерлік құқық жан-жақты үлкен мәселенің маңыздылығына ие, ол бірінші кезекте нарық қатынасының енгізілуі нәтижесінде азаматтардың мүлікке жеке меншік құқығы бекітілді. Аталған жағдайға сәйкес мұрагерлік құқық бойынша ауысатын мүліктік обьектілер шеңберінің саны едәуір ұлғайды. Мәселен, бұрын мұрагерлік бойынша ауысатын құнды мүліктердің қатарында автокөлік, саябақ, жинақ қоры (азаматтардың көбісі мұндай мүлікке ие бола алмаған) табылса, ал қазір мұрагерлік құқықтың обьектісі ретінде пәтер, тұрғын үй, жер учаскелері, акция пайыздары және т. б. мүліктің түрлері табылады. Осыған байланысты Азаматтық кодексте мұрагерлік құқықты реттейтін нормалардың қатары кеңейген. Бұл нормаларды дұрыс бағытта реттеу және қолдану қазіргі кезде ауқымды мәселенің біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi мұрагерлік құқық үшін негіз болатын жаңа қағидалар мен ережелерді енгізді, олар: мұрагерлік құқық мирасқорлығының әмбебаптылығын, ұсыну құқығы бойынша мұрагерлікті, мұрагерді қосымша тағайындау, өсиеттік бас тарту, өсиетті жүктеу, мұрадағы міндетті үлеске құқық және т. б.

Осы кезге дейін бұрын-соңды мұрагерлікке қатысты кейбір ұғымдар мен терминдерге нақты түсінік берілмеген (мұра массасы, мұралық трансмиссия және т. б. )

Мұагерлік құқық ұғымына түсінік беру барысында көптеген авторлардың көзқарасы әртүрлі, яғни бірі азаматтың қайтыс болғаннан кейін оның мүлкі бірнеше субьектілердің қатысуы нәтижесінде күрделі комплекстік құқықтық қатынастарды тудырады десе, екінші көзқарас мұрагерлік құқықтық қатынастағы күрделі комплекс көбінесе мұрагерлік құқықтың терминологиясына сәйкес еместігін ескертеді. Қорыта айтқанда, цивилистердің мұрагерлік мирасқорды әртүрлі түсінуінде екенін байқаймыз.

Жалпы мұрагерлік құқықта қайтыс болған азаматтардың мүлкі көптеген күрделі құқықтық қатынастар туғызады және де бұл бірнеше субьектілердің қатысуы нәтижесінде туындайды. Мұрагерлік құқық мәселелерін зерттеуде методологиялық мағына бар және оның дәрежесін дұрыс анықтауымыз керек. Олар: мұралық масса, мұралық мүлік, мұраның құрамы, мұра мирасқорларының объектілері, мұрагерлік құқықтық қатынас, мұрагерлік мирасқорлар.

Менiң дипломдық жұмысымның көздеген негiзгi мақсаты ол- осы мұрагерлiк құқыққа және Қазақстанның азаматтық заңдарына, яғни заң бойынша мұра қабылдауға байланысты кейбiр теориялық және құқықтық мәселелердi қарастырып олардың мәнiн ашыуды болып табылады.

КІРІСПЕГЕ ҚОСУ КЕРЕК

Сонымен Қазақстан Республикасының азаматтық Кодексi бойынша мұрагерлiк болып тұлғаның мұраға шақырылу тәртібі, сонымен қатар оның мұраны қабылдау кезіндегі жалпы құқықтары танылады.

Мұрагерлік бойынша өтетін мүлік - ол азаматтың материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ететін меншігі. Егер азамат қайтыс болу жағдайына өз мүлкіне байланысты ешқандай билік жасамаса (еркін білдірме-се) заң, мұрагерлікке оның балаларын, жұбайын, ата-анасын, жақын туыс-тарын шақырады. Осылайша мұрагерлік құқық мүліктің қайтыс болған адам отбасында сақталынуына және пайдалануына мүмкіндік туғызады, сонымен қатар бұл отбасының мүддесін қамтамасыз етеді. Бұл азаматтың меншік құ-қықтарын елеулі түрде толықтырады және нығайтып, оның қорғалуын қам-тамасыз етеді. Мұрагерлік құқық, мұра қабылдау құқығы бойынша, қайтыс болғандар мүлкінің мемлекетке өту мүмкіндігін бекіте отырып, тек азаматтардың ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің де мүддесін қамтамасыз етеді.

Мұрагерлік - ол қайтыс болған адамның мүліктік құқықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар кейбір мүліктік емес құқықтың заңда белгілен-ген тәртіппен басқа тұлғаларға өтуі.

Қайтыс болған жағдайда, құқықтары басқа тұлғаларға өткен адам мұра қалдырушы деп аталады. Ал мұрагерлік тәртіппен, қайтыс болған адамның мүлкі және басқа да құқықтары өткен тұлға мұрагер деп аталады. Кез келген азамат, сонымен қатар ҚР территориясында өмір сүрген шетел азаматы (бі-рақ ұйым емес) мұра қалдырушы бола алады. Өсиет тастау жолымен өз мүл-кін өзі билеуді тек әрекет қабілеттілігі бар азамат қана жүзеге асыра алады. Ал мұрагер болып, әрекет қабілеттілігіне қарамастан кез келген азамат бола алады

Заң бойынша мұрагерлік өсиетпен өзгертілмеген жағдайда орын алады. Егер азамат өсиет қалдырмаса мұрагерлік заң бойынша жүзеге асырылады. Бұлжағдайда оның бар мүлкі заңда көзделген мұрагерлерге өтеді. Егер ол мүлкінің бір бөлігін ғана өсиет етсе, онда заң бойынша мұрагерлерге мүлік-тің өсиет етілмеген бөлігі өтеді. ҚР-ң Азаматтық кодексінің 1061, 1062, 1063, 1064, 1065, 1066 - баптарын-да көрсетілген адамдар заң бойынша мұрагерлер болып табылады. Олар от-басы мүшелері, жақын туыстар және қайтыс болған азаматтың асырауында-ғы адамдар. Бұл адамдар мұра қалдырушының қайтыс болғанында тірі жүруі керек. Сонымен қатар заң осы уақытта әлі тумаған тұлғаларды да мұрагер-лер ретінде таныды.

Заң мұрагерлікке шақырудың кезектерін анықтады. Өйткені заңда көрсетілген мұрагерлер бір уақытта мұраны қабылдауы мүмкін емес.

I - ТАРАУ

МҰРАГЕРЛIК ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

  1. Мұрагерлiк түсiнiгi мен мәнi.

Мұрагерлiк дегенiмiз - қайтыс болған адамның (мұра қалдырушының) мүлiгiнiң мұраға ие болатын азаматтардың (мұрагерлердiң) иелiгiне өтуi.

"Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының" 2 - тарауында былай деп атап көрсетiлген: "Республика азаматтары өздерiнiң ұлтына, ұстайтын дiнiне, қандай қоғамдық бiрлестiкке жататынына, тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, шұғылданатын қызметiне, тұрғылықты орнына қарамастан бiрдей құқықтар иеленiп, бiрдей мiндеткерлiкте болады. " 1

Сондықтан Қазақстан Республикасындағы барлық азаматтар шыққан тегiне, әлеуметтiк жағдайына, ұлтына, нәсiлiне, бiлiмiне, тiлiне, дiни нанымына, тұрағына, атқаратын қызметiне қарамастан мұрагерлiк құқына ие бола алады.

Мұрагерлiк - азаматтық құқық қабiлеттiгiнiң бiр көрiнiсi. Заңда көрсетiлген реттер мен тәртiптерден басқа жағдайда, ешкiмнiң де құқық қабiлеттiгiне немесе әрекет қабiлеттiгiне шек қоюға болмайды.

Қайтыс болған азаматтың азаматтық құқылары мен мiндеттерiнiң мұрагер бола алатын азаматтарға өтуi мынадай белгiлермен анықталады:

- мұраға ие болу негiздерi мұрагерлiк құқығының

ережелерiнде қарастырылған күрделi негiзгi құбылыс;

- мұра арқылы берiлетiн құқықтар мен мiндеттер

мұра деп аталатын негiздi құрайды;

- құқықтар мен мiндiттердi қабылдап алушы

мұрагерлер мұраға заң бойынша ие болуға болады. 2

Мұрагерлiк - мұра қалдырушының мүлiк құқығы мен мiндеттерiнiң заң бойынша басқа адамдарға (мұрагерге) өтуiн реттейдi. Мұнда айта кететiн жағдай мүлiк немесе заттар жиынтығы емес, керiсiнше мүлiк құқығы мен мiндеттердiң жиынтығы. Сондықтан бiз мұраның құрамына үй жөнiндегi меншiк құқығы, автомобиль емес, автомобиль жөнiндегi меншiк құқы, сый емес, сыйға деген құқық т. с. с. кiретiндiгiн айтамыз.

Мұрагерлiк бойынша қайтыс болған адамның жеке басымен байланысты құқықтары немесе өзiндiк меншiк құқығы заң бойынша заңды мұрагерлерiне өтедi. Мысалы: жалақы, авторлық төлемақы, жинақ банкiсiндегi қаражаты және тұрғын үй кооперативтерiндегi пайлар.

Сондай-ақ, бұл жерде айта кететiн нәрсе - мұралық құқық бойынша мұрагерлерге мұра қалдырушының борыштары ауысады. Мұраны қабылдап алған мұрагер мұра қабылдаушының борыштарына өзiне ауысқан мұралық мүлiктiң нақты құны шектерiнде жауап бередi.

Мұраға ие болу негiздерi заң бойынша жүзеге асырылады. Мұра қалдырушы өзiнiң мүлкiн немесе оның бiр бөлiгiн кез-келген адамға, мемлекетке, мемлекеттiк, кооперативтiк және басқа да қоғамдық ұйымдарға өсиет бойынша қалдыра алады. Сондай-ақ, ол мұрагерiнiң кенет дүние салуының немесе оны алмайтындай жағдайға тап болуын ескерiп, өсиетiнде басқа мұрагерiн көрсетуге де құқылы. Мұра қалдырушы өз өсиетiнде өсиеттiк парыз дегендi жазып көрсете алады.

Өсиет бойынша мұрагерiне бiр немесе бiрнеше адамның пайдасын көздейтiн мiндеттi орындауды - мысалы, оның меншiгiне бiр затты берудi, үйдi немесе оның бiр бөлiгiн өмiр бойы пайдалануды, белгiлi соманы төлеудi тапсыра алады.

  1. МҰРАГЕРЛIК ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГIЗДЕРI МЕН МҰРАНЫҢ АШЫЛУЫ.

Мұраның ашылуы - мұрагерлiк құқықтың жүзеге асырылуын және орындалуын реттейдi. Мұраның ашылуына себеп болатын фактiлер:

- мұра қалдырушының қайтыс болуы,

- мұра қалдырушыны өлдi деп жариялағанда

соттың шешiмiнде көрсетiлген күн (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнiң 1042 - бабы) .

Мұраның ашылуы - мұраның ашылған уақытымен мұраның ашылған жерiне сәйкес келедi. Мұраның ашылған уақыты - заңды түрде мұраға ие болу негiздерiн реттейдi. Мұраның ашылған уақытына байланысты мұрагерлiк құқықтар мен мiндеттердi заң бойынша мұраға ие болатын мұрагерлер қабыл алады. Бұл мерзiм өткенше мұрагер мұрадан бас тарта алады.

Бұл жағдайда мұра басқа адамдар арасында тең бөлiнедi. Мұрагер мұрадан басқа адамның, қоғамдық ұйымның немесе мемлекет пайдасына өту мақсатында да бас тарта алады.

Сондай-ақ, егер мұра қалдырушының заң бойынша да, өсиет бойынша да мұрагерлерi жоқ болса, онда Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнiң 1082 - бабына сәйкес, өлген адамның мүлiгi мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке өтедi.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнiң 1042 - бабына сәйкес мұраның ашылған уақыты - мұра қылдырушы өлген күнi болып саналады. Мұндай жағдайда, егер бiрiнен кейiн бiрi мұрегер болатын азаматтардың өлiмi бiр күнде, бiрақ тәулiктiң әр уақытында болса, онда олар бiр-бiрiнен кейiн мұрагер бола алмайды, олардың әрқайсысынан кейiн мұра ашылады.

Мысалы: ерлi-зайыпты адам бiр күнде автомобиль апатынан қайтыс болды. Бiреуiнiң артында ата-аналары, ал екiншiсiнiң артында ағасы мен апасы қалды. Бұл жағдайда мұраға ие болатын мұрагерлер бiрiншiден ата-анасы, екiншiден - ағасы мен апасы болып табылады да, мұраға ие болу заң бойынша жүзеге асырылады.

Тағы бiр мысалды алып қарайық, автомобиль апатынан баласы қайтыс болды. Бұл жерде "мұралық мүлiктi қорғауға шаралар қолдану, мұраға мұрагерлiк құқық туралы куәлiк беру " Нотариаттың негiзгi қызметi болғандықтан, Түркiстан мемлекеттiк Нотариалдық кеңсесiне екi қайтыс болған адамның өлгендiгi туралы куәлiгi әкелiндi.

Бұл жағдайда нотариус екi адамды бiр күнде қайтыс болған деп тауып, әр қайсысының мүлкiн мұраға ие болу құқығы бойынша олардың заңды мұрагерлерiне аударады. 3

Мұраның ашылған уақыты жергiлiктi азаматтық хал актiлiрiн жазатын бөлiмдерiнiң (АХАЖ) өлгендiгi туралы берген куәлiгiмен Қазақстан Республикасы "Неке және отбасы" Заңының 197 - бабына сай, жергiлiктi АХАЖ бөлiмiне қайтыс болу туралы мәлiмдеменi өлген адаммен бiрге тұрған адамдар, ал ондай адамдар болмаған жағдайда көршiлерi, тұрғын үй пайдалану ұйымдарының қызметкерлерi немесе адам қайтыс болған жердегi мекеменiң әкiмшiлiгi немесе өлiктi тапқан iшкi iстер органы жазбаша немесе ауызша түрде хабарлайды.

Қайтыс болу туралы мәлiмдеменi жетi тәулiктен кешiктiрмей, ал адам зорлықпен өлтiрiлсе, өзiн-өзi өлтiрсе, жазатайым жағдайдан өлсе, сондай-ақ, өлiк табылған жағдайда өлген немесе өлiк табылған кезден бес күннен кешiктiрмей берiлуге тиiс. 4

Егер мұра қалдырушының өлген күнi Қазақстан Республикасының Азаматтық Iстер жүргiзу Кодексiнiң

244 - бап 3 тармағына сәйкес көрсетiлетiн болса, онда мұраның ашылған күнi соттың шешiмiнде көрсетiлген мұра қалдырушының өлген күнi болып есептеледi.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнiң 31 - бабына сәйкес, егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер ол өлiм қатерi төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негiз болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны өлдi деп жариялауы мүмкiн.

Ал, егер соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметшi немесе өзге адам соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемiнде екi жыл өткеннен кейiн өлдi деп жариялануы мүмкiн.

Өлдi деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде азаматтық хал актiлерiн жазу кiтаптарына оның өлгенi туралы жазылады.

Мысалы, азамат С. Каршин шалғайдағы ауылда тұрады. Оның ешкiмге жұғымы жоқ және өзiнiң туысқандары мен көршi-қолаңдарымен араласпайтын, әрi қарым-қатынас жасамайтын. Соңғы жылдары ол туралы ешкiм ештеңе естiмеген, ештеңе бiлмеген.

Ол өзi туған ұлына ең соңғы хатын 1984 жылы жiберген. 1988 жылы қараша айында оның ұлы А. Каршин әкесiнiң ауылына келiп, мұнда көп уақыттан берi адам тұрмағаның байқады. Бiрақ әкесiнiң төлқұжаты, барлық құжаттары мен ақшалары үй-iшiнен табылды. Мұнсыз оның алыс сапарға кетуi мүмкiн емес. Сондықтан ол әкесiн iздей бастады, бiрақ ешқандай дерек табылмады.

Көршi ауылдың тұрғындары оны соңғы үш жылдың iшiнде бiрде-бiр рет көрмегенi және ол туралы ештеңе естiмегендерi анықталды. А. Каршин сотқа арыз жазып, әкесiн өлдi деп жариялауын негiздеудi өтiндi. Бұл туралы шешiм 1989 жылдың 11 қаңтарында қабылданып, С. Каршиндi сот өлдi деп жариялады және бұл шешiм 21 қаңтар күнi күшiне ендi.

Соттың азамат С. Каршиндi өлдi деп жариялаған шешiмiнiң негiзiнде осы адамның өлгенi туралы азаматтық хал актiлерiн жазатын кiтаптарға тiркелiп, өлген уақыты сот шешiмiнiң күшiне енген күннен, яғни 21 қаңтар 1989 жылдан бастап есептелдi де, оған өлгендiгi туралы куәлiк берiлдi. 5

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнiң

31 - бабының 3 - тармағына мысал келтiрсек: 2000 жылдың тамыз айында Қызылорда қаласына қарасты "Майдантал" кеңшарының Сызған жайлауында қатты нөсер болып, соңы су тасқынына айналды. Дәл осы күнi кеңшардың шопаны Т. Ысқақов Сызған жайлауында отар малды бағып жүргенде хабар-ошарсыз кеттi.

Алты ай өткен соң Т. Ысқақовтың тұңғыш ұлы

А. Ысқақов сотқа әкесi хабар-ошарсыз кетуiне байланысты оны өлдi деп тану туралы арыз бердi. Қызылорда қалалық сотының 15 қаңтар 2001 жылғы шешiмi бойынша азамат

Т. Ысқақовты 31 тамыз 2000 жылы өлдi деп жариялады. 6 Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнiң

32 - бабына сәйкес, өлдi деп жарияланған адам тiрi оралған немесе оның тұрған жерi мәлiм болған жағдайда сот тиiстi шешiмнiң күшiн жояды. Азамат өзiнiң қай уақытта оралғанына қарамастан, кез-келген адамнан азамат өлдi деп жарияланғаннан кейiн сол адамға тегiн көшiп, сақталып қалған мүлiк қайтарып берудi талап ете алады.

Егер өлдi деп жарияланған адамның мүлкiн оның заңды мұрагерi үшiншi бiр адамдарға берiп, олардың мүлiктiң сатып алу бағасын адам тiрi оралған кезге дейiн толық төлемеген болса, төленбеген соманы талап ету құқығы тiрi оралған адамға көшедi.

Ал, егер өлдi деп жарияланған адамның мүлкi мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке өтiп, сатылып кеткен болса, адамды өлдi деп жариялау туралы шешiмнiң күшi жойылғаннан кейiн оған мүлiктiң құн төленетiн күнгi нарықтық бағасы ескерiле отырып, оны сатудан түскен сома қайтарылады.

Мұрагерлiк құқықта мұраның ашылған жерiн анықтау үлкен роль атқарады. Мұраның ашылған жерi - мұра қалдырушының соңғы түпкiлiктi тұрған жерi, ал егер оның түпкiлiктi тұрағы белгiсiз болған жағдайда, мүлiктiң несһмесе оның негiзгi бөлiгiнiң тұрған жерi - мұраның ашылған жерi деп танылады.

Азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп табылып, ал 14 жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жерi олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жерi болып саналады.

Мұра қалдырушының тұрақты мекен-жайынан уақытша кетуiне байланысты: мысалы, әскери қызметiне, оқуға, жұмыс жағдайына байланысты iс сапарына кеткенiне, емдеу мекемесiне орналасуына, бас бостандығынан айыру орнына қамалуына байланысты және тағы басқа жағдайларда - мұраның ашылған жерi болып оның соңғы түпкiлiктi тұрағы болып есептеледi.

Мұраның ашылған жерi мұраны қалдырушының түпкiлiктi тұрағымен сәйкес келмеуi мүмкiн, егер мұраны қалдырушы уақытша басқа тұрақта тұратын болса, онда уақытша тұрақ мұраның ашылған жерi болып танылмайды.

Мысалы: азамат Д. Серiкбаев 2000 жылы Шымкент қаласы мемлекеттiк нотариалдық кеңсесiне мұрагерлiк құқық туралы куәлiк беруге арыз жасады. Оның қайтыс болған ұлы Ғ. Серiкбаев Тәжiкстанда келiсiм шартпен азаматтық борышын өтеп жүрген, ал оның тұрақты тұрағы Шымкент қаласы болатын. Мемлекеттiк нотариус Д. Серiкбаевты қанағаттандырып, азамат Д. Серiкбаевқа қайтыс болған ұлының мұралық мүлкiне мұрагерлiк құқық туралы куәлiк берiлдi. 7

Мұралық мүлiк әр қалада болса, мысалы, мұраға кiретiн теңге жиынтығы Алматы қаласында, ал тұрғын үй Түркiстан қаласында болса, онда мұраның ашылған жерi мүлiктiң негiзгi бөлiгi қайсысында болса, онда мұраның ашылған жерi сол жер болып табылады.

Егер тұрғын үйдiң бағасы теңге жиынтығынан мөлшерi үлкен болса, онда мұраның ашылған жерi Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңында көрсетiлгендей оның соңғы түпкiлiктi тұрағы болып саналады. Жоғарыда көрсетiлген азаматтардың әскери борышын өтеу немесе оқу орындарында оқыған уақыттарында тұрғын үйдi пайдалану құқығы сақталады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнiң 16 - бабына сәйкес бұл азаматтардың ұдайы тұрағы болып табылады.

Егер азамат шетелде қайтыс болатын болса, онда мұраның ашылған жерi Қазақстан территориясындағы мүлiктiң тұрған жерi болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұрагерліктің түсінігі және мұрадан бас тарту
Мұрагерлік құқық
Мұрагерлік құқықтың түсінігі және мұрагерлік құқықтық қатынас
Мұрагерлік құқық туралы мәлімет
ҚР мұрагерлік құқықығынын негіздері
Мұрагерлік құқық туралы
Құқық және заң. Мұрагерлік құқық
ҚР заңдары бойынша мұраға ие болу
Мұрагерлік құқық туралы ақпарат
Мұрагерлік құқықтың жалпы ережелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz