Ежелгі Римнің мемлекеті және құқығы



Кіріспе
І Республика кезеңі (б.э.д. 509 — 27 ж.ж.)
ІІ Монархия кезеңіндегі Рим
ІІІ Рим құқығының тарихы кезеңдері
IV Рим стоиктерінің теориялық көзқарасы
V Қорытынды
VI Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Рим мемлекеті қалалық қауымнан қалыптаскан. Римнің негізін қалаған әттен бастап б.э. 509 жылға дейін римдіктерде рулық құрылым болған, алайда ол ыдырау кезеңінде болған. Рулық ұғымының негізі әлеуметтік бірлігі ретінде экзогамды әкелік ру табылган. Рулар отбасыларына бөлінген, оларға тән сипат болып отбасы иесінің жанұя мүшелеріне үстінен шексіз билігі табылған.
Қоғамдық құрылым. Римде жалпы алғанда 300 ру болған. Он ру әскери және діни бірлік болып табылатын курияны құраған. Курияның басында қурион тұрған. Он қурия трибуды тайпаны кұраған. Рим халқы үш тайпадан құралған.
Халық патрицийлерге, клиенттерге және плебпийлерге бөлінген. Патрицийлар - бұл қалалық қауымның толық құқылы азаматтары, клиенттер патрицийлерге жеке және мұрагерлік тәуелділікте болған, плебейлердің жеқе бостандығы болғанымен, саяси құқықтарға иеленбеген.
Мемлекеттік құрылым. Римдік қауымның басында патша Рекс тұрған. Ол әскер басы, жоғарғы абыз болған және ерекше маңызды істер бойынша сотты жүзеге асырған. Рекстің лауазымы сайланбалы болған. Патшаның жанындаы кеңесуші орган сенат болған, ол үш жүз рудың ақсақалдарынан құралған. Сенат коғамдық істерге басшылық жасаған, маңызды мәселелерді талқылаған, мұндай мәселелерге байланысты шешімдерді халық жиналысы қабылдаған. Сонымен қатар, сенат патшаны сайлауға да әсер еткен. Аса маңызды органдардың бірі халық жиналысы болған, ал рим руларының толық құқылы мүшелері — әскери қызметті орындай алатын ер адамдардан құралған; ал сенаттың ұсыныстарын қабылдаған немесе олардан бас тартқан, барлық лауазымды тұлғаларды, соның ішінде патшаны да сайлаған. Римдік қауымдағы тағы да бір орган - бұл абыздық алқалар олардың ішіндегі ең ежелгілері болып авгурлар, понтификтер және фициалдар алқалары табылған (авгурлар тұлғалардың әрекеттері туралы өз қорытындыларын әртүрлі белгілер мен жорамалдардың негізінде берген, понти¬фиктер әдет-ғұрыптарды сақтаушы және түсіндіруші болған, фециалдар соғыс жариялау актісін жүзеге асырған).
1. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Бумаков Д.А., Истаев А.Ж. Алматы 2004. 221 бет.
2. Саяси құқықтық ілімдер тарихы. М.Мұхамедов, Б.Сатершинов, Б.Сырымбетұлы. Алматы, 2002. 339 бет.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгі Римнің мемлекеті және құқығы

Жоспар:
Кіріспе
І Республика кезеңі (б.э.д. 509 — 27 ж.ж.)
ІІ Монархия кезеңіндегі Рим
ІІІ Рим құқығының тарихы кезеңдері
IV Рим стоиктерінің теориялық көзқарасы
V Қорытынды
VI Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Рим мемлекетінің құрылуы
Рим мемлекеті қалалық қауымнан қалыптаскан. Римнің негізін қалаған
әттен бастап б.э. 509 жылға дейін римдіктерде рулық құрылым болған, алайда
ол ыдырау кезеңінде болған. Рулық ұғымының негізі әлеуметтік бірлігі
ретінде экзогамды әкелік ру табылган. Рулар отбасыларына бөлінген, оларға
тән сипат болып отбасы иесінің жанұя мүшелеріне үстінен шексіз билігі
табылған.
Қоғамдық құрылым. Римде жалпы алғанда 300 ру болған. Он ру әскери және
діни бірлік болып табылатын курияны құраған. Курияның басында қурион
тұрған. Он қурия трибуды тайпаны кұраған. Рим халқы үш тайпадан құралған.
Халық патрицийлерге, клиенттерге және плебпийлерге бөлінген.
Патрицийлар - бұл қалалық қауымның толық құқылы азаматтары, клиенттер
патрицийлерге жеке және мұрагерлік тәуелділікте болған, плебейлердің жеқе
бостандығы болғанымен, саяси құқықтарға иеленбеген.
Мемлекеттік құрылым. Римдік қауымның басында патша Рекс тұрған. Ол
әскер басы, жоғарғы абыз болған және ерекше маңызды істер бойынша сотты
жүзеге асырған. Рекстің лауазымы сайланбалы болған. Патшаның жанындаы
кеңесуші орган сенат болған, ол үш жүз рудың ақсақалдарынан құралған.
Сенат коғамдық істерге басшылық жасаған, маңызды мәселелерді талқылаған,
мұндай мәселелерге байланысты шешімдерді халық жиналысы қабылдаған. Сонымен
қатар, сенат патшаны сайлауға да әсер еткен. Аса маңызды органдардың бірі
халық жиналысы болған, ал рим руларының толық құқылы мүшелері — әскери
қызметті орындай алатын ер адамдардан құралған; ал сенаттың ұсыныстарын
қабылдаған немесе олардан бас тартқан, барлық лауазымды тұлғаларды, соның
ішінде патшаны да сайлаған. Римдік қауымдағы тағы да бір орган - бұл
абыздық алқалар олардың ішіндегі ең ежелгілері болып авгурлар, понтификтер
және фициалдар алқалары табылған (авгурлар тұлғалардың әрекеттері туралы өз
қорытындыларын әртүрлі белгілер мен жорамалдардың негізінде берген,
понтификтер әдет-ғұрыптарды сақтаушы және түсіндіруші болған, фециалдар
соғыс жариялау актісін жүзеге асырған).
І. Республика қезеңіндегі Рим

Римдегі республика қезеңі 500 жылға созылды (б.э.д.509-27 ж.ж.). Римнің
даму тарихын екі кезеңге бөлуге болады: республиканың қалыптасу және нығаю
қезеңі (б.э.д. ҮІ-ІҮ г.) және римдік құл иеленушіліқ мемлекеттің гүлдену
және құлдырау кезеңі, оның орнына монархиялық басқару нысанының келуі
(б,э.д. НІ-І г.г.).
Қоғамдық құрылым. Өзінің таптық табиғаты бойынша римдік қоғам мен
мемлекет кұлиеленушілік болған, алайда кұлдарды қанау монархия кезеңіндегі
сияқты дәрежеге жеткен жоқ, сол себепті құлдық патриархалдық сипатта
болған.
Еркін халықтың негізгі бөлігі болып патрицийлер мен плейбейлер қала
берген, олардың арасында өзара күрес өрши түскен. Плейбейлер патрицийлер
мен саяси және азаматтық құқықтары бойынша тең болуға ұмтылған, осы жағдай
Рим республикасының құлауының негізгі себебі болған.
Мемлекеттік құрылым. Рим республикасында орталық органдар - халық
жиналыстары болған, олар центуриаттық, грибуттық және куриаттық комициялар
түрінде ұйымдастырылған. Сонымен қатар, сенат пен магистратуралардың да
мемлекетті басқарудағы орны ерекше болған.
Центуриаттык комициялар халык жиналыстарының негізгі түрі болып
табылады, олар заң жобаларын қабылдап, жоғарғы магистрат — консулдардың,
преторлар мен цензорлардың сайлауын жүзеге асырды, сот билігіне ие болды.
Трибуттық комициялар екі нысанды қызмет етті: патрицийлер мен плебейлер
үшін жалпы жиналыс (олардың қаулылары "популисцит" деп аталды) және арнайы
плебейлік жиналыстар (олардың қаулылары "плебисцит" деп аталды). Куриаттық
комициялар тек рулық құрылымының қолдағы ретінде гана сакталады және уақыт
өте келе бұрынғы 30 курияның өкілдері болып табылған 30 ликторлың
жиналысымен ауыстырылды.
Сенат формальды түрде магистраттардың жанындағы кеңесуші орган ретінде
саналған, алайда өте үлкен маңызға ие болған. Сенат халық жиналысы
қабылданған заңдары бекітетін және қаржыларды басқарған. Сенаттың шешімдері
"сенатус-консульт" деп аталған.
Магистратуралардың жүйесіне Рим мемлекетінің өкілі болуға және оның
атынан сот өндірісі мен басқару саласында мемлекеттік әрекеттерді жүзеге
асыруға өкілетті лауазымды тұлғалар кіретін. Магистратуралардың қызметі мен
оны ұйымдастырудың келесі қағидалары болған:
- сайланбалылық (магистраттарды сайлау халық жиналыстарында жүзеге
асатын);
- алқалық (бір лауазымға бірнеше магистрат сайланатын, олардың
әрқайсысы толық билікті иелене отырып, өздеріне қарасты мәселелерді
шешкен);
- жауаптылық (диктатор, цензор мен плебейлік трибундардан басқа
магистраттар өз лауазымының мерзімі біткенде халық жиналысының сатына
тартыла алатын);
- мерзімділік (барлық магистрлер 1 жыл мерзімге, ал цензорлық 5 жылға
сайланатын);
- ақысыздық (магистраттар өз жұмысы үшін жалақы алмайтын).
Магистратуралар ординарлық және экстраординарлык болып бөлінеді.
Ординарлык магистратуралардың басында екі консул тұратын. Ординарлық
магистратуралардың құрамында келесі лауазымдар болған:
Преторлар - консулдардың көмекшілері, цензорлар - Рим азаматтарын
триболарға, разрядтарға және центурияларга бөлу мақсатында ценздерді
орнықтыратын, эдилдер - полициялық міндеттерді жүзеге асырган, квесторлар -
консулдардың арнайы мамандануы жоқ көмекшілері, плебейлік трибуналар -
плебейлердің мүдделерін қозғаушылар және төменгі магистраттар - қылмыстарды
тергеумен айналысқан.
Не соғыспен, не топтық күрестің өршуімен байланысты қандай да бір
төтенше қиындықтар уақытында сенат консулға алты айдан аспайтын мерзімге
диктаторды тағайындау туралы тапсырма беретін. Диктатор тағайындалған соң
барлық ординарлық магистратуралар экстраординарлық магистратураларға
айналып, диктатордың өкілеттіктері мерзімінде толығымен оған бағынатын. Бұл
кездегі диктатордың билігі шексіз болатын.
Рим әскері. Әскери қызметті бес разрядқа енген барлық азаматтар
өтейтін. Оған тек толық құқылы, кем дегенде 11000 асе мүліктік цензге ие
азаматтар жіберілетін, әскерлер өздерінің мүліктік цензіне сәйкес әскердің
әртүрлі түрлеріне бөлінетін. Әскерді консулдар цензорлардың құрастырған
тізімдерінің негізінде жинақтайтын. Соғыс әрекеттері аяқталған соң әскер
таратылатын.
Жергілікті басқару. Римнің жауап алған Италиядан тыс жерлері,
провинциялардың барлығын Римнен тағайындалатын, бұрын консул мен претор
болып табылган магистраттар басқаратын. Олардың жергілікті жерлердегі
билігі шексіз болатын.

ІІ. Монархия кезеңіндегі Рим

Римдегі қолиеленушілік монархияның тарихын екі кезеңге бөлуге болады:
принципат және доминат.
Принципат кезеңінде әлі де республикалық мекемелер қызмет етеді, алайда
олар өздерінің бұрынғы мәнін жоғалтады. Барлық магистратуралардың басына
жаңа лауазымды тұлға принцепс келеді. Бұл шеқсіз мерзімге (өмір бойына)
сайланатын жоғарғы республикалық магистрат төтенше билікке ие болатын.
284 жылдан бастап Римде шексіз монархия — доминат орнығады. Ескі
республикалық органдар толығымен таратылады, император заңнан да жоғары
тұратын шексіз монарх деп танылады, барлығы оның билігіне бағынушыларға
айналады, императордың билігі құдайдың билігіне теңестіріледі. Империяны
басқару негізгі екі ведомствоға негізделеді:
1) императордың жанындағы мемлекеттік кеңеске;
2) император тағайындайтын шенеуніктер басқаратын қаржылық ведомствоға.
Доминатты орнықтыру Диоклетиянның реформаларымен тығыз байланысты. Ол
мынадай реформаларды жүзеге асырады:
1) әкімшілік реформа - империя екі провинцияға бөлінген 1 2 диоцезге
жаңа әкімшілік бөлуді көздеген. Италияның барлық аумағы екі доцезге
бөлінген: Шығыс және Батыс. Әрбір империяның басында император - Август
тұрған, ол өзіне көмекші-ізбасарын — Цезарьді сайлап алатын;
2) әскери реформа - әскер үш сенатқа бөлінетін: шекаралық әскер,
кешенді әскер және преторлық гвардия, әскердің құрамы үлкейтіліп, алғашқы
рет рекруттық қабылдау енгізілді;
3) салықтық және қаржылық реформалар - заттай және ақшалай салықтар,
сонымен қатар тиын енгізілген.
Жергілікті басқару. Империяның әрбір бөпігі - диоцездер екі
префектураларға бөлінген, олардың басында приторийдің префекті тұрған.
Әрбір префектура екі диоцезден тұрған, олардың басында викарийлер тұрған,
әрбір дионез провинцияларға бөлінген, провинцияларды ректорлар басқарган.
Провинциялар ұсақ бірліктерден — қауымдардан тұрған. Қауымдарда жергілікті
өзін-өзі басқару органдар — сенаттар (декуриондар) болады.
Сот. Қылмыстык істерді қарау тұрақты комиссиялардан император мен оның
шенеуліктеріне ауысады. Римнің шет аймақтарында қылмыстық юрисдикция
қаланың префектісінің қолында болған, Италияда — преторий префектісінің
колында, провинцияларда — провинция басшыларының қолында болған.

ІІІ. Рим құқығының тарихы кезеңдері

Рим құқығының негізгі қайнар көздері:
1) бірінші римдық құқық қодификациясы — әдет құқығы жазбасы түріндегі
XII кесте заңдары;
2) б.э. III ғ-ның соңында екі кодекс құрастырылды: грегориян және
гормогениан кодекстері;
3) б.э. 483 ж. алғашқы ресми жүйелендіру — Фиодосий кодексі қабылданды,
мұнда б.э. IV ғ. бастап императорлардың конституциялары жинақталды;
4) б.э. XII ғ. рим құқығының соңгы жүйелеуі аяқталды, ол Юстиниан
императордың тұсында жүзеге асырылып, азаматтык құқық жинағы — Корпус
Юрис — Цивилис деген атқа ие болды, бұл жинақ келесі негізгі бөліктерден
құралды:
- институциялар — рим құқығының қарапайым курсы, бұл оку мақсаттарына
арналған олардың негізгі қайнар көзі болып рим заңгері Гайдың шығармасы
саналды, өз күшіне 533 жылдың 21 қарашасында күшіне енді:
— дигестлер — ескірген түсініктер мен қарама-қайшылықтарды жою
мақсатында редакциялық өңдеуден өткен рим заңгерлерінің шығармаларының
үзінділерінің жинағы, 533 жылдың 30 желтоқсанында күшіне енді;
— юстинианның кодексі — 12 кітаптан құралған император
конституцияларының жинағы. Бірінші кітапта шіркеулік құқыққа қатысты
конституциялар енген; 2-8 кітаптар азаматтық кұқыққа арналған; 9 кітап —
қылмыстық құқыққа; 10 кітап мемлекет басқару туралы ережелерге арналған:
— новеллалар — жинақтың басқа үш бөлігі жасалуы уақытында шығарылған
Юстиниан конституциялары оларды негізінен мұрагерлік құқықтың нормалары
көрініс тапқан.
Құқыкқабілеттілікті иелену үшін статус деп аталатын үш жағдай (шарт)
қажет болды: бостандық статусы, яғни, Римнің тек еркін азаматтары ғана
кұқыққабілеттілікті иелене алатын (құлдар құқықтың субъектісі емес,
объектісі болып табылатын); азаматтық статусы — римдік қалалық қауымға
тиесілі тұлғалар ғана толыққұқылы және жалғыс өқілі болып үй иесі
табылатын.
Меншік құқығы тұлғаның иелену, пайдалану және билік ету түріндегі затқа
деген толық және айрықша үстемдігін білдірді. Барлық заттар бірқатар
сенаттарға бөлінеді: азаматтық айналымнан алынган заттар (діни табыну
заттары, мемлекеттік меншік обьектілері және жалпылай пайдалану заттары:
теңіз, ауа, ауыз су және т.б.) және азаматтық айналымдағы заттар (жылжитын
және жылжымайтын, бөлінетін және бөлінбейтін, жеке дара анықталған және
топтық белгілері бойынша анықталған, тасымалданатын және тасымалданбайтын).
Рим құқығында меншікті иеленудің екі түрі ажыратылған: цивильдік
құқыққа негізделген иелену (меншіқ құқығын жаудан жаулап алынған меншік
туралы жалган процесс арқылы беру, мүлікті бөлу туралы процесстегі иелену,
жылжитын мүліктің бөлігін бөлу; мұндай меншік квириттік деп аталған) және
халықтар құқығына негізделген иеленулер (мүлікті берудің қарапайым түрі,
ақкупация, ескіру мерзімі бойынша мүлікті иелену).
Рим құқығы бөген мүлікке қатысты келесі құқықтарды таныған:
сервитуттар (меншік иесінің мүдделеріне зиян келтірмеген жағдайда, басқа
тұлғаларға да оның меншігін пайдалануға рұқсат етілген); суперфициялар
(бөтен жерде салынған кұрылысты пайдалану кұқыгы) және кепіл құқығы —
ипотека (кепілге қойылған зат борышкердің иелігінде міндеттемені орындау
мерзімі туындағанға дейін қалдырылатын).
Римде міндеттемелердің екі қайнар көзі болған: деликтілерден (құқық
бұзушылардан) туындаған міндеттемелер және шарттардан туындаған
міндеттемелер. Шарттардың келесі түрлері белгілі болған: вербальды шарттар
— ауызша нысанды бекітілетін, литеральды шарттар — жазбаша нысанды
бекітілген, шынайы шарттар — міндеттемелер затты берген сәттен бастап
туындаған және консенсуалды шарттар — тараптардың қарапайым және ресми емес
келісімен негізделген шарттар.
Неке — отбасы құқығы бастапқы кезендерінде үй иесінің отбасы
мүшелерінің үстінен шексіз үстемдігімен сипатталган. Екінші кезеңде некенін
жаңа нысаны пайда болды, бұл кезде әйел біраз мүліктік және жеке
дербестікке ие болды. Үшінші кезенде некеден тыс байланыстар -
конкубинаттар кең таралды.
Мұрагерлік кұкықта заң бойынша мұрагерлік және өсиет бойынша мұрагерлік
орын алған. Заңды мұрагерлер ретінде тек огнаттар, яғни, қандық туыстығына
қарамастан үй иесінің билігінде болған тұлғалар танылған.
Қылмыстық құқықта жариялылық сипаттагы (Рим мемлекетіне қарсы
қылмыстар, өртеу, адам өлтіру, жалған куә болу, егіндікті ұрлау және дуалау
өлім жазасымен жазаланатын) және жеке сипаттағы (ұрлық, тұлғаға нұқсан
келтіру, бөген мүліктерді жою және зақымдау — дене жазалары мен өлім жазасы
қолданылатын) кылмыстар ажыратылған.
Азаматтар басқаға зиянын тигізбеуге, басқаның меншігіне кол сұқпауға,
әділетсіздікке жол бермеуге, әділетсіздіктен жапа шеккендерге көмек беруге
және жалпы игілік үшін сңбек етуге тиіс. Азаматтардың жалпы саяси
белсенділігін әрдайым батыл жақтаған Цицерон "азаматтардың бостандығын
қорғауда ешкімге де артықшылық беруге болмайды" деп атап көрсетті. Ол
республиканы қорғауды әрбір азаматтың қасиетті борышы деп санады. Ал Римнің
нағыз азаматтары ой-өрісті кеңейту, жан-дүниені байыту үшін өздерін жан-
жақты жетілдіру идеясын мөңгілік серік етуі керек. Цицеронның ойынша адамды
жан-жақты жетілуге итермелейтін торт ізгі нәрсе бар, олар: ақыл, әділетті
болу, ерлік және сабырлылық. "Адам неғұрлым ақ- әділ болған сайын, соғүрлым
басқадан арамдық күтпейді". Арамдық пен әділстсіздіктің аз ғана жұғыны бар
адамдардың озі де өзгелерді сондай көреді.
Құқық негізіне Цицерон табиғи әділеттілікті алады. Бұл жерде, ол
әділеттілікті мәңгі өзгермейтін және табиғат пен адам табиғатының да
ажырағысыз қасиеті деп түсіндіреді. Әділеттілікті табиғаттың өзі берген
несібесі деп қараған Цицерон оны табиғи құқыққа жатқызады және оған
төмендегідей анықтама береді: "Нағыз заң — табиғатқа сәйкес барлық адамға
бірдей берілген санады ереже, бұл заңцар адамдарға парыздарын өтеу міндетін
жүктейді, қылмысқа қорқыту арқылы тиым салады. Бірақ адал адамдарға
міндеттемей, тыйым салмай және бұйрық бермей-ақ орындатуға мүмкіндік
болғанда заң ешнәрсе де емес және қажет те болмайды. Мұндай занды жарым-
жартылай пемесе толық жоюды ұсыну ақымақтық, оны қандай да бір деңгейде
шектеу — мүмкін емес. Сондықтан да біз саясаттың да, халықтың да қаулысы
бойынша бұл заңцарды жоя алмаймыз". Бұл нағыз заң барлық жерде және барлық
уақытта барлық халыққа бір ғана мәңгі және өзгермейтін заң ретіңде қалады
және барлық адамның әміршісі болын саналады. Адамдық табиғатты ескермей
бұған бас имегендердің барлығын Цицерон өздеріне-өзі ор қазған қашқындар
деп қарайды.
Әділдік, Цицеронның айтуы бойынша, басқаға зиян келтірмеу және басқаның
меншіғін бүзбау. "Әділеттілікке қойылатын бірінші талап, - деп көрсетті, -
ол ешкімнің де басқаға зиян келтірмеуі, екіншіден, барлық адамның ортақ
меншікті жалпылай, ал жеке меншіғін оз меншігіндей пайдалана алуы". Яғни
оның айтуы бойынша, "Әділдіктің сшкімғе зиян тигізбеу және қоғамға пайда
келтіру сияқты скі қайнар көзі бар".
Табиғи құқықтар, Цицерон бойынша, жазба заңдардың қайсысынан болса да
ерте, тіпті мемлекеттен де ерте, пайда болған. Құқық адамдардың шешімдері
мен қаулыларымен емес, табиғаттан шыққан әділдіктің қорғаушысы да,
жақтаушысы болуы тиіс. Заңның қызметі мен күші туралы Цицерон "сот –
сөйлейтін заң, ал заң - тілсіз сот" деген анықтама береді, яғни әділ заң "
әділдікті әркімге озіне тиістісін беруден тұрады".
Цицерон шешендігімен, философиялық және саяси-құқықтық шығармашылығымен
ғана емес, Римнің саяси өміріне белсене араласқан көрнекті саяси қайраткер
ретінде де тарихта белғілі. Ол Римдегі республикалық құрылыстың дағдарысы
мен б.э.д. 40 жылдардағы азамат соғыстары, Гай Юлий Цезарьдің диктатурасы
кезінде консул да болды, сенатты да басқарды. Осы жылдардағы елдеғі
аласапыран кезевде мемлекеттің тұтастығы мен бірліғін сақтауға көп күш
садды, қарсыластар тарапынан қуғын да көрді.
Азамат соғысы жылдарында Цезарьдің жағында болған Цицерон Цезарьға
ұйымдастырылған қастандыққа қарсы болған жоқ. Мемлекеттік билікті нығайту
мен орталықтандыру, соның ішінде республикаға қайсыбір "ректорлар"
әкімдер тағайындау керектігі туралы трактат жазды. Цезарь өлгеннен кейін
ол қастандық ұйымдастырушыларға қарсы республикашылар жетекшісі болды.
Римнің тұтастығы мен татулығын сақтауға күш салған Цицеронның өзі де б.э.д.
43 жылы Антоний мен Октавиин Авғусттың қолынан қаза табады. Өзінің ғажап
өмірімен, орасан зор философиялық және саяси-құқықтық еңбектерімен барша
адамзатқа, кейінгі ұрпаққа үлгі болған Цицерон "заңдар - билік
басындағылардың бұйрық берушісі, ал билік басындағылар - халықтың әміршісі"
екендігін өз еңбегімен де, өз өмірімен де дәлелдеп кетті.
IV. Рим стоиктерінің теориялық көзқарасы

Ежелгі Грециядан бастау алған стоицизм римдік саяси-құқықтық ойда одан
әрі жалғасын тапты. Рим стоиктерінің теориялық көзқарастары ежелгі грек
стоиктерінің философиялық, этикалық және саяси-құқықтық концепцияларының
едәуір ықпалында болғанымен, олардың өзіндік ерекшеліктері айқындалды және
одан өрі дамытылды. Рим стоицизмінің басты өкілдері Луций Анней Сенека
3—65жж., Эпиктет 50—140жж. және Марк Аврелий Антонин болды.
Стоиктердің ілімі бойынша, әлем - біртұтас дене. Ол құдайлық пен
адамдықтың арасындағы қарым-қатынас және оны әлемдік құдай ретінде
қарастырады. Олардың айтуынша, әлемде больгп жатқан өзгерістер қатал
қажеттілік заңына бағынған, сондықтан ол белгілі бір мақсатты жолмен, яғни
оны керек етуіне қарай дамиды. Қажеттілік заңын стоиктер қоғамдық емірде де
қолданылады деп есептейді. Осы заңға сүйенген олар бостандық ұғымын да
қажеттілік ұғымы арқылы түсіндіруге тырысады.
Рим стоиктерінің шығармашылығы бұрынғы полистік идеология
құндылығындағы дағдарыстың күшею, принцепс билігі мен цезаризм режимінің
нығаю, Рим империясының әлемдік державаға айналу кезеңімен тұспа-тұс
дамыды. Осындай жағдайда олар ежелгі гректік стоицизмнен фатализмге, саяси
жұтаңдық пен космопатолизмгс көбірек мойын бұрады.
Сол дәуірдің ұлы ойшылы Сенека саясаткерлік пен ұстаздықтың ер қырынан
керіне білді, ол сенатор да, император Нероның тәрбиешісі де, көрнекті
мемлекеттік қайраткер де болды. Саясат пен қогамдық омірге бел сене
араласқан ол өзінің шәкірті Неронның бүйрығы бойынша қуғынға ұшыратылды,
саяси ойынның құрбаны болған ол өзін-өзі өлімге бұйырды.
Басқа стоиктерге қарағанда Сенека барлық адамдардың рухани бостандық
идеясын олардың қоғамдағы орнынан төуелсіз түрде қарастырды. Оның көзқарасы
бойынша құлдықтың объектісі мен ауқымы адамның рухани жене ақыл-ой дүниесі
емес, оның тені ғана. "Құлдық адамды барлық жағынан билейді деп ойлайтындар
қателеседі", - деп жазды ол, "оның ақыл-ойы құлдыққа төуелсіз. Құлдың төні
ғана қожайынына бағынышты, ал ақыл-ойы мен рухы өзіне тиесілі". Сенеканың
айтуынша, құл да табиғаты жағынан барлық адамдармен тең, оған жан және
рухани сипаттар да төн. Құлдың өзін сатуға, немесе сатып алуға болғанмен,
оның еркін ақыл-ойы мен рухани жан-дүниесін саудага салуға болмайды.
Ежелгі грек стоиктері сияқты Сенека да барлық себептерді құдайлық рух
пен тағдырдан іздейді. "Тағдыр заңы", оның айтуы бойынша, өз дегеніне
бағындырады. Адамдардың іс-әрекеті ғаламның қажеттілік заңына байланысты,
олар бір-бірінен болмай қоймайтын занды қажеттілікке, яғни тағдырга өз
еркімен немесе мәжбүрлі түрде бағынуларымен ерекшеленеді. Адамдар ғаламдық
қатынастарды өзгерте алмайды, оган қарсылық көрсетуге гана талпынады.
Өздерінің өмірдегі ауыр тауқыметіне риза болмағандар да, молшылықта өмір
сүретіндер де тағдырға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рим құқығының жалпы сипаты
Ежелгі Римнің мемлекеті жəне құқығы
Рим мемлекетінің пайда болуы
Рим мемлекеті
Көне Рим
Римдік құқығымен термині мен көне рим құқығы
Шетелдердің мемлекет жəне құқық тарихы
Рим мемлекетінің құрылуы жайлы
Анатомия терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
Рим құқығының қайнар көздері
Пәндер