Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру


Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру
Мазмұны
Кіріспе
Балабақшада балаларды оқытудың ерекшеліктеріне сәйкес пәндердің өзіндік дамыту мақсат-міндеттері мен білім берушілік, тәрбиелік сипаты анықталған.
Балаларға ойын іс-әрекетінің оқыту барысындағы ықпалы және балалардың танымдық белсенділігі мен қызығушылықтарын арттыруға әсер етуі туралы атақты ғылым-педагогтар К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренколар және қазақтың белді ағартушы-ғылымдары Ж. Аймауытов, Т. Тәжібаев, М. Жұмабаев, С. Торайғыровтар өз еңбектерінде атап көрсетті. Ойын іс-әрекетінің тәрбиелік маңызы туралы В. И. Петрова мен О. С. Богдановалар жазды. Олар ойынның баланы тұлға етіп қалыптастыруға әсер етуші негізгі фактордың бірі екендігін дәлелдеді.
Еңбекке баулу пәнін оқытуда балалардың бойындағы көптеген асыл қасиеттері қалыптасады. Қазақ халқының еңбекке үйрету, баулу мәселесі - өзекті мәселенің бірі әрі халықтық педагогикадағы белді көзқарасы. Балабақшада оқушыларға еңбекке баулу пәнін оқытуда ойын іс-әрекетін пайдалана отырып, олардың танымдық қызығушылықтарын, жеке белсенділіктерін дамыту жолдарын анықтау барысында көптеген педагогикалық тұжырымдамалар талданды.
Ойын төменгі сынып, яғни бастауыш сынып оқушыларына өте жақсы таныс. Ойын іс-әрекеті оларды тартып, баурап, өмірлерін қызықты әрі көңілді етеді. Сондықтан оқыту процесінде ойынның оқушылар дамуына тікелей ықпал етуші фактор екендігі белгілі болғанмен, пәндерді оқыту барысында оның өзіндік сипатын анықтап, көрсету және оның әдістемелік көріністерін айқындау қажеттілігі туындады. Ойынның баланың танымдық қызығушылығын, және белсенділіктерін, қабілеттілігін дамытуға қосар үлесі ұшан теңіз. Еңбекке баулу сабақтарында балалардың оқуға деген құштарлықтарын қамтамасыз етіп, балада қалыптасатын еңбектік іскерлік пен дағдыларды танымдық іс-әрекет арқылы дамытуда ойын әрекеттері негізгі қызмет атқарады. Балалардың логикалық және абстракті ойлауына, қиялы мен елестетулеріне, есте сақтауына тікелей әсер етіп, олардың дамуына ықпал жасаушы әрекеттер - ойын әрекеттері болып табылады. Әсерлі әрі дұрыс ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті балалардың әртүрлі ойындарға қатысын анықтауға, олардың ойынға берілуі, араласу дәрежесін біліп отыруға, сол арқылы олардың ықыласын одан әрі дамытуға, ойынды педагогикалық мақсатты мазмұнмен байытып отыруға зор көмегін тигізеді.
Зерттеудің көкейтестілігі: ойын әрекеттерін оқу пәндерін оқытуда мақсатты пайдалану - мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділіктерін ойын арқылы арттыруға негізгі дамытушы фактор болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың ойын арқылы танымдық белсенділіктерін арттыру жолдарын көрсету.
Зерттеудің мақсатына сәйкес мынадай міндеттер қойылды:
- Оқыту процесіндегі танымдық әрекеттер, ойын, белсенділік ұғымдарына түсініктемелер беру.
- Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін ойын арқылы дамыту ерекшеліктерін анықтау.
- Балалардың танымдық белсенділіктерін ойын арқылы арттыру жолдарын көрсету.
Зерттеу объектісі: Балабақшада оқыту-тәрбие үдерісіндегі балалардың танымдық белсенділіктері.
Зерттеу пәні:
Зерттеу әдістері: Озық педагогикалық тәжірибелерді талдау, сараптау, бақылау, анкета әдістері.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
I-ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін ойын арқылы арттырудың ықпалы
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының жетекші ролін атқарады. Сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философиясының негізгі мәселесі - рухтың материяға, сананың болмысқа, қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім - «таным теориясы» деп аталады. Таным теориясының басқа ғылими теориялардан түбірлі айырмашылығы ол - білімнің қалыптасуымен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастыру болып табылады.
Танымдық әрекет - оқушының білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.
Танымдық әрекет - танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық қалыптасады. Т. И. Шамова танымдық ізденімпаздықты жеке адамның білім мен іс-әрекет тәсілдерін біреудің көмегінсіз игеруге, қоршаған өмір шыңдығын одан әрі өзгерту және жетілдіру мақсатымен танымдық міндеттерді шешуге ұмтылысымен және белсенділігімен сипатталатын қасиеті ретінде қарастырады.
Е. Б. Ястребова танымдық іс-әрекет ұғымын жеке тұлғаның қасиеті, яғни баланың кәсіби дайындығы барысында өз күшімен білім мен іс-әрекет тәсілдерін игеру және оны оқу, зерттеу, практикалық әрекеттерде қолдану деп түсіндіреді.
Н. Ф. Талызина бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің қалыптасуына жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізіп, маңызды тұжырымдамалар жасады. Мәселен, бірінші сынып балаларының ойын арқылы, танымдық іс-әрекеттің тәсілдері арқылы ақыл-ойларын дамытып, бірте-бірте ойынды оқу іс-әрекетімен алмастыру қажеттігін анықтап көрсетті.
Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі дүниетаным идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің, ғылымның негіздерін және мінез-құлақтың белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады. Дүниетанымдық білімдер - оқытудағы оқушы танымын қалыптастырудың негізі.
Дүниетанымдық білімін оқушылар ақыл-ой күшінің дамуына, білім деңгейіне сәйкес бірте-бірте игереді. Орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский «әрбір сыныптан, ең кіші сыныптан бастап балалардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек. Әрбір жыл сайын бұл көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс» - деп жазды.
Оқыту мен тәрбиенің әрбір кезеңінде дүниетанымдық білімнің мазмұны, тереңдігі және оларды оқушыларға түсіндіру мемлекеттік оқу және тәрбие бағдарламаларында қарастырылған. Оларда балалардың жас ерекшеліктері және күрделі дүниетанымдық ұғымды игеру қабілеттері еске алынған.
Бастауыш сынып оқушылары табиғаттың құбылыстары, дүние, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріндегі оның іс-әрекеті туралы ғылими білімнің бастапқы негіздерін игереді. Оқыту және тәрбие барысында Отан, халық туралы, алдыңғы қатардағы адамдардың, дүние жүзі халықтарының бейбітшілік және бақыты үшін күресі туралы балалардың түсінігі қалыптасады.
Жеке адамның дамуына және мінез-құлқында дүниетанымның ролін баса айта келіп, А. С. Макаренко біз мектептерімізден әр уақытта, өз өмірінің әрбір кезеңінде өзінің бақыты үшін қобалжымай, дұрыс өлшем табатын, жігерлі, идеялы қоғам мүшелерін біріктіруіміз керек, - деді. Мектепте оқыту кіші мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі. Олай болса оқыту процесінде бірқатар психологиялық және педагогикалық шарттар жүзеге асырылуы керек.
1. Мұғалімнің ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру іс-әрекеті кезеңдерінің нақты жоспарлауын қамтамасыз ету. Бірінші кезеңде мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру ісінің жүйесінде әрбір пәннің орнын анықтау, пәнаралық байланысты айқындау, негізгі философиялық, идеяларды бөліп алу маңызды. Екінші кезеңде мұғалім балаларды айқындалған идеяларды мағыналы ойлауға жетелейді. Үшінші кезеңі дүниетаным қорытындыларын топтауды міндет етеді. Төртінші кезеңде балалардың оқуын, ғылыми дүниетану негіздерін қалыптастыруды басқаруға көмектесетін оқушылар танымдық іс-әрекеттерінің тәсілдерін, оқытудың әдістері мен формаларын анықтайды.
2. Табиғат пен қоғамдық өмірдің танылуға тиісті құбылыстарына балалардың жеке қатынасын қалыптастыру.
3. Алған білімді меңгеру, қолдану және үздіксіз бекітудің бірлігі.
4. Оқушының адамгершілік қатынас тәжірибесін жүйелі жинауы.
Әртүрлі сыныптық және мектептен тыс тәрбие жұмыстары - балалардың ғылыми дүниетанымын дамытудың, танымдық белсенділік қалыптастырудың қажетті құралы. Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау - мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік деп адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Ал оқушының негізгі іс-әрекеті - бұл оқу. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында оқушының қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі - қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдармен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Кіші мектеп жасындағы балалар ересек адамдардың әрекеттеріне үңіме карап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қатынас жасауға еліктеуі рөлді ойындарды атқару барысында байқалады. Көбіне балалардың ойындарында адамдардың еңбек іс-әрекеттері, тұрмысы, өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса бастайды. Ойын барысында мектеп жасына дейінгі балалардың құрдастарымен де өзара қатынасы өзгереді. Олар басқа балалармен ойнауға тілек білдіреді, еңбекке байланысты тапсырмаларды бірігіп орындауға, өз қылықтарын ережеге, бағындыруға керексіз әдеттерді тежеуге, кедергіні ығыстыруға үйренеді. Осындай бірігу іс-әрекеттерінің қуанышы балалар арасында жолдастық, достық сияқты жаңа қатынастарды туғызады. Олар бір-біріне қамқорлық жасап көмектеседі, ілтипатты болады. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді.
Әртүрлі ойын баланың дүние танымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады.
Қарым-қатынас белсенділігі әсіресе, кіші мектеп жасындағы балаларда айқын көріне бастайды. Ата-аналармен, мұғалімдермен. құрдастары және достарымен, үлкендермен балалардың қатынас жасауында әр алуан ерекшеліктер болады.
Қарым-қатынас жасау белсенділігі балалардың (мархабаттық, қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің қылықтары жайлы жауапкершілік сезімі т. б) қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Кіші мектеп жасындағы баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, әр нәрсені үңіле қарайды, кейде терең ойға шомылады. Мысалы, олар шегені магнит қалай ұстап тұр? Жапырақтың түсі неге жасыл болады? Жаңбыр қайдан пайда болады?-деген сияқты сұрақтарды балалар үлкендерге қойып, жауап күтеді. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықылас сипаттайды. Сондықтан да олар өзара таласуды, пікір айтуды, түрлі заттарды салыстырып дәлелдеуді жанындай сүйеді. Кіші мектеп жасындағы балалардың «неге?», «не үшін?», «қалай?» деп қоятын сұрақтары - үлкендермен қарым-қатынас жасауларының алғашқы белгілері. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігін дамытуда бағыт беріп отырса, олардың құмарлық, талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттерінің қалыптасуына игі әсер етеді.
Кіші мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді, балалардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты.
Әрбір тәжірибелік жұмыстың практикалық және перспективалық маңызын, сонымен қатар оның ғылыми негізін мұғалімнің терең аша білуі - балалардың таным белсенділігін арттырудың басты шарты. Ойын балалар өмірінде үлкен орын алады. Қозғалыс ойындары балалардың ептілік, тапқырлығын, өзін-өзі билеушілігін дамытады. Ойын балаларды жылдамдыққа төзімдікке тәрбиелейді.
Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады.
Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оларды оқып үйреніп, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата-бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарына саралап жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістетіп, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне ұлт ойындары септігін тигізеді.
Ұлт ойындары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді. Ойын барысында бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес, мақсатқа жетуге аударады. Ол ойын шартына бейімділік ептілік көрсетіп, сол арқылы қимылды жетілдіріп, мақсатты әрекет етеді.
Балалар ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген.
Ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, бірін-бірі толықтырып, байыта түседі.
Өзінің өлең жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын тек баланың дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т. б. ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Тарихының көнелігіне қарамастан, ойын үнемі жаңа, ескермейтін нәрсе. Өйткені, күн сайын дүниеге келіп жатқан сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да - осы ойын.
Ойын дегеніміз - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, балаға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ойындардың суықтыру, тәрбиелеу және білім беру маңызы сан-салалы, бірақ іске асыру үшін мұғалімнің шығармашылық көзқарасы мен педагогтық шеберлігі қажет.
Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағы әсерлерін пайдаланады. Айналасындағы тұрмыстан нені көрсе соны істейді.
Ойын - баланың өз ісі. Егер баланың ойнына қатысқың келсе, өзін бала болып қатыс. Балалар сенің ересек адам екеніңді сезбейтін дәрежеде болсын - деген Мағжан Жұмабаевтың тұжырымы баланың ойын іс-әрекеті туралы көп ойларды аңғартады.
Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп, тіршілік ету, әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай әрекеттердің бір саласы - ойын әрекеті. Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық даму үрдесінде ойын әрекетінің тағылымдық және тәрбиелік маңызы зор. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын танып біледі.
Тәлім-тәрбие ғылымы мен адамның жан дүниесінің сырын зерттейтін психология пәні ойын әрекетін адамның эволюциялық даму үрдесінің белгілі бір кездегі тіршілік қажеттілігі ретінде қарастырады. Осы бағытта адамның ойын әрекеті әлеуметтік өмірдің негізгі бір құрамды бөлігі және баланың үлкендердің өмірін бейнелеуі, айналадағы ортаны тану жолы екендігін көрсетеді.
Ойын әрекетінің бала психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындығын ұлы ғұламалар Ж. Аймауытов, Т. Тәжібаев, М. Жұмабаев, С. Торайғыров өз еңбектерінде оларға ғылыми тұрғыда баға берген.
Қазақ халқының өмір тәжірибесінде баланың әр алуан ойын түрлері олардың қимыл қозғалыстарын, ептілігі мен бейімділігін, танымы мен пайымен дамытып, өрістетіп отырады деп санаған.
Т. Тәжібаев өз зерттеулерінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ұлттық ойындар мен түрлерінің кейбір ерекшеліктерін ескілікті салт-дәстүрлерді білдіреді деген қате көзқарасты орынды сынай отырып, олардың тәлім тәрбиедегі, денесін шынықтыру мен ақыл-ой жетілуінің әсеріне тоқталады.
Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ойындардың көптеген түрлері барлық, жеткіншек, жас өспірім шақтағы балалар тәрбиесіне пайдаланылды. Ал қазіргі кезде ойынның көпшілігі тәлім-тәрбие саласында зор педагогикалық құралға айналды. Бүкіл халқымыздың ұзақ өмірінде өздері қызықтаған сан алуан ойын өнері болды. Ойын тек қана көңіл көтеру, көңілін шаттандыру ғана емес, ол - қазақ халқының ерекше әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның, баланың дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі болған.
Бала ойындарының мазмұны байып, түрі өзгеріп отырады. Ата-ана баланың ойлау, қиялдау, армандау сана-сезімдік қабілеттерін қалыптастыру үшін, халық ауыз әдебиетінің жырларын айтып еңбекке баулауға үйреткен.
Соңғы кездегі психология ғылымы саласындағы зерттеулер нәтижесінде балалардың танымдық қызығуын неғұрлым ертерек дамытса, соғұрлым олардың болашақтағы оқу әрекеті жемісті болады деп айтуға болады. Кіші мектеп жасындағы баланың танымдық әрекеті өткен ұрпақтың өмір тәжірибесін белгілі білім жүйесін меңгеруі. Осыған байланысты баланың ұлттық сана-сезімін, дүние танымын, танымдық белсенділігін, танымдық қызығушылығын арттыруда ойындардың жас ерекшелікке байланысты қолданылуы маңызды орын алады деп тұжырымдауға болады.
Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіледі, жеке белсенділігі мен танымдық қызығушылығы артады.
Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыруға, сабаққа деген қызығушылығын арттыруға ойынды тәрбие құралы деп қарауға болады.
Бала ағзасы қимыл-қозғалыссыз тура тұра алмайды. Бала мектепке дейінгі жасында түрлі ойындармен ойнап үлгерген. Сондықтан да ол мектепте де ойнауға бейім тұрады.
Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін кіші мектеп жасындағы оқушы ойын барысында сезінеді. Ойын баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болсын ойынмен өседі. Мұғалім балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қамтамасыз ету керек. Сонда ғана ойын мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Баланың әдепті, көргенді, қарапайым, қайрымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты, сонымен бірге сабақта, сабақтан тыс уақытта ойнаған ойынның тәрбиелік мәніне де байланысты болады. Ойын барысында баланың бойында қайырымдылық қасиетті сіңіре білуіміз керек. Ол үшін баланың айналысына қолайлы жағдайлар жасауымыз керек.
А) бала ұстаған заттың өз орынды және гигиеналық талапқа сай болуы тиіс;
Ә) баланың талабының қанағаттануы қажет;
Б) мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесі, мәдениеттілігі, байсалдылығы, мейірімділігі т. б. қасиеттері бала үшін аса маңызды;
В) балалар өмірінің бағдарламалық талапқа сай дұрыс ұйымдастырылуы:
Мұғалім мектеп жасына дейінгі балалардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруы тиіс.
А. С. Макаренконың айтуынша, ойында баланың физикалық, психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады.
Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп: ойын - сабақ, ойын - жаттығулар, сергіту ойындары, ойын-жарыстар. Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар балалардың жан-жақты дамуына қызмет етеді.
Дидактикалық ойындар оқу материалдарын жаңа, қызықты формада қайталау ісін ұйымдастыруға жағдай жасайды. Ойын үстінде әр бала өзінің алған білімдерін жаңа жағдайларда пайдалануға үйренеді, мұның өзі олардың белсенділігін арттырады, өткен материалдарды бұрыңғыдан да жақсы меңгеруіне жағдай жасалады. Жұмыстың бұл тәрізді формасы балалардың оқуға деген ықыласына жол ашады, оны дамыта түседі.
Бастауыш сынып оқушылары өз назарын нашар басқарады. Ал дидактикалық ойын балаларды белсенді ете түседі, олардың өз назарын белгілі бір затқа өте ұзақ уақыт аудара білуге үйретеді.
Мектеп өмірінен бір мысал келтірейік.
Мұғалім: Егер 5-ке 2-ні қоссақ неше болады?
Бірінші сынып оқушысы (ол санай біледі, бірақ өз назарын меңгеріп болған жоқ) төрт.
Мұғалім: Ойланып көрші.
Оқушы: Бес.
Ол басқа сұрақтарға да осылайша ойланбай жауап береді. Енді, міне, мұғалім «тез және дұрыс жауап берген бала ұтып шығады» - деген ойын өткізеді дейік. Мұндайда жаңағы сұрақтарға жауап өте дұрыс болып шағады, яғни балалардың жеке белсенділігін дамытуда және танымдық қызығушылығын арттыруда дидактикалық ойынның маңызы зор.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz