Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлардың өзіндік ерекшеліктері
Жеке организмдердің дамуы (онтогенез)
Ғылымдар саласы
Қарапайымдылар немесе бірклеткалылар . Protozoa

Жануарлар басқа барлық тірі организмдер сияқты сыртқы ортамен байланыста. Кез келген жануарлар тобы тек сыртқы ортаның қолайлы жағдайында ғана көбейеді, тіршілік етеді. Тіршілік алғашқы рет суда пайда болды және органикалық дүниенің эволюциялык дамуы ұзақ жылдар бойы суда өтті (теңіз, тұщы суларда және т.б.). Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі дамудың белгілі бір сатысында күрделеніп, құрлықта тіршілік етуге бейімделіп тіршілік ете бастады. Жануарлардың тіршілік ортасы жағдайына қарай абиотикалық, немесе неорганикалық (температура, ылғал, жарық, ауа қысымы, суда, топырақта, ауада кездесетін әртүрлі заттар) және биотикалық, немесе органикалық (басқа организмдер) табиғат факторларына бөлінеді. Міне, осы жануар үшін қолайлы жағдайлардың жиынтығын тіршілік ортасы дейді. Жануарлардың тіршілік етуінде үнемі өзгеріп тұратын температура, ылғал, күн сәулесі т.б. құбылыстардың үлкен маңызы бар.
Абиотикалық факторлар организмге тікелей әсер етуімен қоса, жанама жолдармен де әсер етеді. Мысалы, күн сәулесі ауаны жылытады, содан кейін температура жоғарлап, организмге әсер етеді. Абиотикалық фактор қолайсыз болған жағдайда жануарлар анабиоз жағдайына көшеді. Кейбір жануарлар сыртқы қоршаған ортаның қолайсыз жағдайынан қысқы ұйқыға кетеді (суыр, борсық, қосаяқтар, аю т.б.).
Сыртқы қоршаған ортаның абиотикалық факторлары жануарлар дүниесіне, өсімдік әлеміне және адамзат баласына биологиялық белгі беріп тұрады. Тірі организмдердің маусымдык өзгеруі сыртқы ортаның биотикалық факторларына байланысты. Мысалы, күннің ұзаруы немесе қысқаруы жануарлардың түлеуіне әсер етеді.
Биотикалық немесе органикалық табиғат факторлары дегеніміз – бір жануарға екінші бір жануардың тигізетін ықпалы, мысалы, жануарлар бірін-бірі жейді (қасқыр қоянды, түлкі тышқандарды). Жыртқыш аңдар әлсіз ауру, жүгіре алмайтын жануарларды, ал бүркіт обамен ауырған суырларды ұстап жейді. Нәтижесінде табиғатта түрлердің сұрыпталуына, сол түрдің дамуына әсерін тигізеді. Табиғи сұрыптаудың нәтижесінде қиын да, құбылмалы табиғат жағдайында жануарлардың күрделі түрлері пайда бола бастайды.
Су жануарлары (теңіз және тұщы сулар) үш биологиялық топқа бөлінеді: бентос, планктон және нектон. Су түбінде тіршілік ететін жануарлар бентосты жануарларға жатады. Олардың түрлері өте көп.

Жануарлар басқа барлық тірі организмдер сияқты сыртқы ортамен
байланыста. Кез келген жануарлар тобы тек сыртқы ортаның қолайлы жағдайында
ғана көбейеді, тіршілік етеді. Тіршілік алғашқы рет суда пайда болды және
органикалық дүниенің эволюциялык дамуы ұзақ жылдар бойы суда өтті (теңіз,
тұщы суларда және т.б.). Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі дамудың белгілі
бір сатысында күрделеніп, құрлықта тіршілік етуге бейімделіп тіршілік ете
бастады. Жануарлардың тіршілік ортасы жағдайына қарай абиотикалық, немесе
неорганикалық (температура, ылғал, жарық, ауа қысымы, суда, топырақта,
ауада кездесетін әртүрлі заттар) және биотикалық, немесе органикалық (басқа
организмдер) табиғат факторларына бөлінеді. Міне, осы жануар үшін қолайлы
жағдайлардың жиынтығын тіршілік ортасы дейді. Жануарлардың тіршілік етуінде
үнемі өзгеріп тұратын температура, ылғал, күн сәулесі т.б. құбылыстардың
үлкен маңызы бар.
Абиотикалық факторлар организмге тікелей әсер етуімен қоса, жанама
жолдармен де әсер етеді. Мысалы, күн сәулесі ауаны жылытады, содан кейін
температура жоғарлап, организмге әсер етеді. Абиотикалық фактор қолайсыз
болған жағдайда жануарлар анабиоз жағдайына көшеді. Кейбір жануарлар сыртқы
қоршаған ортаның қолайсыз жағдайынан қысқы ұйқыға кетеді (суыр, борсық,
қосаяқтар, аю т.б.).
Сыртқы қоршаған ортаның абиотикалық факторлары жануарлар дүниесіне,
өсімдік әлеміне және адамзат баласына биологиялық белгі беріп тұрады. Тірі
организмдердің маусымдык өзгеруі сыртқы ортаның биотикалық факторларына
байланысты. Мысалы, күннің ұзаруы немесе қысқаруы жануарлардың түлеуіне
әсер етеді.
Биотикалық немесе органикалық табиғат факторлары дегеніміз – бір
жануарға екінші бір жануардың тигізетін ықпалы, мысалы, жануарлар бірін-
бірі жейді (қасқыр қоянды, түлкі тышқандарды). Жыртқыш аңдар әлсіз ауру,
жүгіре алмайтын жануарларды, ал бүркіт обамен ауырған суырларды ұстап
жейді. Нәтижесінде табиғатта түрлердің сұрыпталуына, сол түрдің дамуына
әсерін тигізеді. Табиғи сұрыптаудың нәтижесінде қиын да, құбылмалы табиғат
жағдайында жануарлардың күрделі түрлері пайда бола бастайды.
Су жануарлары (теңіз және тұщы сулар) үш биологиялық топқа бөлінеді:
бентос, планктон және нектон. Су түбінде тіршілік ететін жануарлар бентосты
жануарларға жатады. Олардың түрлері өте көп. Біреулері су түбіне бекініп
тіршілік етсе, екіншісі құмға кіріп кетеді, үшіншісі судың түбінде жүгіріп
жүреді, немесе жорғалап жүреді, төртінші біреулері су түбінде жүзіп жүреді
т.б. Олардың қорғаныс жабындылары, түсі, пішіні сол тіршілік еткен ортасына
байланысты болып келеді.
Планктонды жануарларға судың беткі қабатында тіршілік ететін
организмдер жатады. Олар судың ағысына карсы тұра алмай, өз бетімен жүзи
алмайды да әртүрлі тәсілмен өз бетінше жүзіп жүреді.
Нектондарға судың ағынына қарсы тұра алатын ұсақ шаян тәрізділер
балықтар, киттәрізділер т.б. жақсы жүзитін жануарлар жатады. Олардың
пішіні, дене құрылысы суда жүзуге бейімделген.
Бентос, планктон және нектондық жануарлардың арасында белгілі бір
байланыстар да бар. Көптеген жануарлар (құрттар, моллюскалар, т.б.) ересек
кездерінде судың түбінде тіршілік етеді, Демек бентостардың құрамына енеді,
ал олардың личинкалары судың беткі қабатында тіршілік етеді, демек
планктонның құрамына енеді.
Әр түрлерге жататын жануарлардың арасындағы қарым-қатынасы неше түрлі
болады. Қарым-қатынастың көп кездесетін кезі қорек үшін, мекен үшін ұдайы
бәсекелік, яғни тіршілік үшін тартыс, мұның нәтижесінде табиғаттың
факторларына бейімделмеген түрлер жойылады, бейімделген түрлер сақталып
қалады.
Бәсекелестіктің әртүрлі формаларымен қатар, бірлесіп тіршілік етудің
де формалары бар .
Симбиоз (гректің симбиозиз-бірге тұру деген сөзі) - екі түрлі
организмнің, бір-біріне пайда тигізіп, бірге тіршілік етуі. Мысалы, кезеген
су шаяны және шаянның үстінде отырған актиния. Актиния өзінің атылып
шығатын атылғыш клеткалары арқылы өзін де және шаянды да жаудан корғайды.
Ал кезеген су шаяны қозғалмай отыратын актинияны су түбінде алып жүріп,
актинияны қоректендіреді. Аралар мен гулдердің тіршілігі симбиоздық
тіршілік. Аралар гүлдердің шырынын қорек етумен қатар оларды ұрықтандырады.
Комменсализм (латынның комменсализ-ас бөлісу, ортақ болу деген сөзі) -
бірге күнелту. Белгілі бір организмнің екінші бір организмнің есесінен
тіршілік етуі , яғни иесіне зиян тигізбей одан қорғаныс табуы. Мысалы,
кәдімгі торғайлар жауларынан корғану үшін өздерінің ұяларын субүркіттің
үлкен ұясының астына, немесе жанына салады. Тарақан мен үй тышқандары
адамдармен бірге тұрып олардың тамағының қалдығын қорек етеді.
Паразитизм (гректің паразитоз-масыл, масыл болу деген сөзі) - бір
жануар (паразиті) екінші жануардың (иесінің) денесінің сыртында, не ішінде
тіршілік етуін, оның денесінің ұлпаларымен немесе сұйық заттарымен,
ішегінің ішіндегі заттарымен қоректенуін, нәтижесінде иесіне үлкен зиян
тигізетін, кейде ажалына да себеп болатын бірлесіп тіршілік ету әдісін
айтады. Кейбір паразиттер өзінің иесіне тек қоректену үшін, анда-санда
келіп тұрады (масалар), олар уақытша паразиттер деп аталады; басқа бір
түрлері өмірбойы иесінің денесінде болады, бүларды тұрақты паразиттер деп
атайды (жалпақ құрттар, жұмыр кұрттардың өкілдері т.б. ). Егер паразиттер
өзінің иесінің сыртқы денесінде (бүргелер, кенелер, биттер т.б.)
жануарлардың сыртында тіршілік етсе, олар сырткы-эктопаразит деп, ал
паразиттің мекені иесінің ішкі мүшелерінде болса (ішек, қан, бұлшық еттер
т.б.) онда оларды ішкі-эндопаразит деп атайды. Паразиттік тіршілік ететін
жануарлар бірден пайда болған жоқ, олар эволюцияның даму барысында
табиғатта өз бетінше еркін тіршілік ететін жануарлардан шыққан. Олар
дамудың барысында бірте-бірте екінші бір басқа жануардың есебінен тіршілік
етуге бейімделген. Паразиттердің тегі коменсалдар (жемтіктестер) мен
симбионттар екендігі ақиқат, олар осы тіршілік сатысынан біртіндеп, екінші
бір жануардың есебінен тіршілік етуге көшкен.
Паразиттік тіршілікке көшкен жануарлардың дене құрылысында және
дамуында көптеген өзгерістер болды. Даяр тамақпен қоректенуіне байланысты,
қозғалу мүшелері әсіресе нерв және ет жүйелері, ас қорыту жүйелері жойылып
та кеткен. Сонымен бірге паразиттік жануарларда иесінің мүшелеріне бекитін
мүшелер пайда болып, көбею мүшелері жақсы жетілген. Паразит жануарлар өте
көп көбейгенімен олардың жұмыртқаларының иесінің денесіне түсу мүмкіншілігі
шамалы, сондықтан көптеген паразиттердің жұмыртқалары мен личинкалары
сыртынан қатты қабықпен қоршалған күйінде сыртқы ортада ұзақ уақыт жатса да
тіршілік қабілетін сақтайды. Көпшілік паразит жануарлар өздерінің даму
кезеңдерінде иелерін ауыстырып отырады. Мысалы, бауыр сорғыш құрттың,
дамуында екі кезең бар. Ересек жынысты жетілген кезінде сүтқоректілер мен
адамдардың бауырында тіршілік етсе, личинка кезінде бауыраяқты моллюсканың
денесінде тіршілік етеді. Паразиттің ересек кезінде тіршілік ететін иесін
соңғы, немесе дефинитивті иесі дейді, ал жетілмеген личинка кезінде
тіршілік ететін иесін аралық иесі дейді. Сонда сүтқоректілер мен адам соңғы
иесі де моллюска аралық иесі. Паразиттердің дамуында иелерін алмастырып
отыруы, олардың кеңірек таралуына мүмкіндік береді.
Паразит жануарлар көпшілік жағдайда иелерінің қалыпты жағдайларын
бұзып, ауруға шалдықтырады. Паразиттердің иелерінің организмдеріне
тигізетін зиянды әрекеттері алуан түрлі. Солардың ішіндегі ең негізгілері
мынадай: І) паразит иесінің дайын тамағымен қоректеніп, оны әбден жүдетеді;
2) паразиттен зат алмасу кезінде бөлінген сұйықтық заттар иесінің денесін
уландырады; 3) паразит иесінің ұлпаларын және мүшелерін бұзып ауа жүретін
жолдарын бітейді; 4) паразиттер иесін әлсіретіп және мүшелерін бұзып
организмге басқа бір паразиттердің оңай кіруіне ықпалын жасайды. Әртүрлі
паразиттер неше түрлі ауруларды тудырады. Ол аурулардың аты, сол ауруды
туғызатын паразиттің атымен аталады. Мысалы, паразит - құрттарды
гельминттер, ал олар тудыратын ауруды гельминтоздар деп атайды. Паразит -
бауыр құрты фасциола туғызатын сүтқоректілердің ауруын фасциолез деп
атайды. Денесінде қандай болса да бір паразит тіршілік етпейтін жануар
болмайды. Паразитті жұқтырып алған адам мен жануарлар азады, жүдейді, кейде
өліпте кетеді. Паразиттермен күресу адамдардың денсаулығын сақтаудағы ең
маңызды шаралартдың бірі. Мал шаруашылығын өркендетуде де бүл күрестің
маңызы зор. Паразит жануарлармен күресу үшін олардың, аралық иелерін, соңғы
иелерінің ара қатынасын жақсы білген жағдайда ғана, адам өзін және үй
малдарын неше түрлі аурулардан сақтай алады. Академик К.И. Скрябин және
оның қазақстандық шәкірттері С.Н. Боев, Э.И.Прядко т.б. адам мен үй
малдарының гельминтоздарын емдеудің шараларын зерттеп тапты. Ол шаралар
республикамызда кеңінен қолданылып жүр. Паразит қүрттарды жұқтырмаудың
маңызды шарттарының бірі - тазалық, үқыптылық екендігі есте болуы керек.
Жануарлардың өзіндік ерекшеліктері
Сыртқы ортамен байланыста болу, онымен үздіксіз зат алмастыру - барлық
тірі организмдерге тән қасиет, зат алмастырусыз тіршілік жоқ. Әрбір
организм қоректенеді демек, айналадағы қоршаған ортадан қандайда болса бір
заттарды сіңіреді.
Әрбір организм сыртқы ортамен үнемі қарым-қатынаста болып, зат
алмасудың үздіксіз процесінің арқасында ғана өзінің тіршілігі мен бірлігін
сақтайды. Эволюцияның даму барысында жануарлар мен өсімдіктердің зат алмасу
процесінің сипатына қарай, олардың бір-бірінен айырмашылығы арта түсті.
Өсімдіктер - автотрофты организмдер, сондықтан олар қозғалмай бір жерде
тіршілік етуге бейімделген. Жануарлар - гетеретрофты организмдер. Демек,
олар тамақтарын іздеп жүріп тауып алады, осыған сәйкес жануарлар мен
өсімдіктердің арасындағы айырмашылықтар келіп шыққан.
Өсімдіктердің көпшілігі айналадағы ортадан қандайда болмасын
органикалық емес заттарды сіңіреді, сол органикалық емес заттардан өзінің
денесін құрайды. Жануарларда мүндай қабілет жоқ. Оларға дайын органикалық
заттар керек. Оны жануарлар өсімдіктерден алады. Сөйтіп, жануарлардың
қайсысы болсада өзіне керекті органикалық заттарды өсімдіктерден алады.
Өсімдік өзінің қорегін топырақ пен ауадан алады. Сондықтан оларға қорек
іздеп, қозғалудың қажеті жоқ, оларды қоректің өзі қоршап тұрады. Өсімдік
өзінің қорегін және тыныс алуын сыртқы беті арқылы сіңіреді. Сондықтан
өсімдіктің денесі күшті тармақталған.
Жануарлар әдетте қоректі заттарын денесінің сыртқы бетімен емес, оларды
жұтады да, содан кейін өз организмінің ішінде қорытады. Жануарлар қорек
табу үшін оны іздейді, ол үшін бір орыннан екінші орынға жылжиды. Сондықтан
жануарлардың денесі бірқатар тығыз жинақты келеді.
Нерв жүйесі. Жануарлар қорек іздеп бір жерден екінші жерге қозғалып
жүретіндіктен, белгілі бір тіршілік жағдайларына тап болады, кедергілерге
ұшырасады. Нәтижесінде көптеген тітіркендіргіштерді кабылдап, соларға жауап
береді. Сондықтан жоғарыда көрсетілген қызметтерді атқару үшін ең төменгі
сатыда тұрған көп клеткалы жануараларда нерв клеткалары мен сезім мүшелері
пайда болады. Жануарлардың мүшелерінің күрделенуіне және одан әрі
эволюциялануына байланысты нерв жүйелері күрделеніп, жануарлардың әртүрлі
тіршілік әрекетінің барысында оның ролі одан да зор артты.
Ең карапайым нерв жүйесін ішек қуыстылар типінің өкілі гидраның
эктодермасының астында әр жерде жеке-жеке жаткан нерв клеткаларынан
көреміз. Бұлар өздерінің тармақтары арқылы бір-біріне косылып тор құрайды.
Екі жақты симметриялы жануарларда ми сабақтары денені бойлай созылып
жатады, ал олардың алдыңғы жағында сезім мүшелері жетіле бастайды.
Атқаратын қызметіне қарай дененің басқа бөлімдеріне де нерв түйіндері,
немесе ганглиялар пайда бола бастады. Жануарлардың денесі метамерияға
(бунақтарға) бөлінгеннен бастап, нерв түйіндері де әрбір сегментке бөлініп
ми сабағы нерв тізбегіне айналады, бүлар бір-бірімен нерв талшықтарын
құраған - комиссуралар деп аталатын жіңішке нерв талдары арқылы жалғасады.
Нерв түйіндері бір-біріне жақындап қосылып кетеді. Мұндай нерв жүйесін
топтану дейді. Мысалы, нерв топтарын, буынаяқтылар типінің өкілдерінен,
бауыр нерв тізбегінің, денесінің төменгі жағында топтанғандығын көруге
болады. Жақсы дамыған нерв жүйесі орталық нерв жүйесінен (омыртқалы
жануарларда бас миы мен жұлын) және перифериялық нервтерден тұрады. Әртүрлі
тітіркендіргіштер (жарық -көзбен дыбыс - есту мүшесімен тағы сол сияқты)
сәйкес сезгіш мүшелермен қабылданады, және орталыққа баратын нервтер арқылы
орталық нерв жүйесіне барып одан жылжығыш нервтер арқылы барлық денеге
тарайды, сөйтіп организм сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне жауап береді.
Жануарлардың нерв жүйесі арқылы сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне жауап
беруін рефлекс деп атайды. Рефлекстер шартты және шартсыз болып бөлінеді.
Шартсыз рефлекстер - жануарларда (кез келген тітіркендіргіштерге жауап
беру) туа пайда болған рефлекстер. Мысалы, баланың емшек соруы, жұтуы,
түшкіруі т.б. Шартты рефлекстер жануарлардың тіршілік өмірінің барысында
пайда болады. Мысалы, адам үнемі итке тамақ беріп үйретсе, ол сол адамның
соңынан қалмайды, немесе сол кісіге қарай жүгіреді, керісінше, егер ол итті
ұрып, қорқытса ол адамнан қашады. Бір рет жануарларда пайда болған шартсыз
рефлекетер өмір бойы сақталып қалады, ал шартты рефлекстер қайталап
жаттығып отырмаса жойылады. Сондықтан жаттықтыру арқылы шартты рефлекстің
арқасында жануарларды жаңа жерлерге тез көндіктіруге болады.
Эндокрин жүйесі. Жеке мүшелердің жұмысына және жануарлардың барлық
мүшелеріне ішкі секреция бездері бөліп шығаратын ерекше химиялық заттар
–гормондар әсер етеді. Ішкі секреция бездерінің гормондары қанға шығады,
олардың сыртқа шығаратын өту жолдары болмайды. Әрбір бездер өздеріне тән
гормондар бөледі. Мысалы, ұйқы безінің бөлетін гормондарының бірі
углеводтардың зат алмасуын реттейді, гипофиздің гормондарының бірі жыныс
бездерінің қызметіне әсерін тигізеді т.б.
Қозғалу жүйесі. Жануарлардың өсімдіктерден негізгі айырмашылығы,
бұлшық еттер ұлпасының негізінде бірте-бірте арнайы қозғалу жүйесінің
жетілуі. Бұлшық ет ұлпасы салалы жөне көлденең салалы болады. Омыртқасыз
жануарлардың бәрінде тек салалы бұлшық ет қана болады. Омыртқалы
жануарларда жүрек еттерінен басқа, ішкі мүшелерінің еті салалы бұлшық еттен
тұрады. Салалы бұлшық ет ұлпасы пішіні әртүрлі бір ядродан тұрады, ал
көлденең салалы бұлшық еттері ұзын ұршық тәрізді көп ядролы жеке
клеткалардан тұрады. Қозғалу жүйесінің эволюциясы дененің жұмсақ мүшелеріне
тірек болатын, оларды сүйеп тұратын тірек мүшелерінің дамуына себебін
тигізеді (сүйек, буынаяқтар, жүзгіш қанаттар, құстың қанаттары т.б.).
Ас қорыту жүйесі. Жануарлар органикалық заттармен қоректенеді.
Қоректену дегеніміз сырттан қоректік заттар алу (белоктар, майлар,
углеводтар, витаминдер, су, минералды тұздар) және оларды қорытып сіңіру.
Сондықтан тамақты қабылдау және оны қорытуға арналған ерекше мүшелер
болады. Сырттан қабылданған бұл заттар ерекше фермернттердің әсерінен ас
қорытуға түседі, нәтижесінде белоктар аминоқышқылдарға, углеводтар -
қарапайым заттарға, майлар -глицеринге және май қышқылдарына ыдырайды.
Қарапайымдыларда, бірклеткалы жануарларда, оның ішінде ең карапайым
губкаларда ас қорыту ішектің қабырғаларындағы клеткаларда жүреді.
Ішекқуыстыларда ең қарапайым ас қорыту куысы болады. Бұл сыртқы ортамен бір
тесік арқылы байланысады, бұл тесік әрі ауыз тесігі, әрі қорытылмаған
қалдықтарды сыртқа шығару тесігі болады. Ішекқуыстылардың арасында (маржан
полиптері, гребневиктер) ас қорыту қуысы ішіне қарай өсіп, нәтижесінде
жұтқыншақ пайда болады.
Жалпақ құрттарда ішектерінің артқы тесіктері болмайды, ал таспа
құрттарда ас қорыту жүйесі түгел редукцияланған (жойылған). Жануарлардың
эволюциялық бағытта дамуына қарай, олардың ас қорыту жүйесі де жетіле
береді. Тамақты қамтып ұстау, оларды бөлшектеу, химиялық ыдырау, т.б.
күйлерге жеткізу
ас қорыту жүйесінің жетілуін қажет етеді.
Төменгі сатыдағы жануарларда қорытылмаған тамақ қалдықтары жалғыз
тесік аузынан шықса, жоғары сатыдағы көпклеткалыларда (арнайы) ауыз
тесігіне қарама қарсы орналасқан аналь тесігі арқылы сыртқа шығады.
Хордалыларда ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады, ауыз қуысында
сілекей бездері, бүдан әрі қарай жұтқыншақ, өңеш, қарын жатады. Ішектің бас
жағында ұйқы безі мен бауырдың салалары келіп құяды. Нәтижесінде күрделі
органикалық заттар ыдырап, қорытылады.
Тыныс алу жүйесі. Жануарлар дүниесінде анаэробты және аэробты тыныс
алып тіршілік ететіндері бар. Анаэробты организмдерге оттегі болмаса да
тіршілік ететін организмдер жатады. Оттегі ауадан алынбай, химиялық
қосылыстардың ыдырауы арқылы алынатын оттегі. Оған көптеген паразиттік
құрттар (жалпақ және жұмыр құрттар), бактериялар т.б. ішек паразиттері
жатады. Мұндай организмдерде ерекше тыныс алу мүшелері болмайды. Аэробты
организмдерге оттегі бос күйде болғанда ғана өмір сүретін жануарлар жатады.
Дегенмен суда еріген ауамен, не атмосферадағы ауамен тыныс алатын кейбір
жануарларда арнайы тыныс мүшелерінің болмауы ықтимал. Бұл жануарлардың
денесі кішкене болып, терісі жұқа болғандықтан, тері арқылы тыныс алады.
Буылтық құрттарда және одан жоғары сатыда тұрған жануарларда тыныс алу
мүшелері пайда бола бастайды.
Тыныс алу жануарлар дүниесінде ішкі қуыстың және терінің пайда болуымен
жеңілдене бастайды. Тері қабатында тарамдалған қан тамырлары пайда болған
жануарларда тыныс алу одан да жақсы жетілген. Жануарлардың денесінің
күрделенуімен және олардың тіршілік жағдайларының әртүрлілігіне қарай
терімен демалу немесе басқа қарапайым тыныс алу жеткіліксіз болады. Осыған
байланысты жоғары сатыдағы жануарларда арнайы тыныс мүшелері пайда болады:
суда тіршілік ететіндерде - желбезектер, құрлықта тіршілік ететіндерде
-трахеялар мен өкпелер.
Зәр шығару мүшесі. Жануарлар жоғары сатыдағы организмдер болғандықтан,
көп мөлшерде диссимиляцияның қалдық заттарын бөледі, осыған байланысты
оларда төменгі сатыдағы көпклеткалы омыртқасыз жануарларда арнайы зәр
шығару жүйелері пайда болады. Құрылысы жағынан жануарлардың зәр шығару
жүйесі әртүрлі, бірақ бәріде түтікке ұқсап келеді, оларды нефридий деп
атайды. Егер олардың қабырғасы қалың және түтікшелері ірі болып келсе, не
құрамына көп майда түтіктер кіретін болса, оларды бүйректер деп атайды.
Нефридиялардың бір ұшы жалпы зәр шығару жолына не тікелей сыртқа
ашылады (жауын қүртында), екінші ұшы дененің қуысына дәнекер ұлпаға кіріп
тұрады. Кейбір топтарда түтік тәрізді зәр шығару мүшелері сыртқа шықпай
ішек қуысына ашылады. Мысалы, насекомдардың мальпиги түтіктері артқы ішек
пен орта ішектің қосылған жерінен келіп артқы ішекке қүяды. Жұмыр
қүрттардың (аскарида) басқалардан айырмашылығы бұларда нефридия тәрізді зәр
шығару мүшелері болмайды. Мұнда ол қызметті жанама каналдар түзіп бір
клеткалы тері бездері және кезеген клетка амебоциттер мен ішек қабырғалары
атқарады.
Бүйректердің (моллюскаларда, хордалыларда) басты бір ерекшелігі –
олардың қан тамырларымен қамтамасыз етіп жабдықталуы. Соның нәтижесінде
диссимиляция заттарын бүйректер қаннан ұстап алып отырады. Зәр шығару
мүшелері жыныс мүшелерімен байланыс жасап, жыныс заттарын сыртқа шығаруға
қатысатын да кездері болады. Зәр шығару мүшелерінің жыныс мүшелерімен
үздіксіз тығыз байланыста болуы несеп - жыныс мүшелерінің пайда болуына
әкеп соғады (хордалыларда).
Көбеюі. Жануарлар дүниесінде негізінде жыныссыз және жынысты жолдармен
көбеюі белгілі. Жыныссыз көбеюдің үш жолы бар: аналықтың (ұрғашының) денесі
тең екіге қақ бөлінеді; жануарлар денесінен (ұрғашысының денесінен)
бүшіктеніп кішкене бөлігі бөлінеді; аналақтың денесі көп жас клеткаларға
бөлініп, жаңа жас клеткаларға айналады (споровиктер класында кездеседі).
Жынысты жолмен көбейгенде жаңа пайда болған ұрық ерекше -гамета деп
аталатын жыныс клеткаларынан дамиды. Бір клеткалы жануарларда
(организмдерде) жыныс клеткалары денесінің сол бір жалғыз клеткасынан, ал
көп клеткалыларда жыныс бездері (гонадалар) деп аталатын ерекше мүшелерде
түзіледі. Жетілген гаметалар күрделі өзгерістің нәтижесінде клетканың
ядросы мен цитоплазмасында дамиды. Жыныс клеткалары аталық (еркек), немесе
микрогаметалар (сперматозоидтар деп те атайды) және аналық (ұрғашы), немесе
макрогаметалар (жұмыртқа клеткалары деп те атайды). Кәдімгі сперматазоидтар
аналық жұмыртқа клеткалардан әлде қайда кіші қимылдағыш болып келеді.
Кәдімгі жұмыртқа клеткалар ұрықтың дамуына қажет қоректік заттармен
қамтамасыз етілген, пішіні дөңгелек, олар козғалмайды (немесе аз
қимылдайды). Аталығы мен аналығының жыныс клеткаларының арасындағы
айырмашылық, эволюцияның даму кезінде тіпті қарапайымдардың өзінде пайда
болған ерекшелік.
Жынысты көбею ұрықтанумен тығыз байланысты, демек микрогамета мен
макрогаметаның екі клетканың ядроларының бір ядро болып қосылуы екі
клетканың цитоплазмасының да бірге қосылуы ұрықтануға жатады. Ұрықтану деп
екі жыныс клеткасы - сперматозоид пен жұмыртқаның қосылып бірігіп кетуін
айтады. Қосылудың нәтижесінде пайда болған жаңа клетканы зигота дейді.
Зиготадан жаңа организм (жануар) дамиды. Сперматозоидтардың қозғалғыштығы
олардың аналық жұмыртқа клеткаларымен қосылуына мүмкіндік туғызады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz