Компания капиталының құрылымы мен құны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 КОМПАНИЯ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚҰНЫН АНЫҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Компания капиталының құрамы мен оның тиімді құрылымын анықтау тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Компания капиталының құнын анықтау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2 КОМПАНИЯ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1 Компания капиталын оңтайландыруда қаржылық тұтқаны пайдалану ... .18
2.2 «Разведка Добыча КазмунайГаз» АҚ.ның капитал құрылымына талдау жасау және оны басқа компаниялармен салыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3 АҒЫМДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ КАПИТАЛЫН ҚҰРУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
3.1 Шаруашылық субъектілерінің капиталын құру мәселелері ... ... ... ... ... ... 29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

Еліміздің қазіргі кездегі экономикасының басты тұтқасы - корпорациялардың қаржылық жағдайымен тікелей байланысты. Яғни шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұтқасы неғұрлым берік, рентабельділігі және төлем қабілеттілік деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын оның экономикасын оңтайландыру ықтималдығы арта түспек.
Қазіргі корпоративтік қаржы теориясының базалық ережелеріне сәйкес, құнды басқару тұжырымдамасының негізін екі іргелі принцип құрайды:
біріншісі, компанияны қаржылық басқарудың мақсаты оның негізді нарықтық құнын барынша көтеру болып табылады;
екіншісі, компанияның құны оның келешекте басқара алатын, табыстылық мөлшерлемесі бойынша дисконтталған, компанияның барлық активтерінің жиынтық тәуекелін ескеретін ақша ағынымен анықталады.
Капиталдың оңтайлы құрылымын анықтау үшін онда қаржылық тәуелділіктің оңтайлы деңгейі барлығынан және осы өндірістік секторға тән іскер тәуекел дәрежесіне үлкен тәуелді болатындығынан бастау керек. Нақты бір компанияның қызметін есепке алған, өйткені бір сала компанияларында капиталдың оңтайлы құрылымдары әр түрлі болуы мүмкін. Компанияның операциялық қызметінің салалық ерекшеліктері оларды есепке алу капитал құрылымын мақсатты түрде қалыптастыруға мүмкіндік беретін факторлардың бірі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – корпорациялардың қаржылық жағдайын тұрақтандыру үшін капиталдың оңтайлы құрылымын таңдап алу, яғни меншікті және ұзақ мерзімді қарыз арақатынысын анықтау,компанияның нарықтық құнын барынша көбейтіп инвесторлар үшін тартымды капитал комбинациясын таңдау жолдары мен әдістерін көрсету болып табылады.
Осы мақсаттарға сәйкес мынадай міндеттер қойылған:
компания капиталының құрамы мен оның тиімді құрылымын анықтау тәсілдері;
компания кпиталының құнын анықтау әдістері;
компания капиталының құрылымын оңтайландыру;
капитал құрылымын оңтайландыруда қаржылық тұтқаны пайдалану;
«Батыс транзит» АҚ тәжірибесі негізінде компания капиталының құрылымына талдау жасау:
капитал құнын арттырудың проблемалары және оны шешу жолдары.
Тақырыптың өзектілігі – еліміздегі қандай да болсын компания қызметін бірнеше түрлі көздерден қаржыландырады. Әр қаржыландыру көзінің құны әр түрлі болғандықтан олардың ішіндегі ең тиімдісін таңдау қазіргі таңның ең өзекті мәселесі.
Курстық жұмыс үш бөлімнен: кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ҚР «Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» Заңы. 26, 353-баптар.
2. «Қаржы нарығы және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР-ның Заңы, 4 шілде 2003 .
3. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР-ның Заңы, 2 шілде 2003.
4. «Акционерлік қоғамдар туралы » ҚР ның Заңы, 13 мамыр 2003.
5. Стоянова Е.С., Финансовый менеджмент:Учебник. Москва, 2006.
6. Экономический анализ: Учебник для вузов/Под.ред. Л.Т.Гиляровской.-М.:ЮНИТИ –ДАНА, 20017
7. Джумагельдиева Т.А., Конкуренция: теория и механизмы развития:Оқу құралы.Алматы, 2005.
8. Ковалев В.В., Финансовый анализ:Учебное пособие.- Москва, 2003.
9. Ковалев В.В., Управление финансами: Учебное Пособие.-М, 2000
10. Балабанов И.Т., Основы финансового менеджмента:Учебное Пособие. Москва , 2005.
11. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы халыққа жолдауы.
12. Ю.В.Леснова., «Капиталдың тиімді құрылымын анықтау», Қаржылық менеджмент, 2008 №12(12).
13. Ю.В.Леснова., «Компанияның ең көп акционерлік құнына қол жеткізудің негізгі әдістері», Қаржылық менеджмент, 2009 №1(13).
14. Ю.В.Леснова., «Жеке капитал құнын анықтау», Қаржылық менеджмент, 2008 №4(4).
15. А.Оспанова., «Капитал құрылымын оңтайландыруда қаржылық тұтқаны пайдалану», Экономика негіздері, 2009 №4-5(29).
16. Е.С Масалин., «Жарғылық капиталды арттырудағы потенциалды тәуекелдер», Қаржы менеджменті. 2008 №5(5).
17. ҚазҰУ Хабаршысы. 2008 №7(6).
18. Ж.Жұмаділ., «Өтімділік дағдарысы жағдайында компания құнын арттыру», Қаржы менеджменті. 2008 №10(10).

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 КОМПАНИЯ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚҰНЫН
АНЫҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Компания капиталының құрамы мен оның тиімді құрылымын анықтау
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..4
1.2 Компания капиталының құнын анықтау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2 КОМПАНИЯ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫН
ОҢТАЙЛАНДЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1 Компания капиталын оңтайландыруда қаржылық тұтқаны пайдалану ... .18
2.2 Разведка Добыча КазмунайГаз АҚ-ның капитал құрылымына талдау жасау
және оны басқа компаниялармен
салыстыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 24
3 АҒЫМДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ КАПИТАЛЫН ҚҰРУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ
ОНЫ ШЕШУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
3.1 Шаруашылық субъектілерінің капиталын құру
мәселелері ... ... ... ... ... ... 2 9
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
КІРІСПЕ
Еліміздің қазіргі кездегі экономикасының басты тұтқасы -
корпорациялардың қаржылық жағдайымен тікелей байланысты. Яғни шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржылық тұтқасы неғұрлым берік, рентабельділігі
және төлем қабілеттілік деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын оның
экономикасын оңтайландыру ықтималдығы арта түспек.
Қазіргі корпоративтік қаржы теориясының базалық ережелеріне сәйкес,
құнды басқару тұжырымдамасының негізін екі іргелі принцип құрайды:
біріншісі, компанияны қаржылық басқарудың мақсаты оның негізді нарықтық
құнын барынша көтеру болып табылады;
екіншісі, компанияның құны оның келешекте басқара алатын, табыстылық
мөлшерлемесі бойынша дисконтталған, компанияның барлық активтерінің жиынтық
тәуекелін ескеретін ақша ағынымен анықталады.
Капиталдың оңтайлы құрылымын анықтау үшін онда қаржылық тәуелділіктің
оңтайлы деңгейі барлығынан және осы өндірістік секторға тән іскер тәуекел
дәрежесіне үлкен тәуелді болатындығынан бастау керек. Нақты бір компанияның
қызметін есепке алған, өйткені бір сала компанияларында капиталдың оңтайлы
құрылымдары әр түрлі болуы мүмкін. Компанияның операциялық қызметінің
салалық ерекшеліктері оларды есепке алу капитал құрылымын мақсатты түрде
қалыптастыруға мүмкіндік беретін факторлардың бірі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – корпорациялардың қаржылық жағдайын
тұрақтандыру үшін капиталдың оңтайлы құрылымын таңдап алу, яғни меншікті
және ұзақ мерзімді қарыз арақатынысын анықтау,компанияның нарықтық құнын
барынша көбейтіп инвесторлар үшін тартымды капитал комбинациясын таңдау
жолдары мен әдістерін көрсету болып табылады.
Осы мақсаттарға сәйкес мынадай міндеттер қойылған:
▪ компания капиталының құрамы мен оның тиімді құрылымын
анықтау тәсілдері;
▪ компания кпиталының құнын анықтау әдістері;
▪ компания капиталының құрылымын оңтайландыру;
▪ капитал құрылымын оңтайландыруда қаржылық тұтқаны
пайдалану;
▪ Батыс транзит АҚ тәжірибесі негізінде компания
капиталының құрылымына талдау жасау:
▪ капитал құнын арттырудың проблемалары және оны шешу
жолдары.
Тақырыптың өзектілігі – еліміздегі қандай да болсын компания
қызметін бірнеше түрлі көздерден қаржыландырады. Әр қаржыландыру
көзінің құны әр түрлі болғандықтан олардың ішіндегі ең тиімдісін
таңдау қазіргі таңның ең өзекті мәселесі.
Курстық жұмыс үш бөлімнен: кіріспе бөлім, негізгі бөлім,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 КОМПАНИЯ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚҰНЫН АНЫҚТАУ
1.1 Компания капиталының құрамы және оның тиімді құрылымын анықтау
тәсілдері.
Капитал құны фирманың стратегиясының даму позициясына қарай капитал
құны деген түсінік пайда болды. Мұнда капитал және құн терминдері жеке
қарастырылады. Сандық өлшем позициясы бойынша көбінде капитал құны
дегеніміз – ол пайыздық мөлшерлеме. Сондықтан капитал құнын анықтау
барысында осы терминді пайдалану кезінде мұқият болу керек.
Капиталды бағалау, капитал мөлшері, капитал терминдерімен
пайдаланған жөн.
Капитал бағасы, құны, капитал құндылығы деген анықтамалар жиі
кездеседі.
Капитал теориясында капитал құнының концепциясы негізгілерінің бірі.
Ол инвестицияланған капиталдың рентабельділік деңгейін сипаттайды. Капитал
иелеріне ақшалай төлемдердің мөлшерін анықтауды қарастырады. Фирманың
капитал құны – қаражаттар көзін сипаттайды.Капитал құнының санды мөлшері
меншік иелері мен инвесторлар алдындағы қарыздарды өтейтін процентпен
өлшенетін шығындар көрсеткіші.
Капитал құрылымын анықтағанда:
біріншіден, ұзақмерзімді перспективалар позициясынан коммерциялық
ұйымның қызметін сипаттайды. Себебі коммерциялық ұйымның меншікті капитал
құны инвесторлар тарту үшін маңызды. Кейбір қарыз көздерінің құны
компанияның ұзақмерзімді капиталды тарта алатын мүмкіншілігін сипаттайды;
екіншіден, фирманың орташа салмақты капитал құны күрделі салымдар
бюджетін құру кезіндегі маңызды көрсеткіш.
Қандай да болсын компания қызметін бірнеше түрлі көздерден
қаржыландырылады. Әр қаржыландыру көзінің құны әр түрлі болғандықтан
компанияның капитал құнының орташа салмақталған арифметикалық формула
бойынша анықталады.
Компания капитал құрылымының теориясы: Модильяни-Миллер үлгісі.
Модильяни және Миллер Нобель премиясының лауреаттары. Олардың пікірлері
бойынша қандай да болса кәсіпорынның құны оның болашақтағы табысымен
анықталады. Яғни капитал құрылымынан тәуелсіз(меншік және қарыз
қаражаттарының арақатынасы). Ол мінсіз капитал нарығының концепциясына
негізделеді. Әрі қарай табыс салығының әсерін ескере осы теорияға
байланысты мына тұжырымға келді: Кәсіпорынның акция құны үзіліссіз қарыз
капиталының өсуіне байланысты өсуге тиісті.
Модельге осындай факторды (қаржылық қиыншылықтардың шығындары пайда
болу капитал құрылымының қолайсыз болуына байланысты) белгіленген мөлшерге
дейін қарыз капиталының үлесінің өсуіне салықтық төлемдердің үнемі есебінен
қамтамасыз етіледі.
Қарыз капиталының өсу барысында белгілі бір сәтте кәсіпорынның құны
төмендей бастайды. Себебі салықтық үнем қаражаттар көзінің құрылымының
тәуекелділігімен байланысты шығындарға әкеледі. Модификацияланған теория
мынаны білдіреді:
1.Қарыз капиталының белгіленген үлесінің болуы кәсіпорынға пайдалы.
2.Қарыз капиталын аса көп мөлшерде пайдалану зиянды.
3.Әр кәсіпорын үшін қарыз капиталының оптималды мөлшері болады.
Модильяни және Миллер дивидендтер теориялары бойынша капиталдың мінсіз
нарығының болуынан басқа келесілерді қарастырады:
1.Дивидендтерді төлеу саясаты кәсіпорынның капитал салымы бюджетіне әсер
етпейді.
2.Инвесторлардың барлық іс- әрекеттері рационалды. Өйткені олар байлықтың
төмендеуі емес, өсуін қалайды.
R(t)=P(t)-I(t)+V(t+1)
R(t) – t кезеңіндегі акционерлердің жалпы табысы;
P(t) – t кезкңіндегі компанияның табысы;
I(t) – t кезеңіндегі инвестициялар;
V(t+1) – (t+1) кезеңіндегі барлық акциялардың құны.
Компания қызметінің нәтижелілігі пайдаланылатын капитал құрылымына
айтарлықтай дәрежеде тәуелді. Капитал құрылымы дегеніміз компания өз
кызметінде пайдаланатын меншікті жене қарыз қаржы қуралдарының арақатынасы.
Меншікті және қарыз қаржы құралдарының арақатынасы компанияның нарықтық
құнын барынша арттыруға мүмкіндік беретін басты факторлардың бірі болып
табылады.
Меншікті капиталдың темендегідей негізгі кемшіліктері бар:
▪ тарту көлемінің шектеулілігі;
▪ капитал қалыптастырудың баламалы қарыз көздерімен
салыстырғанда құнның жоғарылығы;
▪ меншікті калиталдың пайдалылык коэффициентінің қарыз
қаржы құралдарын тарту есебінен өсу мумкіндігінің
пайдаланылмауы.
Сөйтіп, тек өз мєншікті капиталын ғана пайдаланатын компания қаржылық
жағынан ең тұрақты болады, бірақ өзінің даму қарқынын шектейді және
салынған капиталға пайданың, өсуі қаржылық мүмкіндігін пайдаланбайды, Қарыз
капиталдың төмендегідей жақсы ерекшеліктері бар:
• компанияның әсіресе жоғары несиелік рейтингі, кепілзаты немесе
кепілдемесі бар кезінде мүмкіндіктері барынша мол; ј
• оның активтерін айтарлыктай кеңейту және онын шаруашылык кызметі
көлемінің. өсу қарқының арттыру қажет болғанда компаниянын
қаржылық қуатынын, өсуін камтамасыз етеді;
• салықтық қалқан тиімділігін камтамасыз ету есебінен меншікті
капиталмен;
салыстырғанда құны неғұрлым төмен;
• қаржылық пайдалылықтың өсімін жинақтау қабілеттілігі
(меншікті капитал пайдалылығының коэффициенті).
Өз кезегінде қарыз капиталын пайдаланудың, мынандай кемшіліктері бар:
• бұл капиталды пайдалану компанияның шаруашылық қызметінде неғұрлым
қауіпті қаржылық тәуекелдерді - қаржылық тұрақтылықты азайту және
төлемқабілеттілігін жоғалту тәуекелдерін жинактайды; Ј
• қарыз капиталының есебінен қалыптасқан активтер төленетін пайыз сомасына
азаятын төмен пайда нормасын жинақтайды;
• қарыз капиталының қаржы нарығы жағдайының құбылысына барынша тәуелділігі.
Кейбір жағдайда, нарықта орташа пайыз мөлшерлемесінің төмендеуінен бұрын
алынған несиені (әсіресе ұзақ мерзімді негізде) пайдалану - неғұрлым
арзан баламалы несие ресурстарының көзі болуына байланысты кәсіпорынға
пайдасыз болып шығады;
• қарыз капиталын тарту рәсімінің қиындығы (әсіресе үлкен көлемде алғанда).
Дегенмен қарыз капиталын пайдаланушы компаниялардың қаржылық даму әлуеті
және кызметінің қаржылық пайдалылығының өсу мүмкіндіктері жоғары, алайда
қарыз капиталың пайдаланбайтын компанияларға қараганда қаржылық тэуекелі
мен банкрот болу каупі жоғары мөлшерде жинақталады. Сондықтан қаржы
менеджментінің теориясы мен практикасының өзекті міндеттерінің бірі -
капиталдың оңтайлы құрылымын таңдап алу, яғни меншікті және ұзақ мерзімді
қарыз арақатынасын анықтау болып табылады[5].
Капиталдың оңтайлы құрылымы деп әдетте компанияның, нарықтық құнын
барынша көбейтетін, демек инвесторлар үшін барынша тартымды капитал
комбинациясын айтамыз.
Мақсатты көрсеткіш ретінде компанияның нарықтық құны пайдаланылатын
себептер бірнешеу:
▪ Көрсеткіш ақша ағынын дисконттау әдісімен есептелуі
мүмкін, бұл компанияның барлық ақша ағынын ескеруге және
басқаруға мүмкіндік береді;
▪ Көрсеткіш қаржыландыру тәуекелін ескеруге мүмкіндік
береді:
▪ көрсеткіш компанияны баскарудың ұзак мерзімді
(стратегиялық) жоспарында оңтайлы шешімдер қабылдауға
мүмкіндік береді;
▪ көрсеткішті пайдалану акционерлердің ғана емес, басқа да
мүдделі тараптар: инвесторлар, несиегерлер, компания
қызметшілерінің де тұрмыс жағдайының жақсаруына
көмектеседі;
▪ •көрсеткіш компания менеджментінің қызметін объективті
бағалауға мүмкіндік береді.
Капиталдың оңтайлы құрылымын негіздеу үшін әр түрлі әдістер
пайдаланылады.
Сурет 1.
Капитал құрылымының үлгілері.[12]

қалыптастыруға мүмкіндік беретін факторлардың бірі болып табылады. Қаржы
нарығы жағдаятының деңгейі қарыз капиталының құнындағы өзгерістерді назарда
ұстауға мүмкіндік береді. Операциялық қызмет пайдалылығының деңгейі
компанияның несиелік рейтингін қалыптастырады. Пайдаға салық салу деңгейі
меншікті және қарыз капиталы құнының айырмашылығына себепші болады.
Іс жүзінде капитал құрылымының статистикалық үлгілері көп қолданылады,
осы үлгілермен сипаттаймыз.
Капитал құрылымының статистикалық үлгілері.
Кесте 1.
Белгісі Дәстурлі үлгі Модильяни-Ымыралы үлгі Иерархия
Миллер үлгісі
үлгісі
Ғылыми Жоқ. Оңтайлы Ғылыми Ғылыми негізі Ғылыми
негіздеме құрылым неґіздел- болмайды негізі
әрбір жеке ген жалғыз болмайды
компанияның теория
тәжірибесі болып
арқылы есептеледі
анықталады
ШектеулердіңКапиталдың Біркатар Капиталдын, Капиталдыи
, онтайлы қатаң оңтайлы оңтайлы
болуы құрылымын шектеулер құрылымын құрылымын
калыптастыру сақталған қалыптастыру қалыптастыру
жөнінде нақты жағдайда жөнінде нақты жөніндє
шектеулері жоқболады шектеулері накты
жоқ. шектеулері
жоқ;
ТеуекелдердіҚаржылық Капитал Қарыз Компания
ескеруі және іскерлік тартуға капиталын тэуекелдерін
тәуекелдерді байланыстытарту ба-
ескереді Тәуекелдеркезіндегі рынша
ді тәуекелдерді азайтады
ескереді ескереді.
Оңтайлы Оңтайлы КапиталдыңНақты Борыш пен
құрылымды құрылымнын. оңтайлы компанияға мен-
іздеу барлығын құрылымын меншікті және шікті
ұсыныстары көрсетеді, іздеу қарыз капиталдын,
бірақ жөнінде капиталының кандай да
осы құрылымды ұсыныстар ең жақсы бір жоспарлы
іздестіруге береді үйлесімін ара каты
нақты есептеуге насы
ұсыныстэр бер- мүмкіндік болмайды
мейді бермейді,
бірақ. ше-
шім қабылдау
үшін
жалпы
ұсыныстар
қалыптастырады

Компания Компанияның Компания Акционерлік Компания
құнын жыл сайынғы құнын капиталдын, кунын
барынша табысы мен барын- куны барынша
артты- капиталының ша шұғыл есуінен ұлғайтуға
ру ұлғайтатынқарыз 100%- ұмтылмайды
мумкіндіктер қаржыланды
і ру
бағасын барын-тәсілін ға жак.ындаган
ша ұлғайтатын тандауга кезде компания
капиталдың мүмкіндік капиталының
оңтайлы береді құны
құрылымын барынша
анықтайды көтеріледі
Агенттік Менеджерлер МенеджерлеМенеджерлер Менеджерлер
жан- мен р мен акционер- мен
жалды ескеруакционерлер, мен лер, несиегер-
акционерлер акционер- акционерлер лер
мен лер мен арасындагы
несиегерлер арасындағынесиегерлер жанжалды
арасындағы жанжалды арасындағыы ескер-
жан- ескескер- жан- мейді
жалды ескередімейді жалды ескереді
Капитал құрылымының теориясы компанияның құны меншікті капиталдың
ағымдағы нарықтық, бағасы мен қарыз капиталының ағымдағы нарыктық құнынан
құралады деген тұжырымнан бастау алады.
Дәстүрлі тәсілдеме нарықта қарыз капиталың тартатын компания ұзақ
мерзімді қаржыландыру қарыз құралдарын тартпайтын компаниядан гөрі жоғары
бағаланады деп есептейді. Капитал құрылымына дәстүрлі тәсілдеме 2-суретте
көрсетілген:
Сурет 2. Капитал құрылымына дәстүрлі тәсілдеме
Қаржылық тетіктің артуымен салыстырғанда ке (меншікті капиталдың
құны) жылдамырақ қарқынмен артады, ал кі тек қаржылық тетіктің
айтарлықтай артуы жүзеге асқанда ғана ұлғая бастайды деп есептеледі.
Алдымен қаржылық тетік артқанда орташа өлшемді құн азаяды, өйткені меншікті
капитал құнының өсуі неғұрлым арзан қарыз құралдарын пайдаланудың орнын
толтыра алмайды. Қаржылық тетікті орынды пайдалану нәтижесінде капиталдың
орташа өлшемді құны азаяды. Содан кейін бір мезгілде бұл күн көтеріле
бастайды, сондықтан капиталдың, оңтайлы құрылымы капиталдың орташа өлшемді
құнының өсуі басталған нүктеге сай келеді.[12]
МЫСАЛ:
А және С компаниялары бар. А компаниясының 500 000 АҚШ долл.
сомасында қарыз капиталы бар, ал С компаниясының қарыз капиталы жоқ
дегенмен компаниялардың кезең ішіндегі операциялық пайда көлемі бірдей
(ЕВІТ) 1 000 000 АҚШ долл. және тәуекел дәрежелері де бірдей. Акциялар
бойынша талап етілетін табыстылық. 20% , тартылған қарыз капиталының жылдық
мөлшерлемесі - 10%
Компанияның нарықтық құны = Карыз капиталдың нарықтық бағасы + Меншікті
капиталдың нарықтық бағасы
Меншікті капиталдың нарықтық. құны = (ЕВІТ - I) ке,
мұндағы I - қарыз капиталды пайдаланғаны үшін пайыз төлеу, ке - меншікті
капитал құны.
С компаниясынын нарықтық құны = 0 + 1 000 000 0,2 = 5 000 000 АҚШ долл.
А компаниясының нарықтық құны = 500 000 + (1 000 000 - 500 000 * 10%)
0,2 = 5 250 000.
С компаниясының WАСС 20%-ға тең, А компаниясының WАСС:
(500 000 5 250 000) * 10% + (4 750 000 5 250 000) * 20% = 19% теч.
А компаниясы борышының меншікті капитапына қатынасьг
500 0004 750 000 = 0,11.
А компаниясы С компаниясынан нарықтық құны неғурлым жоғарылығымен және
капиталдын орташа өлшемді құны неғұрлым төмен болуымен ерекшеленеді.
Егер А компаниясының 100 000 АКШ долл. сомасында қарыз капиталы болса,
онда компанияның нарықтық құны мынадай сомада болар еді:
100 000 +(1 000 000-100 000*10%)0,2=5 050 000 АҚШ долл
Онда А компаниясының WACC мынандай болар еді:
(100 0005 050 000)*10% + (4 950 0005 050 000)*2
А компаниясы борышының меншікті капиталына қатынасы:
100 0004 950 000=0,02 [12]
Салықтарды есепке алатын Модильяни-Миллер үлгісінде қаржылық тетікті
пайдаланатын компания жоғары бағаланады, өйткені қарыз капиталына пайыздар
төлеу салықтық шегерімге жататын шығындар болып есептеледі деген тұжырым
жасайды. Салық шегерімі есепке алғанда қарыз капиталының құны төмендейді,
және компанияның жалпы капиталында қарыз капитал үлесі үлкен болған сайын
капиталдың орташа өлшемді құны азаяды Сөйтіп, пайдаға салықты есепке
алғанда қаржылық тетік компания капиталының, құнын азайтатын әсерін, ал
компанияның нарықтық құнына ұлғайтатын әсерін тигізеді.

сомасында қарыз капиталы бар, ал С компаниясының қарыз капиталы жоқ.
Компанияларды салық салынғанға дейінгі кезеңдегі операциялық пайдасының
мөлшері және пайыздар төлеу (ЕВІТ) сомасы 1 000 000 АҚШ долл.,
сондай-ак тәуекел дәрежесі де бірдей. Акциялар бойынша талап етілетін
табыстылық 20%-ға тең, тартылған қарыз капиталының жылдық мөлшерлемесі -
10%. Пайдаға салық мөлшерлемесі 30%.
С компаниясы қарыз капиталын пайдаланбайды, сондыктан компанияның
нарықтық құнын меншікті капитал құнын ескере отырып, таза пайданы
капиталдандыру аркылы анықтауға болады.
С компаниясының нарықтық құны ѕ EВІТ (1 -t) ke = NОРLАТ ke
мұндағы
I - пайдаға салық мөлшерлемесі,
- меншікті капитал құны, NОРLАТ - салық салынғаннан кейінгі таза пайда.
С компаниясының нарықтық құны = 1 000 000 (1 - 0,3) 0,2 =
3 500 000 АҚШ долл. А компаниясы қарыз капиталды пайдаланады,
сондықтан
Компаниянын нарықтық құны = 100% меншікті қаржыландыру кезіндегі
баға+Борышты пайдалану кезіндегі салық үнемділігің ағымдык. бағасы = 3
500 000 + 150 000 = 3 650 000 АҚШ долл.
Салық үнемділігінің ағымдық бағасы қарызды пайдалану кезінде қарыздың
нарықтық құнының пайдаға салық мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде
анықталады, А компаниясы үшін ол былай анықталады:
500 000 * 30% = 150 000 АКШ долл.
Бұл үлгіге қарағанда, компания капиталының құрылымы тек қана борыштан
тұруы керек, сол жағдайда компанияның ең жоғарғы құны қамтамасыз етіледі,
бірақ қарыз капитал тарту қаржылық қиыншылықтарға, ақыр аяғында -
банкроттыққа жеткізуі мүмкін. Әрине, бұл пікір дұрыс емес, өйткені
капиталдың оңтайлы құрьілымы - салық үнемділігінен және болуы мүмкін
банкроттық шығындарының арақатысынан тұратын ымыралы үлгі. Ымыралы үлгіге
сәйкес тәсілдеме капитал құрылымы 100% қарыз капиталдан немесе тек қана
меншікті қаржыландырудан тұрмауы керек, яғни мұндай құрылымдар компанияның
ең жоғарғы құнына қол жеткізетін оңтайлы стратегиялар емес дегенге
саяды.[12]
1.2 Компания капиталының құнын анықтау әдістері.
Жалпы еліміздің қаржы менеджерлері мына себептер бойынша өз
компанияларының құнын білуге тиісті:
біріншіден, компанияның меншікті кпаиталының құны компания
қызметіне инвесторлардың салған ресурстарына қайтарымды білдіреді. Ол
меншікті капиталдың нарықтық құнын анықтауға және фирманың акция құнының
өзгеруін болжауға қолданыла алады;
екіншіден, қарыз қаражаттарының құны төленетін проценттермен
байланысты болғандықтан капитал тартудың ең жақсы вариантын таңдай білген
жөн:
үшіншіден, фирманың нарықтық құнын максимизациялау көбінде барлық
пайдаланылатын қаражаттар көздерінің минимизациялау арқылы жүзеге
асырылады;
төртіншіден, инвестициялық жобаларды талдау кезінде негізгі
факторлардың бірі болып капитал құны танылады.
Қарыз капиталының негізгі элементтеріне банк несиелері және фирманың
шығарған облигациялары жатады. Банк несиелерін пайдалану үшін пайыздар
өнімнің өзіндік құнына жатқызылады. Сондықтан олардың бірлігінің құны былай
анықталады:
Kbc = rbc (1-rt)
K – бірлігінің құны;
rbc – несие бойынша пайыздық мөлшерлеме;
rt – табыс салығының мөлшерлемесі.
ХҚЕС бойынша қаржылық есептілікті дайындау мен ұсыну принциптері
қаржылық есептілік элементтерін бағалауда қолданылатын құн түрлерінің бірі
ретінде дисконтталған құнды мағлұмдайды, бірақ дисконтталған құнды қолдану
инвестициялық бюджетті қалыптастыруда және инвестициялық жобалардың
тиімділігін анықтауда талап етіледі (яғни нақты инвестиция үшін капиталдың
баламалы құны).[14]
Дисконтталған құн келесі элементтерді қамтиды:
▪ күтілмелі ақшалық ағын;
▪ ақшалық ағын өзгерістері жөніндегі болжал; -
▪ уақыттағы ақшаның, құны;
▪ ақшалық ағынды алмау тәуекелдері (тәуекел үшін сыйакы);
▪ ақшалық ағындарға әсер ететін өзге факторлар.
Осылайша, активтің немесе міндеттеменің дисконтталған құнын анықтау
үшін қажет:
▪ ұйым активті немесе міндеттемені сату немесе өтеу
нәтижесінде алуды немесе төлеуді болжайтын ақшалық
заттардың болашаңқ ағынын бағалау;
▪ ақшалық заттардың келуінің немесе төленуінің көлемі мен
мерзімдеріндегі
▪ ықтимал өзгерістерге қатысты болжалға ақшалық ағындарды
түзеу; ° түзетілген ақшалық ағынның уақытша құнын анықтау
(нарықтық тәуекелсіз пайыз ставкасы бойынша, яғни ақшаның,
құнын олар болашақта құнын өсіретіндей жедел
инвестицияланатындай және табыс әкеле бастайтындай болғанда
анықтау);
▪ берілген актив немесе міндеттемеге тиісті тұрлаусыздық
үшін сыйақыны ескеру (ағынды түзету немесе дисконттау
ставкасын түзету арқылы),
▪ ақшалық заттардың болашақ ағын мөлшерін белгілеудегі
нарық қатысушыларынан көрінетін өзге факторларды ескеру
(мысалы,өтемпаздық)
Дисконттау ствкасын анықтау берілген құнды
есептеудегі анағұрлым күрделі әрі маңызды қадам болып
табылады.
ХҚЕС стандарттарына сәйкес. қолданылатын дисконт ставкасы салық
ставкасына дейін және инфляциялық болжалдардан тазартылған болуы керек
(яғни ақшалық ағын дисконтталуға дейін дефляторлануы керек). Дисконттау
ставкаларын анықтаудың едәуір кең таралған әдістері 3-суретте келтірілген.
Әр серіктестік компания акциясьі құнын ең жоғары деңгейге жеткізетін
түрлі көздердің жиыны ретінде ұтымды капитал құрылымын анықтайды. Компания
жаңа капиталды тартқан кезде, ол әдетте қаржыландыруды уақыт өте келе
ұтымдыға мүмкіндігінше жақын болатын нақты капитал құрылымын сақтап
қалатындай етіп жүзеге асырады.[14]
Сурет 3. Дисконттау нормасын анықтау тәсілдері.
Ақшалық ағындарды дисконттау әдісін қолдану дисконт ставкасы мөлшерін
анықтауға негізделеді, есептеу үшін капиталдың орта өлшенген құнын
қолданған жөн (WАСС). Ал капиталдың орта өлшенген құны әртурлі дерек
көздермен берілген.
Компания үшін капиталдың екі негізгі көзі бар: акционерлер және
кредиторлар.
Компания капиталының құрылымы ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің
жинағын білдіреді, оның ішінде қарыздық міндеттемелер, артықшылықты
акциялар, қарапайым акциялар және үлестірілмеген табыс.
Капитал құны - бұл инвесторлармен талап етілетін бизнестің түрлі
қаржыландыру түрлері үшін табыстылық ставкасы. Компания капиталының жалпы
құны жеке талап етілетін табыстылық ставкалардың орта өлшенген мәнін
көрсетеді, яғни капиталға кеткен шығын.
Меншікті капиталдың құны - бұл қарапайым акция иелерімен компания
акциясындағы олардың инвестициясы бойынша талап етілетін табыстылық
ставкасы. Акционерлердің жеке капиталы компанияның тәуекелді капиталы болып
табылады. ол пайыз төлеуді немесе негізгі бөлігін жабу графигін орындауды
талап етпейді.
Артықшылықты акциялардың құны - бұл компанияның артықшылыкты
акцияларының иелерімен компания акциясындағы олардың инвестициялары бойынша
талап етілетін табыстылық ставкасы.
Қарыз құны - бұл компания кредиторларының инвестициялары бойынша талап
етілетін табыстылық ставкасы.
Компания қарапайым жеке капиталын екі әдіспен ұлғайта алады:
▪ жаңа акцияларды шығарып;
▪ акционерлер арасында өткен мерзімдердегі табысты
үлестірмей, компания ұйғарымында қалдыра отырып.
Акционерлер арасында табысты дивиденд түрінде үлестірмеудің келесі
себептерге байланысты едәуір артыкшылығы бар:
▪ қарапайым акцияларды орналастыруға жұмсалған шыгындар
елеулі болып табылады, ол табысты қайта инвестициялауды
талап етеді;
▪ акционерлер жаңа акциялар шығару есебінде капиталды
тартуды компанияның бұрынғы акцияларын нарықтық, бағалау
көзкарасымен жағымсыз белгі деп есептейді,
себебі акция шығуын жариялау акция құнын төмендетеді деген
пікір бар;
▪ заемдық капиталды жұмылдыру емес, акцияларды шығару ұзак,
мерзімді
қаржыландыруды тартудағы қиындықтар туралы тікелей айта
алады.
Акционерлер арасында табысты үлестірмей, оларды қайта инвестициялауда
компания акционерлер осы қаржыны бірдей тәуекел деңгейінде ұтымды салу
жолымен табыс алғанындай мөлшерде табыс алуы қажет. Сондықтан, егер де
компания акционерлерге осындай табыстылықты қамтамасыз ете алмаса, онда
компания акционерлерге олар түрлі активтерге қаржыны өздері
инвестициялайтындай табысты төлеуі қажет.[14]
Меншікті капитал құнын анықтаудың үш тәсілі бар.
Дисконтты ақшалық ағын үлгісі немесе дивидендтердің болжамды өсім
үлгісі.
Дивиденд акционерлердің компаниядан алатын жалғыз пайда емес.
Компанияда қалатын және ұтымды пайдаланылатын табыс пайда мен
дивидендтердің болашақ өсімін шақыруы мүмкін, сондай-ақ акционерлермен
инвестицияланған негізгі нақты капиталдың құнын өсіруі мүмкін. Акционерлер
олардың дивидендтері мен акцияларының нарықтық құны жылдан жылға өзгеріссіз
қалмай өсіп тұрады деп күтеді. Осыны көрсету үшін дивидендтер өсімінін,
үлгісі өңделген.
Тәсіл айналымға салудың келесі жылына күтілмелі дивидендердің сомасына
негізделген (яғни күтілмелі дивидендтер сомасының акциялардың нарықтық
құнына қатынасы). Содан кейін жеке капитал құнын есептеу үшін дивидендтің
орташа өсу жылдамдығына акциялардың табыстылығы қосылады.
Меншікті капитал құнын есептеу келесі формулаға сүйенеді:
Ke=(D0P0)+g
Мұндағы:
k - жеке капитал құны;
Р0 - бір акцияның 0 уақыт сәтіндегі нарықтық құны;
D0 - бір акцияға ақшалық дивидендтер, оларды төлеу бірінші кезең соңында
күтіледі;
g - дивидендтерді болжамды жыл сайынғы өсімі.
Дивидендтер өсімінің жылдамдығын анықтаудағы бұл тәсілде келесідей
болжамдар жасалады:
▪ төленетін дивидендтер үлесі уақыт мерзімінен өзгермейді
деп күтіледі;
▪ меншікті капиталдың болашақ рентабельділігі жеке
капиталдың нақты рентабельділігіне тең деп күтіледі;
▪ компания жаңа акциялар шығарады деп күтілмейді;
▪ компанияның болашақ жобалары қолдағы бар жобалардағы
тәуекел деңгейімен бірдей болады деп күтілуде.
Меншікті капитал құны үлестірілмеген табыс бағасы болып компанияда осы
көздер бар болғанша саналады және компанияда үлестірілмеген табыс
тауысылған кезде жаңа шығарылымдағы қарапайым акцияның бағасы болады. Жеке
капиталдың құны үлестірілмеген табыс бағасынан гөрі қарапайым акциялар
түрінде жоғары болады.
Бұл тәсілмен есептеу үшін келесі бастапқы мәліметтер қажет:
▪ акциялардың ағымдағы нарықтық бағасы;
▪ дивидендтер туралы ақпарат;
▪ дивидендтердің өсу жылдамдығын бағалау.
Капиталды активтердің баға түзу үлгісі (САРМ)
. Бұл үлгіні қолдану кәсіпорын жұмысының пайдалылығын сипаттайтын
мағлұматтардың едәуір үлкен мөлшері болғанда тұрақты нарықтық экономика
жағдайында анағұрлым кең тараған.
Капиталды активтердің баға түзу үлгісі меншікті капитал табысын
акционерлер үшін тәуекелмен тікелей байланыстырады. Кез-келген инвестиция
тәуекелінен күтілмелі сыйақы тікелей оның нарықтық тәуекелімен байланысты
болады.
Аталған үлгі болжамдарының маңыздысы келесі аппарат болып табылады:
1. барлық инвесторлар үшін салым мерзімі бірдей;
2. ақпарат барлық инвесторлар үшін дербес және дереу;
3. инвесторлар біртекті болжамдарға ие, яғни болашақ табыстылықты,
тәуекелді және бағалы кағаздар табыстылығының ковариациясын бірдей
бағалайды;
4. тәуекелсіз пайыздык ставка барлық инвесторлар үшін бірдей.
Капиталды активтердің баға түзу үлгісі меншікті капитал құнында екі
құрамдасты ажыратады каржы салудан тәуекелсіз пайда және компания
акцияларына инвестициялағандағы тәуекел үшін қосымша сыйақы, Тәуекел үшін
сыйақы жалпы нарықтық портфельде орта табыс және нақты компанияның бета (β)
- коэффициентінен (немесе тәуекел) тұрады.
RJ=R+(Rf-Rm)*β
мұндағы
RJ - меншікті капитал құны, Rf- тәуекелсіз ставка,
Rm - нарықтық портфельдің, күтілмелі табыстылығы, β - акциялар үшін бета
коэффициенті.
Үлгі көрсеткішін енгізумен анықталатын нақты фирманың тәуекел
керсеткішін маңызды түрде қолданады. Бұл көрсеткіш былайша құрылған, β =
0, егер компания активтері мүлдем тәуекелсіз болса;β=1 егер аталған
кәсіпорынның активтері нарық бойынша орташамен бірдей тәуекелді болса. Егер
нақты кәсіпорында 0 β 1 екені белгілі болса, онда бұл кәсіпорын нарық
бойынша орташаға қарағанда аз тәуекелді, ал егер β 1 болса, онда
кәсіпорын едәуір үлкен тәуекелге ие. ':
Өткен жылдар мағлұматтары негізінде β анықталады.Зерттелетін кәсіпорын
табыстылығының салыстырмалы мәліметтері және орташа нарықтық табыстылық
бойынша кәсіпорынның табыстылық коррелляциясын және орташа нарықтық
табыстылықты сипаттайтын сәйкес түзу сызықты регрессионды тәуелділік
құрылады. Бұл тәуелділіктің регрессионды коэффициенті β- факторды бағалауға
негіз болады.Сондай-ақ елдерде потенциалды инвесторлардың бағдарлануы үшін
көптеген компаниялар үшін β көрсеткіштері бар анықтамалықтар басылып
шығарылуда.
Тәуекел үшін облигациялар мен сыйақының табыстылығын қосу тәсілі.
Бұл тәсілде компанияның меншікті капиталын бағалау үшін негіз ретінде
қарыздын салыққа дейінгі бағасын құрады. Компания қарызының салыққа дейінгі
бағасы тәуекелсіз ставкадан тәуекел үшін сыйақы көлеміне асады. Компания
тәуекелі неғұрлым үлкен болған сайын, соғұрлым сыйақы үлкен және компанияға
заемдык заттарға пайызды соғұрлым көп төлеуге мәжбүр болады.
Бұл тәсіл бойынша тәуекел үшін сыйақы компанияның қарыздық
міндеттемелерінің табыстылығына 3 - 5% мөлшерде болады.
Re= облигациялардың табыстылығы+ тәуекел үшін сыйақы
Мысал:
Компания нарықта 9% табыстылық беретін облигацияларын орналастырды.
Жеке капиталдың шамалы бағасы кұрайды:
Re=9%+3%=12%
Тәуекел үшін 3% сыйақы - бұл субъективті мөлшер болғандықтан,
мәннің бағасы да субъективті сипатқа ие. Бұл тәсілдің артықшылығы
мынада, β коэффициенті туралы ақпаратты анықтау мен қолдану қажет емес
және капиталды активтердің баға түзу үлгісі формуласы бойынша есептеу
қажет емес. Бұл тәсілдің кемшілігі мынада, ол тәуекел үшін сыйақының
уақыт өте келе өзгеруін ескермейді. Тәуекел үшін 3% - 5% сыйақы барлық
ком-панияларда орта мәнді беретіндіктен, бұл тәсілдің дәлдігі алдңғы
екеуімен салыстырғанда әлдеқайда аз.[14]
Өкінішке орай, жоғарыда берілген барлық үлгілер тек бағалаушы болып
табылады. Демек ешбір үлгі меншікті капитал құнын нақты түрде анықтай
алмайды.
Қандай тәсіл қолданғанға қарамастан, жеке капитал құны шамамен бірдей екені
көрініп тұр. Сондықтан қандай тәсіл қолданса да айырмашылық жоқ. Алайда
кейде бұл тәсілдер әртүрлі нәтижелер беруі мүмкін, бұндай жағдайда
субъективті бағалау қолданылады.
2 КОМПАНИЯ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ
2.1. Капитал құрылымын оңтайландыруда қаржылық тұтқаны пайдалану
Компания капитал тарту үшін бірқатар күрделі және көп қырлы
шешімдер қабылдауды талап етеді. Бұл шешімдер нақты қаржылық
құралдарын жинауға; ақша түсімдері мен инвесторлардын әр түрлі
категорияларына төлемдерін төлеу кестесі мен жоспарлауына; түрлі қаржы
ресурстарын пайдалану кезінде туындайтын тәуекелдерге және оларды бақылау
әдістеріне; жасалынатын мәмілелердің құқықтық шарттарына қатысты
қабылданады.
Капитал құрылымы - компаннянын рыноктык стратегиясын жүзеге асыру үшін
кабылданған меншікті және қарыздық қаржыландыру көздерінің үйлесімділігін
(арақатынасың) көрсету үшін қазіргі қаржылық талдауға енгізілген ерекше
логикалык түсінік. Қазір бұл термин қаржылық тұтка түсінігімен жиі
алмастырылады. Тұтқа — бұл қолданылатын шараларды жеңілдететін және олардың
әсерін көбейтетін құрал.
Қарыз қаражаттарын тарту меншік иесінің стратегиялық міндеттерін
жүзеге асыруға қолдануы тиіс. Іс жүзінде қаржылық тұтқа меншік иесінің
мүддесіне жету үшін, яғни компания құнын өсіру үшін қарыз қаражаттары
есебінен ұзақ мерзімді дамуды қаржыландыруда қолданылады.
Дәстүрлі талдау (-суретте көрсетілген) минималды көрсеткіштер жиынтығынан
ұсынады. Көрсеткіштердің бірінші тобы - қаржылық есеп-тілікті талдау үшін
қолданылатын стандартты көрсеткіштер. Бір акцияға келетін пайда табыстың
ауқымын көрсетеді, оны пайдалана отырып, компания иесі шешімдер қабылдайды.
Меншікті капиталдың табыстылығы (рентабельділігі) - меншік иесіне өз
жетістіктерін басқа компания және салаға қаражат салғандардын
жетістіктерімен салыстыруға мүмкіндік беретін көрсеткіш. Қарыз қаражаттары
үлесінің өсуі бір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz