Ұлы Жібек жолының тарихына шолу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

I. Ұлы Жібек жолының тарихына шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

I.1. Жiбек жолының қалыптасуы мен Жiбек маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... 7

I.2. Ұлы Жiбек жолы туралы тарихи деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

II. Ұлы Жібек жолының Қазақстанның туризмін дамытудағы рөлі ... ..10

I I.1. Ұлы Жiбек жолы бойындағы қала мәдениетiнiң қалыптасуы ... ... ... .13

2.2. Қазақстан аумағындағы ежелгi қалалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

2.3. Ұлы Жiбек жолының Қазақстанда жандануы ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Қосымша беттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Халықаралық туризмтануда туризмді əлеуметтік феномен деп атайды. Əлеуметтік дегеніміз — қоғам өміріне қатысты деген сөз. Ал феномен ұғымының екі мағынасы бар: 1)философиялық түсінік — «құбылыс» сөзінің синонимі, яғни бізге сезімдік танымның тəжірибесі арқылы берілетін нəрсе; 2)ерекше, сирек құбылыс немесе ерекше факт, адам. «Туризм» сөзінің түбірі — француз тілінің «тур», яғни «серуен», «сапар шегу» деген мағыналар беретін сөзі. Қазіргі халықаралық туризмде «тур» сөзі алдын ала жоспарланған маршруты, мерзімі, көрсететін қызметтерінің тізбесі бар туристік саяхат деген мағынаны білдіреді. Халықаралық туризмде табыс табудан басқа кез келген мақсатта уақытша, ерікті түрғьш орнын ауыстырушы адамдардың барлығын туриске санау əдеті қалыптасқан. 1974 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) елдің тұрғын орнын жəне жұмысын ауыстырғандардан басқа демалу, ғылыми, іскерлік жəне мəдени шарада кездесу мақсатында орын, тұрақ ауыстыруларының барлығын туризм деп есептеу керек деген шешім қабылдады.
Туристік іс-əрекет ішкі туризм жəне халықаралық туризм болып екіге бөлінеді. Ішкі туризм деп адамдардың өзі тұратын елдің аумағында саяхаттауын, халықаралық туризм деп белгілі бір елге келу, елден кету туризмін атайды. Елден кетіп саяхаттау туризмі өзі тұрақты орнынан басқа елге бару, ал елге келіп саяхаттау туризмі бұл елде тұрақты қоныстанбаған адамдардың қыдыруы.
Халықаралық туристер деп өз елінен басқа елдерге саяхаттайтын, бүкіл əлемдік сауда ұйымының статистикасына тіркелген азаматтарды атайды. Мəселен, 2000 жылы əлемде 528, 41 млн., 2005 жылы 697, 6 млн. адам халықаралық турист болған. Болжаулар бойынша, 2010 жылы олардың саны шамамен 937 млн. адамға жетпек. Халықаралық туризм - бұл өте күрделі және сирек кездесетін құбылыс. Бәрімізге белгілі, мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстары айырбастың әртүрлі формалары арқылы іске асады: аманат кассасындағы ақша, шетелдік салымдар, халықтардың көшіп қонуы, мәдениет төңірегіндегі айырбас, сауда қызмет көрсету және тағы басқа.
Қандай ел болмасын оның ең күрделі экономикалық айырбас, жеке алғанда, нәтижесі валютамен түсетін сыртқы сауда. Халықаралық сауда секілді халықаралық туризм экономистерді ішкі туризмнен бұрын қызықтыра бастады. Олар, туристік қозғалыс төлем балансына тауар байланысы секілді әсер етеді деген қорытындыға келеді. Сондықтан да, халықаралық туризмді сыртқы сауданың арнайы бір түрі болады. Халықаралық туризм халықаралық қатынастардың бір түрі ретінде шетел туристтеріне кең көлемде мәдени және рухани қажеттіліктерін өтеуге бағытталған туристік қызметтер көрсетеді. Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі болғанымен, бірқатар өзіндік ерекшеліктері де болады. Халықаралық туризмде турист өз елінен шығып, басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады(паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен басты айырмашылығы.
1. Аманжолов К.Р. «Түркі халықтарының тарихы» Алматы. «Білім» 2002ж. 166 бет.
2. Ғ. Байпақов, А. Нұржанов. Ұлы Жібек Жолы және ортағасырлық Қазақстан.Алматы. 1992 ж. 16 бет
3. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 292 б.
4. Байпақов К. Қазақстанның ежелгі қалалары. – Алматы: Аруна Ltd, 2005.
5. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Атамұра, 2003ж. Б. 65-68б.
6. 2009 жылдың 21 қазанындағы «Казахстанская правда» газеті
7. Б.Әбілдаұлы Талас-Тараз. Алматы, Санат, 1998, 200 б.
8. Ә.Марғұлан. Таңбалы жас жазу «Қазақ тарихынан» Жалын. Алматы, 1997, 209 б.
9. kaz.newsfactory.kz
10. www.mtk.gov.kz/
11. http://www.google.kz/searchhl=kk&ei;
12. http://www.kazinform.kz/kaz/article/

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .2

I. Ұлы Жібек жолының тарихына шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

I.1. Жiбек жолының қалыптасуы мен Жiбек маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... 7

I.2. Ұлы Жiбек жолы туралы тарихи деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

II. Ұлы Жібек жолының Қазақстанның туризмін дамытудағы рөлі ... ..10

I I.1. Ұлы Жiбек жолы бойындағы қала мәдениетiнiң қалыптасуы ... ... ... .13

2.2. Қазақстан аумағындағы ежелгi қалалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

2.3. Ұлы Жiбек жолының Қазақстанда жандануы ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 25

Қосымша беттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Кіріспе

Халықаралық туризмтануда туризмді əлеуметтік феномен деп атайды. Əлеуметтік дегеніміз — қоғам өміріне қатысты деген сөз. Ал феномен ұғымының екі мағынасы бар: 1)философиялық түсінік — құбылыс сөзінің синонимі, яғни бізге сезімдік танымның тəжірибесі арқылы берілетін нəрсе; 2)ерекше, сирек құбылыс немесе ерекше факт, адам. Туризм сөзінің түбірі — француз тілінің тур, яғни серуен, сапар шегу деген мағыналар беретін сөзі. Қазіргі халықаралық туризмде тур сөзі алдын ала жоспарланған маршруты, мерзімі, көрсететін қызметтерінің тізбесі бар туристік саяхат деген мағынаны білдіреді. Халықаралық туризмде табыс табудан басқа кез келген мақсатта уақытша, ерікті түрғьш орнын ауыстырушы адамдардың барлығын туриске санау əдеті қалыптасқан. 1974 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) елдің тұрғын орнын жəне жұмысын ауыстырғандардан басқа демалу, ғылыми, іскерлік жəне мəдени шарада кездесу мақсатында орын, тұрақ ауыстыруларының барлығын туризм деп есептеу керек деген шешім қабылдады.
Туристік іс-əрекет ішкі туризм жəне халықаралық туризм болып екіге бөлінеді. Ішкі туризм деп адамдардың өзі тұратын елдің аумағында саяхаттауын, халықаралық туризм деп белгілі бір елге келу, елден кету туризмін атайды. Елден кетіп саяхаттау туризмі өзі тұрақты орнынан басқа елге бару, ал елге келіп саяхаттау туризмі бұл елде тұрақты қоныстанбаған адамдардың қыдыруы.
Халықаралық туристер деп өз елінен басқа елдерге саяхаттайтын, бүкіл əлемдік сауда ұйымының статистикасына тіркелген азаматтарды атайды. Мəселен, 2000 жылы əлемде 528, 41 млн., 2005 жылы 697, 6 млн. адам халықаралық турист болған. Болжаулар бойынша, 2010 жылы олардың саны шамамен 937 млн. адамға жетпек. Халықаралық туризм - бұл өте күрделі және сирек кездесетін құбылыс. Бәрімізге белгілі, мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстары айырбастың әртүрлі формалары арқылы іске асады: аманат кассасындағы ақша, шетелдік салымдар, халықтардың көшіп қонуы, мәдениет төңірегіндегі айырбас, сауда қызмет көрсету және тағы басқа.
Қандай ел болмасын оның ең күрделі экономикалық айырбас, жеке алғанда, нәтижесі валютамен түсетін сыртқы сауда. Халықаралық сауда секілді халықаралық туризм экономистерді ішкі туризмнен бұрын қызықтыра бастады. Олар, туристік қозғалыс төлем балансына тауар байланысы секілді әсер етеді деген қорытындыға келеді. Сондықтан да, халықаралық туризмді сыртқы сауданың арнайы бір түрі болады. Халықаралық туризм халықаралық қатынастардың бір түрі ретінде шетел туристтеріне кең көлемде мәдени және рухани қажеттіліктерін өтеуге бағытталған туристік қызметтер көрсетеді. Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі болғанымен, бірқатар өзіндік ерекшеліктері де болады. Халықаралық туризмде турист өз елінен шығып, басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады(паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен басты айырмашылығы.
Әлемдік нарықта сыртқы сауда айырбасына тікелей кірмейтін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатуға және сатып алуға болмайды. Бұл жерде тек тауарлар мен қызметтер ғана емес, сонымен қатар табиғи және әлеуметтік-экомикалық туристік-рекреациялық ресурстар да сатылады және сатып алынады. Бірақ дәстүрлі экспорттағыдай, бұл сату мен сатып алу территорияда айырылмайды. Басқа осындай айырмашылығы – тауар мен қызмет өндірісіне жұмсалған зат пен еңбек құралған жерінде іске асады. Бұл жерде тауарлардың тұтынушыға жылжуы емес, керісінше, тұтынушының тауар-қызмет өндірілетін жерге келуі орындалады. Бұл капиталдың айырбас шеңбер уақытын қысқартады және халықаралық туризмді басқа экспорттық статьялардан пайдалы ерекшеленетін бірнеше шарттарды құрайды. Біріншіден, сатып алушы (турист) көліктік шығындарды өзіне алады. Екіншіден, шетел туристерінің келген уақытында сувенирлер мен тауарларды сатып алуын сыртқы сауда операцияларының пайдалы түрі ретінде қарастыруға болады. Көптеген елдердегі әр түрлі салалар осы ішкі экспортқа жұмыс жасайды. Мысалы, Жапонияда шетел туристері елде шығарылатын радиотауарлар мен бейнеапаратуралардың, фотоаппарттардың, көп бөлігін сатып алады; Щвейцарияда – сағаттарды; Францияда – парфюмерия заттарын; Италияда – аяқ киімдер мен тері заттарын; Ұлыбританияда – арақ (виски) және т.б.
Кейбір жағдайда шетелдік туризмнің дамуы елдің экономиканың және әлеуметтік дамуын жылдамдатуға да жіберілуі мүмкін. Шаруашылық жүйесінде туризм еңбектің бөлінетінін көрсетеді, бұндайда басты рольді экономикасы жоғары елдер атқарады. Сыртқы сауданың басым бөлігі өнеркәсібі дамыған елдердің арасындағы тауар алмасуға кететін білеміз. Халықаралық туристік алмасуда да нақ солай болады. Әлемдегі негізгі туристік сапарлардың көбісі өндірісі дамыған елдер арасында жүреді, себебі оларда азаматтардың шетелге шығу мөлшері жоғары (АҚШ, Франция, Ұлыбритания). Сондай-ақ экономикасы орта деңгейде дамыған елдер (Греция, Португалия, Түркия) және дамушы елдер де (Тунис, Тайланд және т.б.) арасында жүреді, іске асырылады. Осыған байланысты Дүниежүзілік туристік ұйым келесі анықтаманы қабылдады: туристерді жеткізуші елдер және туристерді қабылдаушы елдер.
Туристік потенциалға, туристік қызметтегі сұраныс пен ұсынысқа кешенді баға беру арқылы туристік шаруашылықтың қазіргі тиімділігін анықтауға және дамуына ұзақ мерзімдік болжам жасауға болады. Сыртқы экономикалық іс-әрекеттің маңызды жағының бірі ретінде халықаралық туристік ағымдардың өсуі мемлекет арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейтуге әсерін тигізеді, материалдық байлықтар мен мәдени құндылықтарды құруда басқа ұлттардың тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді. Осының арқасында, сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі ретінде, халықаралық туризмнің маңызы үздіксіз өсе береді.
Халықаралық туризмнің дамуына жәрдемін тигізетін негізгі формаларды статистикалық және динамикалық деп екіге бөлуге болады. Оның біріншісіне жататындар: табиғи географиялық факторлар жиынтығы. Олардың өзгермейтін және келе бермейтін маңызы бар. Адам оны тек ғана өзінің керегіне ыңғайлап, пайдалануға қолайлы етеді. Екіншісіне жататындар: демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, материалдық-техникалық және саяси факторлар. Бұл факторлардың баңасы мен маңызы кеңістік пен уақыт аралығында өзгеріп тұруы мүмкін.
Халықаралық туризмнің өсуіне әлеуметтік-экономикалық факторлардың ерекше маңызы бар. Оның ішінде басты орын алатыны – ұлттық табыс. Ұлттық табыстың өсуі мен саяхаттардың көбеюінің өзара байланыстылығы әбден қисынды және түсінікті. Бірақ туристік саяхаттың көбеюі – адамның жақсы тұрмысына ғана тәуелді емес, сонымен қатар бос уақыттың ұзақтылығына да байланысты. Соңғы 15-20 жылда Еуропа елдерінің көбінде адамдардың бос уақыты едәуір ұзарды. Төленетін жылдық демалыстың ұзаруы қазіргі болып жатқан ғылыми-техникалық революцияға байланысты болып отыр, себебі онда ақыл ой еңбегі артады, өндіріске және тұрмысқа ынта қою күшейеді, қоршаған ортаның жағдайы нашарлайды. Міне, осының барлығы адамдарға психологиялық және физикалық қысым туғызады және олардың еңбек қабілеттілігін қалпына келтіруін қажет етеді. Белсенді туризм – туризм арқылы, бұл мақсаттар жылдам және тиімді орындалады.
Өткен дәуірлерде бос уақытты қоғамның жеке тұлғалары ғана пайдаланса, оның айырмашылығы – XX ғасырда әлеуметтік сферада нағыз төңкеріс болды, яғни ол жаппай халық үшін туризмге даңғыл жолы ашылды. Халықаралық туризмнің көтерілген шағы XX ғасырдың 30-жылдары болды, бұл кезде индустриалды дамыған елдер жалдаған жұмысшылардың еңбек жағдайын реттейтін заңдар қабылданды. Ол адамдарға демалысқа құқығын бекітті. Сонымен қатар басқару стратегиясының, жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің және т.с.с. негізінде туризмді дамыту жолдары туралы жүйелі көзқарастарды алуға мүмкіндік беретін бірқатар басқа да негізі бар теориялар, теориялық ережелер қарастырылатын болады.

I.1. Жiбек жолының қалыптасуы мен Жiбек маңызы

Б.д.д. зерттеушілер өз еңбектерінде Қытай туралы мəліметтер келтіріп, ол елге баратын жолдардың сипаттамасын берді. Кейіннен Ұлы жібек жолы аталған жолдың алғашқы бізге жеткен сипаттамасы осы. Ал бұл сипаттаманың қағазға түсуі — б.д.д. I ғасырдың аяғы. Птолемейдің өзі бұл сипаттаманы біздің заманымызға жетпеген Марк Тирскийдің шығармасынан жəне саудагерлердің ұрпағы Май Тицианның Евфрат өзенінің жағасындағы аралық қала Гиераполь арқылы Месопотамияны көктеп өтіп, одан əрі Мидиядағы Экбатанға, сонан соң Каспий теңізінің оңтүстігін орай жүріп, Парфияның астанасы Гекатомпилге, Маргияндық Анохияға, Бактрияға жəне Камед таулары арқылы (бұл Алай жəне Алайдан арғы қыраттар болуы мүмкін) Татим өзенінің бассейніне түскен. Ол жерден Қытай астанасына барған. Кейіннен Ұлы жібек жолы деп аталған жолдың классикалық көне сипаттамасы . Көптеген зерттеушілер ұлы жолға бұл атауды немісі ғалымы Ф. Рихтгофен өзінің Қытай деген кітабында 1877 жылы берген деген пікірді ұстанады. Дегенмен де атақты экономика тарихшысы А. М. Петровтың пікірінше, мұндай атау көне əлемде болған. Римдіктер жібекті серикум, ал өндірушілер мен сатушыларды сера, яғни жібек адамдар деп атайды. Келешек атаудың қайдан шыққаны туралы мəліметтер К. Птолемейде де бар, онда жол Жібек еліне апарады. Аллмиан Марцелиннің Тарихының 23-кітабында Сералармен қарым-қатынастағы үлкен сауда жолы деп көрсетіледі.
Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы деректер б.д.д. І ғасыр мен б.д. VIII ғасырларының арасында қытай хроникаларында осы атаумен кездесе бастайда, ал еуропалық әдебиетте оны 1877 жылы К. Рихтгофен Жібек жолы деген атаумен енгізеді. Картадан көрініп отырғандай,
Ұлы Жібек жолы, егер Қытайдан бастасақ, Чаньаннан басталып, Дуньхуанда үш тармаққа бөлініп кетеді. Солтүстік тармағы Хами, Турфан, Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы Іле өзені бойына жетеді; ортаңғы жол тармағы Лоуляннан Қарашарға, Ақсуға және Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына жетеді, оңтүстіктегі тармағы Дуньхуан, Хотан, Жаркент арқылы Бактрияға, Үнді мен Жерорта теңізіне жетіп, Оңтүстік жолы аталады. Солтүстік жолы Қашқардан Ферғанаға, ал одан әрі Самарқанд, Бұхара, Мерв арқылы Хамадан, Сирияға жетеді. Ұлы Жібек жолы Жаңа дәуірге дейін Шығыс пен Батысты түйістіріп түрған жол бас жолға айналды, мәдени ауысулар осы артерия бойынша өтті, онымен елшілер мен сауда керуендері, өнерпаздар мен діни ағымдар ағып жатты. Алайда Ұлы Жібек жолының маңыздылығы Батыс өркениеті дәуірлеп өсіп шыққанда толық өзгеріссіз қала алмады. Жүздеген жылдар бойында ол біртіңдеп тарылып кетті, отарлау саясаты басталды, теңіз жолы ашылды 2.
Бірақ бұл үрдістер кейін жүзеге асты, орта ғасырларда негізгі Ұлы Жібек жолы торабы Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан – Талас алқабы – Шу алқабы – Ыстықкөл қазаншұңқыры – Шығыс Түркістан арқылы тартылады. К. Байпақовтың дәлелдеуінше, бұл жолдың тармақталған бір бұтағы, дәлірек айтқанда жағалауын – Маңғыстауды – Арал жағалауын – Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп, жоғарыда аталған негізгі жолға келіп қосылды. Батыс түрік қағанаты Византиямен тағы бір жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий сауда-дипломатиялық одақ келісімін жасасқан кезде бұл жол олардың қарсыласы Сасанидтік Иранды айналып өтті. Дегенмен ІХ-ХІІ ғасырлада Орта Азия, Орта және Таяу Шығыс, Кіші Азия арқылы Сирияға, Египет пен Византияға баратын жолға қарағанда бұл жол тиімсіздеу пайдаланылды. Алайда, ол жол ХІІІ-ХІҮ ғасырларда қайта жанданды. Бұл құрлықтағы саяси жағдайларды дипломаттар (елшілер) мен ірі саудагерлердің (көпестердің) және басқа саяхатшылардың талап-талғамдары реттеп отырды.
Ұлы Жібек жолы туралы айтқанда оның Қазақстан жері үшін аса маңызды болғанын есте ұстау керек. Өйткені қалыптасқан таптауырын бойынша еуразиялық Дала аймағы варвар көшпелілерден басқа мәдени үрдістерді басынан өткізбеген. Бірақ шын мәнісінде, бұл жерде көшпелі түрік тайпалары мен отырықшы халықтар ежелден қалыптастырған төл мәдениет өркендеген болатын. Ұлы Жібек жолы мәдениетінен шығатын бір қорытынды аграрлық өркениеттегі қала мен оның маңайындағы жер өндеушілер мен бақташылардың арақатынасындағы көптүрліліктің жасампаздық сипатымен байланысты. Кезінде А. Тойнби атап өткендей, кез келген мәдени құрылымда шығармашыл немесе басқарушы элита, ішкі және сыртқы пролетариат бар. Ұлы Жібек жолы мәдениетінің элитасына отырықшы империялардағы билеуші топтармен қатар, Іле, Шу, Талас және Сырдария алқаптарында қала орталықтары, дихандардың алғашқы тектері орналасқан елді мекендердегі көшпелі-отырықшылардың тұлғалары да жатты. Солардың көпшілігі туралы деректер қазір Тянь-Шань тауы етегінен, Арыс өзені мен Сырдарияның орта және төменгі ағысындағы алқаптардан ашылып отыр. Бұл жерде Ислам Ренессансы өкілдерімен қатар, қолдары алтын зергерлер мен құмырашыларды, әскербасыларды, діни қайраткерлерді айтсақ та жеткілікті.
Ұлы Жібек жолы осы кезде жанданып, Орталық Азия қалаларындағы жоғары мәдениеттің өркендеуінде маңызды рөл атқарады. Ұлы Жібек жолы мәдениетінің бастапқы кезеңінде, І мыңжылдықтың алғашқы жартысында, Орталық Азияда оншақты қалалардың ғана аттары аталса, Тан империясы мен Ислам Ренессансы уақытында, ҮІІІ-ХІІ ғасырларда бұл өңірде болған саяхатшылар жүздеген мәдениет орталықтары туралы дерек береді, мысалы Сюань Цзян Жетісудың өзінде осындай ондаған қалалар бар екені жөнінде хабарлайды. Марко Поло, Ұлы Жібек жолы әрекет етіп тұрғанда Орталық Азияда болған сирек саяхатшының бірі, моңғолдар шапқыншылығынан кейін бұл жердегі қалалық мәдениет титықтатып, күйдіруге жеткізгенгенімен, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Ұлы Жібек жолынан керуен арылған жоқ дейді.
Әрине, Ұлы Жібек жолы дегенде барлық құнды бұйымдар тек Қытайдан келді деп ойламау керек. Мәдениеттануда сұхбат ұстынымен қатар мәдени инкультурация деген де бар. Бірақ бұл соңғысы үстем (донор мәдениет) пен қабылдаушы құрылымдардың арасында өтеді. Ұлы Жібек жолының ерекшелігі оның орталықтарының басымдық таныта алмауында болды. Оның үстіне ол кезде мәдени артерияны бақылаушы түркілерде жалғыз үстемдік етуші жүйе әлі қалыптаспады. Тек кейін бұл функцияны ислам атқара бастады 3.

I.2. Ұлы Жiбек жолы туралы тарихи деректер

Ұлы Жібек жолының қалыптасуына араб саяхатшылары мен исламды таратушылар үлкен үлес қосты. Мұсылмандар ортағасырларда әлем туралы еуропалықтардан анағұрлым көп білді. Ислам бойынша, саяхатшылар ғұламалармен теңестірілді және оларға қонақжайлылық таныту міндетті еді.
Өз өмірінің 30 жылын ғылымдарды үйренуге, 30 жылын саяхатқа және қалған 30 жылын шығармашылық пен толғауларға арнаған ақын Муслихиддин Саади Қашғардан Магрибке дейінгі бүкіл кеңістікті аралап шыққан. Ол: Көпес ең бақытты адам. Ол әрбір жаңа қалада жаңа өмір ләзаттарына батады. Киш аралы көпесі Саадиге былай деген: Мен Қытайға онда қымбат бағаланатын парсылық пемзаны апарамын, ал Қытайдан Румға фарфорды, румийлік жібекті -Үндіге, үнділік болатты – Алеппоға, Алепподан әйнекті – Йеменге, Йеменнен маталарды Парсыға жеткіземін
Ұлы Жібек жолы Еуразияның қан тамырлары тәрізді оның бүкіл бойын қамтып алған. 1965 жылы Самарқанның маңайындағы Афрасиабтан VІІ ғасыр өрнектері табылды. Патша сарайының ең төрінде үлкен әлем халықтарының көрмесі тәріздес панно орналасқан. Сурхандария аңғарындағы Чачаниан билеушісінің елшілігін бейнелеген суретте пілдің үстіндегі ханзада мен түйеге мінген сарбаздар, ұшып жүрген киелі ақ құстар көзге түседі. Сарайдың батыс қабырғасында шаштарын түйген түрік жауынгерлері мен қолдарына жібек маталарын ұстаған қытайлықтар назар аударады, Кореядан келген елшілердің бас киімдері құс қауырсындарымен безендірілген. Солтүстік қабырғада қытай ханшасы қайықта серуендеп жүр және жағалауда қабыланға аңшылық қыза түсуде. Әрине, осының бәрін бейнелеу үшін түкпір-түкпірдегі халықтардың өмірі және әдет-ғұрыптарымен жақсы таныс болуы керек. Бұл тек Ұлы Жібек жолы сияқты мәдени дәнекерлер арқылы жүзеге аса алады. ІІ Юстин императорлығы кезінде Соғдыдан түрік қағаны Дизибулдың атынан Константинопольге елшілік келді. Оны соғдылық бекзат Маниах басқарды және оның мақсаты Византияға қарай, көпестерге үлкен алым-салық салатын Иранға соқпайтын, жаңа керуен жолын ашу туралы келісімге келу болды. Византия императоры жауап ретінде Зимарх басқарған өз елшілігін Солтүстік Кавказ арқылы аттандырды. Осының нәтижесінде 500 жылғы үзілістен кейін Қытайдан Румға (Византия) дейін созылған Ұлы Жібек жолы әрекет ете бастады 1.
Ұлы Жiбек жолы - керуен жолдарының жүйесi, таяу шығыс және Еуропаның Қытайдан елге бастаушысы. Бұл кесiндiнiң едәуiр бөлiгi орта Азияның аумағы және Қазақстан бойынша жүгiрдi.
Жiбек жолы бұл саудалық магистраль бiздiң эрамызға дейiндi III ғасырда пайда болды және бiздiң жүз жылдығымыздың XVI ғасырына дейiн өмiр сүрдi. Бiраз талқандайтын соғыстар, қиратулар, Пожарищ, ашаршылық және iндет бойлай Жiбек жол орналасқан ежелгi саудалық қалаларды көрдi. Солардың бiрлерi мәңгiлiктерге тек қана атаусыз қираған орындар, басқа бiрнеше реттер нәсiлдерге қалдырып оттарда жалындады және бiттi батып кеттi, бiрақ күмбездердiң байлықпен, көкшiлi және кесенелер және мешiттердiң ашық өрнектi терракота әдiбiмен әлемдi таңдандыру үшiн қайта тудырды2.
Ғасырлар мен шаңды керуен жолдары бойынша жыл әр тiлдi базарлар, жүздiктердi шулады гауhар және жiбек, дәмдiлiктiң еуропалықтары және бояулар, алтын және күмiс, оңтүстiк ерекше құстар және аңдардың сатымдықтарын апарды. Ғана емес жазған жiбек жолдары, шығыс және мүлде ерекше мәдени дәстүрлерi бар батыс, имандармен, ғылыми және техникалық табыстармен екi әр түрлi өркениеттердi бұл жерде кездескен сауданың жол болуға болды.
Оңтүстiктегінiң батыста, солтүстiкте, парсымен және аравияны Едiлмен және сiбiрмен еуропалық әлеммен шығыста Қытаймен және Индия орналасқан орталық Азия, екi мыңжылдық дерлiк ұлы саудалық бекiтуiрек, дүниелiк өркениеттер және мәдениеттердiң қиылысуында тұрды. Көп тарих бiз үшiн сақтамады. Ғасырлардың шаңы ежелгi қалаларды енгiзiлдi, бiрақ археологтердi және қалпына келтiрушiлердiң ұқыпты қолдары Жетiсу және орта Азияның Грекияның ежелгi мәдениеттерiнiң сирек кездесетiн қазыналары бiз үшiн iздеп табып қалпына келтiруге iстей алды.
Оңтүстiктенiң батыста, солтүстiкте, Парсымен және Аравияны Едiлмен және Сiбiрмен еуропалық әлеммен шығыста Қытаймен және Индия орналасқан орталық Азия, екi мыңжылдық дерлiк ұлы саудалық бекiтуi керек, дүниелiк өркениеттер және мәдениеттердiң қиылысуында тұрды. Көп тарих бiз үшiн сақтамады. Ғасырлардың шаңы ежелгi қалаларды енгiзiлдi, бiрақ археологтердi және қалпына келтiрушiлердiң ұқыпты қолдары Жетiсу және орта Азияның Грекияның ежелгi мәдениеттерiнiң сирек кездесетiн қазыналары бiз үшiн iздеп тауып қалпына келтiруге тырысты. Осыған дейiнгілердi үлкен аумақ ғасырларының бұл кесiндi бойынша маймаңдаған ақ шомшыларын асықпай адымдарды еске түсiредi. Жолдың бұл бөлiктер архитектура, қала құрылысы және өнердiң тарихи ескерткiштерiн сирек кездесетiн кешенмен елестеткен.
Қалалар тағы басқаларды Отырар, Тараз (Испиджаб ), Сайрам (Яссы ), Түркiстан, Суяб, Баласагун сауда орталықтарымен ғана емес, ғылым және мәдениеттiң орталықтарымен сонымен бiрге болды. Ертеденi Тараз көпестердiң қалаларымен деп атады. Осы қалалар арқылы сауда өткен. Тар көшелер, жылғалар тура, көп дауысты базарға орталықтарға ағып кеттi.
Екi мыңжылдықтар дерлiк Ұлы Жiбек жолы жұмыс iстедi. Дәнеңе оның керуендерiнiң бiр қалыпты жүрiсiн тоқтата алмады. Әлем қанды соғыстар және талқандайтын iндеттердi солқылдатты. Табандатқан халықтар және мемлекеттердi көрiнiп қалып жоғалды 7.
II.1. Ұлы Жiбек жолы бойындағы қала мәдениетiнiң қалыптасуы

VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі 4.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі- Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. Испиджаб ірі қала, - деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы, Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар. VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес. Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі - Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан деп те аталған. ІХ ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-Ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер. VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде IX-X ғасырларға дейін сақталған.
Археология және архивтік материалдар бойынша
VII-VIII ғасырларда Отырардың билеушісі өзін теңдесі жоқ Отырарбенді патшасы деп атаған. Қала аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі – Кедер IX-X ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан ең өскен қала екен.
Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстианның елшісі Земарх Килликискийдің Батыс түрік қағанаты Дизабулға берген есебінде Тараздың да аты аталған. 680 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды. VII ғасырда Тараз Ұлы Жібек жолындағы ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылықтан қорғау кезінде түрік, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басын алып, ойранын шығарғаны жөнінде тарихи мағлұматтар бар.
X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші - Қарахан күмбезі.Қарахан күмбезі көне ескерткіш. Өкінішке орай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта тұрғызылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана 1.
Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында төменгі Барысхан, Хамукет, Жікіл, Адахкет, Ден, Нуджикет, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн, Барысхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатты.Бұлар көне қалалар мен қоныстар. Сондай-ақ Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан. XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Яссауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады. Сырдариядағы ірі қала - Сығанақ.Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қилысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Сунақ. X-XII ғасыр Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа бірқатар қалалар – Қарашоқы, Қарнақ, Ашынас, Баршылылықкент т.б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемі ұлғайып, сауда шаруашылық орталығы - шахристаннан рабадқа ауысқан.
Қазақстан жеріндегі халықтардың зкономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Визиантия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. VI-X ғасыр Халықаралық саудада Ұлы Жібек жолының зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан Газгирдке, одан Испиджабқа жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына беттеген.Исфиджаб пен Тараз арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар Жібек жолы Тараздан терістікке қимақтарға қарай Адахкет, Дех-Нуджикент қалаларын басып өтті.
Тараздан Жібек жолымен Төменгі Барысханға, Құланға, одан әрі Меркеге және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып, Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жетеді екен.
Исфиджаб қаласынан солтүстікке қарай шыққан керуен жолы Қаратаудың терістік бауырындағы Құмкент, Баба-ата, Созақ қалаларын, одан кейін Орталық Қазақстан далаларын басып өтіп, Кеңгір, Жезді, Нұра, сондай-ақ Ырғыз бен Ертіс аңғарларына, қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай беттейтін болған. Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар, жолда құдықтар мен су қоймалары орналасқан. Өзендерге көпірлер салынған. Қалаларда сауда орны, ірі базарлар болған. Орта Азиядан шыны, асыл заттар, көп қолданылатын өнер бұйымдары, жылқы малы т.б шығарылып, Қытайдан жібек, фарфор, керамика әкелінетін. Шеттен әкелінетін бұйымдар - меруерттен, лазуриттен, маржаннан жасалған немесе солармен әшекейленген заттар.
Қалалардың өсіп өркендеуі,сауданың дамуы,ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.
Егін шаруашылығы елдің Оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды. Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау бауырындағы жерлерде ғана шұғылданды.Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты.
IX-XII ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды. Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды.Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп,оның бір саласы Отырар қаласына келді, екінші саласы Құйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды. Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзкентті сумен қамтамасыз еткен. Талас жотасының тау бауырларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс, Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған. Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір,не шойын ұштары бар, жер жыртатын құралдармен өңделіп, егін ору темір орақпен жүргізілген. Дәнді ұнтақтау үшін тас дирмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім шаруашылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті. Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелең, Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас, Көксу, Лепсі өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су жолы арқылы қаланың айналасындағы бау-бақшалар суғарылып, гүлдеп тұрған.Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер кәсібімен де көп уақыт шұғылданды.
Феодалдық қатынастардың дамуы селолық қауымдардың натуральды шаруашылығының біртіндеп ыдырауына әкеп соқты.

II.2. Қазақстан аумағындағы ежелгi қалалар

Жібек жолы - әлем өркениеті тарихының маңызды жетістіктерінің бірі. Жолдары жан жаққа тараған керуен жолдары Еуропаны, Азияны қиып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін ежелгі және ортағасырда Батыспен Шығыс мәдениетінің арасында мағызды сауда желісі болды. Қазақстан және Орта Азия территориясы арқылы өтетін Ұлы Жібек жолының ең ұзаққа созылған жері. Қытайдан жібекті, Үндістаннан қоспалар мен тастарды, Ираннан күміс бұйымдарды, византиялық полотналар, түрік құлдары, афрасиабты керамика жіне басқа көптеген тауарлары Қаратау және Алтай, Тянь Шань және Памира өткелдерінен өтіп, Мерв және Хорезм оазистері, Сары Арқа даласы арқылы Қарақұм және Қызылқұм шөлдерінен өтетін.
  Қызылорда облысы Ұлы Жібек жолының тарихи орталығы болады, оның дәлелі 500 астам қазақ халқының мәдение және тарихи ескерткіштердің мекеннің дамуында ерекше орынға ие. Бұл қазақ халқының өкілдерінің сәулет, археологиялық ескерткіштері және кесенелері. Ежелгі жерде өмір сүреген Қорқыт баба, Әйтеке би және Жалантөс Бахадүр, Жанқожы, Бұхарбай, Тоғанас батырлары халықтың мақтанышы. Осы жерде туған Ғани Мұратбаев, Мұстафа Шоқайжәне белгілі жер өңдеуші Ибрай Жахаев – Отанның патриоттары,өз елінің батыр ұлдары. Олардың аттары өлкетану тарихна кіріп, үйлердің қабырғаларында қашалған. Тарихи қалалар Сауран және Сығанақ, археологиялық ескерткіштері және кесенелер Сунақ Ата, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоныстар арасындағы жолдар мен шоқпақ жолдар
ҰЛЫ Ж БЕК. I ЖОЛЫНЫҢ ТУРИСТ КI ПОТЕНЦИАЛЫ
Батыс Қытай Батыс Еуропа жол дәлізі Қазақстан үшін маңызы
Ұлы Жiбек Жолы жайлы
Маңғыстау облысы
Тараз қаласының физика-географиялық орналасуы
Карахан мемлекетінің рухани және материалдык мәдениеті
Ұлы Жібек жолының тәуелсіздік жылдарында тарихнамалық тұрғыда зерттелуі
Туризмнің тарихына қысқаша шолу
Түрік қағанатының саяси тарихы
Пәндер