Ағылшын тілі заман талабы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

І. Кіріспе бөлімі:

Ағылшын тілі - заман талабы . . . 2

ІІ. Негізгі бөлім:

Ұлыбритания - ағылшын тілінің отаны . . . 3

а) орналасуы, табиғаты, халқы; . . . 4

ә) тарихына шолу; . . . 6

б) мемілекеттік құрылысы; . . . 8

в) экономикасы, өнеркәсібі, ауыл

шаруашылығы; мәдениеті; . . . 9

ІІІ. Қорытынды:

Ұлыбритания мен Тәуелсіз Қазақстан . . . 11

мемілекеті арасындағы байланыстар.

Пайдаланған әдебиет . . . 13

І. Кіріспе бөлім.

Ағылшын тілі −− заман талабы

Жалпы білім беруде оқытылатын пәндер ішінде шетел тілдерінің өзіндік орны бар. Соның бірі шетел тілдерінің ішінде ең көп таралған тіл− ағылшын тілі. Заман талабына сай ағылшын тілін оқыту арқылы жастарды ұлттық патриотизмге, интернационализм рухында тәрбиелеуге жол ашылды. Ағылшын тілі пәнінде әр түрлі тақырыптарды оқушылар оқи отырып тіл үйреніп отырған.

Сол елдің тарихымен, өнерімен жақынырақ танысады. Ағылшын тілін үйрету арқылы оқушылардың лошкалық ой−өрісін дамытуға жол ашуға болады . Басқа оқытылатын пәндермен қатар шетел тіл пәндері де оқушылардың білім деңгейін көтеруге көмектеседі. Оқушылардың бойындағы өз тілінде деген сүйіспеншілігі арқылы өзге ұлт тілдерін ұғындыруға құрметтеуге, үйретуге мүмкіндік туады.

Жалпы білім беретін оқу орындарында ағылшын тілін үйретуге 4 түрлі мақсат көзделеді. Олар −білімділік, дамытушылық, тәжірибелік, тәрбиелік мақсат. Ағылшын тілін оқытудағы ұстанымдардың бірі − коммуникативтік бағдар ұстанымы . Ағылшын тілін оқытуда ұстанымдарды дұрыс бағдарлай отырып белгілі мақсаттарды жүзеге асыру үшін ұстаз үнемі күнделікті өмір көшіне ілесіп отыруы шарт. Өмір талабы күн сайын өзгеріп отырған заманда ұрпағымыз өмір көшіне ілесіп, тіл мәдениеті дамыту үшін үлкен жұмыстарға құлшыныс жасау әрбір ұстаздың міндеті.

Шетел тілін оқытуда көп мәселе оны оқытатын мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегіне байланысты екені өзімізге аян . Шет тілін дамытуға яғни ауыз екі сөйлетуге айрықша көңіл бөлінеді. Сондай− ақ шет тілінен біртіндеп теорияллық мәлімдет беріле отырып оқушылардың тілін дамыту іске асырылады.

ІІ. Негізгі бөлім.

Ұлыбритания - ағылшын тілінің отаны.

Орналасуы.

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен кор- ольдығы - Батыс Европадағы мемілекет. Европаның солтүстік-батысындағы Ұлыбритания аралында, Ирлан- дия аралының солтүстік -шығыс бөлігінде Англси, Уайт, Норлганд, Гебрид т. б. ұсақ аралдарында орналасқан, Солтүстік - батыс жағалауы Атлант мұхитымен, шығыс және оңтүстік жағалаулары солтүстік теңізбен және Ла-Манш, Паде-Кале бұғаздарымен шайылады.

Жері - 244, 1 мың км 2 , халқы - 58, 2 млн. Халқының 80%-і ағылшындар, 15%-і шотландықтар, ирландықтар, уэльстер. Астанасы - Лондон қаласы. Ұлыбритания 4 тарихи - географиялық аймақтан тұрады. Олар: Англия, Уэльс, Шотландия, Солтүстік Ирландия.

Әкімшілік жағынан графтықтарға және графтық дәреже- дегі қалаларға бөлінеді. Үлкен Лондон ерекше жеке әкімшілік бөлік саналады. Ұлыбритания-Британ ынтымағының орталығы, бұның құрамына Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Үндістан, Бангладеш, Шри - Ланка, Гана, Малайзия, Сингапур, Нигерия т. б. 36 ел кіреді.

Мемілекеттік практика кезінде 7 а сыныбында Ұлыбритания елі туралы “The country of the Great Britain” тақырыбы бойынша сабағымды өткіздім.

Табиғаты.

Ұлыбритания Европаның Қоңыржай белдеуінің атланттық бөлігінде орналасқан. Жағалауы қатты тілімделген. Ірі шығанақтары: Ферт - оф - Лорн, Бристоль, Лайм, Ферт - оф - Форт, Мари-Ферт. Ұсақ аралдар жағалауы двордық типке жатады. Шотландия, Солтүстік Ирландия, Уэльс, Солтүстік Англия бөліктері өзен жағалауларымен тегістелген, биіктігі - орташа, таулар және қыраттардан тұрады. Ұлыбританияның солтүстігінде күшті тілімделген Шотландия орналасқан.

Тау қыраттарының үстірт тәрізді бөліктеріне биіктігі - 1343 метрге дейінгі альпілік типтес шыңдар қалыптасқан. Шотландиядан оңтүстікке қарай Пеннин таулары, Калиберинд таулары алып жатыр. Британ аралдары өзінің геологиялық құрылымы мен құрылысы жөнінен түгелдей каледон қатпарлық зонасына жатады.

Ұлыбритания жерінің климаты мұхиттың қоңыржай, атмосфералық жауын - шашыны өте мол, ауа - райы циклондық типке жатады, күшті желді. Қаңтардың орташа температурасы 7 0 с - тан шығыс Англияда 3, 5 0 с -қа дейін, шығысында кейде 18 0 -қа дейін аяз байқалады. Жауын - шашын жыл бойына біркелкі таралады. Бүкіл Ұлыбритания территориясына қалың бұлттылық тұман тән.

Ұлыбританияның өзендері мол сулы және қысқа келеді. Ірілері: Себерн, Темза, Тайн, Иден, т. б. Өзендері күз және қыста тасиды, қатпайды. Ұлыбританияның өсімдік жамылғысы негізінен табиғи зокалар заңдылығы бойынша таралады. Солтүстік тайгалық және аралас орман белдеулерінде негізінен қарағай, емен, қайың, оңтүстігінде жалпақ жапырақты еменді орман, қайың орман өседі. Территориясының 6%--і орман. Орманның кең тараған өңірі әсіресе шығыс және оңтүстік аудандары. Таудың жоғары белдеуінде тау шалғыны жақсы өседі.

Жануарлар дүниесі жақсы сақталған, түлкі, қоян, тиын, кірпі, сүтқоректілердің көптеген түрлері, құстардан жабайы кептер, Шотландияда тундра мен Шотландия кекілігі, құр мекендейді. Өзен - көлдері балыққа бай. Табиғи жағдайына қарай Ұлыбритания территориясы Шотландия, Солтүстік Ирландия және Шығыс Англия табиғи ауданына бөлінеді.

Халқы.

Ұлыбританияның негізгі халқы - ағылшындар. Англия, Уэльстің көп бөлігінде және Шотландияның оңтүстігінде шотландықтар, ирландықтар Солтүстік Ирландия мен Англияның өнеркәсіпті аудандарында қоныстанған. Солтүстік Ирландия сонымен қатар 1 млн. -нан астам 16 ғасырда қоныстанған ағылшын және шотланд ұрпақтары тұрады. Олар өздерін ирландиялық ағылшындар, ирландиялық - шотландықтар деп атайды.

Уэльс т үбегінде немесе вашийлер, Солтүстік Шотландия және Гебрид аралдарында гельдер қоныстанған. Ірі қалаларда еврейлер сонымен қатар Вест - Индиядан, Үндістаннан, Пакистан және Африка елдерінен келіп қоныс тепкендер бар. Европа иммигранттардан поляктар, немістер, француздар, италяндар бар.

Мемілекеттік тілі - а ғ ы л ш ы н т і л і, ирландар, уэльстер, гельдердің біраз бөлігі кельт тілі табына жататын өз тілдерінде сөйлейді. Діни нанымға сенушілердің көпшілігі - протестанттар. Ұлыбритания халқының табиғи өсуі өте төмен елдердің бірі. Ұлыбританияда басқа дамыған елдермен салыстырғанда урбанизация деңгейі өте жоғары, халықтың 80% - ке жуығы қалада тұрады. Ірі қалалары: Лондон, Маньчестер, Бирменгем, Глазго, Ливерпул және Ньюкаол.

Тарихына шолу.

Ұлыбритания жерінде алғашқы адамдар ерте және орта палеолит дәуірінде пайда болған. Шамамен б. з. б. 58 мыңжылдықта Ұлыбритания құрлықтан бөлініп аралға айналды. Б. з. б. 3 - 2 мыңжылдықтың бас кезінде аңшылықпен, балық аулау кәсібімен қоса арал тұрғындары бірте - бірте мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналыса бастады.

Тас қарулар жетілдіріліп, бері келе қола қарулармен, ал кейінірек темір қарулармен алмастырылды. Темір дәуірінде Ұлыбританияға құрлықтан кельттер келіп қоныстана баста- ды. Кельттер өздерімен бірге темір ғасырының мәдениет нұсқаларын әкелді. Бізден бұрынғы 1 ғасырдың орта кезінде римдер Галияны басып алған соң Юлий Цезар Британияға екі дүркін жорық жасады. Римнің Британияны жаулап алуы б. з, 43 жылдан басталып 60 жылдары негізінен аяқталды. 5 ғасырдың орта шенінде Британияны англ - сокстар деп атала тын солтүстік - герман тайпалары басып ала бастады. Англияның қоғамдық - саяси құрылысына 8 ғасырдың соңында басталған нормандардың шапқыншылығы зор әсер етті. 9 ғасырда елдің бірқатары Англия атты бір мемілекетке бірікті.

Король Ұлы Альфредтің тұсында тұңғыш жалпы ағыл - шындар заңдары құрастырылды. 1066 жылы Гостингс маңын дағы шайқастан соң Англияның королы болды.

Англиядағы бір ерекшелік - мұнда барлық феодалдар корольға вассалдық бағынышты болды. Елдің экономикалық және саяси орталығы болған Лондоннан басқа Уинчестер, Кертербери, Иорк, Кембридж, Оксфорд т. б. қалалар пайда болды. 12 ғасырдың соңынан бастап, 13 ғасырда корольдық өкімет үстем таптың едәуір бөлігінің мүддесіне қайшы келе- тін шараларды іске асырды. 14 ғасырда тап күресі деревня мен қалада күшейе түсті. Шаруалар арасындағы толқулар көтеріліске ұласты.

Англия тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі - капи- талдың бастапқы қорлану кезеңі. Ол шаруалардың жерсізден уінен басталады. 15 ғасырдың аяғында, 16 ғасырдың басында ағылшын дворяндарының бейнесі өзгереді. Үстем таптық қа- нау, феодалдық ренталген шектелмей, жалдамалы еңбекті қанаумен ұласты. Тіпті 11-12 ғасырда-ақ Англия Флондирия- ның, Италияның қалаларына жүн шығарып, сатып сауда жүргізді. 14 ғасырда Англия шұғамен сауда жасады. 16 ғасыр да жүн өнеркәсібін ұйымдастыруда капитал мануфация сипа- тын ала бастады. Англия өнеркәсібінің негізіне айналған шұ- ға өндірісі жүнге мұқтаждықты арттырады. Мұның өзі қой өсіру үшін жайлымдық жерді ұлғайтуды керек етеді.

Англияда Европаның басқа елдеріне қарағанда капита- листік қатынастар тез қалыптаса бастады. Ағылшын буржуа зиялық революциясының нәтижесінде капиталистік қатынас тардың дамуына жол ашылып, өндіргіш күштердің жедел өсуіне мүмкіндік жасалды. 18 ғасырдың 60 жылдары ұлыбританияда өнеркәсіп төңкерісі басталды. Дүние жүзін- дегі неғұрлым дамыған капиталистік ел - Ұлыбритания, Европадағы феодалдық және жартылай феодал мемілекет- термен тығыз одақ жасай отырды. Өнеркәсіп төңкерісінің нәтижесінде жұмысшылардың саны күрт өсті. Бұл тұстағы жұмысшылар қозғалысы чартизм деген атпен белгілі. Өнеркәсіптің даму дәрежесі мен қарқыны жағынан Ұлыбритания дүние жүзіндегі бірінші орында тұрды. Ауыр өнеркәсіп мықтап дамыды.

Бірінші дүние жүзілік соғыс Ұлыбритания үшін импера- листік соғыс болды. Таяу Шығыс пен Африкадағы орталық позицияны нығайту үшін Ұлыбритания 1956 жылы Франция және Израильмен бірге Египетке қарсы шабуыл жасады. Көптеген елдердің Египетті қолдауы, қарсылық білдіруі нәтижесінде Ұлыбритания мен оның одақтастары Египетке қарсы соғысты тоқтатуға мәжбүр болды. Ұлыбритания Батыс Германияны НАТО - ға қосуға жәрдемдесті.

Ұлыбританияның АҚШ - қа кіріптарлығын күшейтті Оның территориясында АҚШ - тың соғыс базалары пайда болды . Сыртқы саясатқа Лейбористер үкіметі АҚШ - пен қарым - қатынас орнатты. Ұлыбритания мен ТМД арасында экономикалық ғылыми - техникалық және өнеркәсіп байланысын дамыту жөнінде келісім жасалды.

Ағылшын парламенті, оның ішінде қауымдар палатасы барлық жаңа буржуазиялық күштер оппозицияларының орталығы іспетті Ағылшындар тәртібінен зығыр болған протестанттық Шотландия өз короліне соғыс жариялады. Ұлыбританияның мемілекеттік құрылысында конституция- лық монархия, парламенттік дәстүрлер, соттың тәуелсіздігі, екі партиялық жүйе және заңдылық пен құқықтық мызғы -мастығы, дәстүрлердің баяндылығы бұрынғыдай сақталған еді.

Англияның бүкіл азаматтары бастауыш білім алатын болды, жерді жалға алушыларға жер иелерінің қысым жасауына тыйым салынды. Заңды түрде ақсүйектерге берілегн артықшылықтар шектелді.

Ирландия мәселесі .

Ұлыбританияның 70-90 жылдардағы өзекті шиеленіскен мәселелерінің бірі - Ирландия мәселесі еді. 70 жылдардан бастап Англияның бұл отарында Европа- дағы аграрлық дағдарыстан туындаған жалғарлердің жаппай қозғалысы етек алды. Ағылшын жер иеленушілерінің жалгерлерді жерден қуып, кедейлендіруі олардың ереу- ілдерін ұлт азаттық қозғалысқа ұластырды.

1879 жылы Ирландияда қатарында 250 мың адамы бар шаруалардың жер лигасы ұйымдастырылды. Оған бұрынғы фений Майки Дэвид басшылық етті. Ағылшын жер иелікте- ріне байкот жариялау кең етек алды. Таркелл басқарған ирландық депутаттар ағылшын парламентінде Ирландияның өзін - өзі басқару үшін күрес жүргізді. Ирландияға азамат соғысы қаупі төнді. Оған байланысты жаңа шиеленіс 1912 жылы болды. Ұлт - азаттық қозғалыстың күшейуі либералды қауымдар палатасы арқылы Ирландияға шектеулі автономия беру мәселесін көтеруге мәжбүр етті. Бұған Солтүстік Ирлан- дияда тұратын ағылшындар қарсы шықты. Олар қарулы көте- ріліс арқылы Англиядан бөлінуге дайындалды. Ольстерде тәртіп орнату үшін үкімет әскерге бұйрық береді, бірақ офи- церлер бұйрыққа бағынудан бас тартты.

Экономикасы.

Ұлыбритания - капиталистік елдер арасында АҚШ, ГФР және Жапониядан кейінгі ірі өнеркә- сіпті держава. Бастапқыда Ұлыбритания экономикасы монополиялық жағдайда негізделіп дамыды. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін Ұлыбританияның дүние жүзілік шаруашылық жағдайы өзгере бастады. Автомобиль жасау өндірісінде «Брити - мотор - холдинг», «Лейленд мотор» компаниялары бірігіп ір «Бритш-Лейленг мотор корпорей- шн» монополиясын құрды.

Тамақ өндірісінде «Юнилевер» монополиялары мұнай айыру өндірісінде «Бритш петромум» компаниясы үстемдік ете бастады. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін тас көмір, газ, электр энергетика, қара металлургия қала транспортының бір бөлігі, өнеркәсіп өндірісінің 20% - тен астамы мемілекет қарамағына көшті. Өндірісті жандандыру үшін де жұмыссыз- дықтың шұғыл өсуін тежеу мақсатында Ұлыбритания үкіметі шұғыл шаралар қабылдады.

Ауыл шаруашылығы.

Ұлыбритания ауыл шаруашылығының жетекші саласы - мал шаруашылығы. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімдері- нің 62%-ке жуығы мүйізді ірі қара, қой, шошқа, үй құстары өсіріледі. Шығыс және Оңтүстік Шығыс егін шаруашылығы ның үлесі басым.

Себерн, Ившем, Уз өзен аңғарларында көкөніс, бақ және гүл өсіру, Шотландия және Солтүстік Ирландияда картоп, ылғалды аудандарда сұлы егіледі. Ұлыбритания өзін - өзі мал шаруашылығының өнімдерімен толық дерлік қамтамасыз етеді, егіншілік өнімдерінің көпшілігін сырттан алады.

ІІІ. Қорытынды.

Ұлыбритания мен Тәуелсіз Қазақстан мемілекеті арасындағы байланыстар.

Қазақстан өз алдына дербес мемілекет ретінде қалыптаса бастаған шақта, өркениетті шет елдермен қарым - қатынас кеңінен өріс алды. Қазірдің өзінде Тәуелсіз Қазақстан Республикасын дүние жүзінің жүз елуден астам мемілекеті танып, дипломатиялық байланыс жасауға үлкен жол ашып отыр. Ұлыбритания ешбір елмен жауласпайды, бұл ел бар- лық елдермен достық қарым - қатынаста. Қазақстанның АҚШ - тан соң халықаралық байланыс жасаған елі - Ұлыбритания. Қазақстан Америкамен өндірістік сауда - саттық байланыста болса, Ұлыбритания елімен бірлескен «Бритшгаз», «Бритш - петроглив» компаниялары бар.

1991 жылы елімізге Ұлыбритания пример-министрі Маргерт Тишер іс - сапарымен келген еді. Елбасы Н. Назарбаев Маргерт Тишер ханымды қазақ елі атынан «Достық» орденімен марапаттады. Екі ел арасындағы кездесуден соң елімізде қазақ - британ бірлескен университеті құрылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілінің кірме сөздері
Үштілділік-заман талабы
Компьютер арқылы ағылшын тілінде сабақтар өткізу
Латынграфикалы жаңа қазақ әліпбиі бойынша кірме сөздер орфограммасы
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды қолдану
Жаһандану үдерісінің ықпалы
−орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі
Ағылшын және орыс тілдерін оқыту әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың негізгі мақсаты тіл дамыту негізінде білім қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету
Жаңа технологияны ағылшын тілі сабағында қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz