Бөлшектеп сатып алу-сату шарты



1. Бөлшектеп сатып алу.сату шартының ұғымы
2. Бөлшектеп сатып алу.сату шарты нысаны
3. Бөлшектеп сатып алу.сату шартының тараптары, пәні, мерзімі және бағасы
4. Бөлшектеп сатып алу.сату шартының мазмұны
Сатып алу-сату шарты азаматтық-құқықтық шарттардың кең таралған түрлерінің бірі болып саналады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде сатып алу- сату шартының мынадай түрлері көрсетілген:
1) Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
2) Тауар жеткізілімі
3) Келісім-шарт жасасу
4) Энергиямен жабдықтау
5) Кәсіпорынды сату
Осылардың ішінде бөлшектеп сатып алу-сату шартының біздің күнделікті тұрмысымызда маңызы өте зор.
Тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге міндеттенеді (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 445-бабы).
Менің көзқарасым бойынша, бөлшектеп сатып алу-сату шартында басты болып келетін нәрсе заттың әдетті пайдаланылуы емес, бастысы - сатып алушының тауарды көрсетілген мақсатта алу ниеті және сатушының бұл жайында хабардар болуы.
Бұл ескертуді жасаудың өз себебі бар. Қазіргі жағдайда тек өндірісте қолданылуы мүмкін, әскери тағайындалуы бар, арнайы техника және т.б. сияқты кейбір тауарларды қоспағанда, тауар жеке немесе жеке емес пайдалануға арналған ба соны анықтау қиын.
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты консенсуалды, екіжақты, ақылы болып келеді. Сонымен қатар бөлшектеп сатып алу-сату шарты жария шарт болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. - Алматы, «Юрист» баспасы, 2003 жыл.
2. Гражданское право. Том ІІ. Учебник./ Отв. ред: М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин.- Алматы, 2002.
3. Шарттар жинағы / құрастырған: Темірғалиева Р.А. - Алматы, 2000.
4. Жайлин Г.А. Гражданское право Республики Казахстан. Часть особенная. Том 2.- Алматы, 2001.
5. Гражданское право. Учебник. Часть ІІ/ Под.ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого. – М.: Проспект, 1997.- С.109

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

1. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының ұғымы
2. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты нысаны
3. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының тараптары, пәні, мерзімі және
бағасы
4. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмұны

1. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының ұғымы

Сатып алу-сату шарты азаматтық-құқықтық шарттардың кең таралған
түрлерінің бірі болып саналады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде сатып алу- сату
шартының мынадай түрлері көрсетілген:
1) Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
2) Тауар жеткізілімі
3) Келісім-шарт жасасу
4) Энергиямен жабдықтау
5) Кәсіпорынды сату
Осылардың ішінде бөлшектеп сатып алу-сату шартының біздің күнделікті
тұрмысымызда маңызы өте зор.
Тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы
бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсіпкерлік қызметке
байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де
пайдалануға арналған тауарларды беруге міндеттенеді (Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 445-бабы).
Менің көзқарасым бойынша, бөлшектеп сатып алу-сату шартында басты
болып келетін нәрсе заттың әдетті пайдаланылуы емес, бастысы - сатып
алушының тауарды көрсетілген мақсатта алу ниеті және сатушының бұл жайында
хабардар болуы.
Бұл ескертуді жасаудың өз себебі бар. Қазіргі жағдайда тек өндірісте
қолданылуы мүмкін, әскери тағайындалуы бар, арнайы техника және т.б. сияқты
кейбір тауарларды қоспағанда, тауар жеке немесе жеке емес пайдалануға
арналған ба соны анықтау қиын.
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты консенсуалды, екіжақты, ақылы болып
келеді. Сонымен қатар бөлшектеп сатып алу-сату шарты жария шарт болып
табылады. Оның осы қасиетіне байланысты бөлшек сауданы жүзеге асыратын
кәсіпорын немесе қандай да болсын кәсіпкер кез келген тұлғамен шарт жасауға
міндетті. Заңдарда қарастырылғанды қоспағанда, кәсіпкер бөлшектеп сатып алу-
сату шарттарын жасағанда бір тұлғаға өзге тұлға алдында артықшылық жасауға
құқылы емес. Яғни шарттың бағасы, өзге жағдайлары барлық тұтынушыларға
бірдей болуы керек, ал заңнамамен қарастырылса, тұтынушылардың бөлек
санаттары үшін жеңілдік жасалуы мүмкін. Кәсіпорынның тауарды беру
мүмкіншілігі бола тұрып бөлшектеп сатып алу-сату шартын жасаудан бас
тартса, тұтынушы өзіне негізсіз бас тартумен келген шығындарды өндіріп ала
алады.
Егер заң актілерінде немесе бөлшектеп сатып алу-сату шартында, соның
ішінде сатып алушы қосылатын формулярлардың немесе өзге стандарттық
нысандарының талаптарында өзгеше белгіленбесе, сатушы сатып алушыға касса
немесе тауар чегін не тауарға ақы төленгенін растайтын өзге де құжатты
берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты жасалған болып
есептеледі. Аталған құжаттардың сатып алушыда болмауы оны шарттың
жасалғандығын және жағдайларын растау үшін куәлік айғақтарға сүйену
мүмкіндігінен айырмайды.
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының осы ерекшелігі оны жасасу тәртібіне
де әсер етеді. Көбінесе, ұсынушы (оферент) – бұл сатушы, ал шарт жасасу
туралы ұсыныс (оферта) жарналы болып келеді. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
тараптар шарттың заты, бағасы және оның қажеттілігі туралы келісімге келген
сәттен бастап жасалған болып есептеледі. Өзінің қалауы бойынша сатушы
жарналы оферта жасалмай, сонымен қатар жеке офертасын да жасай алады. Сатып
алушы жағынан оферта мүмкіншілігі шектелген, бұл тек сатып алушы сатушыда
жоқ тауарды алуға қызығушылығын білдіргенде ғана болуы мүмкін. Ұсынысында
сатып алушы белгілі тауарды белгіленген баға бойынша алуды қалайтынын
көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 447-бабы көпшілікке
арналған түсініктемесін береді. Жарналы оферта дегеніміз – бұл тұлғалардың
белгісіз қатары бөлшектеп сатып алу-сату шартын жасау жөніндегі ұсыныс.
Кәсіпкерлер кейбір реттерде тұтынушыларға тауарды көтерме баға бойынша
алуды ұсынатыны офертаның осы сипатына әсер етпейді, сондай ұсыныстар
негізінде жасалған шарттар бөлшектеп сатып алу-сату (тұтынушылық) шарты
болып қала береді.
Жарна офертасы жасалған кездегі сатушының әрекеттеріне келейік.
Сатушы тауарды көрсетеді, үлгілерін көрсетеді, сатылатын тауарлар туралы
мәліметтер береді(бейнелеу, каталогтар, фотосуреттер және т.б.). Мәліметтер
тауар сатылатын жерде беріледі.
Дүкендердің (кәсіпорындардың) әйнектерінде тек саудада бар болып
келетін тауарлар қойылуы керек. Әйнектің ішінде болатын тауарлар
тұтынушылардың талабы бойынша сапасы тексеріліп сатылады. Тауардың әрбір
үлгісінде тауардың атауы, бағасы, салмағы көрсетілген қағазы болуы керек.
Қажетіне қарай жыл кезеңіне, жаңа тауарлардың түсуіне және кәсіпорындардың
өзге жағдайларына қарап дүкеннің әйнектері жаңартылады.
Инвентарь (құралдар) және көтерме әрлеуші композиция элементтері мен
тауар үлгілері сатылмайды. Осыған сәйкес олардың әйнек ішінде тұруы оферта
болып есептелінбейді. Оферта жарамдылығын мойындау үшін шартта оның бағасы
және т.б. көрсетілуінің қажеті жоқ. Оның әрекеттері оферта сияқты
бағаланбауы үшін сатушы тауарлардың сатылуға арналмағандығын айқын
көрсетуге тиісті. Егер тауар тұлғалардың белгісіз санына оның сатылуының
орнынан тыс жарнама, каталогтар және өзге бейнелеулер арқылы ұсынылса,
бірақ сатып алу-сату шартының елеулі жағдайлары көрсетілмесе, бұл жарна
оферта болып саналмайды.
Ұсынысты қабылдау (акцепт) туралы айтып кетейік. Сатып алушы тарабынан
ол көпшілік жағдайларда тауардың бағасын төлеу арқылы жасалады.

2. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты нысаны

Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысаны әдетте ауызша болады. Сонымен
қатар бұл шарттарды жазбаша нысанда жасау мүмкіншілігі де жоққа
шығарылмайды. Барлық жағдайларда тараптар шарттың нысанын өздері таңдайды.
Жазбаша нысан тараптардың құқықтары мен міндеттері болашақ уақытқа арналса,
орынды болып келеді. Мысалы, тауарлар алдын-ала тапсырыстар негізінде,
пошта арқылы жіберу жолымен сатылса, жеңіл автокөлік сатылса және т.б.
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының жазбаша нысанының үлгісі төменде
көрсетілгендей болып келеді.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты

қаласы
200 ж.
Бір тараптан негізінде әрекет ететін, әрі
қарай
(жарғы, қағида)
Сатушы деп аталатын өкілі
және
(сатушы-
мекеменің атауы) (қызметі, тегі, аты-жөні)
екінші тараптан тараптан негізінде әрекет ететін,
әрі
(жарғы, қағида)
қарай Сатып алушы деп аталатын
өкілі

(сатып алушы-мекеменің атауы)
төмендегілер туралы осы шартқа қол
қойды:
(қызметі, тегі, аты-жөні)
1. Сатушы қажетті ыдысқа салынған немесе буып-түйілген мына тауарларды
сатады, Сатып алушы сатып алады:

№ Атауы Саны Бағасы
1
2
3

Жалпы сомасы болатын, көрсетілген
заттай
(сомасы жазумен)
құндылықтар сатылады.
2. Сатылатын тауарлардың ұсынылып отырған бағасы осы шарттың бөлінбес
бөлігі болып есептеледі.
3. Тауарлар бағасын төлеу төмендегідей тәртіппен
жүргізіледі:_______________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
____________________________

4. Тараптар тауар сапасын заңдармен, басқа құқықтық актілермен,
мемлекеттік стандарттың міндетті талаптарымен белгіленген тәртіппен, ал
егер тауар сапасы олармен белгіленбесе, онда іскерлік орта дәстүрлеріне сай
немесе әдетте қолданылатын басқа да талаптар арқылы тексеруге міндеттенеді.

5. Сатушы
а) тауардың берілуге дайындығы туралы Сатып алушыны хабарлап, оның билігіне
мына мерзімде
өткізуге;
ә) Сатып алушыға қисынды мерзім ішінде әдетте осы текті тауарлар
қолданылатын мақсатқа жарамды тауарды беруге міндеттенеді.
6. Сатып алушы
а) Сатушыға тауардың саны, түр-түрі, жиынтықталуы, ыдысқа салынуы және буып-
түйілуі туралы шарт талаптарының бұзылғандығы туралы мына мерзімде
хабарлауға;
ә) тауарды осы шартта белгіленген тәртіп бойынша қабылдап алуға;
б) осы шартта белгіленген тәртіп бойынша тауар ақысын төлеуге міндеттенеді.
7. Осы шартты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, ҚР
азаматтық заңында көзделген мынадай жауапкершілікке
тартылады:_________________________ ______________________________

(осы шарттың 5-6 тармақтарында айқындалған Сатып
алушы мен Сатушының нақты міндеттерін
___________________________________ _____________________________ бұзғаны
үшін төленетін айыппұлдың мөлшерін көрсетіңіз)
8. Тараптардың осы шартпен реттелмеген өзара қарым-қатынастары
Қазақстан Республикасының азаматтық заңымен реттеледі.
9. Осы шарт негізінде туындаған таластар төрелік сотта
қарастырылады.
10. Осы шарт қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
11. Осы шарттың бірдей заң күші бар екі данасы
жасалған.

Тараптардың мекен-жайлары мен банк реквизиттері:
Сатушы: Сатып алушы:
.
Қолы Қолы
.
Мөр. Мөр.

3.Бөлшектеп сатып алу-сату шартының тараптары, пәні, мерзімі және
бағасы

Шарт бойынша сатушы болып тек қана кәсіпкер, тауарларды сататын ұйым
немесе азамат келе алады. Және де, бөлшек сауда лицензияланатын жағдайларды
қоспағанда, бұған қатысты аса шектеулер жоқ. Яғни жалпы тәртіп бойынша
бөлшек сауда лицензиясыз жүзеге асырылады. Бөлшек сауданы лицензиялау бөлек
заң актілерімен қарастырылады. Мысалы, сырадан басқа алкогольдік өнімді
лицензиясыз сатуға болмайды, осы талап шетел валютасын сатуға, қару-жарақ
сатуға және т.б. тарайды.
Сатып алушы, әдетте, жеке тұлға болып келеді. Заңды тұлғалар тауарды
бөлшек сауда кәсіпкерлік қызмет үшін емес, өзге мақсатта пайдалану үшін
сатып алады. Сонымен заңды тұлға осы сияқты келісім-шарт қатынасына ұжымның
әлеуметтік мәселелерін шешу, жұмысшылардың дұрыс демалысын ұйымдастыру,
олардың тұрмыс-материалдық жағдайын қамтамасыз ету үшін кіріседі. Айналымда
шектелген тауарларды сатып алушының сол затты алуға арнайы рұқсат қағазы
болуы керек.
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының пәні азаматтық айналымнан алынып
тасталмаған кез келген заттар болуы мүмкін. Олардың қатарына жеке
сипаттарымен де, тектік сипаттарымен де анықталатын заттар жатады. Бір ғана
тауар бөлшектеп сатып алу-сатудың да, тауар жеткізілімі шартының да пәні
бола алады. Қолда бар затты сатумен қатар келешекте пайда болатын заттар да
сатылуы мүмкін. Олар каталогтарға енгізілуі мүмкін және өндірісте әлі де
шығарылмауы мүмкін. Бөлшек саудада болашақ заттардың сатылатыны
тұтынушының жағдайын ешқашанда нашарлатпауы қажет және оған тәуекелдерді
жүктемеуі керек. Бұл шартты сипаттайтын ерекшелік – шарт шынайы
орындалғанға дейін барлық тәуекелдер сатушының мойнында болып келеді.
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша тауардың бағасы негізінен
сатушы жариялаған бағамен есептеледі, егер заң актілерімен немесе
міндеттеменің мәнінен туындамаса. Сатып алушы тауардың осы құнын төлеуге
міндетті болады.
Бөлшектеп сатып алу-сату шартында тауарға алдын-ала ақы төлеу
белгіленетін болса, сатып алушының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөлшектеп сатып алу, сату шартының ұғымы
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының нысаны
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының мазмұны
Сатып алу - сату шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасына сәйкес, тұтынушылардың құқықтарына сәйкес келетін, сатушылардың міндеттері
Сатып алу шарты
Айырбас шартының түсінігі
Сатып алу-сату шартының ұғымы
Қазақстан Республикасындағы сату-сатып алу шарттарыны
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмұны, тараптары
Пәндер