Денсаулық - баға жетпес асыл дүние


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Денсаулық - баға жетпес асыл дүние

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҮ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз организмде аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік. Академик В. П. Казначеевтің жеке бас денсаулығы туралы анықтамасы бұдан да толығырақ: «денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы».

Денсаулық- физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.

Физикалық саулық дегеніміз адам организмінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда болуы.

Психикалық саулық- ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу «адам өмірінің мақсаты» болуын болжайды.

Әлеуметтік саулық- адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.

Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас. Қалып- дені сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты (стандарт) мақсат ететін үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың, алып көрсеткіштері пайдаланылады. Жасқа байлайысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады. Әрбір топта табылған орташа көрсеткішті қалып (норма) стандарт етіп алады, Бірақ та бір топқа кірген адамдардың көрсеткіштерінің бір-бірінен айырмашылығы әжептәуір болуы мүмкін. Өйткені, олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының т. б. айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштерді анықтағанда, айтылған айырмашылықтарды да еске алған жөн. Осыған орай «калып» деген ұғым «денсаулық» деген ұғым тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән көрсеткіштері болмақ.

Денсаулыққа залал келтіретін әсерлерге жалпы мәдениеттің төмендігі, денсаулықты сақтау, салауатты өмір сүрудің негізін құрайтын санитарлық-гигиена туралы мәліметтерді көпшіліктің жете білмеуі, гиподинамия (қимыл жеткіліксіздігі), дене салмағының қалыптан көп жоғарылауы, тиімсіз және жөнсіз тамақтану, қоршаған айналаның (ауаның, жердің, судың) көптеген химиялық заттармен ластануы, үйде және жұмыста күйзеліс (стресс) тудыратын жағдайлардың болуы, залалды әдеттерге әуесқойлық (арақ-шараптарға, шылым тарту, есірткі заттарды қолдану т. б. ) жатады. Ас тұзын, артық қолдану қан қысымының көтерілуінің бір себебі болуы мүмкін. Кардиология институты Ұйғыр ауданы тұрғындарының арасында гипертония ауруының жиі кездесетіні туралы мәліметтер келтіріп отыр.

Адам денсаулығы өте көп факторларға тәуелді, ішкі және сондай-ақ сыртқы себептермен бірге әркімнің өзінің және әлеуметтің, мемлекеттің денсаулығына деген кемел, ұтымды да, тиімді көзқарастарына байланысты.

Әркімнің байлығы, шынындада, неден, қалай жинақталатыны жөнінде казақ халқында бейнелі көркем анықтама бар:

«Бірінші байлық - денсаулық,

Екінші байлық - ақ жаулық,

Үшінші байлық - он саулық»

яғни айткднда, «бірінші байлық - денсаулык, екінші байлық - ана бастаған отбасы (шығыста күйеуге шыққан әйел тазалықтың, игілікті ойлардың және отбасы амандығының символы ретінде басына ақ орамал тартатын болған) ; үшінші байлық -үй шаруашылығындағы үлкен-кішінің негізгі тағамы дайындалатын сүт беретін сауын малдар.

Жер шары халықтарын әлеуметтік-гигиеналық тексеріске алу нәтижесінде жинақталған көп құжаттарды талдағаннан кейін ДДСҮ (дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымы) мынадай қорытындылар жасады: «Түрғындар денсаулығының қалпы 49-53% шамасында, өмір сүру салтына байланысты, бір сөзбен айтқанда, өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты, 17-20% шамадан тыс ортаға (айтқандайын, жыл санап бұл фактор әлемдік, экологиялық жағдайсыздықтардың асқынуынан кең етек алып келе жатыр), 18-22% түқым қуалайтын себептерге (генотип), жеке бас ерекшеліктері және т. б., сонымен тек 8- 10% денсаулық сақтау жүйелерінің қызмет жұмысына байланысты».

Сонымен, денсаулық көп факторларға: мәсіл-тұқым, әлеуметтік-экономикалық, табиғи орта жағдайлары, денсаулық жүйесінің даму деңгейі, әсіресе адамның өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты болады.

Адамзат баласы ұзақ жылдар бойы өзiнiң денесiн сауықтыру үшiн және ғұмырын ұзарту үшiн, өте күштi бальзамды пайдаланды, жастық шақты қайтаратын эликсирдi де iштi, скипидар қосылған және сүттен жасалған ванналарға да түстi. Новокаинды да денесiне ине (шприц) арқылы жiбердi, жануарлардың жыныс мүшелерiн қоздыратын бездерi де денелерiне таратты, дененiң сыртында (терiде) пайда болатын электр зарядтарын кетiру үшiн суға түсiп шомылған, магниттiк өрiстi да пайдаланған. Мұның бәрiн қазiргi заманның адамдары да паидаланып келедi. Бiрақ адамдардың денсаулықтары жақсарып, ғұмыры ұзарып кеткенi байқалмады. Аадамдардың денсаулығын жақсартып, ғұмырын ұзартатын бiр ғана фактор бар. Ол белсендi түрде жүргiзiлген физикалық жаттығулар. Физикалық жаттығулар мен ешқандай дәрiдәрмектердi салыстыруға болмайды. Дәрi-дәрмектердi iшудiң қажетi болмай қалады. Белсендi түрде қимыл жасаған адамдардың денсаулығы артып, ғумырыұзара түсетiнi ғылыми тұрғыдан да және практика жүзiнде де дәлелдендi.

Дене жаттығуларының әсерiнен бұлшық еттерде едәуiр өзгерiстер болады. Егер де бұлшық еттер ұзақ уақыт қимылсыз күйде тұратын болса, онда олар әлсiздене бастайды, балбырайды, көлемi кiшiрейе түседi. Дене жаттығулары, олардың көлемiн ұлғайтады, нығаюын ыңғайлайды. Сондай-ақ, бұлшық еттердiң өсуi, олардың талшықтар санының көбеюiнен, ұзаруынан емес, жуандауы әсерiнен өзгередi. Бұлшық еттердiң созылуы арта түседi. Тонусы күшейедi. Қан айналымы және бұлшық еттердiң микро-және макро элементтермен коректенуi күшейе түседi. Денсаулық күшейiп, ғумыр сүру артады. Мұның бәрi өмiр тәжiрибелерiнен алынған қағида.

Дене жаттығуларымен айналысқан шақта, көптеген қан жүретiн түтiкшелер (капиллярлар) кеңейiп, қан жақсы айналым жасайды. Капиллярдың саны мен сапасы артады. Өйткенi жаңадан капиллярлар түзiледi. Әсiресе мидың қан жүретiн капиллярлi кеңейiп, қан аиналымы күшейедi. Адамның миы өте қарқынды түрде ой қызметiн атқарады. Бас ауырмайды. Ұлы физиолог И. М. сеченов ми дамуы үрдiсiнде бұлшық ет қозғалысының маңызды екенiн талай рет көрсеткен болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЭМОЦИЯ
Үш байлық
Ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі дене қасиеттерін қалыптастыру
Қобдабай Қабдыразақұлы
ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ой пікірлер
Денсаулық және темекі шегу
Дене шынықтыру пәнінде ойнатылатын ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
Қазақстандағы аймақтық басылымдар
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы педагогика- психологиялық ой-пікірлер
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz