Х–XII ғасырлардағы Қарахандар мемлекетінің мәдени мұрасы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.7

1 Х.ХІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН ТӘН ҚАСИЕТТЕРІ

1.1 Қарахандар мәдениетіндегі Ұлы Жібек жолының орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.13
1.2 Қарахан кезіндегі исламның таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ..14.27

2 ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҒЫЛЫМ МЕН ӘДЕБИЕТІ

2.1 Саманидтердің Қарахан мемлекетінің мәдениетіне ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28.30
2.2 Қарахандар кезеңіндегі рухаи мәдениетінің ұлы тұлғалары: Жүсіп Баласағұн және Махмұд Қашғари ... ... ... ... ... ... ... ... ..31.46

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48.50
Тақырыптың өзектілігі. Қарахан мемлекеті ІХ ғасырдың екінші жартысынан ХІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы арасында өмір сүрген ең ірі ортағасырлық мемлекет. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның Шығыс жартысында Амударияға дейінгі аумақты алып жатқан бұл мемлекеттік құрылым тарихы өте қызықты әрі күрделі. Қарахан мемлекетінің құрылуы қазіргі Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихында маңызды орын алады. Қарахан мемлекетінің құрамына кірген қарлұқ, шігіл, яғма, тухси, т.б. тайпалар қазақ, өзбек, қырғыз т.б. халықтардың қалыптасу процессінде шешуші рөлге ие болды десек қателеспейміз.
Қархандар әулеті мемлекеті дәуірі мәдени дамуы жағынан гүлдену процессін бастан өткізгені белгілі. Алайда осы мәдени гүлденуге ислам дінінің әсері, мәдени өрлеу процесін жүйелі түрде бағалау мәселесі де зерттей түсуді талап етеді. Себебі осы күнге дейін европацентрезім тұрғысынан Орта Азия мен Қазақстан халықтары осы кезенде мұсылмандық ренессанс құбылысында бұл процеске толық қосылмайды тек, “Шағылысты Ренессанс” (конрат) түрінде мәдени дамуды бастарынан өткізді деген пікір қалыптасты. Бұл дегеніміз араб – мұсылман мәдениеті келгенге дейін аталған аймақта өзіндік мәдени даму үрдісі болмаған.
Бұрынғы кеңестік тарихнамада қазақ халқының аса бай мәдени және тарихи мұрасы, көшпелі өркениеттің дүние жүзілік тарихта атқарған рөлі бағаланбай келді. Дүние жүзілік мәдениеттің дамуы тек отырықшы өркениет пен шаруашылық жүргізуге байланыстырылды. Адамзат мәдениеті мен техникалық барлық жетістіктері еуропалық өркениетке ғана теңелді. Қазақстан тарихы Орталық Азия елдерінің түрік халықтары тарихынан оқшаулатылды. Бұл сарын «ресми» тарихнамада кең таралды. Бірақ, ол біркелкі дамыған жоқ. Археология, этникалық антропология, этнография, ертедегі және ортағасырлар тарихы саласында негізгі нақты және теориялық қағидалары осы кезде де мойындалмай отырған көптеген еңбектер жарыққа шықты. Социализм дәуіріндегі ғылыми әдебиетті қабылдамау керек, себебі онда идеологиялық өзгешіліктердің таңбалары сақталған, кәсіби емес деген пікір бар.
1 Баласағұн Жүсіп «Құтты білік». Көне түркі тілінен аударған
А.Егеубаев. А., «Жазушы» - б 616.
2 Бируни Абурей хан. Памятники минувших поколений / Пер., примеч.
М.А.Салье// Избранные произведения. Т., ФАН, 1952.Т.1. – б 780.
3 Юсуф Баласагуни Благодатное знание / пер. С.Н.Иванова. Л., Наука,
1990 – с 711.
4 Дулати Мұхаммед Хайдар «Тарих и Рашиди» Перевод Персидского
языка, 2 изд. А., «Санат» 1999 – с 656.
5 Махмуд Кашгарий. Девону луготит турк. Т.І. ФАН, Ташкент, 1960.
// Киргизия при Караханидах / под ред. Е.А.Давидович. Фрунзе, 1983.
-с 500.
6 Қашқари Мұхаммед Түбі бір түркі тілі (Диуани лұғат ат түрік) А.,
«Анна тілі», 1993 Т.1 – б 192.

Зерттеулер:
7 Абрамзон С.М. Киргизы и этногенетические и историко-культурные
связи. Л., Наука, 1971 – с 288.
8 Бартольд В.В. Тюрки. Двенадцать лекций по истории турецких
народов. М., Наука, 1983 – с 650.
9 Бартольд В.В. О христианстве в Туркестане в до монгольский период
(по поводу семиреченских надписей) Т 8 М., Наука, 1893 – с 731.
10 Бартольд В.В. История культурной жизни Туркестана. Л., Наука,
1927 – с 723.
11 Бартольд В.В. Ислам и культура мусульманства. М., Наука, 1992
- с 780.
12 Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом
Шелковом пути. А., Ғалым, 1998 – с 216.
13 Беленицкий А.М., Бектович И.Б., Большаков О.Г. Средневековый
город Средней Азии. Л., Наука, 1973 – с 512.
14 Валитова А.А. К вопросу о классовой природе Караханидского государства. Фрунзе, Илим, 1963.-с 790.
15 Валитова А.А. Юсуф Баласагунский и его Кутадгу билинг. М., Наука, 1951 - с 255.
16 Великие ученые Средней Азии и Казахстана (VIII-XIX вв.) / под ред. К.Бесембиева и М. Сатбаева. Алма-Ата, Рауан, 1965 – с 300.
17 Давидович Е.А. О двух караханидских каганатах // Народы Азии и Африки. 1968, №1 – с 50.
18 Иванов С.Н. О "Благодатном знании" Юсуфа Баласагунского. Наука М., 1993 – с 276.
19 Кәрібаев Б.Б.Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі кейбір тарихи оқиғалардың мерзімі туралы іңғ //ҚазМУ хабаршысы.Тарих сер.1996 -60 №37
20 Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. СПб, 2000 – с 258.
20 А.Н.Кононов Поэма Юсуфа Баласагунского "Благодатное знание". Наука М., 1983 – с 230.
21 Караев О. История Караханидского каганата (X-XIIIвв.). Фрунзе, Илим 1983 – с 266.
22 Культура и искусство народов Средней Азии в древности и средневековье/ под ред. Б.Г.Гафурова., Б.А.Антвинского. М., Наука 1979 – с 305.
23 Нуртазина Н.Д. Ислам в истории средневекового Казахстана (историко - культорологическое исследование). Алматы, 2000 – с 309.
24 Нуртазина Н.Д. Қазақ мәдениеті және ислам. А., 2002 – б 208.
25 Микульский Д.В. Пророчества в арабо-мусульманских династийных хрониках ІХ-Х вв.// Бартольдовские чтения. М., Наука,1990-с 336.
26 Муталибов С. Предисловие к книге "Махмуд Кашгари", "Диван лугат ат-тюрк". Т.1. Ташкент, 1960-с 190.
27 Малов С.Е. Кутадгу билик - факсимиле. Сов. Востоковедение. М.,Л.,Т.5 .1998 –с456.
28 Таиров С.М. «Шелквый путь» - как проводник духовной культуры и исскуства. А.,1983-с 465.2
29 ТенишевЭ.Р.Язык древних среднетюрских писменных памятников в функциональном аспекте.М., Наука, 1979 -с 488.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .3-7

1 Х–ХІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН ТӘН ҚАСИЕТТЕРІ

1.1 Қарахандар мәдениетіндегі Ұлы Жібек жолының
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .8-13
1.2 Қарахан кезіндегі исламның таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ..14-
27

2 ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҒЫЛЫМ МЕН ӘДЕБИЕТІ

2.1 Саманидтердің Қарахан мемлекетінің мәдениетіне
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..28-30
2.2 Қарахандар кезеңіндегі рухаи мәдениетінің ұлы тұлғалары: Жүсіп
Баласағұн және Махмұд Қашғари ... ... ... ... ... ... ... ... ..31-46

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 47

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 48-50

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қарахан мемлекеті ІХ ғасырдың екінші жартысынан
ХІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы арасында өмір сүрген ең ірі ортағасырлық
мемлекет. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның Шығыс жартысында
Амударияға дейінгі аумақты алып жатқан бұл мемлекеттік құрылым тарихы өте
қызықты әрі күрделі. Қарахан мемлекетінің құрылуы қазіргі Қазақстан мен
Орта Азия халықтарының тарихында маңызды орын алады. Қарахан мемлекетінің
құрамына кірген қарлұқ, шігіл, яғма, тухси, т.б. тайпалар қазақ, өзбек,
қырғыз т.б. халықтардың қалыптасу процессінде шешуші рөлге ие болды десек
қателеспейміз.
Қархандар әулеті мемлекеті дәуірі мәдени дамуы жағынан гүлдену
процессін бастан өткізгені белгілі. Алайда осы мәдени гүлденуге ислам
дінінің әсері, мәдени өрлеу процесін жүйелі түрде бағалау мәселесі де
зерттей түсуді талап етеді. Себебі осы күнге дейін европацентрезім
тұрғысынан Орта Азия мен Қазақстан халықтары осы кезенде мұсылмандық
ренессанс құбылысында бұл процеске толық қосылмайды тек, “Шағылысты
Ренессанс” (конрат) түрінде мәдени дамуды бастарынан өткізді деген пікір
қалыптасты. Бұл дегеніміз араб – мұсылман мәдениеті келгенге дейін аталған
аймақта өзіндік мәдени даму үрдісі болмаған.
Бұрынғы кеңестік тарихнамада қазақ халқының аса бай мәдени және тарихи
мұрасы, көшпелі өркениеттің дүние жүзілік тарихта атқарған рөлі бағаланбай
келді. Дүние жүзілік мәдениеттің дамуы тек отырықшы өркениет пен шаруашылық
жүргізуге байланыстырылды. Адамзат мәдениеті мен техникалық барлық
жетістіктері еуропалық өркениетке ғана теңелді. Қазақстан тарихы Орталық
Азия елдерінің түрік халықтары тарихынан оқшаулатылды. Бұл сарын ресми
тарихнамада кең таралды. Бірақ, ол біркелкі дамыған жоқ. Археология,
этникалық антропология, этнография, ертедегі және ортағасырлар тарихы
саласында негізгі нақты және теориялық қағидалары осы кезде де мойындалмай
отырған көптеген еңбектер жарыққа шықты. Социализм дәуіріндегі ғылыми
әдебиетті қабылдамау керек, себебі онда идеологиялық өзгешіліктердің
таңбалары сақталған, кәсіби емес деген пікір бар. Алайда бұл зерттеулердің
тым идеологиялануын ескерген күнде де бұл әдебиеттерден бас тартуға
болмайды. Себебі олар біріншіден тарихи ой-пікір эволюциясын зерттеу үшін
маңызды деректеме, екіншіден өткен сын көзбен қарауға қажет болатын нақты
тарихи ақпарат.
Республикамыздағы бетбұрыс кезеңінде орын алған өзгерістер тарих
ғылымының алдына жаңаша міндеттер қойды.Плюрализм жағдайында түрлі
әдебиеттер пайда болды. Тарих тақырыбына жазылған бұл еңбектер арасында
этникалық, саяси, әлеуметтік тарихтың күрделі мәселелері кәсіби емес,
әуесқой деңгейде шешілетіндері аз емес. Ал, мұндай ғылымнан алыс
зерттеушілер шынайы тарихты бұрмалап, тарих ғылымының ғылыми негіздеріне
де нұқсын келтіреді.
Қоғамның объективті тарих біліміне ыңта-ықыласы мен қажеттері,
қазақстан тарихы үрдісінің үздіксіздігін, қазақ халқы тарихы мен
мәдениетінің ежелден бастап қазіргі күнге дейінгі сабақтастығңын жаңа
айқындамалар тұрғысынан ашып көрсету үшін жаңа іргелі ғылыми еңбектер
дайындалуы керек.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысымызды жазу барысында
қарахан мемлекетінің басқа көшпелі түрік елдерінің арасында қарахан
мәдениетінің биікке көтерілгенін дәлелдеу. Осы мақсатымызға жету үшін
бітіруші мынандай міндеттерді шешуді көздейді:
- Қарахандар кезеніндегі мәдени мұрасының ерекшеліктерімен тән
қасиеттері
- Қарахан кезенідегі исламның таралуы.
- Қарахандар мәдениетіндегі Ұлы Жібек жолының орны.
- Х- ХІІІғғ қалалар мен қала мәдениеті
- Қарахандар кезеңіндегі материялдық мәдениет ескерткіштері.
- Қарахандар мемлекетінің ғылым мен әдебиеті.
- Саманитердің Қарахан мемлекетінің мәдениетінің ықпалы.
- Қарахандар кезеніндегі рухани мәдениетінің ұлы тұлғалары : Жүсіп
Баласағұн, және Махмұд Қашқари

Мәселенің зерттелу деңгейі: Проблеманың нақтылы зерттелуі мен оның
тарихнамасы өзара байланыста екендігі белгілі. Қарахандар әулеті құрған
ортағасырлық осы мемлекет тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап
зерттеле бастады. Әсіресе орыс академиялық шығыстану мектебінің
жетістіктері мен оның өкілдері Х.Д.Френ, И.Н. Березин, В.В.Радлов,
В.В.Бартольд есімдерімен тығыз байланысты. Қарахандар әулеті мемлекетінің
зерттелу денгейін төмендегідей кезендерге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезеңді Х.Д.Френ зерттеулерінен бастап ХІХ ғасырдың аяғына
дейінгі зерттеушілер еңбектері құрайды. Осы кезеңде қарахандар тақырыбына
қатысты мәселелерімен айналысқан орыс және шетел тарихшылары А.К.Казам-бек,
П.С.Савельев, В.Г.Тизенгаузен, В.В.Григорьев, Г.В.Вамбери, Б.А.Дори,
Г.Г.Хворс, Ф.Г.Скрайн, Е.Д.Росс [1;14-б]. т.б. есімдерін атауға болады. Осы
кезеңдегі зерттеушілердің еңбектеріне талдау жасай келе, олардың көпшілігі
қарахандар әулеті билеушілерінің шығу тегі, олардың титулатурасы, саяси
тарихының кейбір мәселелері мен зерттеліп отырған династия билеушілерінің
генеологиялық және хронологиялық кестесін жасау сияқты мәселелер шегінде
зерттеулер жүргізгенін көреміз.
Екінші кезеңді XX ғасырдағы зерттеушілердің еңбектері құрайды. Осы
екінші кезеңдегі зерттеушілер еңбектерін шартты түрде екіге бөліп
қарастыруға болады деп есептейміз. Мәселен XX ғасырдың бірінші жартысы мен
ХХ ғасыр екінші жартсынан кейін жарық көрген еңбектер тобы. Бірінші аталған
уақыттаға қарахандар әулиеті мемлекетінің зерттелу деңгейі тікелей ірі
шығыстанушы, атақты ғалым В.В. Бартольд есімімен тығыз байланысты. Жалпы
алғанда қарахандар тарихының зерттелуінде В.В. Бартольд еңбектерінің өзі
түтас бір мектеп тәрізді маңызды орын алады. Зерттеуші бірінші болып
қарахандар аулиеті тарихына қатысты шығыс авторларының мәліметтерін
пайдалана отырып оларды саяси тарихын мүмкіндігінше толықтай жазып шықты
В.В. Бартольд [2;48-б]. кейбір деректерді ғылыми айналымға бірінші болып
енгізді. Бұл туралы тиісті тауарларды сөз болады. Осы кезенде қарахандар
тақырыбына қатысты кейбір мәселелер туралы А.Ю. Якубовский [3].,
археологиялық жағынан М.Е.Массон[4]. зерттеулер жүргізді. ХХ ғасырдың
алғашқы жартысындағы зерттеушілер еңбегіне тән ерекшеліктер реттінде
қарахан әулиеті мемлекетінің тарихына қатысты жазба деректердің мәліметтері
мен археологиялық, нумизматикалық деректерді кенінен пайдалану тән. Осы
кезенде аталған мемлекеттің саяси тарихи біршама толықтай жазылды.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан кейінгі зерттеулер көбінесе археолог
ғалымдардың есімімен байланысты. Осы кезендегі Қазақстанмен Орталық Азия
территориясындағы орта ғасырлық қалалар мен қалалық қоныстарғңа жүргізілген
археологиялық зерттеулер мәселенің көптеген қырларын жаңаша тұрғыдан
түсінуге көмектесті. Әсіресе қарахан әулиеті мемлекеттінің әлеуметтік –
экономикалық дамуы, саяси құрылымымен мәдени өмірінің көптеген мәселелері
ашыла түсті. Осы мәселеге қатысты зерттеушілердің еңбектеріне ембегіміздің
ІІІ-тарауында кеңірек тоқталамыз.
1983 жылы Фрунзе қаласындағы қырғыз тарихшысы О.Қараевтың қарахандар
әулиеті мемлекетінің тарихына арналған монографиялық зерттеуі жарық қөрді.
Бұл еңбекте қарахандар мемлекетінің осы уақытқа дейінгі зерттелу тарихына
қатысты көптеген мәселелерді саралап, осы мәселенің бұдан былайғы
зерттелуін тірек нысанына айналды.
Қарахандар әулиеті тарихына қатысты еңбектерді ХХ ғасырдың соңында
жарық көрген еңбектер құрайды. Бұл еңбектер әсіресе отандық, Қазақстандық
тарихшылардың есімдеріне байланысты осы уақытқа дейінгі қарханда әулиеті
мемлекетті тарихында аталған әулиетін шығу тегіне қатысты мәселе әле күнге
дейін басы ашық күйінде қалып отыр. қарахан әулетінің шығу тегіне, құрылу
тарихына қатысты тың тұжырымдар ұсынады. Аталған зерттеуші қарахандар
әулеті билеушілерінің исламға шын берілген жандар екендігін дәлелдейтін
Қарахандар шежіресін ғылыми айналым деп атаған. Аталған зерттеуші
қарахандар әулеті билеушілерінің исламға шын берілген жандар екендігін
дәлелдейті Қарахандар шежіресін ғылыми айналымға бірінші болып енгізді
[5].
Қарахан мемлекетінің көптеген мәселелері зерттелген, мәдени дамуына да
зерттеушілер назар аударғанын көреміз, бірақ тыс қалған мәселелер – Қарахан
мемлекетінің мәдениетінің өрлеуі тек ғана ислам өркениетіне қосылғаннан
болды ма, әлде жергілікті көшпелі түрік халықтарының әсері де болды ма?
Сонымен қатар, екінші назар аударатын мәселе – қарахан мемлекетінің
мәдениеттің өрлеуі – толық түрде мұсылмандық рененсансқа кіреді.
Зерттеу жұмысының деректік негізінде – археологиялық деректер және
Жүсіп Баласағұн мен Махмұт Қашқаридің еңбектерін пайдаландық. Сонымен қатар
мұрағат құжаттарының жинақтарында жарияланған деректерді пайдаландым [6].
Сонымен, Қарахандардың саяси және әскери табыстары Орталық Азия
территориясында исламның кеңінен тарауына ықпал етті. Қарахандар тұсындағы
Шығыс Түркістандағы мұсылман иеліктерінің шекарасы туралы Махмұт Қашқари
еңбегінде Диуани лұғат ит түрік - күллі түрік дүниесіндегі саналуан
ұлттар мен ұлыстардыңі мәдени тектестігін, рухани туыстығын, адамзат
өркениетінің туыстығын тарихы тұрғыдан мәлімет береді [7]. Шығыс
Түркістанда отырықшы аудандар басты екі жолдың бойында – Гучен мен Турфанға
апаратын солтүстік жол мен Хотаннан Тарим өзені құятын Лобнорға баратын
жолдар бойында жатқаны белгілі. Махмұт Қашқариден біз осыған байланысты
мынадай мәлімет аламыз: Усми – Тарим – Ислам жерлерінен ұйғырларға қарай
ағатын және сонда құмға сіңіп кеткен үлкен өзеннің аты [8].
Зерттеудің методологиялық негіздері. Бітіру жұмысымызда алға қойылағн
мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету үшін тарих ғылымының әлемдік және
осы заманғы методологиясының тәсілдерін пайдалануға ұмтылдық. Мәселелер
тарихилық, обьективтілік тұрғыдан салыстырып қарау принципіне негізделіп
қарастырылды. Бір мәселеге қатысты бірнеше зерттеу еңбектерін қатарластыра
алып, салыстыра тексеру, анализ – синтез тәсілін пайдаландық. Демек
жұмысымызды жазу барысында тиімді методологиялық тәсілдерді пайдалана
отыра, дұрыс ғылыми негізделген тұжырымдар жасауға ұмтылдық.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері: Бітіру жұмысы X-XII ғасырларда
Оңтүстік Қазақстан, Орта Азияның шығыс бөлігі аумағында Амударияға дейінгі
аралықта құрылған қарахан әулеті мәдениетіне арналған.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспе, қорытынды
бөлімдермен қатар екі тараудан (II тарау екі бөлімнен) және пайдаланған
әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.

1. Х–ХІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН ТӘН ҚАСИЕТТЕРІ

1.1 Қарахандар мәдениетіндегі Ұлы Жібек жолының орны

Қарахан мемлекеті ІХ ғасырдың екінші жартысынан ХІІІ ғасырдың алғашқы
он жылдығы арасында өмір сүрген ең ірі ортағасырлық мемлекет. Қазіргі
Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның Шығыс жартысында Амударияға дейінгі
аумақты алып жатқан бұл мемлекеттік құрылым тарихы өте қызықты әрі күрделі.
Қарахан мемлекетінің құрылуы қазіргі Қазақстан мен Орта Азия халықтарының
тарихында маңызды орын алады. Қарахан мемлекетінің құрамына кірген қарлұқ,
шігіл, яғма, тухси, т.б. тайпалар қазақ, өзбек, қырғыз т.б. халықтардың
қалыптасу процессінде шешуші рөлге ие болды десек қателеспейміз.
Қарахан мемлекетінің құрылуында және алдыңғы тарихында қарлұқ
конфедерацмясының тайпалары зор рөл атқарды, бұл конфедерацияға
қарлұқтармен бірге Жетісуда, Нарыннан оңтүстікке таман мекендеген.
Кейінірек, ХІ ғасырда яғма анағұрлым солтүстікке таман – Іле өзенінің
алқабында өмір сүрді. Ал осы алқапта Ыстықкөл өңірінің солтүстік
аудандарынан көшіп келген жікілдер қоныстанды. Жікілдер Тараз маңында,
Құяста, Барысхан сыртында, Жікіл мекенінде және т.б. өңірлерде шоғырлана
қоныстанған бірнеше топ болды [9].
Қарахан мемлекетінің құрылуы Батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі
және шығыста Қашғарға дейінгі ұлан – байтақ аумақта саяси оқиғалармен,
сондай – ақ Қарлұқ қағанатының жалпы, ІХ ғасырдан ХІІ ғасырдың басына
дейінгі дәуір Орталық Азия үшін отырықшылық пен көшпенділіктің, егіншілік
пен мал шаруашылығының біртұтас әлеуметтік – экономикалық және мәдени
құрылым шеңберінде табиғи түрде өзара ықпалдастығының дәуірі болды. Бұл
кезеңнің басты ерекшелігі – отырықшылық аумағы үздіксіз кеңеюмен болды,
мұның өзі қоғамның жалпы прогресімен, егіншілік – мал шаруашылығы қорының,
сауданың дамуымен және этникалық біртұтастықтың қалыптасуымен байланысты
еді [10].
“Ұлы Жібек жолы” - Жерорта теңізінен Қытайға дейін Евразияны көктей
өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тоқсан торабы, ал сонау ежелгі
дәуірдегі орта ғасырдағы осы аймақтардың ауда және мәдени байланыстарының
тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы. Қазіргі жоба адамзат тарихы
бойынша Шығыс пен батыс халықтарының арасында қалыптасқан тұңғыш бейбіт
қарым – қатынас сырын жан – жақты зерттеп білуді мақсат етіп отыр. Ол осы
Жібек жолы көктей өтетін елдердің ғылыми және мәдени топтарының өзара
пікір алысуына, мемлекеттер арасында мәмілеге келу байланыстарын орнатуға
септігін тигізеді.
Жібек жолы тек біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырдың орта шенінен
бастап қана тұрақты дипломатия мен сауданың күре тамырына айналды. Ал
осының бәрі император У – Дидің көрмеген Батыс елдерінде жұмсаған князі
Чжон – Цзян бастаған елші керуенінің Хань астанасынан шыққан кезінен, яғни
138 жылы басталды. Ол осы күнгі Ауғаныстанның шет аймақтарына жете алды
және Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға дейін тура жолмен ұңғыш рет
жүріп өтті. Содан соң жібек тиелген керуен Батысқа соның ізімен аттанып,
Қытайға Жерорта теңізінен, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар
алып қайтты.
Қытайдан батысқа Ферғананың үстінен өтіп баратын бұрынғы қысқа да
қолайлы жолға қарағанда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жаңа
жол VІ – VІІ ғасырларда барынша жандана түсті. Жетісуда Орта Азия арқылы
өтетін сауда жолдарын қадағалап отыратын түрік қағандары отырды. Екіншіден,
Ферғанадан өтетін жол VІІ ғасырдағы өзара қырқысулар салдарынан қауіпті
жолға айналды. Үшіншіден, түріктердің ауқатты қағандары теңіздің арғы
бетінен әкелінетін тауарларға құштар ірі тұтынушыларға айналды.
Сөйтіп бұл жолға айналды да VІІ - ХІV ғасырлардағы елшілер мен сауда
керуендері негізінен осы жолмен ғана өтіп жүрді. Жібек жолының бұл бағыты
да толық өзгеріссіз қала алмады. Жүздеген жылдар көлемінде оның не анау, не
мынау бөлігі, не жекелеген тармақтары жанданып, жоғарырақ мәнге ие болды.
Ал кейбіреулері, керісінше мәнін дойып, жоғалып кетті де олардың бойындағы
қалалар мен сауда бекеттері құлдырай бастады. Сөйтіп, VІ – VІІІ ғасырларда
негізгі жол сарабы Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан – Талас
алқабы – Шу алқабы – Ыстықкөл қазан – шұңқыры – шығыс Түркістан арқылы
тартылды. Бұл жолдың тармақталмаған бір бұтағы, дәлірек айтқанда тағы бір
жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауын – маңғыстауды – Арал
жағалауын – Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп, жоғарыда аталған негізгі жолға
келіп қосылды. Батыс түрік қағанаты Византиямен сауда дипломатиялық одақ
келісім жасасқан кезде бұл жол олардың қарсыласы Сасанидтік Иранды айналып
өтеді. Дегенмен ІХ – ХІІ ғасырларда Орта Азия, Орта және таяу Шығыс, Кіші
Азия арқылы Сирияға, Египед пен Византияға баратын жолға қарағанда бұл жол
тиімсіздеу пайдаланады.
Алайда, ол жол ХІІІ – ХІV ғасырларда қайта жанданды. Бұл құрлықтағы
саяси жағдайларды дипломаттар (елшілер) мен ірі саудагерлердің және
басқасаяхатшылардың талап – талғамдары реттеп отырды.
VI ғасырдың ортасында Орта Азияны өзіне бағындырған түркілер Ұлы Жібек
жолының елеулі бөлігін бақылауына алған болатын. Жібек саудасындағы олардың
басты делдалдары орталығы Самарқандта болған Зеравшан даласының
Соғдылықтары мен Бухара мен Сирия аралығын қадағалаған парсылар болды.
Жібек маталардың негізгі тұтынушысы Византия болды. Жібек саудасы түрік
қағандары мен Соғдылық көпестерге үлкен табыстар әкелді. Түркілер
қытайлардың төлеген алым – салықтарын, әскери олжаны осы соғдылықтардың
қолымен өткізіп отырған.
Түріктер мен парсылар арасында саяси, экономикалық байланыстар болған.
Сондай – ақ түркілер арасына, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда әсіресе, Иран
әлемінің рухани мәдениетінің бір көрсеткіштері зороастра және манихей
діндері таралды. Арабтар Иранды жаулап алғаннан кейін, парсылар арқылы Х
ғасырларға таман ислам діні таралды.
Жібек жолының Орталық Азиядағы бөлігі Газгирдтен басталып,
Испиджабқа, Таразға, одан соң Құланға, ары қарай Навакетке, Баласағұнға
және Бедел мен Ақсу өткелдері арқылы Ферғана жазығына, ал Адахос және Дех
Нуджикес қалалары арқылы қимақтарға баратын. Осы жерден сауда жолдары
Енесейге, хакастарға әр үш жыл сайын жібек керуендері барып тұрған.
Испиджабтан керуендер Усбаникет, Кедер, Сығанақ арқылы Янкигентке
бағыт алатын және Усбаникет, Кедер,Сығанақ керуен жолдары қаратаудың
солтүстік баурайындаға қалалар Балджа мен Созаққа, ол қалалардан
бетпақдала арқылы Дешті Қыпшаққа барады. Янкигенттен қимақтарға қарай жол
жатты. Ол Сарысуға Ұлытау бөктерлеріне және Есіл жағалауымен Ертіс жазығына
апаратын. Х ғасырда Іле жазығы арқылы керуен жолдары салынды. Бұл жерге Шу
жазығынан Қордай мен Қастек Санташ өткелдері арқылы өтуге болатын еді.
Талхизде керуен жолдары бірнеше тармақтарға ажырады. Оңтүстік Іле жолы
Есік, Шелек қалалары арқылы Кегенге, ары қарай Шығыс Түркістанға барды.
Шелектен шығатын тағы бір жол қазіргі Жақсылық мекеніне, тамғалы – тас
шатқалына, одан ары қарай Екі Өгіз және Қиялық арқылы Алакөл жағалауы мен
Алмалыққа, Тарбағатай арқылы Ертіске, қимақтарға баратын.
Испиджаб, Кедер, Отырар, Янкикент, Тараз, Баласағұн, Талғар, Қиялық,
Сығанақ сияқты қалалар орталықтары болды. Испиджабта базарлар және мата
Отырар оазисі жайлы Х ғасырда араб деректерінде: “Фараб – бай аймақ, оның
басты қаласы Кедер деп аталады. “Бұл көпестердің бас қосатын орны”, - деген
мәліметтер бар [11]. Кедерді (Құйрықтөбе) археологиялық жағынан зерттегенде
сауда сәкілері – дүкендер көрсетілген.
Сырдарияның төменгі ағысында Янкигент (жаңа кент) белгілі сауда
орталығы болды, онда Хорезм көпестерінің сауда қонысы болған.
Транзитті сауданың ең ірі орталығы Тараз болды, ол жөнінде
деректерде: “мұсылмандардың түріктермен сауда жүргізу орны”, немесе
“көпестер қаласы”, - деп көрсетіледі. Тараз көпестерінің Исфанда өз сауда
бекінісі болса, ал Исфахан тұрғындарының Шелжіде, Талас жазығында
бекіністері болды. Түркі халықтарында әсіресе қала мен дала арасындағы
сауданың маңызы зор еді. Бұл сауда екі жаққа да тиімді болды. Бұл жөнінде
сежұқ деректерінің бірінде “көшпенділердің өздеріне табыс түсіретін
тауарлары мен заттары ртырықшы жұрттың пайдасын, малшылығы мен байлығын
арттыратын негізгі көз болып табылды, - деп көрсеткен.
Жәрмеңке түріндегі сауда көшпелілер дүниесімен шекарааралас қалалар –
Сауран, Янкигент, Дех – Нуджикесте барынша қарқынды жүрді. Дех – Нуджикес
арқылымал және мал шаруашылығы өнімдері Испиджабқа түсіп отырған.
Сауран оғыздарымен сауданың басты орталығы болды. Ибн Хаукал:
“оғыздар саудамен Сауранға келіп тұрды” [12].деп көрсетеді. Сондай – ақ
оғыздар Янкигет арқылы Хорезммен сауда жасайтын.
Оазистер мен қалалардың тұрғындары дала халықтарынан мал жылқы, жүн,
иленбеген тері, киіз, текемет, сүт өнімдері және құлдар алып тұрған. Кейбір
қалалар көшпелілерден алынған тауарларды өңдеп сыртқа шығарумен айналысып
отырған. Әл – Микдиси: “Шаштан жоғары сапалы игерген (былғарлары) ер
тоқымдар, жебе қорамсақтары және шатырлар шетке шығарылды. Түркілерден тері
әкелініп, иленеді... Ферғана мен Испиджабтан – түркі құлдары мен ақ
маталар, қару – жарақ, қылыш және темір әкелінеді, Тараздан – ешкі терісі,
Шельджиден – күміс, Түркістаннан бұл жерлерге жылқы мен қошқарлар
әкелінеді”, - деп жазады [13]. Әсіресе, түрк жылқылары жоғары бағаланды.
Қимақтар жылқыларын әр түрлі қалаларға апарып соғып отырған. Түрік қойлары
аса жоғары бағаланды. Истаханидің хабарлауы бойынша: “Хорасанға қойлар
холождардан түсіп отырды, ол Мәуреннаһрға ет оғыздар мен қарлұқтардан...
оларға қажет мөлшерден едәуір көп әкелінді.
Көшпелілер саудасының маңызды саласының бірі – муснус (хош иісті зат)
пен ақ терілер [14]. және сондай – ақ құлдар болды. Дала халықтары
қалаларға сондай – ақ металл да әкеліп тұрды. Металл өндірудің
орталықтарының бірі – Орталық Қазақстан еді. Әл – Идриси қимақтардың темір,
күміс пен алтын өндіріп отырғаны жайында айтады [15]. Өз тауарларының
орнына көшпелілер қала қала орталықтарынан киім, мата, астық, қола қолөнері
заттары мен сән – салтанат бұйымдарын алып отыратын үйлер болған. Бірқатар
үзілістермен ІХ ғасырдың бірінші жартысына дейін Испиджабта теңге шығып
тұрды. Отырарда теңге шығарды. 1967 жылы аршылған Самарқанд көмбесінен 222
– 232 жылдарға жататын Брабтық саманилік теңгелері табылған. Осындай
теңгелер Отырар мен Құйрық төбе қалаларын қазғанда да табылды [16]. Бұл
қаладағы теңге үйі қарахандар мен хорезмшахтар тұсында да тоқтатпаған.
Сондай – ақ Фарабтан 1164 – 1173 жылдарға жататын қарахан теңгесі табылды,
ол зерттеушілердің пікірі бойынша 1210 – 1211 жылдарға дейін шығарылып
тұрған. Бұған қоса 1210 – 1217 жылдары Отырарда соғылған Мұхаммед ибн
Текештің теңгелері белгілі. Сонымен қатар жақында Ясыдан Хорезмшахтар
мемлекетінің теңгесі табылды. Талғар қаласынан табылған Сүлейман ибн Даудың
теңгесі ХІ ғасырда Жетісу, Орта Азия және Таяу Шығыс қалалары арасында кең
сауда байланысарының болғанын дәлелдейді [17].
ІХ – ХІІ ғасырдарда Батыс пен шығысты байланыстырған Ұлы Жібек жолы
бұрынғысынша әрекет етті. Бірақ енді одан көптеген жаңа тармақтары –
Сырдария, Талас, Шу, Іле бойында орналасқан қалалар мен солтүстік – көшпелі
халықтарға қарай жолдар тартылатын болды.
Сонымен, мұсылман дәуірінде (VIII – XIII) Орталық Азия халықтарының
тұрмысында айтарлықтай өзгерістер болған. Бұл өзгерістер негізінен
отырықшылықтың маңыздылығының артуы мен қалалық өмірдің өрістеуінен,
қалалар түрінің өзгеруімен, қалаларда алғаш рет қоғамдық моншаның пайда
болуынан, сондай – ақ, саудаға деген оң көзқарастың қалыптасуынан, сауда
жолдарының кеңеюінен және тауар – ақша қатынастарының өсуінен көрініс
тапты. Орталық Азия халықтарының тұрмысында орын алған бұл өзгерістер араб
– мұсылман мәдениетінің ықпалымен байланысты болды деген қорытынды жасауға
болады.

1.2 ҚАРАХАН КЕЗІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ

Х ғасырдан, яғни Қарахандар әулетінің билікке келуінен бастап, қарлық
бірлестігінде этникалық процесстердің жаңа бір кезеңі басталды. Бір жағынан
ислам дінінің қабылдануы, екінші жағынан ХІ ғасырда шығыстан келген
миграция толқыны қарахандар билік жүргізген мемлекет ішіндегі этникалық
процесстерді одан әрі күрделендіре түсті.
Қарахандар мұсылман дінінен тек өзінің идеологиялық қаруын ғана көрген
жоқ, сонымен бірге қоғамды діни бірлік негізінде тұрақтандыруды көздеді:
исламның бұл жағдайдағы қызметі қоғамда әлеуметтік интеграция мен құқықтық
тәртіп орнатуға сайды [18]. Қарахандар қоғамы өзінің әлеуметтік –
экономикалық дамуы Араб халифаты қоғамына ұқсас еді. Бұл ұқсастық тарихи
дамудың жалпы заңдылықтарымен анықталады. Нақ осы қоғамның тарихи дамуы, -
деп жазады Т.С.Саидбаев, - арабтарға тәуелсіз жүрсе де, бірақ оған ұқсас
болғандықтан, исламды үстем идеология ретінде қабылдауға алып келді және
оның топырағына исламды енгізудің негізгі себебі ретінде қызмет етті [19].
Орыс тарихшысы Н.П.Остроумовтың: Көне арабтардың тұрмысы мен рухани даму
дәрежесі Орта Азия халықтарының ішінде Түркістан көшпелілерін еске
түсіреді, [20]. Деген сөздері де осы ойымызды дәлелдей түседі.
Сонымен бірге, қарахандардың ислам дінін мемлекеттік дін ретінде
қабылдау фактісін тек қоғам дамуының объективті заңдылықтарымен немесе
мемлекеттің идеологиялық қажеттіліктерімен ғана түсіндіру бұл мәселеге
біржақты қарағандық болар еді. Іс жүзінде, түркілердің рухани
сұраныстарының жауап бергендіктен, яғни діннің негізгі қағидалары халықтың
жүрегіне жақын болып, оның діни дәстүрлеріне қайшы келмегендіктен де ислам
діні көп ұзамай мемлекеттік дінге айналған болуы керек. Қарахан мелекетінде
исламның мемлекеттік дін статусын алуы бұл діннің Орталық Азия халықтарының
жаппай дініне айналуы үшін қолайлы жағдайлар туғызды. Мысалы, В.В.Бартольд
осыған байланысты қол жазба деректерден алынған (Бағдад жылнамасы) мынадай
мәліметті келтіреді: 960 жылы ислам дінін 20000 киіз үйден (кибитка)
тұратын түріктердің бір тайпасы қабылдады. Өкінішке қарай, бұл мәлімет тек
Бағдад жылнамасында ғана кездеседі екен, ал араб географиялық әдебиетінде
де, Самани мемлекетінде жазылған шығармаларда да мұндай мәлімет жоқ. Бізге
дейін жеткен мәліметтің көмескілігі осымен байланысты: бұл түрік тайпасы
қалай аталғаны, олардың қай жерде өмір сүргені жөнінде ештеме айтылмайды.
VIII ғасырдың екінші жартысы Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан жерін
мекендеген тайпалардың, соның ішінде тайпаларының да, арабтарға қарсы
күресіне толы болды.
Исламның Орта Азияда орнығуы ІХ ғасырдың ортасы Х ғасырға жатқызылады.
Бұл кезде араб – мұсылман әлемі Қытайдан Пирекей түбегіне дейін созылып
жатты.
Түріктер арасына исламның таралуында сауда, миссионерлік насихат,
экономикалық жәрдем беру, салықтан босату секілді т.б. бейбіт шаралар да
кеңінен қолданылды. Ислам да жергілікті наным – сенімдерге бейімделе қанат
жайды. Әулиелер культі, мола басына шырақ жағу, наурызды тойлау т.б.
мұсылмандыққа дейінгі әдет – ғұрыптарды ислам өз бойына сіңіріп алды.
Мұсылман әлемінде түріктердің орны өз алдына жеке тақырыпқа арқау
болатын мәселе. Мұсылмандар түріктермен жолығыса жүріп, олардың өз
айналасындағы халықтармен ортақ тіл таба білетін ғажайып қасиетін атап
өтеді. Олар бұл қасиетін жаңа елге жеңушілер есебінде ме, әлде мейман
есебінде ме, жолдамалар немесе әскери тұтқын құл ретінде келе ме бәрібір,
әйтеуір ұдайы көрсетіп, кезгелген жағдайда да олар басқа халықтардың
өкілдеріне қарағанда іс - әрекеттің барша саласында табыспен алға жылжуы
ойдағыдай жүзеге асырып отырған.
Мемлекеттік деңгейде түрік қағандарын мұсылмандыққа шақырған алғашқы
елшіліктің бірі Әм әун әулетінен шыққан халифа һишам Әбдімәліұлы (723-742)
тарапынан жіберілген. Шам шаһарынан түргеш қағанының ордасына келген
елшілерді Сұ – Лұ қаған салтанатты түрде қарсы алып, сый – сияпат
көрсетіпті. Олардың Ислам діні туралы айтқан мәліметтерін жақсылап тыңдап,
ұғынысқан қаған, келген елшілер тобын ренжітпей, риза етіп қайтарады. Он
мыңдаған әскері шеру тартып, келген қонақтарға соғыс өнерін көрсетіп
жатқанда, қаған мұсылмандықты қабылдау туралы ұсынысқа сыпайы түрде былай
деп жауап береді (атқа мінген, қолында қылыш, найзаны, сауытты
жауынгерлерін көрсете тұрып): “Мыналардың ешқайсысы да етікші, не тігінші,
не емші емес! Жауынгерлік олардың күнкөріс кәсібі. Ендеше, олар мұсылман
болып, Исламның шарттарын орындаса қайтіп күн көретұғын болмақ [Бартольд
В.В. ІІ том].
Көпшілік шығыстанушы – зерттеушілер мынадай бір қызғылықты фактіні
баса көрсетеді: қараханадар өздеріне көрші түркі тайпаларына, егер олар
ислам дінін қабылдайтын болса, өз мемлекетіндегі жерден еркін түрде
пайдалануға рұқсат беріп отырған. Сондай – ақ Махмұт Қашқаридің Арслан
ханның дінсіздермен соғысы туралы мәліметтердің келтіруге болады: Арслан
хан жағында 40 мың мұсылман әскері, ал олардың қарсыластары жағында 700 мың
әскер болған дәлінеді. Бірақ соған қарамастан қарахандар жеңіске жетеді
[21]. Махмұт Қашқаридің еңбегінде келтірілген аңызда дінсіздердің саны
едеуір асырылып берілген болуы мүмкін. Алайда Қарахандардың әскери жорығы
ғазауат формасында болуының өзі өте маңызды факт.
Сонымен, Қарахандардың саяси және әскери табыстары Орталық Азия
территориясында исламның кеңінен тарауына ықпал етті. Қарахандар тұсындағы
Шығыс Түркістандағы мұсылман иеліктерінің шекарасы туралы Махмұт Қашқари
мәлімет береді. Шығыс Түркістанда отырықшы аудандар басты екі жолдың
бойында – Гучен мен Турфанға апаратын солтүстік жол мен Хотаннан Тарим
өзені құятын Лобнорға баратын жолдар бойында жатқаны белгілі. Махмұт
Қашқариден біз осыған байланысты мынадай мәлімет аламыз: Усми-Тарим – Ислам
жерлерінен ұйғырларға қарай ағатын және сонда құмға сіңіп кеткен үлкен
өзеннің аты.
Х ғасырда исламды Сырдарияның төменгі ағысында мекен еткен оғыз
халқының бір бөлігі қабылдады. Исламды қабылдаған оғыздардың қолбасшысы –
Селжүк өз әрекетін мұсылман қалаларын кәпірлерге (пұтқа табынушы оғыздар)
төлеп тұрған алымынан босатудан бастайды. Оғыздардан шыққан селжүк және
осман әулеттерінің ислам өркениетіне қосқан үлесі жалпыға мәлім.
1043 жылдың күзінде Орталық Азия даласында көшіп – қонып жүрген
түріктердің бір бөлігі мұсылман дінін қабылдайды. жазда олар бұлғарлармен
көрші қонатын, ал қыста Баласағұн маңында қыстайтын, - дейді В.В.Бартольд
[23]. Бұл қыпшақ тайпалары болса керек. Олардың жаз жайлауы Еділ бойында,
бұлғарлармен көршілес жатқан. Бұлғарлардың қатарында бұрынырақ көршілес
жатқан. Бұлғарлардың қатарында бұрынырақ ислам дінін қабылдаған отырықшы
қыпшақтар да болған еді. Бұны Плано Карпини мен Гильом Рубрук сияқты
еуропалық христиан миссионерлері де көрсетеді. Г.Рубрук өзінің ХІІ ғасырдың
ортасында Монғолияға жасаған саяхаты кезінде Еділ өңірінен өтіп бара жатып,
бұлғарлар туралы: Мұнда Мұхммедтің заңын қай албасты (дьявол) әкеліп
тастағанына таңым бар - деп жазады. Жалпы алғанда, түркі тілдес
тайпалардың исламдануы біркелкі болған жоқ: Еділ бойы бұлғарлар мен
түркештер ) Х ғасыр бойында жаңа дінге өту қарқынды жүріп, Мәуреннаһр,
Хорасан және Таяу Шығыстың мұсылман орталықтарымен тығыз байланыстар
орнатылса, ал қимақ – қыпшақ тайпалары бұл істе біраз артта қалып қойды.
Бұған себеп болған отырықшы аудандар мен қалалардан территория жағынан
алшақтық, көшпенді тұрмыстың басым болуы еді. Алайда бұл тұжырымды біржақты
қабылдауға да болмайтын сияқты. Жалпы, Орталық Азияны мекен еткен ірі
тайпалардың бірі – қыпшақтардың солтүстік бөлігінің исламдануы жөнінде
тарихнамада үлкен дау – талас орын алған. Сондықтан да бұл мәселеге ерекше
тоқталуы жөн көріп отырмыз.
Қазақ тарихындағы исламның рөлін барынша төмендететін көрсетуге
тырысуға байланысты, кеңес тарихнамасында қыпшақтар ХІІІ ғасырға дейін
ислам өркениетінен тыс болды деген пікір үстем болды. Осыған байланысты
кеңес идеологтары пантүрікшіл ғалымдарға ортағасырлық қыпшақтар
тарихындағы ислам факторын асыра бағалағаны үшін алакөздік танытып отырды.
Тек пантүрікшілдер ғана емес, сондай – ақ беделді орыс – еуропа
ғалымдары да қыпшақтар арасындағы исламның жетістіктерін атап көрсеткен
болатын. Атап айтқанда, ХІХ ғасырдың атақты орыс тарихшысы Н.И.Веселовский
татар басқыншылығының алдында половецтердің басым бөлігі мұсылман дінін
тұтынды - деп жазады [24].
Батыс тарихнамасында орта ғасырлық қыпшақтар көшпелі халықтар ретінде
көрсетілген. Бұған А.Ю.Якубовский мен Б.Д.Греков ең алғаш рет қарсы пікір
айта отырып, егіншілікпен айналысатын аудандармен шекаралас жерлерді мекен
еткен қыпшақтар бірте – бірте отырықшылыққа өте бастады деп атап өткен еді.
Мұндай фактілерді Жетісу мен Хорезм тарихынан да көруге болады. Мысалы
Жетісуда көшпенділікпен күн кешкен тргештердің, оғыздар мен қарлұқтардың
және т.б. көшпелі халықтардың ІХ – ХІ ғасырларда жаппай отырықшылыққа
өткені белгілі Бұл процесс түріктермен көршілес соғдылықтар мен
хорезмдіктердің елеулі түрде түріктенуіне алып келген болатын [25]. Келес
даласын археологиялық және этнографиялық жағынан зерттеген Г.В.Григорьев те
осындай қорытындыға келеді. Атап айтқанда ол: Жалпы алғанда таза
көшпенділер болмайды: барлық көшпенді халықтар белгілі дәрежеде
егіншілікпен де айналысады, - деп жазса [26]. VI – ХІІ ғасырларда Орхон –
Енесей көшпенділердің болмайтындығын білеміз, көшпенділер егіншілікпен және
аңшылықпен де айналысып отырған... Біз, көшпенділердің кедейленіп кеткен
белгілі жатақтарға айналып отырғанын тарихтан жақсы білеміз, - деп
көрсетеді. Кедейленген көшпелілер жайлы Махмұт Қашқари: басқа жерге
көшпейтіндер мен соғысқа қатыспайтындар, дер жазыпты. Сондай – ақ,
қыпшақтар қоныстанған аймақтарда, ерте орта ғасырлардың өзінде – ақ ірі –
ірі қалалар болғанын ескеру керек, бұл қалалардың халқы археологиялық
деректерге сенсек, көшпенділер болмаған.
Шетел тарихнамасында алғашқы кезде жалпы араб-мұсылман дәуірінің
әлемдік тарихтағы орны барынша төмендетіп көрсетуге тырысу болды. Әлемдік
тарихты еуроцентристік көзқарас тұрғысынан зерттеу салдарынан мұсылман
әлемнің өткен тарихын зерттеу шығыстанушылар аз ғана тобының міндеті болып
қалды. Алайда ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда қалыптасқан бұл жаңа ғылымның өзіде
нәсілшіл-еуроцентристік пиғылдың ықпалынан тысқары бола алмады. Еуропалық
шығыстанушылар исламды семитік рұхтын тура баламасы көрсеткен тура
тұжырымдама ұсына отырып, оны - рухқа қарама – қарсы фанатизімге бой ұшырап
артта қалған, ғылыми білімге қарсы, әлемді бүтіндей емес бөлшектеп
қарастыруға бейіммін деп айыптады. Көптеген зерттеушілер арабтар мен басқа
да мұсылман халықтарын “екінші сорты” ұлттар ретінде қарастырды. Мәселен
К.Яснарстің т.б., еңбектерінде орта ғасырлық араб – филасофиясы антика
филасофиясын тек жай тасымалдаушы ретінде көрсетіледі. Дегенмен ислам мен
ортағасырлық араб- мұсылман мәдениетінің орта, әлем халықтардың мәдени
дамуына ықпалын обьективті зерттеуге ұмтылу да жоқ емес [27]. Негізгінен
зерттеушілерді араб- мұсылман мәдениеті және түркілер проблемасына дегенде
ғылами көз қарастарына байланысты топ-топқа бөліп қарастыруға болады.
Біріншілері түркілердің ислам әлемі тарихтағы орнын мүлде жоққа шығарады.
Мұндай зерттеушілер қатарына батыс ғалымдары А.Мюллер, Г.Э Грюнбаум тағы
басқаларды жатқызуға болады. Мысалы А.Мюллер “История ислама от основания
до новейших времен” атты еңбегінде “түркілер ғазнауйлердің пайда болуы мен
хорезм- шахтың өліміне дейінгі аралықтағы адамзат тарихында еш нәрсе
жасағңан жоқ. Ислам әлемінде қандай да бір бағалы мемлекеттік және зан
шығарушы мекеме жана бір діни ағым, немесе діни түсінік, ешбір ғылыми еңбек
әкелмеді. Өнер саласында да ешбір жаналық жасалмады – олардың қолынан тек
бас кесу мен атқа міну ғана келеді ”,- деп жазды [28]. В.Бартольдтың
айтуынша, түркілердін ислам тарихындағы ең маңызына күдік пен қарайды [29].
Ал кеңестік тарихнама исламды таптық тұрғыдан ортағасырлық Шығыс
елдеріндегі үстемтап өкілдерінің еңбекші халықты қанауда қолындағы
идеология құралы ретінде бағаланды. Ислам тарихы көбіне бұрмалау мен
коньюктуралы саясаттың объектісі болып келеді, басқа бір де бір дінге
мұндай көз қарас алмаған. Ал тікелей ислам тарихындағы түркілердін рольі
туралы пікірде кеңес тарихшылары В.А. Горлевский, Б.Н, Заходер,
Л.А.Семеновалар да жоғарыда аталған шетелдік тарихшылардың түркілерге
арналған бөлімінде түркілерге арналған бөлімінде түркілердін исламға жан-
тәнімен қызмет етуінің мүмкін еместігін оларды исламды сырттай ғана
қабылдауымен түсіндірді. Діни фанатизім оларға жат қозғалыстың негізгі
себебі саяси- эканомикалық. болды дейді [30]. Осыған жақын пікірді Б.Н.
Заходер, Л.А. Семенова білдіреді. Соғысының айтуынша түркілер тобыры жеребе
бойынша борған жерінің құдайын өздеріне танып алды. Басқаша айтқанда, дің
тандау мәселесі ең бастан - ақ оғыздар үшін өзіндік болмады. Бұл олардың
жетекшіліктерінің нақты саяси қажеттіліктеріне сәйкес орындалады [31].
Ал келесі пікірде түркілерді мұсылман тарихындағы орнына ерекше мән
беріп, олардың шын мәніндегі исламға жасаған қызметтерін дұрыс бағалайды.
Осы денгейдегі зерттеушілердің қатарына Т.Лейзер, Дж.Гильберт, С. Лень-
Пул, К.Босворт, Б.Шнулер жатады С.Лень – Пул. “сельжуктер жабайы жүрегі мен
ынты- шынтысымен исламды қабылдап, іріп құлағалы тұрған мемлекеті қайта
тірілтуге келіп, шынында да оған жаңа өмір әкелді ”, деген баға берді [32].
Олар ортағасырларда түрік билеушілеріннің қоластында болған аймақтардағы
саяси, мәдени бағытарлардағы игерушіліктерді дұрыс бағаларымен, Түркістан
көшпелілерінің дәстүрлі мәдениеттері мен таныстығаның аздығынан олардың
батыл ғылыми шешімдері қабылдынуын тежейді. Түркілердін ортағасырлардағы
мұсылман әлемі тарихындағы алар орнын көрсете отырып, бірақ мұның себебін
тұсіндере алмайды.
Шетелдік және кеңестік тарихнамада орын алған ояқылықтардың оның
кейінгі кездері, тәуелсіздік жылдары жазылған еңбектер біршама толықтыра
түсті. Мәселен зерттеуші ғалымдар Н.Д.Нұртазина [33]. К.М Байпаков, Ж.Ж.
Жеңіс. Е.Т.Қартабаева, А.Қыраубаева тағы басқа, ортағасырлық Қазақстан
тарихындағы исламның орны оның таралуы мен өзіндік ерекшеліктерін,
ортағасырлық қалалық мәдениетің дамуы, түрік билеушілері тұсындағы Иран
тарихының саяси мәдени дамуының аспектілерін, араб- мұсылман мәдениетінің
орталық Азия халықтарының өміріне тигізген әсері, осы дәуірдегі түркі
әдебиеті тағы басқа, проблемаларды жаңа тұрғыдан қарастырады. Осы
зерттеулер негізінде Қазақстандық тарихнамалар ғылымында араб-мұсылман
мәдениті мен түркілер проблемалары бойынша.
Орталық Азия аймағында мұсылман дәуірінде мәдени өрлеудің болуының
басты факторы – ислам дінінің шаруалары мен араб- мұсылман мәденитінің оң
ықпалы және түркі халықтарынның мұсылман мәдениетін қабылдауға әзір болуы.
Арабтардын келуіне дейін – ақ түркілердің бай мәдени дәстүрінің болуы,
олардың жаңа дінді қабылдай отырып мәдени дамуында жаңа сапалы сатыға
көтерілуіне негіз болды.
Арабтар түркілер жеріне жаулап алу соғыстарын жүргізбеді. 751 жылғы
Талас шайқасы түркілерге емес, керісінше түркілер мен бірге отырып Қытай
экспансиясына қарсы бағытталады.
Қалалы мәдениет пен отырықшылдық өмір салты кең дами түсті Оңтүстік
Қазақстан мен Жетісу өлкесінде қалалар саны өсіп, Іле аумағында жаңа
отырықшы – қалалық мәдениет ауданы пайда балып, ол Орталық Қазақстан
аумағына дейін созыла түсті.
Орталық Азия далаларынан шыққан түркілер таяу жаулардан қорғаушыларға
айналады. Олар билеушілері мен қолбасшылық дәрежеге дейін өсе отырып,
өздері басқарған мұсылман елдерінің экономикалық және мәдени өсуіне ықпал
етті.
Тәуелсіз Қазақстан кезінде дүниеге келген бұл еңбектеріннің көпшілігі
қарахандар тұсындағы мәдени дамудын исламдық факторына назар аударады. Осы
орайда Н.Д.Нуртазина, Е.Т.Қартабаева, А.Қыраубаев тағы басқа зерттеушілерді
атады. Н.Д.Нуртазина жалпы орта ғасырлық исламның Қазақстандағы рольі мен
манызы шенбірінде қарастырса. Е.Т. Қартабаева араб- мұсылман мәдениеті және
Орталық Азия халықтарынның өміріндегі өзгерістерге назар аударады. Сонғы
аталған зерттеуші шығыстану ғылымында қалыптасқан Орта Азия мен Қазақстан
халықтары тарихындағы “Шығыстың Ренессанс” құбылысы туралы европацектристік
тұрғыдағы көз қарасты сынға алып, Шығыстын Ренессанстың Орта Азия мен
Қазақстан аумағында толық көрініс алғаның көрсетіп береді. Автор оның дәлме
ретінде қарахан мемлекет тұсындағы мәдени өрлеу мен гүлдену процесін атайды
[34].
Қарахандар әулиеті мемлекеті тұсындағы мәдени өрлеудін, жалпы
қарахандар дәуіріндегі мәдениет тарихы толық қазылып біткен жоқ. Әрине
ислам дінінің таралуы, араб-мұсылман мәдениті мен түрік мәдениетіміз өзара
әсері, осы кезенде өмір сүріп, шығармашылық кен айналысқан ұлы
тұлғаларымыздың өмірі мен шығармашылығы қаламыз мәдениетінің, сәулет
өнірінің гүлденуі сияқты мәселелер жеке- жеке проблемалар денгейінде
көтерілгендігіне қарамастан жалпы қарахандар мемлекетінің мәдениеті тарихын
бір тұтас ғылыми зерттеу объектісі ретінде қарастырған мәселе деуге әлі
ертерек.
Қарахандар әулиеті тұсында ислам дінінің қазақ даласына таралуы мен
оның ерекшеліктері Қожа Ахмет Яссауи есіміне байланысты Яссауи мұрасынның
зерттеушілеріне жаңа жол еліміздің тәуелсіздік алуы мен бірге ашылғандай
болды. 1990 жылы 22-23 қазан айында Түркістан қаласында ЮНЕСКО бағдарламысы
бойынша “Яссауи әлемі” атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Осы
конференцияда Х.А.Яссауи әлемі- өмір сүрген уақыты, оның ілімінің
ерекшелігі, исламның орта Азия мен Қазақстанда таралу ерекшелігі, өмірі,
мәдени мұрасы туралы мәселелер талданады.
Сонымен, Орталық Азия халықтары арасында VІІІ – ХІІІ ғасырларда ислам
діні таралып, орнықты. Түріктерарасында ислам көбіне бейбіт жолмен (сауда
жолдары, бейбіт қоныстанушылар және дін уағыздаушылар арқылы) тарайды.
Сондай – ақ исламның жергілікті халықтың діни дүниетанымы ретінде
қалыптасып, орныққанын біз осы дәуірдегі түрік қалаларындағы мешіттердің
көптеп салынуынан, қаза болған кісіні жерлеу салтының орнығуынан, түрік
ақсүйектерінің мәйіті қойылған жерлерге мазарлар тұрғызу дәстүрінің орын
алуынан, және бұл мазарларға мұсылмандық діни мазмұндағы мәтіндер
жазылуынан, мұсылмандық мектептер мен медреселердің ашылуынан, т.б.
көреміз.
Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуын 3 кезеңге бөліп
қарастыруға болады:
1) 751 жылы Талас шайқасынан кейінгі дәуірдегі исламның тарала
бастауы. Бұл кезде ислам, негізінен, қарлұқтар арсында, ішінара таралған
еді.
2) Орта Азиядағы саманилер билігі дәуіріндегі исламның таралуы. Бұл
кезеңде Азияға, біріншіден саманилер әулетінің ғазауаты арқылы,
екіншіден, Мәуереннаһр халқының бейбіт қоныстануы арқылы және үшіншіден,
сауда жолдары арқылы таралды.
3) Қарахандар дәуіріндегі исламның мемлекеттік дінге айналып, барлық
түркі халықтары арасында жаппай таралуы. Бұл кезеңнің аяғында Орталық
Азияның солтүстік – батыс бөлігінде, яғни қыпшақтардың арасында мұсылман
дінін таратуда Қожа Ахмет Иассауи бастаған сопылардың миссионерлік
қызметі ретінде бейбіт қатар өмір сүрді. Орталық Азия жерінде жүргізген
арбтардың жалғыз шайқасы – Талас түбіндегі шайқас түркілермен бірлесе
отырып Қытайға қарсы бағытталды.
746 жылы жетісу жеріне Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп
қоныстанған еді. Ішкі күрес - тартыстан, сондай – ақ арабтар мен болған
ұзақ айқастан түргеш қағандары бұрынғы құдірет – қуатынан айырылып қалған
болатын, сол себепті де олар қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады.
Осы аймақта белсенді саясат жүргізіп жатқан Қытай империясы бұл жағдайды
өз пайдасына асыруға тырысты. Оның Шығыс Түркістандағы уәлиі Као Шиен –
Чи 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алып,
ойрандайды. Шаштың иесі дарға тартылады. Оның баласы көмек сұрап
арабтарға барады. 751 жылы Талас жанынағы Атлах қаласы аббасилердің
әскербасы Зияд ибн Салих пен Қытай қолбасшысы Као Шиен – Чи арасында зор
арпалыс болады. Айқас бес күнге созылды. Шешуші сәтте қытайлықтардың ту
сыртынан қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытай әскері
толық күйретілді. Тарихшы Ибн әл – Асирдің мәліметтері бойынша: Талас
маңындағы шайқаста қытайлықтар оңбай жеңіліс тапты: 50 мың адам қаза
тауып, 20 мыңы тұтқынға түсті.
Талас алқабындағы шайқастың Орталық Азия халықтарының тағдыр –
толайында үлкен тарихи мәні болды. Ол Таңдық Қытайдың Орта Азия істеріне
қол сұғушылығына шек қойды және түркі халықтарының мәдени бағдары жәйлі
мәселесін мұсылман өркениетінің пайдасына шешіп берді. Соңғы жылдары
Талас маңындағы шайқас жаңаша тұрғыдан қарастырыла бастады. Бұл шайқаспен
байланысты барлық нақты оқиғалардың астарында түркілер жерінде өткен
исламның қиыршығыстық (Қытай) өркениетінен орасан зор қақтығысуының терең
мәдени – тарихи заңдылығын көре білу керек. Осы кезде Монғолия мен
Алтайдан Жетісу жеріне келіп, бұл аймақта өз үстемдігін орнатуға тырысып
жатқан қарлұқтардың Талас шайқасында арабтар жағына шығуы, олардың
аймақтағы саяси ақуалды зерттеп біліп, түріктер үшін басты қауіп Қытайдан
төніп тұрғанын дұрыс түсінген болу керек. Бұл шара сонымен бірге
халықтың Қиыр – Шығыстық мәдениет емес, араб – мұсылман мәдениетін
таңдауын да көрсеткен еді. Қытай өркениетімен салыстырғанда ислам
өркениеті универсализмнің шын мәніндегі үлгісі болды, онда әрбір ұлт,
әрбір кіші – гірім мәдениет өзінің дербестігін сақтады. Құран халықтарды
рухани бірлікке шақырды.
Исламды алғаш рет түркі тілді халықтардың ішінде қарлұқтардың
қабылдағаны және жаңа өркениетке басқаларынан бұрын тартылған белгілі.
В.В.Бартольд қарлұқтар ислам дінін Халиф Махдидің (775 – 785 жж.)
тұсында – ақ қабылдай бастады - дейді. Сондай – ақ М.Бұлұтай да 775 –
785 жылдары аралығында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркілердің мәдени ескерткіштері
Алғашқы түркі мемлекеттері
Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті
Қарахандар дәуіріндегі ғалымдар және олардың еңбектерінің тарихи маңызы мен мәні
Карахан мемлекетінің рухани және материалдык мәдениеті
ОРТА ҒАСЫРЛАР КЕЗЕҢІНДЕГІ ТҮРКІЛЕР ТУРАЛЫ АРАБ ДЕРЕКТЕРІ
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Ерте орта ғасырлардағы алдыңғы қатарлы оқымысты, тарихшы, түркі ұлыстары
ҚЫПШАҚТАР
Қыпышақ мемлекеті
Пәндер