Банктің валюталық операцияның негізгі есептері



Субъект шетелдік валютадағы операциялар нәтижесінде туындайтын ақша қаражатының қозғалысын шетелдік валютадағы сомаға ақша қаражаты қозғалысының сол күнгі функционалдық валюта мен шетелдік валюта арасындағы айырбас бағамды қолдану жолымен субъектінің шетелдік валютадағы, функционалдық валютадағы операциялары нәтижесінде туындайтын ақша қаражатының қозғалысын ескеруге тиіс.
Субъект шетелдік еншілес ұйымның ақша қаражатының қозғалысын ақша қаражаты ағындары күнгі функционалдық валюта мен шетелдік валюта арасындағы айырбас бағамдары бойынша аударуға тиіс.
Валюталардың айырбас бағамының өзгеруі нәтижесінде туындайтын іске асырылмаған пайда мен залал ақша қаражатының қозғалысы болып табылмайды. Солай бола тұрса да, кезеңнің басындағы және аяғындағы ақша қаражатын және ақша қаражатының баламасын айқындау үшін ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте айырбас бағамның өзгерістерінің шетелдік валютадағы немесе шетелдік валютада төлеуге жататын ақша қаражатына және ақша қаражатының баламасына әсерін көрсеткен жөн. Сондықтан субъект кезеңнің аяғындағы ақша қаражатына және ақша қаражатының баламасын кезеңнің аяғындағы валюталық бағамдарға қайта санауға тиіс. Субъект алынған іске асырылмаған пайданы немесе залалды операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен түскен ақша ағындарынан бөлек көрсетуге тиіс.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Банктің валюталық операцияның негізгі есептері

Субъект шетелдік валютадағы операциялар нәтижесінде туындайтын ақша
қаражатының қозғалысын шетелдік валютадағы сомаға ақша қаражаты
қозғалысының сол күнгі функционалдық валюта мен шетелдік валюта арасындағы
айырбас бағамды қолдану жолымен субъектінің шетелдік валютадағы,
функционалдық валютадағы операциялары нәтижесінде туындайтын ақша
қаражатының қозғалысын ескеруге тиіс.
Субъект шетелдік еншілес ұйымның ақша қаражатының қозғалысын ақша
қаражаты ағындары күнгі функционалдық валюта мен шетелдік валюта арасындағы
айырбас бағамдары бойынша аударуға тиіс.
Валюталардың айырбас бағамының өзгеруі нәтижесінде туындайтын іске
асырылмаған пайда мен залал ақша қаражатының қозғалысы болып табылмайды.
Солай бола тұрса да, кезеңнің басындағы және аяғындағы ақша қаражатын және
ақша қаражатының баламасын айқындау үшін ақша қаражатының қозғалысы туралы
есепте айырбас бағамның өзгерістерінің шетелдік валютадағы немесе шетелдік
валютада төлеуге жататын ақша қаражатына және ақша қаражатының баламасына
әсерін көрсеткен жөн. Сондықтан субъект кезеңнің аяғындағы ақша қаражатына
және ақша қаражатының баламасын кезеңнің аяғындағы валюталық бағамдарға
қайта санауға тиіс. Субъект алынған іске асырылмаған пайданы немесе залалды
операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен түскен ақша ағындарынан
бөлек көрсетуге тиіс.

Банктік валютасындағы операцияларды ауыстыру
Субъект шетелдік операцияларды екі тәсілмен жүргізе алады. Ол
операцияларды шетелдік валютада жүргізе алады немесе қызметті шетелде
жүзеге асыра алады. Бұдан басқа, субъект өзінің қаржылық есептерін шетелдік
валютада ұсынуы мүмкін. Осы бөлім субъектінің қаржылық есептерінде шетелдік
валютадағы операцияларды және шетелдік қызмет шеңберінде жүзеге асырылатын
операцияларды көрсету тәсіліне, қаржылық есептерді ұсынылған валютаға
ауыстыру тәсіліне нұсқама береді. Банктік валютада көрсетілген қаржы
аспаптарын есепке алу және шетелдік валютадағы баптарды хеджирлеу
операцияларын есепке алу осы Стандарттың 11-бөлімінде қаралады.

Функционалдық валюта
Әрбір субъект өзінің функционалдық валютасын белгілеуге тиіс.
Функционалдық валюта – субъект жұмыс істейтін негізгі экономикалық ортаның
валютасы.
Қазақстан Республикасында теңге функционалдық валюта болып табылады.

Банктік валютадағы операцияларды функционалдық
валютада көрсету
Банктік валютадағы операция – ол кезде субъект:
1) бағасы банктік валютада көрсетілген тауарларды немесе қызметтерді
сатып алатын немесе сататын;
2) ол бойынша төленуге немесе алынуға тиіс сома шетелдік валютада
көрсетілген қарыздарды ұсынатын немесе алатын; немесе
3) қандай да бір өзге түрде активтерді сатып алатын немесе сататын, өзіне
шетелдік валютада көрсетілген міндеттемелерді алатын немесе өтейтін
операцияны қоса алғанда, ол бойынша түпкі есептеме шетелдік валютада
көрсетілген немесе жүргізілуі тиіс валюта.
Банктік валютада бастапқы тану кезінде субъект банктік валютадағы сомаға
операция күніндегі функционалдық валюта мен шетелдік валюта арасындағы спот-
бағамды қолдану жолымен операцияны ескеруге тиіс.
Операция күні – операция осы Стандартқа сәйкес тану өлшемдерін алғаш рет
қанағаттандыратын күн. Практикалық тұрғыдан негізге ала отырып, операция
күніндегі іс жүзіндегі бағамның жуық мәні болып табылатын бағам жиі
қолданылады, мысалы, бір аптадағы немесе бір айдағы орташа бағам осы кезең
ішінде жасалған әрбір шетелдік валютадағы барлық операциялар үшін
пайдаланылуы мүмкін. Алайда валюта айырбастау бағамының едәуір ауытқуы
кезінде кезең үшін орташа бағамды пайдалануға жол берілмейді.

Банктік валюта бағамының өзгеруі
Субъект шетелдік валютаның бағамы өзгерген жағдайда осы өзгерістің
күнінен бастап аудару рәсімдерін қолдану қажет.
Субъектінің функционалдық валютасы субъектіге жататын негіз құраушы
операцияларды, оқиғалар мен жағдайларды көрсетеді. Тиісінше, функционалдық
валюта белгіленгеннен кейін ол осы негіз құраушы операцияларды, оқиғалар
мен жағдайлардың өзгеруі шартымен ғана өзгертілуі мүмкін. Мысалы,
негізінен, тауарлар мен қызметтердің сату бағасына әсер ететін валютаның
өзгеруі субъектінің функционалдық валютасының өзгеруіне әкелуі мүмкін.
Банктік валюта бағамының өзгеру әсері перспективалы түрде ескеріледі.
Басқа сөзбен айтқанда, субъект өзгерген күнгі валютаның айырбас бағамын
пайдалана отырып, барлық баптарды жаңа функционалдық валютаға ауыстырады.
Алынған, осылайша монетарлық баптардың ауыстырылған сомасы олардың тарихи
құны ретінде қаралады. Бұрын осы Стандарттың 570-тармағына сәйкес капиталда
жіктелген, шетелдік қызметті ауыстырудан туындайтын бағамдық айырмалар осы
қызмет істен шыққанға дейін пайданың немесе залалдың құрамында танылмауға
тиіс.

Операциялық қызмет
Операциялық қызметтен алынатын ақша қаражатының ағыны басым түрде
субъектінің пайда әкелетін қызметінен алынады. Осылайша, әдетте, олар
пайданы немесе залалды айқындау кезінде ескерілетін операциялар мен басқа
да оқиғалардың нәтижесі болып табылады. Операциялық қызметтен алынатын ақша
қаражаты ағынының мысалдары мыналар болып табылады:
1) тауарларды сатудан және қызметтерді көрсетуден түсетін ақшалай
түсімдер;
2) роялтиден, алымдардан, комиссиялық сыйақылардан түсетін ақшалай
түсімдер және өзге де түсім;
3) берушілерге тауарлар мен қызметтер үшін ақшалай төлемдер;
4) қызметшілерге және олардың атынан ақшалай төлемдер;
5) ақшалай төлемдер немесе олар инвестициялық немесе қаржылық қызметке
жатқызылуы мүмкін жағдайларды қоспағанда, пайдаға салынатын салықты өтеу;
6) ақша қаражатының түсімдері және мәмілелер жасау үшін немесе қайта сату
үшін арнайы сатып алынған қорлар ретінде қаралатын сауда мақсаттарында
ұсталатын инвестициялық шарттар, қарыз шарттары мен өзге де шарттар
шеңберіндегі төлемдер.
Жабдықтың бір бірлігін сату сияқты кейбір операциялар қызметтің
нәтижесіне енгізілетін пайданың немесе залалдың туындауына әкелуі мүмкін.
Алайда, осындай операцияларға байланысты ақша қаражатының қозғалысы
инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы болып табылады.

Операциялық қызметтен алынатын ақшалай
қаражаттың қозғалысы жөнінде деректер беру
Субъект операциялық қызметтен алынатын ақшалай қаражаттың қозғалысы
туралы не мыналарды пайдаланып есеп береді:
1) тікелей әдіс, онда жалпы ақшалай түсімдер мен төлемдердің негізгі
түрлері туралы ақпарат ашылады;
2) жанама әдіс, онда пайда немесе залал монетарлық емес операциялардың,
кейінге қалдырылған немесе есептелген өткен немесе болашақтағы ақшалай
түсімдердің немесе операциялық қызметтен алынатын төлемдердің және
инвестициялық немесе қаржылық қызметтен түсетін ақшалай қаражаттың
қозғалысына байланысты кірістердің немесе шығыстардың баптарының
нәтижесінде түзетіледі.
Жанама әдісті пайдаланған кезде операциялық қызметтен түсетін ақша
қаражатының таза қозғалысы мыналарды ескере отырып, пайданы немесе залалды
түзету жолымен айқындалады:
1) кезең ішіндегі қорлардағы және дебиторлық және кредиторлық берешектегі
өзгерістер;
2) амортизация, бағалау міндеттемелері, мерзімі ұзартылған салықтар,
шетелдік валютадағы операциялардан түскен іске асырылмаған пайда мен залал,
қауымдастырылған ұйымдар мен азшылық үлесінің таратылмаған пайдасы сияқты
монетарлық емес баптар;
3) нәтижесі инвестициялық немесе қаржылық қызметтен түсетін ақша
қаражатының қозғалысы болып табылатын барлық өзге де баптар.
Балама ретінде операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының таза
қозғалысы туралы деректер пайда мен залал туралы есептерде ашылатын
кірістер мен шығыстарды және қорлардағы өзгерістер мен кезең ішіндегі
операциялық дебиторлық және кредиторлық берешекті көрсету жолымен берілуі
мүмкін.
Тікелей әдісті пайдаланатын субъект Ақша қаражатының қозғалысы туралы
есеп деген ХҚЕС (IAS) 7 ережелерін қолдануға тиіс.

Ақшалай емес операциялар
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепке субъект ақша қаражатын немесе
ақша қаражатының баламаларын пайдалануды талап етпейтін инвестициялық және
қаржылық операцияларды қамтымайды. Мұндай операцияларды субъект қаржылық
есептердің басқа бөлімінде бұл ашулар субъектінің мұндай инвестициялық және
қаржылық қызметі туралы барлық қолайлы ақпаратты беретіндей ашылуға тиіс.
Инвестициялық және қаржылық қызметтің едәуір бөлігі ол субъектінің
капиталы мен активтерінің құрылымына әсер етсе де, ақша қаражатының
ағымдағы қозғалысына тікелей әсер етпейді. Ақшалай емес операцияларды ақша
қаражатының қозғалысы туралы есептен алып тастау осы есептің мақсатына
жауап береді, себебі бұл баптар ағымдағы кезеңдегі ақша қаражатының
қозғалысына әсер етпейді. Ақшалай емес операциялардың мысалдары мыналар
болып табылады:
1) не өзіне тиісті міндеттемелерді қабылдай отырып не қаржылық жалдау
арқылы активтер сатып алу;
2) субъектінің капиталды шығару арқылы сатып алуы; және
3) борыштық міндеттемелерді капиталға аудару.

Операциялық жалға алу –
жалға берушілердің қаржылық есептері
Жалға алушы өзге жүйелі негіз пайдаланушының пайда алуының уақытша
кестесін үздік ұсынуды қамтамасыз ететін жағдайларды қоспағанда, төлемдер
өзге негізде жүргізілетін болса да, жалға алу төлемдерін (сақтандыру және
қызмет көрсету сияқты қызметтерге жұмсалатын шығындарды қоспағанда) тікелей
желілік негізде шығыстар ретінде тануға тиіс.
Жалға алушылар операциялық жалға алу бойынша мынадай ақпаратты ашады:
1) әрбір болашақ кезең үшін мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз
операциялық жалға алу шарттары бойынша болашақ ең төмен жалға алу
төлемдерінің жалпы сомасын;
2) қосалқы жалға алу бойынша болашақ ең аз төлемдердің жалпы сомасын,
олар, күтіліп отырғандай, мерзімінен тоқтату құқығынсыз қосалқы жалға алу
шарты бойынша есепті кезеңнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесі және банк жүйесінің сенімділігі
Казкоммерцбанк АҚ бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының халықаралық валюта-несиелік институттармен ынтымақтастығы
Банктік қызмет көрсету шарты
БАНКТІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУЫ КІРІСПЕ
Коммерциялық банктердің тұтынушыларды несиелеу
Кәсіпорын қаражатының тұжырымдамасы мен құрамы
Банктердің несиелерін есепке алу
Қаржылық қорытынды есептің мақсаттары
Қысқа мерзімді несие - пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер
Пәндер