3 ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Өнімнің өзіндік құнын талдау
Өндіріс тиімділігінің маңызды көрсеткіші өнімнің өзіндік құны болып табылады. Өндірілген өнім арқылы ұйымның шаруашылық қызметінің барлық жақтары жинақталады, барлық өндірістік ресурстардың қолданылуының нәтижелері анықталады. Өзіндік құнды азайту кез келген ұйымның, саланың, қоғамның бірінші кезектегі және өзекті міндеті болып табылады. Өнімнің өзіндік құнының деңгейі пайда сомасы мен рентабелділік деңгейіне, ұйымның қаржылық жағдайы мен төлем қабілеттілігіне, өнімнің сату бағасының деңгейіне тікелей әсер етеді.
Бүгінгі таңда өзіндік құн мөлшерін азайту өте өзекті мәселе саналуда. Осы мақсатта ұйымның шаруашылық қызметін талдаудың маңызы арта түседі. Талдаудың негізгі міндеттерін келесі түрде анықтауға болады:
1) өнімнің өзіндік құнын кеміту жоспарының орындалуын жүйелі түрде бақылау;
2) оның деңгейінің өзгеруіне әсер ететеін факторларды зерттеу;
3) өзіндік құнды кеміту факторларын анықтау;
4) өзіндік құнды азайту мүмкіндіктерін ұйымның тиімді пайдалауын бағалау.
Өзіндік құнды талдау объектілері, кезеңдері мен мақсаттары келесі кестеде көрсетілген.
10 кесте
Өзіндік құнды талдаудың жалпы кестесі*
Талдау объектілері
Талдау кезеңдері
Талдау мақсаттары
Талдау объектілері:
Өнім өндірісіне жұмсалған жалпы шығындар сомасы
Талдау кезеңдері:
Өнімнің өзіндік құнының динамикасын талдау
Талдау мақсаттары:
Өзіндік құн динамикасын зерттеу және бағалау
Талдау объектілері:
Өндіріс салараы бойынша
Талдау кезеңдері:
Өзіндік құн деңгейіне қатысты жоспардың орындалуын талдау
Талдау мақсаттары:
Жоспардың орындалуын бағалау
Талдау объектілері:
Жалпы өнімнің 1 теңгесіне келетін шығындар
Талдау кезеңдері:
Салааралық салыстырмалы талдау
Талдау мақсаттары:
Өнімнің өзіндік құнының деңгейін бағалау
Талдау объектілері:
Өнім түрлерінің өзіндік құндары
Талдау кезеңдері:
Өнімнің өзіндік құнын жалпы, өнім түрлері, шығындар баптары бойынша талдау
Талдау мақсаттары:
Өзіндік құнның өзгеру себептерін зерттеу
Талдау объектілері:
Баптар бойынша өнім бірлігінің шығындары
Талдау кезеңдері:
Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін анықтау
Талдау мақсаттары:
Өнім өндірісі шығындарын үнемдеу резервтерін іздеу
Талдау объектілері:
Жауапкершілік орталықтары шығындар
Талдау кезеңдері:
Талдау мақсаттары:
Шаруашылық нәтижесін бағалау
Талдау объектілері:
Талдау кезеңдері:
Талдау мақсаттары:
Болашаққа болжамдар мен жоспарларды негіздеу
*Дерек көзі: Савицкая Г. В. Анализ хозяйственной деятельности предприятий АПК:Мн. :Новое знание, 2004. -736с. (185 стр. )
Талдауға негіз болатын ақпарат көзі ретінде өндірістік есептер, табыстар мен шығындар есебінің журналдары, жоспарлы және нақты мәліметтер, өндіріске босатылған шығындар жөніндегі алғашқы есеп құжаттарын ататуға болады.
Өзіндік құнды талдауды өнім өндірісінің жалпы шығындар сомасын зерттеуден бастаймыз, себебі бұл көрсеткіш өндіріс көлемі мен құрылымына, өнім берлігіне келетін айнымалы шығындар деңгейіне, тұрақты шығындар сомасына қатысты өзгеруі мүмкін. Тұрақты және айнымалы шығындар болған жағдайдағы өндірістік шығындар сомасы келесі формула арқылы анықталады:
Ш =∑bixi+аi, (5)
мұндағы Ш - өнім өндірісінің жалпы шығындары,
а - тұрақты шығындардың абсолютті сомасы,
b - өнім бірлігіне келетін айнымалы шығындар сомасы,
х - өндіріс көлемі.
Келесі кестеден мақта өндірісіне қатысты өзіндік құн мен өнім бірлігіне келетін өзіндік құнның арасындағы өзара тәуелділікті анықтаймыз.
11 кесте
Жалпы шығындар мен 1 тонна астықтың өзіндік құнының
өндіріс көлеміне тәуелділігі*
Өндіріс көлемі
Барлық өнімдердің өзіндік құны, мың теңге
Өнім бірлігінің өзіндік құны, мың теңге
Тұрақты шығындар
Айнымалы шығындар
Барлығы
Тұрақты шығындар
Айнымалы шығындар
Барлығы
Өндіріс көлемі:
1000
Барлық өнімдердің өзіндік құны, мың теңге:
25000
Өнім бірлігінің өзіндік құны, мың теңге:
12500
37500
25, 00
12, 50
37, 5
Өндіріс көлемі:
2000
Барлық өнімдердің өзіндік құны, мың теңге:
25000
Өнім бірлігінің өзіндік құны, мың теңге:
25000
5
12, 50
12, 50
25, 0
Өндіріс көлемі:
3000
Барлық өнімдердің өзіндік құны, мың теңге:
25000
Өнім бірлігінің өзіндік құны, мың теңге:
37500
62500
8, 33
12, 50
20, 8
Өндіріс көлемі:
4000
Барлық өнімдердің өзіндік құны, мың теңге:
25000
Өнім бірлігінің өзіндік құны, мың теңге:
5
75000
6, 25
12, 50
18, 7
Өндіріс көлемі:
5000
Барлық өнімдердің өзіндік құны, мың теңге:
25000
Өнім бірлігінің өзіндік құны, мың теңге:
62500
87500
5, 00
12, 50
17, 5
*Дерек көзі: Савицкая Г. В. Анализ хозяйственной деятельности предприятий АПК:Мн. :Новое знание, 2004. -736с. (186 стр. )
Осы кестеден тұрақты шығындардың жалпы сомасының өндірістің қандай көлемі болса да өзгеріссіз қалғанын, ал өнім бірлігіне қатысты тұрақты шығын сомасы өндіріс көлемі артқан сайын кеміп отырғанын көреміз. Өндіріс көлемі бастапқы деңгеймен салыстырғанда 5 есе артты, соған сәйкес өнім бірлігіне қатысты тұрақты шығын сомасы да 5 есе кеміді. Ал айнымалы шығындарды қарастыратын болсақ, жалпы өндіріс көлемі артқан сайын жалпы айнымалы шығындар сомасы да арта түседі, ал, өнім бірлігіне қатысты айнымалы шығын сомасы қандай өндіріс көлемі болса да өзгеріссіз қалады.
Өнімнің өзіндік құны жұмсалатын шығындар мөлшеріне тікелей байланысты. Сол себепті қарастырылып отырған ұйымдағы өсімдік және мал шаруашылықтарының өнімдерінің өзіндік құнына қатысты шығындар құрамына талдау жасайық [21] .
12 кесте
«Байсерке-агро» ЖШС-ң 2008 жылдың өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын талдау*