1945-1980 жылдардағы КСРО туралы ақпарат



І.Кіріспе
1. КСРО.ң соғыстан кейінгі дүниені демократиялық негізде құру жолындағы күрес.
ІІ. Негізгі бөлім.
2. КСРО.ң Еуропадағы бейбітшілігі.
ІІІ. Қорытынды
3. КСРО.ң ыдырауы.
Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде Совет Одағының халықаралық беделді бұрын–соңды болмаған биікке көтеріліп, бүкіл дүниежүзілік дамуда оның ықпалы күшейді. Өзінің сыртқы саясатында КСРО совет халқының түбегелі мүдделерін, туысқан социалистік елдер мен дүниежүзінің барлық еңбекшілері алдындағы интернационалдық революциялық парызын негізге алды.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Совет Одағы жаңа агрессияның мүмкіндігін жоққа шығаратындай жағдайды қамтамасыз ететін әділетті және демократиялық бейбіт реттеу жолындағы күресті кеңінен өрістетті. Соғыс жылдарының өзінде-ақ Ялта мен Постдам конференцияларында дүниені соғыстан кейінгі қайта құру бағдарламасы жасалған болатын.
КСРО келісілген шешімдерді орындауға дәйекті бағыт ұстап, олардан туындаған міндеттемелерді адал сақтап отырды. Өздерінің импералисттік мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылған АҚШ-ң Ұлыбритания мен Францияның билеп төстеуші топтары соғыс жылдарында қол қойған халықаралық келісімдерді бұзу жолына түсті.
Бейбіт реттеу мәселелерді күрес Германияның Европадағы бұрынғы одақтастары-Болгариямен, Италиямен, Румыниямен және Финляндиямен шарттар әзіреу кезінде шиеленіскен сипат алды.
Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания Орталық және Оңтүстік Еуропа мемлекеттерімен жасалған бітім шарттарын бұл елдердің ішкі қол сұғу және демократиялық өзгерістерді болдырмауға пайдалануға тырыссып бақты. өз мақсаттарына жету үшін АҚШ атом жөнінен күштілігін көрсетуге иек артты.
(Тынық мұхит алабы) атомы ауданында атом бомбаларына сынау жүргізумен қатар, АҚШ-тың күш-қуатын дәріптеп, даурықты. Бірақ КСРО–ны және басқа бейбітшіл мемлекеттерді қорқыта алған жоқ.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: 1945-1980жылдардағы КСРО.
Жоспар:
І.Кіріспе
1. КСРО-ң соғыстан кейінгі дүниені демократиялық негізде құру жолындағы
күрес.
ІІ. Негізгі бөлім.
2. КСРО-ң Еуропадағы бейбітшілігі.
ІІІ. Қорытынды
3. КСРО-ң ыдырауы.

Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде Совет Одағының халықаралық
беделді бұрын–соңды болмаған биікке көтеріліп, бүкіл дүниежүзілік дамуда
оның ықпалы күшейді. Өзінің сыртқы саясатында КСРО совет халқының түбегелі
мүдделерін, туысқан социалистік елдер мен дүниежүзінің барлық еңбекшілері
алдындағы интернационалдық революциялық парызын негізге алды.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Совет Одағы жаңа
агрессияның мүмкіндігін жоққа шығаратындай жағдайды қамтамасыз ететін
әділетті және демократиялық бейбіт реттеу жолындағы күресті кеңінен
өрістетті. Соғыс жылдарының өзінде-ақ Ялта мен Постдам конференцияларында
дүниені соғыстан кейінгі қайта құру бағдарламасы жасалған болатын.
КСРО келісілген шешімдерді орындауға дәйекті бағыт ұстап, олардан
туындаған міндеттемелерді адал сақтап отырды. Өздерінің импералисттік
мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылған АҚШ-ң Ұлыбритания мен Францияның билеп
төстеуші топтары соғыс жылдарында қол қойған халықаралық келісімдерді бұзу
жолына түсті.
Бейбіт реттеу мәселелерді күрес Германияның Европадағы бұрынғы
одақтастары-Болгариямен, Италиямен, Румыниямен және Финляндиямен шарттар
әзіреу кезінде шиеленіскен сипат алды.
Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания Орталық және Оңтүстік Еуропа
мемлекеттерімен жасалған бітім шарттарын бұл елдердің ішкі қол сұғу және
демократиялық өзгерістерді болдырмауға пайдалануға тырыссып бақты. өз
мақсаттарына жету үшін АҚШ атом жөнінен күштілігін көрсетуге иек артты.
(Тынық мұхит алабы) атомы ауданында атом бомбаларына сынау жүргізумен
қатар, АҚШ-тың күш-қуатын дәріптеп, даурықты. Бірақ КСРО–ны және басқа
бейбітшіл мемлекеттерді қорқыта алған жоқ. Совет Одағы батыс державалардың
жеңілген елдер халықтарына әділетсіз, импералистік бітімді күшпен таңбақ
болған әрекеттеріне батыл тойтарыс болды.
1946ж өткен Париж бітім конференциясы бітім шарттарыынң жобаларын
негізінен мақұлдады да, 1947ж 10 ақпанда оларға қол қойылды.
Шарттар Европа мемлекеттерінің соғысқа дейінгі шекараларын ішінара
өзгерістермен қалпына келтірді. Италия Африкадағы аумақтық иеліктерінен
түгел бас тартты. Бітім шарттары Германияның одақтастары болған
мемлекеттерге демократиялық бостандықтарды қамтамасыз етуді, фашистік
ұйымдарға тыйым салуды, әскери қылмыскерді сотқа тартуды міндеттеді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін шақырған халықаралық конференцияның
1919-1920жж.
Париж бітім конференциясынан өзгешілігі барлық халықтардың егемендігі
мен ұлттық кадр қасиетін қорғауына алған Совет мемлеетінің белсене
қатысуымен жариялылық және халықаралық жұртшылық тарапынан бақылау
жағдайында өтті. КСРО-ның белсене қатысуымен күш-жігері арқасында бітім
шарттары әділетті болып, шарт жасасқан мемлекеттердің тәуелсіз,
демократиялық даму мүдделеріне сай келді.
Дүниені соғыстан кейін қайта құрудың аса маңызды міндеттерінің бірі
герман мәселесін демократиялық негізде реттеу болды. Ялта мен Потсдам
конференцияларының шешімдерін негізге ала отырып, КСРО жалпы герман
үкіметін құрып, онымен бітім шартын жасауды әрі барлық әскерлерін
Германиядан әкетуді ұсынды. Бірақ АҚШ, Ұлыбритания мен келісілген Францияда
шешімді орындағылары келмеді. Олар Германияны бөлшектеу және батыс Герман
мемлекетін құру жолына түсті.
Жаңа тұрпатты халықаралық қатынастардың орнығуы. Дүниежүзілік
социалистік жүйенің құрылуы кейіннен неғұрлым жоғары деңгейде – социалистік
интернационализмге көтерілген пролетарлық интернационализм принципіне
негізделген жаңа социалистік тұрпаттағы халықаралық қатынастардың орнығуы
мен айтылуы болды.
Совет Одағы капитализмнен қол үзген халықтарға жаңа өмір орнатуға үлкен
көмек көрсетті. КСРО халықтық-демократиялық елдердің ішкі істеріне араласу
арқылы буржуазиялық – помещиктік құрылысты қалпына келтірмекші болған
сыртқы күштердің сұғанақтығына халықтардың тойтарыс беріп отыруына
көмектеседі. Бұл елдерді экономикалық блокада арқылы тұндырмақшы болған
әрекееттер де іске аспай қалды. Халықаралық жағдай КСРО мен халықтық-
демократиялық елдердің тығыз топтасуына талап етті. Олардың арасындағы
түпсандық қарым-қатынастар, достық, ынтымақ және өзара көмек туралы екі
жақты шарттармен баянды етіледі. Социалистік елдердің әскери-саяси одағының
нығаюымен бірге олардың экошномикалық және мәдени жақындасуы да жүзеге
асты.
Социализмнің халықаралық позициясының нығаюына КСРО хзалық
шаруашылығының қалпына келтірулі және одан әрі дамытулы, аның қорғаныс
қуатының арнтуы шешугі дәрежеге жәрдемдесті. Социалистік елдер мен бүкіл
дүниежүзіенің халықтарына елеулі қатер төндірген АҚШ-тың атом монополиясы
1949 жылы жойылды. Атом державасына айналған Совет Одағы агрессия жолына
мықты кедергі қойды, социалистік елдер халықтарының жеңісін сенімді
қорғады, бейбітшілік ісін нығайтты. Соғыс аяқталысымен-ақ КСРО жаппай
қарусыздану туралы мәселені қайтадан қойды. Ең бастысы атом қаруына тыйым
салу және жою талабы болды. Басқа социалистік елдермен бірге КСРО
бейбітшілік және халықаралық қауіпсіздік жолындағы белсенді күресті
өрістетті.
КСРО мен басқа да социалистік елдер ұлтазаттық тәуелсіздікті жеңіп
алған мемлекеттердің халықаралық қатынастарға кеңінен қатысуын қолдаған
социализм елдері олармен ынтымақтастықты дамытуда, бүкіл дүние жүзіндегі
антиимпералистік күштермен одақты нығайта түсуде. КСРО мен басқа да
социалистік елдер капиталисті дүниемен қарым-қатынастарда қоғамдық құрылысы
әр түрлі мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруінің лениндік принципін
басшылықққа алып отырады.
Екі ел арасындағы тату көршілік қарым-қатынастардың берік негіздерін
қалаған Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы 1948ж жасалған совет
финлядия шарты бейбіт қатар өмір сүру принципінің нақты көрінісі болды.
Кейіннен бұл шарт 3 рет ұзартылды. 1953ж ол тағы да 20 жылға ұзартылды.
Социалистік елдердің Европадағы бейбітшілік пен ұжымдық қаіпсіздік
жолындағы күресі. КСРО және басқа социалистік елдер Европадағы шиеленісті
бәсеңдету жолында үнемі жігерлі шаралар қабылдап отырды. 1954ж КСРО Европа
елдерінде және АҚШ-та ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жасауды ұсынды. Европа
халықтарынан кеңінен қолдау тапқан совет ұсыныстарын батыс державалары
қабылдамай тастады. Олар Германия Федерациялық Республикасын
ремилитарландыру және оны НАТО-ға кіргізу туралы келісімге қол қойды.
ФРГ-де милитаризмнің қайтадан өрлеуі жалпыға бірдей бейбітшілікке қатер
төндірді. КСРО-ның және Еуропадағы социалистік елдердің үкіметтері
социализмнің жеңістерін қорғау үшін Еуропадағы бейбітшілік пен қаіпсіздікті
қамтамасыз ету жөнінде қарымта шаралар қолдануға мәжбүр болды. 1955ж 14
мамырда Варшавада бұл мемлееттердің арасында Достық, ынтымақтастық және
өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. 1985ж сәуірде бұл шартқа қатысушы
мемлекеттер Варшава Шартының әрекет ету мерзімін 20 жылға, одан кейін тағы
да 10 жылға соза отырып, ұзарту туралы хаттамаға қол қойды. 1953ж КСРО-да
термоядролық қаруды сынау ойдағыдай өтті. Көп ұзамай Совет Одағының
континентаралық ракеталар жасалды. Мұның өзі агрессорлардың тіміскі
әрееттеріне ойсырата берілген жауап болды.
Германияда 50-жылдарда қалыптасқан жағдайдың соғыстан кейінгі алғашқы
жылдардағы жағдайдан түбірлі айырмашылығы болды. Германияда аумағында
қоғамдық құрылысы әр түрлі дербес екі неміс мемлекеті пайда болып, дамып
отырғандықтан, КСРО 1959ж екі герман мемлеетімен бітім шартын жасасу туралы
батыс державаларынан ұсыныс жасады. Бірақ батыс державалары бұл ұсынысты
қабылдамады, герман мәселесін реттеуден бас тартты.
Сонымен, КСРО-ның басқа да социалистік елдердің, бүкіл бейбітшіл
мемлекеттердің күш жігерінің арқасында қырғиқабақ соғыс өртінің тұтынуынан
қорғап қалуға, халықаралық шиеленісті бәсеңдетуге көшу алғышарттарын
жасауға мүмкінді туды.
Қайта құру мен жариялық белгілі дәрежеде қоғамдық өмірді
демократияландыруды туғызғанымен миллиондаған кеңес адамдарының тұрмыс-
тірлігін жақсартуға елеулі ықпал жасамады. Сан алуан мінбелерден шексіз
құрғақ уәделер, серттер беріліп жатты, түрлі тұғырнамалар, бағдарламалар
жасалды. Таразы басында екі қарама-қайшылықтан тұрды:
1. орталық пен республикалар;
2. орталықтанған бақылау мен экономиканың тізгінін босату;
Кремелдің құны кеткеннен кейін, халық Деклорацияларын жариялап, өздерінің
заңдарын Одақтың заңынан биік қойды.
Алайда мемлекет құрылымының бақылау қызметінің әлсіреуінен елде көлеңкелі
экономика мен қылмысккерлік қауырт өсті. Осы жағдайдан тез шығуды көздеген
КСРО Президенті жаңа Одақ шартын ойластырды. Бұл жұмыс
9 + 1
формуласы немесе Новоогарев инициативасы деп аталды. Осы шартты дайындау
процесіне қатысушылар КСРО мемлекеттік құрылымын Тәуелсіз мемлекеттер
одағы
ретінде ретейтін маңызды құжат әзірлері. Бұл шартқа қол қою 1991 жылы
20 тамызда белгіленді. Бұл іс жүзеге аспады, себебі Орталық кертартпа бұған
әсерін тигізді.
1991ж демократияшыл күштердің тегеурінімен тарихи оқиға болды: 70 жыл
бойы еркін терезесі бай республикалар Одағы өз тағайынан тайды.
Республикаларға тәуелсіздікті беруді қаламаған озбыз Орталықтың
төңкерісшілері империялық озбырлықты сақтап қалмақ болып, жүзеге аспады.
Мәскеу демократияшыл күштері, Ресей Федерациясының парламенті және
Конституцияға адал әскери құрамаларды антиконституцияялық төңкерісті
жақтамады. Бұларды жаншылдар қамауға алды.
М.С.Горбачев Орталық Комитеттің Бас хатшысы қызметінен бас тартты, КОКП-
қа өзін-өзі таратуды ұсынды.
Себебі, оның басшы органдары ТМЖК-ні тану, оның іс-әрекеттерін жақтау
жөніндегі партия ұйымдарына нұсқау берген. Горбачевтің мәлемдемесі заңды
емес еді, өйткені миллиондаған комунистердің тағдырын біреуді шешпейтін
еді. Мұндай күрделі мәселе партия съезі немесе референдум арқылы шеше
алады.
Одақтас республикалар бір-бірімен соғысқаннан кейін, асығыс шақырылған
парламент сессияларында өздерінің тәуелсіздіктерін жариялай бастады.
1991ж 8 желтоқсанда Минскіде о бастағы КСРО-ң үш республикасы –Украина,
Беларусия басшыларының кездесуі болды. Онда жаңа одақ – Тәуелсіз
Мемлекеттер Достығына (ТМД) бірігетіндерін айтты. Орта Азия республикалары
мен Қазақстанның басшысы 1991 12 желтоқсанда Ашхабадта бас қосып, ТМД-ны
қолдады.
1991ж 21 желтоқсанда Алматыда тәуелсіз 11 мемлекет кездесті, олар 8
желтоқсанда Минскіде ТМД құрылғанына, хаттамасына қол қойды. Қабылдаған
декларация мемлекеттік, жаңа құрылым құрылғаны және осыған байланысты КСРО-
ы өмір сүрудің тоқтағаны жария етілді.

Қолданылған әдебиеттер:
І. Бүкіл әлем тарихы 10 кл. 1998ж.
ІІ. Қазақстан тарихы. 2000ж.
Авторы Г.К.Көкебаев
Ж.Н.Салпынов

Тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.
б) Басқыншылыққа қарсылықтың үдеуі.
в) Екінші дүниежүзілік соғыстың барысындағы шешуші бетбұрыс.
г) Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы.
ІІІ Қорытынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер.

1939ж көктемінде–ақ гитлерлік басқыншықты тыныштандыру саясатының
сәтсіздікке ұшырағаны белгілі болды. Мюнхен келісімдеріін ысырып тастап,
германия 15 наурызда Чехславакияны басыфп алып, оны, шын мәнісінде
тәуелсіздігінен айырды.
Бұл жағдайда Англия мен Франция үкіметтері ұжымдық қауіпсіздік
саясатын белсендірек жүргізу жөнінде шешім қабылдады. Олар басқыншылықтың
келесі құрбандары болып шығады – ау деген елдерге белгілі бір мөлшерде
соғыс жәрдемін беруге кепілдеме берді. әрине, бұл жерде бірінгші кезекте
гитлершілердің Чехославакияны басып алғаннан кейінгі келесі нысанасына
айналған Польша тұрды.
1939 жылы көктемінде Англия мен Франция кеңес басшылығына келісім және
соғыс конвенциясын жасау туралы ұсыныс жасаған болатын. Олар бұл жағдайда
кешірлмес жайбасарлақ жасады. КСРО өзіне соғыс қимсылджары басталмастан
бұрын Польша мен Румынияға кіргізу құқығын біреуді талап етті. Ағылшындар
мен Француздардың бұған келіскісі келмеді. Ал Польша мен Румыния әрине,
кеңес ықпалы аймағына кіргілері келмеді.
Сталиннің сол кездегі мәтіндерінен кеңес басшысының Чехославакия
құлағаннан кейін Англия және Франциямен емес, Гермапниямен жақындасу
мүмкіндіктерін ойластыра бастағандығы анық байқалды.
1939ж көктемінде-ақ құпия кеңес-герман байланыстары орнатылып, оның
барысында екі жақ та Еуропадағы аса ірі жанжал қарсаңында өздеғріне тиімді
жағдайларды қамтамасыз етуге тырысты. Келе-келе Германияны да, КСРО-ны да
қанағаттандыратындай алғы шарттар жасалды. Нәтижесінде үлкен соғыс қауіпі
алыстатылудың орнына жақындай түсті.
Қыркүйекте герман әскері Польшаға басып кірді. Бұл күн ресми түрде
Еккінші дүниежүзілік соғысытың басталған күні деп есептеліп жүрді.
Шын мәнісінде, ол Англия мен Франция өздерінің Полшаның алдындағы
міндеттерін орындай отырып, Германияға соғыс жариялаған күні-3 қырүйекте
басталды. Бұл жарты жылдан артық уақытқа созылған кезең кейіннен
түсініксіз соғыс деген атақ алды.
17 қыркүйекте поляк армиясының негізгі күштерін немістер талқандап
болғаннан соң, КСРО Польшаның батыс аудандарында өз әскерін енгізді.
Польша іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты. Оның шығыс аудандары Украина және
Белорусия ССР-ның құрамына енгізілді, ал елдің батыс бөлігін Германия
өзіне қосып алды.
1940ж 9 сәуірде батыстағы түсініксіз соғыс кезеңі аяқталды.
Блицкриг стратегиясын іске асыра отырып, герман әскерлері Дания мен
Норвегияға тұтқиылдан күшті соққы берді. Дания үкіметі бірден тізе бүкті.
Норвегияның қарсылығы тез арада басылып тасталды.
Бір айдан соң, 10 мамырда герман әскерлері Бельгияның, Голландияның
және Францияның жерлеріне басып кірді. 14 мамырда Голландия, ал екі
аптадан соң Бельгия тізе бүкті.
Франция және Еуропаның біраз басқа елдері жеңіліс тапты. Германия теңіз
арқылы Англияға басып кіруге дайындала бастады. Неміс авлациясы ағылшын
қалаларын үздіксіз бомбалап тұрды.
КСРО өзінің Германиямен жасасқан келіссөздерін толығымен пайдаланып
қалуға кірісті.
КСРО-мен шабуыл жасаспау туралы тактіге қол қоя отырып, Гитлер оны әуел
бастан-ақ Германияның шығыс шептеріне уақытша кепілдеме ретінде қарастырған
болатын. Ал КСРО-ның өз аумағын ұлғайтуы фашист диктаторын мазасыздандырды.
1940ж жазында Гитлер өзінің генералдарына КСРО-ға қарсы соғыс жоспарын
жасауға тапсырма берді.
1940ж қыркүйектің соңында Германия, Италия және жапония Үштік пактіге
қол қойды, ол бұрынғы келісімді осы елдерге әлем үстемдігі туралы келісімге
айналдырды.
Гитлер ол кезде КСРО-ға шабуыл жасау туралы түпкілікті шешім
қабылдамаған болатын. Ол тіпті Сталинге Үштік пактіге қосылуды, Үндістанды
және басқа да Оңтүстік жерлерді басып алуға қатысуды ұсынды. Сталинді алыс
Үндістаннан гөрі көбірек қызықтырған сияқты. Бұл Гитлерге үзілді-кесілді
ұнамады.
Германия Югославияға шабуыл жасап, оны 17 сәуір күні тізе бүктірді.
Осымен бір мезгілде Германия алты ай бойы Итальян әскерлерінің тегеурініне
тойтарыс беріп келген Грецияны талқандады.
Енді Еуропа құрлығында германия басып алмаған және оның одақтасы емес
төрт мемлекет қана қалды.
Гитлер Англияға басып кіру ойын тастамады, бірақ енді оны іске асыруға
бұрынғыдай асыға қоймады. Ол қуатты британ флотынан және АҚШ-тың ағылшындар
жағында соғысқа араласуынан сескенді. Фашистік басқыншылықтың нақты
объектісі енді ЖСРО болды.
1941ж 22 маусымында Германия әскерлері шабуыл жасаспау туралы пактіні
бұзып, кеңес жеріне басып кірді.
КСРО-да соғыс өнеркәсібінің қарқынды дамытпағандығына, қару-жарақтардың
жаңа жүйелерінің жасалынып, өндіріске енгізілуіне қарамастан, ол армияны
қайта жарақтандыру қарқыны жағынан Германиядан артта болатын. Ол
Германиямен ертелі–кеш соғысуға тура келетіндігін түсінді, бірақ немістер
Англиямен соғысты аяқтамай жатып, КСРО-ға шабуыл жасайды дегенге сенбеді.
Соғыстың алғашқы апталарының өзінде-ақ дұшпан әскерлері кеңес жеріне
тереңдеп еніп, Ленинград пен Киевке таяды, Смоленскіні басып алды. Қазанда
гитлер-шілдер Киевті алып, Ленинградты жан-жақтан қоршады, ал айдың соңына
қарай Мәскеуге күшті шабуыл бастады. КСРО—ға соғыста жеңілу қаупі төнді.
Германияның КСРО-ға шабуыл жасағанынан кейінгі алғашқы күндердің өзінде-
ақ Англия, содан соң АҚШ өздерінің КСРО-ның жақтайтындықтарын мәлімдеді.
Ұзамай АҚШ, Англия және КСРО-ның саяси-соғыс одағының негізін қалаған
бірнеше келісімдерге қол қойылды. Бұл одақты Гитлерге қарсы одақ деп атай
бастады.
1941ж күзіне дейін гитлершіл әскери ешқандай елеулі қарсылықтар
кездестірмеді. Аздаған уақыттың ішінде олар аса қиналмай-ақ бүкіл Еуропаны
бағындырды, кейде қуатты Англияның тағдыры да қыл үстінде тұрғандай болып
көрінді. Гитлер тағы да бір ұмтылыс жасасам, Қызыл Армия қарсыласуын
доғарады деген сенімде болды.
Күздің басында-ақ Гитлердің тұтқиыд соғыс жөніндегі жоспарының
сәтсіздікке ұшырағандығы белгілі болған еді. Ал Мәскеу түбіндегі жеңілістен
соң гитлершілдерге өздерінің соғыс жоспарларын асығыс түрде қайта қарауға
тура келді.
1944ж барысында Қызыл Армияның жауынгері барлық майдандарда шабуылдарын
табыспен жалғастыра береді. Ленинград қоршаудан құтқарылды, Украина мен
белоруссия азат етілді. 1944ж көктеміне қарай ағылшындар мен
американдықтардың ең басты міндетті екінші майданды тезірек ашып,
мүмкіндігінше шығысқа қарай тереңірек еніп, кеңес ықпалының аясын таратылу
болды.
Гитлерлік режимінің толық талқандасуының жақындап қалғандығы айдан анық
болды. Неміс армиясы егде тартқан адамдар мен жасөспірімдерді алына
бастады, бірақ бұл майдандардан ауыр жағдайды түзей алмады.
4-11 ақпанда Ялтада Сталин, Рузвельт және черчиль бас қосқан
конференция өтті. Ялта конференциясында КСРО, АҚШ және Англияның басшылары
планетада бейбітшілік пен жаңа халықаралық ұйым құру жөніндегі түпкілікті
ккелісімге келді. Кейінгі айлардың ішінде туған күні 1945ж. 24 қазаны
болып есептелінетін БҰҰ-ң жұмысының барлық егжей-тегжейі анықталды.

1944-1945ж.ж. ағылышын-американ әскерлері мен жергілікті партизандар
жапонияны бұрын басып алған жерлердің көпшілігінен ығыстырып шығарды.
1945ж жазына қарай американ авиациясының Жапонияның соғыс және
өнеркәсіп объектілерін бастырмалата бомбалауларынан кейін американдықтарды
жапон аралдарына түсіру мәселесі көтерілді.
Өз солдаттарының өмірін сақтап қалу мақсатымен америка басшылығы әскери
күштерді түсірудің алдында атом қаруын қолдануға шешім қабылдады.
6 тамызда атом бомбасы Хиросимаға, 9 тамызда Нагасакиге тасталды. Екі
Жапон қаласы да түгелдей қиратылды, бірнеше жүз мыңдаған адамдар бірден
өліп кетті.
14 тамызда Жапон үкіметі өзінің тізе бүгуге дайын екендігін жариялады.
Адамзат тарихындағы ең қырғын соғыс осылайша аяқталды.
Сонымен, Германия мен оның одақтастары жеңіліс тапты. Басты герман және
жапон соғыс қылмыстыларын халықаралық тумбунал соттап, кінәлілердің
көпшілігі өлім жазасына кесілді. Әрине, бұл соғыстың ондаған миллион
құрбандықтарын өмірге қайта әкеле алмады. Орасан зор материалдық және адам
шығыны көптеген елдердің экономикасын күйзеліске ұшыратып, дамуларын
тежеді.
КСРО шекараларының бойында оның одақтастарының лагері қалыптасты.
Адамзат тарихының жаңа кезеңі басталды.
12 сәуірде президент Ф.Рузвельт қайтыс болды, АҚШ Конституциясына
сәйкес оның орнына вице-президент Гарри Трумэн отырды.
Гитлер мен оның айналасы бұл хабарды қуанышпен қарсы алды: олар АҚШ пен
Англия және КСРО арасындағы алауыздық енді күшейе түседі деп үміттенді.
Бірақ олардың үмітті ақталмады. Бірнеше күннен кейін 16 сәуірде Қызыл Армия
Берлинді басып алу операциясын бастады. Гитлершілердің жанталасқан
қарсылығына қарамастан, 2 мамырда герман астанасының гарнизоны тізе бүгуге
мәжбүр болды.
8 мамырда келекісін КСРО, АҚШ Англия және Франция әскери
басшылықтарының өкілдері және герман армиясының штаб бастығы фельдмаршал
Вильгельш Кейтель Германияның сөзсіз тізе бүгуі туралы актіге қол қойды.
Европадағы Екінші дүниежүзілік соғыс осылай аяқталды.
Берлин маңындағы Потстамдағы конференцияда ялта конференциясының
шешімдері толықтырылып бекітілді.
Конференцияның барысында Трумэн Сталинге жеке кездескенде АҚШ-ты жаппай
қырып жоятын аса қуатты қарудың жасалғандығын хабарлады. Әңгіме американ
ғалымдары жасап шығарған және конференцияның қарсаңында, 16-шілдеде, АҚШ-
тың шөлді аймағында табысты түрде сынаудан өткізілген атом бомбасы туралы
болған еді.
Бірақ КСРО-да осы кезде аса құпия жағдайда өз атом бомбасын жасау
жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатқан болатын. Атом бомбасын жасау жөніндегі
жұмыстарға ең таңдаулы, оның ішінде Германиядан әкелінген мамандар да
тартылды.

Қолданылған әдебиеттер
1. С.М.Бурин, Г.Д.Сүгірбаева Қазіргі заман тарихы ХХ ғасыр
Дрофа – Кітап баспасы. Алматы 2005ж.
2. Қазіргі заман тарихы.
3. Тарих Филитов
4. Тарих очерктер. Алматы 2002ж.

Тақырыбы: Екінші д.ж соғыстың басталуы
Жоспар.
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Кеңес-герман келісімі
2. Польшаның қайғылы тағдыры
3. КСРО өз шекараларын нығайтуда
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған тарих

1939ж көктемінде –ақ гитлерлік басқыншылықты тыныштандыру саясатының
сітсіздікке ұшырағаны белгілі болды. Мюнхен келісімдерін ысырып тастап,
Германия 15 Наурызда Чехословакияны басып алып, оны, шын мәнісінде,
тәуелсіздігінен айырды. Испаниядағы азамат соғысы да сол кезде аяқталып,
билік генерал Франко бастаған фаланиестердің қолына көшті. Сәуірде Италия
Альбанияға басып кіріп, оның өзіне қосылғандығын жариялады.
Ал, тыныштандырушылар, яғни Англия мен Францияның жетістіктері қандай
болды? Мюнхен келісіміне дейін олардың әлі де басқыншыларды тоқтатуға
мүмкіндіктері бар еді. Бірақ олар Мюнхенде Гитлер мен Муссолинге
басқыншылық қимылдарын әрі қарай жалғастыруға бата бергендей болды.
Германияның (одан аздау көлем мен дәрежесі де болса да Италияның) соғыс
машинасының доңғалақтарының айналысы күннен күнге тездей түсті де, Англия
мен Франция басшылары болса, әлі де Еуропаны үлкен соғыстан сақтап қалуға,
тіпті болмағанда, одан қалыс қалуға болады деген жалған сезімнің құшағында
болды.
Бірақ бұл үміт күннен –күнге үзіле бастады. Рас Англия бұл жолы да оны
аралдық жағдайы сақтап қалар деген ойда болды. Ал Франция болсса, оған
солтүстік шығыстан қауырт күшейіп келе жатқан Германия, оңтүстік –шығыстан
гитлершілердің одақтасы Италия қауіп төндірсе, оңтүстік-батыс шекараларында
өзіне Испаниядағы азамат соғысы барысында көмек берген Гитлер мен
Муссолинге көмекке келуге әр уақытта дайын Франколық режим пайда болды
Англия мен Францияның нақытылы көмгінсз Еуропаның кез-келген елі (КСРО-дан
басқалар, басқыншщыларға оңай жем болатындығы айқындалды. Лондон мен
Парижде кеште болса да, тыныштандыру саясатының апатқа әкеліп соғатынын
түсіне бастады.
Бұл жағдайда Англия мен Франция үкіметтері ұжымдық қауіпсіздік
сааясатын белсендрек жүргізу жөнінде шешім қабылдады. Олар басқыншылықтың
келесі құрбандары болып шығады-ау деген елдерге белгілі мөлшерде соғыс
жәрдемін беруге кепілдеме берді. Әрине, бұл жерде бірінші кезекте
гитлершілердің Чехославакия басып алғаннан кейінгі келесі нысанасына
айналған Польша тұрды.
1939ж көктемінде Англия мен Франция кеңес басшылығы
1939ж көктемінде Англия мен Франция кеңес басшылығына өзара көмек
туралы біренше келісім және соғыс конвенциясын жасау туралы ұсыныс жасаған
болатын. Олар туралы өзара хаттар алмасу көп айға сөзылды, бұл сол
жағдайларда кешірлмес жайбасарлық болды.
КСРО өзіне соғыс қимыдары басталмастан бұрын өз әскерлерін Польша мен
Румынияға кіргізу құқын беруді талап етті. Қызыл Армия бұл елдерде ұзақ
қонақтап қалуы мүмкін деген қауппен, ағылшындар мен француздардың бұған
келіскісі келмеді. Ал Польша мен Румыния, әрине, кеңес ықпалы аймағына
кіргілері келмеді.
Дегенмен 12 тамызда Мәскеуде Англия, Франция мен КСРО өкілдерінің
келіссөздері басталды. Өкінішке орай олар қарсы жақтардың ұстанымдарының
жақындасуына алып келмеді, керісінше, қарама-қайшылықтар көбейе түсті. Бұл
жерде Еуропаға оқиғаларын барысын зер салып қадағалап отырған Сталинге
Германияның әскери қуатының осыншалықты қауірт өсуі де әсер еткенін
ұмытпаған жөн. Оның сол кездегі сөздерінің мәтіндерінен Кеңес басшысының
Чехословакия құлағанынан кейін Англия және Франция мен емес, Германиямен
жақындасу мүмкіндіктерін ойастыра бастағандығы оның байқалды-1939ж ағылшын
және француздар мен келісім жасауды қолдаушы сыртқы істер халық комиссары
(министірі) М.М.Литвиновтың орнына дербестігі кемдеу В.М.Молотовтың
тағайындалуы осыған байланысты болды.
1939ж көктемінде-ақ кеңес герман байланыстары орнатылып, оның барысында
екі жақ та Еуропадағы болашақ аса әрә жанжал қарсаңында өздеріне тиімді
жағдайларды қамтамасыз етуге тырысты. Келе–келе Германияны да, КСРО-ны да
қанағаттандыратындай алғы шарттар жасалды. Ал, Мәскеуде ағылшын-француз-
кеңес келіссіөздері басталғанда, Гитлер алаңдаушылық білдіріп, Сталинге тез
арада шабуыл жасаспау туралы пактіге қол қойысуды ұсынып телеграмана
жолдады.
КСРО келісетіндігін білдірді. Мәскеуге шұғыл түрде германияның сыртқы
істер министрірі И.Риббентроп ұшып, келіп, 24 тамызда Кремльде шабуыл
жасаспау туралы кеңес герман пактіне қол қойылды. Мұнымен бірге ол пактіге
қосымша құпия протоколға да қол қойылды. Ол протоколға сәйкес (кейінгі
толықтыруларды ескеріп) Германияға Польшаның батыс бөлігі, ал КСРО-ға
украин және белорустар басым ораналасқан шығыс облыстары кетуге тиіс болды.
Финляндия, Балтық елдерімен 1918ж Румыния басып алған Бессарабия КСРО-ның
мүдделі аймақтары деп танылды.
Бұл маңызды келісімдер бағаланып жүр. Әрине, пакт біраз уақытқа екі
жақтың да позицияларын нығайтты. Біраз бұл жағдай басқа мемлекеттердің жері
мен халықтарының есебінен іске асырылғандығын ұмытпау қажет. Нәтижесінде
үлкен соғыс қауіпі алыпстатылудың орнына жақындай түсті.
ХVIIIғ Польшаның Ресей, Пруссия, Австрия аралдарында үш рет бөліске
түскендігін білесіңдер. Молотов Ренббентров пактісі бойынша ол төртінші рет
бөліске түсуге тиіс болды. Ал бір аптадан соң, қыркүйекте, герман әскерлері
Польшаға басып кірді.
Бұл күн ресми Екінші дүние жүзілік соғыстың басталған күні деп
есептеліп жүр.
Шын мәнісінде, ол Англия мен Франция өздерінің Польшаның алдындағы
міндеттерін орындай отырып, Германияға соғыс жария соғс жариялаған күні -3
қыркүйекте басталды. Тыныштандыру саясаты әлі де болса ұзаққа созылады
деп есептеген Гитлерді бұл қадам таң қалдырды. Дегенмен Германия поляк
әскерлерінің жанталасқан қарсылығын тез арада басып тастады, ал Англия мен
Франция поляктарға ешқандай нақтылы көмек көрсетеді. 1940 жылдың көктеміне
дейін батыс майданда ешқандай соғыс қимылдары жүргізілмеді. Бұл жарты
жылдан артық уақытқа созылған кезең кейіннен түсініксіз соғыс деген атақ
алды.
17 қыркүйекте поляк армиясының негізгі күштерінің немістер талқандап
болғ немістер талқандап болғаннан соң, КСРО Польшаның батыс аудандарына өз
әскерлерін енгізді. Польшаға ресми түрде соғыс жарияланған жоқ, тек ызыл
Армия батыс ураиндықтар мен белорустарды поляк езгісінен құтқару үшін
азаттық жорығына аттанды деп мәлімделді. Польлша іс жүзінде өмір сүруін
тоқтатты. Оның шығыс аудандары Украина және Белоруссия ССР-ның құрамына
енгізілді, ал елдің батыс бөлігін Германия өзіне қосып алды.
Сталин Молотов –Рибентроп пактісінде көрсетілген КСРО-ға тиімді
шарттарды іске асырып қалуға асықты. Халықаралық жағдандыру аса шиеленіске
түскендігін сылтау етіп, КСРО Балтық бойындағы елдердің үкіметтерімен
үзілді-кесілді түрде олардың территорияларына кеңес гарнизондарын
орналастыруға рұқсат беруді “өтнді”. Литва, Литвия және Эстония келісім
беруге мәжбүр болды.
Ал КСРО кеңес –фин шекараларын қайта қарауды талап еткенде, финдер
үзілді –кесілді қарсы болды-1939ж қарашада Қызыл армия Финляндияға қарсы
соғыс қимылдарын бастады. Бұл үшін КСРО Ұлттар Лигасынан шығарылды, ал
Англияя мен Францияда Финляндияға көмек көрсетуге дайындық басталды. Бірақ
1940жылы наурызына қарай кеңес әскерлері финдердің аса қауатты қорғаныс
бекіністерін бұзып өтті. Тәуелсіздігін сақтауға ұмтылған, Финляндияя бітім
жасауға келісті және шекараларды қайта қараудың кеңестік нұсқасын
қабылдады.
Сталин келешекте балтық елдері мен Берссарбияны КСРО-ға қосып алуды
жоспарлады, бірақ жоспарды іске асыруға кедергі жасай алмауы үшін, Батыс
майдандағы соғыстың күшейе түсуін күту қажет болды.
Бұл кабинетте Черчиль өзіне қорғаныс министрі қызыметін алып, оны жаман
атқарған жоқ. Дюннерек қаласының маңында қысқа мерзім ішінде ағылшын
жағалауына эквакуация жасайтын сенімді қорғалған плаударм жасалған еді –26
мамыр –4 маусым арасында орасан көп (340мыңға жететін) ағышын-француз тобы
сыздаған шығындармен Англияға жөнелтілді, сөйтіп, олар гитлершілдермен
келесі шайқастар үшін аман алынып қалынды.
Бірақ бұдан кейін Батыс майдандағы күштердің ара салмағы Германияның
пайдасына шешілді. 14 маусымда немістер немістер соғыссыз Парижге енді. 22
маусымда француз-герман уақытына бітіміне қол қойылды. Бұл рәсім Гилердің
талап етуі бойынша компьен орманында мзейден арнайы алдырылған маршал
Фоштың штаб вагонында іске асырылды.
Формальды түрде Франция өз тәуелсздігін сақтап қалды, бірақ уақытша
бітімнің шарттарына байланысты оның жерінің орасан көп бөлігінде герман
әскерлері орналасты. Қалған жерде гитлердің барлық “нұсқауларын” мүлтіксіз
орындаған, 84 жасар Маршал Анри Петэн басқарған қуыршақ үкімет әрекет
жасады. Сол себепті бүкіл Франция іс жүзінде герман ықпалында болды. Бірақ
Англияда ол жаққа апарылған әскерлердің негізінде “Азат Франция” комитеті
құрылды. Оны бүкіл француздарды күреске шақырған генерал Ихрль де Голль
қаһарманы етіп, оның атын француздардың фашист езгісіне қарсы күресінің
символына айналдырды.

Қорытынды

Сөйтіп, Франция және Еуропаның біраз басқа да елдері жеңіліс тапты.
Англия өзінің аралдарына қамалып қалғандай болып көрінді. Ал АҚШ болса
формальды түрде демократияшыл елдерді қолдағанымен, соғыс барысына
араласпады: оқшаулану дәстүрлері бұрынғыша күшті болды. Құрлықта
гитлершілердің бәсекелестері қалмады, Германия теңіз арқылы Англияға басып
кіруге дайындала бастады. Неміс авиациясы ағылшын қалаларын үздіксіз
бомбалап тұрды.
КСРО өзінің Германиямен жасасқан еліссөздерін толығымен пайдаланып
қалуға кірісті. Франция түпкілікті талқандалмай тұрып-ақ маусымның
ортасында Литва, Латвия және Эстонияға Қызыл Армияның ірі бөлімдері
енгізілді (олардың бұрын орналас тырылған гарнизондарға қосымша) Толық
оккупация жағдайында Балтық елдерінде коммунистерді жақтаушы үкіметтері
құрылып, олар шұғыл түрде өздерін КСРО құрамына алуды “өтінді”, бұл
тамыздың басында іске асырылды. КСРО Румыниядан Бессарбия мен Солтүстік
Буковинлевы қайтаруды талап етті. Соңғысы ешқашанда КСРО құрамында болмаған
және кеңес-герман келісімдерінде аталмаған болатын, бұл жөнінде Германия
наразылық ультима тумын қабылдауға тура келді, КСРО жаңа жерлер қосып алды.
Германия мен КСРО-ның ерекше күшеюіне байланысты, олардың араларында шабулы
жасаспау жөніндегі пактінің барлығына қарамастан, елелулі қарама-
қайшылықтар жатқан болатын, ұзамай олар бой көрсетті.

Версаль Вашингтон жүйесі
Жоспар
І.Кіріспе .
Париж бітім конференциясы.
ІІ. Негізгі бөлім.
а). Версаль бітім шарты.
б). Вашингтон конфиренциясы.
ІІІ.Қорытынды.
Версаль-Вашингтон жүйесінің маңызы мен қортындылауы.

1919 ж. 18 қаңтарда Парижде Антанта елдерінің кондференциясы шақырылды.
Оған 27 ел қатысты, азамат соғысы жүріп жатқан Ресей және жеңілген елдер
қатысқан жоқ. Конфиренциядағы басты мәселе-бірінші дүниежүзілік соғысты
қортындылау, Германиямен және оның одақтастарын мен бітім жасау болды.
Негізгі мәселелерді талқылауда Ұлыбританияның примьер-министрі Д.Алойд
Джордж, Францияның примьер-министрі Ж.Клемансо АҚШ президенті В.Вильсон
шешуші рөл атқарды.
Конференцияға қатысушы ірі мемлекеттердің әрқайсысының өзіндік мақсат-
мүддесі болды. АҚШ құрылған құрылғ.
Конференцияға қатысушы ірі мемлекеттердің әрқайсысының өзіндік мақсат-
мүддесі болды. АҚШ құрылған құрылған кезінен бастап-ақ Еуропа істеріне
араласпау, оқшаулану саясатын ұстайтын. Бірінші дүниежүзілік соғысқа АҚШ
Германияның су астындағы жаппай соғыс деген атпен сауда және жолаушы
кемелерін суға батыруына наразылық ретінде қатысты. Соғыстың соңғы жылында
В.Вильсон халықаралық қатынастардың жаңа қағидаларын негіздеген бағдарлама
ұсынды.
1918ж 8 қаңтарда конгреске тапсырылған бұл құжат Вильсонның “14 пункті”
деп аталады. Мұнда соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардың реттеудің
негізгі ретінде құпия дипломатиядан бас тарту, сауда және теңізде жүзу
еркіндігін қаруларды қысқарту, езілген ұлттарға өзін-өзі билеу құқығын
беру, әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғайтын халықаралық ұйым құру
ұсынылды: мемлекеттердің шекараларын белгілеуге тұрғындардың этикалық тегі
мен тарихы ескерілісін ой айтылды. В.Вильсонның ойлары әділетті және
демократиялық бітім жасауды көздейтіндерге неғұрлым ыңғайлы еді.
Алайда Ресейдің Антанта елдері меғн соғыс алдында және соғыс барысында
жасаған құпия келісімдерінің жариялануы АҚШ саясаткерлерінің ашу-ызасын
туғызды. Конгрес жериелері Вильсонның идеяларын қолданудан бас тартты. Олар
Антанта елдерінің арасында жер бөлісу, соғыстан пайда табу мақсаттары
бейнеленген құпия келісімдер жасалғанын білмегені үшін Вильсонды кінәлады.
Ұлыбритания мен Франция Үштік Одақ елдерінің отарларын бөлініп алуды
көздеді. Франция Германияны қатты әлсіретуді, соған шығындарын толық
төлетуді мүкін болса, Германияны ұсақ мемлекеттерге бөлшектеп жіберуді
мақсат тұтты. Англияның басты мақсаты-неміс флотын талқандау –соғыстың
барысында-ақ орындалғандықтан, Англия Германияны бөлшектеуге қарсы болды.
Жалпы алғанда, Англияя Вильсонның ұсыныстарының көпшілігін қолдады.
Францияға 1871ж Германия тартып алған Эльзас пен Лоторингияны қайтаруды
барлық ірі мемлекеттер дұрыс деп тапты. Италия Австро-Венгрияның Жапония
Германияның иеліктерінің бір бөлігін алудан үміттенді. Конференция
барысындағы ұзақ айтыстардан кейін сәуір айында Германиямен жасалатын
бітімнің мәтіні дайын болды.
Германияның өкілдерін шақырып, құжатпен таныстырды, біттім мәстініне
ешқандай өзгеріс, түзетулер енгізуге рұқсат берілмеді. 1919ж 28 маусымда
Версаль сарайында Антанта елдері мен Германия арасындағы бітім шартына қол
қойылды. Бұл құжат Версаль бітім шарты деп аталады. Версаль бітімі 440
баптан тұрады, оларды 3 мәселе бойынша топтануға болады.
1. Германияның шекаралары белгіленді және ол ол отарлары мен иеліктерінен
айырылды Германияның жері 118 ге қысқарды: Эльзас пен Лоторингия
–Францияға, эйпен Мальмеди, Морене-Бельгияға, Силезияның бір бөлігі
–Чехословияға, Данцинг дәлізі-Польшаға Солтүстік Шлезвич –Данияға
берілді. Германия Мешелден бас тартты. Германия 1914 жылдың 1 тамызына
дейін Ресей құрамында болған жерлердің тәуелсіздігін мойындауға тиісті.
2. Германияға бірқатар әсери шектеуліктер қойылды. Ол ерікті жалдау
негізінде жасақталған 100 мыңдық әскери ұстайды: жалпы бірдей әскери
міндеткерлік жойылады. Сүңгіру кемелер, әскери және теңіз әуе күштері
ұстауға тиым салынады.
3. Германия соғыс шығындарын төлейтін болды. Репорациялардың жалпы мөлшері
132 млрд алтын марка болып белгіленеді. Оның 52 пайызы-Францияға, 22
пайызы-Ұлыбританияға, 10пайызы–Италияға, қалғандары Антантаның
құрамындағы ұсақ елдерге беріледі.
Париж конференциясының маңызды нәтижесі-Ұлттар Лигасының құрылуы болды.
Ұлттар Лигасының жарғысын В.Вильсон бастаған арнайы комиссия жасады. Ұлттар
Лигасы әлем халықтары арасында ынтымақтастығы дамытуға, бейбітшілік пен
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиісті болды. Ұлттар Лигасының құрылуы
халықаралық қатынастардың жаңа қағидаларының қалыптасуына негіз салды.
Жарғы бойынша, мемлекеттер арасынды дауды мәселелерді соғысқа жүгінбей,
бейбіт келіс-сөздер арқылы шешу белгіленеді. Ұлттық Лигасының дербес Қарулы
күштері болған жоқ. Сондықтан басқыншы мемлекеттерге қарсы дипломатиялық
жне экономикалық санкциялар қолданылатын болды. Лиганың жоғарғы органдары
–жиналыс пен Кеңес Лигаға барлық мемлекеттер мүше бола алады.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада бірақатар жаңа мемлекеттер
пайда болды. Польша тәуелсіздік алды және оны бұрынғы кезеңдерге 3 бөліске
салғанда айырылып қалған жерлерінің біразын қайтарып алды.
Париж бітім конференциясында Қиыр Шығыс пен Тынық Мұхит аудандағы
халықаралық қатынастар мәселесі қарастырылған жоқ. Версаль бітімі бойынша
бұрын Германияға берілген еді. Бұл Қытай халқының ашу –ызысын туғызып, 4
мамыр қозғалысыныа себеп болды. Қытай Версаль бітіміне қол қоюдан бас
тартты. Сондықтан Қытай мәселесіне талқылау және ірі мемлекеттердің әскери
теңіз қарулы күштерінің арасалмағын белгілеу үшін 1921 жылы 12 қарашада
Вашингтонда конференция шақырылды. Конференцияға 9 ел қатысты.
Париж және Вашингтон конференцияларының шешімдері халықаралық
қатынастардың Версаль –Вашингтон жүйесін құрайды. Бұл жүйе 20-жылдардағы
халықаралық қатынастардың тұрақты, байсалды түрде дамуын қамтамасыз етті:
халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауға қызмет ететін ұйым
–Ұлттар лигасы құрылды! Алғаш рет қарулануға шек қойылды. Алайда Версаль
–Вашингтон жүйесі ұзаққа барған жоқ. Өйткені бірінші дүниежүзілік соғыстың
ауыртпашылығын тұтастай жеңілген елдердің мойнына түсті. Бұл елдерде
соғысты бастаған билеуші топтардың өкіметтен кеткені. Германия мен
Австралияның демократиялық республикаларға айналғаны ескерілмеді. Германия
орасан зор репарациялар төлеуге тиісті болды. Неміс халқында ұлттық қорлану
сезімі туды.
Кеңестік Ресей бұл жүйеден мүлде тысқары қалды. Әрине, Антанта Ресейді
Үштік Одақпен сенаттық бітім жасағаны үшін Париж конференциясына шақырған
жоқ. Алайда азамат соғысында жеңіп шығып, әбден орнықан кеңес үкіметі
өзінің 1918-1922 ж халықаралық қатынастардан оқшау қалғаны үшін Антанта
елдерін Версаль –Вашингтон жүйесін ұнатпады. Кеңестік Ресей Германиямен
жақындаса бастады.

Тақырыбы: “1945-80 жылдардағы КСРО”

Жоспар

І. КСРО-ның құрылуы
ІІ. 1940жылдардағы КСРО

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы. КСРО бұрынғы Ресей империясы
аумағының шегінде 1922 –91 жылдары болған мемлекет атауы. 1917ж Қазан
төңкерісі нәтижесі коммунистер мемлекет биліктегі өз қолдарына алған соң
бұрынғы Ресей империясы құрамындағы неқұрлым дамыған ұлттың құрылымдар
(Польша, Финляндия, Балтық теңізі жағалау елдері) дербес мемлекет болып
бөлініп шықты. 1918ж өткен қаңтарда жұмысшы солдат және шаруа кеңестер деп
аталды, біріккен съезінде, Еңбекші және қаналған халықтардың деклорациясы
жарияланды. Езілген ұлттарға өз республикаларын құруға мүмкіндік берілді.
1918ж 4-10шілдедегі кеңестегі 5-бүкіл Ресей съезінде Ресей Кеңестік
федеративті Социолистік Республикасының (РКФСР) Тұңғыш Конститутциясы
қабылданды.
Осының негізінде 1940ж Молдавия Кеңестік Социалистік Республикасы
(Молдавия КСР-І) Литва Социалистік Республикасы (Этония КСР-І) құрылып,
К.О.құрайтын одақтас республикалар саны 15-ке жетті. 1941ж жазда кеңес
–Герман соғысы басталды. (Қ.Ұлы Отан соғысы). Соғыс кезінде тұтас халықтар
(Балгарлар, шешендер, қалмай қырым –татарлары, қарамай, масхат түріктері
немістері т.б.). Қазақстан Орта Азияға Сібірге жер аударды.
Соғыс аяқталғаннан кейін КСРО-ға Оңтүстік Сахалин Курш аралдағы,
Петсамо ауданы Клайпеда Кинигирсбег (Калининград) т.б. территориялар
қосылды. Соғыстан кейінгі саяси қуғын сүргін қайтадан басталды. “Ленинград
ісі”, “дәрігерлер ісі” т.б. соғыс кезінде бұрынғы одақтастар мен (АҚШ,
Ұлыбритания, Франция) арада бәсеке күшейіп “Қуғын-сүргін” оқиғасы қалыптаса
бастады. әлемде екі жүйе (социалистік елдермен капиталистік елдер пайда
болды. Жанталаса қарулану күшейіп кетті. 1949ж Семей полигоны КСРО алғаш
атом бомбасы сыналды. 1953ж Сталин қайтыс болып Үкімет билігі үшін қайта
басталды. Үкімет басына келген Н.С.Хрушев Партияның 20-съезінде (1956)
Сталинің жеке басына табынушылар зардап жөнінде баяяндама жасады.
Саяси қуғын-сүргін құрбандары ақтала басталды. Қудалауға ұшыраған
халықтардың РКФСР құрамынан автономия құрылымдары қалпына келтірді. К.О.
құрамында жоғарыда аталған 5-одақтас республикалардан өзге
Автономия республика, 8-автономия облыс 10ұлттық округ облысы
өнеркәсіппен ауылшаруашылық дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Қазақстан мен
Батыс Сібір тың және тыңайтқан жерлерді игеру қолға алынды. 1954ж атом
электр станциясы 1957 жердің алғашқы серігі ұшырылды. 1961ж тұңғыш кеңестік
ғарышкер Орбитаға ұшып шықты. Бірақ бұл жұмыстар барлығы тотаритарлық жүйе
тәртібімен жүргізілгендіктен ішкі қайшылықтары көп болды. Орыстандыру
саясатының күшеюіне қарсылық ретінде ұлт республикасында наразылықтар бой
көтерді. 1964ж Хрушев орнынан түсіп билікке Л.Н.Брежнев келді. Жаңа үкімет
басшасы жүргізген реформалар ақырына жетпей сәтсіздікке ұшырады.
Экономика экстенсивті жолмен дамыды, елді милитаризациялау әрі қарай
жалғасты. Колий социаслитік елдерде реформа жаса әрекеттері Венгрия (1956)
Чехословакия (1959) қарулы әскер кіргізу басып тасталды. 1979ж Ауғанстан
К.О. әскерлерін кіргізді. Жанталаса қарулану одан әрі шегіне жетті. 1977ж
КСРО-ның үшінші Конститутциясы елдің қоғамдық-саяси септік тигізді.

Пайдаланған әдебиет

1.Қазақстан энциклопедия сөздігі
517 бет 518 беттер

Пайдаланылған әдебиеттер

Қазіргі заман тарихы
авторы: Г.К.Көкебаева
Ж.Н.Салпынов
“Жазушы” баспасы 2003ж

Тақырыбы: “КСРО-дағы қайта құрулар”

Жоспар
1) Кіріспе
а) 80-жылдардың бірінші жартысындағы халықаралық жағдай.
2. Негізгі бөлім
а) Жаңа саяси-ой –пікір және халықаралық қатынастардағы өзгеріс
б) Женевада және Мәсеуде болған өзгерістер
3. Қорытыны

1.80-жылдардың бірінші жартысындағы халықаралық жағдай. 70-80 жылдардың
шебінде халықаралық жағдай қайтадан шиеленісті. АҚШ –соғысқұмаримпералистік
топтары дүние жүзілік үстемдікті орнықтыру үшін экспанциялық жоспарларын
жүзеге асыруға кедергі келтіреді деп санап, бәсеңдікке қарсы шабуылға
шықты. 1979жылдың соңында ауған үкіметінің өтінішімен Ауғансатанға совет
әскерлерінің шектеулі контингенті енгізілгені сылтау ретінде пайдаланылды
“Советтік әскери қатер” туралы жалған лақаты жамыла отырып, мұхиттың арғы
жағындағы милитаристік күштер бұрын, соңды болмаған көлемде стратегиялық
қару-жарақты арттырудың ұзақ мерзімді бағдарламасын қабылдауға қолы жетті.
Олардың мұндағы көздеген мақсаты қазіргі кезде қалыптасқан тепе-теңдікті
жойып, Совет Одағынан әскери басымдылыққа қол жеткізу болды. АҚШ-та бірінші
соққы беретін қарудың сапалық жағынан жаңа түрлерін шығарыла бастады.
Ғарышқа орналастырылатын элементтері бар ракетаға қарсы қорғаныстың кең
көлемді жүйесін жасау ниетін жариялай отырып, Вашингтон ғарышты
милитарландыруды. Жүзеге асыруға және өз одвқтастарын бұл бағдарламаға
қатыстыруға жанын салып бағуда. Батыс Еуропаның НАТО-ға кіретін бірсыпыра
елдерінде орташа қашықтықтағы америкалық жаңа ядролық ракеталар
орналастырылды. Мұның өзі совет Одағын әскери-стратегиялық тепе-теңдіктің
бұзылуын болдырмау мақсатында КСРО мен басқа социалистік достық елдерінің
қауіпсіздігін нығайту жөнінде қарсы шаралар қолдануға мәжбүр еткізді.
Халықаралық шиленістің артуы, сондай-ақ, АҚШ-тың басқа елдердің ішкі
істеріне қол сұғуынан, мемлекеттердің ұлттық тәуелсіздігі мен егемендгіне
қысым жасауынан туып, отыр. Мысалы, Таяу Шығыс Африка, Үнді мұхит АҚШ-тың
“Өмірлік мүдделері” аймағы деп жарияланды. Пентагон осы аймақтарда АҚШ- тың
әскерлерінің болуын ұлғайта түсуде 70-жылдардың аяғы 80-жылдарда ливан,
ауғанстан, иран, Никагуа, Сальвадор Гренада Ливия және басқа елдер
Американың ашықтан-ашық қол сұғуына айналды. КСРО мен оның одақтастары,
жанталаса қарулануды тоқтатуға және қарусыздануға, бейбітшілікті және
халықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың кең,
сыңарлы бағдарламасын ұсынды. 1982ж маусымында совет Одағы халықтарды
ядролық апат қатерінен құтқару және салып келгенде, адамзаттың өмірінде.
Мұндай мүмкіндікті болдырмау үшін қолынан келгеннің бәрін жасауға ұмтылысты
басшылыққа ала отырып, ядролық қаруды бірінші болып ғарыш кеңістігіне
спутникке қарсы қару шығаруға КСРО-ның біржақты мароторийді жарты жылдан
астам уақыт бойы ұстады.
2. Жаңа саяси ой-пікір және халықаралық ақтынастардағы өзгерістер КСРО-да
жүзеге асырылып жатқан қайта құру, қоғамдық өмірдің барлық жақтарын жаңарту
советтік сыртқы саясатты да батыл жаңартуды, бұл саладағы жаңалықтар мен
кемшіліктерді жоюды талап етті. Совет Одағы халықаралық шиеленісті
бәсеңдету үшін саяси мүмкіндіктерді үнемі пайдаланып отырмағанын, өзін
жанталаса қарулануға тартуға жол бергенін, мұның өзі дүние жүзін қауіпті
шекке жеткізіп өсе бергенін мойындағанымыз жөн.
АҚШ-бастаған НАТО-ның агрессиялық бағыты, олардың ККСРО мен оның
одақтастары үшін ондаған жылдар бойы жасаған әскери қатері, социалистік
елдергеқарсы психологиялық соғысы-осының бәрі Кеңес Одағынан Адамзатты
ядролық шыңырауға қарай қауіпті итермелеуге бетбұрыс жасауға мүмкіндік
беретін түбегейлі іс-қимылды талап етті.
КСРО-ның қайта құру жағдайындағы халық аралық қызметі КОКП Орталық
Комитетінің сәуір (1985ж) Пленумының және партияның ХХVII съезінің
шешімдерінде негізделді. Оларда жаңаша саяси негіздердің ой-пікірлері
қаланды. Бұл ой –пікірлерде халықтардың (өскелең) бейбіт істердегі өскелең
рөлі, адамзаттың ғаламдық мәселелерінің шиеленісуі және әсіресе жер
бетіндегі тіршілітің жойылу қатері мемлекеттер мен әлеуметтік жүйелерді
ортақ тағдырмен байланыстырғаны негізге алынды. Гратарлық –таптық және
жалпы адамзаттық мүдделердің өзара байланыстылық маркстік-лениндік
идеяларын терең түсіне отырып КОКП жүздеген жылдар бойы қалыптасқан
адамгершілік құндылықтардың өмірлік маңызды мәні туралы қорытынды жасады.
Халықаралық істерде адамзаттың аман қалу мәселесі шешуші басымдылыққа ие
болды, оны шешпейінше қоғамдық танудың басқа міндеттерін жүзеге асыру
мүмкін емес. Бейбіт қатар өмір сүру екі жүйе мемлекеттерінің арасындағы
қарымқатынастардың бірден-бір мүмкін жай -күйіне өркениетті сақтанудың
шартына айналды.
Біздің кезімізде қауіпсізідік жұрттың бәрін қамтитын сипаттта, яғни
халықаралық қарым қатынастардың барлық салаларын қамтиды. Ол әскери
–техникалық құралдар мен емес, саяси құралдармен бірлесе отырып іске
асырылады. Барлық мемлекеттер біздің қауіпсіздікте болуы тиіс. Жаңа ойлау
әрбір елдің әлеуметтік және саяси таңдауын өзі жасауды мойындауды, барлық
мемлекеттердің дүниежүздік ұоғамдастық мүшелерінің мүдделері тепе-теңдігін
қамтамасыз етуді көздейді.
Жаңаша ойлады түпкілікті доктрина деп есептемей-ақ КСРО басқа мемлекеттерді
талғамы жеткен мәселерді және алдымен адамзатқа төнген ядролық қатерді
ссейілтуді шешуді жолдарын бірлесе іздестіруге шақырды. Жаңаша ойлау
бұрынғы стереотипті жоюға, басқа елдермен байланысты барлық деңгейде
дамытуға, өз кезеңіндегі Совет Одағы өзі үшін жаңадан ашып отырған
айналадағы дүниені, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңестік социализмнің мәні мен мазмұны
Ұлы Отан соғысы кезіндегі мәдениет пен ғылым
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)
Бекмахановтың ісі
ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары және салдары
Қазақ киносындағы ана бейнесіне тарихи шолу
Тоталитарлық жүйе мәселесінің зерттелуі
Интеллектуалдық әлеует пен этномәдени өмірдің өзара ықпалдастығын зерделеу
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы
Пәндер