Корпорацияның жүйелік тәуекелділігін талдау
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1. Корпорацияның тәуекелділігін талдаудың әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... .
Тәуекел түсінігі және оны топтастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Тәуекелді талдау және оны басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Корпорацияның тәуекелділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2«Алматыметроқұрылыс» АҚ.ның 2004.2005 жылғы мәліметін талдау ... ...
2.1 «Алматыметроқұрылыс» АҚ.ның бухгалтерлік балансын талдау ... ... ..
2.2 «Алматыметроқұрылыс» АҚ.ның ақша қозғалысы туралы есебін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 «Алматыметроқұрылыс» АҚ.ның табыстар мен шығыстар туралы есебін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 Корпорацияның тәуекелділігін талдауды дамыту жолдары ... ... ... ... ... ..
3.1 Зейнетақыны жинақтау қорларындағы тәуекелдіктерді басқару жүйесінің қызметіне рейтингтік баға беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Селолық несиелік тұтыну кооперативіндегі қаржы тәуекелі ... ... ... ... ..

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорындарда өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді.
Кәсіпкерлік- нар тәуекелділік ісі. Экономикалық өнер десе де болады. Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастарды қалыптастырудың қазіргі жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорын қызметінің тиімділігін тұрақтандыру және көтеру экономиканың басты міндеті болып отыр. Осыған байланысты, корпорацияның қызметінің көлемдік сипаты, өндіріс шығынын және тиімділігін анықтау әдісі экономиканы басқарудың негізгі мағынасы болуы тиіс.
Қоғамда кәсіпорынның тәуекелділігін талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуге мол мүмкіншілік ашты. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршендігінің кепілі мен жай- күйінің орнықтылығының негізі оның тәуекелділігі болып табылады. Кәсіпорынның тәуекелділігін бағалау, обьективті, ғилыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе тәуекел кезінде шешімдер қабылдау үшін оның тәуекелділік жағдайын талдау қажет.
Менің курстық жұмысымның мақсаты кәсіпорынның тәуекелдің түсінігін, тәуекелді азайту ерекшеліктерін, басқаруды және талдаудың әдістерін толық ашып қарастыру. Бірінші бөлімде кәсіпорынның тәуекелділігін талдаудың әдістері қарастырылады. Екінші бөлімде «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның 2004-2005 жылғы мәліметін талдауын қарастырылады. Үшінші бөлімде корпорацияның тәуекелділігін талдауды дамыту жолдары қарастырылады.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Алматы экономика және статистика академикасы
Жамбыл институты
Кафедра
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Курсы:
Тобы:
Орындаған:
Қабылдаған:
Қорғауға жіберілді:
_____ __________ 2007 ж.
Бағасы:___________
Тараз 2007 ж
Корпорацияның жүйелік тәуекелділігін талдау.
Мазмұны
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1. Корпорацияның тәуекелділігін талдаудың
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. Тәуекел түсінігі және оны
топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Тәуекелді талдау және оны
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Корпорацияның тәуекелділігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
2Алматыметроқұрылыс АҚ-ның 2004-2005 жылғы мәліметін талдау ... ...
2.1 Алматыметроқұрылыс АҚ-ның бухгалтерлік балансын талдау ... ... ..
2.2 Алматыметроқұрылыс АҚ-ның ақша қозғалысы туралы есебін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Алматыметроқұрылыс АҚ-ның табыстар мен шығыстар туралы есебін

... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3 Корпорацияның тәуекелділігін талдауды дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ..
3.1 Зейнетақыны жинақтау қорларындағы тәуекелдіктерді басқару жүйесінің
қызметіне рейтингтік баға
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Селолық несиелік тұтыну кооперативіндегі қаржы
тәуекелі ... ... ... ... ..
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық
экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл
деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған
жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда
ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды
қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорындарда өндірісті және
өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Мұның
барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді.
Кәсіпкерлік- нар тәуекелділік ісі. Экономикалық өнер десе де болады.
Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастарды қалыптастырудың қазіргі
жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорын қызметінің тиімділігін тұрақтандыру және
көтеру экономиканың басты міндеті болып отыр. Осыған байланысты,
корпорацияның қызметінің көлемдік сипаты, өндіріс шығынын және тиімділігін
анықтау әдісі экономиканы басқарудың негізгі мағынасы болуы тиіс.
Қоғамда кәсіпорынның тәуекелділігін талдау біреудің орынсыз тілегінен
емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады. Қазіргі уақытта болып
жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект
ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және
қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуге мол мүмкіншілік ашты. Нарық
жағдайында кәсіпорынның өміршендігінің кепілі мен жай- күйінің
орнықтылығының негізі оның тәуекелділігі болып табылады. Кәсіпорынның
тәуекелділігін бағалау, обьективті, ғилыми негізделген және үйлесімді
басқару, өндірістік, әсіресе тәуекел кезінде шешімдер қабылдау үшін оның
тәуекелділік жағдайын талдау қажет.
Менің курстық жұмысымның мақсаты кәсіпорынның тәуекелдің түсінігін,
тәуекелді азайту ерекшеліктерін, басқаруды және талдаудың әдістерін толық
ашып қарастыру. Бірінші бөлімде кәсіпорынның тәуекелділігін талдаудың
әдістері қарастырылады. Екінші бөлімде Алматыметроқұрылыс АҚ-ның 2004-
2005 жылғы мәліметін талдауын қарастырылады. Үшінші бөлімде корпорацияның
тәуекелділігін талдауды дамыту жолдары қарастырылады.
1.Корпорацияның тәуекелділігін талдаудың әдістері
1. Тәуекел түсінігі және оны топтастыру
Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелдік факторы нарықтық
экономикада үдей түседі. Тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жағдайдың
болуының мүмкіндігін көрсетеді. Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының
бір бөлігінің жоғалту ықтималдығын, қызметті жүзеге асыру нәтижесінде
табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын
білдіреді.
Тәуекел түптеп келгенде кәсіпкерлік қызметтегі мүмкін болатын
табыссыздықтармен байланысты.
Б.М.Волин мен Д.И.Ушаковтың редакциялауымен шығарылған 1939 жылғы
орыс тілінің түсініктеме сөздігінде тәуекел жайлы былайшы айтылған:
рыноктық конъюктураның өзгермелілігіне байланысты коммерциялық қызметтегі
мүмкін болатын пайдасыз шығындар немесе табыссыздықтар.
Кәсіпкердің анықтама сөздігінен авторлары да осы ойды ұстанады.
Мұнда, кәсіпкер – тәуекел деген мағынада, ал кәсіпкерлік – қызметтегі
шығындар мен сәтсіздік жағдайлар екендігі айтылады.
Тәуекелдің басқа ағымы тек сәтсіздіктер және жоғалтулармен ғана емес,
сонымен қатар, мүмкін болатын табыс және күтілетін оң нәтижелермен де
байланысты. Оған дәлел ретінде А.И.Пригожин берген анықтаманы келтіруге
болады. Ол- тәуекел табыс пен жоғалтулар, сәттілік немесе күйреу
арасындағы анықталмағандық жағдайындағы күш пен шығындарды жұмсау деген.
С.И.ожеговтың орыс тілі сөздігінде мынадай анықтама бар. тәуекел-
төніп келе жатқан қфуіп, сәтсіздік. Сонымен қатар, тәуекел- игілікті іс
деген мәтел де келтірілген. Фирманың қаржылық қызметі көптеген
тәуекелдермен байланыста болып келді. Бұл тәуекелдердің фирманың
қызметінен шығатын нәтижелерге әсер ету дәрежесіде айтарлықтай
жоғары.
Корпорацияның қаржылық қызметі көптеген тәуекелдермен байланыста
болып келді. Бұл тәуекелдердің корпорацияның қызметінен шығатын
нәтижелерге әсер ету дәрежесіде айтарлықтай жоғары.
Тәуекелдің өте көптеген түрлері бар:
Өндірістік тәуекел. Тауар, қызмет көрсету, капитал өндірумен, сонымен
қатар өндірістік қызмет жүргізудің көптеген түрімен байланысты. Бұл тәуекел-
өндіріс мөлшерінің қысқаруы, баға, сондай-ақ, өнім ақауларының төмендеуі
және басқа жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Тәуекелдің осы түрі
өндірістік кәсіпкерлікке тән. Өндірістік тәуекел-бұл өнім өндірумен,
қызмет көрсетумен, басқа да түрлі өндіріс қызметтін жүзеге асырумен
байланысты тәуекел. Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері:
ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болатын төмендеуі, материалдық
шығындардың өсуі, қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердің қатесі,
көтеріңкі аударым сомалары мен салықтарды төлеу және т.б.
Коммерциялық тәуекел. Кәсіпорын өндірген немесе сатып алған тауарлар
немесе көрсетілген қызметтерді іске асыру процесінде пайда болады. Осы
жағдайлар өндірістік немесе коммерциялық кәсіпкерлікке тән. Коммерциялық
тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар мен қызметтерді
өткізу процесіде пайда болады. Коммерциялық тәуекелдің себептері: өнімді
өткізу көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың сатып алу бағасының
жоғарлауы, сатып алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі, айналым
шығындарының өсуі, экономиканың тұрақсыздығы және клиенттердің ұнату
қабілетінің өзгеруі, бәсекелестердің әрекеті.
Коммерциялық тәуекелдің негізгі түрлері мыналар:
• Сатылатын немесе сатып алынатын тауарлар бағасының өзгеруіне
байланысты тәуекел;
• Айналыс процесі кезіндегі тауарлардың жоғалу тәуекелі;
• Айналыс шығындары деңгецінің жоғарылау тәуекелі;
• Рыноктағы тауарлардың өткізілуімен және сапасымен байланысты тәуекел;
• Тауарларды алумен байланысты тәуекел;
• Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің баяулауы немесе тоқтауымен
байланысты тәуекел;
• Құнсыздану салдарынан болатын тәуекел;
• Сатып алушының төлем қабілеттілігімен байланысты тәуекел;
• Келісім- міндеттерінің орындалмауы аясындағы тәуекел;
• Валюталық бағаның өзгеру тәуекелі;
• Қызметкерлердің мүмкін болатын жетілмеген шынайылығынан туындайтын
тәуекел;
• Сауда бизнесіне әсер ететін, алдын ала күтілмеген жағдайлардағы
тәуекел;
• Бәсекелестер қызметіндегі болатын тәуекел;
• Кәсіпорын жұмысшыларының жауапсыздығынан тауарларды жоғалту тәуекелі.
Қаржылық тәуекел. Қаржылық кәсіпкерлікті немесе қаржылық мәмілелерді
жүргізуден туындайтын тәуекел, кәсіпорын қызметінің қаржылық тәуекелі
көбінесе меншік құралдарының қарыз құралдарына қатынасымен өлшенеді. Осы
өлшем неғұрлым жоғары болса, кәсіпкер өз қызметінде соғұрлым несие
берушілерден тәуелді болады. Сонымен қатар, қаржылық тәуекел де көбірек
болады немесе несие беруді тоқтату, болмаса, несие беру шарттарын қатаңдату
өндірістің тоқтауына алып келуі мүмкін. Қаржылық тәуекел кәсіпорынның
банктермен және басқа да қаржылық институттармен қатынас өрісінде пайда
болады. Қаржылық тәуекелдің себептері:қарыз және меншікті қаражаттардың
арақатынастардың көлемінің жоғарылауы, кредиторларға тәуелділік,
капиталдың әрекетсіздігі, бір жобаға, бір мезгілде көп қаражат жұмсау.
Өндірістік, коммерциялық , қаржылық тәуекелділіктер өз кезегінде ішкі,
сыртқы, динамикалық, статистикалық болып бөлінеді.
Ішкі тәуекел. Кәсіпорын қызметін жоспарлау және талдау бойынша шешім
қабылдаумен байланысты туындайтын тәуекел. Ішкі тәуекел- кәсіпорынның
өндіріс, қаржы және ьасқарудағы ұйымдастыру ерекшеліктерінің нәтижесі де
болуы мүмкін. Мысал ретінде, құрал- жабдықтардың уақытылы жөнделмеуінің
нәтижесіндегі өндіріс мөлшерінің төмендеуі немесе ішкі қарама- қайшылық
жағдайларына байланысты өнімдерді өткізу мөлшерінің төмендеуінен туындайды.
Сыртқы тәуекел. Мемлекет деңгейіндегі және кәсіпорынмен байланысты шағын
орта объектілерінің қолайсыз әсерімен байланысты болатын тәуекел. Осыған
қоса тұтынушыларды, жабдықтаушылардың, банктерді, салықтық ұйымдарды және
т.б. жатқызуға болады. Сыртқы тәуекелдіктерге мысал ретінде, несие қайтару
мен жабдықтаудың мәмілесінің бұзылу, өнімді қайтару тәуекелін және т.б.
келтіруге болады.
Динамикалық тәуекел. Рыноктық, саяси және т.б. жағдайлардың күтілмеген
жерден өзгеруі немесе басқарушының шешім қабылдау нәтижесіндегі негізгі
капитал құнының белгісіз жерден өзгеру тәуекелі. Осы тәуекел түрінің
ерекшелігі- тек шығындар ғана емес, сонымен қатар, табыстар да болуы
мүмкін.
Статистикалық тәуекел. Меншік, сонымен қатар жоғалтуларға зиян
келтірілген нәтижесіндегі нақты активтерді жоғалту тәуекелі. Мысалы
кәсіпорын қызметінің тоқтауынан табыстың болмауы. Нәтижесінде тек табыссыз
шығындарға ұшырайды.
2. Тәуекелді талдау және оны басқару
Тәуекелді талдау екі бөлімнен тұрады:сандық және сапалық талдау.
Сапалық талдау- тәуекел факторларын анықтауда, оның туындауына себеп
болатын кезеңдері мен жұмыстарын, яғни, тәуекелдің мүмкін болатын
аймақтарын анықтайды, содан соң барлық мүмкін болатын тәуекелдерді бір
жүйеге келтіруге болады.
Тәуекел факторлары- субъективті, яғни, кәсіпорынға тікелей
байланысты. Субъективті факторларға жататындар:техникалық жабдықтау мен
техниканың қауіпсіздік жағдайы және кәсіпорындарының өзіне байланыссыз
құнсыздану, бәсекелестік, саяси жағдайлар, т.б.
Тәуекелдің сапалы талдауы сандық талдауға қарағанда жеңілдеу болады.
Тәуекелден болатын жоғалтулар мөлшерін сандық белгімен сипаттайды. Алайда
жоғалтулардың әр түрін сандық мөлшерде бағалау және оларды бірегей етіп
біріктіру оңай жұмыс емес. Қорыта айтқанда тәуекел салдарынан жоғалтудың
көптеген түрі бар.
Материалды жоғалтулар. Алдын-ала көзделмеген қосымша шығындар немесе
натуралды сипаттағы объектілерді тікелей жоғалту
Еңбектік жоғалтулар. Жұмыс уақытысын алдын ала көзделмеген немесе
кездейсоқ сипаттағы жоғалту. Жұмыс уақытысын ысырапқоршылыққа салу.
Қаржылық жоғалтулар- алдын ала көзделмеген ақшаларды қайта шығындану
нәтижесіндегі тікелей ақшалай зиянмен өлшененеді.
Уақытты жоғалтулар. Жобада алдын ала қарастырылғаннан бұрын болатын
кәсіпкерлік қызмет үрдісіндегі баяулатылған жолымен байланысты
жоғалтушылық.
Арнайы жоғалтулар. Денсаулыққа немесе адам өміріне, қоршаған орта,
кәсіпкер мүддесін, саяси сипаттағы және т.б. зиян келтірумен байланысты
жоғалтулар.
Сандық талдау кезінде әр түрлі әдістер қолданылады. Көп қолданылатындары-
статистикалық және эксперттік әдістер. Статистикалық әдіс математикалық
статистика әдістерімен байланысты және белгісіздікті жүйелі бағалауды
білдіреді. Мұнда шығындар есептелініп, әрбір элеметтің белгісіздігі
бағаланады. Айтылғандарды орташа квадраттық ауытқу және дисперсия әдістері
негізінде есептей отырып, анықталмағандықты тұтастай сандық бағалауға
болады.
Статистикалық әдіс салыстырмалы түрде нақты болады, бірақ , оны
қолдану үшін динамикалық берілгендердің саны жеткілікті болуы қажет. Ол
сытқы факторларды ескермейді. Бұл кемшіліктерді жою үшін эксперттік әдістер
қолданылады. Эксперттік әдіс түрлерінің бірі – шешімдер ағашы. Бұл әдістеме
әр түрлі варианттарды графикалық тұрғыдан түсіндіруге негізделген. Ағаш
бұтағы бойынша берілген жағдайларды субъективті және объективті бағалайды.
Құрылған ағаш бұтағы бойынша ықтималдықты есептеудің арнайы әдістері
пайдыланылады. Осының негізінде әрбір вариант жолын анықтауға және
бағалауға мүмкіндік туады.
Фирманың өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметтері көптеген
тәуекелділіктермен байланысты болғандықтан, оларды жою немесе төмендету
мақсатында әдістер мен құралдарды үнемі өңдеп отыру қажеттілігі туындайды.
Осындай қызмет түрлерін тәуекелді басқару жүйесі деп атаймыз.
Тәуекелді басқару жүйесі көптеген жұмыстарды қамтиды. Негізгілері
мыналар:
• туындаған тәуекел мәнін ашып анықтау;
• тәуекел себебін көрсету;
• тәуекел факторларын анықтау;
• тәуекелдің мүмкін болатын кері салдарын барынша азайту немесе жоятын
түрлі шараларды таңдау және анықтау.
Тәуекелдің жоғары деңгейі оны төмендету тәсілдерін іздеуді қажет
етеді.Тәуекелді төмендетудің негізгі үш тәсілі бар:
• тәуекелді жоба қатысушыларының арасында бөлу;
• сақтандыру;
• күтпеген шығындарды жабуға арналған жинау.
Қаржылық жоспар немесе әр түрлі мәмілелерді өңдеу кезінде жобаға
қатысушылар арасында тәуекелді бөлісу қажеттілігі туындайды. Тәуекелді
бөлісу сандық және сапалық болып бөлінеді.
Жобаға қатысушылардың қызметі мүмкін болатын инвесторлар аумағын
кеңейтіп немесе азайтып отыратын белгілі бір шешімдерді қабылдауға
бағытталады.
Инвесторларды тарту қабілеттілігі қатысушылардың қоятын тәуекел деңгейіне
байланысты. Осы жағдай тәжірибелі инвесторлар тарту жолында үлкен кедергі
туындатады. Кейбір кездері, көбінесе инвесторларсыз қалатын жағдай да
болады. Сондықтан, келіссөз жүргізу кезінде жобаға қатысушылар арасында
икемділік, тәуекел деңгейіне байланысты жоғары біліктілік, керегінше ынта
және күш таныту қажет.
Алдын ала көзделмеген шығындарды жабу құралдарын сақтап қою ең
алғашқы кезекте, тәуекелдің мүмкін болатын нәтижесін бағалау, онан соң қор
құрылымын анықтауды шамалайды. Соңғысы екі тәсілмен іске асырылады. Бірінші
тәсіл жалпы және арнайы қорларға бөлінуді қамтиды.
Жалпы қор көрсетілген өзгерістерді жабуға, келісім шарттың жалпы
сомасына қосу және басқа да элеметтерге бағытталған.
Арнайы қор баға өсуін жабуды үстемелеуді, сонымен қатар, келісім
шарттар бойынша айып пұл төлеуге бағытталған.Кәсіпорын қызметінің тәуекелін
басқару және талдауға арналған Г.Б.Клейнер кестесі келтірілген.
Тәуекел мәні, түрі- жабдықтау туралы жасалған келісім шарттардың
бұзылуы себебінен материалдарды жеткіліксіз алу тәуекелі. Нәтижесінде
кәсіпорын рентабельділігінің деңгейін төмендететін қолда бар ресурстарын
тиімді қолдануы төмендеу болады.
Тәуекелдің шығу себептері кәсіпорынға қажетті өнім өндірісінің
мүмкінсіздігіне алып келетін жабдықтаушылардың алдын ала көзделмеген
жағдайы, жабдықтаушының келісім шартты бұзу немесе өзгерту жайлы шешім
қабылдауынан болады.
Тәуекел факторлары- әлеуметтік экономикалық ахуалдың жалпы
тұрақсыздығы, құқықтық және келісімдік шарттарды орындаудағы міндеттіліктің
жоқ болуы, валюталық бағамдар мен құнсызданудың жалпы қарқындарының
біркелкі еместігі. Жеке салалардығы және аймақтардағы бағалардың күрт өсуі,
1.3 Кәсіпкерлік тәуекелді талдау
Тәуекелділік ықтималдық категориясына жатады, яғни оны белгілі бір
деңгейдегі жоғалтулардың ықтималдылығыретінде есептейді. Әр кәсіпкер
басшы типіне байланысты таңдап ,тиімді тәуекел деңгейін өзі белгілейді.
Кертартпа басшылар жаңалықтарға бейімделмеген ,әдетте олар қандай да бір
тәуекелден қашуға тырысады. Икемді басшылар,егер тәуекелділік ерікті
болып,ал орындаушылар өз ісінің маманы болса, олар тәуекелді шешімдерді
қабылдауға тырысады.
Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жағымды деңгейдегі және мақсатты
шешімдер қабылдаған кезде белгілі бір жоғалтуларға апаруы ықтималдығын
білумен шектеліп қоймай, сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа
деңгейден аспау ықтималдығын да қарастыруы керек.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің
тәукелсізқ болмайтынын көрсетеді. Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін
болатын деңгейге дейін қалай азайтатынын білуі қажет. Фирма үшін да бір
жағымсыз жағдай болса да, кәсіпкер негативті нәтижелерді азайту
мүмкіндіктерін қарастыруы керек.
Тәуекелді өзін-өзі сақтандыру есебінен және хеджиралау жолымен
тәуекелдің бөліктерін басқа фирмаларға беру арқылы азайтуға болады.
Өзін-өзі сақтандыру меншікті қаражаттардың бөлігінің есебінен
зиянды жабу және ойда болмаған шығындарды жабуға қаражат жинақтаумен
байланысты. Құны фирманың қаржы көрсеткіштерімен салыстырғанда аса көп
емес мүліктің немесе бір типті мүліктің көп мөлшерін жоғалту қаупі
төнгенде, ішкі шаралар көмегімен өзін-өзі сақтандыру орынды болады.
Шет елдерде тәуекелді азайтудың кең тараған тәсілі- хеджиралау
(аудармасы-жоғалтулардан сақтау),қарсы валюталық, коммерциялық, несиелік
және тағы басқа талаптар мен міндеттерді даярлау. Бірақ, тәуекелдің көп
бөлігі (менеджерлердің қатесі, бағаның өзгеруі, сұраныс, дұрыс таңдалмаған
жоба және т.б.) толығымен кәсіпкерлерге жүктелген. Жағдайларды болжап,
кәсіпкерлік тәуекелді бағалауды үйрену керек. Кәсіпкерлік тәуекел-бұл
бизнестің түріне байланысты компанияның қызметінің тәуекелі. Олардың
негізгі түрлеріне өндірістік, коммерциялық және қаржылық (несиелік)
тәуекелді жатқызуға болады.
Қаржылық тәуекел мына операциялардан алынған шығындарда көрсетіледі:
несиелік, инвестициялық, құнды қағаздар имиссиясы.
Айналым және өндіріс өрісіндегі кәсіпорындар үшін 0аржылық тәуекелдің
құрамдастарын ажырата білу керек: несиелік,пайыздық, валюталық айрылып
қалған пайда тәуекелі, инвестициялық тәуекел, салықтық тәуекел.
Несиелік капитал нарығының қатысушылары қаржылық тәуекел деп әдетте
клиенттің төлем қабілетсіз болуына байланысты міндеттемелерді орындай
алмау қаупінен туындайтын жалпы экономикалық тәуекелдің бір түрін
түсінеді.
Қаржылық тәуекелді шешуге нақты қаржаттарды таңдаған кезде инвестор
келесі принциптерді назарда ұстауы керек: меншікті капитал мүмкіндігінен
артық тәуекелге бармау керек, аз нәрсе үшін көп нәрсені тәуекелге салмау
керек, тәуекелдің нәтижесін алдын ала білуге тырысу қажет. Яғни берілген
тәуекел бойынша, мүмкін болатын шығындардың ең көп мәнін есептеп, содан соң
берілген тәуекелге итермелейтін кәсіпорынның капитал көлемімен
салыстыру керек. Сонда ғана, бұл тәуекел кәсіпорынды банкроттық жағдайға
әкелмейтінін анықтауға болады. Басқаша айтқанда бұл тәуекелді басқарудың
жалпы стратегисы.
Қаржылық тәуекелді басқару процесі 6 сатыдан тұрады: мақсаттарды
анықтауға, тәуекелді анықтауға, тәуекелді бағалау, оларды жүзеге асыру және
нәтижелерді бағалау.
Мақсатты анықтау кәсіпорынды сыртқы орта жағдайынан немесе ішкі
орташа оңтайландырудан қорғау болып табылады.
Тәуекелділік ықтималдылығы ресми және бейресми көздерден әр түрлі
ақпараттар жинау көмегімен анықталады.
Шығындардың қаупін оның мағынасына байланысты үш түрге бөлуге болады:
банкроттық қаупі, шығынды болдырмау үшін қосымша ресурстардың қажеттілігі,
активтердің бір бөлігін шарасыз жоғалту.
Қаржылық тәуекелді басқарудың ең күрделі кезеңі болып табылатын
тәуекелді талдаудың міндеті мүмкін болатын серіктестіктерге, жобаға
қатысудың тиімділігі туралы шешім қабылдауға және ақша жоғалтуды
болдырмау шараларын жасау үшін қажет мәліметтерді беру болып табылады.
Тәуекелді талдау кезінде тәуекел аймағы ұғымын пайдалану маңызды,яғни
ол шекарасында белгіленген тәуекел деңгейінің шекті мәндерінен аспайтын
жоғалтулар болатын, рыноктың жалпы шығындар аймағы. Нарықтық экономика
жағдайында кез-келген кәсіпорын қызметінің 5 негізгі тәуекел аймағын
белгілеуге болады.
Тәуекелсіз аймақта операция жүргізген кезде кәсіпорын ешқандай тәуекел
жасамайды, ешқандай шығын көрмейді, кәсіпорын кем дегенде есепті табыс
алады. Жобаны орындау кезінде, теориялық жағынан кәсіпорынның табысы
шексіз.
Аз тәуекелді аймақтағы қызмет нәтижесінде кәсіпорын таза табысының
барлық мөлшерін немесе бір бөлігін жоғалту ықтималдылығы бар.
Жоғары тәуекелді аймақта кәсіпорын,нашар болған жағдайда барлық
шығындарын жабады, ал жақсы болған жағдайда есепті деңгейден төмен табыс
алады. Бұл аймақта өндіріс қызметті қысқа мерзімді несие есебінен болуы
мүмкін.
Қауіпті тәуекелді аймақта кәсіпорын есепті табысты ғана емес, сонымен
қатар өнім өткізуден (жұмыс,қызмет) түскен табысты жоғалту ықтималдылығы
бар және шығындарды өзінің есебінен қайтарады.
Жарамайтын (апатты) тәуекелді аймақтағы кәсіпорынның қызметі
банкроттыққа әкеледі, барлық инвестицияларын жоғалтады
Тәуекелді талдау кезінде оның көздері мен себептерін анықтау керек.
Пайда болу кеіне байланысты тәуекелділік былайша бөлінеді: меншікті
шаруашылық, адамның өзіне байланысты, табиғи факторлармен байланысты.
Тәуекелдідіктің пайда болу себептері болашақтың анықталмауынан, әріптестің
айқындалмаған мінезі, ақпараттың жетіспеуінен туындаған деп жіктеледі.
Қандайда бір жағдайда болмасын тәуекелділік шешімнің ақпаратпен
жабдықталу жағдайына байланысты болады.
Инвестор кейде нәтижелер анықталмаған және шектелген ақпаратқа
негізделген жағдайда шешім қабылдайды. Әрине, ақпарат толық болған жағдайда
тәуекелділікті жақсы болжап, оны төмендетуге болады. Мұндай жағдайда
пайдалы ақпарат тауар түрінде көрінеді. Ақпарат толық болған жағдайда,
толық ақпараттың құны белгілі бір заттың күтілген құныарасындағы айырма
түрінде көрініп, ал ақпарат толық болмаған жағдайда күтілетін құны түрінде
көрінеді.
Тәуекелді талдау бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бір-бірін
толықтыратын екі түрге бөлуге болады: сапалық және сандық.
Тәуекелді сапалық талдау тәуекелді басқарудың екінші кезеңі түрінде
көрінеді. Ол мүмкін болатын барлық тәуекелдерді теңестіріп салыстырады. Ол
салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін. Оның басты міндеті-жұмыс пен
кезеңдердің орындалуы кеіндегі тәуекелдің себептерін анықтауға, яғни тәекел
мүмкін болатын аймақты айқындау, содан кейін барып, барлық тәекелдерді
анықтау болып табылады
Тәуекелдік дәрежесіне әсер ететін барлық факторларды объективті және
субъективті деп бөлуге болады. Объективті факторларға кәсіпорыннан
тәуелсіз инфляция, бәсеке саяси және экономикалық дағдарыстар, экология,
кедендік салықтар жатады. Субъективті факторлар тікелей нақты түрін
сипаттайды: өндірістік потенциал, кадрлық құылым, шаруашылық байланыстар,
қаржылық жағдай.
Тәуекелдің сандық талдауы- бұл жалпы қаржылық тәуекелдің және ақшалай
шығындардың жеке түрлері бойынша нақты көлемін анықтау. Жеке тәуекелдің
өлшемдерін анықтау түрлі талдаудың әдістері арқылы жүргізіледі, соның
ішінде кең тарағандары: статистикалық, шығындардың мақсаттылығын талдау,
эксперттік бағалау әдісі, ұқсастықтарды (аналогтарды) пайдалану.
Статистикалық әдістің мәні берілген немесе ұқсас өндірістегі шығындар
мен табыстардың статистикасы зерттеліп ,сол немесе басқа экономикалық
қайтарулардың көлемі белгіленіп және болашаққа дәлірек болжау құрылуында
болып отыр.
Нәтиже неғұрлым жоғарғы болған сайын, кәсіпорынның қызметі солғұрлым
тәуекелді болады.
Тәуекелділіктің дәрежесін есептеудің статистикалық әдісі көптеген
көлемді мәліметтерді талап етеді. Олар әрдайым болмағандықтан, оны қолдану
қиындайды.
Шығындардың мақсаттылығын талдау кәсіпорынның экономикалық
тұрақтылығының көрсеткіштерін есепке ала отырып, тәуекелдің потенциалды
аймақтарын анықтауға бағытталған. Шығындарды артық жұмсау келесі 4
фактормен немесе олардың қосылулармен байланысты туындауы мүмкін:
1) құнның ең басында жете бағаланбауы:
2) жобалаудың шектерінің өзгеруі;
3) өнімділіктегі айырмашылық;
4) алғашқы құнның өсуі.
Бұл негізгі факторлар нақтылануы мүмкін. Мысал ретінде, қаржы-
қаражаттарының тәуекел дәрежесін анықтау мақсатында, қаржылық тұрақтылық
көрсеткіштері қызмет ете алады.
Эксперттік-бағалау әдісі маман-сарапшыға сұрақ-сауал қоюға
негізделген. Анкеталар кейін қойылған талдау міндетінің сол немесе басқа
шешімін қабылдау үшін статистикалық өңделеді.
Сапалы пікір алу үшін сараптауға жоғарғы білікті және қойылған
проблема аумағында үлкен практикалық тәжірибесі бар, даму тенденциясын
теңдей көрсететін қабілеті бар, қойылған мәселеге ынталы мамандар
қарастырылады.
Ұқсастықтарды пайдалану әдісі құбылыстардың, құралдардың, жүйелердің
ұқсастығын тауып пайдалануында болып табылады,яғни жаңа идеялар мен
ұсыныстар ұқсас объектілерді салыстыру негізінде пайда болады.
Бұл әдісті, сонымен қатар эксперттік бағалау әдісін пайдалану
түсінікте, талдаушының тәжірибесі мен біліміне байланысты болғандықтан,
анықтау субъективті сипат алады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, кәсіпкерлік тәуекелді талдау
кезінде тәуекелді төмендетудің жолдарын толық зерттеп білу керек.
Тәуекелді тиімді болжаумен фирма ішілік жоспарлау бойынша сапалы жұмыстар
жүргізу нәтижесінде төмендетуге болады. Тәуекелділікті төмендетудің ең
жақсы әдісі инвестициялық шешімдерді сауатты таңдау болып табылады.
2 Алматыметроқұрылыс АҚ-ның 2004-2005 жылғы мәліметін талдау
2.1 Алматыметроқұрылыс АҚ-ның бухгалтерлік балансын талдау
Ақшалай өлшеммен өлшенетін капитал мен міндеттемелер жөніндегі
белгілі бір мерзімге жасалған қорытынды есепті бухгалтерлік баланс деп
айтамыз. Баланс активтерді (осы үйымның каражаттарын) және бұларды
қаржыландыру көздерін экономикалық маңызына қарай белгілі бір уақытта
жинақтап отырады. Баланс көрсеткіштері ақшалай бағаланады. Міндеттемелер
қанша ақшаның қайдан алынғандығын көрсетеді. Активтер алынған ақшаның
немесе қаражаттардың қалай жүмсалғандығын, қайда және не үшін жүмсалғанын
көрсетеді. Меншікті капитал осы ұйымды күрып қалыптастырушы жеке тұлғаның,
үйым иесінің салған ақшасынан тұрады.
Алматыметроқұрылыс АҚ-ның балансының актив бөлімі
Кесте 1
Көрсеткіштер Сандық мәні Ауытқуы өсу қарқыны
%
Млн.тг
2004ж 2005ж
I.Ұзақ мерзімді
активтер
1.Материалдық емес 1245 1853 608 149
активтер
Материалдық емес -144 -299 -155 -208
активтердің
амортизациясы
2.Негізгі құралдар 24487604 28845186 4357582 118
Негізгі құралдардың -57172 -120402 -63230 -211
тозуы
4.Дебиторлық берешек163964 454572 290608 277
Ұзаќ мерзімді 24595497 29180910 4585413 119
активтердің барлығы
II.Айналымдағы
активтер
1.Тауарлы 188410 316080 127670 168
материалдық қорлар
2.Дебиторлық берешек163964 454572 290608 277
3.Қаржылық 12176 85985 73809 706
инвестициялар мен
ақшалар
Айналымдағы 695817 2095224 1399407 301
активтердің барлығы
Баланс 25291314 31276134 5984820 124
Жоғарыдағы кесте мјліметі бойынша Алматыметроқұрылыс АҚ-ның кіріс
деңгейі 2004 жылы 25291314 млн.тг,ал 2005 жылы 31276134 млн.тг болды.2
жылдың мјліметін салыстырғанда 5984820 млн.тг кіріс кірді немесе 24 пайыз
артық орындалған.Оның артық орындалуына әсер еткен факторлар ұзақ мерзімді
активтер және айналымдағы активтер болып отыр.Ұзақ мерзімді активтер
2004жылы 24595497 млн.тг ,ал 2005жылы 29180910 млн.тг болды. 2 жылдың
мәліметін салыстырғанда ұзақ мерзімді активтер 4585413 млн.тг артық түскен
немесе 19 пайызға артық орындалған. Ұзақ мерзімді активтердің артық түсуіне
әсер еткен материалдық емес активтер, негізгі құралдар, дебиторлық берешек
болған.Сонымен қатар айналымдағы активтер 2004жылы 695817 млн.тг , ал 2005
жылы 2095224 млн.тг болған.Бұл мәліметті салыстырсақ айналымдығы активтер
1399407 млн.тг артық түскен.Айналымдағы активтердің артық түсуіне әсер
еткен тауарлы материалдық қорлар, дебиторлық берешек, қаржылық
инвестициялар мен ақшалар болған.
Алматыметроқұрылыс АҚ-ның балансының пассив бөлімі
кесте 2
Сандық мәні Ауытқуы өсу ќарқыны
Көрсеткіштер
Млн.тг %
2004ж 2005ж ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz