Ресей-Грузия қатынасының шиеленісуі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ТАРАУ РЕСЕЙ-ГРУЗИЯ ҚАТЫНАСЫНЫҢ ШИЕЛЕНІСУІНІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1. 1 КСРО ыдырағаннан кейінгі Ресей-Грузия қарым-қатынастары . . . 7
1. 2 Ресей-Грузия қарым -қатынастарына этникалық қақтығыстар мәселесінің ықпалы . . . 14
1. 3 XXI ғасырдың басындағы екі ел арасындағы қатынастарға жалпы сипаттама . . . 20
2 ТАРАУ ЕКІ ЖАҚТЫ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТЫ ЖАҒДАЙДЫҢ ШИЕЛЕНІСУІ МЕН ШЕШІЛУ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Ресей-Грузия қатынасындағы Абхазия мен Оңтүстік Осетия мәселесінің шиеленісуі: 2002-2006 жылдар . . . 28
2. 2 2008 жылғы тамыздағы Ресей-Грузия дағдарысы: қақтығыстың орын алуы және оның салдары . . . 34
2. 3 Ресей-Грузия қақтығысына халықаралық көзқарас . . . 39
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 49
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде халықаралық қатынастар тарихында көптеген өзгерістер орын алып, бүкіл әлем үшін жаңа геосаяси бағытқа аяқ басқан сәт болатын. Қырғи-қабақ соғысының аяқталуы Ресейдің геосаяси картасына түбегейлі өзгерістер алып келді. Яғни, посткеңестік кеңістікте бірнеше жаңа мемлекеттердің тәуелсіздікке қол жеткізуі бұл мемлекеттердің тарихында елеулі оқиғаға айналды. Сол мемлекеттердің бірі - Грузия.
Кеңестік биліктің мұрагері Ресей Федерациясы да өзге мемлекеттермен қатар өзінің сыртқы саяси бағытын қайта құруға кіріскен болатын. Грузия Ресей үшін Кавказ бөлігіндегі аса қолайсыз, қиындық тудыратын әріптесіне айналды. Грузия Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, екі ел арасындағы қарым-қатынас аса жағымды түрде дами қоймағаны белгілі. Расында, соңғы жылдары Ресейдің оңтүстік шекарасының аймағында орын алған ірі геосаяси және геостратегиялық өзгерістер Ресей Федерациясының Кавказ аймағындағы саяси ұстанымдарының әлсіреулеріне, оның аймақтағы саяси, экономикалық және әскери ықпалының төмендеуі, сонымен қатар, әлемдік деңгейде Ресейдің стратегиялық бәсекелесі АҚШ және НАТО құрамындағы өзге мемлекеттердің аймақтағы ықпалының күшеюіне алып келді.
Соңғы онжылдықтағы Ресейдің аталған аймақта жүргізіп отырған саясатының нәтижесінің бірі ретінде ұзақмерзімді ресейлік ұлттық мүдделер, ұлттық қауіпсіздік стратегиялары және XXI ғасырдағы Ресей саясатының геосаяси болашағын айтуға болады.
Кавказ бөлігінің шиеленісті аумақтары (Таулы Карабах, Оңтүстік Осетия мен Абхазия) кейінгі жылдары мемлекеттік құрылым үрдістерінде, аймақтық үрдістерде аса салмақты рөлге ие болып отыр. Мұндай туындаған жағдайды бағаламау Ресейдің Кавказдық аймақтағы стратегияларының болашағына жағымсыз әсерін тигізері анық.
Әлемдік қауымдастықтың назарын өзіне қарата отырып, бүгінгі күнгі саяси сынға түскен Оңтүстік Осетия мен Абхазияның саяси билігі тәуелсіздікке жету жолында жергілікті қауымның қолдауына сүйенгені анық. Ал мұндай факторды заңды мемлекеттер мен оның құрамындағы кіші ұлттар қауымдастықтары арасындағы даулы жанжалдарды реттеуге бағытталған бітімгершілік шараларын ұйымдастыру кезінде ескермей кету мүмкін емес. Бүгінгі күнгі Кавказ бөлігіндегі геосаяси жағдай, әдетте аталған аймақтағы мемлекеттерде, олардың өзара қарым-қатынасы және әрқайсысының Ресеймен, сонымен қатар, өзге де жетекші мемлекеттермен жүргізіп отырған саясатына да байланысты анықталатыны анық. Осыған қарағанда, тақырыптың дәрулігін аймақтағы геосаяси бағыттардың өзгеру қауіпіне сай анықтауға болады.
Алайда, XXI ғасырдың басындағы Грузия аумағындағы этносаяси қақтығыстардың шешілу жолдары мен тәуелсіздікті талап еткен мемлекеттер маңайындағы шиеленістің реттелу болашақтары Грузия мен Ресейдің қарым-қатынасын тым шиеленістіріп жібергендігі белгілі.
Тақырыптың өзектілігі бүгінгі күнгі заңды мемлекеттер құрамындағы кіші мемлекеттердің тәуелсіздікке ұмтылу жолында өзге үшінші тараптарға тигізген әсері тек кіші шеңбер көлемінде ғана емес, сонымен қатар бүкіл аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақсыздыққа тигізер қаупінде болып отыр. Бүгінгі таңда әлемдік қауымдастықтың бар назарын өзіне аударып, халықаралық қатынастар тарихындағы аса өзекті мәселеге айналып отырған этникалық қақтығыстар мәселесі Ресей мен Грузияның арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың үзілуіне алып келгендігі белгілі. Аталған мәселеде халықаралық қауымдастықтың да қолданбаған амалы қалмаған сияқты, сондықтан сонау тамыз оқиғасынан бері талқыланып келе жатқан дүниежүзілік деңгейдегі кездесулер шиеленісті реттеуге өз септігін тигізуде. Осы қақтығыс негізінде бұзылған Ресей мен Грузия қатынасы тек қана өзара байланыстарына ғана емес, сонымен қатар, посткеңістік аумақтағы мемлекеттердің де экономикалық, мәдени байланыстарына өз ықпалын тигізері анық. Осы тұрғыдан да тақырыпты түрлі бағытта және түрлі деңгейде зерттей келе, Ресей мен Грузияның соңғы жылдардығы қатынасын зерттеудің өзекті мәселе болып табылатындығы ешқандай күмән туғызбайды.
Жұмыстың мақсаты. ХХІ ғасырдың басындағы Ресей мен Грузияның қарым-қатынасының шиеленісуі мен салдарын жан-жақты саралап, екі жақты байланысқа ықпалын тигізген шиеленісті жағдайларды нақтылы қарастырып, қақтығыстың шешілу жолдарын кешенді түрде зерттеу.
Жұмыстың міндеті: Алға қойылған мақсаттарға жету негізінде келесідей міндеттер жүктеледі:
- КСРО ыдырағаннан кейінгі Ресей-Грузия қарым-қатынастарының дамуын қарастыру;
- Екі мемлекеттің өзара байланысына этникалық қақтығыстардың тигізген ықпалының негізінде қатынастың өзгеруін зерделеу;
- XXI ғасырдың басындағы Грузия мен Ресей қатынастарының жалпы сипатын айқындау;
- Абхазия мен Оңтүстік Осетия аймағындағы 2002-2006 жылдардағы негізгі саяси үрдістерге сараптама жасау және олардың Ресей Федерациясы мен Грузияның аймақтық саясатындағы басымдылықтарындағы мәнін бағалау;
- 2008 жылдың тамыз айындағы бес күндік соғыстың халықаралық қатынастар жүйесіне тигізген салдарына сараптама жасау;
- Ресей-Грузия қақтығысына қатысты халықаралық саяси ұстаным мен көзқарасты саралау.
Бітіру жұмысының мерзімдік шеңбері халықаралық қатынастар тарихындағы жаңа кезеңге аяқ басқан сәт, яғни биполярлы жүйенің құлауының негізінде XXI ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. 2000 жылдан бастап Ресейде жаңа биліктің келуі Грузия арасындағы жаңа қатынастың бастамасы болды.
Жұмыстың деректік негізі: Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді
орындауда негіз болған деректердің шығу тегіне қарай оларды бірнеше топтарға бөліп, сұрыптап отырмыз. Деректік көздердің бірінші тобына мемлекеттер тұрғысынан қабылданған заң актілері мен қаулыларын жатқызамыз [1-2] . Олар Ресей мен Грузияның ішкі және сыртқы саясатының бастауы болып табылатын мемлекеттік заңнамалар.
Екінші топқа Ресей мен Грузияның сыртқы саяси концепцияларын жатқыздық [3-4] . Себебі, кез-келген мемлекеттің сыртқы саясаты осы құжаттардың негізінде қалыптасады. Екі елдің де сыртқы саяси бағыттары осы құжаттарда нақтылы айқындалған [3-4] .
Екінші топты шартты түрде халықаралық ұйымдар көлемінде қабылданған құжаттар құрайды [5-21] . Яғни, ол Грузияның ішкі этникалық қақтығысын реттеудегі бітімгершілікті орнату мақсатындағы БҰҰ, ТМД, ЕҚЫҰ сияқты халықаралық ұйымдардың жүргізген саясатын сараптауда аса құнды материалдар болып табылады. Сонымен қатар, шиеленісті аумақтағы оқиғалардың дамуына байланысты бірнеше келісімдер, декларациялар мен оның халықаралық-құқықтық беделін айқындайтын құжаттар қатары қарастырылды.
Деректердің аса құнды да маңызды үшінші тобы - Ресей мен Грузияның және өзге де мемлекеттердің саяси қайраткерлерінің естеліктері, сөйлеген сөздері, берген сұхбаттары мен пікірлері мен пресс-конференциялардағы материалдардың жинағынан тұрады [22-48] . Олардың қатарына Грузияның бұрынғы Сыртқы істер министрі А. Чикваидзенің «На изломе истории» атты естелігін[49], РФ бұранғы президенті Б. Н. Ельциннің «Президентский марафон» атты еңбегін қосуға болады[50] . Олардың еңбектерінде сол кезеңдегі Ресей мен Грузия қарым-қатынасындағы саяси ахуалға сипаттама беріліп, оқиғалардың даму желісі мен түйіні талқыланған. Бұл өз кезегінде жұмысты сараптауда теңдесі жоқ құнды дерек болып табылды. Өйткені мемлекеттің сыртқы саясаты мемлекет қайраткерлерінің қолымен дайындалып, жүзеге асатындығы ешқандай күмән туғызбайды. Мұндай мағлұматтарды жұмыс барысында материалдар ретінде қолдану аймақтағы мемлекеттердің шиеленісті жанжалдарға қатысты ұстанымдарын, жалпы аймақтағы жүргізіліп отырған саясаты жөнінде соңғы мағлұматтар алуға мүмкіншілік береді.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі: XXI ғасырдың басындағы Ресей мен Грузия арасындағы қарым-қатынастың тым шиеленісіп кетуінің себептерін анықтау үшін екі жақтың да саяси ұстанымдарын бірінші ретте қарастырған жөн. Мұндағы тақырып ашуға арқау болған мемлекеттің сыртқы саясатына етене жақын, сол саясатты жүргізуде белсенді түрде ат салысқан мемлекет басшылары мен саяси қараткерлердің естеліктеріндегі кейбір аса маңызды деректердің құндылығында шек жоқ. Грузияның ішкі этникалық қақтығыстарына жан-жақты талдау жасап, өз еңбектерін мұндай шиеленістерді реттеуге арнаған авторлардың еңбектерін отандық, ресейлік және грузиндік топтарға бөлініп отыр. Солардың ішінде грузиндік М. Бурнадзе [51], Марк Блиевтің [52], Г. Гогсадзе [54], Г. Е. Жвания [56], Э. Д. Сабекия [64] сияқты грузиндік авторларды атап өтсе болады.
Сондай-ақ, қазақстандық авторлар арасынан Қ. Ә. Жүністің [57], У. Г. Касеновтың [58], Лаумулиннің [70] шиеленісті аумақтағы қауіпсіздік жайында жазған еңбектері тақырыпты зерделеуде өз көмегін тигізгені анық.
Ал, Грузиядағы этникалық жанжалдарға арнаған ресейлік авторлардың ішінен К. И. Казениннің[59], Д. М Фельдман [66] әдебиеттерінде екі жақты байланыстың сууына түрткі болған грузин-ахабхаз және грузин-осетиндік қақтығысының басталуына, одан кейінгі оқиғаның желісіне сипаттама беріліп, даму болашақтары көрсетілген.
Сонымен қатар, мерзімді басылымдардан қаралған мақалалар нақтылы мәселеге қатысты көптеген мағлұмат алып, оны жүйелі түрде салыстыра отырып, нәтижесінде қажетті сарапталған құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Аса қызығушылық тудырған мақалалар ресейлік басылымдар қатарында болды. Олар: «Независимая газета», «Новая газета», «Известия», «Международная жизнь», «Центральная Азия и Кавказ», «Мировая экономика и международные отношения», сонымен қатар қазақстандық «Дипломатия жаршысы», «ҚазҰУ Хабаршысы», «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Жас Алаш» сияқты мерзімді басылымдарды атап өтсе болады, электронды сайттардағы шетелдік «International Herald Tribunе», «The National Interest», «The Times» сияқты басылымдар да қажетті материалдар іздеуде құнды фактілерді табуға көп көмек болғаны анық [68-87] .
Жұмыстың ғылыми-әдістемелік базасы: Зерттеу жұмысының әдістемелік негізіне зерттеу тақырыбын бір үрдістегі біренеше мәселелер жинағы ретінде қарастыра келе, зерттеудің бір-бірімен байланысқан өзіндік ерекшеліктерін ашуға кең мөлшерде мүмкіндік жасаған жүйелі сараптама түрін қолдандым. Бұл әдісті қолдану бүгінгі күнгі халықаралық қатынастарды сараптай келе, елдегі этносаяси факторлардың сыртқы саясатқа тигізер ықпалын анықтауда белгілі саяси жағдайлардың келбетін айқындауға мүмкіндік береді.
Салыстырудың ең қолайлы әдісі ол-аймақтағы орын алған этносаяси қақтығысты дүниежүзінде болған осы сипаттағы өзге жанжалдармен салыстыра отырып, олардың кейбір ортақ элементтері мен айырмашылықтарын қарастырып, жағдайды обьективті түрде бағалай алуда маңыздылығын тигізгенін атап өткен жөн. Ал екінші жағынан аймақтағы шиеленісті жағдайға қатысушы халықаралық акторлардың аймақтық саясатын олардың қақтығысты реттеу болашақтарымен салыстыруда туған қажеттілікті орындауда қолданылды.
Тақырыпты ашу мақсатында контент-сараптама мен ивент-сараптама аталған мәселеге қатысты халықаралық ұйымдардың қабылдаған құжаттарын сараптау негізінде шиеленісті аумақтағы жағдайды әлемдік қауымдастық қаншалықты деңгейде қабылдағанын түсінуге, оның өткені, бүгінгісіне сипаттама беріп, болашағын болжауға өз септігін тигізді.
Жұмыстың құрылымы: Алдағы қойылған мақсаттар мен міндеттерге сай жұмыстың құрылымы кірспеден, негізгі бөлімдегі екі тараудан, алты бөлімше мен қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТАРАУ РЕСЕЙ-ГРУЗИЯ ҚАТЫНАСЫНЫҢ ШИЕЛЕНІСУІНІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
- КСРО ыдырағаннан кейінгі Ресей-Грузия қарым-қатынастары
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Кавказ аймағындағы жағдайға батыстағы ресей-грузин қарым-қатынастарының маңызды шиеленісті мәселелері, оңтүстіктегі түрік факторы, шығыстағы каспийлік мұнай үшін шекаралас мемлекеттердің бәсекелестігі сияқты аймақтық маңызды мәселелер өз ықпалын тигізді. Тіптен бұл аймақ көршілес елдердің ғана емес, сонымен қатар АҚШ және Еуропаның жетекші елдерінің де мүдделері тоғысқан геосаяси орталықтардың бірі болып есептеледі. Алайда, Ресейдің бұл аймақтағы ұстанымдары оның Грузиямен, Украинамен, Әзірбайжанмен Армения арасындағы қарым-қатынасына тікелей баланысты.
Посткеңестік кеңістікте Мәскеудің КСРО құрамынан шыққан жаңа тәуелсіз мемлекеттермен байланыс енді орнап келе жатқанда, Кавказ аймағында жүргізген сыртқы саясаты дәйексіз болған секілді. Себебі, Ресей ең алдымен өзінің сыртқы саяси бағытын анықтау мақсатында түпкілікті стратегиялық мақсаттар қойып, болашаққа арнайы бағдарлама құру үстінде еді. Аталған аймақтағы Ресейдің басымды әріптестерінің бірі - Грузия Республикасы болып табылғандықтан, екі ел арасындағы қарым-қатынастағы Ельцин мен Козыревский арасындағы саяси бағыт аса маңызды, шешуші рөлге ие. Бұл саяси бағыт кеңестік эрадан кейінгі қайта құрылған жас мемлекет қайраткерлерінің бағыты еді. Бірақ мұндағы Мәскеудің жүргізген саясаты өзге мемлекеттермен, айталық Украинамен немесе ТМД өзге елдерімен салыстырғанда сондай сәтті болды деуге болмайды [52, с. 89] .
1990 жылдардың басындағы Ресейдің абхаздар мен сепаратистерге көрсеткен қолдауының арқасында Грузиядағы азаматтық соғыс нәтижесінде Грузия толық жойылу мен ұлттық мемлекеттің дезинтеграциясына ұшырауға жақын қалды. Сол кезеңдегі Грузия президенті Эдуард Шеварнадзе Грузияның ТМД-ге кіру идеясын қолдауға мәжбүр болып, Ресей президентіне елдегі қалыптасқан шиеленісті реттеу үшін ресейлік әскер енгізуін сұраған болатын. Бұл өз кезегінде Грузияның ішкі саяси қиыншылықтарын шешуге, Шеварнадзенің ел ішіндегі басты қарсыласы Звиад Гамсахурдияның қимылына жауап қайтарып, оны жеңуге, ал абхаздық майданда статус-квоға қол жеткізуге өз септігін тигізді. 1990 жылдарда КСРО аумағында орталық биліктің әлсіреуі мен ұлтшылдықтың күрт белең алуы ықпал еткен үрдістер басталып кетті, әсіресе Прибалтика, Молдавия, Солтүстік Кавказ, Орталық Азияның ұлттық аумағында. Кеңестік республикалар арасында бұл жағдай кеңес одағы тұсында әскери қақтығыстарға алып келген болатын. Жағдай КСРО ыдырағаннан кейін, бұрынғы кеңестік республикалар басшылығының қолына кеңестік қару қорлары түскеннен кейін ушыға түсті. Грузия аумағында 1991 жылғы Грузия президенті Звиада Гамсахурдия (зваиадистар) мен «біріккен оппозиция» билігін басып алғандар арасындағы Азаматтық соғыс тұсында әскери фазасы этносаяси қақтығыстар орталығы Абхазия мен Оңтүстік Осетия болып табылады.
Жалпы Ресей Федерациясы мен Грузия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 2 шілдеде орнады. Грузия Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық транспорттық байланыс жолдарынң ортасында орналасқандықтан, Ресейдің Кавказ бөлігіндегі ұлттық мемлекеттік мүдделерінің жүйесінде маңызды орын алады. Екі ел арасындағы тығыз дипломатиялық байланыстың қалыптасуына алғашқы түрткілердің бірі болып 1994 жылдың ақпан айындағы РФ ел басы Борис Ельциннің Тбилисиге жасаған ресми сапары болып саналады. Сапар барысында екі жақ «Достық, тату-тәтті көршілік және әріптестік жөніндегі келісімге» қол жеткізді [56, с. 92] .
1992 жылдың қазан айында Грузия Республикасымен өткізілген келіссөзде РФ арнайы ресми делегациясы анықталған болатын. Ал 1994 жылға қысқаша шолу жасайтын болсақ, қаңтар айында Ресей мен Грузия арасындағы келісім бойынша Ресей тарапы Грузияда болып жатқан шиеленістерге қатысушы өзінің екі дивизиясына үш әскери базасын жіберу (бұрында оған Грузия келіспеген болатын) мүмкіндігін алды және грузиндік ұлттық әскерді дайындап, қаруландыруды, сонымен қатар мемлекеттік шекараны қамтамасыз етуді өз мойнына алды. Алайда Ресей көрсетіп отырған мұндай көмегінің орнына абхазия мен Оңтүстік Осетияға ерекше ережелі автономия мәртебесін беруді талап етті. Өкінішке орай, бұл келісімді ресейлік парламент ратификациялаған жоқ. Оның басты себебі, депутаттардың көпшілігі Грузия президентінің Горбачев кезіндегі «жаңа саяси ой» бағытындағы рөлі екендігін негізге ала отырып, грузиндік елбасына деген ерекше жақтыртпаушылық болғаны анық. Осы жағдайдан кейін Ресей ұлтшылдары мен консерванттары оны КСРО тарапынан батысқа деген біржақты жолберушілік нәтижесі ретінде талқылауда. Мәскеудің Грузияға қатысты жүргізген саясатының негізінде халықтың көпшілігі мен саяси элита арасында, сонымен бірге грузиндік парламентте антиресейлік ой қалыптасып, үдей түскенінен кейін Грузия ақырындап Ресейден тартына бастады. Ал Грузия өзінің саяси бағытын күрт өзгертіп, Түркия мен Әзербайжанмен жақындасып, НАТО құрамына кіру жөнінде көп ойлана бастады.
Ресей-грузин қатынастарының 1990 жылдардың екінші жартысындағы сипатына келетін болсақ, ол қатып-қалған сипатқа ие. Бұл кезеңдегі өзара күдік екі жақты қарым-қатынаста үшінші мемлекеттер мүдделерін қамтитын аса ыңғайсыз жағдай туғызды. Тбилисидің Ресейге қатысты өз аумағы арқылы Каспий мұнайын (қазақстандық және түрікмендік) тасымалдау үшін мұнайқұбырларын салу АҚШ пен Түркия тарапынан қолдау тапқан болатын. 1995 жылдың шілде айында РФ Федералды Жиналысының Федераттар Кеңесінің өкілі Грузияға ресми сапарының нәтижесінде «Парламентаралық әріптестік» келісіміне қол қойылды [11] . Екі жақты байланысты дамыту мақсатындағы келесі кезең 1995 жылдың 15 қыркүйегіндегі Ресей Үкіметінің өкілі В. Черномырдинананың Тбилисиге жасаған сапары болып есептеледі [24] .
Азаматтардың жағдайы ең бірінші орынға қойылатындығы баршамызға белгілі, сондықтан бұл кездесу барысында Грузиядағы Ресейдің әскери базалары және Ресей сен Грузия аумағында тұрып жатқан ресейлік және грузиндік азаматтардың құқықтық статустары жөніндегі келісімге қол қоюды екі жақ та жөн санады. Шиеленісті кезеңде бұл келісім жергілікті халықтар үшін аса маңызды болғаны сөзсіз. Ресей-грузин қатынастарының ары қарайғы жалғасын 1996 жылы 18-19 наурыздағы Грузия президенті Э. Шеварнадзенің Ресейге келген ресми сапарында тапты деуге болады. Екі ел басыларының кездесуінде ортақ Декларация қабылданып, 1996-1997 жылдарға арналған екі жақты сауда-экономикалық әріптестік, құрғақтағы сауданың даму жөніндегі келісім шарттар мен өзге дипломатиялық маңыздылығы бар құжаттарға қол қойылды [12-13] .
1996 жылдың 27-28 қарашасында Тбилисиде өткен РФ мемлекеттік делегациясының оныншы отырысында грузин тарапы «Достық, тату-тәтті көршілік және әріптестік жөніндегі келісім» мен сотталғандардың өз мерзімін өздері қай елдің азаматтары болса, сол елдің мемлекеттік мекемелерінде өтеу үшін алмасу келісім шарты ратификациялау шараларын тездету үрдісі туралы өтінішпен ресейлік делегацияға жүгінгені белгілі.
Ресей делегациясының депортацияланған халықтардың құқықтарын қайта қалпына келтірумен байланысты келісімге келуді тездету жөніндегі мәселеге грузин тарапы Абхазия мен Оңтүстік Осетиядан қашқан босқындар мәселесінің шешілмей тұрғандығына сүйене кері жауап қайтарған болатын.
Қол жеткізілген келісімдердің іс жүзінде орындалуы - бүгінгі күні екі ел арасында 800-ге жуық келісім-шарттар мен келісімдерге қол қойылған екен - аса маңызды қиыншылықтарға тап болып отыр. Ол бір жағынан КСРО ыдырағаннан кейін дәстүрлі және шаруашылық байланыстардың үзілуімен, ал екінші жағынан Грузия аумағындағы этникааралық қақтығыстардың реттелмегендігінен екендігі белгілі.
Соңғы кездері Ресей мен Грузия арасындағы қарым-қатынаста көрнекті алға ұмтылыс байқалуда. Яғни, ол жаңа деңгейге өтуі - страткгиялық әріптестердің өзара тиімді байланыстардың даму кезеңі. Бұл жолдағы маңызды қадамдардың бірі - 1997 жылы Ресей делегациясының Грузияға экономикалық әріптестік жөніндегі ресей-грузин комиссиясының баруы болып табылады. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Протокол және өзге де құжаттарға қол жеткізілді. Комиссияның қабылдаған шешімдерінің дамыту мақсатында 1997 жылы 17 қаңтарда Мәскеу қаласында Ресей үкіметі мен Грузия үкіметі арасында Ресей Федерациясы беріп отырған мемлекеттік несие бойынша Грузияның қарыздарын ресструктизациялау жөнінегі Келісімге қол жеткізілген болатын [14] . Сонымен қатар, екі мемлекеттің сыртқы істер министрлерінің СІМ бағыты бойынша кеңес берулері ұйымдастырылып тұратыны мәлім. 1990 жылдардың екінші жартысыда Грузия басшылығы Э. Шеварнадзе бастамасымен Ресеймен әріптес болудың басымды маңыздылығы жөнінде айта отырып, РФ президентінің Грузиямен тек қана достық емес, сонымен бірге одақтастық қарым-қатынаста болуына дайын екендігін, әрине олардың ұлттық және мемлекеттік мүдделерінің өзара есепке ала отырып, Ресейдің Грузия аумағында, жалпы Кавказ аймағында стратегиялық және геосаяси мүдделерінің бар екендігін айтып өткен болатын.
Сонымен қатар, ол батыспен аса тығыз қарым-қатынасын орнату үшін жасап жатқан белсенді әрекет етіп, Грузияның еуропалық және натолық жүйелерге интеграциялық үрдіске түсуіне жаңа импульс беруге тырысып жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz