Әлеуметтік–мәдени бағдарламаларға жұмсалатын шығыстар



Кіріспе
Негізгі бөлім :
1.Әлеуметтік мәдени бағдарламаларға жүмсалатын шыыстардың арналымдары мен мақсаттары.
1.1Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері.
1.1. Денсаулық сақтау саласның шығыстарының арналымдары.
1.2. Әлеуметтік қамтамасыз ету шығыстарының мақсаттары.
1.3. Мәдениет саласын қаржыландырудың бағыттары.
1.Қазақстан Республикасының бюджетінен әлеуметтік.мәдени шараларға бөлінетін шығыстарын талдау .
2.1.Білім беру саласын қаржыландыру.
2.2.Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру.
2.3.Әлеуметтік қамтамасыз етудң қаржыландыру.
2.Әлеуметтік.мәдени бағыттарды қаржыландыру мәселелері мен шешу жолдары.
Қорытынды
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Әлеуметтік–мәдени бағдарламаларға жұмсалатын шығыстар». Бұл тақырыпты таңдау себебім әлеуметтік–мәдени бағыттарға жұмсалатын шығыстар әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін жұмсалатын мемлекет шығыстарының аса маңызды бағыты болып табылады. Әлеуметтік мәдени шараларға – оқу–ағарту, ақпаратты, қызметтер көрсетуге (баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, шығармашылыққа, денсаулық сақтауға, денешынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады.
Аталған шығыстар қоғамдық тауарларға, игіліктерге, қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бір бөлігі болып табылады. Олар мемлекеттің ақшалай трансферт түрінде, сондай-ақ ақысыз (немесе жеңілдетілген) материалдық игіліктер мен қызметтер түрінде қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке тұтынуға бағытталады .
Әлеуметтік–мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығыстардың экономикалық функциясының негіздемесі әлеуметтік мұқтаждарды қанағаттандыру үшін барлық азаматтарға қолайлы мүмкіндіктер жасауға саяды. Мемлекет қоғамдық тұрғыдан маңызды қажеттіліктерді қаржыландыра отырып, дара рынонктық бөлудің ұнамсыз салдарларын жоюға, қоғамның барлық мүшелеріне әр түрлі әлеуметтік топтардың, жіктердің, таптардың өкілдерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын біршама теңестіру мақсатымен оларды қанағаттандыру үшін қажетті жағдайлар жасауға тырысады.
Шығыстардың бұл тобын қалыптастырудың негізгі көзі – мемлекеттік бюджет пен арнаулы бюджеттен тыс қорлар. Қалған бөлігін орталықтандырылмаған тәртіппен шаруашылық жүргізуші субъектілер өздерінің табыстары есебінен жасайды.
Рыноктық қатынастар жағдайларында тұтынудың бұрын қалыптасқан қоғамдық қорлардан әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстарды қаржыландырудан бас тарту болды. Рынок жағдайында еңбек салымына, харекеттің әр түріндегі адамның мүмкіндіктеріне қарай тұтыну мөлшерінің тура тәуелділігі қалыптасады. Сондықтан қазіргі жағдайда жеке-дара табыстар адамдардың кәсіпкерлік және басқа қабілеттеріне қарай қалыптасады, сонымен бірге орталықтандырылмаған қорлар көбейеді, өйткені шаруашылық органдарының қарамағында олардың жұмысының нәтижелеріне қарай табыстың бір бөлігі қалады.
Соңғы уақытта елімізде әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландырудың жаңа қағидаттары енгізілді: әлеуметтік сфераның мекемелері ішінара қаржыландырудың шаруашылық есеп негіздеріне, сақтандырудың қағидаттарына көшуде.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім :
1.Әлеуметтік мәдени бағдарламаларға жүмсалатын шыыстардың арналымдары мен
мақсаттары.
1.1Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды
қаржыландыру көздері.
1. Денсаулық сақтау саласның шығыстарының арналымдары.
2. Әлеуметтік қамтамасыз ету шығыстарының мақсаттары.
3. Мәдениет саласын қаржыландырудың бағыттары.
1.Қазақстан Республикасының бюджетінен әлеуметтік-мәдени шараларға
бөлінетін шығыстарын талдау .
2.1.Білім беру саласын қаржыландыру.
2.2.Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру.
2.3.Әлеуметтік қамтамасыз етудң қаржыландыру.
2.Әлеуметтік–мәдени бағыттарды қаржыландыру мәселелері мен шешу жолдары.
Қорытынды

КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымның тақырыбы Әлеуметтік–мәдени бағдарламаларға
жұмсалатын шығыстар. Бұл тақырыпты таңдау себебім әлеуметтік–мәдени
бағыттарға жұмсалатын шығыстар әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыру
үшін жұмсалатын мемлекет шығыстарының аса маңызды бағыты болып табылады.
Әлеуметтік мәдени шараларға – оқу–ағарту, ақпаратты, қызметтер көрсетуге
(баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке,
шығармашылыққа, денсаулық сақтауға, денешынықтыру мен спортқа, мемлекеттік
әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындарды
қаржыландыру болып табылады.
Аталған шығыстар қоғамдық тауарларға, игіліктерге, қызметтерге
жұмсалатын шығыстардың бір бөлігі болып табылады. Олар мемлекеттің ақшалай
трансферт түрінде, сондай-ақ ақысыз (немесе жеңілдетілген) материалдық
игіліктер мен қызметтер түрінде қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке
тұтынуға бағытталады .
Әлеуметтік–мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығыстардың экономикалық
функциясының негіздемесі әлеуметтік мұқтаждарды қанағаттандыру үшін барлық
азаматтарға қолайлы мүмкіндіктер жасауға саяды. Мемлекет қоғамдық тұрғыдан
маңызды қажеттіліктерді қаржыландыра отырып, дара рынонктық бөлудің ұнамсыз
салдарларын жоюға, қоғамның барлық мүшелеріне әр түрлі әлеуметтік
топтардың, жіктердің, таптардың өкілдерінің әлеуметтік-экономикалық
жағдайын біршама теңестіру мақсатымен оларды қанағаттандыру үшін қажетті
жағдайлар жасауға тырысады.
Шығыстардың бұл тобын қалыптастырудың негізгі көзі – мемлекеттік бюджет
пен арнаулы бюджеттен тыс қорлар. Қалған бөлігін орталықтандырылмаған
тәртіппен шаруашылық жүргізуші субъектілер өздерінің табыстары есебінен
жасайды.
Рыноктық қатынастар жағдайларында тұтынудың бұрын қалыптасқан қоғамдық
қорлардан әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстарды қаржыландырудан
бас тарту болды. Рынок жағдайында еңбек салымына, харекеттің әр түріндегі
адамның мүмкіндіктеріне қарай тұтыну мөлшерінің тура тәуелділігі
қалыптасады. Сондықтан қазіргі жағдайда жеке-дара табыстар адамдардың
кәсіпкерлік және басқа қабілеттеріне қарай қалыптасады, сонымен бірге
орталықтандырылмаған қорлар көбейеді, өйткені шаруашылық органдарының
қарамағында олардың жұмысының нәтижелеріне қарай табыстың бір бөлігі
қалады.
Соңғы уақытта елімізде әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландырудың
жаңа қағидаттары енгізілді: әлеуметтік сфераның мекемелері ішінара
қаржыландырудың шаруашылық есеп негіздеріне, сақтандырудың қағидаттарына
көшуде. Білім беру сферасында – бұл кепілденгдірілген бюджеттік нормаларға
қосымша білім және кәсіби машық үшін ақылы оқуды қолдану, денсаулық
сақтауда–ақылы медициналық қызмет көрсетуді дамыту, әлеуметтік қорғауда–
жинақтаушы зейнетақы қорларына сақтық аударымдар жасау.
Білім беруге жұмсалатын шығыстар мектепке дейінгі ұйымдарға, жалпы
білім беретін мектептерден тыс ұйымдарға, интернаттық ұйымдарға, даму
мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға, тәрбиеленушілерге арналған арнаулы
(түзету) білім беру ұйымдарына, бастауыш кәсіби білім беру, орта кәсіби
білім беру,, жоғары кәсіби білім беру, кадрлардың біліктілігін арттыру және
даярлау оқу орындарына бөлінеді. Аталған барлық шығыстар мемлекет
кепілдендіретін деңгей бөлігінде бюджет ресурстары есебінен жабылады. Білім
беру мекемелерін қаржыландыру бұл мекемелердің түрлері мен тұрпаты бойынша
әр оқушыға анықталатын мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмыскерлер мен өндірістегі басқа кадрларды даярлау және олардың
біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығыстар өнімнің (жұмыстардың,
қызметтердің) өзіндік құнына кіріктіріледі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес гранттар және
кредиттер негізінде жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа механизмі
қолданылады: бірінші жағдайда қаражаттар қажетті бейін мамандарын даярдау
үшін мемлекеттік бюджет есебінен өтеусіз бөлінеді, екіншісінде оқитындарға
келісімшарт негізінде коммерциялық банк құрылымдары тарапынан ұзақ мерзімді
кредит беріледі (банк мекемесі – студент – жоғары оқу орындары – Білім және
ғылым министрлігі).
Мәдениет пен өнерді қаржыландыру кітапханаларды, клубтарды, мәдениет
үйлерін, мұражайлар мен көрмелерді, театрларды, филармонияларды, сазгерлік
ұйымдарды, ансамбльдерді, киностудияларды ұстауды кіріктіреді; олар
бюджеттен, сондай-ақ кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың қаржылары
есебінен қаржыландырылады. Мәдениет пен өнердің бірқатар мекемелері
(театрлар, цирктер) шаруашылық есепте тұрады және олар бойынша меншікті
табыстармен жабылмайтын шығыстардың мөлшерінде бюджеттен жардемқаржының
сомасы белгіленеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарын ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекет
құрылтайшысы болып келетін мемлекеттік радиохабар таратуды, теледидарды,
баспаларды, газет-журналдарды қаржыландыруға бағытталады.
Халыққа арналған бірқатар меициналық қызметтер бұрыннан ақылы жүйеде
көрсетіліп жүргендігі белгілі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы қаңтардың 27- сіндегі №
135 қаулысына орай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі
белгіленген. Денсаулық сақтау министрлігі – республикалық бюджеттің
қаражаттары есебінен, аумақтық денсаулық сақтау органдары – жергілікті
бюджеттердің қаражаттары есебінен көрсетілген медициналық қызметтерге ақы
төлеу жөніндегі уәкілетті органдар болып табылады.
Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің, ҚР ішкі әскерлерінің әскериқызметшілеріне заңдарда белгіленге
тіртіппен тегін , ішкі істер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің,
ҚР ішкі әскерлерінің әскери қызметшілеріне заңдарда белгіленге тәртіппен
тегін медициналық қызмет көрсетіледі. Басқа қалғандардың барлығы ақылы
нысанда көрсетілуі тиіс, бұл жұмыс рыноктық медииналық қызметтер көрсетудің
дамуына жеткізеді.
Денені шынықтыру мен спортқа жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің
қаражаттары, кәсіподақ ұйымдарының қаражаттары, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің кірістері, спорттық қоғамдардың меншікті қаражаттары
есебінен қаржыландырылады. Стадиондар мен басқа спорт ғимараттарына
жұмсалатын күрделі жұмсалымдар, спорт ұйымдарының аппаратын ұстау, оқу-
жаттығу жиындары мен жарыстарды өткізуге бөлінетін қаржылар мемлекеттік
бюджеттен қаржыландырылады. Шығыстардың бір бөлігін ұйымдар – демеушілер,
әдеттегідей, жарнамалық мақсаттарда өтейді.

1.Әлеуметтік мәдени бағдарламаларға жүмсалатын шыыстардың арналымдары мен
мақсаттары.

1.1.Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды
қаржыландыру көздері.
Азаматтардың білім алу құқы Казақстан Республикасының Конституциясында
кепілденген және 1999 жылы маусым айының 7 жұлдызында қабылданған Білім
беру туралы Заңмен реттеледі. Осы құқықты мемлекет тиісті әлеуметті-
эконимкалық шарттар жасап, білім беру жүйесін дамыту арқылы қамтамасыз
етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекет ақысыз жалпы орта
мен алғашқы кәсіби білім және мемлекеттік тапсырысқа сәйкес конкурстық
негізде ақысыз орта кәсіби, жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі
білім алуды кепілдейді, егерде азамат осы әрбір деңгей бойы білмді алғашқы
рет алып отырса.
Оқитындарға білім алудың ақысыздығы мемлекеттік білім беру мекемелерін
ұстауды бюджеттік қаржыландыру немесе білім беру мекемелерін білім беру
қызметтерін сатып алуды бюджеттен төлеу немесе мемлекеттік гранттар беру
арқылы іске асырылады.
Білім беру аумағындаы заңнамалар мемелекеттік саясатың принциптерін
анықтайды, азаматтардың білім алу құқын қамтамасыз етеді, орталық және
жергілікті атқарушы органдардың өтемақыларын шектейді, білім беру
процесінің субъектілері арасындағы қатынастарды реттейді, олардың
құқықтарын, міндеттерін, уәкілеттерін және жауапкершіліктерін белгілейді.
Білім беру аумағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері болып
келесілер табылады:
• Барлық азаматтардың білім алу құқықтарының теңдігі;
• әрбір азаматқа білім алудың барлық деңгейлерінің мүмкінділігі;
• білім берудің діннен тыс сипаты;
• тұлғаның білімділігін ынталандыру және дарындылықты дамыту;
• білім беру прцесінің үздіксізділігі, оқыту мен тәрбиелеудің
бірлестігі;
• білім беру мекемелерінің меншік формалары, оқыту мен тәрбиелеу
формалары және білім беру бағыттары бойынша әр түрлілігі;
• білім беру, ғылым және өндірістің шоғырлануы;
• оқитындарды кәсіптік бағдарлау;
• білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі маңына бір-бірімен
арақатынаста болатын меншік форма; тип және түрлерінен тәуелсіз білім беру
мекемелері, әр түрлі білім беру деңгейлеріне арналған білім беру
бағдарламалары мен мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары және
білім беру бағдарламаларады іске асыру мен білім беру жүйесінің дамуын
қамтамасыз ететін білім беруді басқаратын органдар көрсетіледі:
Білім беру жүйесінің негізгі міндеті – ол ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар мен ғылым және тәжірибе жетістіктеріне негізделіп, тұлғаның
қалыптасуына, дамуына және кәсіби жаралуына бағытталған білім алу үшін
қажетті шарттар жасау.Оның басымды мақсатт ары болып келесілері табылады:
• білім беру бағдарламаларды игеру үшін шарттар жасау;
• тұлғаның творчествалық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту,
қнегелілік пен аман тұрмыс нұсқасының мығым негізін қалыптастыру;
• азаматтық пен отаншылдықты, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді, халық
дәстүрлерін қадірлеуді, конститутция мен қоғамағ қай-қайсы
қарсылықтарға төзімсіздікті тәрбиелеу;
• тұлғның өз құқықытары мен міндеттеріне сезімді қатынасын және
республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдениеттік өміріне
қатынасуының қажеттілігін қалыптастыру;
• әлем отан мәдениетінің жетістіктеріне қатыстыру, қазақ және
республиканың басқа халықтарының тарихы мен салт-дәстүрлерін оқу,
мемлекетік, орыс және шетел тілдерін игеру;
• білім беру мекемелерінің дербестігін ұлғайту мен басқаруды
демократияландыру мен орталықсыздандыру;
• оқытудың жаңа технологияларын енгізу білім беруді ақпараттандыру;
• еңбек нарығында бәсекелікке қабілеті бар білікті жұмысшылар мен
мамандарды дайындау:;
• әр түрлі және көп функционалды білім беру мекемелерінің тиімді дамуына
жәрдем беру.
Республика азаматтарының ақысыз жалпы орта мен техникалық және
кәсіптік білім алуына мемлекеттік кепіл негіз болып мемлекеттік білім
беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру, ал жоғары кәсіптік және
жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудың– мемлекеттік білім беру гранттары
табылады.
Білім беру саласына, оның басымдылығын есептей отырып мемлекет жыл
сайын бюджеттік құраладар бөлуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік білім беру
мекемелерін қаржыландыру білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік
жалпыміндетті стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес республикалық
және жергілікті бюджет құралдары арқылы іске асырылады.
Білім беруге арналған шығыстар құрамы бюджеттік жіктелу бойынша арнайы
функционалдық топқа сәйкес қалыптасады. Республикалық бюджетте бұл топтың
үлесі жыл сайын ұлғаюда және келешекте олардың деңгейі жалпы ішкі өнімнің
4 пайызына жетуі ұйғарылуда.
Бұл функционалдық топ құрамында мекетепке дейінгі тәрбие мен оқыту,
бастауыш және орта білім беру, арнайы орта білім беру, кәсіптік білім
беру, жоғары білім беруге мемлекеттік тапсырыс және білім беру
аумағындағы басқа да қызметтер көрсетілген.
Қаржыландыру көздері болып республикалық бюджеттер және бюджеттен тыс
құралдар табылады. Білім беру мекемелерінің іс әрекетін қаржыландыратын
бір немесе бірнеше құрылтайшылар болғандықтан, мұндай білім беру мекемесі
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ережелеріне сәйкес
коммерциялық емес ұйым деп есептеледі. Ал мемлекеттік білім беру
мекемелерінің жекеменшік ретінде мемлекет атынана орталық және жергілікті
басқару органдары болғандықтан, олар осы мекемелердің мемлекеттік орталық
және жергілікті қаржыландырудың мемлекеттік кепіл берушісі болады.
Білім беру саласын бюджеттік қаржыландырудың қажеттіліг ең алдымен
білім беру қызметінің қоғамдық тауар ретіндегі қасиеттері мен елдің
ілеуметті-экономикалыө дамуындағы олардың рөлімен серттеседі.
Ал бюджеттен бөлінентін құралдар көлемі практиканың талаптарына сәкес
анықталуы мүмкін емес. Себебі мемлекеттік реттеудің қай-қайсысы өз алды
бюджеттік қамтамасыз етуге жататын мемлекеттік тапсырыс және натуралды
немесе ақшалай түрдегі әлеуметті нормативтер тағайындауды талап етеді.
Мысалы, заңнамаларда білім беру жүйесі үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша
оқитындар контингентінің саны, мемлекеттік білім беру стандарты,
бюджеттік қаржыландыру нормативі сияқты параметрлер болуы тиіс екені
анықталған.
Қазіргі кезде білім беру мекемелерін ұстау үшін әрекеттегі қаржылық
ағымдар бюджет деңгейлері бойынша жіктеледі. Оталық республикалық деңгей
бойынша бюджеттік құралдармен қамтамасыз ету үш бағытта бөлінеді, яғни
орталық республикалық бағыныштағы мекемелерді ұстауға, республикалық
білім беру бағдарламаларны іске асыруға және қаржылық жәрдемге мұқтажды
аймақтарға трасферттер ретінде білім беру субвенцияларға. Аймақтық және
жергілікті деңгей республикалық деңгейге ұқсас, мұнда жергілікті
бағыныштағы білім беру мекемелерді ұстау мен тиісіт білім беру
бағдарламаларын іске асыруға қажетті бюджеттік құралдар қарастырылады.
Білім беру саласын басқару стратегиясының негізгі бөлігі – ол қаржылық
қамтамсыз ету. Бұл мәселені жетілдіру барысында бірнеше мақсаттарды шешу
қажеттігі пайда болады, олар–дамудың басым бағытын таңдау,
қаржыландырудың жаңа көздерін анықтау және пайдалану, қолда бар
ресурстарды тиімді пайдалануының ұйымдық және экономикалық механизмдерін
жарату, бюджет құралдарынбилеу жөніндегі өкілеттікті дәйекті үйлестіру.
Республикалық деңгей юойы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету қажетті
білім беру дамуының басымды бағыттарын таңдау мақсаты ең алдымен білім
берудің ір түрлі деңгейлерә бойынша шығындардың арақатынасын анықтауға
байланысты.
Бүкіләлемдік Банк мәліметтері бойынша қазіргі кезеңде дамыған елдерді
міндетті мектептік білім беруге арналған шығындар басымды шығындар болып
табылады.
Дамыған елдерде мұндай шығыдардың үлесі барлық білім беруге арналған
шығындардың ішінде 67%–дан (АҚШ) 89%-ға дейін (Жапония) құрайды. Осы
елдерде жоғары білім беруге арналған шығындардың үлесі 8%-дан (Жапония)
27% (АҚШ) пен 34%-ға дейін (Канада), ал мектепке дейінгі білім беруге
–0,3%-дан (Канада) 11%-ға дейін (Франция) толықсыды. Қазақстанда шығындар
құрылымының маңызды ерекшеліктері бар. Біздің елімізде мемлекеттік
қаржыландырудың ерекшелік белгісінің бірі–ол мектепке дейін білім беруге
арналған шығындардың салыстырғанда жоғары үлес салмағы–27% және міндетті
білім беруге арналған шығындардың төмен үлесі–барлығы 50%, оның ішініде
жалпы академиялық білім беруге – 38% жатады, кәсіптік білім беруге
–қалған 12% жатады.
Қазіргі уақытта білім беруді қаржыландыру республикалық деңгейден келе-
келе жергілікті деңгейге беріліп жатыр. Мұндай процес ең алдымен кәсіптік
білім беру мекемелерінің мүддесін қозғайды, себебі орталықтан
қаржыландыру болған жағдайда аймақтық жән жергілікті еңбек нарығына
қажетті кадрлар дайындауды есептеу өте қиын. Тағы бір себеп – ол білім
беру мекемелерді кәсіспорындар мен ұйымардың құарлдары арқылы
қаржыландырудың жоқтығы. Мысалы, өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында
бюджеттің барлық деңгейлерінің құралдары арқылы білім беруге арналған
шығыдары осы сала бойы қажетті барлық шығындардың 84 % құраған, ал
қалған 16% кәсіпорындар мен ұйымдардың құралдары арқылы қамтамасыз
етілген.
Мемлекеттің дамуының жаңа беталыстарына сәйкес білім беру саласында
жеке кәсіпкерлік жүйесі орын ала бастады. Білім беру қызметінің нарығы
мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз етумен бірге халық пен кәсіпорындардың
әр түрлі топтарының әлеуметтік тапсырыстарын қамтамсыз етуін талап етеді.
Білім беру процесіне қалыптасып жатқан кәсіпкерлер класымен бірге әр
түрлі қоғамдық қозғалыс пен ұйымдардың, Ұлттық бірлестіктердің, діни
қауымдардың өкілері қосылуда. Олардың білім беру жүйесін өз мүдделеріне
сай көркейту жөніндегі талпыныстары мемлекеттік емес өоқу орындарын ашуға
және мемлекеттік мекемелерге қаржылық жәрдес жасауға ниеттендіреді. Бұл
арада мемлекеттік мекемелер де өздігінен білім беру бағдарламалар
таңдауды іске асыруға және халыққа төлемақы негізінде білім беру
қызметінің айдынды спектірін көрсетуге құқы бар.
Демек білім беруді қаржыландыру ұосымша көздер тартылк арқылы іске
асырылуы мүмкін, яғни білім беру мекемесінің өзінің кәсіпкерлік іс
әрекеті және оларға демеуші болатын заңды және жеке тұлғалармен
арақатынас құру. Осыған қоса, кәсіпиік білім беру мекемелеріне бюджеттік
құралдардан тыс қосымша ақылы қызмет көрсету формалары ретінде келесілер
болуы мүмкін:
• ғылыми-зерттеулік, өнеркәсіптік, онсалтингтік, сертификаттық іс
әрекет, сараптамалық, ақпараттық және басқа да қызмет көрсету;
• мемлекеттік билік мен жергілікті басқару органдарымен,
меншіктің барлық формадағы кәсіпорындар мен ұйымдармен, басқа
заңды және жеке тұлғалармен келісімшарт арқылы мемлекеттік
тапсырыстан тыс кадрлар даярлау, қайта даярлау мен персоналдың
біліктілігін көтеру;
• шеиел студенттері, аспиранттар мен стажерларды оқытудың тиімді
және табысты жүйесін қалыптастыру;
• оқу оындарының әлеуметті инфрақұрылымдарын келе-келе ақылы
пайдалануға өту.
Сонымен қатар тағы бір қаржыландыру көзі жөнінде айтакетсек – ол
халықаралық ұйымдардың ақысыз негізінде немесе халыөаралыө ынтымаөтастыө
бағдарламаларды іске асыруға білім беру мекемелеріне берілетін құралдар.
Қайрымдылықтық құралдар көлемін жоспарлау мүмкін емес. Ол білім беру
үдерісінің барлық қатынасушылардың – білім беру орнының ұжымы, оқитындардың
ата-аналары, қоғам, шаруашылық субъектілер – жігеріне байланысты. Бұл
қаржыландырудың ерекшелігі – ол ақаш құралдарының пайдалану тәртібін жәрдем
алушы емес қолдаушы өзі анықтайды, ал бұған кері мекеме дербес коммерциялық
іс-әрекетінен түскен табысты өз еркі пайдаланады.
Қазақстан республикасының дамуы қазіргі кезеңде білім беру саласына
әсері бар өте маңызды қөзгерістермен сипатталады. Олардың қатарына өсіп
келе жатқан түлектерді тәрбиелеу мен оқытуға қажетті шарттар жасау
мемлекеттік білім беру жүйесінің негізгі мақсаты және бұл жүйенің жас
түлектерді ойдағыдай дамуына әсер етеін факторлар ішіндегі рөлі өте зор.
Сондықтан білім беру аумағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
мақсаттарының бірі–ол білім берудің осыған дейін жеткен деңгейін, сапасын
және базалық білім алудың мүмкіндігін келешекте сақтап қалу және әрі қарай
дамыту.
Бұл мақсатты шешу білім беру аумағының басымдылықтары мен олардың іс-
әрекеттерін қамтамасыз ету қажетті басымдылық бағыттарын таңдау–ең алдымен
білім берудің әр түрлі деңгейлері бойынша шығндар арасалмағын анықтауды
талап етеді. Бұл арасалмақ қазіргі уақытта білімберу деңгейлері бойынша
шығындардың 4-ға жуығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, 70-ға жуығы
орта білім беруге, 3-дан аса кәсіптік білім беруге, 4-ға жуығы
колледждерге, 10-дан аса жоғары білім беруге жұмсалады. Қазіргі кезеңде
білім беру деңгейлері бойы шығындар құрылымы елдегі экономикалық ахуалды
көрсетеді. Ал болашақта білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға байланысты өзгерістер болуы мүмкін,
ең алдымен оқытудың сапасы мен тұрақтылығын сақтау үшін шығындардың
бірталай өсуі.
1999 жылдан бастап республикада студенттік контингентті қалыптастыру
жаңа үлгіге және жоғары білім беруде қаржыландыруда жаңа әдіс пйдалануға
көшу іске асырылады. Осы үлгіге сәйкес азамттардың ақысыз жоғары білім алу
мүмкіншіліктері мемлекеттік білім беру тапсырысқа енген мамандықтар бойынша
мемлекеттік білім беру гранттар арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім
беру тапсырысқа арналған бюджет шығындарын жоспарлау жыл бойы бір студентті
оқыту бағасының есебі арқылы іске асырылады. Ал мемлекеттік білім берудің
тапсырыс арқылы оқып жүрген бір студентке шаққандағы шығындар мөлшері
жоғары оқу орнының барлық шығындар көлемін барлық студенттердің орташа
жылдық шартты контингентіне бөлумен анықталады.
Жоғары кәсіптік білімді кадрларды даярлауға арналған шығындар құрамына
келесі баптар кіреді :
• оқытушылар, қызыметкерлер мен басқа да персоналдың еңбек ақысы;
• қосымша ақшалай тәлемдер мен еңбек ақының сағаттық қоры;
• студеттердің кәсіптік практикасына арналған шығындар;
• коммуналдық шығындар;
• оқу әдістемелік әдебиеттер алуға арналған шығындар;
• басқа да шығындар.
Студенттік контингентті қалыптастырудың жаңа үлгісі мен жоғары білім
беруді қаржыландырудың жаңа әдісінің оң болғанымен, мемлекеттік білім беру
тапсырысқа арналған шығындардыжоспарлау әдістері көбнесе түрлі бағыттар мен
әртүрлі мамандықтар бойынша кадрлар даярлау процесінің ерекшеліктерін
есепке алмайды. Сонымен қоса, гранттар арқылы берілетін құралдар негізінде
оқу орындарының ағымдағы шығындарын өтейді. Ал олардың материалды
техникалық базаларын бекіту мен дамуын қамтамасыз етпейді.
Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындары, басқа да білім беру
деңгейлері сияқты, өзінің әлеуметін сақтау мәселлері мен басымды бағыттары
бойы әрі даму мақсаттарын шешуде. Бұл мақсаттардығ негізхгілері болып
жоғары білім беру мекмелер тібектерінің құрылымын жетілдіру мен оқу
орындарының әлеуметті – экоономикалық ахуалын тұрақтану мен көп арналы
қаржыландыру механызімін дамыту табылады.
Білім беру мекемелерін ағымды ұстауға арналған шығындардың негізгі
бөлігін еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындар құрайды. Олар педагогикалықғ
әкімші-шаруашылық және оқу-көмектесуші персонал бойынша анықталады. Үкімет
бекіткен біріңғай тарифтік кесте негізінде анықталған осы еңбекақы мен оған
қосымша және басқа да төлемдер түрлеріне арналған шығындар қосындыс білім
беру мекеме жұмыскелерінің еңбекақы қоры болып табылады.
Білім беру саласын мемлекеттік жұмыскерлерінің еңбекақы жүйесі
Республика Үкіметінің 2003 жылы бекіткен № 91 Мемлекеттік қызметкерлер
және қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлері емес мемлекеттік мекемелер
жұмыскерелерінң еңбекақы жүйесі жөніндегі қаулысымен реттеледі. Осы
қаулыға сәйкес білім беру мемлекеттік мекемлерде сағаттыө еңбекақы жүйесі
тағайындалған және осындай мекемелердің жұмыскелері мемлееттік мекемелеғр
мен қазыналық кәсіпорында қызметтері тізілімінің G санат тобына апарылған.
Енбекақы қорын анықтау маңында негізгі табыстықақымен қоса жалпы
білім беру, жоғары білім беру мен мемлекеттік ғылыми мекемелер мен
қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне еңбектің айрықша шарттары үшін
заңнамалармен тағайындалған қосымша төлемдер есептеледі. Мысалы, еңбек
мұғалімдерінің еңбекақы қоры қосымша төлемдерді қоса біріңғай тарифтік
кесте негізінде есептелген педагогикалық мөлшерлемемен саны мен мұғалімнің
айлық орташа мөлшерлемесі арқылы анықталады. Ал педагогикалық мөлшерлер
саны әр сыныптар тобы бойынша есептелген оқу сағаттарының жалпы көлемін
мұғалімнің белгіленген оқу сағат нормасына бөлу арқылы анықталады.
Білім беру мекемелерінңң еңбекақы жұйесінің ерекешелігі–ол оұу жылы мен
қаржы жылы басының түйіспеуі. Сондықтан ағымдағы және жаңа қаржы жылғы
айлар үшін еңбекақы қордың айлық сомасымен сыныптар топтарының саны
негізінде 1-қаңтар мен 2-қыркүйекке мұғалімнің орташа мөлшерлемесі мен
еңбекақы қоры есептеледі.
1.2.Денсаулық сақтау саласына арналған шығыстардың арналымдары
Қазақстан үшін денсаулық саласындағы басты мәселелердің бірі – халыққа
медициналық қызмет көрсетудың тиімділігін арттыру
Денсаулық сақтау саласындағы бюджеттік саясат халықтың сапалы және қол
жетерлік медециналық көмек көрсетуін, мемлекеттік емес сектордың дамуын
және қамтылуын, отандық фармацевтикалық өндірістің дамуын,халық денсаулығын
сақтау және денсаулық сақтау мекемлерінің жекешелендіруін алдын алуда нақты
бір саясаттың сақталуын қамтамасыз етілуі бақылауы қажет. Денсаулық сақтау
саласы тікелей мемлекттік бюджеттен қаржыландырылады.
Денсаулық сақтауға арналған шығындардың жалпы көлемінің ішінде ең
үлкен үлес салмақты емдік-профилактикалық мекемелерді ұстауға арналған
шығындар алады. Мұндай шығындарға келесілер жатады:
• барлық ауруханалық мекемелер түрлері;
• амбулаториялы–емханалық мекемелер;
• ана мен баланы қорғау мекемелері;
• диспансерлер;
• айрықша типтегі денсаулық сақтау мекемелері;
• шипажайлық мекемелер.
Санитарлық профилактикалыө мекемелерге санитарлы-эпидемиологиялық
станциялар, дезинфекциялық станциялар, изоляциялық пункттер және санитарлық
насихаттау мекемелері жатады.
Денсаулық саласын қаржыландыру шаруашылық есеп бойынша жүргізіледі.
Мысалы, дәріханалар және дәрілік дүкендер, бақылау-аналиткалық
лабораториялар.
Денсаулық мекемелерін қаржыландыру мекеменің категориясы мен іс-
әрекетінің негізгі көрсеткіштеріне байланысты іске асырылады.
Ауруханалардағы мұндай көрсеткіштерге ауруханалардағы орындардың саны.
Диспансерлер мен амбулаториядағы дәрігерлердің қызметінің саны ,
балабақшадағы балалардың саны, т.с.с Мысалы қала ауруханалары үшін 8
категория: бірінші ктегория үшін 800-ден 1000-ға дейін, сегізіншіге 100-ден
150 орынға дейін; ал ауыл ауруханалары үшін 6 категория; 1 ктегорияда 350-
400орын, алтыншы категориялы ауруханада 100-150 орын болуы қажет.
Категориялардың белгіленуі ауруханалардың типтік құрылымын анықтауға,
нормативтерге сәйкес жоспарлауға мүмкіндік береді.
Халықтың денсаулығы бүкіл әлемде мемлекет дамуынң көрсеткіші болып
табылады, яғни қоғамның әлеуметтік жағдайының деңгейін анықтайды.
Емдік – профилактикалық және басқа да денсаулық сақтау мекемелері
ағымдағы ұстауға бағытталған шығындар құрамында негізгі бөлігін
медициналық әкімші-шаруашылық және басқа да персоналдың жалақыларын төлеу
шығындары құрайды. Бұл еңбекақы жөніндегі шығындар сомасы мен қосымша және
басқа да төлемдер түрлері сомасының қосындысы денсаулық сақтау мекемелер
жұмыскелерінің еңбекақы қорын қалыптастырады.
Еңбекақы бекітілген біріңғай тарифтік кесте негізінде тағайындалады
және арнайы нормативтік актімен реттеледі. Осы нормативтік актілерге сәйкес
мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде уақытша еңбекақы жүйесі
пайдаланады, ал бұл мекемелердің барлық жұмыскерлері мемлекеттік мекемелер
қызметтері тізілімінің G категория тізіміне жатады. Бұл қызметтер
тізіліміне сәйкес жұмыскерледің еңбекақы дәрежелерін анықтау медициналық
және фармацевтикалық жұмыскерлерді аттестациялау тәртібі жөніндегі
әрекеттегі ережелер негізінде өткізіліетін тарификациялау мен аттестациялау
нәтижелері бойынша іске асырылады.
Медициналық қызметкердің өызметтік мөлшерлемесі тиісті қызмет
категориясы мен әрекеттегі нормативтік актілермен қарастырылған қосымша
төлемдер қосындысы ретінде есептелген негіздік мөлшерлеме арқылы
қалыптасады. Бір медициналық және басқа да категория жұмыскерлерінң орташа
айлыө мөлшерлемесі мен олардың саны арқылы денсаулық сақтау мекемесінің
еңбекақы қоры есептеледі.
Денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыру бекітілген бюджеттік қаржы
бөлу мөлшерінде, ал осы құралдарды жұмсау бекітілген қаржыландыру жоспары
көрсеткіштеріне қатаңдық сәйкестікте іске асырылады.
1.3.Әлеуметтік қамтамасыз ету шығыстарының мақсаттары.
Әлеуметік қамтамсыз етуді мемлекеттік шығыстарға енгізу десаулық сақтау
және білім беру саласынан кейін орын алды. Қазіргі кезде барлық
мемлекететтер әлеуметтік қамтамасыз ету саласына қаражаттар бөледі. Оның
ішіне зейнетақы мен жардемақылар кіреді. Қазіргі кезеде көптеген елердің
әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзіндің ерекшелігі әлеуметтік сақтандыру
қорларын қалыптастыруда қызметкерлер, кәсіпкерлер мен мемлекеттің үлестік
қатысуымен құрылады. Сонымен бұл қорлар 3 қалыптасу көздерін қамтиды.
Көздердің арақатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Бқл осындай қорларды
қалыптастырудың рационалды жүйесі болып табылады. Республика азаматтары
мүгедектіккее байланысты, асыраушы адамынан айрылып қалу орайда және жас
шамасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ мемлекеттік
адрестік жәрдемақы алуға құқықтары бар.
Республикалық маңызы бар қалалар, астана және аудан бюджеттер құрпалдары
арқылы әлеуметтік жәрдем мен әлеуметтік қамтамасыз ету көрсетіледі, яғни
келесілер:
• баспаналық жәрдем көрсету жөніндегі төлемдер;
• мұқтаж азаматтарға үйлерінде әлеуметтік жәрдем;
• анықталған мекен-жайы жоқ тқлғаларды әлеуметтік икемделу;
• ата-анасыз қалған балаларға, мүгедектер мен қарияларды әлеуметтік
қамтамасыз ету;
• халықты еңбекпен қамтамасыз ету;
• жергілікті өкілдік органдарының шешімі бойынша азаматтардың жеке
категорияларына әлеуметтік жәрдем жасау.
Бұл слаларды әлеуметтік қамтамасыз ету қоғамдық тұтыну қорларынығ
төлемдері мен жәрдемақыларынң көп бқлігін құрайды.
Әлеуметтік қамтамасыз етуге бөлінетін шығыстар негізгі көздерін бюджет
қаражаттары, зенетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру қаражаттары және
кәсіпорындардың, ұйымдар мен қайрымдылық қорларының қаражаттары құрайды.
Халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған шығыстар келесі шараларға
бағытталады: мүгедектерді оқыту және жұмысқа орналастыру, қарттар мен
мұгедектер үйлерін қаржылай қамтамасыз ету, прот ездеу, медициналыө
-әлеуметтік комиссияларды қаржыландыру және мпе Чернобыль АЭС-і, Семей
полигоны мен Арал маңындағы апаттардың зардаптарын жоюға бағытталған
шығыстар.
Әлеуметтік қамтамасыз етуді қаржыландыру қаржыландыруды жоспарлау
негізінде жүргізіледі.
Зейнетақы қорын қалыптастыру келесі түрде орындалады:
• салықтарды ұстауысыз төленетін табыстардың барлық түрлеріне
есептеледі, бірақ еңбекақы қандай көздерден төленгені маңызды
емес.
• әлеуметтік сақтандыру қорына төленген салымдар қолданылмаған
демалыс күндеріне төленетін компенсацияға, жұмыстан шығарылған
кездегі демалыс пособияларына, материалдық марапаттауларға
есептелмейді.
Зейнетақының келесі түрлері заң бойынша бекітілген:
1. еңбектік зенетақы;
жас мөлшеріне байланысты
мүгедектікке байланысты
асыраушысынан айрылған жағдайда
жылдар бойғы қызметтер үшін
2. әлеуметтік зейнетақылар
ерлер 63 жасқа және әйелдер 58 жасқа жетуімен және ерлерде 25 жыл,
әйелдерде 20жыл жұмыс стажы бар азаматтарға қарастырылған. әлеуметтік
салықтар еңбекақысы жоқ еңбекке жарамсыз азаматтарға белгіленеді:
–3 топтағы мүгедектерге
–белгілі зейнетақы жасына жеткен тұлғаларға
–асыраушысынан айрылған баларға, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға
Республикалық бюджет тарапына көрсетілетін әлеуметтік көмек келесі
түрде қарастырылады:
– мүгедектер мен ардагерлерді көмек көрсету
– жерасты және ашық таулы аймақтардағы жұмысы , зиянды және өте ауыр
жұмы жағдайында істеген жұмысшыларға мемлекеттік арнайы жәрдемақылар
– жерлеу рәсіміне берілетін жәрдемақы
– қайтыс болған әскери қызметкерлердің ата-аналарына, асырап
алушыларына берілетін жәрдемақы
– мүгедектерді тифло жабдықтармен қамтамасыз ету
– протездеу және протездік-ортопедтік жабдықтармен, есту
құралдарымен қамтамасыз ету
– бала туылуымен байланысты жәрдемақылар

1.4. Мәдениет саласын қаржыландырудың бағыттары
Мәденит, спорт, туризм және ақпарат кеңістігіне арналған бюджет
шығыстарын қалыптастыру
Республикалық бюджеттің Мәдениет,спорт, туризм және ақпарат
кеңістігі атты функционалдық топта белгіленген шығыстары осы айтылған
аумақтар бойынша мұқтаждықтарды өтеуге арналады.Олар мәдениет,көркем
өнер,спорт, туризм және ақпарат кеңестігі мекемелерінің іс-әрекеттеріндегі
қаржыландырудың басымды көзі ретінде мемлекеттік бюджеттің мәні мен рөлін
суреттейді.
Бұл функционалдық топ бойынша құралдарды жұмсаудың негізгі мақсаттары –
олардың әлеуметті – экономикалық арнауына байланысты келесі бағыттар болып
табылады:
• тұлғаның дамуы мен өзін-өзі тарату;
• қоғамды гуманизациялау;
• халықтыөз болмыстығын сақтау мен дамыту;
• спортпен шұғылдану үшін халыққа шарттар жасау және дамыту;
• бірыңғай ақпарат кеңістігін құру мен бекіту;
• осы замандағы туристік кешен жасау.
Жоғары айтылған мақсаттар бағыттарын орындау мемлекеттік бюджет
құралдары есебінен тиісті бюджеттік юағдарламаларды қаржыландыру арқылы
іске асырылады. Мұндай бюджеттік бағдарламалар осы аумақ бойынша бекітілген
тиісті мемлекеттік бағдарламалар негізінде қарастырылады. Мысалы
Мәдениеттік атамұра атты мемлекеттік бағдарлама шараларын қаржыландыру
Ұлттық тарих үшін айрықша маңызды тарихи, мәдениеттік және сәулеттік
мұраларды жаңғыру, ғылыми, көркем және өмірбаяндық шығармалар жасау, жалпы
айтқанда халықтың мәдениеттік атамұрасын біртұтас жүйесін жасауға
бағытталады.
Осы және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру мақсатты
трансферттер бөлу арқылы өндіріледі. Соныме қоса мәдениет, көркемөнер,
спорт, туризм және ақпарат кеңістігі аумақтарында өткізілетін шаралардың
көпсалалық сипаты мен капитал сыйымдылығы бюджеттердің барлық деңгейлерінен
жыл сайын ақша қаражат беруін талап етеді.
Республикалық бюджеттің мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістіг
ататы функционалдық топт белгіленген шығыстар Бюджеттік кодекске сәйкес
келесі бағыттар бойынша қарастырылған:
• қазақ ұлттық және басқа ұлттық мәдениеттерін жаңғырту, сақтау,
дамыту және өрістету;
• республикалық маңызы бар театр мен музыка көркемөнерлерін қолдау;
• мәдениет және мемлекеттік жастар саясаты саласындағы әлеуметті
маңыздылық шараларды өткізу;
• республикалық маңызы бар тарихи-мәдениеттік атамұраны сақтауын
қамтамасыз ету;
• республикалық деңейде ұлттық және жаппай спорт түрлерін дамытуды
қолдау;
• жоғары жетістіктегі спортты дамыту;
• республиканың ұлттық құрама командалар мүшелерінің халықаралық
спорт жарыстарына дайындау мен соларға қатысу;
• республика және оның туристік мүмкіншіліктері жөнінде ақпарат
дайындау және оларды халықаралық туристік нарықта өркендету;
• республикалық маңыздағы архив қорының сақтауын қамтамасыз ету;
• республикалық кітапханалардың қызметтенуі;
• бұқаралық ақпарат құраладры арқылы республикалық деңгейде
мемлекеттік ақпарттық саясатты жүргізу;
• мемлекеттік тіл мен Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін
дамыту.
Облыс, астана, аудан, қала деңгейлері бойынша бюджеттер шығыстарының
сәйкестік бағыттары қарастырылған. Бюджеттер шығыстарын белгілейтін әдістер
анықтау үшін мынадай шартты сақтау қажет–бұл салада іс-әрекет емес, нақта
мекеме өаржыландырады. Ал бюджеттік құралдар іс-әрекеттің коммерциялық
формасына бағдарланған мекемелерге емес мекемелерге бөлінеді, бірақ ондай
мекемлер шаруашылық жүргізуде нарықтық элементтерді падаланулары мүмкін.
Бюджеттік қаржаландырудың қажетті көлемін анықтау үшін бюджеттік
жіктелуге сәйкес экономикалық ерекшеліктер бойынша есептемелер пайдаланады.
әрбір рекешеліктер бойы есептеудің бөлек есептемесі қолданылады, себебі
әрбір мекеме өзінің іс-әрекет сипаты бойынша айрықша. Сондықтан,
қаржыландыру жоспарын жасауда өткен жылдағы нақты атқарылған және жоспарлап
отырған жылға бөлінген бюджет құралдарының көлемі есепке алынады.
2007 жыл ішінде 10049,4 млн. Теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер
жиналды, бқл нақтыланған жоспардан 102% құрайды. Басқадан кірістердің
түсімдері 196,7 млн. Теңге құрады, бұл жоспардан 3,3 есе асты (бюджеттік
кредиттерді өтеу – 10,6 млн. теңге, қаржылық активтердің түсуі – 186,2
млн.теңге.

2007 жылы әлеуметтік-мәдени бағыттарға жұмсалған шығыстар:

ШЫҒЫНДАР 2 678 244,62
Бiлiм беру 455 430,12
Денсаулық сақтау 299 380,55
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк 502 381,40
қамсыздандыру
Мәдениет, спорт, туризм және 122 209,86
ақпараттық кеңістiк

Республикалық бюджеттен облыс бюджетіне берілетін субвенция 2007 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірыңғай бюджеттік жіктеу
Экономиканы қаржыландыру
Бюджет тапшылығы туралы
Жергілікті бюджет
Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
Бюджетті құру және орындауда туындайтын негізгі мәселелер
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны туралы
Бюджеттің экономикалық маңызы және оның кірістері мен шығыстары
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні туралы
Мемлекет шығыстарының мазмұны
Пәндер