Нарықтық экономика жағдайында еңбекке ақы төлеу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Жалақының мәні және оны ұйымдастыру қағидалары . . . 9
1. 2 Еңбек ақыны реттеудің теориялық негіздері . . . 13
1. 3 Зерттеу объектісінің жалпы экономикалық сипаттмасы . . . 19
1. 4 Зерттеу объектісіндегі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы . . . 25
2 Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу есебі . . .
2. 1 Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және жұмыс уақытын пайдалану есебі . . .
2. 2 Еңбек ақының түрлері. Еңбекке ақы төлеу нысандары мен жүйелері . . .
2. 3 Еңбекақыны есептеу және одан ұсталынатын сомалар есебі . . .
2. 4 Еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақыны есептеу . . .
2. 5. Еңбек ақының аналитикалық және синтетикалық есебі . . .
3 Еңбек ақы қорын тиімді пайдалануын талдау . . . 64
3. 1. Талдаудың міндеттері және оның мақсаты . . . 64
3. 2. Қызметкерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексеру . . .
3. 3. Еңбекті пайдаланудың тиімділігін талдау . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Қысқартылған атаулар
АҚ- акционерлік қоғам
ЕҚК- еңбекке қатысу коэффициенті
ЕӨ- еңбек өнімділігі
ЖШС- жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ҚҚС- қосылған құн салығы
КӨ- күндік өнімділік
СӨ- сағаттық өнімділік
Т- табель
ХЕБС- халықаралық есеп беру стандарты
млн- миллион
га- гектар
ц- центнер
кг- килограмм
м- метр
тн- теңге
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі экономикалық жағдайда әрбір ұйымның қызмет ету процесіне нарықтық қатынастарға қатысушы мүдделі тұлғалар үлкен көңіл аударатыны белгілі. Сол себепті олар есеп мәліметтеріне сүйене отырып, ұйымның қаржылық жағдайын бағалауға ұмтылады.
Бухгалтерлік есеп нарықтық экономика жағдайында ұйым жөнінде жан - жақты қамтылған ақпарат алудың бірден - бір көзі болып табылады. Оның көмегімен ұйымның төлем қабілеттілігн, өндірістік қызметінің тиімділігі мен табыстылығын, даму перспективаларын сипаттауға мүмкіндік мол.
Нарықтық қатынастардың дамуымен бірге әртүрлі меншік нысанындағы еңбекке ақы төлеу мәселесі де басты орынға шықты.
Еңбек ақы - жұмысшының өз еңбегінің нәтижелі болуына, құрылыс - монтаж жұмысының көлемі мен сапасын көтеруге мүдделілігін арттырудағы ең басты құрал. Ол күрделі экономикалық қарым - қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Айталық, біріншіден, бұл - жұмысшы мен жалпы қоғам арасындағы қарым - қатынас. Еңбек ақы төңірегіндегі, ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу, ұжымдық келісім - шартты бекіту секілді мемлекеттік саясаттың қажеттілігі, яғни мемлекеттік реттеу қызметі. Екіншіден, еңбек ұжымы мен құрылыс ұйымы арасындағы қарым - қатынас, басқаша айтқанда, еңбек ақы мөлшерінің құрылыс ұйымының қаржы - шаруашылық есебімен тығыз байланыстылығы.
Еңбек ақының мәні, оның қызметімен анықталады, ол жұмысшының материалдық және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы тиіс.
Бұрынғы Кеңес тұсындағы жоспарлы - бөлу жүйесі, тарифтік ставкаларды бекітудің директивті тәсілі нарықтық экономика жағдайында еңбек ақының арақатынасын реттеуге қабілетсіздігін байқатты.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі . Еңбек ақы мәселелері экономикалық теорияның Дж. М. Кейнс, К. Маркс, А. Маршалл, Д. Милль, П. Самуэльсон, А. Смит, Ж-Б. Сэй, Д. Рикардо және тағы басқа классиктері тарапынан кеңінен зерттелді.
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік және аймақтық саясаттың жекелеген теориялық және әдіснамалық мәселелерінің дамуына, еңбек қатынастары мен еңбек ақының реттелуіне төмендегі экономистер өздерінің едәуір үлестерін қосты: С. Алпысбаев, Ұ. Баймұратов, М. Исаева, Ж. Ихданов, М. Кенжегузин, Н. Мамыров, М. Мельдаханова, Т. Мухамбетов, Т. Рогачева, К. Сагадиев, Л. Тимошенко және т. б.
Еңбекақы есебі бойынша зерттеу жұмыстары негізінен еңбек ақы есебінің қалай ұйымдастырылатыны, халықаралық стандарттар бойынша ерекшеліктері, оны дамыту жолдарына арналған. Бұл зерттеу тақырыбы бойынша С. Т. Міржақыпова, Қ. К. Кеулімжаев, К. Т. Тайгашынова, Ж. Г. Джумагалиева, М. С. Жапбарханова, Ә. Ә. Әбдіманапов, С. Б. Баймуханова, В. К. Радостовец, Э. О. Нұрсейітов, Л. В. Горбатова, В. П. Палий және тағы басқа ТМД елдері мен отандық ғалымдар елеулі үлес қосып еңбек сіңірді.
Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесін зерттеу, еңбек ақыны нарықтық реттеудің механизмі өзіне келесілерді қамтитынын көрсетті:
- еңбек келісім шартын бекіту кезінде барлық мүдделі тараптардың мүддесін толық көрсетуге мүмкіндік беретін көп деңгейлі ұжымдық - келісім шарттық жүйені;
- жеке табыс салығын реттеудің салықтық жүйесін, сондай - ақ жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсайтын шығындарын;
- еңбекке ақы төлеудің жекелеген шарттарын ең төменгі кепілдік жалақы түрінде мемлекеттік реттеу.
Қазіргі жағдайда жұмысшыларға еңбек ақы төлеу нысаны, жүйесі мен мөлшері, сонымен қатар басқа да табыс түрлері құрылыс ұйымының шешімімен белгіленеді. Бірақ, кәсіпорындар, меншік түрі мен ұйымдық - құқықтық нысанына қарамастан, міндетті түрде, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшерін және жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың заңмен бекітілген шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.
Зерттеу мақсаты және міндеттері . Магистрлік диссертацияның зерттеу мақсаты экономиканың дамуының қазіргі жағдайында еңбек ақыны реттеу механизмін негіздеу мен әзірлеуде жатыр. Ол еңбек төлемін ұйымдастыру ретіне, мөлшеріне және динамикасына ықпал етудің мемлекеттік, келісімдік және әкімшілік әдістерінің жиынтығын ескереді. Ұйымдағы еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысудың ұйымдастырылуын зерттеу, қолданыстағы еңбек ақы нысаны мен жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау болып табылады. Жоғарыда аталған мәселелер диссертация жұмысының өзектілігін анықтайды.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер өз шешімін табуы керек:
- Еңбек ақы ұғымының мәнін зерттеу және ашу;
- Іс жүзіндегі еңбек ақы нысандары мен жүйелерін қарастыру, еңбек ақыны есептеу, сый ақыны беру тәртібін зерттеу;
- Еңбек ақыдан және басқадай төлемдерден ұсталынатын ұсталымдар есебін, олардың есеп шоттарда көрсетілуін қарастыру;
- Еңбек өнімділігі мен еңбек ақы қорын талдау.
Мақсатты бағыттылығына байланысты негізгі зерттеу міндеттері анықталды:
- қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларда «еңбек ақы» категориясының мәнісін теориялық зерттеу;
- Қазақстанда еңбек ақыны реттеудің теориялық-әдіснамалық негіздерін дайындау.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері диссертациялық жұмыстың логикасы мен құрылымын анықтады.
Зерттеу объектісіне еңбек ақы категориясы, оны саралау факторлары, еңбек төлемін реттеу тәжірибесі, ұжымдық-келісімдік қатынастары жатады. Алға қойылған міндеттерді шешу үшін «Мирас» ЖШС-нің 2006-2007 жылдардағы есеп мәліметтері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік - құқықтық ақпараттары, арнайы әдебиеттер пайдаланылды.
Магистрлік диссертацияның теориялық және әдістемелік негізі. Қазіргі экономикалық жағдайда әрбір ұйымның қызмет ету процесіне нарықтық қатынастарға қатысушы мүдделі тұлғалар үлкен көңіл аударатыны белгілі. Сол себепті олар есеп мәліметтеріне сүйене отырып, ұйымның қаржылық жағдайын бағалауға ұмтылады.
Бухгалтерлік есеп нарықтық экономика жағдайында ұйым жөнінде жан - жақты қамтылған ақпарат алудың бірден - бір көзі болып табылады. Оның көмегімен ұйымның төлем қабілеттілігн, өндірістік қызметінің тиімділігі мен табыстылығын, даму перспективаларын сипаттауға мүмкіндік мол.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы мынада, яғни диссертация деңгейінде республикада Қазақстан Республикасында экономиканың қазіргі кездегі даму сатысында еңбек ақыны реттеу мәселелерін кешенді зерттеу ұмтылысы жасалған. Бұл жерде еңбек ақы мөлшерін саралаудың объективті факторлары ескерілген.
Жаңалығы бар негізгі ғылыми нәтижелерге мыналар жатады:
- еңбек бағасы ретіндегі еңбек ақы категориясының экономикалық мазмұнына байланысты нақты еңбек нарықтарында оның қалыптасуының объективті факторлары негізделді және жіктелді;
- еңбек ақыны реттеудің әдістері бір жүйеге келтіріліп, теориялық тұрғыда негізделді және жіктелді;
- еңбек қатынастарын ұжымдық-келісімдік реттеудегі әлеуметтік серіктестіктің рөлі жөніндегі теориялық ережелер тереңдетілді және дамыды.
-еңбек ақыдан және басқадай төлемдерден ұсталынатын ұсталымдар есебі және олардың есеп шоттарда көрсетілі;
Еңбектің мақұлдануы . Жұмыс нәтижелері «ІІІ- Рысқұлов оқуларында» және «Жаршы» басылымдарда баяндалып жарық көрді.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Жалақының мәні және оны ұйымдастыру қағидалары
Еңбек ақы ұғымы көптеген экономистер арасында қызу пікірталас тудырып отырғын ұғым, олардың бірқатары «еңбек ақы» ұғымының орнына «еңбек табысы» ұғымын қолдануды ұсынады.
Бірқатар экономистердің ұстанатын қағидасы жаңа терминологиялық сөзді емес, керісінше «еңбек ақы» экономикалық категориясының мәні мен қасиетін тану. Еңбек ақыны жұмысшылар арасында атқарған еңбегіне қарай бөлінетін қоғамдық өнімнің (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс) бір бөлігі ретінде түсіну нарық талабына қайшы.
Бұл жерде тек еңбек ақының пайда болу көзі ғана белгіленіп отыр, сондай - ақ еңбек ақы тек еңбектің саны мен сапасына қарай емес, ұйымның соңғы қаржылық нәтижесіне, жұмысшының нақты еңбектік үлесіне қарай бөлінеді.
Экономикалық теорияда еңбек ақының жаратылысын анықтайтын екі негізгі тұжырым бар:
- Еңбек ақы - бұл еңбектің бағасы. Оның шамасы және динамикасы нарықтық факторларға, ең алдымен, сұраныс пен ұсынысқа тәуелді;
- Еңбек ақы - бұл тауар құнының ақшалай көрінісі, «жұмыс күші» немесе «жұмыс күші тауарының құнының өзгертілген нысаны». Оның шамасы өндіріс шарттарымен және нарықтық факторлармен - сұраныс және ұсыныс - анықталады. Осылардың ықпалымен еңбек ақы жұмыс күшінің құнынан ауытқиды.
Еңбек ақының еңбек бағасы ретіндегі тұжырымын А. Смит пен Д. Рикардо берді. Олар еңбек тауар ретінде көрініс тауып, табиғи бағаға, яғни «табиғи еңбек ақы» ие болады деп санады. Ол өндіріс шығындарымен анықталады, оның құрамына А. Смит жұмысшы мен оның отбасының өмір сүруіне жеткілікті қаражаттардың құнын қосты.
Еңбек ақы - тауардың ақшалай көрінісі тұжырымдамасын К. Маркс жасады. Оның негізіне ол «еңбек» пен «жұмыс күші» түсініктерінің айырмашылықтарын салды. Және еңбектің тауар бола алмайтындығын және оның құны жоқ екендігін негіздеді. Тауар болып еңбек етуге қабілетті жұмыс күші танылады, ал еңбек ақы осы тауардың ақшалай түрдегі құны болып табылады. Жұмысшы бүкіл еңбегіне емес, тек керекті еңбекке ғана ақы алады. Еңбек ақының экономикалық жаратылысы мынада, оның есебінен жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ететін материалдық және рухани қажеттілігі қанағаттандырылады. К. Маркс еңбек ақының шамасы тіршілік ету қаражатына емес, қоғамның экономикалық, әлеуметтік, мәдени деңгейіне, сондай еңбек өнімділігінің деңгейіне тәуелді екенін анықтады.
Еңбек ақы - бұл ұжым еңбегінің соңғы нәтижесіне тәуелді болатын және жұмысшылар арасында жұмсалынған жұмыс саны мен сапасына, әрбір жұмысшының нақты қосқан үлесіне қарай бөлінетін тұтынуға бағытталған қаражаттардың негізгі бөлігі.
Еңбек ақы - жұмысшының өз еңбегінің нәтижелі болуына, құрылыс - монтаж жұмысының көлемі мен сапасын көтеруге мүдделілігін арттырудағы ең басты құрал. Ол күрделі экономикалық қарым - қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Айталық, біріншіден, бұл - жұмысшы мен жалпы қоғам арасындағы қарым - қатынас. Еңбек ақы төңірегіндегі, ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу, ұжымдық келісім - шартты бекіту секілді мемлекеттік саясаттың қажеттілігі, яғни мемлекеттік реттеу қызметі. Екіншіден, еңбек ұжымы мен құрылыс ұйымы арасындағы қарым - қатынас, басқаша айтқанда, еңбек ақы мөлшерінің құрылыс ұйымының қаржы - шаруашылық есебімен тығыз байланыстылығы.
Еңбек ақының мәні, оның қызметімен анықталады, ол жұмысшының материалдық және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы тиіс.
Бұрынғы Кеңес тұсындағы жоспарлы - бөлу жүйесі, тарифтік ставкаларды бекітудің директивті тәсілі нарықтық экономика жағдайында еңбек ақының арақатынасын реттеуге қабілетсіздігін байқатты.
Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесін зерттеу, еңбек ақыны нарықтық реттеудің механизмі өзіне келесілерді қамтитынын көрсетті:
- еңбек келісім шартын бекіту кезінде барлық мүдделі тараптардың мүддесін толық көрсетуге мүмкіндік беретін көп деңгейлі ұжымдық - келісім шарттық жүйені;
- жеке табыс салығын реттеудің салықтық жүйесін, сондай - ақ жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсайтын шығындарын;
- еңбекке ақы төлеудің жекелеген шарттарын ең төменгі кепілдік жалақы түрінде мемлекеттік реттеу.
Қазіргі жағдайда жұмысшыларға еңбек ақы төлеу нысаны, жүйесі мен мөлшері, сонымен қатар басқа да табыс түрлері құрылыс ұйымының шешімімен белгіленеді. Бірақ, кәсіпорындар, меншік түрі мен ұйымдық - құқықтық нысанына қарамастан, міндетті түрде, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшерін және жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың заңмен бекітілген шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.
Еңбек ақы жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы өзара келісімге қарай төленеді. Еңбек ақының сметалық деңгейі жұмыс беруші үшін еңбек ақы шығындарының экономикалық тиімді шегін анықтайды.
Жұмысшылардың еңбек ақысын есептеу кәсіпорында қабылданған еңбекке ақы төлеу жүйесі мен нысандарына, ұжымдық келісім шарттарына, материалдық ынталандыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Ұйымда еңбекті ұйымдастырудың негізгі ережелері 10 желтоқсан 1999 жылғы № 493-1 «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» заңымен бекітілген.
Еңбек ақының негізгі көзі - еқбекке ақы төлеу қоры. Сонымен бірге жалақының екінші түріне жұмысшыларға ұжым еңбегіне қосқан жеке нәтижелері үшін төленетін әртүрлі төлемдер жатқызылады. Бұл кезде жұмысшыларға сыйақы беру орындалған жұмыстың сапасын бағалай отырып, ынталандыру қорын еңбекке араласу коэффициентінің көмегімен жұмысшылардың арасында бөлу арқылы жүзеге асырылады
Еңбекке ақы төлеу жүйесіндегі сыйақының маңызды белгілері мыналар болып табылады: біріншіден, олар негізгі еңбек ақы түріндегі тарифтен (оклад) бөлек еңбекке ақы төлеудің қосымша нысаны ретінде көрініс табады; екіншіден, сыйақы еңбекке ақы төлеудің айнымалы бөлігі болып табылады, ал тариф (оклад) немесе келісімді бағалар салыстырмалы түрде тұрақты сипатқа ие; үшіншіден, негізгі еңбек ақыға қарағанда, сыйақы әртүрлі көздерден (өзіндік құн, пайда есебінен құралған көтермелеу қоры, материалдық ресурстарды үнемдеу есебінен) құралады; Төртіншіден, негізгі еңбек ақымен салыстырғанда сыйақы жоғарғы органдар тарапынан көп реттеле бермейді.
Бұдан өзге, біздің ойымызша, сыйақыны тек ынталандыру құралы ретінде ғана емес, технологиялық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту құралы ретінде де пайдалану керек.
Еңбек ақыны ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
- Ұйым жұмысшыларына еңбек ақы төлеу нысандары мен жүйесін анықтау;
- Ұйым жұмысшылары мен мамандарының қол жеткізген нәтижелеріне төленетін қосымша ақының критерийлері мен мөлшерін белгілеу;
- Қызметкерлер мен мамандардың қызметтік окладтары жүйесін белгілеу;
- Қызметкерлерге сыйақы беру жүйесі мен көрсеткіштерін негіздеу.
Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу қамтиды:
- Қазақстан Республикасында еңбек ақының ең төменгі мөлшерін белгілеу және өзгерту заңдылықтары;
- Ұйымның еңбек ақы төлеуге бағытталған қаражаттарын, жеке тұлғалардың табыстарын салықтық реттеу;
- Аудандық коэффициенттер мен үстемелік пайыздарды бекіту;
- Еңбек ақы жөніндегі мемлекеттік кепілді бекіту.
1. 2 Еңбек ақыны реттеудің теориялық негіздері
Еңбек ақының еңбек бағасы ретіндегі маңыздылығына сәйкес оны реттеу әдістерін зерттеудің теориялық маңыздылығы зор болып саналады. «Шет елдік сөздердің қазіргі кездегі сөздігіне» сәйкес «реттеу» сөзі латындық «regulare» сөзінен аударғанда мынандай мағына береді: 1) белгіленген ретке, ережеге бағындыру, реттестіру; 2) механизм, прибор, аппарат және т. б. бөлшектерінің өзара әрекеттесу жұмысы үшін дұрыс әрі керекті деңгейде орналастыру; 3) бір ретке, жүйеге келтіру мақсатында бір нәрсені дамытуға, қозғалтуға бағыттау /39, 433-бет/.
Жоспарлық экономикада барлық экономикалық пропорцияларды іс жүзінде анықтауда мемлекеттік реттеу шешуші рөлді атқарды. Осы талаптар еңбек төлемін ұйымдастыруға да қатысты болды.
Дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында осындай үрдістердің негізгі реттеушісі болып нарықтық механизмдер қарастырылады. Бұл елдерде еңбек төлемін реттеу екі өзара байланысқан және өзара негізделген әдістерге негізделеді: мемлекеттік және ұжымдық-келісімдік.
Реттеу әдістеріне қатысты арнайы көзқарастар АҚШ, Канада, Жапония және Францияда қолданылады / 40, 41, 42, 43/.
Нарықтық экономикасы бар елдердегі маңызды айырмашылықтарға қарамастан, олардың ортақ белгілері бар, олар төмендегілермен өрнектеледі:
- мемлекеттік және ұжымдық - келісімдік реттеудің тығыз өзара байланысы;
- еңбек ақыны ұжымдық - келісімдік реттелуінің мемлекеттік реттеуден басым болуы;
- ұжымдық келісімдер мен төменгі деңгейдегі келісімдерде әлеуметтік серіктестіктің өте жоғары деңгейлерінде қол жеткізілген серіктестіктердің орындалу міндеттілігі;
Жоғарыда аталған көзқарастардың нақты өрнектелуі ретінде нарықтық экономикасы бар елдерде еңбек ақыны ұйымдастыруға арналған төмендегі негізгі элементтер әрекет етеді:
- еңбек ақыны ұжымдық - келісімдік реттеудің көп деңгейлік жүйесі, ол еңбек ақы бойынша серіктестер арасында келісушіліктердің қалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз етудің негізгі звеносы болып табылады;
- заңнамамен бекітілген минималды әлеуметтік кепілдемелер жүйесі, ол жұмыскерлердің еңбек ақысын тәуекелдіктерден қорғауды қамтамасыз етеді;
- жеке тұлғаларға диффенциалданған (сараланған) салық салу, ол мемлекет шығындарында өте көп табыстары бар азаматтардың қатысуын қамтамасыз етеді.
Көріп, отырғанымыздай, еңбек ақыны ұйымдастырудың ұсынылған элементтері оны реттеуге қатысты екі көзқарасты көрсетеді. Егер олардың біреуі келісімдік реттеудің қажеттілігін көрсетсе, ал келесілері - осы үрдіске мемлекеттік ықпал етудің дәрежесін көрсетеді.
Бұл жағдайда белгіленген орынды келісімдік реттеу алады. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, еңбек төлемін реттеу әдістерімен байланысқан теориялық және әдістемелік аспектілерді зерттеу объективті қажетті нәрсе болып саналады.
Бүгінгі таңда ТМД-ға мүше елдердің көптеген ғалымдары мен мамандарының басым бөлігінің пікірі мынаған сайып келеді, яғни еңбек ақыны реттеудің мемлекеттік және ұжымдық-келісімдік деген екі әдісі бар. Жалпы алғанда еңбек төлемін ұйымдастырудың мұндай әдісі объективті түрде қажетті, өйткені еңбек нарығының жетілмегендігі жағдайында экономикалық дамудың бүгінгі сатысында мемлекет еңбек төлемімен байланысқан үрдістерге белгілі бір дәрежеде ықпал ететіндігін жоққа шығаруға болмайды.
Экономикалық әдебиетте төлемді реттеу әдістерінің басқа жіктемесі де кездеседі. Мысалы, Т. Д. Макаренко еңбек ақыны реттеу механизмін факторларға ықпал ретінде көрсетеді, яғни еңбек ақының өзінің негізгі функцияларын орындау дәрежесі осы факторлардың жай-күйіне тәуелді болып келеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде мынандай қортынды жасауға болады, яғни еңбек ақының экономикалық табиғатына екі өзара байланысқан элемент кіреді: жұмысшы күшінің бағасы және еңбек бағасы. Бұл жағдайда жұмысшы күшінің бағасы оның құнының ақшалай өрнектелуі болып табылады, ол еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы қалыптасатын арақатынасты ескере отырып, жұмысшы күшінің ұдайы өндірісіне кететін қажетті шығындардың сегментациялық белгілері бойынша сараланған деңгейін көрсетеді.
Еңбек ақының экономикалық мазмұны оның орындайтын функцияларынан анықталады. Экономикалық әдебиетті зерттеу мынаны дәлелдейді, яғни осы уақытқа олардың мәні мен мазмұнына қатысты ортақ көзқарас қалыптасқан жоқ. Осылайша, Ю. Г. Юдегов және П. В. Журавлев еңбек ақының төмендегідей функцияларын атап көрсетеді:
- жұмысшы күшінің ұдайы өндірісінің мүмкіндіктерін қамтамасыз етуші ұдайы өндірістік функциясы;
- өндірісті дамытуға мүдделілікті жоғарылатуға бағытталған ынталандырушы функциясы;
- әлеуметтік әділеттілік қағидасын жүзеге асыруға ықпал етуші әлеуметтік функциясы;
- өнім бағасының қалыптасуы үрдісіне адам еңбегінің қатысу мөлшерін, өндірістің жиынтық шығындарындағы оның үлесін сипаттаушы есептік-өндірістік функциясы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz