Заңды тұлғалардың көліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
“Қолданбалы информатика” кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: “Заңды тұлғалардың көліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу”
Орындаған: 4 курс 401 - топ
студенті Сегизбаев Д. О.
Тексерген: э. ғ. к., доцент Байшоланова Қ. С.
Алматы 2005ж.
Мазмұны
Кіріспе
Мемлекет тәуелсіздігінің ең басты шарттарының бірі дербес салық саясаты болып табылатытындығы баршаға аян. Егемендік қолға тиген алғашқы күндерден -ақ салық қызметіне басты назар аударылғаны белгілі. Қай кезеңде болмасын кез-келген елдің қоғамдық әлеуеті мен тұрақтылықы, экономикалық дамуы мен өркендеуі салық жүйесінің іс-әрекетіне байланысты екені белгілі. Салық ісі күрделі. Нарықтық экономика жағдайында салық ісі жоғары дәрежеде болуы тиіс. Мемлекетте алынатын салықтардың түрлері, салық қызметінің мемлекеттік салық жүйесін құрайды. Қазақсатан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына және Салық Кодексіне сәйкес экономикалық іс-әрекеттеріне байланысты мемелекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдерді бюджетке беріп отыруға міндетті. Салық комитеті біздің республикамыздағы азаматтарға салық төлемдерінің есептелуін және төленуінің тәртібін хабарлап, түсіндірулері керек, сонымен қатар бюджетке белгілі мерзімде түсіп отыруын бақылап отырулары қажет. Бүгінгі күнде салық комитеттерінің ең басты бағыттарының бірі ол қазіргі замағы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып салықты жинауды ұйымдастыруды жетілдіру. Мемлекеттің нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты салық жүйесінің осы бағытта жаңа перспективалары пайда болды. Осыған байланысты ұйымдастыру мүмкіншілігінің біркелкі интегрирленген ақпараттық желісі пайда болды, яғни салық органдарының өз араларында және де басқа мекемелермен ақпараттық жүйесі тығыз, кең көлемде байланысу мүмкіншілігіне ие болды. Курстық жүмыс Бостандық аудандық салық комитеттіндегі заңды тұлғалардың көлігіне салынатын салықтың ақпаратық жүйесін тұрғызу, яғни кез-келген уақытта салық инспекторының немесе салық төлеушінің сұранысы бойынша айқын, нақты салық төлемі бойынша ақпарат алуды ұйымдастырады, сонымен қатар есепті жылы көлікке төленген салық жайлы толық ақпарат алуға көмектеседі. Курстық жүмыс кіріспеден, теориялық, негізгі, ақпараттық жүйені қолдануы мүмкін болатын саланы бағалау, корытынды бөлімдерінен, әдебиеттер тізімінен тұрады.
«Заңды тұлғалардың көліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін негіздеу» бөлімінде пәндік сала, аудандық салық комитеттінің сипаттамасы, есептің ақпараттық жүйесінің құрылу мақсаты және тағайындалуы қарастырылады. Оның құрлымына қойылатын: ақпараттық, программалық математикалық, техникалық, лингвистикалық ұйымдастыруды қамтамасыз ету талаптары анықталған және “Заңды тұлғалардың көліктеріне салық қтөлемдері есебі” ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы құрылған.
Негізгі бөлімде “Заңды тұлғалардың көліктеріне салынатын салық төлемдері есебі” есептер кешінінде орнын анықтау. Салық комитететінің ақпараттық жүйесінде, есептер кешенін ұйымдастырудың экономикалық мәні, ақпараттық база және есептер кешенің жүзеге асыруда қолданылатын программалық қамтамасыз ету құрлымы оны жүзеге асыратын программалық құрал-жабдықтар, математикалық қамтамасыз ету сипатталады. Сонымен қатар бақылаушы есеп және қолданушыға нұсқаулар берілген.
Курстық жүмыста 20 атаудан тұратын әдебиеттер тізімі берілген.
1. “ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КӨЛІКТЕРІНЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ ТӨЛЕМДЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН НЕГІЗДЕУ
1. 1. “Заңды тұлғалардың көліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алу”. үрдістің экономикалық мәні
Көлікке салық төлеуші болып жеке меншігінде көліктері бар, шаруашылық жүргізуінде немесе жедел басқарудағы мемлекеттік есепте тұрған заңды және жеке тұлғалар болып табылады. Заңды тұлғалар көлігіне салынатын салықтың объектісі барлық көліктің түрлері жатады: жеңіл көліктер, жүк тасмалдайтын көліктер, автобустар, өздігінен жүретін көліктер, пневматикалық жүрістегі механизмдерді қоспағанда, мотоциклдер, мотороллер, мотосани, катер, буксир, судалар, ұшқыш аппаратар; Салық жыл сайын төленіп ол айлық есептегіш көрсеткіші процент түрінде көлік құралының қуатылықының ставкасы бойынша есептеледі. Салық бойынша арнайы жеңілдіктер бар, мысалы: арнайы техникамен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін өндірушілер, қоғамдық кәсіпорындар, ұлттық банк және оның бөлімдері, карьер автосамосвалдары салық төлеуден босатылады. Салық төлеу мөлшері көліктің двигателіне байланысты есептеледі. Двигателідің көлемінің өлшем бірлігі сантиметр куб пен өлшенеді. Салықты есептеуде мынандай көрсеткіштер ескеріледі: айлық есепті көрсеткіш, салықтың көлемі, шығу мәліметтері, яғни көлемнің бірлікке артуы, 6 жылға дейін және 6 жылдан көп көліктердің эксплуатация мерзімі бойынша, эксплуатация мерзімі 6 жылдан асқан көліктерге коэффициенттер белгіленеді.
Техникалық куәлігін, алдыңғы жылғы түбіртекті көрсеткенде салық есептеліп заңды тұлғалар салық төлеушінің нөмірімен салыстырылып салық есептеледі. Салық төлегенен кейін анықтама алу үшін техникалық куәліктің көшірмесін, сол жылғы және былтырғы жылғы түбіртектердің көшірмесі, егер де заңда көрсетілген жеңілдіктер болса, сол жеңілдікті растайтын құжат көшірмесін ұсынуы тиіс. Осы құжаттарды ЭЕМ рәсімдейді инспектор анықтамада түбіртектің түп-нүсғасында жазба нөмірін, қолын қойып мезгілін көрсетеді . Анықтама орындаушы инспектор және аудандық салық комитетінің төрағасының қолы қойылып мөрмен бекітілгенен кейін беріледі.
1. 2 Бостандық аудандық салық комитетінің сипаттамасы және басқару жүйесі
Бас салық инспекциясы мен облыстық, аудандық, қалалық салық ннспекцияларынан құралатын мемелекеттік салық қызметін қамтиды. Ол салықтар және бюджетке міндетті төлемдер туралы республика заңдарының және бағалар мен тарифтер тәртібінің қатаң сақталып, орындалуын жүзеге асырып отырады. Салық қызметінің құрлымын келесі төмендігі 1-суреттен көреміз.
- сурет Салық қызметінің құрлымы
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді. Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады:
- салық субъекті. немесе салық төлуеші. Ол заң жүзінде салық төлеудің міндеттілігі жүктелеген тұлға, алайда рыногтык механизм арқылы салық ауыртпалықы басқа тұлғаға-салықты алып жүрушіге қойылуы мүмкін.
- салық объектісі. Бұған салық есептелетін табыс немесе мүлік жалақы, пайда, бағалы қақаздар, жылыжымайтын мүлік және басқалары жатады.
- салық көзі. салық төлеушінің салық салынатын табысы.
- салық ставкасы. Ол салық салу бірлігіне салынатын салық мөлшері (табыстың ақшалай бірлігі, жер көлемінің бірлігі, тауар өлшемінің бірлігі және т. с. с. ) . Салық салу пратикасында ставкалардың мынадай түрлерін ажыратады:
- тұрақты салық ставкалары. Олар табыс көзіне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді;
- пропорционалды салық ставкалары. Олар салық объектісіне (оның мөлшерін саралаудыесепке алмай) бірдей пайыздық қатынаста іс-әрекет етеді;
- прогрессивті салық ставкалары. Бұл жағдайда прогресивтік салық ставкасы табыстың артуына қарй өсіп отырады. Нәтижесінде салық төлеуші табыстың үлкен абсолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесінде төлейді. Прогрессивті салықтар ең алдымен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық түсіреді.
- Регрессивті салық ставкалары. Олар табыстың өсуіне қарай төмендейді. Регрессивті ставкалар табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдардың иығына ауыртпалық түсіреді. Нарықтық қатынастарының қалыптасуы жағдайында салық жүйесі белгілі бір принциптерге сәйкес жүргізіледі. Белгілі (Я. Корнаи және басқалары) ұсынған - дүниежүзілік тәжірбиеде санақтан өткен принциптер бар, олар негізінен, мыналарға саяды:
- Салық салудың формаларын белгілеу барысында қарапайым формаларды қолданған жөн. Өйткені төлеушілердің бір бөлігі табыстарын кемітіп көрсетіп, салық төлеуден жалтыруға тырысады.
- Салық жүйесі мүмкіндігінше бейтарап болуы тиіс. Мемлекет төлеушілерді салық жүйесі арқылы ынталандыруға да, жазалауға да жол бермеуі тиіс. Бұл үшін бюджеттің кіріс бөлігінде табыстарды қысқартудың орнына шығыс бөлігінде арнайы баптар қарастырылуы тиіс. Бұл ашық істеледі. Салық ставкасының түріне қарамастан бірыңғай болуы тиіс. өнімдердің, қызметтердің жеке түрлерін немесе әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау, мәдениет салаларын мемлекет қаржыландырғанымен, бұл қаржыны салық ставкаларын өзгерту жолымен алуға болмайды. Саяси билік жекелеген топтардың қысымына берілмеуі тиіс. Бұл принцип нарықтық экономика тұрғысынан маңызды принцип. Шынайы бағаларсыз нарық болмайды. Орынсыз салық жеңілдіктері бағада көрініс тауып, әрбір өнімнің нақты құнын бере алмайды.
- Прогрессивті салықтардың орнына тікелей пропорционалды салықтарды басымдырақ пайдалану. Тіке тұтыну салықын қосылған құнға салынған салық түрінде жұмысшылар мен қызметшілердің жалақыларының бірыңғай тіке пайдаға салынатын салықты пайдаланған жөн; мұндай салықтың ставкалары төлеуші кәсіпорының меншік формасына қатыссыз, бірыңғай болуы тиіс.
- Салық жүйесі экономика қызметінің жақсарып, күрделі жұмасалымның өсуіне кедергі келтірмеуі тиіс.
Көп жұмыс істегендерге прогрессивті салықты салуға болмайды. Өнімділікке өндіріске және күрделі салымға салықтардың ықпалы қандай болатынын ескеру қажет. Егер теріс ықпал жасаса, оны қолданудың реті жоқ. Бүгінгі таңдағы экономикалық жағадайда салық органдарына жүктеліп отырған міндеттердің оңай еместегі белгілі. Бұған Елбасының салиғалы жиындарда айтқан нұсқау сөздері де, үкімет қабылдап жатқан құжаттардағы талап-міндеттер де куә. Нарықтық экономикаға тезірек көшудің, сөйтіп өркениетті елдер қатарына қосылудың да бір тетігі сол салық саясатын дұрыс жүргізуде жатса керек. Бұдан жеті жарым жылдай бұрын заман талабына сай дүниеге келген "Салық және бюджетке төленентін басқа да міндетті төлемдер туралы" Президентіміздің Жарлықы жаңағы күрделі мәселелерді жүзеге асырудың кепілі әрі сенімді заңдық базасы екені даусыз. Әрине, салық қызметінің аумағы сан салалы, қыры мен сыры мол. Оның бәрі де аталмыш Жарлықта жүйеленіп, айқындалған онан соң сол құжат негізінде жасалған салалық Ережелерде нақтыланып, бекітілген. Біз өз жұмысымызды соларды басшылыққа ала отырып жүргіземіз. Аталмыш мәселелерді ойдағыдай шешіп отыру үшін бізге облыстағы салық органдарының қызметіне байланысты ақпарат жинауды, оны өңдеу мен сақтауды автоматтандыру, осыған орай барлық техникалық және бағдарламалық құралдардың мінсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелеген. Төменгі буындағы қызметкерлеріміздің коппьютерлік сауатын жетілдіру, оларға әдістемелік басшылық жасау да жеке бір төбе міндетіміз. Ал салық қызметіне арналаған қазірігі қолданыстағы бағадарламаларды игеру және жаңа бағдарламалық өнімдер жасау - өзекті бағыттарымыздың бірі. Бүгінгі таңда барлық компьютерлік машиналар ойдағыдай жұмыс істеуі үшін оларға тиісті техникалық қызмет көрсетуді жолға қойдық. Комитеттің басқа бөлімдермен тығыз байланыста болғандықтан, оларға жұмыс барысында көмек көрсету дәстүрге айналған. Мысалы, бақылау-талдау бөліміне тексерістер жүргізу үшін өз ұсыныстарымызды жиі-жиі беріп тұрамыз. Сондай-ақ кешенді ревизиялар жүргізілгенде міндетті түрде қатысып, өз қорытындыларымызды басшылыққа жеткіземіз. Түскен салықтың көлемдері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы жедел есеп беру, тәркіленген мүлік бойынша есеп беру, салық комитеттерінен, басқа да сыртан түскен деректерді өңдеу салық органдарының деректерін Қазынашылықтың облыстық басқармасындағы деректермен салыстырып тексеру, салықтар мен төлемдер бойынша болжам деректерді өңдеу және орындаушыларға жеткізу- міне, осы сияқты көптеген маңызды шарауалармен күнделікті айналысуда. Осыншама көлемді міндеттерді жүзеге асыруда компьютерлік техниканың алар орны ерекше. Қазіргі жаппай компьютерлендіру заманында қандай да болмасын мекемені электрондық есептегіш машиналарысыз көзге елестету мүмкін емес. осы бір ғажап аппараттар бүгінгі салық қызметінде де адам айтқысыз көмекші болып отыр. Обылыстың салық жүйесінде компьютерлендіру бұл жаңалық өмірге ене бастаған кезеңнен-ақ жүзеге асырылған болатын. Енді ол жыл сайын жетілдіріліп, жаңартылып, жақсартылып отырады. Барлық аудандар орталықпен электрондық почта арқылы байланыс жасайды. Бұл да сала жұмысын ұйымдастыруда барынша жеңілдік әкелетіні түсінікті. Тек жергілікті жерлерде энергия қуатының ара-тұра үзіліп қалатындығы ғана іске кедергі келтіреді. Салық комитеттерінде локальді компьютерлік желі жұмыс істейді. Оның тұрақтылықын қамтамасыз ететін "сервер" қондырғысы бар. ПЭВМ-мен атқарылатын барлық операцияларды компьютерден компьютерге жүгірмей- ақ, қажет болған құжатты іздеуге, өңдеуге, бастыруға, тағы сол сияқты жұмыстарды орындауға уақыт кетірмей-ақ аталмыш желінің көмегімен жүзеге асыра беруге болады. Яғни, жалпы кеңсенің жұмысын ұйымдастыруда, бөлімдердің өзара байланысын қамтамасыз етуде, олардың іс-әрекетін үйлестіруде бұл өте ыңғайлы, қолайлы дүние әрине, электронды техникамен жұмыс істеудің тиімділігі оның тілін жақсы меңгергенде ғана мүмкін болмақ. Сондықтан сала қызметкерлерінің компьютермен жұмыс жасауға, жаңа бағдарламалармен таныстыруға ұдайы көңіл бөлініп отыр. Салық комитеттерінің жұмысын электрондық жабдықтардың көмегімен қамтамасыз ету ісінде ұсақ-түйек деген болмайтынын тәжірибе көрсетіп отыр. Мысалы, ақпарат жібергенде компьютерді вирусқа қарсы бағдарламамен тексеріп алмаса, электрондық почтада немесе ішкі компьютерлік желіде ағау пайда болуы мүмкін. Тіпті қарапайым хат, я болмаса басқа да құжат дайындағанның өзінде қағаздың тек стандараттық парақтарын, беттерін пайдаланудың да маңызы бар. Міне, осындай мәселелердің бәрін қызметкерлердің бәріне жеткізіп отыру керек. Бұл жалпы кеңсе жұмысының мәдениетін арттырып қана қоймайды, оның барынша тиімді, біркелкі ырғақты, "сағат тәрізді" болуын қамтамасыз етеді. Бірақ уақыт озған сайын ақпарат ағыны өрістеп, сол ақпаратты өңдеудің шынайлықы мен жеделдігіне қойылатын талаптардың өсіп отырғаны белгілі. Сондықтан салық органдарының алдында өз жұмысын құрылымдық-функционалдық тұрғыдан үнемі жетілдіріп отыру мақсаты тұр. Осы мақсатты жүзеге асыру ниетімен, сондай-ақ жалпы республикада салық бойынша әкімшілік етуді жақсарту үшін біріктірілген салықтық ақпарат жүйесінің концепциясы жасалған болатын. Бас салық комитеті заман талапына сай бағдарламалық маңызы бар, үлкен де күрделі жұмыс жүргізген. Аталмыш концепция негізінен екі мәселені шешуге бағытталған. Біріншісі - салықтық түсімдер, бюджеттен тыс жарналар мен мемлекет алдыңдағы басқа да қаржылық міндеттемелер жинауды ұлғайту болса, екіншісі - Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін оның негізгі компоненттерін (Банк жүйесін, Қазынашылықты, қаржы органдарының жүйесін, Салық полициясын, кеден комитетін, зейнет жүйесін) біріктіре отырып, нығайту. Аталған мақсаттарды жүзеге асырудың стратегиясы негізінен мыналрға келіп тіреледі:
- Шешім қабылдайтын адамдарды уақытында және толық ақпаратпен қамтамасыз ету;
- қазіргі заманғы салық бойынша әкімшілік етуді іске асыру үшін ұйымдық деңгейде барлық қажет ақпаратты жасау;
- бүкіл мемлекеттік басқару органдары үшін қолдануға оңтайлы әрі тиімді бірегей ақпаратты жүйелер жасау, т. с. с.
Жаңа ақпараттық технологияны өмірге енгізу еңбекті неғұрлым тиімдірек ұйымдастыру және салық бөлімшелерінің жұмысындағы басым бағыттарды айқындау арқылы салық жинау бойынша материалдық- еңбек шығындарын едәуір қысқартады деп күтілуде. Концепцияның біріктіру жөніндегі стратегиялық мәселелері ақпарат ағындарының қайталануын жою, деректерді электрондық құралдардың көмегімен беру және ақпаратты автоматтық бақылау әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Еліміздің 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын орындау жолында бұл да бір елеулі белес болмақ.
КСРО-ның ыдырағанынан кейін және оған сәйкес КазССР болып қайта қүрылғанынан соң 1991жылы Қазақстан Республикасының салық жүйесі қүрылды. Бұл тарихи кезеңге дейін Алматы қаласында аудандық қаржылық бөлімдер болған. Олардың біліктілігіне өз аудандарына кіретін әртүрлі қаржылық іс-әрекеттерді бақылап отыру жұмыстары кірген.
Жаңа салық жүйесініңі құрылуына байланысты мынынандай ведомстволар құрылған: Мемлекеттік Кіріс Министірлігі, Салық комитеттері, Салық полициялары. Алматы қаласы бойынша 6 аудандық салық комитеті бар олар: Ауезов, Алмалы, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб. Олардың ұйымдастыру қүрлымы бойынша аудандық салық комитеттерінде 6 бөлім бар әр бөлімді жеке қарастырамыз: салықты тексеру, салық төлеушілермен жүмыс жөніндегі, өндіріп алу бөлімі, бақылау-талдау, ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету, әкімшілік- шаруашылық және инспекциялық ұйымдастыру. Бостандық аудандық салық комитеттінің ұйымдастыру құрлымын келесі 2-ші суретте келтіреміз:
Бостандық аудандық салық комитетінің ұйымдастыру құрлымы
2-сурет
Бостандық аудандық салық комитетінің барлық бөлімдері өз жүмыстарын Президентінің Заңдық күші бар “Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер” жарлықы бойынша қызмет атқарады. Барлық бөлімдер қызмет көрсету барысында Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасының заңдарымен заңдық күші бар жарлықтарды, Қазақстан Республикасының президентінің шешімдерімен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кіріс Министірлігінің басқа да нормативті актілерін негізге ала отырып жүзеге асырады.
1 Аудандық салық төлеушілер бөлімі
Салық төлеушілерге кеңес береді (декларацияны толтыру, тіркеу формалары және т. б. ) декларацияларды қабылдайды, жобаланатын табыс туралы анықтамаларды және есеп айырысуларды жүзеге асырады. Визуалды бақылауды (барлық граффалардың дұрыс толтырылуын, қолтаңбалардың, мөрдің және т. б) бірінші математикалық логикалық, яғни айқын қателерді тексереді мысалы: салықтың табыстан көп болуы сияқты қателерді тексереді және дұрыс толтырылған құжаттарды ақпараттық қамтамасыз ету бөліміне береді.
2 Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімін бөлім бастығы басқарады, ол жүмысты ұйымдастырады, бөлімге жүктелген міндеттерді және сол бөлімдегі қызметкерлердің міндеттерін белгілейді. Бөлімге келесі функционалдық міндеттер жүктелген:
- Қазақстан Республикасының ИНИС жүйесінің тұрақты жұмыс Қазақстан Республикасының істеуін қамтамасыз ету;
- ЭКНА АЖ, ИСИД АЖ, НДС АЖ орнату;
- қызметкерлердің Қазақстан Республикасының ИНИС жүйесімен сонымен қатар ЭКНА АЖ, ИСИД АЖ, НДС АЖ көмекші ақпартаттық жүйелерімен жүмыс жасауға үйрету;
- Аудандық әкімшіліктендіру деңгейінде ақпараттық жүйелер туралы арнайы анықтамалық оқулықтар беруді ұйымдастыру, бақылау қажет;
- Салық комитеттінің техникалық және ақпараттық қажеттіліктерін толықымен қанағаттандыру үшін тиімді жағдай жасау;
- Ағымдағы есптердің орындалуын: сальдоны есептеу, өсімдердің өсуін, қажетті ақпараттарды құруға, көмекші программалардың файлдарын жүктеуге міндетті;
- Қазақстан республикасының Кіріс министірлігінің тапсырмасы бойынша тапсырылатын бір рет орындалатын ақпараттардың уақытысында орындалуын қамтамасыз ету;
- Техникалық оқуларды өткізу;
- Бюджетке уақытысында төлебеген 1-н есеп беру бойынша айлық есеп берудің орындалуын қамтамасыз ету;
- Бюджетке төленетін міндетті төлемдердің соммасы жайлы есеп беру кәсіпорының түріне байланысты, жеке тұлғалардың экономикалық іс-әрекетіне байланысты дайындалады;
... жалғасы-“Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасысының ережесін” және “Жемқорлықпен күрес” жайлы Қазақстан Республикасының заңының орындауға міндетті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz