Ақша реформасын жүргізу қажеттілігі мен мәні



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Тарау. AҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ
1.1 Ақшаның пайда болуы және даму процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

ІІ Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША
РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Ақшаның өтпелі кезеңдегі алғашқы даму жылдарына
сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.2 Ұлттық банктің ақша жүйесінің реформалаудағы ролі ... ... ... ... 13
2.3 Ұлттық Банктің ақшаны тұрақтандырудағы шаралары ... ... ... ..16

ІІІ Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН АҚША РЕФОРМАЛАРЫ
3.1 1922 . 1924 жж. Ақша реформасын өткізу қажеттілігі ... ... ... ...19
3.2 1993 жылғы Қазақстанда жүргізілген ақша реформасы ... ... ...20
3.3 2004.2006 жылдарға арналған ақша.кредит
саясатының негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Ақша қазіргі - өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгісі. Оның қызметі қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды біріккен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады.
Ақша тарихи дамыған экономикалық категория. Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арсында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әр түрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған-жоспарлы экономикада ақаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен, есеп жүргізу және бақылау құралы ретінде қосалқы қызмет атқарады. Жоғарғы басқару органдары әрбір кәсіпорынның шығаратын өніміне натуралды және құн көрсеткіштері түрінде өнімнің көлеміне және түріне жоспар бекітті. Сол сияқты өнім бағасын да орталық органдар бекітті. Өндірілген өнім тұтынушыларға келісім-шарт бойыеша натуралды өлшеммен бөлінді.
Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әр түрлі меншік жағдайында (мемлекеттік, кооперативтік, жеке) жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімінің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуде төлем қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.
Сонымен қатар қазіргі кезде кәсіпорындарды жекеменшіктендіру де, мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру да, әр түрлі өндірістік өндірістік емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктің несие ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б. жүргізіліп жатқан іс-шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.
Ақша нарықтық экономикада ақша-несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолдануда.
1. М.С. Саниев “Ақша, Несие, Банктер”, Алматы-2001ж
2. “Қазақстан Респудликасының Банк құқығы” Алматы, “Жеты Жаргы”, 2000г.
3. “Ақша, Несие, Банктер”, Г.С.Сейтқасымов, Алматы 1996г.
4. “Ақша, Несие, Банктер”, 2003-07.
5. “Ақша, Несие, Банктер”, 2002-11.
6. Б.А. Көшенова. Бағалы қағаздар нарығы. Оқу құралы. Алматы. 1999ж.
7. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, Алматы, 2004.
8. А.Ағыбаев, Ғ.Баймұрзин «Теңгенің құнтұрақтылығы үшін», //Халық кеңесі – 1994, 13қаңтар, №6(622), 3б.
9. Ә.Алдаберген «Ақаш, күміс ақша – байлықтың, тарихтың, мәдениеттің көзі», //Егемен Қазақстан – 2004 мамыр,№15, 6б.
10. Д.Мәжитов «Ақша айналысы – экономиканың айнасы», //Егемен Қазақстан – 2004, 19мамыр, 6б.
11. М.Мұқаштегі «Қаржы саясаты»,//Алматы ақшамы – 2002, 6шілде, №74,1б.
12. Ө.К.Шеденов «Жалпы экономикалық теория», Алматы – Ақтөбе, 2002ж.143б.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Ақша реформасын жүргізу қажеттілігі мен мәні. КУРСОВАЯ

ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...3

І Тарау. AҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ

1. Ақшаның пайда болуы және даму
процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Ақшаның мәні мен атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ...6

ІІ Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША
РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. Ақшаның өтпелі кезеңдегі алғашқы даму жылдарына
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..9
2. Ұлттық банктің ақша жүйесінің реформалаудағы ролі ... ... ... ... 13
3. Ұлттық Банктің ақшаны тұрақтандырудағы шаралары ... ... ... ..16

ІІІ Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН АҚША РЕФОРМАЛАРЫ
1. 1922 – 1924 жж. Ақша реформасын өткізу
қажеттілігі ... ... ... ...19
2. 1993 жылғы Қазақстанда жүргізілген ақша реформасы ... ... ...20
3. 2004-2006 жылдарға арналған ақша-кредит
саясатының негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..27

Кіріспе

Ақша қазіргі - өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгісі. Оның
қызметі қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды
біріккен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады.
Ақша тарихи дамыған экономикалық категория. Ол қоғам дамуының әрбір
сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арсында қалыптасатын
экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әр түрлі үлгісіне
өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған-жоспарлы экономикада
ақаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен, есеп жүргізу және бақылау
құралы ретінде қосалқы қызмет атқарады. Жоғарғы басқару органдары әрбір
кәсіпорынның шығаратын өніміне натуралды және құн көрсеткіштері түрінде
өнімнің көлеміне және түріне жоспар бекітті. Сол сияқты өнім бағасын да
орталық органдар бекітті. Өндірілген өнім тұтынушыларға келісім-шарт
бойыеша натуралды өлшеммен бөлінді.
Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әр түрлі меншік
жағдайында (мемлекеттік, кооперативтік, жеке) жұмыс істейтін тауар
өндірушілер өндіретін және сататын өнімінің көлемін, түрін және бағасын
бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуде
төлем қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің
шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.
Сонымен қатар қазіргі кезде кәсіпорындарды жекеменшіктендіру де,
мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру да, әр түрлі өндірістік
өндірістік емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктің несие
ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б.
жүргізіліп жатқан іс-шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.
Ақша нарықтық экономикада ақша-несиелік реттеуде айналыстағы ақша
массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы
өнімді ынталандыру бағытында қолдануда.

I Таруа. AҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ

1.1. Ақшаның пайда болуы және даму процесі

Ақша – ежелгi заманнан пайда болған ерекше тауар болып саналады.
Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы өнiм болып табылады. Тауар – бұл сату
немесе айырбастау үшiн өндiрiлген еңбек өнiмi.
Әрбiр ерекше тауар мiндеттi түрде тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Оның
құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестiру жолымен табылады.
Тауарлар және ақшалар бiр немесе осы тауар формасының нақты қарама-қарсы
жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-бiрiн табады және өзара бiр-
бiрiне ауысады.
Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты неғұрлым жиi айырбасталатын
тауар – барлық басқа тауарлардың бiр-бiрiмен өзара айырбасталу құралы бола
алады. Тауар айналысының тарихи-эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық-
эквивалеттiк немесе ресiмделмеген ақша формасын әр түрлi тауарлар
қабылдады. Әр елдiң географиялық орналасу жағдайына байланысты олардың
жалпы эквивалент рөлiндегi ақшалары әр түрлi болды.
Кейiн келе, жалпы эквивалент ретiнде – металл ақшалар қолданыла
бастады. Ежелгi Спартада, Жапонияда, Африкада темiр, мырыш, қорғасын, мыс,
күмiс, алтын түрiндегi ақшалар пайдаланды. Рим императоры Дионисий Сиракуз
және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйдырған. Қытайда
және кейбiр ежелгi мемлекеттерде мыс – ақша ретiнде пайдаланды. XVII
ғасырларда Солтүстiк Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелешiктер
қолданылды 1, 11 б.
Кейiннен металдардың арасында басты рөл алтын мен күмiске өте
бастады, өйткенi олар жалпы эквивалент үшiн керек аса қажеттi сапаларға ие
едi.
Сөйтiп, монеталардың пайда болуы – ақшаның құрылуындағы соңғы кезең
болып саналады.
Ақшаның түпкiлiктi мағынасын ұғыну үшiн, алдымен оның атқаратын
қызметтерiн айқындап алу керек. Ақшаның әрбiр қызметi – оның тауар
айырбастау процесiнен туындайтын, тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының
формасы ретiндегi әлеуметтiк-экономикалық маңызының белгiлi-бiр жағын
мiнездейдi. Мысалы, К.Маркс өзiнiң әйгiлi еңбегi (Капиталда(- ақшаның 3
формасын: алтын, қағаз, несие және 5 қызметiн: құн өлшемi, айналыс құралы,
төлем құралы, қор жинау және әлемдiк ақшалар деп атап көрсеткен. Ендi,
осылардың әрқайсысына тоқталып өтейiн.
Ақша – құн өлшемi ретiнде. Құнды өлшеу қызметi тауар өндiрiсi
жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi ретiндегi
қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады. Өзiнiң
жеке құны бар тауар ғана құн өлшемi бола алады.
Ақша – құн өлшемi қызметiн идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды.
Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейiн орындалады.
Сөйтiп, құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшiн тауардың
бағасын белгiлеу қажет болғаны.
Сонымен, құн өлшеу қызметi – жалпы эквивалент ретiндегi ақшаның
тауарға деген қатынасын көрсетедi.
Айналыс құралы. Бұл тауар айналысындағы ақшаның атқаратын екiншi
қызметi. Бұл жерде тауарлар бiр-бiрiмен айырбасталғанда ақша делдалдық
қызмет атқарады. Ақша пайда болғаннан кейiн тiкелей тауар айырбастау (Т-Т(
тауар айналысы формасына (Т-А-Т( айналды. Бұнда екi акт бар: бiрiншiсi Т-А
- ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау, ал екiншiсi А-Т –
ақшаға басқа қажеттi тауарды сатып алу. Ақшаның бұл қызметi тауар
айналымына сапалық өзгерiстер енгiздi. Атап айтқанда:
Бiрiншiден, Т-А – процесi өнiм өндiрушiнiң өнiмдi өндiруге жұмсаған
еңбегiн қоғам таныды деген мағынаны бiлдiредi.
Екiншiден, бiр нарықта тауарды сатып алып, басқа бiр нарыққа сатып,
ақша түрiне айналдырып алуға мүмкiндiк туады.
Үшiншiден, тауарды ақшаға айналдырып (Т-А(, қажет тауарды сатып
алғанға дейiн қалдыруға болады.
Ақша айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс
қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы
негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасымен анықталады
1,20 б.
Төлем құралы. Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату
уақыты оған ақша төлеу уақытымен сәйкес келе бермейдi. Төлемдi кешiтiре
отырып, сатылған тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құралы қызметiн
атқарады.

Ақшаның төлем құралы қызметi тек тауар айналысын қамтумен шектелiп
қана қоймай, сонымен бiрге ақша қаржылық және несиелiк қатынастарға да
қызмет етедi. Ақшаның төлем құралы қызметiнiң айналыс құралы қызметiнен
айырмашылығы, бұл қызметiнде ақша сату сатып алу процестерiн аяқтайды және
қолма-қол ақшамен қатар несие ақшалары да жүредi.

Дамыған нарық жағдайында iрi сауда келiсiмдерiнде ақша көбiне
төлем құралы ретiнде қолданылады. Несие қатынастарының дамуы қолма-қол
ақшаны қатыстырмастан қарыз мiндеттемелерiн (мысалы, вексель( өзара есепке
алу жолымен өтеуге мүмкiндiк туғызады.
Сөйтiп, ақшаның төлем құралы қызметi несие қатынастары мен несие
жүйесiн дамытты.
Қорлану және қазына жинау құралы. Ақшаның айналыс және төлем
құралдары қызметiн орындауы үшiн қажеттi мөлшерде белгiлi-бiр уақытта ақша
қорын жинау керек. Әр түрлi жағдайларға байланысты тауар айналысы (Т-А-Т(
тоқтап (Т-А( қалуы мүмкiн. Осының нәтижесiнде ақша айналысы да тоқтап,
белгiлi-бiр тауарларды сатқаннан соң ақша жиналып қалады. Әрине ақша қорын
жинау әр түрлi нақты себептерге байланысты.
Тауар айналымының үзiлiссiз бiрқалыпта жүруi үшiн қажеттi ақша
мөлшерi өзгерiп отырады. Сондықтан, бiр кезде айналысқа қосымша қосып,
кейде, керiсiнше ондағы ақшаны шығару қажет болады.
Қазiргi жағдайда, қазына жинау қызметi айналыстағы ақша массасын
реттегiш рөлiн атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттiң сақтандыру қоры
ретiнде болады. Алтын резервтерi мемлекетке экономикалық тәуелдiлiктiң
болуына кепiлдеме бередi. Қазiр Қазақстан Республикасының Ұлттық банктегi
алтын резерв қоры 7 млрд. 707 млн. теңгенi құрайды.
Қорыта айтқанда, ақшаның қор жинау және байлық құру құралы қызметi
арқылы ұлттық табысты қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу процестерi жүредi.
Дүниежүзiлiк ақша. Халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң дамуы, шаруашылық
байланыстардың интернационалдануы тауар және ақша айналысының ұлттық
шеңберден шығып, әлемдiк нарықтың пайда болуына әсер еттi. Бұл экономикалық
қатынастар – ақшаның дүниежүзiлiк қызметiнiң алғы шарты. Сондықтан ақша
халықаралық сауда-саттыққа қызмет көрсетедi.
Кейбiр елдердiң ұлттық ақша белгiлерiнiiң дүниежүзiлiк ақша
ретiнде қолдануының себептерi:
Бiрiншiден, бұл елдердiң дүниежүзiлiк сауда мен несие қатынастарында
жоғары үлестi салмағы бар;
Екiншiден, бұл елдердiң басқа елдерге айтарлықтай несие беруге
мүмкiндiгi бар 2, 23 б.
Бiр сөзбен айтқанда, экономикасы дамыған және әлемдiк нарықтағы
тауарларының үлес салмағы қомақты мемлекеттердiң ұлттық валютасы
дүниежүзiлiк ақша бiрлiгi ретiнде жүредi.
Жоғарыда айтып өткендей, ақша – бұл тарихи дамыған экономикалық
категория. Ол қоғам дамуының әрбiр сатысында өндiрiс және айырбас
процесiнде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды
бiлдiредi. Қоғам – экономиканың әр түрлi үлгiсiне өткенде ақшаның маңызы
арта түседi. Мысалы, орталықтанған жоспралы экономикада керiсiнше ақшаның
мәнi шектеулi болды.
Ал, қазiргi жағдайдағы нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор.
Себебi, әр түрлi меншiк жағдайында (мемлекеттiк, кооперативтiк, жеке( жұмыс
iстейтiн тауар өндiрушiлер өндiретiн және сататын өнiмнiң көлемiн, түрiн
және бағасын бекiтуге дербестiк алды.
Сондықтан да, ақша – нарықтық экономикада ақша-несиелiк реттеуде
айналыстағы ақша массасының өсуiн тежеу, инфляциялық процестердi жеңу және
өнiмдi ынталандыру бағытында қолданылады.

2. Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері

Ақша экономикадағы ролін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы
орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбас процесінен туындайтын тауар
өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық
мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Қазіргі экономикадағы ақшаның атқаратын мынадай бес қызметі бар:
1. құн өлшем және баға масштабы
2. айналыс құралы
3. төлем құралы
4. қорлану және қор жинау құралы
5. дүниежүзілік ақша
Сонымен ақшаның бірінші атқаратын қызметі – ол өндірілген өнімнің
құнын өлшеуші құрал. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда болуының
қажеті жоқ. Ақша құн өлшемі қызметін қолдағы ақша емес, қиялдағы, яғни
ойдағы ақша ретінде орындайды. Себебі тауардың құнын өлшеу оны ақшаға
айырбастаудан бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына
айналдыру үшін тауардың бағасын белгілеу жеткілікті. Таурдың бағасын
белгілеу үшін қолда ақша ұстап тұрудың қажеті жоқ, себебі еңбек өнімі ойда
бағаланады. Срндықтан тауарларды біріне-бірін теңгеретін ақша емес, ақшаның
көмегімен барлық тауарлар өзара теңгермелі. Себебі ақша сияқты басқа
тауарлар – адам еңбегінің өнімі, ол өнімлерді біріне-бірін теңестірудің
біріңғай негізі – абстрактылы еңбек.
Тауардың ақша болып көрінетін құны – тауар бағасы. Баға деген құнның
ақшалай көрінетін бейнесі. Енді өндірілген өнімнің құнын ақшамен анықтау
керек делік, яғни оны айырбасқа түсіру үшін бағасын белгілеу керек. Ол үшін
баға масштабын қолдану қажет. Баға масштабы деп ақша өлшемі ретінде
мемлекет белгілеген белгілі бір металдың (алтын, күміс, мыс) мөлшері мен
массасын айтады. Алғашқы монета соғылған кезде баға масштабы оның салмағына
тең келді. Бұл ресми баға масштабы еді. Ақша түрлерінің өзгеруіне
байланысты баға масштабы ақшаның салмағына сай келмейді.
Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі мен баға масштабының арасында
айтарлықтай өзгешеліктер бар. Құн өлшемі – ол ақшаның экономикалық қызметі
яғни құн өнімді шығаруға жұмсалған еңбек шығынын анықтайды. Ал баға
масштабы тауардың құнын анықтау үшін емес, оның бағасын белгілеу үшін
мемлекет заңды түрде бекіткен – құқықтық сипаттамадағы техникалық құрал.
Тауардың мемлекет бекіткен бағасының өз құнынан ауытқуы салдарына
металл (алтын, күміс) ақша айналымы кезінде бекітілген ресми баға масштабы
өзінің экономикалық маңызын жоятынын айта кеткен жөн. Қазір әр мемлекеттің
өзінің нарықтық бағаға негізделіп жасалған іс жүзіндегі баға масштабы бар.
Соның негізінде ақшаның құн өлшемі қызметі жүзеге асады.
Ақшаның тауар айналысында атқаратын екінші қызметі – айналыс құралы.
Басқаша айтқанда, тауарлар бір-бірімен айырбасталғанда ақша делдалдық
қызмет атқарады. Ақша пайда болғаннан кейін тікелей тауар айырбастау (Т-Т)
тауар айналысы (Т-А-Т) формасына айналды. Бұнда екі акт бар: біріншісі Т-А
– ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау, ал екіншісі А-Т –
ақшаға басқа қажетті тауар сатып алу немесе ақшаны тауарға айырбастауды
бейнелейді. Ақшаның бұл қызметі тауар айналымына сапалық өзгерістер
енгізді.

Ақшаның айналыс құралы қызметінің ерекшеліктері:
а) тауар мен ақшаның біріне-бірі қарсы қозғалысы;
ә) бұл қызметті ойдағы ақша емес, қолма-қол ақшаның орындауы;
б) бұл қызметін ақша тауарлар айырбасталғанда оларға ілесе жүріп,
ілезде шапшаң орындайтындықтан, айырбаста нақты ақша материалы (алтын)
емес, оның орнына қолданылатын ақша белгілерінің жүруі.
Демек, ақшаның айналыс құралы қызметін аз ғана уақыт атқаруы және
тауар-ақша айналысының шапшаңдығы толық құнды металл ақшалардың орнына
жүретін кембағалы монеталар, кейін қағаз ақшаларды қолдануға мүмкіндік
туғызды. Ол үшін нақты ақша – алтынның символы ретінде кембағалы монеталар
мен қағаз, несие ақшаларының тауар айырбасында қолдануына қоғам кепілдік
беріп, адамдар мойындауы қажет. Соның нәтижесінде әр мемлекеттің ерекше
белгілерімен куәландырылған ұлттық ақшалар мен майда монеталары дүниеге
келді.
Ақшаның төлем құралы қызметі тек тауар айналысын қамтумен шектеліп
қоймай, сонымен бірге ақша қаржылық және несиелік қатынастарға да қызмет
көрсетеді. Барлық төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады:
а) тауарларға және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу;
ә) еңбекақы, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы төлеу;
б) мемлекеттік қаржы міндеттемелерін төлеу;
в) банктік, мемлекеттік, тұтыну несиелері бойынша қарызды өтеу;
г) сақтандыру міндеттемелерін төлеу;
д) құқықтық-сот сипатындағы ақыларды төлеу және т.б.
Ақшаның төлем құралы қызметінің айналыс құралы қызметінен
өзгешеліктері: бұл қызметінде ақша сатып алу-сату процестерін аяқтайды және
қолма-қол ақшалармен қатар несие ақшалары да жүреді.
Дамыған нарық жағдайында ірі сауда келісімдерінде ақша көбіне төлем
құралы ретінде қолданылады. Несие қатынастарының дамуы қолма-қол ақшаны
қатыстырмастан қарыз міндеттемелерін (мысалы вексель) өзара есепке алу
жолымен өтуге мүмкіндік туғызады.
Ақшаның келесі қызметі – қор жинау және байлық құру құралы. Ақшаның
айналыс және төлем құралдары қызметін орындауы үшін қажетті мөлшерде
белгілі бір уақытқа ақша қорын жинау керек. Әр түрлі жағдайларға байланысты
тауар айналысы (Т-А-Т) тоқтап (Т-А) қалуы мүмкін. Осының нәтижесінде ақша
айналысы да тоқтап, белгілі бір тауарларды сатқаннан соң ақша жиналып
қалады. Әрине ақша қорын жинау әр түрлі нақты себептерге байланысты.
Қорыта айтқанда, ақшаның қор жинау және байлық құру құралы қызметі
арқылы ұлттық табысты қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу процестері жүреді.

II Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ДАМУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Ақшаның өтпелі кезеңдегі алғашқы даму
жылдарына сипаттама

Қазақстан Республикасында 1993 ж. ақша реформасын жүргізудің негізгі
себебі – ақша белгісін тұрақтандыру. Себебі КСРО ыдырағаннан кейінгі екі
жыл аралығында кеңестік рубль бұрынғы одақтас республикалардың орнына
құрылған тәуелсіз елдерде біртектес ақша ретінде қолданылды. Ол елдерде
1986 ж. басталған экономиканы қайта құру кезінде өндіріс құлдырап,
айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляция қарқыны шарықтады. Тауарлар мен
азық-түлік негізінен шетелдерден тасылды. 1990 ж. қолма-қол ақша эмиссиясы
25 млрд сом болды, 1981-1985 жж. эмиссияланған қосынды сомадан әлдеқайда
көп еді.
1991 ж. қаңтарындағы КСРО Мемлекеттік банкінің 1961 ж. үлгідегі 50
және 100 сомдық ақша белгілерін төлемге қабылдамау және оларды айырбастау
тәртібі мен азаматтардың салымдарынан қолма-қол ақша беруді шектеу туралы
КСРО Президентінің Жарлығы және КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысына сай
1991 ж. үлгідегі 50 және 100 сомдық купюралар шығарылды. Ескі ақшаларды
жаңасына айырбастау процесі жеке адамдар үшін үш күнде өтті. Кейін 1992 ж.
айналысқа 200, 500, 1000 сомдық кеңестік үлгідегі ірі купюралар шығарылды.
1992 ж. қаңтарында Ресей КСРО Мемлекеттік банкін Ресейдің Орталық
банкі деп қайта құрып, кеңестік рубльдің (сол кездегі жоқ мемлекеттің)
басты эмитенті қызметін атқаруды соған міндеттеді. Ресей мемлекеті бағаны
босату бағдарламасын іске асыру шараларын жүргізе бастады, бағаның кенет
көтерілуі айналымдағы қолма-қол ақша массасын көбейту қажеттігін тудырды.
Республикалар өздерінің егемендігін жариалаған бойда оларда 15 ұлттық
банктер құрылып, олар бір-біріне тәуелсіз орталық банк ретінде қызмет
атқара бастады. Бірақ олардың барлығын қолма-қол ақшамен қамтамасыз ететін
жалғыз эмиссиялық орталық – ақша шығаратын станок – біреу, ол Москвада еді.
Ресей бағаны босатқаннан кейін әрбәр тәуелсіз елдерде олардың қатал ақша-
несиелік саясатына байланысты рубльдің сатып алу мүмкіндігі әр түрлі
қалыптасты және соған сәйкес рубльдің бағалануы да әр түрлі деңгейде болды.
Қолма-қол ақшаның осындай жетіспеуі жағдайында кейбір елдер өз ұлттық
банктерінің несиесін беруді ұлғайтты (Украина, Латвия, Литва). 1992 ж.
маусымында Ресей Банкі 5000 купюраларды сом, ал кейін 10000 және 50000 сом
шығарды.
1992 ж. шілдесінде Ресей Орталық банкі егемен мемлекеттерге Ресей
Банкімен екі жақты төлем есебін жүргізу туралы талап қойды. Қолма-қол
ақшасыз өзара есеп айырысу тек Ресей Банкісіндегі осы мемлекеттердің
орталық банкісінің корреспонденттік шотындағы қаржы көлемінде және
техникалық несие ретінде жүргізілді. Бұл төлем Қазақстаннан Ресейге және
керісінше 2-3 ай бойы жүретіндіктен және бұл кезде инфляцияның қарқыны
жылына 2500% болғандықтан аударылған ақша құнсызданып, оның төлем
мүмкіндігі тез құлдырайтын.
Жас тәуелсіз мемлекеттердің директивалық экономика үлгісінен
нарықтық үлгіге өту жағдайында заңдарды тез арада үйлестірудің мүмкін
еместігі және өздерінің ақша-несие, баға, бюджет саясатын жүргізуге
қабілетсіздігі Ресей Банкінің қойған талаптарын орындауға мәжбүр етті. Бұл
біртектес ақша (рубль) зонасын сақтап қалу процесінің сәтсіздікке
ұшырауының дәлелі еді. Келесі іс-әрекет - өзінің ұлттық валютасын енгізу –
болмай қалмайтын процесс. Ол 1992 ж. маусымында Эстонияның, шілдесінде
Латвияның, қазанында Литваның, қарашасында Украина мен Беларусьтің өз
ұлттық валюталарын егізуімен жалғасты. 1993 ж. мамырында Қырғызстан,
тамызында Грузия өз ұлттық валюталарын енгізді. Сөйтіп бұл мемлекеттер
рубль зонасынан шықты.
1993 ж. 15 мамырында Минскіде рубль зонасында қалған мемлекеттер
рубльді ресми төлем құралы ретінде қолдану жөнінде жаңа келісімге қол
қойды. Онда қойылған міндет:
біріншіден, ТМД елдерінің іс-әрекетіндегі ашықтық, айқындық болуы;
екіншіден, бұл ең маңыздысы – рубль зонасынан шығатын мемлекеттер
айналымнан шығарылған КСРО-ның банкнотасын толық көлемінде оларды жою үшін
Ресейдің Орталық банкіне қайтару жөнінде өздеріне міндеттеме алды.
Бұл міндеттемелерді орындау – айналыстан шығарылған банкноталарды
кеңестік ақшаны пайдаланатын елдерде қайтадан айналысқа түсіру мүмкіндігін
жою болатын, яғни бір ел басқа елдің жерінде валюталық алыпсатарлықпен
айналысуын алдын ала сақтандыру еді. Бірақ екі келісімді де ешкім, оның
ішінде Ресей де, орындаған жоқ. Рубль зонасын 1993 ж. Түрікменістан,
Әзербайжан, Армения, Молдова тастап шықты.
Сол кезде рубль аймағында қалған мемлекеттер жаңа типті рубльдік
зона құру туралы осы елдердің заңдарын үйлестіру үшін 9 біріккен топ
Ресеймен белсенді түрде келіссөздер жүргізді. Бірақ Ресей келіссөздер
жүргізумен қатар бір уақытта, 1993 ж. көктемінде жаңа ресейлік 1993 ж.
үлгідегі рубль шығарып, оны өз жерінде Қиыр Шығыстан енгізе бастады. Сол
кезде рубль зонасында үш мемлекет – Ресей, Қазақстан және Өзбекстан қалған
еді (өз ұлттық валютасын 1995 ж. енгізген Тәжікстанды қоспағанда).
1993 ж. 23 шілдесінде Ресей Банкісі 1961-1991 жж. Шығарылған
кеңестік үлгідегі ақша белгілерін (1991-1992 жж. 50, 100, 200, 500, 1000
сом) және 1992 ж. шығарылған ресейлік 5000, 10000, 50000 рубльді айналыстан
шығарылатыны туралы және айырбас бір апта жүретінін хабарлады. Айырбас
сомасы 35 мың рубль көлемінде белгіленген болатын. Екі күннен соң Ресей
Президентінің Жарлығымен айырбас мерзімі 1993 ж. 1 қыркүйегіне дейін
ұзартылып, айырбас сомасы бір адамға 100 мың рубльге дейін көбейтілді.
Сөйтіп, 1992-1993 жж. Егемен елдердің бірсыпырасы өз ұлттық
валютасын енгізуіне орай КСРО Мемлекеттік банкі мен Ресей Орталық
банкісінің 1961-1992 жж. банкноталарының айналыстан ығыстырылуына
байланысты оларды Қазақстанға заңсыз әкелу мөлшері қауырт өсіп, соның
салдарынан тауарлар бағасы жоғарылап, халықтың тұрмысы төмендеді.
1992 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Президенті,
үкіметі, Жоғары кеңес Қазақстанға өз валютасын енгізу қажеттігін түсініп.
Шегіне жеткен құпия жағдайда Қазақстанның ұлттық валютасының пішінін
дайындайтын топ құрып, оны басып шығаратын шетелдік фирмамен келісімге қол
қойған. 1993 ж. наурызында Англияда Хариссон және ұлдары атты жеке
фирмада қажетті мөлшерде ұлттық валюта - 1, 3, 5, 10, 20,50 және 100 теңге
– дайындалып, Алматыға жеткізілген.
1993 ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаев Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы Жарлық
шығарды. Осы Жарлыққа сәйкес:
1993 ж. 15 қарашада сағат 8-де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта
– теңге – енгізілді;
1993 ж. 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан Республикасында бірден-
бір заңды төлем құралы болып тағайындалды. Бір теңге 100 тиынна құралды, ол
қолма-қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді.
Қома-қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтармен салымдар 500 рубль 1
теңге арқатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18-де аяқталды.
Қарашаның 15 мен 18 аралығында екі валюта – сом және теңге – айналымда
қатар жүрді.
Қазақстан Республикасының жасы 16-дан асқан барлық азаматтары 100
мың ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіліп. Ол
туралы төл құжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы
банктегі арнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалануға құқығы
болмады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгенің валюталық курсын
бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 теңге болды.
Сөйтіп, 1993 ж. 15 қарашада Қазақстан тарихында алғышқы ұлттық
валюта – теңге енгізілді. Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан басшылар бір
жарым жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион
доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды.
Тәуелсіздік жариаланған күннен бастап Қазақстанда өндірілген алтын мен
күміс енді Москваға жіберілмей, оны Ұлттық банкі сатып алып, өз резерв
қорына айналдырды. Сондай-ақ резерв қорына экспорттық валюталық түсім мен
үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банкі сатып алып, қорға түсіретін.
Айналымға теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика президенті
валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.
Халықаралық валюта қоры Қазақстанда ұлттық валюта енгізу акциясын
қолдап, Ұлттық банкке 90 млн. доллар көлемінде стендбай несиесін және
Жапония біздің елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы миністірлігіне
180 млн. Доллар берді. Бұл 17 жылға берілген жұмсақ несиелер еді. Қорыта
айтқанда, 1993 ж. ақша реформасы ойдағыдай өтті. Енді ұлттық валютаның ішкі
және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет.
Айналымға теңгені инфляцияның қарқындауы және бұрынғы одақтас
республикалардың өзара байланысының үзілуі мен саяси ала ауыздығы тереңдей
түскен қаржы экономикалық дағдарыс жағдайында өтті. Теңгені енгізгеннен
кейінгі 2,5 айда, яғни 1991 ж. 1 ақпанына теңгенің курсы долларға қарағанда
2,5 есе төмендеді. Келесі төрт айда, яғни кәсәпорындар мен бюджеттің
арасындағы қарызды өзара есептеудің кең ауқымды компанисы басталғанда
теңгенің курсы – 1 долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге жетті.
1995 ж. орта кезінде Ұлттық банк пен Қаржы министірлігі қаржы
нарығына алғашқыда қазыналық вексельдерді, одан соң міндеттемелер мен
ноталарды және басқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарғаннан кейін
теңгенің құлдырауын тежеуге мүмкіндік туды. Инфляция теңге енгізілген 1993
ж. 2500% болса, ал 1994 ж. бас кезінде 1260 % дейін төмендеді, 1995 ж.
Қазақстандағы инфляция 58% болды.
1997 ж. мемлекеттің алтын валюта қоры кәсіпорындарды
жекеменшіктендіру және шетел инвесторларына басқаруға беру сияқты
инфляцияланбайтын көздерден түскен 700 млн. доллармен толықты. Бұл жылы
теңге курсының ауытқуы тиынмен, ал инфляцияның деңгейі проценттің
бөліктерімен есептелетін жағдайға жетті.
1998 ж. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дағдарыстың күшеюі, әлемдік
бағалардың төмендеуі отандық өндірушілердің бәсекелестік мүмкіншілігінің
әлсіреуіне тіреп, Қазақстанға валюталық түсімдерді біраз қысқартты. Сонымен
қатар өндірістің одан әрі құлдырауы (1997-1998 жж. аралығында өсу
тенденциясы байқалған), қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 25 процентке
жоғарылату, төлемеудің өрістеуі (кәсіпорындардың өзара қарызы 1,5 триллион
теңгеден асқан!) және бюджет пен әлеуметтік проблемалары теңгенің бағамын
одан әрі төмендетті. 1994 ж. таңдап алған монетарлық үлгінің
өзгермейтіндігін және теңге мен инфляцияны қатаң қадағалау экономиканы
кеселге ұшырататын көптеген қаржы сарапшылары мен талдаушылары 1998 ж.
күзінен бастап түсініп, оны өзгерту туралы ортақ ойға келген.
1999 ж. сәуірінен Қазақстан үкіметі теңгенің еркін өзгермелі курсын
енгізу туралы шешім қабылдады. Ол жөнінде Премьер-министр былай деген:
Бұдан былай доллар бағамы валюта рыногындағы сұраныс пен ұсынытың қалай
қалыптасатынына байланысты анықталды, ал, Ұлттық банк ол процеске елеулі
түрде араласпайтын болады. Ұлттық банк бүгінгі күнге дейін өзінің алтын
валюталық резервін айырбас бағамын белгілі бір деңгейде ұстап отыру үшін
жұмсап келді. Ендігі жерде олай болмайды...
Қазақстанның төңірегіндегі елдерде – біздің негізгі сауда
әріптесімізде – ұлттық валюталардың бағамы күрт құлдырап кетті. Мысалы,
Ресейде рубльдің бағамы 1998 жылғы тамыздың 17-сінен бері қарай төрт есе
төмендеді. Сол валюталармен салыстырғанды теңге тез қымбаттады және біздің
тауарларымыз бәсекеге түсу қабілетінен айырылып қалды, өнеркәсібіміз
тұралай бастады, кәсіпорындар тоқтап қалды, жұмыссыздық арта түсті
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 9 %-ке дерлік немесе 1 млд. 300 млн.
доллар мөлшерінде кеміді, ол біздің экспортқа шығаратын тауарларымыз 1 млд.
250 млн. долларға қысқарды.
Біз Ресейден әкелінетін кейбір импорттық тауарларға өте елеулі
шектеулер қойдық және Қырғызстан мен Өзбекстаннан әкелінетін импорттық
тауарларға салынатын баж салығының мөлшерін 200 %-ке дейін жеткіздік.
Шетелден әкелінетін арзан тауарлар біздің өндірушілеріміздің қол-аяғын
бірдей матап, валютаны елімізден сыртқа қарай ағылтуда...
Міне, осы тұрғыдан алғанда жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар –
теңге бағамының емін-еркін өзгермелі болуына жол беру керек.
Сонымен Қазақстан теңгесі міне он жылдан астам уақыт берік төлем
құралы болып келеді. Ол еркін айырбасталатын валюталарға шектеусіз
айырбасталады.

2.2 Ұлттық банктің ақша жүйесінің реформалаудағы ролі

Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеліп отыратын елдегi ақша
айналысың ұйымдастыру Қазақстан Республикасының ақша жүйесi болып
табылады. Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1993 жылы теңгенің
айналысқа енуімен және 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкi туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар
Жарлығы негізінде қалыптасып, содан бергі ондаған жылдар ішінде үлкен
жетістіктерге жетіп отыр. Бұл заңдар ақша айналысының ұйымдастыру
негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ұлттық ақша бiрлiгi, ақша
белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша
айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi іске асырылып отыр.
1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi айналысқа шығарып, экономикада
жаппай етек алған инфляцияға төтеп бердiк. Ұлттық валютаның тиiмдi жолға
түскенiн және ұлттық экономика дамуына тиiмдi жол ашып отырғандығын көруге
болады. Ал 1999 жылы ұлттық валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық
қатынастарды еркiн айналымға және қалқымалы айырбасқа жiбердiк. Бүгiнгi
таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық
өсуiне даңғыл жол ашуда. Оған себеп болып отырған ҚР Ұлттық банкінің
бүгінгі таңға дейінгі тиімді жүргізіп келген ақша-несие саясатының
құралдары болып табылады. Бұл саясатты іске асыруда Ұлттық банк өзінің
іске асыратын шаралары туралы мемлекеттік қаржы жүйелерімен біреге отырып
анықтайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының
басты мақсаттарына ұлттық экономиканың даму деңгейіне қарай ол 2002 жылға
дейін банк жүйесінің қызметтерін реттеуге, несиелеуді дамытуға, яғни қайта
қаржыландыру пайыз қойылымын кеміту болса, ал 2002 жылдан бастап ұлттық
экономикада ақша массасының және несиелік қатынастардың артық мөлшерде өсіп
кетуіне байланысты алдағы үш жылға негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштердің шамасын анықтау, яғни инфляциялық таргеттеу саясатына өте
бастады. Бұл саясаттың басты қолға алатын объектісі ұлттық ақша бірлігінің
тұрақтылығын және шетел валюталарына қарағанда нығаюын қамтамасыз ету болып
табылады. Осы ақша жүйесін реттеудегі ақша-несие саясатының алдын ала
белгіленген шамалары бойынша 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын
жүзеге асырды және ол бағдарлама бүгінде өзінің нәтижесін көрсетуде.
Банк жүйесiн реформалау және ақша банкнотасын өндiруге байланысты
өзiнiң меншiктi қуатын енгiзуi, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты
жағдайды түбiрiмен өзгерттi. Осыған байланысты 1992 – 1993 ж.ж. қолма-қол
ақшаның тапшылығы тұсында енгiзiлген директивтi саясаттың орнына
Республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың
экономикалық әдiстерiнiң алғышарттары жасалынды. Ұлттық банктің ақша
жүйесіндегі негізгі қызметі ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау болып
отыр.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел
мемлекеттерiнiң ақша бiрлiктерiне айырбастау бағамын анықтау тәртiбiн
белгiлейдi. Қолма-қол ақшаның айналымы олардың банк кассасына үздiксiз
оралып отыру жолымен жүзеге асады. Сондай-ақ бүгінде Ұлттық банк шетел
валюталарын сатып алуда монополист болып табылып, елдің ақша айналысын
заңдылықтармен ұйымдастырылған тәртіптермен жүргізіп, реттеп отырады.

Ұлттық банктің эмиссиясы – Қазақстан Республикасы тарапынан
банкноттардың, тиындардың, бағалы қағаздардың шығарылуын қамтамасыз ету. Ол
қолма-қол ақшасыз түрiнде де болуы мүмкiн. Еліміздегі қолма-қолсыз
ақшалардың дамуы ел экономикасы үшін тиімді болып отыр, себебі ол
айналыстағы артық ақша қаражаттардың азайтудың бірден бір жолы. Бүгінде
елімізде қолма-қолсыз ақшалардың бірнеше түрі ғана дамып отыр. Ендігі жерде
мемлекеттің және Ұлттық банктің атқаратын маңызды шараларының бірі әлемдегі
дамыған елдердің қолма-қолсыз ақшаларын талдап, олардың ұлттық экономикаға
сай келетін түрлерін Қазақстанның қолма-қолсыз ақшаларының тәртіптелген
жүйесіне енгізу болып отыр. Қолма-қол ақша түрiндегi эмиссия – айналысқа
банкноттар мен тиындардың қосымша шығарылуын сиапттайды.
Мiндеттi резервтер – бекiтiлген нормативке сәйкес Ұлттық банктегi
арнайы шотта несие корреспонденттiк шотында сақталуға мiндеттi банк
депозиттерiнiң бөлiгi. Артық резервтер – дегенiмiз банктердiң Ұлттық
банктегi корреспонденттiк шотта қаражатының барлығына байланысты
болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерiн, екiншi деңгейдегi
банктердiң Ұлттық банктегi корреспонденттiк шоттағы қаражатының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша реформасы
1922 жылғы ақша реформасы
Ақша мәні және ақшаның формасы
1961 жылғы ақша реформасы
Ақша теориясы
Ақша мен банктік жүйе
Ақша мәні, мен мақсаты
Қазiргi кездегi ақша реформаларын жетiлдiру мәселелерi
Ақша мәні және реформалары
Ақша және ақша реформасы
Пәндер