Тіл – адамдар арасындағы қатынас құралы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Тіл - адамдар арасындағы қатынас құралы

2. Қазақ тілі - қазақ халықының ана тілі

3. Қазақ тілінің туыстас тілдер ішінде алатын орны

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер:

Кіріспе.

Қазақстан Республикасында мекендейтін негізгі халық - қазақ халқы. Қазақ ұлтының жалғыз Отаны - Қазақстан, негізгі тілі - жойылып кетудің аз-ақ қалпында қалған мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Қазақ тілінің лексикалық жүйесі, сөздік қорының бастау-арналары тым әріде, өткен ғасырлар қойнауында жатыр. Әр халық дүниедегі объективті болмысты өзінің тілі мен санасы арқылы танып біледі, осылайша пайымдаған, таныған нәрселеріне ат қойып, оларды басқа құбылыстардан ажыратады. Сөйте келе, тілдің лексикасы “сөз қоры” қалыптасады. Қай тілдің де сөз қоры үнемі молығу, даму үстінде болады. Қазақ тілінің лексикасы да бұл заңды процестен шет қала алмайды. Халықтың өзіндік тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық іс-әрекеті неғұрлым күрделі, көп салалы, ауқымды болса, оның тілі де соғұрлым бай, барынша дамыған болатыны белгілі. Қазақ тілі де барлық жүйесі әбден қалыптасқан сөздік қоры айтарлықтай дамыған тілдер қатарына жатады. Өкінішке орай ұлы ақындарымыз Абай Құнанбаев, Сәкен Сейфуллин, Ыбырай Алтынсарин, Ілияс Жансүгіров сияқты белгілі ақындарымыз қолданған тіл мемлекеттік мәртебеге ие бола тұра қолдану аясын кеңейте алмай отыр. Оның ең басты бір себебі ХХІ ғасыр құдіреті - компьютердің қазақ тілінде сөйлемеуі. Бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Өйткені күннен-күнге қарай компьютерді қолданатын адамдар саны өте үлкен жылдамдықпен өсуде. Әсіресе, компьютердің ең күшті жетістіктерінің бірі - Интернет, электрондық пошта, қазақ тілін қолдамауы адамдардың қазақ тілін ұмытып кетуіне қауіпін төндіріп тұр. Менің ойымша, егер жақын уақытта компьютерге қазақ тілін енгізбесек, қазақ тілін дамыту мәселесін түбегейлі өзгертпесек, ана тіліміз шынымен құрып кетеді. Ал тіл - ол тарих, егер біз тілімізден айырылсақ, тарихымыздан да айырыламыз.

1. Тіл - адамдар арасындағы қатынас құралы

Адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды, түсініседі, пікір алысады, ойын жеткізеді. Тіл болмаса адам өз ойын түсініп, біле алмас та еді. Тіл арқылы оқып, білім аламыз, мамандықты игереміз. өткен тарихымыз, халықымыздың әдет-ғұрыптары, дәстүрлері т. б. тіл арқылы оқып білеміз, үйренеіз, ғибрат аламыз. Сондақтан да халқымыз «Өнер алды - қызыл тіл» деп тегін айтпаған.

Тіл - қоғамдық құбылыс. Тек қоғам бар жерде, ұжым бар жерде ғана тіл болады. Қоғанан тыс жерде тіл болдмайды. Тіл халықпен байланысты, сол халықтың өкілдері арасындағы қатынас құралы болып табылады. Тіл өзі қызмет етіп отырған халықпен. Қоғаммен бірге туады, бірге дамиды, өседі, өркендейді, тіпті бірге құриды, өледі.

Тіл оймен, ойлаумен тікелей байланысты. Адам ойын тіл арқылы жеткізеді, жүзге асырады. Адам өзінің білген, ойлаған, түсінген, таныған ұғымдарын, ойларын екінші біреуге тіл арқылы баяндайды, хабарлайды. Сондықтан да тіл ойдың тікелей шындығы, көрінісі деп атайды.

Тіл - күрделі құбылыс. Ол бірнеше бөліктен тұрады. Тіл білімінде ол бөліктер тілдік деңгей немесе тілдік қабат деп аталады. Олар - тілдің фонетикалық жүйесі, лексикалық немесе сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы. Осыған байланысты тілді зерттейтін ғылым - тіл білімі де бірнеше салаға бөлінеді. Тілдің фонетикалық немесе дыбыстық жүйесін фонетика, лексикалық /сөздік/ құрамын лексикология, грамматикалық құрылысын грамматика зерттейді. Сондай-ақ тілде жаңа ұғымдардың келуімен байланысты оның атаулары - жаңа сөздер де жасалып отырады. Оны қарастыратын сала сөзжасам деп аталады. Грамматиканың өзі үлкен екі бөлімнен тұрады: бірі - морфология, екіншісі - синтаксиз.

2. Қазақ тілі - қазақ халықының ана тілі

Адам баласы дүниеге келген сәттен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды, табиғат құбылыстарын ана тілінде ұғына бастайды. Бесік жарларынан бастап сан ғасырлар бойы халқымыз дәріптеп, дамытып келген қоғамдық, саяси-әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарды адам ана сүтімен бойына енген туған тіл арқылы игеріп, игілігіне айналдырады. Өткеніне көз жіберіп, ой елегінен өткізіп таразылайды, болашағына қол созып болжайды, ғылым қкжиегіне шығарып самғатады, келешегіне жол сілтейді.

Ана тілі арқылы адамдар бір-бірімен сөйлесіп, ойын жеткізді, пікір алысады. Ана тілі арқылы оқып, білім алады, өз ортасында тәрбиеленеді. Ана тілі арқылы халқымыздың өресін өресін көрсететін ұлы-ұлы әдеби, мәдени туындылар жасалады. Ана тілі - халқымыздың өмир сүріп, қоғамдық өмирде дамып отыруының әрі көрінісі, әрі кепілі. өйткені, біріншіден, ана тілі халқымыздың, қазақ халқының, дүнмеге келіп. өмір сүруімен тікелей байланысты, екінішіден, ана тілін ұмытып, ана тілінде сөйлемеген, ана тілінде тәлім-тәрбие бере алмаған халықтың келешегі жоқ, тағдыры мүшкіл болып, тарих сахнасынын өшеді.

Өз ана тілін білмеген, қадірлеменеген адам өзін дүниеге әкелген, мәпелеп өсірген анасын да, ел-жұртын да, Отанын да сүйе алмайды, қадірлей алмайды.

Жастайыңнан қиялыңды қияға өрлеткен қиял-ғажайып ертегілер, сүйіп тыңдайтын шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер, ерлікті, елдікті ту еткен бытырлар жырлады, шынайы махаббатты мұрат еткен әсерлі ғашықтық, лиро-эпикалық жырлар, бірлікті, берекетті мақсұт еткен өткір де өміршең шешендіқ сөздер, халык даналығы мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отыр. Осындай ана тілінде жырланған халык мұрсынан ғибрат аласың, өміріңе өнеге тұтасың, білім бұлағынан сусындайсың, сезіміңе әсер етіп, білім-ғылым әлеміне құлаш ұрасың. Абайдың даналығын, Махамбеттің батылдығын, Бұқардың ақылмандығы мен жанашырлығын, Абылайдың данышпандығын, Бөгенбай мен Қабанбайдың батырлығын түйсініп, рухани өміріңе азық етесің. Сондықтан да ана тіліңнің тағдыры үшін күйесің де, күйінесің де, шаттанасың да, шалдығасың да. Ана тілінің келешегі, тағдыры үшін неге болса да дайын бол!

Ана тілінің күші мен құндіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, әрқайсысымыздың жетемізге жеткізіп, түйсігімізге түйіндіріп, түсіндіріп келді. Сондықтан да халқымыз туған тілді, ана туілін, сөз өнерін бар өнердің басы деп санады. «Өнер алды - қызыл тіл», «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады»; «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би»; «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болады»; «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі»; «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірген» т. б. халқымыздың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді. Біз де ана тілімізді, ділімізді қадірлей, қастерлей білейік, таза болуында, дауында, өрлей, өркендей түсуінге ат салысайық! Ол үшін бір-бірімізбен үйде де, далада да таза ана тілінде сөйлесейік, ана тілінде жасылған, айтылған ата-бабаларымыздың асыл мұраларын аялап, ардақтайық, жаттап ап айтып журейік, өмірімізге үлгі тұтайық. өзіміз де ана тілімізде өлең, жыр, әңгіме жазайық. Ерінбейк, сәтсіздіктен мойымайық.

Елінің, халқының адал ұл-қызы болам деген адам имандылыққа толы игі қасиеттерді қалыптастыратын әдептілікті, ізгілік пен ізеттілікке толы халықтың нұрлы, асыл сөздерін, тілдің жан тербетер құдіретін ана тілінде ұғып үйренеді. Яғни ғасырлар бойы жинақталған саф кұмістей тіл қазанасын, оның сөз байлығын адам жаны мен жадына мысқалдап енгізу анадан басталады. Ал ананың ақ сүтімен бойымызға қоса даритын тіл мұрасын бар байлығымен, көркемдік куатымен ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, сөз жасап, дамытушы, тілді мейлінше қастерлеуші халық - тіл анасы, тіл бұлағы. Сондықтан да халқымыз тілін басқаша емес, ана тілі деп атаған.

Ана тілінің маңызы мен қоғамдық қызметі аса зор. Біріншіден, от - қатынас құралы. әр халық өкілдері бір-бірінің ойын ең алдымен ана тілі арқылы түсінеді, бір-бірімен ана тілінде сөйлеседі. Сондықтан В. И. Ленин: «Тіл - адам қатынасының аса маңызды құралы», - деген. Екіншіден, әр адам ана тілінде оқып, білім алады, тәрбиеленеді, өнер үйренеді, халықтың тарихымен, әдетғұрпымен танысып, тұрмыс-тіршілігін танып біледі. Үшіншіден, ана тілі - халықтың рухани, мәдени байлығының, эконмикалық және тарихи дамуының құралы.

Қазақ тілі - қазақ халық үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім тілі, оқу-ағарту тілі, түрлі іс қағаздарының тілі.

Республикалың Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақ ССР-інің Тіл туралы заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілі /1989 жылдың қазан айы/.

Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Қазіргі қазақ тілі - кез келген әдебиетті басқа тілден аударуға, түрлі стильдерде сөйлеп, жазуға мүмкіндігі мол, кемелденген тіл. Оған дүние жүзі ойшылдарының, озық мәдениетінің үлгілері, мысалы, Пушкин, Лермонтов, Толстой, Некрасов, Гоголь, Шекспир, Гюго, Шиллер, Бальзак, т. б. шығармаларын өз тілімізде оқи алуымыз куә. Мұның барлығы қазақ тілігің жұмсалу аясының кеңдігін, қоғамдық қызметінің шарықтап өзкенін көрсетеді.

3. Қазақ тілінің туыстас тілдер ішінде алатын орны

Қазақ тілі түркі тілдері тобына енеді. Қазіргі кезде отызға жуық түркі тілі бар. Түркі тілінде сөйлейтін халықтардың көпшілігі бұрынғы ССРО-да, жеке-жеке республикаларда, Ресейдің құрмандағы республикаларда, автономияслы облыстарда тұрады. Олар: қазақ, әзірбайжан, қырғыз, өзбек, түркімен, чуваш, қарақалпақ, татар, башқұрт, якут, тува, хакас, алтай, құмық, қарашай-балқар, гагауз, түрік, ұйғыр, т. б. Түркі тілінде сөйлейтін халықтардың біразы Түркия, Иран, Ауғанистан, Қытай, Монғол Халық Республикасында, т. б. жерледе де тұрады.

Қазақ тілі - Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа туысқан республикаларда, сондай-ақ шетелдерде /Қытай, Ауғанистан, Монғолия, т. б. / де тұратын қазақтардың ана тілі.

Түркі тілдері өзара туыстас болғандықтан, олардың бір-бірімен жақындықтары, ортақ қасиеттері мол. Қазақ тіліне ең жақындары - ноғай, қарақалпақ, қарашай-балқар, қарғыз, татар, башқұрт, құмық тілдері. Түркі тілдерінің туыстастығы олардың лексикалық құрамынан, фонетикалық /дыбыстық/ жүйесінен, грамматикалық құрылысынан байқалады. Көптеген сөздер түркі тілдеріне ортақ болып келеді. Оны кестеден көруге болады.

Сондай-ақ сөздердің септелуінде, тәуелденуінде, көптелуінде, жіктелуінде де ұқсастықтар бар.

Түркі тілдерінің бір-бірінен айырмашылықтарын да білген жөн. Қазақ тіліне тән мына сияқты ерекшеліктерді байқауға болады:

  1. басқа түркі тілдерінен айырмашылықтарын да білген жөн. Қазақ тіліндеждыбысы айтылады: йаш-жас, йол-жол, йаз-жаз, йыл-жыл, йоқ-жоқ, т. б.
  2. басқа түркі тілдеріндегі ш дыбысы қазақ тіліндес, алчдыбысышдыбысына ауысады: аш-ас, таш-тас, ич-іш, куч-күш т. б.
  3. дыбыс үндестігінің ілгерінді ықпал зандылығы бойынша қазақ тіліндегі қосымшалардың қатаң, ұяң, үнді дыбыстардан басталатын бірнеше түрлері басқа түркі тілдерінде бола бермейді. Мысалы: қазақ тілінде сөзге ат-тар, қыз-дар, жас-тың, қыз-дың, бала-лар, бала-ның, көш-ткр, көш-тің, болып қосымша жалғанса, өзге түркі тілдерінде, негізінен, олар былай қолданылады: ат-лар, йаш-ниң, қыз-ниң, бала-лар, бала-ниң, көч-лер т. б.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдік қатынас
Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері
Тілдік қатынас негіздері
Тілдік қатынас туралы байланыс
Тілдік қатынас: «коммуникация» термині
Тіл қатынас жүйесі және аударма түрлері
Мәдениетаралық қарым - қатынас және көркем аударма
Тіл және мәдениет туралы
Тіл және қоғам туралы ақпарат
Адам аралық қатынастар жөнiнде түсiнiк
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz