Сырттай iс жүргiзу тәртiбi


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кiрiспе

1. Сырттай iс жүргiзудiң түсiнiгi және негiздерi.

2. Сырттай шешімнің мазмұны және заңды күшi.

3. Сырттай iс жүргiзу тәртiбi.

4. Сырттай шешімге шағым жасау, сыртай шешiмнiң күшiн жойғансоң соттың iстi қарау тәртiбi.

5. Соттың өкiлеттiктерi және сырттай iс жүргiзудi қайта қарауға негiздер.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кiрiспе.

Сот сырттай іс жүргізу тәртібіне келетiн болсақ істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар берген дәлелдемелерді зерттейді, олардың дәлелдерін ескереді және сырттай шешім деп аталатын шешім шығарады. Сырттай iс жүргiзу кәдiмгi iс жүргiзу тәртiбiне қарағанда қысқартылған болып табылады. Үйткенi тараптардын ауызша түсiнiктемелерi және тараптар жарыс сөз ұйымдастырмайды.

Сырттай iс жүргiзу тәртiбi екi жағдайды қарастырады, яғни:

1. Отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда.

2. Егерде талап қоюшы бұған қарсы болмаса.

Сот жауапкердiң неге келмегенiң дәлелдеуi қажетi жоқ яғни, сот тек талапкердiң қарсы еместiгiн сұрайды да iстi ары қарай жалғастыруы мүмкiн. Тек қана iсті ары қарай жүргiзе беру үшiн жауапкердiң отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланғаны туралы мәлiметтерде жеткiлiктi болады.

Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады және ұйғарым көптеген жағдайларды кенесу бөлмесiне кетпей жасалады және протоколға тiркеледi. Шешiм қатысып отырған адамдарға оқылады, ал келмеген адамдарға шешiм 3 күннен кешiктiрiлмей жiберiлуi тиiс. Заңды күшiне енуi ортақ заңдылық бойынша енгедi. Жауапкер сырттай шешім шығарған сотқа өзі шешімнің көшірмесін алған кезден бастап 5 күн ішінде бұл шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқығы бар. Сырттай шешімге тараптар бұл шешімнің күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткен соң арыз берілген жағдайда 1-ші инстанциядағы сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған кезден бастап 15 күн ішінде апелляциялық тәртіппен шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін. Шешім заңды күшіне енгенде тараптар және іске қатысушы басқа да адамдар және олардың құқық мирасқорлары сотта бұрынғы негіздер бойынша бұрынғы талап қою талаптарымен қайтадан арыздана алмайды және сот анықтаған фактілер мен құқықтық қатынастарды басқа процесте даулай алмайды.

Талап қоюшы істің нысанасын немесе талаптың негіздемесін өзгерткен жағдайда сот істі соттың отырысында сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқығы жоқ, ал егер келген талапкер iстi жауапкерсiз қарауға қарсы болса онда сот iстi қарауды кейiнге қалдырады және жауапкерге жаңадан iстiң қарастырылатын орыны мен уақыты туралы хабарлайды яғни бұндай жағдайдың заңмен қарастырылуын талапкерге жауапкердiң неге келмегенi туралы бiр нәрсе белгiлi болуы мүмкiндiгiнде.

1. Сырттай iс жүргiзудiң түсiнiгi және негiздерi.

Сырттай iс жүргiзу - ол азаматтық iстiн жауапкердiң қатысуынсыз шешiлу тәртiбi. Сыртай iс жүргiзу жауапкерге iстiң жүретiн орыны мен уақыты хабарланса және талапкер қарсы болмаса ғана жүргiзiледi. 1

Сырттай iс жүргiзу кәдiмгi iс жүргiзу тәртiбiне қарағанда қысқартылған болып табылады. Үйткенi тараптардын ауызша түсiнiктемелерi және тараптар жарыс сөз ұйымдастырмайды. Сырттай iс жүргiзу тәртiбi тек 1864 жылдан бастап жүргізілген. Ал бұрынғы совет үкіметіне кіргізілуі дәлiрек айтқанда азаматтық iс жүргiзуiне ол iс жүргiзу тәртiбiнiң тездетiлуi және талап берушiге жауапкер жазалануының гарантиясы ретiнде кiргiзiлдi. Шетелдiк кейбiр мемлекеттерде сырттай шешiмнiң талапкер келмеуiнде қарастырады. 2

Сырттай iс жүргiзу тәртiбiмен iс жүргiзу негiздерiне жататындары:

1. Отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер талап қоюшы бұған қарсы болмаса онда іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.

  1. Іске бірнеше жауапкер қатысқан кезде сот отырысына барлық жауапкерлер келмейқалған жағдайда іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.

Ал егер сот отырысына келген талап қоюшы жауапкер жоқта істі сырттай жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе онда сот істің қаралуын кейінге қалдырады және жауапкерге жаңа сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Тиісті түрде хабарланған жауапкер тағы да келмей қалған жағдайда сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарайды.

Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады және ұйғарым көптеген жағдайларды кенесу бөлмесiне кетпей жасалады және протоколға тiркеледi. Шешiм қатысып отырған адамдарға оқылады, ал келмеген адамдарға шешiм 3 күннен кешiктiрiлмей жiберiлуi тиiс. Заңды күшiне енуi ортақ заңдылық бойынша енгедi.

Талап қоюшы істің нысанасын немесе талаптың негіздемесін өзгерткен жағдайда сот істі соттың сол отырысында сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқығы жоқ. Басталған сот отырысында Азаматтық іс жүргізу кодексінің 260-бабының 1-ші бөлігінде көрсетілген негіздер жиынтығы болған жағдайда ғана сот сырттай іс жүгізе алады. Істі қарау кезінде сот отырысына төрағалық еткен судьяны сырттай шешім шығарған сот деп түсіну керек. Ерекше жағдайларда мысалға; судьяның қайтыс болуы, орнынан түсуі, демалысы, ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамсыздығы не іссапарда болуы, сырттай шығарылған шешімді бұзу туралы арызды осы соттың басқа судьясы қарауы мүмкін, егер жауапкер сот отырысына келіп, бірақ ол аяқталғанға дейін сот отырысы залынан өз бетімен шығып кетсе, онда сот істі қарауды жалғастыра алады. Мұндай жағдайда шығарылған шешім сырттай шығарылған шешім деп есептелмейді.

Егер де жауапкердің алдыңғы сот отырысына дәлелді себептерсіз келмеуіне байланысты істі талқылау талапкердің өтініші бойынша кейінге қалдырылса және жауапкер сот отырысына екінші рет келмесе, онда сот істі сырттай жүргізуге құқылы. 1-ші инстанциядағы соттардың сот актілеріне тараптар мен іске қатысушы басқа да адамдар шағымдануы немесе прокурор апелляциялық тәртіппен наразылық келтіруі мүмкін. Іске қатыстырылмаған адамдар, сот олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты шешім қабылдаған жағдайда ғана апелляциялық шағым беруге құқылы.

Қысқартылған шешімге апелляциялық шағым берудің (наразылық келтірудің) мерзімі ол шығарылған күннен бастап, ал дәлелді шешімге - осындай шешім шығарылған күннен бастап есептеледі. 3

Сырттай шығарылған шешімге апелляциялық шағым берудің мерзімін есептеудің бір ерекшелігі ол осындай шешімнің көшірмесін алған күннен бастап 5 күн өткеннен кейін, егер жауапкер сырттай шығарылған шешімді бұзу жөнінде арыз бермеген жағдайда ғана сырттай шығарылған шешімге апелляциялық шағым беріледі. Егер жауапкер осы мерзімнің ішінде сырттай шығарылған шешімді бұзу туралы арыз берсе, бірақ ол арызды бірінші сатыдағы сот қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған күннен бастап 15 күннің ішінде апелляциялық шағым берілуі мүмкін.

2. Сырттай шешімнің мазмұны және заңды күшi.

Сот шешiмi iске келген адамдарға оқылады және келмеген адамдарға шешiмнiң көшiрмелерi жiберiледi және шешiм шығарылған күннең үш күн кешiктiрiлмей жiберiлуi керек. Сот шешiмiнiң заңды күшiне енуi ортақ заңдылық бойынша енгедi.

Сырттай шешімнің мазмұнында мынандай жағдайлар белгiленеді:

1. Шешім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.

  1. Шешім кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады.
  2. Шешімнің кіріспе бөлігінде шешім шығарылған уақыт пен орын; шешім шығарған соттың атауы; соттың құрамы; сот отырысының хатшысы; сот приставы; тараптар; іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап көрсетіледі.
  3. Шешімнің сипаттау бөлігі талап қоюшының талаптарын, жауапкердің наразылығын және іске қатысушы басқа адамдардың түсініктемелерін қамтуға тиіс.
  4. Шешімнің дәлелдеу бөлігінде істің сот анықтаған мән-жайлары, құқықтар мен міндеттер туралы соттың қорытындылары негізделген дәлелдемелері; сот қабылдамай тастаған белгілі бір дәлелдемелердің негіздері, және сот басшылыққа алған заңдар көрсетіледі. Жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда дәлелдеу бөлігінде талап қоюдың танылғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі мүмкін.
  5. Шешімнің қарар бөлігі талап қоюды қанағаттандыру туралы немесе талап қоюдан толық немесе оның бір бөлігінен бас тарту туралы сот қорытындысын, сот шығындарының бөлінуін, шешімге шағым беру мерзімдері мен тәртібін көрсетуді, сондай-ақ өзге де қорытындыларды қамтуға тиіс.
  6. Сот шешімді орындаудың белгілі бір тәртібі мен мерзімін белгілеген немесе шешімді дереу орындауға жіберген немесе оның орындалуын қамтамасыз етуге шаралар қолданған жағдайда, бұл туралы шешімде көрсетіледі.
  7. Судья шешімді жазбаша түрде жазады және оған қол қояды. Шешімге түзету судьялардың қол қоюының алдында айтылуға тиіс. 4

Сырттай дәлелді шешім шығаруды кейінге қалдыруға жол берілмейді.
Сырттай шешімнің қарар бөлігінде жауапкердің бұл шешімнің күшін жою туралы өтініш беруінің мерзімі мен тәртібі көрсетілуге тиіс. Сырттай шешімнің көшірмесі жауапкерге оның шығарылған күнінен бастап 3 күннен кешіктірілмей, оның тапсырылғаны туралы хабарланатын етіп жіберіледі.

Сырттай шешімнің көшірмесі сот отырысына қатыспаған талапкерге ол шығарылған күннен бастап 3 күннен кешіктірілмей, оның тапсырылғаны туралы хабарланатын етіп жіберіледі.

3. Сырттай iс жүргiзу тәртiбi.

Сырттай iс жүргiзу тәртiбi екi жағдайды қарастырады, яғни:

1. Отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда.

2. Талап қоюшы бұған қарсы болмаса.

Сот жауапкердiң неге келмегенiң дәлелдеуi қажетi жоқ, сот тек қана талапкердiн қарсы еместiгiн сұрайды да iстi ары қарай жалғастыра береді. Бірақта iсті ары қарай жүргiзе беру үшiн жауапкердiң отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланғаны туралы мәлiметтерде жеткiлiктi. 5 Ал егер келген талапкер iстi жауапкерсiз қарауға қарсы болса сот iстi қарауды кейiнге қалдырады да жауапкерге жаңадан iстiң қарастырылатын орыны мен уақыты туралы хабарлайды. Бұл жағдайдың заңмен қарастырылуын талапкерге жауапкердiң неге келмегенi туралы бiр нәрсе белгiлi болуы мүмкiндiгiнде.

Сырттай iс жүргiзуде ұйғарым шығарылады және ұйғарым көптеген жағдайларды кенесу бөлмесiне кетпей жасалады. Сырттай iс жүргiзуде ұйғарым протоколға тiркеледi. Ұйғарым қатысып отырған адамдарға оқылады, ал келмеген адамдарға шешiм 3 күннен кешiктiрiлмей жiберiлуi тиiс. Жуапкердi қорғау әрекеттерiне байланысты сыртай iс жүргiзу кезiнде талап көлемi және заты өзгертiлмейдi. Заңды күшiне енуi ортақ заңдылық бойынша енгедi .

Сырттай шешімінің заңды күшіне енуі:

1. Аудандық, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың бiрiншi сатыда қаралған iстер бойынша шығарған шешiмдерi, егер оларға шағым немесе наразылық келтiрiлмесе, оларға апелляциялық шағымдану, наразылық келтiру мерзiмi өткен соң заңды күшiне енедi.

2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бiрiншi сатыда қаралған iстер бойынша шығарған шешiмдерi олар жарияланған күннен бастап заңды күшiне енедi.

3. Апелляциялық немесе кассациялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда, егер шешімнің күші жойылмаған болса, апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді.

Шешім заңды күшіне енгенде тараптар және іске қатысушы басқа да адамдар, сондай-ақ олардың құқық мирасқорлары сотта бұрынғы негіздер бойынша бұрынғы талап қою талаптарымен қайтадан арыздана алмайды, сондай-ақ сот анықтаған фактілер мен құқықтық қатынастарды басқа процесте даулай алмайды егер де жауапкерден мезгіл-мезгіл төлем өндіріп алу шешімі заңды күшіне енгеннен кейін төлемдердің мөлшерін айқындауға немесе олардың ұзақтығына әсер ететін мән-жайлар өзгерсе, тараптардың әрқайсысы жаңа талап қою арқылы төлемдердің мөлшері мен мерзімдерін өзгертуді талап етуге құқылы.

4. Сырттай шешімге шағым жасау, сыртай шешiмнiң күшiн жойғансоң соттың iстi қарау тәртiбi.

Сот арызды қабылданғаннан кейiн iске қатысушы тұлғаларды және iс қаралатын орынды, уақытты атайды және арыздан көшiрмелерiн жiбередi сонмен қоса қосымша құжатарды жiбередi. Жауапкер сырттай шешім шығарған сотқа өзі шешімнің көшірмесін алған кезден бастап 5 күн ішінде бұл шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы.

Сырттай шешімге тараптар бұл шешімнің күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткеннен кейін, арыз берілген жағдайда 1-ші инстанциядағы сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған кезден бастап 15 күн ішінде апелляциялық тәртіппен шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін.

Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызда:

1. Сырттай шешім шығарған соттың атауы.

2. Арыз берген тараптың атауы.

3. Жауапкердің сот отырысына дәлелді себептермен келмей қалуын куәландыратын мән-жайлар туралы мәліметтер және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер, сондай-ақ шешімнің мазмұнына әсер етуі мүмкін дәлелдемелер.

4. Арыз беруші тараптың өтініші.

5. Арызға қоса тіркелетін материалдардың тізбесі болуға тиіс.

Сырттай шешімнің күші жойылған жағдайда сот істі мәні бойынша қайта қарайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған жауапкер келмей қалған жағдайда, істі жаңадан қараған кезде сот шығарған шешім сырттай шешім деп танылмайды. Жауапкердің бұл шешімді сырттай іс жүргізу тәртібімен қайта қарау туралы қайталап арыз беруге құқығы жоқ.

Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды сот оның сотқа келіп түскен кезінен бастап 10 күн ішінде сот отырысында қарайды. Сот отырысы өткізілетін уақыт пен орын туралы хабарланған іске қатысушы адамдардың келмей қалуы арыздың қаралуына кедергі болмайды. Арызды қанығаттандырусыз қалдыруға туралы сот анықтауына шағым жасалуы мүмкiн. Ал сырттай шешiмдi күшiн жою туралы шешiм қабылдағанда iс жаңартылып iс жалпы iстер сияқты жүредi. Осы iс бойынша шығарылатын шешiм ендi сырттай деп аталмайды және жауапкердiң iске келмеуi iстi қайта қарауға негiз болмайды. Iс жауапкерсiз қаралады және жауапкер қайта осы iс бойынша арыз бере алмайды.

Сот сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қарап, арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы немесе сырттай шығарылған шешімнің күшін жою және істі мәні бойынша соттың сол құрамында немесе өзге құрамында қайта қарау туралы ұйғарым шығарады.

Соттың арыз қабылданғаннан кейінгі іс-әрекеттері сот іске қатысушы адамдарға сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың қаралатын уақыты мен орнын хабарлайды, оларға арыздың және оған қоса тіркелген материалдардың көшірмесін жібереді.

Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызға тарап немесе өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қойып, ол іске қатысушы адамдардың саны бойынша көшірмелермен бірге сотқа табыс етіледі. 6

Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды сот оның сотқа келіп түскен кезінен бастап он күн ішінде сот отырысында қарайды. Сот отырысы өткізілетін уақыт пен орын туралы хабарланған іске қатысушы адамдардың келмей қалуы арыздың қаралуына кедергі болмайды. 7

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАДАҒАЛАУ ТӘРТІБІНДЕ СОТ АКТІЛЕРІНІҢ КҮШІН ЖОЮҒА НЕГІЗДЕР
Азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалу мәселелері
Тәуелсіз Қазақстанның Жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы
Сот шешімінің заңды күшіне енуі
Сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы
Сотта азаматтық істің қозғалуы
Істі сотта қарау
Талапкердің жауапкерге талабы
Азаматтық істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қараудың сот тәжірибесіне шолу
Сот шешімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz