Меншіктің құқықтық



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І МЕНШІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ . ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУ ТЕОРИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Меншік экономикалық категория ретінде. Меншіктің мәні, маңызы, қатынастары және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Меншік құқығының пайда болуы, нысаны, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..11



ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕКЕ МЕНШІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛДАУДАҒЫ ҚОЛДАНУЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕ ІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.1 Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

2.2 Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазақстандық үлгісі. Жеке меншіктің қалыптасу мәселесін талдаудағы қолданулардың ерекше істері және даму бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25




ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
Қазақстан Республикасының егемендік алып, нарықтық қатынасқа өтуіне байланысты нарықтық қатынастардың барлық түр-сипаттары қалыптасып, күннен күнге дамуының алғышарты жоспарланған мемлекеттік меншікті жеке немесе ұжымдық меншікке айналдыру қажеттігі болып табылады.
Меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.
Меншік – тарихи категория. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр. Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының түрлі сатыларындағы қандай да бір меншік типінің шеңберінде иемдену тәсілдерінің айрықшылықтары бар болатындықтан, түрлі иемдену нысандарын немесе меншік нысандарын ажыратады. Оларға:
1) жеке иемдену нысандары;
2) ұжымдық иемдену формалары;
3) қоғамдық иемдену нысандары жатады.
Осы аталғандардың ішінде меншікті иеленудің ұжымдық нысаны нарықтық экономикадағы қызмет етуші барлық ұйымдасқан серіктестіктер мен акционерлік қоғамдарға тән. Ал өз кезегінде бұл шаруашылық нысандары ұлттық экономика дамуының негізі болып табылады. Сондықтан осы шаруашылық нысандарының меншіктік формадағы қатынастарын, олардың нарықтық сипатта толық қызмет етуін қарастыру және меншік категориясының өзіне тоқталып өту осы тақырыптың негізгі мақсаттары болып табылады.
Менің курстық жұмыс тақырыптың өзектілігі еліміздің нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты барлық шаруашылықтар нысаны меншіктік қатынастарға өтіп, меншіктің түрлі нысандарының дамуына байланысты меншік түрлері мен олардың экономикалық құрылымын жан-жақты талдау болып табылады.
Осы тақырыпты орындау барысындағы негізгі мақсат, міндеттерімді келесідей топтастыруға болады:
• Меншікті экономикалық категория ретінде жан-жақты талдау, экономикалық мән-мағынасын ашу;
• Нарықтық экономикадағы меншік түрлері, меншік қатынастарының іске асу процесін атап өту;
• ҚР-ның егемендік алуына байланысты меншік қатынастарының нарнықтық экономика негізінде қайта құрылу барысын талдау және жекешелендіру саясатының іске асыру барысына тоқталу;
Қазақстан Республикасының егемендік алып, нарықтық қатынасқа өтуіне байланысты нарықтық қатынастардың барлық түр-сипаттары қалыптасып, күннен күнге дамуының алғышарты жоспарланған мемлекеттік меншікті жеке немесе ұжымдық меншікке айналдыру қажеттігі болып табылады.
Меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.
Меншік – тарихи категория. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр. Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының түрлі сатыларындағы қандай да бір меншік типінің шеңберінде иемдену тәсілдерінің айрықшылықтары бар болатындықтан, түрлі иемдену нысандарын немесе меншік нысандарын ажыратады. Оларға:
1) жеке иемдену нысандары;
2) ұжымдық иемдену формалары;
3) қоғамдық иемдену нысандары жатады.
Осы аталғандардың ішінде меншікті иеленудің ұжымдық нысаны нарықтық экономикадағы қызмет етуші барлық ұйымдасқан серіктестіктер мен акционерлік қоғамдарға тән. Ал өз кезегінде бұл шаруашылық нысандары ұлттық экономика дамуының негізі болып табылады. Сондықтан осы шаруашылық нысандарының меншіктік формадағы қатынастарын, олардың нарықтық сипатта толық қызмет етуін қарастыру және меншік категориясының өзіне тоқталып өту осы тақырыптың негізгі мақсаттары болып табылады.
Менің курстық жұмыс тақырыптың өзектілігі еліміздің нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты барлық шаруашылықтар нысаны меншіктік қатынастарға өтіп, меншіктің түрлі нысандарының дамуына байланысты меншік түрлері мен олардың экономикалық құрылымын жан-жақты талдау болып табылады.
Осы тақырыпты орындау барысындағы негізгі мақсат, міндеттерімді келесідей топтастыруға болады:
• Меншікті экономикалық категория ретінде жан-жақты талдау, экономикалық мән-мағынасын ашу;
• Нарықтық экономикадағы меншік түрлері, меншік қатынастарының іске асу процесін атап өту;
• ҚР-ның егемендік алуына байланысты меншік қатынастарының нарнықтық экономика негізінде қайта құрылу барысын талдау және жекешелендіру саясатының іске асыру барысына тоқталу;

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Меншіктің құқықтық – экономикалық қалыптасу
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1. Меншік экономикалық категория ретінде. Меншіктің мәні, маңызы,
қатынастары және түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 4
2. Меншік құқығының пайда болуы, нысаны,
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..11

ІІ. Қазақстандағы жеке меншіктің қалыптасу мәселесін талдаудағы
қолданулардың ерекше істері ... ... ... ... ... ... ... . ...23
2.1 Қазақстан Республикасында жеке меншіктің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .23

2.2 Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазақстандық үлгісі.
Жеке меншіктің қалыптасу мәселесін талдаудағы қолданулардың ерекше
істері және даму
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының егемендік алып, нарықтық қатынасқа өтуіне
байланысты нарықтық қатынастардың барлық түр-сипаттары қалыптасып, күннен
күнге дамуының алғышарты жоспарланған мемлекеттік меншікті жеке немесе
ұжымдық меншікке айналдыру қажеттігі болып табылады.
Меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде
алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың өндіріс құралдары мен
қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан,
олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес
формалары.
Меншік – тарихи категория. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік
қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи
типтері ажыратылып жүр. Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының түрлі
сатыларындағы қандай да бір меншік типінің шеңберінде иемдену тәсілдерінің
айрықшылықтары бар болатындықтан, түрлі иемдену нысандарын немесе меншік
нысандарын ажыратады. Оларға:
1) жеке иемдену нысандары;
2) ұжымдық иемдену формалары;
3) қоғамдық иемдену нысандары жатады.
Осы аталғандардың ішінде меншікті иеленудің ұжымдық нысаны нарықтық
экономикадағы қызмет етуші барлық ұйымдасқан серіктестіктер мен акционерлік
қоғамдарға тән. Ал өз кезегінде бұл шаруашылық нысандары ұлттық экономика
дамуының негізі болып табылады. Сондықтан осы шаруашылық нысандарының
меншіктік формадағы қатынастарын, олардың нарықтық сипатта толық қызмет
етуін қарастыру және меншік категориясының өзіне тоқталып өту осы
тақырыптың негізгі мақсаттары болып табылады.
Менің курстық жұмыс тақырыптың өзектілігі еліміздің нарықтық
қатынастарға өтуіне байланысты барлық шаруашылықтар нысаны меншіктік
қатынастарға өтіп, меншіктің түрлі нысандарының дамуына байланысты меншік
түрлері мен олардың экономикалық құрылымын жан-жақты талдау болып табылады.

Осы тақырыпты орындау барысындағы негізгі мақсат, міндеттерімді
келесідей топтастыруға болады:
• Меншікті экономикалық категория ретінде жан-жақты талдау,
экономикалық мән-мағынасын ашу;
• Нарықтық экономикадағы меншік түрлері, меншік қатынастарының іске асу
процесін атап өту;
• ҚР-ның егемендік алуына байланысты меншік қатынастарының нарнықтық
экономика негізінде қайта құрылу барысын талдау және жекешелендіру
саясатының іске асыру барысына тоқталу;
• Жеке меншік саласының бүгінгі таңдағы дамуын, шағын бизнес саласының
жеке меншіктегі орнын анықтау болып табылады.
І Меншіктің құқықтық – экономикалық қалыптасу теориясы

1. Меншік экономикалық категория ретінде. Меншіктің мәні, маңызы,
қатынастары және түрлері

Меншік – күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің
негізгі бөлігі болып табылады. Меншікті қатынастардың екі тәсілдемесін
ажырата білу керек.
Бірінші тәсілдеме меншікті нақты экономикалық категория ретінде
қарастырады. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс
нәтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар.
Екінші тәсілдеме меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін
сипаттау арқылы сипаттайды. Бүкіл қоғамдық құрылыстың өзегі болып табылатын
меншікті келесі 2-ші суреттен көре аламыз.

Сурет-1 – Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі меншіктің орны мен ролі

Меншіктің экономикалық мәні келесідей түсініктер арқылы сипатталады.
• Екі жұп категорияларының өзара байланысы: иемдену және жатсыну;
• Жекелену-қоғамдану сияқты жұп категориялардың өзара байланысы;
• Өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;
• Табыстарды үлестіру тәсілі;
• Субъектілік-объектілік талдау;
1. Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің
сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір
қауымдастың өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің
механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа
шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес
формалары.
Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың
тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің
өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету – қандай да бір
объектіні субъектінің өзіндік қызметіне айналдыруың мүмкін еместігін
білдіреді.
2. Оқшауландыру – деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды
өндіруге мамамндануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең
болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік
те соғұрлым күшті.
Қоғамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді. Бір
жағынан қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына жеке меншіктің
салдарынан кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде оқшауланған. Екінші
жағынан, еңбектің қоғамдық спатына байланысты, олардың бәрі біртұтас
қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған. Оқшауланған тауар өндірушілер
арасындағы экономикалық байланыстардың формасы – ақша айналымы арқылы
жүретін тауар айырбасы болып табылады.
3. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру
тәсілі құрайды. Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және
сатылы.
Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен
өндіріс процесінде, айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс
факторларының тікелей қосылу тәсілдері сипаттайды. Бұл жағдайда, бір адам
бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады - өндіріс құралдарын меншіктеуші
қызметі және материалдық игіліктерді тікелей өндіруші қызметі.
4.Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын меншіктеушілер мүддесі үшін жүзеге
асырылады.
5. Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік
ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс
құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интелект, жұмыс күші болып
табылады.
Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдіктермен сипатталады. Меншік
құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты
қалыптасатын билік ету құқықтарының санкцияланған тәртіп қатынастарының
жиынтығы.
Меншік құықтарының жүзеге асуы үшін меншік құқықтарының айрықшалануы
өте маңызды. Меншік құқықтарының айрықшалануы – бұл меншіктің объектісін,
субъектісін және меншік формасына өкілдіктерін анықтау. Жалпы экономикалық
теорияда меншіктің толық құқықтар шоғыры 11 элементтен тұрады.
• Иелік ету құқығы, яғни игіліктерге айрықша нақты бақылау жасау құқығы;
• Пайдалану құқығы, яғни игіліктердің пайдалы қасиеттерін өзі үшін
пайдалану құқығы;
• Басқару құқығы, яғни игіліктерді пайдалану кім және қалай қамтамасыз
ететінін шешу құқығы;
• Табысты алу құқығы, яғни игіліктерді пайдалану нәтижелеріне иелік ету
құқығы;
• Егемен құқығы, яғни игіліктерді шеттету, пайдалану, өзгерту немесе жою
құқығы;
• Қауіпсіздікке ие болу құқығы, яғни игіліктердің сыртқы орта тарапынан
келетін залалдан қорғану құқығы;
• Игіліктерді мұраға қалдыру құқығы;
• Игіліктерді шексіз пайдалану құқығы;
• Сыртқы ортаға зиян тигізетін тәсілмен пйдалануға тыйым салу;
• Өндіріп алу түріндегі жауапкершілік құқығы, яғни игілікті қарызды өтеу
үшін өндіріп алу мүмкіндігі;
• Қалдықты сипат құқығы, яғни бұзылған құқықтылықтардың қалпына
келтірілуін қамтамасыз ететін тәртіптер мен институттардың болу
құқығы.
Меншік қатынастары – материалдық және материалдық емес ресурстарға
қол жеткізуден шеттетулер жүйесі. Егер ресурстарға қол жеткізуден
шеттетулер жоқ болса, олар – ешкімдікі емес, ешкімге тиесілі емес, немесе
бәріне тиесілі, өйткені оларға еркін қол жеткізуге болады, ал бұлар – бір
нәрсе деп айтуға болады.
Меншік объектілері әрқашанда шектеулі болатын экономикалық ресурстар
болып табылады. Басқаларды ресурстарға еркін қол жеткізуден шеттету, оларға
иелену құқытарын айрықшалауды білдіреді.
Айрықшалаудың мәні мен мақсаты – ресурстарға меншік құқықтарын
олардан неғұрлым көп пайда табуға қабілетті, оларды жоғары бағалайтын
адамдардың алуына жағдай жасау.
Меншік – тарихи категория. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік
қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи
типтері ажыратылып жүр. Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының түрлі
сатыларындағы қандай да бір меншік типінің шеңберінде иемдену тәсілдерінің
айрықшылықтары бар болатындықтан, түрлі иемдену нысандарын немесе меншік
нысандарын ажыратады. Оларға:
4) жеке иемдену нысандары;
5) ұжымдық иемдену формалары;
6) қоғамдық иемдену нысандары жатады.
Қандай да бір тип аясында қандай бір түрлер болуы мүмкін. Осылайша:
1. Жеке меншік:
• Жеке;
• Жеке еңбектің;
• Жеке капталистік болып бөлінеді.
2. Ұжымдық меншік.
• Серіктестіктер;
• Кооперативтік;
• Акционерлік;
• Ортақ өндіріс болып табылады.
3. Қоғамдық меншік;
• Жалпы мемлекеттік;
• Муниципалдық болып бөлінеді.
Меншiктiк формасына сәйкес фирмлардың немесе кәсiпкерлiктiң үш түрiн
атап өтуге болады:

• Индивидуалдық немесе жеке кәсiпкерлiк;
• Серiктестiк немесе партнерлiк;
• Корпорация (акционерлiк қоғам).
Индивидуалдық кәсiпкерлiк деген бiр адам иелiк ететiн бизнес.
Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң иелiк етушiсi сонымен бiрге менеджер қызметiн
атқарады. Оның мүлiгi мен жауапкерлiгiнде шек болмайды. Индивидуалдық
кәсiпкерлiктiң басты кемшiлiгi – капиталының аз мөлшерде болуы.
Артықшылықтары: меншiк иесiсiнiң әрқайсысы барлық пайданы иемденедi,
өзгерiстердiң қандайын болмасын өзi жүргiзе алады. Индивидуалдық бизнесмен
заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейдi, корпорацияға
белгiленген салық төлемейдi. Бизнестiң аса кең тараған бұл формасы ұсақ
дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлiк iс-әрекеттерге тән
болады.
Серiктестiк ( партнерлiк) дегенiмiз екi және одан да көп адам иелiк
ететiн бизнестiң түрi. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын
ғана төлейдi және фирманың барлық қарыздарына шексiз жауапкершiлiк артады.
Артықшылығы: ұйымдастырылу жеңiл, қосымша қаражаттар және жаңа идеялар iске
тарту мүмкiндiгi болады. Кемшiлiктерi: шаруашылық дами түскенде қаржы
ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды iске тарту мүмкiндiгi
шектелген; фирма мүшелерiнiң барлығы бiрдей iс-әрекет мақсаттарын жетiле
түсiнбеуi.
Корпорация деп бiр заңды болып бiрлесiп, кәсiпкерлiк қызмет жасау үшiн
қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншiгiне құқықтар акцияларға
сәйкес бөлшектерге бөлiнедi. Сондықтан корпорацияның иелерi акция ұстаушы,
ал корпорацияның өзi – акционерлiк қоғам деп аталады. Корпорацияның
табыстарына корпорация салығы салынады.
Акционерлік қоғам деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту
мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал акция – үлесті
немесе меншікті куәләндыратын бағалы қағаз, акция акционерлік қоғам
шығаратын және олардың түрлері мен санаттарына қарай акционерлердің
дивидендтер алуға, қоғамды басқаруғақатысуға және қоғам таратылған жағдайда
оның қалған мүліктерінің бір бөлігін иемдену құқығын куәландыратын құжат.
Акционерлік қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық
мүлікпен жауапты болады. Акцонер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап
бермейді, тек өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне
байланысты зияндарға тәуекел етеді.
Экономикасы дамыған елдерде акционерлік қоғамдар корпорациялар деп
аталады. Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам үлгісінде құрылады.
Қоғамның фирмалық атауы, сондай-ақ үлгісіне қарай, ашық акционерлік қоғам
немесе жабық акционерлік қоғам деген сөздер немесе тиісінше ААҚ және
ЖАҚ аббревиатурасы болуға тиіс.
Жабық акционерлік қоғамдардың акциялары өзінің құрылтайшылары мен
алдын ала айқындалған адамдар тобының арасында орналастырылады. Жабық қоғам
акционерлерінің саны жүзден аспауға тиіс және ол өзі шығаратын акцияларды
жабық әдіспен ғана орналастыруға құқылы.
Жабық қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері салатын
акцияларды сатып алуға артықшылықты құқы бар. Жабық қоғамның өз акцияларын
сатқысы келетін акционері оларды қоғамның басқа акционерлеріне, ал олар бас
тартқан жағдайда қоғамның өзіне сатып алуға ұсыныуға міндетті. Сатылатын
акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығы акциялар сатуға ұсынылған
кезден бастап отыз күн бойы акционерлерде сақталады.
Қоғам және оның акционерлері сатып алудан бас тартқан немесе
белгіленген мерзімдер ішінде жауап алмаған жағдайда акционер акцияларды
қоғамға және оның қатысушыларына ұсынған бағадан төмен емес құны бойынша
үшінші тұлғаларға сатуға құқылы.
Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің
келісімінсіз иеліктен айыруға хақылы қоғам ашық акционерлік қоғам деп
аталады. Ашық қоғамның акциялары үш түрлі әдіспен, яғни жабық, жеке және
ашық орналастырылады. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді.
Шаруашылық практика меншік типтерінің, нысандырының және түрлерінің
мәнін ажыратуға құрылады. Бұнда меншік қатынастары шаруашылық қызметі
ұйымдастырудың қандай да бір нысандарының негізі болып табылады. Олардың
арасында диалектикалық байланыс бар. Бір жағынан, экономика құрылымы меншік
құрылымына әсер етеді, оның түрлерінің көптігін жүзеге асырады. Екінші
жағынан, шаруашылық жүргізу нысандары меншік объектәлерін пайдаланумен,
сондай-ақ өндірістің техникалық даму деңгейімен анықталады. Меншіктің бір
түрінің немесе нысанының негізінде шаруашылық жүргізудің түрлі нысандары
қалыптасуы мүмкін, ал бұл бәсекенің негізі болып табылады.
Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың
тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының
белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн
қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: “... рыноктың шаруашылық және
оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн
емес...”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тғыз
байланыста болады.
Бәсеке шаруашылық өмiрде басты рольде ойнайды. Ол экономикалық
еркiндiктi қамтамасыз етiп, рыноктағы субъектiлердiң қарым-қатынасын
тереңдету арқылы рыноктағы жағдайлар мен сұранысқа бейiмдi болып келедi.
Адам Смиттiң “көрiнбейтiн қол” мысалының негiзiнде бәсекелестiк теориясы
жатыр, яғни , әрбiр жеке адам немесе кәсiпкер ең бiрiншi өз пайдасын
ойлайды, сол пайдаға қол жеткiзу үшiн олар өз қызметтерiнiң бәсекелiк
қабiлетiн арттыруға ынталы болады. Бұл өз кезегiнде жаңа iзденiстердi,
инновациялық жаңалықтарды ашуға жол ашады.
Бәсеке экономикалық категория ретiнде объективтi және субъективтi
маңызда болады. Объективтi мағынада бәсеке рыноктағы ерекше жағдайларды
белгiлейдi, яғни жекелеген субъектiлер кәсiпкерлер жалпы рыноктағы
тауарлардың айналысына және оның бағасына жеке өзi әсер ете алмау сипатымен
көрiнедi. Бәсеке субъективтi тұрғыда бәсекелес шаруашылық субъектiлерi
арасындағы экономмкалық қатынастарды көрсетедi, яғни өндiрiс пен материалды
игiлiктердi айырбастау негiзiнде туындайды.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың
негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен
кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi
инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске
ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер
шығарудыңкөлемiн арттыруға ынталы болады.
Осы рыноктық қатынастардың бiздiң экономикада тез орын алуына жол ашу
үшiн рыноктық байланыстарды қамтамасыз ететiн жалпы шаруашылық шарттарға
жол ашумен байланысты:
• Меншiктiң алуан түрлi формаларына (жеке меншiкке кооперативтiк,
акционерлiк, мемлекеттiк меншiкке) жол ашу. Бұл шартқа бiрте-бiрте
қоғамның әлеуметтiк жағдайлары мен құрылымдық сипатын бұзбайтындай
етiп жайлап өту керек;
• Мемлекттiк реттеулердi сақтай отырып, өндiрiстi демократияландыру. Бұл
шартта есте болатын жағдай: рынок экономикасы өзiн-өзi толық тиiмдi
реттей алатын жүйе болып табылмайды. Рыноктық қатынастарда белгiлi
дәрежеде реттеп отыруды қажет етедi.
• Рыноктың үш негiзгi элементiн бiрiктiретiн тауарлар мен қызметтер
рыногын, өндiрiс факторларының рыногын, қаржы рыногын бiрiктiретiн
рыноктық инфрақұрылымды жасау және оның қызметiн жақарту;
Меншiк қатынастары көптеген ғасырларды қамтиды. Оның өз даму тарихы бар.
Онымен адамдардың өте қуатты экономикалық, кәсiпкерлiк әрекеттерi, мақсатты
қозғалыс жүйесi , тағы да басқа әртурлi экономикалық мүдделерi, шаруашылық
жүргiзу формалары мен тәсiлдерi байланысты. Дүниежузiлiк тәжiрибенiң
дәлелдiгi - меншiктiң аса маңыздылығы – жалпы адамзаттың маңызды байлығына
жатады.

Меншiк қатынастарының ерекшелiгi, ол бiр жағынан, өте қарапайым, ал
екiншi жағынан, өте күрделi де. Қарапайымдылығы – әр адам онымен күнделiктi
кездеседi және оны жиi сезiне отырып, ол туралы белгiлi – бiр деректер алып
отырады. Күрделiлiгi - оның тасасында тұрган адамдар арасындағы өзара
қарым-қатынастарды бейнелейтiн көп қырлы мазмұны. Бұл қарым-қатынастар –
әлеуметтiк-экономикалық жүйенiң эволюциясында анықтаушы рөл атқаратын
адамдардың меншiкке қатысты қарым-қатынастары.
Меншiк қатынастарының экономикалық мазмұнын, яғни меншiк субъектiсi мен
объектiсiн анықтай бiлу керек.
Меншiк субъектiсi – меншiк қатынастарынын белсендi жағы. Олар меншiк
объектiсiн иемденетiн, оған билiк ететiн және пайдаланатын адамдар. Ол аз
емес. Меншiк субъетiлерi: адам, тұлға – меншiктiң бастапқы субъектiсi
болып табылады. Ол ең алдымен өз дене қуатының қарым қабiлетiнiң , жұмыс
күшiнң қожасы. Меншiктiң бұл объектiлерi адамның жеке өзiне тәуелдi.
Сонымен қатар, адамдар өзiнен тыс басқа да заттарга ие бола алады.
Отбасы – бұл да меншiктiң көп тараған субъектiсi. Отбасы мүшелерi үй-
iшiнiң жиған мүлiк-жиhаздарының иесi.
Әлеуметтiк топтар – өз ерiктерiмен пiкiрлес болған топтардың өз
меншiктерi болады. Олардың мүдде-мақсаттары мен ынта-жiгерi бiр-бiрiмен
сәйкес келедi.
Кәсiпорындардың еңбек ұжымдары – бiр кәсiпорында жұмыс iстейтiндер көп
жағдайда бiр ғана ұжымдық иелер ролiн атқарады.
Территория халықтары – қандай да болсын, аймақта қоныстанған халық сол
ауқымды орналасқан кейбiр объектiлердiң иесi бола алады.
Ел халқы – жалпы халықтың дәулетi болып саналатын, елдiң ұлттық
байлығының белгiлi бiр бөлiктерiн иемденедi.
Басқару бөлiмдерi – кәсiпорындарының басқарушыларынан бастап, ел
үкiметiне дейiн меншiк иелерiнiң қызметiн атқарады. Олардың меншiктiң бiраз
объетiлерiн пайдалану, билеу туралы шешiм қабылдауға құқықтары мен
мүмкiндiктерi бар.
Меншiк қатынастары әр түрлi объектiлердi иемденуге байланысты
қалыптасады. Мұны потенциалды тұрғыдан алып қарағанда, тiптi жердегi құрлық
атаулы, әрбiден соң бүкiл әлемде меншiк объектiсi бола алады. Шын мәнiнде
адамдардың өзi, оның жеке өмiрi, қабiлеттiлiгi тек оның өзiне ғана
жатады.
Жер, жер учаскiлерi, жер кеңiстiктерi, пайдаланылатын жер – меншiктiң көп
тараған объектiлерi болып саналады. Оларды әр түрлi субъектiлер, құрылыс
жүргiзу, ғимараттар салу, коммуникациялық жүргiзу және әр түрлi өсiмдiктер,
дәндi-дақылдар егiп, мал өсiру мақсатымен – жайылым-шабындық ретiнде,
сонымен қатар, адамдарға, қоғамға қажеттi шикiзаттар алу үшiн де
пайдаланады.
Табиғат байлығы – меншiктiң тағы да бiр көпқырлы объектiсi болып
саналады. Ол: пайдалы қазбаларды, жер-су байлығы мен ондағы тағы да
көптеген пайдалы заттарды, ауа орталығын қамтиды.
Әлеуметтiк-мәдениет ғимаратарға – ең әуелi үй-құрылыс қорларымен қоса,
адамдардың өмiр тарихында қорлана берген байлық құрамындағы меншiктiң
күрделi объектiлерi жатады.
Негiзгi өндiрiстiк қорлар – өндiрiс процесiне тiкелей қатынасатын
өндiрiстiк ғимараттар, құрылыстар, құрал-саймандар мен әр түрлi жабдықтар,
машина, агрегаттар, приборлар ретiнде меншiк объектiлерiнiң едәуiр бөлiгiн
қамтиды.
Ақша, валюта және бағалы қағаздар. Бұлар да меншiк объектiсi. Олардың
басты ерекшелiктерi: материалды-заттық бағасында емес – құндылығында,
дәлiрек айтқанда, құннан көрiнiс алатын меншiктер екендiгiне байланысты.
Аса қымбат асыл заттар – алтын, күмiс, платина, алмас, бриллиант тағы да
басқалары. Бағалылық және заттық жағынан да меншiктiң бiртұтас объектiлерi
болып саналады.
Рухани-ойшылдык, ақпараттық ресурстар мен өнiмдер... Адамдардың ақыл-
ойының, ойлағыштық әрекетiнiн нәтижесi болғандықтан, меншiктiң ерекше
объектiлерi болып табылатыны анық. Бұлар интеллектуалды меншiктiң
объектiлерi – ғылымның, әдебиеттiң, көркемөнердiң, жобалардың және тағы
басқа табыстары.
Жұмыс күшi – адамдардың еңбек әрекетiне қабiлеттiлiгiнiң , еңбек
потенциалының көрiнiсi. Бұлар әр адамның өз меншiгiне жататын объектiлер.
Сонымен, меншiк қатынастары әртүрлi объектiлер бойынша қалыптасады.
Өндiргiш күштерiнiң дамуы барысында олардың құрамдары мен құрылымдары
кеңейiп, сапасы өзгередi. Жоғарыда қарастырылған меншiк объектiлерiнiң
iшiнде ортадан ойып орын алатын және осыған байланысты қоғамда әлеуметтiк
күрес пайда болатын айрықша объектiлерi де бар. Олар К. Маркстiң
методологиясы бойынша, өндiрiсi құрал-жабдықтары. Бiрақ соңғы жылдары тап
осы тұжырымдарға қатысты әртүрлi пiкiрлер айтылып жүр. Дәлiрек айтсақ,
өндiрiс құрал-жабдықтарының атқаратын айрықша қызметi – тарихи өтпелi
өндiрiс тәсiлдерiне тән деген кағида басым.
Қорыта айтқанда, қазiргi меншiк қатынастары қауырт күрделенiп барады.
Және оның құрамына көптеген жаңа субъектiлер мен сапасы жоғары объектiлер
енуде.

2. Меншік құқығының пайда болуы, нысаны, түрлері

Меншік құқығы болып субъектінің заң құжаттары арқылы танылған және
қорғалатын өзіне тиесілі бөлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған
билік ету құқығы табылады. Меншік құқығы заңды маңызы бар фактілер
негізінде пайда болады. Мысалы, сату – сатып алу, мұра, айырбастау шарты
кезінде т.б. Меншікке байланысты қатынастар түрлі субъектілер арасында
пайда болады және оның өзіне тән объектісі мен мазмұны болады. Меншік
құқығының субъектісі – жеке тұлға, мемлекеттік емес заңды тұлға, Қазақстан
Республикасы және оның әкімшілік-аудандық бөліністер.
Азаматтық құқықтық айналымнан алынып тасталмаған кез келген
материалдық игіліктер меншік құқығының объектісі болып табылады.
Кейбір объектілер тек арнайы рұқсат болғанда ғана меншік құқығында
болуы мүмкін. Мысалы, қару-жарақ, есірткі, қопарғыш-уландырғыш заттар.
Меншік құқығының мазмұнын меншік иесінің өз мүлкін иелену,
пайдалану және оған билік ету өкілеттігі, яғни құқығы құрайды.
Иелену құқығы болып заң жүзінде қамтамасыз етілген мүлікті іс
жүзінде иеленуді жүзеге асыру құқығы табылады.
Пайдалану құқығы болып мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алу,
одан пайда табудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндіктері табылады.
Билік ету құқығы болып мүліктің заң жүзіндегі тағдырын
белгілеудің заңмен қамтамасыз етуі.
Азаматтық Кодекстің 188 бабының 3 тармағына сәйкес, меншік иесі
өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер
жасауға, мүлікті басқа адам меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік
иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану, билік ету
жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, кепілге беруге және одан да басқа
әдістермен ауырпашылық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.

Меншік құқығының пайда болу негіздері – нәтижесінде меншік
құқығы туындайтын заңды маңызы бар фактілер. Олар: бастапқы, туынды.
Бастапқы негіз кезінде мүлікке меншік құқығы алғаш рет пайда болады,
яғни ол мүлік осыған дейін ешкімнің меншігінде болмаған, мұндай
негіздерге мүлікті алғаш рет жасау, иесіз заттың мемлекет меншігіне
өтуі, мүлікті пайдалану нәтижесінде жеміс пен өнім алу, олжа табу.
Туынды негіз кезінде меншік құқығы бір адамнан екінші адамға
ауысқан жағдайда пайда болады. Мысалы, біреудің меншігіндегі мүлікті екінші
адамныі сатып алуы немесе айырбастап алуы немесе сыйға алуы, мұраны
қабылдау нәтижесінде меншік құқығына ие болу, конфескациялау.
Меншік құқығының пайда болу уақытының маңызы бар, себебі
меншік иесі өзіне құқық пен бірге міндетті де қабылдайды. Мысалы,
Азаматтық Кодекстің 190 бабы.

Меншік құқығының жойылу негіздері. Мүлікті меншік иесінің
ықтиярсыз алып қоюға жол берілмейді. Ол Қазақстан Республикасы
Конституциясында меншікке қол сұқпау қағидасы болып бекітілген. Тек Заңда
көрсетілген негіздерге сәйкес айыруға болады. Бұл негіздер Азаматтық
Кодекстің 249 бабының 2 тармағында көрсетілген. Ерікті және еріксіз
негіздер болады. Ерікті негіз: меншік иесінің өз мүлкін басқа адамға беруі,
сатуы, айырбастауы, сыйлауы, мұраға қалдыруы, сондай-ақ өз меншігіндегі
мүліктен бас тартуы. Еріксіз негіз: меншік иесін еріксіз түрде меншік
құқығынан айыру үшін заңда көзделеген негіздер болуы керек және міндетті
түрде сот шешімі қажет. Сонымен бірге мүліктің меншік иесінің еркіне
тәуелсіз жағдайда жойылуы мүмкін. Мысалы, жеке меншік мүліктің тозып-қирауы
және жойылуға жатқызылуы, тосын оқиға салдарынан мүліктің жойылуы.
Меншік құқығынан айырудың еріксіз негіздеріне жатады:
1.реквизициялау
1. тәркілеу
2. ұлт меншігіне алу.
Реквизициялау – дүлей сипатта, тосын оқиғалар, жұқпалы аурулар
мен індеттер болған жағдайда жеке меншіктегі мүлікті қоғам мүддесі үшін
мемлекеттік өктем басқару органдарының шешімі бойынша заңда белгіленген
тәртіппен меншік иесіне мүліктің құнын төлеп, меншік құқығынан еріксіз
алып қою. ( Азаматтық Кодекстің 254бабы)
Тәркілеу – әкімшілік құқықбұзушылық және қылмыс үшін қолданылады.
Тәркілеу кезінде кінәлі адамның өз меншігіндегі мүліктің барлығын
немесе бір бөлігін және заңсыз иемденген мүлкін мемлекеттік меншікке
ықтиярсыз түрде тегін алынады.
Ұлт меншігіне алу ҚР арнайы қабылданған Заңы негізінде
жүргізіледі. Бұл негізде азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке
меншігіндегі мүлкі мемлекет мүлкіне айналады. Осының нәтижесінде меншік
иесіне келтірілген залалдарды ҚР толық көлемде өтеуі тиіс.
ҚР – да меншік құқығының 2 нысаны танылды: мемлекеттік
және жеке. Осы меншік нысандары Конституцияға сәйкес бірдей танылады,
қорғалады, құқықтық дәрежесі тең деп саналады. Жеке меншік құқықтың 2
түрі бар: азаматтардың жеке меншігі және мемлекеттік заңды тұлғалардың
жеке меншігі. Жеке меншікте заңмен тиым салынбаған кез келген
материалдық игіліктер болуы мүмкін.
Егер меншік кұқығының субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе
тиісті мемлекетгік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік
жөнінде болады. Ал субъект мемлекеттік емес занды тұлға немесе
азаматтар деп танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді. Сонымен,
меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер, заңды
тұлғалар мен азаматтар бола алады. Сонымен, мемлекеттік меншік
құқығының объектісі болып азаматтық айналымнан алынып тасталмаған кез
келген объект табылады. Мемлекеттік меншіктің екі түрі бар:
республикалық және коммуналдық.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып
екіге бөлінеді, Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң
құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп
берілген мүліктен тұрады. Республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта
қоры мен алмас қоры, тек қана мемлекеттік меншік обьектілері және
мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік
мүлік Қазақстан Республикасының қазынасын құрайды. Сонымсн қатар,
Республика қазынасының катарына жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар жатады.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң
құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларга бекітіліп берілген
мүліктен тұрады.
Жергілікті бюджст қаражаты және мемлекеттік заңды
тұлғаларға бекітіліп берілмеге өзге де коммуналдық мүлік
жергілікті қазынаны құрайды.
Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншікті басқару
жергілікті атқару орындарының қарауына жатады делінген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет билігі мен басқа
органдары өздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң
құжаттарында, ережелерде және өзге де кұжаттарда белгіленетін құзыреті
шегінде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттері
арқылы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді
алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады.
Мемлекет өзінің меншік құқығын өзі құрайтын мемлекеттік
кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құкығына
негіздеп жүзеге асыруы мүмкін. Шаруашылық жүргізу құқығы заттық кұқық
болғандықтан оны жүзеге асырушы мемлекеттік кәсіпорын меншік иесі
немесе уәкілдік берген мемлекеттік органның берген құзіретінің
көлемінде ғана иелену, пайлалану және билік ету құқығын жүзеге асыра
алады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүліктің меншік иесі мен
құжаттарын сәйкес кәсіпорын құру, оның қызметінің мәні мен мақсаттарын
белгілеу, оны қайта құру мен тарату мәселелерін шешеді, кәсіпорынға
тиесілі мүліктің өз мақсатында пайдаланылуы мен сақталуына бақылау
жасауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Заң күші бар
"Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" Жарлығына сәйкес аталған кәсіпорындар
үшін мемлекеттік тапсырысты орындау міндетті түрде бекітілген және
олардың мемлекеттік тапсырыс бойынша жасалған шарттардан бас тарту
мүмкіншіліктері жоқ.
Сонымсн қатар, қызметін шаруашылық жүргізу құқығына негіздеген
мемлекеттік кәсіпорынға меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген
мемлекеттік органның келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін
жасауға тыйым салынған: өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықты
және кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын өзге тұлғаларға сатуға және
беруге, айырбастауға, ұзақ мерзімді (3 жылдан астам) жалға беруге,
уақытша тегін пайдалануға беруге; филиалдар мен еншілес кәсіпорындар
құруға, жеке кәсіпорындармен бірге кәсіпорындар мен бірлескен
өндірістер құруға, оларға, өзінің өндірістік және ақша капиталын
салуға; жеке кәсіпкерлерге қарыз беріп, олар бойынша
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен процент ставкасын
төмен процентпен төлем алуға; басқа тұлғаның міндеттемелері бойынша
кепілдік және кепіл болушылық болуға.
Жедел басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен
қаржыландыратын мекеменің, меншік иесінен мүлік алған және өз
кызметінің мақсатына меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің
мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену,
пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын қазыналық
кәсіпорындардың заттың құқығы болып табылады. Жоғарыда көрсетілген
ережеге сәйкес жедел басқару құқығын иемденушілер мыналар болуы мүмкін;
қазыналық кәсіпорын және мекеме. Мекеме меншік нысанына байланысты
мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік емес мекеме болып бөлінеді.
Жедел басқару құқығы өзінің құқықтық жағдайына байланысты
шаруашылық жүргізу құқығынан төмендегі ерекшеліктерімен көзге түседі:
біріншіден, қазыналық кәсіпорын және мекеме әруақытта да меншік иесінің
тарапынан қаржыландырылады; екіншіден, қазыналық кәсіпорын да, мекеме
де өз жабдықтарын сметалық көлемінде жүзеге асыра алады; үшіншіден,
олар меншік иесінің тапсырмаларының көлемінде қызмет жасайды. Мекеме
басқару, әлеуметтік мәдени сипаттағы қызметті жүзеге асыру үшін
құрылып, бюджет тарапынан қаржыландырылатын болғандықтан оның
құкықтық құдіреті заң құжаттарында қатаң белгіленген. Қазақстан
Республикасы Президентінің Заң күші бар "Мемлекеттік кәсіпорындар"
туралы Жарлығының 3-ші тарауы қазыналық кәсіпорынның құқықтық жағдайын
реттеуге бағытталған.
Мемлекет меншігінің түрлерін белгілеу ҚР Үкіметінің шешімімен
жүзеге асырылады. Осы екі меншік құқығынан басқа да түрлері бар: ортақ
меншік құқығы. 2 немесе бірнеше тұлғаның ортақ меншік құқығы мүлікті
бірлесіп және өз қалауы бойынша иеленуі, пайдалануы және оған билік
етуі. Оған тән басты ерекшеліктер:
1) меншіктің бірнеше субъектілерінің меншік құқығында болуы;
2) ортақ меншіктің кейбір түрлері тек тікелей заңда көзделген жағдайларда
ғана пайда болады.
Ортақ меншіктің қатысушылары: азаматтар, заңды тұлғалар, ҚР және
оның әкімшілік-аумақтық бөліністері. Олардың саны заңмен
шектелмеген.Азаматтық айналымнан алынып тасталмаған кез келген зат
меншік құқығының объектісі бола алады.
Азаматтық құқықта ортақ меншікке қатысты нормалар жиынтығы Ортақ
меншік құқығы институттарын құрайды.
Ортақ меншікке қатысушылардың әрқайсысының үлес мөлшері
белгіленуі немесе белгіленбеуі мүмкін. Осыған байланысты меншіктің екі
түрі бар:
1) ортақ үлестік меншік
2) ортақ бірлескен меншік.
Заңмен немесе шартпен ортақ меншігіндегі үлес мөлшері
анықталмаған кезде үлестер тең деп саналады. Ортақ меншік иелерінің
әрқайсысының меншік құқығының үлестері айқындалған түрі ортақ үлестік
меншік болып табылады.
Ортақ үлестік меншік түрлі заңды маңызы бар фактілер негізінде
пайда болады. Мысалы, бірнеше тұлға бірлесіп сату – сатып алу шарты
бойынша қандай да бір мүлікті ортақ меншікке алғанда, бірлескен қызмет
туралы шартқа сәйкес табыс табуға, мүлікке қол жеткізуге, бірлесіп
әрекет жасағанда бірнеше адам мұраға бөлінбейтін мүлік қабылдағанда,
зат дайындағанда пайда болуы мүмкін.
Ортақ үлестік меншікке қатысушылардың ортақ мүліктегі үлестерінің
мөлшері, егер шартта өзгеше белгіленбесе, теңдей деп саналады.
Осыған сәйкес ортақ меншікке қатысушылардың барлығында
мүлікті
иелену, пайдалану, оған билік ету құқығы бірдей болады.
Кондоминиум ( латынша бірлесіп иелену) – меншіктің
айрықша нысаны. Жеке меншіктің ерекше түріне кондоминиум
меншігі де жатады. Кондоминиум ұжымдық меншік түрінде көріне тұрса да
("Тұрғын үй
қатынастары туралы" Заңының 33-бабы І-тармақ) біздің Азаматтық кодексте
ұжымдық меншік ұғымы жоқ екендігін ескерте кеткен жөн. Үй-жай меншік
иелерінің әрқайсысы өзіне бөлек (жеке-дара) меншік құқығы бойынша
тиесілі үй-жайды өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған
билік етуге құқылы.
Үйдің бөлек (өзіндік) меншікке жатпайтын бөліктері (кіре
беріс, баспалдақ, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс
не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, жер учаскесі, оның
ішінде көріктендіру элементтері және ортақтасып пайдаланатын басқа да
мүліктер) үй-жай меншігі иелеріне ортақ меншік құқығы бойынша тиесілі
болады.
Үй-жайдың әрбір меншік иесінің ортақ мүліктегі (ортақ
меншіктегі) үлесі оған тиесілі үй-жайға бөлек (өзіндік) меншікке
бөлінбейді. Үлестің мөлшері, егер меншік иелерінің келісімінде өзгеше
көзделмесе, бөлек (өзіндік) меншіктегі тұрғын үй-жайлардың немесе
тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының бүкіл үйдің жалпы алаңына
қатынасымен анықталады.
Мұндай үлесті заттай бөліп беруге болмайды,
Кондоминиумның әр алуан түрінің құқылық тәртібінің ерекшеліктері заң
кұжаттарымен айқындалады, ал "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңда
тұрғын үй коңдоминиумы жайында айтылған.
Азаматтық кодекстің 209-бабына сәйкес екі немесе бірнеше адамның
меншігіндегі мүлік оларға ортақ, меншік құқығымен тиесілі болады.
Ортақ бірлескен меншік құқығы – ортақ меншіктегі мүлік иелерінің
әрқайсысының меншік құқығы үлестерінің белгіленбеген түрі. Ол заңда
тікелей көзделген реттерде ғана пайда болады.
ҚР-да ортақ бірлескен меншігінің 3 түрі бар:
1) ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі
2) шаруа (фермерлік) қожалықтың ортақ бірлескен меншігі
3) жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік құқығы.
Ортақ бірлескен меншікке билік ету барлық қатысушылардың
келісімі бойынша жүзеге асырылады. Бірлескен меншікке қатысушылардың
біреуінің ортақ мүлікке билік ету жөнінде жасаған мәмілесі басқа
қатысушы талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Билік етуге байланысты жасалған мәміле жарамсыз деп танылады,
егер: 1) мәміле жасаған қатысушылардың қажетті өкілеттігі болмаса, 2)
екі тараптың мәміле жасаушыларының қажетті өкілеттігінің жоқ екенін
білсе. Заң талаптарына сәйкес мәміле нотариустың куәландыруын немесе
мемлекеттік тіркеуді керек ететін болса, мұндай мәміле жасау үшін
бірлескен мүлікке басқа қатысушының мімңле жасауға келісімі нотариалдық
тәртіппен расталуы тиіс. Бірлескен ортақ меншіктегі мүлікті бөлу және
одан үлесті бөліп шығару тек қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлік
құқығының үлесі алдын ала анықталған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Осы бөлуді жүзеге асыру кезінде, егер заңда немесе қатысушылардың
келісімінде өзгеше белгіленбесе, олардың үлестері тең деп танылады.
Егер осындай мүлікті бөлу кезінде дау туындаса, ол сот тәртібімен
қаралады.
Ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі.
Ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншік құқығы некеден ғана
туындайды. Заң талап еткен тәртіпке сай мемлекеттік органдарда
рәсімделген неке заңды деп танылады. Неке деп – ерлі-зайыптылардың
арасындаңы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасы
құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен, тараптардың ерікті және
толық келісімімен жасалатын ер адам мен әйел адамның тең құқықты одағын
айтамыз. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі, егер бұл
мүлік ерлі-зайыптылардың үлесті меншігі болатыны немесе олардың
әрқайсысына тиесілі екендігі шартта көзделмесе, олардың бірлескен
меншігі болып табылады.
Егер ерлі-зайыптылардың әрқайсысының некеге тұрғанға дейін
жинаған мүлкі немесе некеге тұрған кезде сыйға немесе мұраға алған
мүлкі болса, бұл мүліктер олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік қатынастарының даму заңдылықтары
Ортақ меншіктің түрлері
Ортақ меншік ұғымы мен түрлері
МЕНШІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖЕКЕ
Жеке меншік
МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚОРҒАЛУЫ
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері
Меншіктің қазіргі формалары
Меншік түрінің эволюциясы
Меншіктің мәні және экономикалық мазмұны, оның тарихи нысандары
Пәндер