Несиенің есебі


Жоспар
Кіріспе
1 Несиенің есебі және талдауының экономикалық маңызы
1. 1 Несиенің мәні мен жіктелуі
1. 2 Несие есебі мен талдауының экономикалық ұғымы және мазмұны
1. 3 АҚ «Альянс Банк» экономикалық көрсеткіштері мен есеп
саясаты
2 Несие есебінің ұйымдастырылуы мен әдістемелері
2. 1 Несие беру және қайтару есебі
2. 2 Несие бойынша пайыздарды есептеу және алу есебі
2. 3 Несие бойынша шығындар және сақтандыру операцияларының есебі
3 Несие операцияларының талдауы
3. 1 Несие талдауының мәні, әдістері мен ақпараттық көздері
3. 2 Несие операцияларының талдауы
3. 3 Несие қабілеттілігі және тиімділігі көрсеткіштеріне талдау жүргізу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшіп, осы жолда дамуына байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады.
Кез келген ұйымдар өз қызметін тиімді бағытта үздіксіз дамытып отыру үшін, материалдық және еңбек ресурстарын, басқа да сырттан көрсетілген қаржылық қызметтерді, ғимараттар мен жабдықтарды т. с. с. пайдаланады. Ресурстардың барлығын да қаржыландыру керек. Яғни қаржы көздерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Қаржыландыру көздері мен бұлардың әдіснамалары, ресурстардың көлемі мен қозғалысы жөніндегі мәліметтер де бухгалтерлік есеп жүйесінде жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі мәліметтер мен ақпараттарды пайдалана отырып, басқару өрісіндегі шешімдер қабылданады және мұндай ақпараттар сыртқы пайдаланушылар (инвесторлар, несиелендірушілер, қарыз берушілер мен үлес қосушылар т. б. ) үшін де өте қажет.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, обьективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін обьективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылықққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Осы уақытқа дейін орын алған меншіктің мемлекеттік формасы кәсіпорындарды орталық бюджет арқылы қаржыландыруды қарастырды. Бұрын қалыптасқан жүйеде бюджеттен бөлінген қаражат экономиканы жетілдіруді мемлекеттік жоспар шегінде ғана жүргізілді. Бұл жүйеде қаржы-несие мәселелері нақты заңды бақылауға салынған жоқ.
Елімізде нарық қатынастарының дамып, әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың (жеке, мемлекеттік, қоғамдық) пайда болуымен, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субьектілердің қаржы-несие қатынастарының құқықтық бақылау мәселелері туындап, оларды шешу жолдары іздестіріліп, өз шешімін табуда.
Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы, соның ішінде ақша-несие және қаржы шаруашылығы құрылымдық өзгерістердің қиындығын бастан өткізуде. Атап айтқанда ақша-несие жүйесі реформалануда; ауыр инфляция жағдайында ақша-несие қарым-қатынасының мүлде жаңа, бізге бейтаныс түрі пайда болды; қаржы-несие институттарының, екі буынды банк жүйесінің нарықтық экономикаға барабар және әр алуан меншіктің жаңа түрлерінің пайда болуы; мемлекеттік банк құрылымының және несие мекемелерінің жоғары монополияландырылған түрінің пайда алуда коммерциялық табысқа бағытталған несие мекемесінің жүйесінде жеке және ұжым меншігіне негізделген икемді, динамикалық түрге көшуі жүріп жатыр.
Барлық меншік формасындағы кәсіпорындарда өз қызметін жүргізіп, пайда табу үшін қарыз құралдарын тарту қажеттілігі туындауы мүмкін. Яғни, кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да қолданады. Осындай қажеттіліктерді қанағаттандырудың басты жолы несие алу болып табылады.
Нарықтық жағдайда ақша үздіксіз қозғалыста, яғни, үнемі айналыста болуы керек. Уақытша бос ақша қаражаттар тез арада қарыз капиталы нарығына еніп, қаржы-несие мекемелерінде жинақталады. Осыдан кейін капитал салымын қажет етіп тұрған экономика салысының қаржы айналымына енуі қажет.
Осы тақырыпты таңдау себебім: несие экономиканың кез-келген секторымен қолданылады және ұлттық, әлемдік экономиканың дамуында маңызды орын алады. Несие қазіргі уақытағы талаптарға сай болып, экономиканың өрлеуіне өз әсерін тигізуі керек. Бұрынырақ, яғни Қазақстанға несие жаңадан енгенде халық оны түсінбей, несиені алуға қорқатын. Қазіргі уақыттағы елімізде халық көптеп несие алуда. Мұның басты себебі қажеттілікті қанағаттандыру болып есептеледі. Несие - халықтың әл-ауқатын, қаржылық жағдайын көтерудің мүмкіндігі болып кетті. Сонда да несие алу туралы көптеген келіспеушіліктер, мәселелер туындайды.
Осы жұмысты жазудағы мақсатым:
- несие операциялары бойынша есепті толық ашып көрсету;
- несие операцияларына талдау жүргізу
Осы мақсаттарға жету үшін алдыма мынадай міндеттерді қойдым:
- несие және несие түрлерін, ұйымдастырылу принциптерін оқып, зерттеу;
- несие берудің жолдары мен шарттарын танып, оны беруді жетілдіру жолын іздестіру;
- несие алудағы қиыншылықтарды зерттеп, оны оңайлату жолын іздестіру;
- несие есебінің ерекшеліктері мен қиыншылықтарын зерттеп ашу;
- несие есебіне талдау жүргізу;
- еліміздегі несие және несие қатынастарының даму жолдарының теориялық және тәжірибелік жолдарын зерттеу.
Алдыма қойған мақсаттарға жету үшін АҚ «Альянс Банк» мәліметтеріне жүгіндім. Бұл банктің ұйымдастырылу нысаны - акционерлік қоғам болып табылады. Ол тікелей несие беру операцияларын жүргізіп, ақша салымдарын, бағалы қағаздармен және т. б. қаржылық операцияларды жүргізеді.
1 Несиенің есебі және талдауының экономикалық маңызы
1. 1 Несиенің мәні және жіктелуі.
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылдардың назарын аударатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда болған күнінен бастап несиенің мәселесімен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі нарық кезеңінде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені, нарық кезегінде несиелік қарым-қатынас ең жоғарғы ресімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан-түрлі тәжірибелік және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т. б. ) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
Ең алдымен несие сөзінің мағынасын ашып алайық. Несие-ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген « kredo »- сенемін деген мағына беретін латынша « kreditum » деген сөзден шығады. [1] «Несие - бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз, өсім (процент) алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады» деп жазған бір автор. [2] Несие дегеніміз бір тұлға басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте % төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді -деп жазған Баймұханова С. Б. [3] Несиенің тағы да көп анықтамалары бар. Мысалы, несие - бұл несие капиталының қозғалысы. Несие капиталы - бұл қайтару талабымен пайызбен төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы. Ал, капитал өз-өзінен өсетін құн, оның ақшадан сапалық айырмашылығы - несие капиталының өзінен-өзі өсетін құнның бір түрі, ал ақша болса, өзінен-өзі өсім бере алмайды.
Несиеге толық анықтама беруге тырысып көрейік. Несие - кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың, экономиканың бос ақша қаражаттардың жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым-қатынасты көрсетеді.
Несие мәні қатынастардың несиенің - қайтару, төлемдік, мерзімдік қолма-қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады. Несиенің қайтарылу принципі - қарыз алушының несиені пайдаланғаннан кейін несие берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады. Ол белгілі бір мерзімге берілген соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді. Несиенің төлемділігі - қарыз алушыға берілген несиенің уақытында қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді пайдаланылуына қарыз алушы да ынталы болады. Несиенің жеделділік принципі қарыз алушыға кез келген тиімді уақытта емес, несие келісімшартында белгіленген уақытта қайтару қажеттігін көрсетеді.
Белгіленген мерзімді бұзу - несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын экономикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып табылады.
Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қозғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы экономикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып табылады.
Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдіреді. Несие келісімшартындағы сәйкес бөлімде берілген несиенің нақты мақсаты, сондай-ақ банктің бақылау процесінде бұл талапты қарыз алушының сақтауы белгіленеді.
Бұл принциптердің барлығы бір-бірімен өзара байланысты және олардың бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы принциптердің біреуі бұзылса, онда несие қатынасының мәні кетіп, несиенің дербес экономикалық категория сияқты өзіне тән қасиеттір жоғалады. Принциптермен қоса несиенің мәні олардың орындалатын қызметтерінде көрініс табады.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір- бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субьектілері- бұл субьектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.
Несие беруші- несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші - банк және несие мекемелері болып табылады. Олар кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай - ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға, халыққа) тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада несие берген мекеме бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда - қарыз алушы болып көрінеді.
Қарыз алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледі қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін.
Несие беруші - қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерінде қарама - қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама - қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушы мүмкіндегінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.
Несие нысаны - бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол несие қатынасының формасы мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несие қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан біртұтас болады. Несие қатынасының нысаны оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі керек. Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай несиенің мынадай ең маңызды нысанын бөліп көрсетуге болады (1 сурет) :
- қызмет ету саласына қарай - ұлттық және халықаралық несие;
- несие мәмілесінің обьектісіне қарай - ақшалай және тауарлық несие;
- несие қатынасының субьектісіне қарай - банктік, коммерциялық,
халықаралық, тұтынушылық несиелер.
Несиенің тауарлық нысаны тарихи жағынан алып қарағанда оның ақшалай нысанынан бұрын пайда болған. Ежелгі тарихтан білетініміздей, адамдар тұтынуға қажетті артық өнімдерін (астық, мал, тері және т. б. ) бір-біріне өсім алумен қарызға берген.
Несиенің тауарлық нысаны осы заманғы іс-тәжірибеде төлемдерінің мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда, машина мен құрал-жабдық, тұрмыстық тауарлар, саймандар лизингісінде қолданылады. Қазақстанда тауарлық несие фермерлер мен шаруа қожалықтарына көктемде тұқым түрінде беріледі. Тұқым түрінде берілетін бұл несиені фермер мен қожалықтары күзде жиын-теріннен кейін қайтарып отырады.
Несиенің тауарлы нысанының негізінде ақшалай несие нысаны пайда болып, дамиды. Ол осы заманғы нарықтық шаруашылықта артықшылықтарға ие, типтік нысан болып табылады. Бұл түсінікті де, өйткені ақша айналыс пен төлемнің жалпыға тән баламалы, әмбебап құралы болып табылады. Несиенің бұл нысаны ұлттық және халықаралық экономикалық айналымдардың шегінде пайдаланылады. Несиенің тауарлық және ақшалай нысандарымен қатар олардың аралас нысаны да қолданылады.
Қарастырылған несие нысандарының көптеген түрлері болады. Несие түрлері - бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланылатын, экономикалық-ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни, несиенің іс-тәжірибеде нақты қосымшасы.
а) Қазақстанда несие түрлері бойынша жіктеледі: несиелеу обьектінің экономикалық белгілері бойынша:
- айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;
- негізгі құрал-жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;
- ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай-ақ, нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;
- өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;
- жол үстіндегі (жолдағы) есеп айырысу құжаттары аясында берілетін несие; аккредитивтер;
- төлем несиелері.
ә) қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша бойынша:
- жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ-пен, кепілдікпен, сақтандыру келісімшартымен толық қамтамасыз етілген;
- ішінара қамтамасыз етілген;
- қамтамасыз етілуі болмайтын: бланкілік (сенімділік) .
б) қайтарылу мерзімі бойынша:
- қысқа мерзімді:
- орта мерзімді;
- ұзақ мерзімді.
в) өтелу тәртібі бойынша:
- бөліп-бөліп төлеу (мерзімін ұзарту) ;
- бір жолғы өтеу;
- кезең сайын бір қалыпты (бір қалыпты емес) өтеу.
г) тәуекелді деңгейі бойынша:
- субстандартты;
- стандартты;
- күмәнді;
- сенімді;
- сенімсіз;
- ұзартпалы.
ғ) ақылылығы бойынша:
- қалыпты пайыздық мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі қалыпты) ;
- жоғары пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі жоғары) ;
- төмен пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі төмен) ;
- пайызсыз.
д) салалық бағыты бойынша:
- сауда-саттық несиесі;
- өнеркәсіп несиесі;
- ауыл шаруашылық несиесі;
- құрылыс несиесі.
ж) ашылатын шот түрлері бойынша:
- жай ссудалық шот бойынша несие;
- арнайы ссуда шоты бойынша несие;
- контокоренттіка шот бойынша несие;
- овердрафт бойынша несие;
- несие желісі бойынша несие.
Несиенің басқа нысандарына қарағанда коммерциялық несие олардан бұрын пайда болды. Оны бір шаруашылық жүргізуші субьект екіншісіне сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем мерзімін ұзартумен береді. Осы несие нысанының обьектісіне өнеркәсіп және сауда капиталының бірігу нәтижесін білдіретін тауар капиталы жатады. Коммерциялық несие тауарларды өндіру мен өткізу процесінен тікелей пайда болады. Ол тауарлық формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. Ең алдымен оның мөлшері шектеулі болады, өйткені әрбір кәсіпкер, әрбір өзге субьекті коммерциялық несиені өзінің ақшалай капиталының шегінде ғана бере алады. Коммерциялық несиені тиісті тауарларды сатып алған кәсіпорындар ғана пайдалана алады.
Осы несие формасының құралына вексель жатады. Вексель - бұл сатып алушы-қарызгердің жабдықтаушының алдыңғы заңмен қатаң белгіленген борыштық міндеттемесі. Онда борыш сомасы, несие үшін алынатын пайыз, өтеудің мерзімі мен шарты көрсетіледі. Вексель несиелерге тиесілі қаражатты алу үшін ғана емес, сонымен бірге төлем құралы ретінде пайдаланылады.
Коммерциялық несиенің басты мақсаты - тауарлардың сатылу процесін жеделдету және пайданың жылдам алынуын қамтамасыз ету.
Коммерциялық несие дамыған елдерде кеңінен тараған және ол өндірістің ауқымы мен тауар айналымының көлеміне тікелей байланысты болады. Коммерциялық несие көбінесе ауыл шаруашылығында қолданылады. Азық-түлік корпарациясы фермерлерге, шаруа қожалықтарына жанар-жағар май материалдарын, тұқымды, минералды тыңайтқыштарды және өсімдікті қорғайтын құралдарды тауарлық несие түрінде ұсынады. ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес коммерциялық несие ұғымы аванс түрінде берілетін несиені, тауарлардың, жұмыстың және қызмет көрсетулердің алдын-ала төлемін қамтиды.
Коммерциялық несиені тауар жеткізушілер сатып алушыларға жеткізілген тауар үшін алынатын төлемнің мерзімін ұзартумен береді. Бұл арада соңғысы алғашқысына вексельді, яғни, төлем міндеттемесін табыс етеді. Бұл вексель банкте атаулы құннан төмен баға бойынша ескерілуі (банктің сатып алуы) мүмкін немесе оның кепілдігімен (кепілге салынумен) банк несиесін алуға болады.
Дамыған нарықтық экономика жағдайында коммерциялық несие банк несиесімен әрдайым аралас болады.
Нарықтық экономикада несиенің негізгі нысаны банк несиесі. Бұл жағдайда несие қатынасының обьектісіне ссуданы ақшалай қаражатпен беру процесі жатады. Мұндай несие уақытша қаржылай көмекке мұқтаж мамандандырылған қаржы-несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекетке беріледі. Қазақстан банктерінің несие ресурстарындағы өзіндік капиталының үлесі шамамен алғанда 18 - 20 % құрайды, ал, қалғаны - тартылған ресурстар (депозиттер, банкаралық қарыз ақшалар) .
Банк несиесі банк пен қарыз алушының арасында несие келісімшарты немесе несие келісімі бекітілгеннен кейін беріледі. Банк несиесінің мақсаты: негізгі және айналым капиталын арттыру, маусымдық қорларды толықтыру, вексельдер есебі және оны қайта есептеу халықты несиелеу.
Ол материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі, мақсатты бағытының болуы, мерзімділігі, қайтарылуы және ақылы принциптері негізінде банктің қарызға беретін ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді.
Банк несиесі берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге бөлінеді. Мәселен, қысқа мерзімді несие қарыз алушының ағымдағы және маусымдық ТМҚ қорларын қалыптастыруына, еңбекақы төлеуіне және өзге де шығындарын өтеуіне байланысты уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бір жылға дейінгі мерзімгі беріледі.
Ұзақ мерзімді несие ұзақ мерзімді активтердің ұлғайтылған ұдайы өндірісіне арналған, яғни ол бір жылдан да көп уақытқа негізгі қорларды құруға, қайта жарақтандыруға, ұлғайтуға әрі жаңғыртуға беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz