«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»



1-тарау. Азаматтық құқық – құқықтың бiр саласы. Бұл тарау да Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтың ұғымы берiледi. Азаматтық құқықтың басқа да құқық салаларымен шекарасы айқындалады. Азаматтық құқықтың жалпы қағидалары және олардың қасқаша түсiнiктемесi берiлген. Азаматтық құқықтың жүйесi белгiленедi.
2-тарау. Қазақстандағы заң бiлiмiнiң қалыптасу және даму тарихы. Қазақстан Республикасының азаматтық құқық ғылымы. Осы тарауда заң бiлiмдердiң ежелгi замандардан бастап бүгiнгi күндерге дейiн дамуының тарихи очеркi келтiрiлген. Азаматтық құқық ғылымы туралы түсiнiктеме берiлген. Азаматтық құқық туралы әдебиетiң тiзiмi келтiрiлген.
3-тарау. Азаматтық құқықтың дерекнамалары. Азаматтық құқықтың дерекнамаларының ұғымы мен түрлерi. Азаматтық заңдардың құрамы. Заңға тәуелдi нормативтық құқықтық актiлер. Әдет-ғұрып. Азаматтық заңның уақыт, кеңiстiк жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы. Азаматтық заң нормаларын түсiндiру.
4-тарау. Шетел азаматтық құқығының негiзгi ерекшелiктерi. Жалпы мәселелер. Қазiргi заманғы негiзгi азаматтық құқықтың жүйелерi. Азаматтық құқықтың жүйенiң негiзгi элементтерi. Дамыған мемлекеттердiң азаматтық құқығының принциптерi. Азаматтық құқықтың дерекнамалары. Шетел мемлекеттерiндегi азаматтық құқықтың негiзгi институттарының жалпы сипаттамасы.
5-тарау. Азаматтық құқық қатынастары. Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы. Азаматтық құқық қатынасының элементтерi. Субъективтi азаматтық құқықтар. Құқықтарды саралау және қорғау.
6-тарау. Тұлға – азаматтық құқықтардың субъектiсi. Жалпы қағидалар. Жеке тұлға – азаматтық құқықтың субъектiсi. Азаматтық құқық қабiлiтiлiгi. Азаматтардың әрекет қабiлiтiлiгi. Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен мiндеттерi. Азаматтың есiмi мен тұрғылықты жерi. Хабар-ошарсыз кету. Азаматты өлдi деп жариялау. Азаматтық хал актiлерi.
7-тарау. Заңды тұлғалар. Заңды тұлға туралы ұғым. Заңды тұлғалар туралы негiзгi теориялар. Заңды тұлғалардың түрлерi. Заңды тұлғаларды құру. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және ұайта тiркеу. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi мен әрекет қабiлеттiлiгi. Заңды тұлғалардың негiзгi түрлерi.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министiрлiгi

Қунаев атындағы университетi

РЕФЕРАТ

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы

Тапсырған: Сапожникова Д.Е.

Алматы
2004

ҒАЗИЗ ТӨЛЕУҒАЛИЕВ – Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. – Алматы,
ҚазМЗА, 2001. 380 бет.

МАЗМҰНЫ

1-тарау. Азаматтық құқық – құқықтың бiр саласы. Бұл тарау да Қазақстан
Республикасының азаматтық құқықтың ұғымы берiледi. Азаматтық құқықтың басқа
да құқық салаларымен шекарасы айқындалады. Азаматтық құқықтың жалпы
қағидалары және олардың қасқаша түсiнiктемесi берiлген. Азаматтық құқықтың
жүйесi белгiленедi.
2-тарау. Қазақстандағы заң бiлiмiнiң қалыптасу және даму тарихы. Қазақстан
Республикасының азаматтық құқық ғылымы. Осы тарауда заң бiлiмдердiң ежелгi
замандардан бастап бүгiнгi күндерге дейiн дамуының тарихи очеркi
келтiрiлген. Азаматтық құқық ғылымы туралы түсiнiктеме берiлген. Азаматтық
құқық туралы әдебиетiң тiзiмi келтiрiлген.
3-тарау. Азаматтық құқықтың дерекнамалары. Азаматтық құқықтың
дерекнамаларының ұғымы мен түрлерi. Азаматтық заңдардың құрамы. Заңға
тәуелдi нормативтық құқықтық актiлер. Әдет-ғұрып. Азаматтық заңның уақыт,
кеңiстiк жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы. Азаматтық заң нормаларын
түсiндiру.
4-тарау. Шетел азаматтық құқығының негiзгi ерекшелiктерi. Жалпы мәселелер.
Қазiргi заманғы негiзгi азаматтық құқықтың жүйелерi. Азаматтық құқықтың
жүйенiң негiзгi элементтерi. Дамыған мемлекеттердiң азаматтық құқығының
принциптерi. Азаматтық құқықтың дерекнамалары. Шетел мемлекеттерiндегi
азаматтық құқықтың негiзгi институттарының жалпы сипаттамасы.
5-тарау. Азаматтық құқық қатынастары. Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы.
Азаматтық құқық қатынасының элементтерi. Субъективтi азаматтық құқықтар.
Құқықтарды саралау және қорғау.
6-тарау. Тұлға – азаматтық құқықтардың субъектiсi. Жалпы қағидалар. Жеке
тұлға – азаматтық құқықтың субъектiсi. Азаматтық құқық қабiлiтiлiгi.
Азаматтардың әрекет қабiлiтiлiгi. Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары
мен мiндеттерi. Азаматтың есiмi мен тұрғылықты жерi. Хабар-ошарсыз кету.
Азаматты өлдi деп жариялау. Азаматтық хал актiлерi.
7-тарау. Заңды тұлғалар. Заңды тұлға туралы ұғым. Заңды тұлғалар туралы
негiзгi теориялар. Заңды тұлғалардың түрлерi. Заңды тұлғаларды құру. Заңды
тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және ұайта тiркеу. Заңды тұлғаның құқық
қабiлеттiлiгi мен әрекет қабiлеттiлiгi. Заңды тұлғалардың негiзгi түрлерi.
8-тарау. Мемлекеттiк және әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс – азаматтық құқықтың
субъектiлерi. Мемлекеттiк пен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс – азаматтық құқық
субъектiлерi ретiндегi ерекшелiктерi. Мемлекет сыртқы сауда айналымындағы
азаматтық құқық субъектiсi.
9-тарау. Азматтық құқықтар объектiлерi. Азаматтық құқық объектiлiрiнiң
ұғымы мен түрлерi. Заттардың ұғымы және оларды саралау. Бағалы қағаздар.
10-тарау. Мүлiктiк емес өзiндi құқықтар. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтардың
ұғымы мен түрлерi. Ар-намысты, қадiр-қасиеттi және iскерлiк беделдi қорғау
құқығы.
11-тарау. Мәмiлелер. Мәмiленiң ұғымы. Мәмiленiң түрлерi. Мәмiленiң
жарамдылық шарттары. Жарамсыз мәмiлелер.
12-тарау. Өкiлдiк. Өкiлдiктiң ұғымы мен маңызы. Сенiмхат.
13-тарау. Мерзiм. Заңды талап қою мерзiмi. Азаматтық құқықтағы мерзiмдердiң
ұғымы мен түрлерi. Талап қою мерзiмi.
14-тарау. Заттық құқық туралы жалпы ережелер. Заттық құқықтың ұғымы және
белгiлерi.Меншiк иесi болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтары.
15-тарау. Меншiк құқығы туралы жалпы ережелер. Меншiк құқығының анықтамасы
мен мазмұны. Азаматтық кодекс бойынша меншiк құқығының нысандары мен
түрлерi. Қазақстан Республикасындағы меншiк құқығы туралы заңдардың дамуы.
Меншiк құқығына және басқа да заттық құқықтарға ие болу негiздерi. Меншiк
құқығының тоқтатылуы.
16-тарау. Азаматтырдың меншiк құқығы. Азаматтардың меншiк құқығының ұғымы
мен түрлерi. Азаматтардың меншiк құқығының субъектiлерi. Азаматтардың
меншiк құқығының объектiлерi. Азаматтардың меншiк құқығының мазмұны мен
жүзеге асырылуы.
17-тарау. Мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың және олардың бiрлестiктерiнiң
меншiк құқығы. Мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың және олардың
бiрлестiктерiнiң меншiк құқығының ұғымы мен негiзгi түрлерi. Мемлекеттiк
емес заңды тұлғалардың меншiк құқығына ие болу объектiлiрi мен негiздерi.
Шаруашылық серiктестерiнiң және акционерлiк қоғамдардың меншiк құқығы.
Өндiрiстiк кооперативтердiң меншiк құқығы.
18-тарау. Мемлекеттiк меншiк құқығы. Мемлекеттiк меншiк құқығының ұғымы.
Мемлекеттiк мешiк құқығының субъектiлерi. Мемлекеттiк меншiк құқығының
объектiлерi. Мемлекеттiк меншiк құқығының мазмұны. Мемлекеттiк және
коммуналдық кәсiпорындарды мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру.
Шаруашылық жүргiзу құқығы. Оралымды басқару құқығы.
19-тарау. Ортақ меншiк құқығы. Ортақ меншiктiң ұғымы мен түрлерi. Ортақ
меншiктiң түрлерi. Ортақ үлестiк меншiк. Ортақ бiрлескен меншiк.
20-тарау. Азаматтық құқықтарды қорғау. Меншiк иелену мен меншiк құқығын
қорғау. Залалдарды өтеу.
21-тарау. Мiндеттемелiк құқық. Мiндеттемелiк құқықтың ұғымы мен түрлерi
және оның пайда болу негiздерi.
22-тарау. Шарт туралы жалпы ережелер. Шарттың ұғымы мен оның маңызы.
Шарттың түрлерi. Шарттың мазмұны. Шартты жасау. Шартты өзгерту және бұзу.
23-тарау. Мiндеттемелердi орындау. Мiндеттемелердi орындаудың ұғымы мен
принциптерi. Мiндеттеменi орындау субъектiлерi. Орындау пәнi. Мiндеттеменi
орындаудың мерзiмi, орны, тәсiлi.
24-тарау. Мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз ету. Қамтамасыз етудiң ұғымы
мен әдiстерi. Мiндеттеменi орындауды қамтамасыз етудiң әдiстерi.
Борышқордың мүлкiн алып (ұстап) қалу.
25-тарау. Мiндеттеменiң бұзылғандығы үшiн жауаптылық. Мiндеттеменi
бұзылғындығы үшiн жауаптылық ұғымы. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiң
негiздерi (жағдайлары). Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiң түрлерi.
Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiң мөлшерi.
26-тарау. Мiндеттеменi тоқтату. Мiндеттеменi тоқтатудың түсiнiгi.
Мiндеттеменiң тоқтатылуының жекеленген әдiстерi.

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ОБЪЕКТIЛЕРI МЕН ТҮРЛЕРI

Азаматтық құқық нормаларымен реттелетiн қоғамдық қатынастар азаматтық
құқық объектiсi деп аталады.
Азаматтық құқық объектiлерi мүлiктiк және мүлiктiк емес игiлiктер мен
құқықтар бола алады.
Азаматтық кодекстiң 115 бабында азаматтық құқық объектiлерiне кеңiнен
тiзбе келтiрiлген – заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, бағалы
қағаздар, жұмыс, қызмет, шағармашылық-интеллектуалдық қызметтердiң
объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және
бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүлiктiк құқықтармен басқа да
мүлiк жатады.
Жоғарыда көрсетiлген мүлiктерден басқа азаматтық құқық объектiлерiне
жеке мүлiктiк емес игiлiктер жатады. Мәселен, жеке адамның өмiрi,
денсаулығы, қадыр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге
қолсұқпаушылық құқығы және басқа материалық емес игiлiктер мен құқықтар.
Құқық объектiсi ретiнде заттардың экономикалық (шаруашылық) және
физикалық қасиеттерiнiң азаматтық құқықта үлкен маңызы бар. Затқа қатысты
туындайтын заңдылық қатынастардың сипаты күнi бұрын белгiленедi. Сондықтан
азаматтық құқықтың ғылыми негiзi заттарды тиiстi физикалық немесе
экономикалық қасиеттерiне қарай саралап бередi.

БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР

Азаматтық құқық объектiлерiнiң бiрi бағалы қағаздар болып табылады.
Азаматтық кодекстiң 129 бабында оған мынадай анықтама берiлген -
белгiленген нысан мен мiндеттi реквизиттердi сақтай отырып, жүзеге асырылуы
тек оны көрсеткенде ғана мүмкiн болатын мүлiктiк құқықтарды куәландыратын
құжат бағалы қағаз болып табылады.
Осы анықтамадан бағалы қағаздардың ерекше сипатын шығаруға болады.
Бағалы қағаздың түрi және мазмұны заң талаптарына қатан бағынады. Бағалы
қағазбен куәландырылатын құқықтың түрi, бағалы қағаздың мiндеттi
реквизиттерi, бағалы қағаздың нысанына койылатын және басқа да талаптар заң
құжатарымен немесе соларда белгiленген тәртiп бойынша бейнеледi.
Мiндеттi реквизиттерiнiң болмауы немесе бағалы қағаздың нысаны заң
құжаттарымен койлған талаптарына сәйкес келмеуi оның жарамсыз болуына
әкелiп соңтырады.
Бағалы қағаз тек оның иеленушiсiнiң мүлiктiк құқығын куәландырады.
Бағалы қағаз бен куәландырылған мүлiктiк құқықты жүзеге асыру үшiн
борышкерге тек ғана қағаздың өзiн корсету немесе беру қажет. Ал егер бағалы
қағаз бойынша талапкер бағалы қағазды жоғалтып алса немесе бағалы қағаз
басқа жағдайларғы байланысты жойылып қалған кезде ол талапкер өз құқығынан
айрылуы мүмкiн. Бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен
куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берiлетiн
адамға – индоссантқа немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент
бланкiлiк болуы мүмкiн (орындауға тиiс адам корсетiлмейдi).
Бағалы қағазбен куәландырылған құқықты жүзеге асыру, бул құқықтарды
индоссантқа бермей-ақ (сену индоссаментi) индоссаментке тапсырумен ғана
шектелуi мүмкiн. Бұл жағдайда индоссант өкiл ретiнде әрекет жасайды.
Азаматтық құқық бағалы қағазды құжат болғанымен оны зат деп есетейдi.
Өйткенi, кез келген құжаттың түп-төркiнi материалдық дүниеге қатысты келдi.
Сондықтанда онда көрсетiлген әрiп таңбалары мен сандары, тасқа басылып не
қолмен жазылған жазбалары осы құжат туралы тиiстi ақпарат бередi. Сонымен
бiрге кез келген құжаттың бағалы қағаз бола алмайтыны тағы бар, тек заңмен
белгiленген шарттық белгiлерi сақталғаны бағалы қағаз құқығын алады.
Бағалы қағаздың мiндеттi реквизитерi арнайы нормативтiк құқықтық
құжаттарында көрсетiлген (оның атауы, сериясы, нөмiрi, өтiнiш жасау
мерзiмi, субъектiнiң қағаз бойынша көрсетiлген мiндетi, номналдық құны,
кiрiс көлемi немесе марапаттау (пайыздар), қағаз бойынша орандалу орыны
және басқа шарттар) талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей
сақталмаса, яғни бағалы қағаздың мiндеттi реквизиттерiнiң болмауы немесе
бағалы қағаздың ол үшiн белгiленген нысанға сәйкес келмеуi оның жарамсыз
болуына әкелiп соқтырады.
Бағалы қағаздар зат ретiнде бiрнеше түрге бөлiнедi, әрi иеленушiсiнiң
талап-мүддесiне сәйкес бланк, қағаз парақшасы түрiнде кездеседi. Бағалы
қағаздың құны тиiстi материалдық игiлiктiң құнына негiзделедi.
Азаматтық кодекстiң 130-бабы мүлiктiк құқықтар куцландыратын мазмұнына
қарап бағалы қағаздарды облигация, коносамент, акция және заң актiлерiнде
немесе соларда бекiтiлген тәртiппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған
басқа да құжаттар деп негiзгi түрлерге бөледi.
Азаматтық кодекстiң 130-шi бабының 2-шi тармағына сәйкес, бағалы
қағаздар iштей түрге жiктеледi. Олар – ұсынбалы, ордерлiк және атаулы.
Ұсынбалы бағалы қағаздар құжаттың түпнұсқасы болады, ал түпнұсқаны ұсынушы
келесi тұлғаға корсеткен сәтте өзiнiң өкiлеттiлiгiн жүзеге асырады. Демек
ұсынбалы бағалы қағаздар онда көрсетiлген мерзiмде нақты құнымен басқа
мүлiктiк балама алуға құқық бередi.
Бағалы қағаздың мәтiнiнде оны ұсынушы үшiн нақты тұлғаның есiмi
көрсетiлмейдi, тек бұл құжаттың бағалы қағаз екендiгi ғана айқындалады
(мысалы, облигация).
Ордерлiк бағалы қағаз да құжат болып табылады, ол бойынша мiндеттi
субъект құжат мәтiнiнде корсетiлген тұлғаға мiндеттенген нәрсенi орындауды
ұсынады, немесе өзi де белгiленген ереже бойынша құжат мәтiнiнде
көрсетiледi. Ордерлiк бағалы қағаз құқықтың субъектiсi болып табылатын
белгiлi бiр тұлғаға берiледi.
Сонымен бiр мезгiлде мүлiктiк құқықтың айналым қабiлеттiлiгiн жақсарту
мақсатында ордерлiк қағаздар үшiн оның тапсырудың ерекше механизмi
жасалған. Ордерлiк бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағаз берiлген жазу –
индоссамент арқылы берiледi. Борышқор бұл талапты мiндеттi түрде сақтауы
тиiс. Ордерлiк бағалы қағаз бойынша құқық берiлетiн адам (индоссант)
құқықтың болуы үшiн ғана емес, оның жүзеге асырылу үшiн де жауапты болады.
Индоссамент құжатта (әдетте сыртқы бетiнде) жазылады. Индоссаменттiң екi
түрi болады. Яғни бiрiнде иесi аталып, құқық мирасқорының аты жазылады.
Екiншi түрi бланктiк түрi болады. Онда бағалы қағаздың тапсыралғаны туралы
жазылады, бiрақ құжаттың жаңа есiнiң аты корсетiлмейдi.
Бағалы қағаздың ордерлiк түрiн иеленушi индоссамент бланкiсiмен қоса
құжатты берерде қоса құжатты берерде бағалы қағазды ұсынушыға тапсыру
тәсiлән таңдап, бағалы қағазды табыстауға, бағалы қағазды басқа адамға
атаулы индоссамент бойынша тапсыруға және индоссаментке өзiнiң атын жазуға
құқылы болады.
Бланктiк индоссаментке қандай да бiр атауды енгiзумен бағалы қағаздарды
ұсынушыға беру тәсiлi құжатты тапсырғанға дейiн жүзеге асырылады.
Бағалы қағазды тапсыру кезiнде жазылатын жазулар ретiмен жазылады. Ал
мүлiктiк құқықты тапсыруда ордерлiк бағалы қағаз колданылады. Құжаттың иесi
құжаттың түпнұсқасындағы мiндеттердi орындау үшiн ұсынарда
индоссаменттердiң ретi бұзылып кетсе, одан бас тартуға құқылы. Бұл
реттердiң үзiлмеуi таза формальдық белгiлермен айқындалады, аталған
индоссамент бойынша берiлетiн құжаттың атымен қатар бағалы қағазда
қабылдаушының да аты жазылады.
Ордерлiк бағалы қағаз жоғалып кетсе, оған оны ұстаушының өзi жауап
бередi.
Ордерлiк қағаздың иесi айырылып қалған құжатты кiмнiң қолында екенiн бiлсе,
құжатты қайтаруға виндикациялық талап қоюға құқылы.
Егер кейiнгi индоссамент бланктiк болса, жоғалған құжатқа құқық меншiгiн
дәлелдеу iс жүзiнде мүмкiн болмайды. Мұндай қағазды жоғалтқанда оның
орындалуына да үмiт аз. Ал ордерлiк қағаз жойылып кетсе, онда құжаттың
балама данасын беруге блмайды
Атаулы бағалы қағаз – мүлiктiк сипаты бар құжат, оның иесi кiм екендiгi
құжаттың мәтiнiнде көрсетiледi. Яғни атаулы бағалы қағаз бойынша құқықты
талап ету сонда ғана көрсетiлген адамға тиесiлi болады.
Азаматтық кодекстiң 130-шi бабында бағалы қағаздардың әр түрiнiң әр
түрiнiң белгiлерiн қамтитын бағалы қағазды шығару көзделген. Оған мысал
ретiнде атаулы түрiн ұстаушының жүргiзуiн талап ететiн “Бағалы қағаздар
нарығы туралы” Заңның 34-бабының нормасын келтiруге болады.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды топтастыру мемлекеттiк және мемлееттiк емес
деп бөлiнетiн болғандықтан оның заңдық маңызы болады.
“Бюджет жүйесi туралы” және “Мемлекеттiң кепiлiмен қарыз алу мен
мемлекеттiк борыш туралы” заңдарға сәйкес мемлекеттiк бағалы қағаздар
мемлекеттiң шеттен алуына орай iшкi және сыртқы инвесторларда шығарылады
(олар шет мемлекеттер мен халықаралықұйымдардың заңды және жеке тұлғалары
болып табылады)
Оны шеттен алу Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Ұлттыұ банк
арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк бағалы қағаздарды шығару негiзiнен алғанда республикалық
бюджеттiң жетiспеуiне байланысты.
Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарды әлемдiк нарықтарға шығарады
(еврооблигациялар), сондай-ақ Қазақстан аумағында қазыналық мiндеттеме және
қазыналық облигацияда жүредi.
“Бағалы қағаздар нарығы туралы” Заңның 14-шi бабына сәйкес мемлекеттк
бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру тәртiбi және эмисия көлемi арнаулы
заңмен реттеледi.
Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитентiнiң жарғылық
капиталын қалыптастыру үшiн шығарылады немесе заемдық қаржыны тарту
мақсатында да қолданылады. Ал олардың эмиссияларының тәртiбi “Бағалы
қағаздар нарығы туралы” Заңмен реттеледi.
Бағалы қағаздар жөнiндегi қазiргi қолданылып жүрген заңдар құжатталмаған
бағалы қағаздар ұғымына сәкестендiрiлген.
Азаматтық кодекстiң 135-шi бабында құжатталмаған бағалы қағаздардың
мүлiктiк құқықтарының бiрнеше түрi келтiрiлген .
Құжатталмаған құнды қағаздар шын мәнiнде бағалы қағаздың мазмұнын
куәландыратын мүлiктiк құқық болып есептеледi. Ондай бағалы қағаздармен
құқықтық қатынасқа түскен кезде оның тiзiмдегi жазбаға енгiзiлуi жарамды
бола бередi.

ЗАТТАРДЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫ САРАЛАУ (ЖIКТЕУ)

Заттың ұғымы туралы қазiргi қолданып жүрген заңда айтылмаған. Заттың ұғымы
ол азаматтық құқық козқарасы бойынша физикалық дене ретiнде және оның адам
еңбегiмен жасалған, сол сияқты табиғи күйiнде де кездесетiн сыртқы
материадық дүниенiң бiр бөлiгi болып табылады.
Затты заңдық жағынан жiктеу көбiне көп оның оның табиғи қасиетiне
немесе қоғамдық маңызына негiзделедi. Әр құқық субъектiлерiнiң белгiлi бiр
заттың түрiне әрекет етуiн айқындайды.
АК 117 бабына сәйкес заттардың өзi қозғалатын және қозғалмайтын заттарға
болiнедi.
Затты қозғалмайтындар қатарына жатқызу екi жағдайда мүмкiн болады.
Материалдық жағынан затты жерден айыруға болмайтын жағдайда немесе оны
орнынан қозғау үшiн шығындау қажеттiгiне байланысты.
Кейбiр жағдайларда қозғалатын мүлiктерде, атап айтқанда, әуе және теңiз
кемелерi, iшкi суда жүзу кемелерi, “өзен-теңiз” жүзу кемелерi, ғарыш
объектiлерi қозғалмайтын түрге жатқызылады.
Қозғалмайтын мүлiкке теңестiрiлетiн объектiлер тiзiмi толық еместiгiн
еске сала кеткен жөн. Азаматтық кодексте заң актiлерi бойынша қозғалмайтын
заттарға өзге де мүлiктер жатқызылуы мiмкiн.
Қозғалмайтын заттарға мешiк құқығы және басқа да құқықтар, ол құқықтарға
шек қою және олардың пайда болуы, олардың ауысуы мен тоқтатылуы мемлекеттiк
тiркелуге тиiс.
Қозғалмайтын мүлiктiң ерекше түрiнiң бiрi кәсiпорын болып табылады.
Кодекс бойынша “кәсiпорын” терминi екi мағынада колданылады. Бiрiншi
мағнасына сәкес кәсiпорын дегенiмiз ол азаматтық құқықтың субъектiсi болып
табылады. Азаматтық құқық субъектiсi ретiнде мұндай кәсiпорын мемлекеттiк
тiркеуден оту қажет.
Екiншi мағнасы бойынша кәсiпорын дегенге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге
асыру үшiн пайдаланылатын мүлiктiк кешен. Осы мағнасында ол азаматтық құқық
объектiсi болып танылады.
Ондай кәсiпорын бiр тұтасымен немесе бiр бөлiгi сатып алу-сату, кепiлге,
жалға беру шарттарының және басқа да азаматтық кодекстiң мәмiлелерiнiң
объектiсi болуға ықтимал.
Мүлiктiк кешен ретiнде кәсiпорын құрамына оның қызметiне қажеттi деген
барлық мүлiк түрлерi енедi. Оның iшiнде үйлер, ғимараттар, құрылыстар,
құрал-жабдықтар, шикiзаттар, өнiмдер, жер учаскесiне құқық, талап ету
құқығы, борыштар, сондай-ақ атауын белгiлейтiн белгiлер (фирмалың атауы,
тауар белгiлерi), егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе
және тағы басқа айрықша құқықтар болады.
Мүлiктiк кешеннен қандайда бiр объектiнi алу заңда немесе шартта
көрсетiлуi тиiс.
Кәсiпорынның меншiк құқығы мен өзге де құқықтары басқа тұлғаға өткенде,
сол тұлға жоғарыда аталған құқытардың бәрiнiң бiрде өзiне берiлуiн талап
ете алады.
Азамыттық кодекстiң 116 бабының талаптарына сәйкес заттар айналымнан
еркiн берiлетiн немесе ауысатын, айналымнан алынып тасталатын және
айналымда шек қойылатын түрлерге бөлiнедi.
Азаматтық кодексте айналымнан алынып тасталатын (шығарылған) зат деп
азаматтық құқыққа объект бола алмайтын заттарды айтады. Бұл ретте осы
заттар азаматтардың және заңды тұлғалардың меншiгiнде болмайды деген
тұжырым жасалады.
Заң “айналымнан алынып тасталған” деген сөздi басқа да мағынада
қолданады – мемлекеттiк тәртiптiң және қоғамдық қаупсiздiгiн ойлап иелiк
ету жолы айрықша жағдайға қойылған заттарға да қолданады.
Айналымнан шығарылған жеке заттарға мыналарды жатқызуға болады – қару,
радий, гелий. Бұл заттардың көпшiлiгi мемлекеттiң дара меншiктiк объектiсi
болып табылады. Азаматтар тиiстi өкiмет орнының рұқсаты бойынша бұл затарды
алып, оған иелiк ете алады.
Берiлуге рұқсат етiлмейтiн заттардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтану мамандығы бойынша элективті пәндер тізімі
Қазақстан Республикасының азаматтық іске қатысушылар
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі
Азаматтық іс-жүргізу
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ
Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі
Қазақстан Республикасының азаматтығының жалпы мәселелері
Азаматтық іс жүргізу құқығы туралы
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі
ҚР жерге жеке меншік құқығы
Пәндер