Кәсіпкерліктің даму жолындағы қиындықтарды жеңу және шетелдік тәжірибе


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

І-тарау. Ұсақ бизнес және оның Қазақстан Республикасында қалыптасуы

  1. Ұсақ бизнестің маңызы мен міндеті.
  2. Ұсақ бизнестің Қазақстанда қалыптасуы және мемлекеттік қолдау көрсету.
  1. тарау. Кәсіпкерліктің даму жолындағы қиындықтарды жеңу және шетелдік тәжірибе.

2. 1-Ұсақ бизнес мәселелері және оларды жеңу жолдары.

2. 2-Ұсақ бизнестің АҚШ-та дамуы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Мәселенің өзектілігі. Рынок экономикасына өтуіне байланысты Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет белсенді қарқынмен дами бастады. Кәсіпкерліктің дамуы мен жаңа мамандықтарды, білімнің жаңа салаларын меңгеру, адамдар мен олардың қызметіне жаңаша қатынаста болу қажеттіліктері пайда болды.

Рынок экономикасында жұмыс істеу кәсіпкерлер мен менеджерлер алдына бизнесті жүзеге асыру барысында жоғары мамандылықты талап ететін шаралар қойды. Демек, Ұсақ бизнес Қазақстан экономикасында болашақта маңызды роль атқаратын кәсіпкерлік түріне айланады. Сондықтан да ұсақ бизнестің Қазақстанда қалыптасуының жан-жақты қарастыру мен зерттеу бүгінгі таңдағы өзекті меселелер қатарына жатады.

Сонымен қатар ұсақ бизнесті Қазақстанның аумағында ғана қарастырып өтпей, біз АҚШ-тағы да ұсақ бизнесті де қарастырамыз. АҚШ-та ұсақ кәсіпкерліктің даму тәжірибесі өте мол. Сонымен қатар бұл елде мемлекет тарапынан ұсақ бизнеске қолдау көрсету жоғары қарқында жетілген. Әсіресе, компьютерлік, мейрамханалық, медициналық сияқты салаларда ұсақ бизнес тез қарқынмен өсіп келеді.

  1. тарау. Ұсақ бизнес және оның Қазақстан Республикасында қалыптасуы. Ұсақ бизнестің маңызы мен міндеті.

Қазақстан экономикасы құрылымының қазіргі кезде қалыптасуының алдыңғы қатардағы мәселелеріне мемлекеттік монополиялар мүліктерін жекешелендіру және мемлекеттік қамтамасыз етуден босату болып табылады. Бұл мәселе ұсақ, Ұсақ және орта кәсіпорындарды құру жолымен шешіледі, олардың әрқайсысы өндіріс өнімдері мен өздері өндіретін өнімнің жеке қожасы болатын ассосацияланған мекемеге айналады. Елдің экономикасының барлық салалары мен тармақтарында ұсақ рыноктық құрылымдардың қалыптасуы экономикалық процесстердің үлкен шаруашылық ағымдарына жауап болып табылады, себебі әлемнің барлық елдерінде ұсақ бизнес салаларында іс жүзінде барлық тармақтарда әртүрлі маманданған көптеген ұсақ кәсіпорындар қызмет етеді.

Қазіргі кезде Қазақстан экономикасында бір уақытта ірі, орта және ұсақ кәсіпорындар жұмыс істейді, сонымен қатар жеке және отбасылық еңбекке негізделген қызмет жүзеге асырылады.

Кәсіпорындардың көлемі салалардың мамандықтарына, олардың технологиялық ерекшеліктеріне, көлемдік ықпалының әрекетіне байланысты болады. Капиталдың үлкен сыйымдылығы және өндірістің маңызды төлемімен байланысты салалар бұл, сондай-ақ кәсіпорындардың үлкен мөлшері талап етілмейді, ал керісінше олардың ұсақ мөлшері тиімді және қажет болатындар салалар да бар.

Қазіргі заманғы экономика үшін өндіріс көлемі бойынша әр түрлі күрделі комбинициялар сипаты болып келеді.

Бір жағынан ғылыми-техникалық прогрестің тұрақты барысы өндірістің аралас түрі тән болады. Тек қана ірі фирмаларда көптеген материалдық, қаржы және еңбек ресурстары кәсіптік мамандар болады. Олар маңызды технологиялық жаңалықтар аша алады.

Екінші жағынан, маңызды капитал мен жабдықтардың үлкен көлемі және де жұмысшылардың көптеген корпорацияларын талап етпейтін салаларда ұсақ және орташа кәсіпкерліктің дамуы соңғы кезде күшейіп кетті. Ұсақ және орташа кәсіпорындар өндірістің ғылыммен байланысты салаларында, сондай-ақ тұтынушылық тауарларды өндірумен байланысты cалаларда ерекше көп болып отыр

Өнірістің ұсақ түрлерінің тиімді жұмыс істеу мүмкіндіктері ірі өндіріспен салыстырғанда біршама артықшылықтарымен анықталады, яғни жергілікті базарда жақындығы мен клиенттердің сұраныстарына ыңғайлылығы; Ірі фирмалар үшін пайдалы емес кіші партиялар өндіріс жасау; басқарудың артық топтарының жоқтығы.

Кіші және орта өндірістің дамуы өз кезіндегі экономиканы сауықтыруды қолайлы жағдайлар жасайды, яғни бәсекелі орта дамиды, қосымша жұмыс орындары құрылады, құрылымдық байыта құру белсенді жүреді, тұтынушылық сектор кеңейеді. Ұсақ кәсіпорындардаң дамуы тауарлар мен қызмет көрсетудіңталуына, экспорттық мүмкіндіктердің өсуіне, жергілікті шикізат ресурстарын жақсы пайдалануға алып келеді.

Өкінішке орай Қазақстандағы ұсақ бизнес құрамындағы өндірістік кәсіпкерлік әлі де дұрыс даму мүмкіндіктеріне ие емес. 2003 жылғы есеп бойынша экономика салалары кәсіпорындардаң бөлінуі мынадай мөлшерді құрады.

өнеркәсәпте -15, 5%

құрылыста -16, 6%

сауда және қоғамдық тамақтану -43, 5%

ғылым және ғылыми көмек көрсету -5, 1%

Жалпы комерциялық қызмет -4, 0%

Көлік және байланыс -2, 4%

Басқа салалар -12, 9%

Ұсақ кәсәпорында жұмыс істейтіндердің жалпы сандары 6, 1 млн. адам болып табылады, солардың ішінде 1, 4 млн адамы өнеркәсіпте, 1, 5 млн құрылыста, яғни жартысынан да аз мөлшері болып отыр.

Ұсақ кәсіпорындардың тек қана жұмысқа орналастыру үшін ғана емес, сонымен қатар тұрғындардаң кәсіпкерлік қызметі үшін, оның шығармашылық күштерін дамыту және бос өндірістік қуатты пайдалану жолында мүмкіндіктер беру қабілеті үлкен маңызға ие болып отыр.

Ұсақ кәсіпкерлік дүние жүзінің бәрінде маңызды рөл ойнайды. Соңғы бірнеше жылдықта Батыс Европа, АҚШ және Жапонияда кіші бизнес үлкен маңызға ие болып отыр. Олардың негізгі салмағы 20-ға деінгі адамдар ғана жұмыс істейтін ұсақ кәсіпорындар. Ұсақ кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарының өсуінің 2/3 бөлігін қамтамасыз етеді, яғни бұл елдерде жұмыссыздықтың бірқанша қысқаруын алып келді.

Ұсақ кәсіпорындар тек қана тұтынушылық сала-ларында ғана тиімді емес, сонымен қатар ірі кәсіпорындар үшін тиімсіз болатын кіші механизмдер, шала фабрикаттар мен басқа элементтерді өндірушілер ретінде де белгілі. Мұның барлығы экономикадағы кіші кәcіпорындардың орны мен рөлдерін айқындауға ерекше назар аударуды қажет етеді.

Мысалы АҚШ-тың кіші және орта фирмалары ұлттық айналымдық өнімнің 40% -ін, жеке сектордың айналымдық өнімнің жартысын, өңдейтін өнеркәсіптің -215, құрылыстың 80%, көтерме сауданың 86%, қызмет көрсету саласының 81%, өндіріледі. Осы кәсіпорында жеке секторадағы жұмысшылардың жартысы щғырланған. Олар ғылыми-техникалық прогресс саласына жататын АҚШ экономикасындағы бүкіл жаңа енгізілердің жартысын құру мен меңгеруді қамтамасыз етіп отыр.

Соңғы жылдары Европа елдерінде капиталды орталықтандыру мен концентрациялау тездетілуде, мысалы, Белгияда болат өнеркәсібінде, Испанияның мұнай концерндерінде, Дания мен Нидерландыда АПК-да, Швецияның болат, формацептика және ағаш өңдеу және Швейцарияның сағат өнеркәсібінде байқалады. Капиталды орталықтандыру мен концентрациялаудың маңызы бойынша көптеген ұсақ және орта фирмалардың құлдырауы ұсақ бизнестің мүлдем жойылып кетуінен сақтайды. Ол өндіріске деген қабілетін дамытып, өзіне ірі концерндер тарапынан қызығушылық тудырды.

Батыс Европада қайта өңдейтін өнеркәсіптің жарты өнімі ұсақ жне орташа кәсіпорындарда дайындалған. Монополия болмай тұрып, олар өздернің барлық күштерін өндіріспен өткізудің ішкі жағдайларына ыңғайлануға бағыттайды. трансұлттық корпарациялар оларға жаңа өнімді бірнеше болып апробирлауға мүмкіндік береді, яғни өздері жаппай өндіріске өту үшін. Құлдырауға ұшыраған ұсақ фирмалардың орнына жаңалары келеді. Дағдарыс жылдары ұсақ бизнеспен айналысу тоқтаған жоқ.

Ұсақ кәсіпорындар барлық дамыған елдерде қолдау тауып отыр. Бұл ұсақ кісіпкерлек қоғамдық қажетті еңбектің ұйымы ретінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық мүдделеріне жауап беретіндігіне дәлел болады. Бұл қызмет жалпы түрде елдің экономикасы үшін де және жеке түрде әрбір азамат үшін де пайдалы, сондықтан да мемлекеттік қолдау мен мойындауға ие болып тұр. Ұсақ кәсіпорындар қоғамдық өндіріс процесіне жаңа құндылықтар түзіп, ұлттық түсім мен ұлттық байлықты көбейтетін қосымша еңбекті қосып алады. Ұсақ кәсіпкерлік Қазақстан қазір де, болашақта да, бас тарта алмайтын кәсіпкерліктің түріне жатады.

1. 2 Ұсақ бизнестің Қазақстанда қалыптасуы және мемлекеттік қолдау көрсету.

Ұсақ кәсіпкерліктің субъектісі шағын кәсіпорын болып табылады.

Елде ұсақ бизнестің даму үшін қаншама нормативтік актілер қабылданды. Сондай қадамдырдың алғашқысы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1999 жылы қабылданып, ұсақ кәсіпорындарды қолдау және даму бойынша шаралар туралы Министрлер Кабинетінің қаулысы қабылданды. Міне осы кезден бастап ұсақ кәсіпкерлікті қолдайтын заңдылықтар толықтырулар арқылы қабылданып келді.

Ұсақ кәсіпкерлік туралы заңдылық олардың ұйымдық-құқықтық түрлеріне қарамастан ұсақ кәсіпорындардың қызметінің жалпы мәселелерін реттеуі қажет. Бұған кіші және орта кәсіпорындардың критерилері, ұсақ бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелері, салық салу және басқа мәселелер кіреді.

Қазақстан Республикасының «ұсақ кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау» туралы заңына сәйкес ұсақ кәсіпкерлікті субъектілеріне мынадай комерциялық ұйымдар жатады, яғни олардың жарғылық капиталда

Мемлекеттің қатысу үлесі, Қазақстан Республикасы субъектілерінің, қоғамдық және діни ұйымдардың, қайырымдылық және басқа қорлардың үлесі 25-дан аспайды. Ұсақ кәсіпкерліктің субъектісі болып саналмайтын бір немесе заңды тұлғаға тиісті есеп беру кезінде жұмысшылар саны өнеркәсіп, құрылыс және көлік саласында 100-ден, ауыл шаруашылығы, ғылыми-техникалық салада 60-тан, көтерме саудада 50-ден, дара сауда мен тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсетуде 30-дан, басқа салаларда 50-ден аспайтын коммерциялық ұйымдар жатады.

Сонымен қатар ұсақ кәсіпкерлік субъектілеріне заңды тұлға түзілместен кәсіпкерлік қызметпен айналысып жүрген физикалық тұлғалар да жатады.

Ұсақ кәсіпорындарды бекітуші құжаттардың мазмұны олардың қаншама ерекшеліктерін тапты. 100 жағдайдың 80-90-ны ұсақ кәсіпкерліктің меншіктің жеке немесе аралас түріненегізделген.

1995 жылдың басында ұсақ кәсіпорындар мемлекеттік бекітуші кәсіпорындардың бөлімі ретінде құрылды. Кейіншелік ұсақ кәсіпорындар жауапкершілігі шектелген серіктестік түріне құрыла бастады.

Сондай-ақ жанұялық түрдегі ұсақ кәсіпорындар да кездеседі. бұл көп жағдайларда тұрғын үйге жатпайтын үйлердің жалға алу бағасының қымбаттығымен түсіндіріледі.

Сонымен ұсақ кәсіпорындардың біріншіден, бірлестіктер, кәсіпорындар, цехтар құрамынан құрылымдық бірліктерді бөлу арқылы, екіншіден, акционерлік бастамада құруға болады. Екінші жол базарына өту және базарлық инфроқұрылымды құру жағдайларында қолайлы бдолып табылады.

Ұсақ кәсіпорындар мемлекеттік, қоғамдық, кооперативті кәсіпорындар, жеке тұлғалар, сонымен қатар меншіктің басқа түрлерімен біркелкі бекітілуі мүмкін.

Кәсіпкерліктің кез-келген түрінің дамуы мынадай екі себепке байланысты елдің және де нақты кәсіпкердің өзінің шаруашылық мақсаттарын жүзеге асырудағы өзіне берілген құқықты пайдалана білу қабілетіне байланысты болады. Бұл факторлар көптеген жағдайларда ұсақ экономиканың дамуына ықпал етеді.

Қазіргі заңда ұсақ бизнестік экономиканы елдеуге қосып жатқан үлесі жеткіліксіх болып отыр. Бұл өндірістің жалпы төмендеуі мен шаруашылық байланыстардың үзілуімен түсіндіріледі. Ұсақ кәсіпорындар тұрақсыз кәсіпкерлік құрылым ретінде жан-жақты мемлекеттік қолдауға мұқтаж болып табылады.

Көптеген елдерде ұсақ бизнесті мемлекеттік қолдаудың ерекше қорлары бар. Мысалы, Жапонияда осы мақсаттарға бюджет 2-3 млрд доллар бөліп отыр. Ал бізде өндірістің ұсақ түрін қолдау түсімге салықтық жеңілдіктер жасаудан артық озып көрген емес болатын.

Қазақстанда ұсақ бизнестің ең маңызды мәселелерін несие жатады. Несиелер кепілдікпен беріледі, ал көптеген жағдайларда ұсақ кәсіпорындар мұндай кепіл таба алмайды. Арнайы қорлар сияқты ұсақ кәсіпорындар одақтары қазіргі кезде несиелер бойынша кепіл болмайды. Тек қана ұсақ кәсіпорындар ерекше қиын жағдайларда қалып отыр. Несие алудың мүмкінсіздігі басқа кәсіпорындармен бәсекеге түсіре мүмкіндік бермейді.

Шет елдерде мемлекет тарапынан арнайы құрылымдар мен қорлар арқылы ұсақ бизнеске қаржылық-несиелік қолдау көрсетілді.

Мысалы, АҚШ-та ұсақ бизнес ісі бойынша әкімшілік арқылы, Жапонияда ұсақ бизнесті сақтандыратын несиелеу коорпарациясы арқылы, Францияда «Орта және ұсақ фирмаларға несие беру» арқылы жүргізіледі.

Қазақсатанда да ұсақ кәсіпорындар мүдделерін қорғайтын және қолдайтын әртүрлі ұйымдық түрлері бар. Осы мақсатта ұсақ кәсіпорындар ассоцияциясы, ұсақ бизнесті қолдау мен дамуының әртүрлі қорлары құрылған. Шындығында мұндай қорлардың барлығы өз меселелерін шешумен айналысып, ұсақ бизнеске шыншыл көмек көрсетіп жатқан жоқ.

Сонымен қатар ұсақ кәсіпорындар ақпаратты қызмет көрсетуге, мамандар дайындауға, банктік жеңілдетілген несиелер және басқа да көмектерге мұқтаж.

Шетелдерде ұсақ бизнесті қолдау саясатына тоқталар болсақ, бұл бағытта АҚШ-та инновациялдық бизнестің даму тәжірибесі өте қызықты.

1980 жылдары АҚШ-та жеке және топтық инновациялық бизнес дамыды. Ұсақ инновационды өндіріс ғалымдар, инженерлердің жеке еңбегіне негізделген. 1980 жылдың аяғы мен 1990 жылдың басында АҚШ-та әрқайсысында 100-ден келе адам істейтін 30-40 мың компаниялар болған. Бүгінгі күні АҚШ-та құрылып жатқан 600-700 жаңа фирмалардың 1/8 ғылыми-техникалық жаңа енгізуге маманданған.

АҚШ тәжірибесінің көрсетуі бойынша, ұсақ инновациялық бизнес ресурстық қамтамасыз етілмеген жағдайда, оның өмір сүруінің факторы оған қолдау көрсетуді ұйымдастыру болып табылады.

Оның негізгі бағыттары мынадай:

-қаржылық қолдау;

-материалды-техникалық қолдау (үйлер, құрылыстар, техникалық библиотеканы пайдалану мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету) ;

-кеңес беру (салық, сақтандыру, жоспарлау, маркетинг, есеп жүргізу, потенттерді түзу мәселелері бойынша ұсақ инновациялық кәсіпорындардың ұйымдастырушыларына бағытталған арнайы кеңес беру қызметімен қамтамасыз ету) ;

Қазіргі кезде елімізде осындай бағыттарды тармақтарды құруға үкіметтің, жергілікті билік органдарының, қоғамның, университеттермен жеке бизнестің қызметі бағытталған.

АҚШ-та қамтамасыз субсидтау бағдарламасын екі негізгі қор-кіші бизнес әкімшілігі, Ұлттық ғылыми қор жүзеге асырылды. Бірақ америкалық тәжірибенің көрсетуі бойынша мемлекеттік ведалествалар арқылы тікелей субсидтау түрлері ыңғайлы емес екен.

  1. тарау. Кәсіпкерліктің даму жолындағы қиындықтарды жеңу және шетелдік тәжірибе.

2. 1. шағын бизнес мәсмелелері және оларды шешу жолдары.

Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің дамуы көптеген қиындықтарға кездеседі. Олардың негізгі мәселелері материалды техникалық және қаржылық түріндегі ресурстық базаның жоқтығы. Яғни бос орында халық шаруашылығының жаңа секторын құру туралы әңгіме ретінде қабылдауға болады. Ондаған жжылдар бойы мұндай сектор бізде болған емес. Бұл өз кезегінде дайындалған кәсіпкерлердің жоқтығында білдіреді. “ Жалақыдан жалақыға дейін’’ әрең күн көріп жүрген тұрғындарда өз ісін бастайтын қаржы болмады. Мұндай қаржы өнімдерін енді іздестіру керек. Үнемі жетіспейтін мемлекеттік бюджет мұндай дерек көзі бола алмайтыны белгілі. Нешелік ресурстарға үміт ғана қалып отыр.

Ұсақ бизнесті сөз жүзінен іс жүзінде қалдауға көшпесек жағдайдың күрделеніп кетуі байқалады. Осы мақсаттағы материалды техникалық және қаржылық ресурстардың өсуіне ешқандай маңызды негіз жоқ.

Келесі мәселе бұл қазіргі кезде мағын кәсіпкерлікке арқа сүйейтін заңдылық базасы болып табылады. Бірақ, оның өзі қазір жақсы жетілмеген, ол көптеген жағдайларда тіпті жоқ десе де болғандай. Сонымен қатар белгілі дәрежеде ұсақ кәсіпкерлікті реттеп отырған көптеген құқықтық құжаттарды атап көрсетуге болады. Бірақ, айта кететін жайт, бүгінгі күндегі Қазақстандық ұсақ кәсіпкерлік қызметінің біріңғай заңдылық негізі жоқ. Ұсақ кәсіпкерліктің құқықтық негізі мәселесін құқықтық нигилизмнен құтылғанда ғана шешуге болады.

Бұл өз кезінде ұсақ бизнесті реттейтін арнайы заңдылықтар қажеттігін жоққа шығармайды.

Қазіргі кезде ұсақ бизнес рынок қатынастарына сай жағдайлардан әлдеқайда шалғайда жатыр. Керісінше, оны ескі жоспарлық әкімшілік жүйесіне итеру шаралары байқалады. Кварталдың басындакәсіпкер бюджетіне түсімнен салық төлеуі қажет болды. Егер кварталдың қортындысы бойынша ол көбірек болып шықса, кәсіпкер салықтың қосымша сомасын ғана төлеп қана қоймай, сонымен қатар одан банктік пайызды да төлейтін болды.

Ұсақ кәсіпорындардың қызметін терең талдау жүйесі жоқ. Олардың жұмыс нәтижелерінің тиісті әсері жоқ, шағын кәсіпорындарға салық төлеуде жеңілдіктер пайдалануға құқық беретін көрсеткіштер бойынша есеп беру жоқ.

Ұсақ кәсіпорындарды материалды- техника лық қамтамасыз етуді жүзеге асыру жеткілікті дәрежеде және өз уақытында іске аспайды. Ұсақ кәсіпорындарға арналған және олардың спецификасын ескеретін машиналар, жабдықтар, приборлармүлдем жоқ десе болғандай. Ұсақ кәсіпорындардың жоғарғы технологияға енуі шектелген себебі оларды сатып алу үлкен үлкен шығындарды талап етеді.

Келесі бір маңызды мәселе- бұл мамандар болып табылады. Көбінесе кәсіпкер болып туылуы керек деп айтады. Бұған қарсы тұру қиын, бірақ тума кәсіпкерлердің өте аз екендігін де мойындау керек, сондай- ақ оларға белгілі білім алу үшін не кедергі болуы мүмкін. Кәсіпкерлерге басқа өлшеммен қарау керек деп айтуға болмайды.

Сондай-ақ кәсіпкерлерді әлеуметтік қорғау мәселесі де оңай емес мәселе, бұрын қоғамдық қорларды бөлу негізінде өмір сүрген әлеуметтік кепілдік пен әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіқазіргі кезде ауысу жағдайларында мүлдем жарамсыз болып отыр. Жалпы қоғамға, соның ішінде жаңа әлеуметтік топ- кәсіпкерлерге байланысты бұл жүйені қайтадан құру керек.

Ұсақ бизнестің даму мақсатында және шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда біршама арнайы қаулылар қабылданды. Ұсақ кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау экономикалық реформаның маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Сонымен қатар министерстволар мен ведомстволарға қаржыландыру және несие беру, ғылыми- техникалық даму, өнімді материалды- техникалық қамтамасыз ету және өткізу, мамандар дайындауда, сыртқы экономикалық қызметте, сонымен қатар кіші кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша салықтық жеңілдіктер белгілеуде біршама тапсырыстар беру көзделіп отыр. Қаулыларға сәйкес кіші кәсіпкерліктің дамуында бірінші кезектегі шараларды қолдану бекітілген, яғни нормативті- құқықтық қамтамасыз ету, несие қаржылық қамтамасыз ету, ақпаратты техникалық қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық қызмет, ұйымдастырушылық, мамандар және кеңістік қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылуда.

2. 2. ұсақ бизнестің АҚШ-та дамуы.

АҚШ-тың феодалды статистикалық бюросы жұмысшылар саны 500 адамнан аспайтын кіші кәсіпорындарды ұсақ бизнес кәсіпорындарына жатқызады.

АҚШ ұсақ бизнес әкімшілігінің мәліметтері бойынша 1994 жылы елде кіші бизнестің 22. 1 млн кәсіпорындары тіркелген Ұсақ кәсіпорындар жұмыс күшінің 54 пайызын және елдегі барлық сатудың 52 пайызын қамтиды.

Негізінен АҚШ- та ұсақ бизнестің дамуы арқасында соңғы жылдары белгілі экономикалық көтерулер байқалуда, бұл өз кезегінде жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. 1994 жылдың өзінде АҚШ-тың ішкі айналымдық өнімі 3. 5 пайызға өсті, бұл соңғы 14 жылдың ішіндегі ең үлкен көрсеткіш болып табылады. Бұл 3. 2 млн жұмыс орнының ашылуына себеп болды, соның ішінде 2 млн шағын бизнестің үлесіне тиеді.

Нәтижесінде қазіргі кезде ұсақ бизнесжұмысшыларының тең жартысы үлкен бизнес базарының жұмысшыларына қарағанда көп табыс болады.

АҚШ-та соңғы бірнеше жылдықта кіші бизнестегі ең тез дамып келе жатқан экономика секторына компьютерлі бизнес, мейрамханалық бизнес, медициналық кеңселер, емханалар, медициналық және тіс лабороториясы, неиселік ұйымдар, балалар бақшасы және кеңес беру орындары жатады.

Ақш-та жұмыс орындары туралы айтатын болсақ, соңғы жылдары бұл елдің ірі кәсіпорындары, Жапония, Германия, Канада, Қытай және басқа да дамыған елдер тарапынан үлкен бәсекелестікті сезіп отыр. Әсіресе компьютерлі техника, электротехникалық өнеркәсіп, автомобиль құрылысы сияқты техникалық қатынастағы алдыңғы қатарлы өндіріс салаларына қатысты. Кейбір салаларда кәсіпорындарды арзан күші бар елдерге көшірулер де байқалады. Соңғы бірнеше жылдың ішінде Ақш-та шетелге 11 млн жұмыс орны көшірілді.

Мұндай жағдайларда ұсақ бизнестің дамуы экономикалық төмендеуді жеңілдетеді, оны жеңу мүмкіндіктері жұмыс орындарын ашады. АҚШ-та ұсақ бизнес кәсіпорындарда 1975 жылдан 1992 жылға дейін жұмыс істеу 82, 3 пайызға дейін өсті. Осы кезде ұсақ кәсіпорындарда жұмыс істеу 74, 2 пайыздан 80, 0 пайызға дейін өсті, ал бұл кезде ірі кәсіпорындарда осы көрсеткіш 25, 8 пайыздан 20, 0 пайызға төмендеген болатын.

АҚШ-та ұсақ бизнесті қаржыландыру үш бағытпен жүзеге асырылады, ішкі ресурстар, сыртқы ресурстар және қоғамдық базарлар!

Ішкі ресурстарға бизнесті құру немесе дамуға бағытталған иесінің сақталымдары, бизнесті қолдауға бағытталған өтем ақылар, амортизацияланған қорлар жатады.

Сыртқы ресурстар құрамына бірінші орында қаржы ұйымдарының (банктер, әртүрлі қаржы компаниялары) өнімдері, сондай-ақ бизнес саласындағы әріптестері және достарынан түсетін өнімдері жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметінің әлемдік тәжірибесінің қалыптасуы
Кәсіпкерлік қызметтегі бизнес – жоспар
Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру
Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелері
Қайта құру себебінен қызығушылықтардың келіспеушілігі
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму жолдары
Қазақстан Республикасында шағын бизнестiң дамуы мен мәселелерi
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕДУРАЛАРЫ
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz