Қазақ диалектологиясындағы лингогеография мәселесі туралы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

САҒЫБАЕВА МАНАР ӘБДІМҰҚАШҚЫЗЫ

ҚАЗАҚ ДИАЛЕКТОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ЛИНГОГЕОГРАФИЯ МӘСЕЛЕСІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 0212 - «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті»

Қарағанды-2002 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті

Қазақ тіл білімі кафедрасы

Қорғауға жіберілді

кафедра меңгерушісі

ф. ғ. д., профессор Ш. М. Мәжітаева

«» 2002 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ҚАЗАҚ ДИАЛЕКТОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ЛИНГОГЕОГРАФИЯ МӘСЕЛЕСІ

Мамандығы: 0212 - «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті»

Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Жартыбаев А. Е.

Студент: Сағыбаева М. Ә.

Қарағанды-2002 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4-10

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І - Тарау.

ҚАЗАҚ ДИАЛЕКТОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ЛИНГОГЕОГРАФИЯ зерттеулері 11-38

  1. С. Аманжоловтың диалектілік

лингогеографиялық зерттеулері 12-25

1. 2. Ж. Досқараев қазақ тіліндегі говорлар туралы 25-32

1. 3. Н. Сауранбаев қазақ тіліндегі диалектілер туралы 32-36

  1. Ш. Сарыбав, О. Нақысбеков зерттеулері 36-38

ІІ - ТАРАУ

ҚАЗАҚ ДИАЛЕКТОЛОГИЯСЫНЫҢ ЛИНГО-

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ 39-45

  1. Шығыс говорлар тобы 40-41
  2. Батыс говорлар тобы 41-42
  3. Оңтүстік говорлар тобы 42-43
  4. Орталық-солтүстік говорлар тобы 43-44

Қорытынды 45-46

Пайдаланған Әдебиеттер тізімі 47-50

КІРІСПЕ

Қазақ диалектологиясы - тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда кейін пайда болған, ірге тасы кейінірек қаралған сала. Қазақ диалектологиясының ғылыми мәселелері туралы пікір айту, оның объектісі - говорларды зерттеу ісі 1940 жылдардан бастап қана қолға алына бастады. Бұл салада алғашқы еңбек жазғандар С. А. Аманжолов пен Ж. Д. Досқараев болатын. Қазақ диалектология ғылымының ірге тасын қалаған екі ұстаз ғалымдарымыз алғаш рет материал жиып, оларды бір ізге түсіріп, диалектологиялық сөздік жасаумен ғана шектелмей, қазақ диалектілерінің классификациясы, әдеби тіл негізі т. б. теориялық мәселелер жөнінде өз пікірлерін айтқан еді. Олардың еңбектері қазақ диалектологиясының әрі қарай дамуына, кемелдеуіне зор әсер етті. Кейінгі зерттеулерге мұрындық болды. Революциядан бұрын және одан кейін де (1946 жылға дейін) диалектология мәселелеріне арнайы мақалалар басылмаған еді. Қазақ диалектологиясының жеке ғылым болып қалыптасуына көп еңбек сіңірген С. Аманжолов болды. Ол ұзақ жылдар бойы жоғары оқу орындарында осы пәннен лекция оқып, кадр дайындау ісіне мол үлес қосты. Диалектологиялық экспедициялар ұйымдастыруға, диалектологияның проблемалық мәселелерін көтеруге тікелей араласып ат салысты. Революциядан бұрынғы нұсқалардан, халық ақындары мен қазақ тілінде шыға бастаған аудандық газеттерден қыруар лексикалық материал жинауда зор еңбек сіңірді. Қазақ диалектологиясы жайында күрделі еңбектер де жазды. Лексикалық материалдар, әсіресе, С. Аманжоловтың монографиялық еңбегінің соңында берілген диалектологиялық сөздігінде мол қамтылған /1/. Бұл сөздік 4000 сөзді қамтиды. Реестрдегі әрбір сөз орыс тіліне аударылуы және жеке тіркестердің реестерлік сөз ретінде алынуы сөздіктің құнын арттыратыны сөзсіз. Бірақ сөздердің 2000-ға жуығы қай жерден алынғандығы белгісіз болғандықтан 1969 жылы жарық көрген диалектологиялық сөдікте пайдаланады.

Диалектологияға көп еңбегі сіңген тіл мамандарының бірі - филология ғылымының кандидаты Ж. Досқараев. Ол диалектологиядан тұңғыш рет мақала жазып, монографиялық еңбек шығарған ғалым. Ж. Досқараевтың 1955 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері» атты сөздігінде екі мыңға жуық сөз қамтылып, мағынасы ашылған. Автор сөздердің тек қана мағынасын түсіндірмей, олардың басқа тілдеріндегі баламаларын тауып, салыстырмалы-тарихи әдіс тұрғысынан қарастырады, көптеген сөздердің этимологиясын ашып, көп мағыналылығын сөз етеді. Біраз сөздердің шығу төркіні жайлы да қызықты деректер бар.

С. А. Аманжолов пен Ж. Досқараевтың сөздіктері қазақ диалектологиясы ғана емес, бүкіл түркология ғылымындағы алғашқы диалектологиялық сөздіктер болғандықтан, кейбір олқылықтарға мән бермей отырмыз. Мысалы, Ж. Досқараев сөздігінде омонимия мен полисемияны ажыратуда дәйексіздік, бір диалектілік сөзді екінші бір диалектілік сөздермен түсіндіру фактілері кездеседі. С. Аманжоловтың сөздігінде біраз материалдардың жергілікті сөйлеу тілінен алынбай революцияға дейінгі жазба нұсқаулардан алынғаны, сөздікке енгізілген сөздердің тең жартысы қай аудан, қай облыста айтылатыны жөнінде мәлімет берілмегендігі, қарапайым сөздер, кітаби лексика және диалектизмдердің арасына шек қойылмағандығы, сөздікке кітаби, қарапайым сөздер де еніп кеткені байқалады. Бірақ бұл кемшіліктер аймақтық лексикография саласындағы алғашқы еңбектер санатына жататын сөдіктердің сапасына ақау келтіре алмайды.

Арнайы экспедиция ұйымдастыру арқылы жергілікті ерекшеліктерді жинау жұмысы 1937 жылы басталған болатын. 1945 жылы Тіл және әдебиет институтының жанынан қазақ тіл тарихы мен диалектология бөлімі ашылды. Содан бергі мерзімнің ішінде төрт докторлық, 15 кандидаттық диссертация қорғалды. Бұрын зерттелмей жүрген говорлар сипаттамалы әдіспен зерттеліп, олардың диалектикалық классификациясындағы орындары анықталып отыр. Говорларды топтау мәселесі жөнінде диалектологтар бір шешімге келген сияқты.

Бұдан басқа говорлардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктері анықталып, әрбір говорға тән өзіндік ерекшеліктермен қатар бір топ говорларға тән ортақ айырым ерекшеліктер де біршама анықталды.

Говор құрамындағы архаизм, кәсіби сөздер, фразеология, кірме сөздер аралығында жік қою мәселелері де зерттелді. 1946 жылдан бастап жеке мақалалар, ал 1951 жылдан жеке монография, кітапшалар шыға бастады. 1958 жылдан бері қарай диалектология саласынан 7 жинақ жарық көрді, көлемі 30 баспа табақ диалектологиялық сөздік басылып шықты. Диалектологтар Қазақстанның оңтүстік облыс тұрғындарының тіл ерекшеліктері бойынша диалектологиялық атластың нобайлы (пробный) нұсқауын жасады. Бұл жұмыстар қазақ диалектологиясының кейбір мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. Алдымен күн тәртібіне қазақ говорларын топтастыру мәселесі қойылған болатын. Бұл мәселе жөнінде диалектологтардың арасында әр түрлі пікірлер болады. Кейбір зерттеушілер қазақ тілінде 3 диалект бар десе (С. Аманжолов), енді бір зерттеушілер 2 диалект бар деді (Н. Сауранбаев, Ж. Досқараев), ал Ғ. Мұсабаев диалект жоқ дегенді айтты. Осы талас мәселені шешу үшін айтыс-тартысты доғара тұрып, материал жиюды қолға алу керек еді. Кейінгі 20-25 жыл бойы жиналған материалдардың негізінде тілімізде 4 говорлар тобы бар деген тұжырымға келіп отырмыз (оңтүстік, шығыс, батыс және орталық-солтүстік) .

Қазақ диалектологтары говорлардың әрбіреуінін ерекшеліктерін сипаттап, сандық құрамын да көрсетіп берді. Одан әрі диалектологтардың кәсіби сөздерді зерттеу, говорлар құрамындағы кірме элементтерді анықтау, қазақ говорларының басқа тілдермен қарым-қатынасын, говорлардың түрлерін (ауыспалы, аралас болуы) ажырату, аймақтық лексикография теориясын жасау, говорларды лингвистикалық география әдісімен зерттеу жолында да табыстары аз емес.

Қазақ диалектологтарының лексикалық материалдарды жүйеге келтіріп, лексика-семантикалық топтарға бөліп, жинақтауы өз алдына, олар өздері зерттеп отырған тұрғындар тіліндегі архаизм, неологизм, кірме сөздер, фразеологизм, табу, эвфемизм, семантикалық ерекшеліктер және т. б. ғылыми мәселелер тұрғысынан да зерттеулер жазды.

Қазақ говорларындағы лексикалық ерекшеліктерді арнайы зерттеуге арналған жұмыстардан Ә. Нұмағамбетов, Ғ. Қалиев, Т. Айдаровтың еңбектерін ғана атай аламыз. /2/ Ал, белгілі бір говорды не говорлар тобын тұтас зерттеуге арналған еңбектерде сол говордың лексикасын зерттеуге арналған тараулары бар /3/. Осы еңбектерде лексикалық ерекшеліктер түрлі лексика-семантикалық топтарға бөлініп, кейбір сөздердің этимологиясы, көнерген сөздер, неологизмдер, кірме сөздер жайында мәлімет берілумен қатар балық, мақта, ирригация, мал шаруашылықтарына байланысты қолданылатын кәсіби сөздерден де сәуір материалдар келтіріледі.

Говордың лексикасын арнайы зерттеуге арналған еңбектердің бірі - Т. Айдаровтың монографиясы. Бұл еңбекте жоғарыдағы монографиялардағыдай сөздерді лексика-семантикалық топқа бөлу, көнерген, кірме, омоним, синоним сөздер сипатталулмен қатар жергілікті сөздердің фразеологиялық тіркестер, қосалқы есімдер құраудағы ерекшеліктері сөз етіледі.

Ғ. Қалиев 1985 жылы «Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру» деген атпен жарық көрген еңбегінде қазақ говорлары тіл жұйесінің сипаты мен диалектілік сөз тұлғалары, диалектілік сөз тудырудың қазақ тіл білімінде зерттелуі, қазақ говорларындағы сөз тудыру проблемалары, диалектілік есім сөздер тудыратын жұрнақтар, диалектілік күрделі сөздер, диалектілік сөз тудырушы жұрнақ тәрізді мәселелерге байланысты талас мәселелерді сөз айтып, нақтылы мысалдармен қазақ говорларындағы сөз тудыру процесінің қыр-сырын ашып, өзіндік ерекшеліктерін анықтай түседі. Әсіресе, жүйелікке құрылған кейбір сөз тудыру құбылыстарының заңдылықтары тәуір анықталған (әдеби сөздерден болған сөз тудырушы негіздер, кірме сөздерден жасалған сөз тудырушы негіздер, әдеби емес сөздерден жасалған сөз тудырушы негіздер, говорларда сөз тудыру өрісі кеңіген және ықшамдалған т. б. ) .

Ә. Нұрмағамбетов 1985 жылы жарық көрген «Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні» атты сөздігінде екі жүз жиырмадан астам сөздердің тарихын, шығу тегін, төркінін, бастапқы мағынасын ашуға тырысқан. Автор диалектілік сөздердің этимологиясы жайлы едәуір мәлімет береді. Мүның өзі түркологиядағы алғашқы тәжірибе әрі талпыныс болып саналады.

1969 жылы бір топ диалектологтар көлемі 27 баспа табақ алты мыңнан астам сөзді қамтитін диалектологиялық сөзік құрастырды. /7/ Осы сөздікті құрастыру үстінде С. Аманжолов пен Ж. Досқараевтың жоғарыдағы аталған сөздіктерінен басқа Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының диалектология бөлімінің қорындағы лексикалық материалдар және диалектология бойынша қорғалған кейбір диссертациялық еңбектердегі материалдар пайдаланады. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін құрастырудың алдында оның инструкциясы жасалып, жан-жақты талқыланып, баспа бетінде жарық көрген-ді. /8/ Диалектологиялық сөздіктер өзінің құрылысы жағынан, реестірлік сөздерді түсіндіру принциптері, мысал беру тәртібі жағынан әдетте түсіндірме сөздіктің құрылысына ұқсайды. Сондықтан құрастырушылар қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің жасау тәжірибесін пайдаланады. Бұдан басқа диалектологтар татар, азербайжан тілдері бойынша жасалған диалектологиялық сөздіктердің /10/ тәжірибесі және Ф. П. Филин, Г. Мельниченко, Р. А. Рустамов, Л. Т. Махмутова, Г. Бакинова, Л. А. Покровская, К. Мусаев /11/ т. б. ғалымдардың аймақтық лексикографияның әр түрлі мәселелеріне арнап жазған мақала-еңбектері де ескерусіз қалған жоқ.

Ал, халық санағының мәліметіне қарағанда СНГ-да тұратын қазақтардың саны 6. 556. 442 адам. Оның ішінде Қазақстанда 5. 289. 349, Өзбекстанда 620. 136, РСФСР-да 518. 060, Түрікменстанда 79. 539, Қырғызстанда 27. 442, Тәжік жерінде 9. 606, Украинада 7. 171 қазақ тұрады екен /12/.

Монғол Халық Республикасында 96. 000, Қытай Халық Республикасындағы 930. 000, Ауғанстандағы 5. 000 /13/ қазақтардың тілі әлі зерттелемей келе жатыр.

Ал біздің диплом жұмысымыз қазақ диалектологиясындағы лингогеография мәселесіне арналады. Бұл жұмысты жазу барысында С. Аманжолов, Ғ. Қалиев, Ж. Досқараев, Ш. Сарыбаев және т. б. зерттеушілер еңбектерін басшылыққа алдық. Диплом жұмысымыз дәстүрлі кіріспе, негізгі бөлім және қысқаша қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І - ТАРАУ

ҚАЗАҚ ДИАЛЕКТОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ЛИНГОГЕОГРАФИЯНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Тіліміздегі диалектілерді немесе говорлар тобын лингогеография әдісімен зерттеу өткен ғасырдың 40 жылдарынан бастаған. Жергілікті тіл ерекшеліктерін лингогеографиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз - диалектілерді белгілі бір қолдану шекарасына қарай топтастыру, яғни, лингвистикалық (тілдік) ерекшеліктерді географиялық, аймақтарға бөлу ісі болып табылады. Академик В. М. Жармунский говорлар мен диалектілерді зерттеу барысында лингогеографиялық әдісті пайдалану түркі тілді халықтардың тарихын, тілін және диалектілер төркінін зерттеуде мол мүмкіндік туғызып, үлкен жол ашады деген болатын /14/.

Ғылыми еңбектерде лингвистикалық география деп құбылыстардың таралу шегін, аймағын лингвистикалық карталар жасау арқылы анықтайтын диалектологияның бір саласы деп түсіндіріледі /15/.

Лингвистикалық география тіл білімінің бір саласы болса да, екінші жағынан география ғылымымен де ұштасып жатады. Ол ұштастық тілдік ерекшеліктерді топтап, солардың таралу шегін айқындап, картаға түсіруде көрінеді.

СССР территориясындағы түркі тілдерінің диалектологиялық атласын жасаудың негізгі принциптерін В. М. Жирмунский 1963 жылы жазған мақаласында ұсынған еді. // 1964 жылы октябрь айында өткен түркі тілдері диалектологиясының мәселелеріне арналған бесінші кеңесінде тілдерінің диалектологиялық атласын түзуге кірісу жайында қалуы алынды. Бұл жайында арнайы мәжіліс болып, тікелей кірісу 60-жылдар болғанымен кейбір түркі тілдерінде диалектологиялық атлас жасау туралы пікірлер мен әрекеттер одан да бұрын болған еді. Оңдай жұмыстар қатарында 1944 жылы өзбек говорларын лингогеографиялық жолмен зерттеуге арналған А. Н. Боровков жасаған сұраулық пен В. В. Рещетов еңбегін және 1950 ж. жарық көрген азербайжан диалектологтары еңбектерін жатқызуға болады. Бұл жайлар кейін А. А. Баскаков, М. Ш. Ширалиев, Э. Р. Тенищев, Л. А. Покровская мақалалары мен А. З. Гаджиеваның «Түркі тілдері ареалдық лингвистиканың проблемалары» атты еңбегінде толыға түсті.

Ал қазақ диалектологиясында бұл мәселе түркітілдерінің диалектологиялық атласын жасауға байланысты қолға алынды. Бұл мәселе туралы ең алғаш сөз қозғаған профессор С. Аманжолов болды.

1. 1. С. АМАНЖОЛОВТЫҢ ДИАЛЕКТІЛІК ЛИНГОГЕОГРАФИЯ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

Қазақ диалектологиясында лингогеография мәселесін алғаш айналасқан профессор С. Аманжолов болды. Ол қазақ тіліндегі диалектілердің даму тарихын халықтардың бұрынғы тайпалық, жүздік, рулық тарихымен байланысты қарады. Ол Маркс пен Энгельстің тайпалар одағы негізінде халық құрылады деген пайымдауларын сүйене отырып, қазақ даласындағы үш жүзге негізделген халықтық бірлік VII-IX ғғ. пайда болды дейді /16/. Қазақ халқының негізін құраған үш жүздің негізінде жалпыхалықтық тіл пайда болған. Ал үш жүздің қалыптасуымен үш жергілікті диалект пайда болды. Бұл үш тайпалық одақтың тілі даму барысында кейін бір-біріне жақындап, біртұтас қазақ тілінің қалыптасуына негіз, ұйтқы болды деген тоқтамаға келеді. Автор жергілікті халық өміріне тән өзгерістер (шаруашылық, әдет-ғұрып т. б. ) мен көрші тілдердің әсерінен де тіл ерекшеліктері туғанын ескертеді.

Қазақтың халық тілі мен ауыз әдебиет үлгілерінен жиналған материалдарды және қазақ тілінің тарихын зерттеу нәтижесінде С. Аманжолов қазақ тілінде үш диалект бар деген қорытындыға келді. Олар мыналар:

а) оңтүстік диалектісі - Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын және Талдықорған мен Қызылорданың кейбір оңтүстік аудандарында қамтиды;

ә) батыс диалектісі - Батыс Қазақстан, Гурьев, Ақтөбе облыстарын және Қызылорданың солтүстік аудандарын, Қостанайдың кейбір батыс аудандарын қамтиды;

б) солтүстік-шығыс диалектісі - Ақмола, Павлодар, Семей, Шығыс Қазақстан, Көкшетау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарын және Қостанай мен Талдығорған облыстарының кейбір аудандарын қамтиды. С. Аманжолов қазақ тілінің солтүстік-шығыс диалектісіне бұрынғы керей, найман, арғын, қоңырат және қыпшақ тайпаларының тілін жатқызады. Бұл тайпалар ерте замандардан бастап-ақ Ертіс, Есіл, Тобол, Торғай өзендері бойын; Алтай, Тарбағатай алқабын, Арқа жерін мекен еткен. Олар оңтүстігінде - Ұлы жүз тайпаларымен, батысында - Кіші жүз тайпаларымен және татар, башқұрттармен, солтүстігінде - алтайлықтармен және Барабин, Тобол татарларымен, шығысында - монғол, қытай және ұйғырлармен шектескен.

С. Аманжолов солтүстік-шығыс диалектісін қазақтың әдеби тілінің негізіне жатқан диалект деп есептейді. Қазақ тілінің диалектілері мен қазіргі әдеби тілін фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жағынан жан-жақты салыстыра келіп, басқа диалектілерге қарағанда, солтүстік-шығыс диалектісінің қазіргі әдеби тілге әлдеқайда жақын екендігін көрсетеді. Әдеби тілдің негізіне жатқанына қарамастан, солтүстік-шығыс диалектісінде қазір де сақталып қалған, әдеби тілге енбейтін жергілікті тілдік ерекшеліктер кездесетінін де ескереді.

Бірақ өзінің еңбектерінде оларға кең тоқтар, талдау жасамаған. Оның себебі, біріншіден, автордың солтүстіктік-шығыс диалект ұлттық әдеби тілдің негізіне жатты деген көзқараста болуында, екіншіден, Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аудандарындағы халық тілінің басқа жерге қарағанда нашар зерттелуіне байланысты. Шынында, бұл аймақ соңғы кездерде ғана зерттеліп келеді. Кейінгі кезде жиналған материалдар аталған аудандарда да жергілікті ерекшеліктердің белгілі мөлшерде кездесетінін, таралу сипаты әр түрлі болғандықтан, өз ішінен шағын говорларға бөлінетіндігін көрсетеді.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы мен Семей облысының оңтүстік-шығыс аудандарында мына сияқты тіл ерекшеліктері кездеседі /17/.

а) Дыбыстық ерекшеліктер . Ш мен ч алмасуы: шақпақ - чақпақ; шүберек - чүберек; көпшілік - көпчілік; қамшы - қамчы; шикі - чикі; әнші - әнчі.

Л мен д алмасуы : бірілі-жарым - бірді-жарым; зорлық - зордық; ұрлық - ұрдық.

А мен ә алмасуы: мазмұн - мәзмұн; қаперімде - кәперімде; ғана - гәна.

Е мен ә алмасуы: себеп - сәбәп; лезде -ләзде; кесе - кәсе.

Д мен т алмасуы: әдейі - әтейі; дұрыс - тұрыс т. б.

Сөз басындағы ж қатаң айтылуы (ол шартты түрде дж - мен беріліп отыр) : жоқ - джоқ; жігіт - джігіт; жойбар - джойбар.

Сөз басында н дыбысының түсіп қалуы: немесе - емесе; некен-саяқ - екен-саяқ.

ә) Грамматикалық ерекшеліктер . Көсемшенің мақсатты түрін жасайтын -ғалы, -гелі жұрнағы кейде - -ғайы, -гейі түрінде айтылады: ол барғайы отыр, кеткейі отыр.

- Кей, -гей жұрнақтары арқылы жасалған сөздер жиі кездесуі: көбінекей, сөдегей, жөнекей, кәзекей т. б.

- Лық, -лік, -лар, -лы, -лі, -лау, -леу, -ла, -ле қосымшаларындағы л дыбысы орнына д айтылуы: қорлық - қордық; олар - одар; биелер - биедер, жасаулы үй - жасауды үй, зорлау - зордау; байлар - байдар.

Шылау сөздерінің қолдануында ерекшелік бар: шейін шылауы шекті түрінде, тұрмақ, түгіл шылаулары тұрғой, тұрғай түрінде айтылады.

Қалайша, былайша, солайша, қайда сияқты сілтеу, сұрау есімдіктері қалайшаң, былайшаң, солайшаң, қайға болып айтылады.

б) Лексикалық ерекшеліктер: айылдап келу - ауылшылап (қыдырып) келу, ақзу//ақзон - ақ шыт, ақмұрт - етіктің ішкі ұлтаны, әскере - өте, аса, борми - бұршақ, жүгері, дүбіраяқ - ерте туған төл, жамбыл - үлкен қорған, жарандық - саты, қалқан, жоян - зор, жұмшыл - ұйымшыл, күләпәрә - әсем бөрік, кілет - қойма, құлдау - өзен, сай бойымен төмен жүру, поштабай тары - тарының түрі, пыстан - тарпа айыл, пышқы - ара, текемән тары - тарының түрі, тонаулы - дәулетті, ауқатты, тон-тонау - ат-тон, сыйлық, ұртты адам - қатал, бетті адам, үскі біз - жуан біз, чербек - үлкен ара, чүй - ағаш қада, шикі көже - бидай көже, шүлкен - мырза, шықар - сырт, тыс т. б.

Қазақстанның шығыс говорлар тобы жақсы зертелмегемен, қазіргі кезеңде де солтүстік аймағы әлі толық зерттелмеген жоқ, сол себепті тұтас аймақтағы жергілікті ерекшеліктер жайында үзілді-кесілді пікір айту қазір мүмкін емес еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ диалектологиясындағы лингогеография мәселесі
Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктері
Орталық Қазақстан тұрғындарының жергілікті тіл ерекшеліктері
Жоғары оқу орындарында Қазақ диалектологиясы пәнін модульдік технология арқылы оқыту
ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ зиялылары және Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы Кеңестерінің Орталық Атқару Комитеті жанындағы Қазақ бөлімінің қызметі (1920-1922 жылдар)
Философия тарихындағы адам мәселесі
Алаш зиялыларына қарсылық
Алаш арыстарының әдеби және ғылыми мұрасының қазіргі рухани жаңғырудағы маңызы
Алғашқы жалпықазақ съездері және олардың саяси мазмұны.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz