Іздер. Мұхтар Әуезов


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мұхтар Әуезов

Тікшелеу жасыл беткейдің орта тұсына келе бере Несіпбай аттан түсті. Айналаға көз салған жоқ. Әлдеқандай ой басқан күңгірт жүзі бүгін бірде-бір рет көтеріліп, мынау кең дүниеге қараған емес. Көзін ылғи төмен салып, жүзі де салбырап тұқыра береді.

Сол еңсесін көтермеген бетінде атының ауыздығын алды. Құйрығын тірсегінен келтіре шорт кескен күдіс торы ауыздығы алына салысымен басты жерге салып, атқүлақ араласқан көк өлеңді борт-борт үзе бастады. Несіпбай мұны шаужайлай түсіп, тапжылтпай отырып шылбырмен тұсау салды. Аздан соң түрып сауырынан сол жақ алақанымен ақырын үрып қалғанда, торы ат өрге қарай секі-ре басып өрлей берді. Түсаумен секірген сайын ұзындау кекілі кө-теріле түсіп желп етіп, дөң басындағы әлдекімге торы аттың «здравствуйын»1 айта бара жатқан сияқтанады.

Ауыздық пен үзеңгі, түрман шылдырлап барады. Несіпбай қырын тұрған бетінде сол жақ иығына мойнын бұрып: «ер-тоқымын бүлдірер ме екен», - деп ойлай түсіп, ұзап бара жатқан аттың соңына қарады. Баяу басатын сылбыр ой енді жиылып кеп бір байлау жасағанша ат үзай берді. Несіпбай дағдылы шабандықпен біраз дағдарып түрып қалса да ойын жеңген ол емес. Еш нәрсені абайламастан бетін қайта бүрып, енді ойға қарай аяңдады.

Жарқыраған, қызуы мол шағырмак май күні мынау. Бөктер қызгалдак атып, гүл шашып, көк майса шөбі иін тіресіп міне тұр. Мөлдіреп, жаудырап ағып жаткан көк каска бұран су анау. Соны бөктер. Әлі қылшығы кұрамаған. Бір тал шөптің мұрты сынбаған еген осы-ақ.

Ай, бірақ көпірді кім біледі?

Несіпбай көнілінде күдік көп. Сене алмайды. Запыс боп, зыр қағып қалған. Аяғын төмен карай бір басып, екі басып келе жатып, көзімен ылғи көк шөп ішін тінтіп келеді.

Көпір шытыр тағы шығып қала ма, қайтеді, сопаң етіп? Сескенгені сол.

Не де болса күдіксіз тау . . . Таудың өзі жақсы еді . . . Амал не? Көк тұман мен алыс ақ бұлттарға қоршалған ана бір айдын төскей, анау бір алып тауға көз қырын тастады.

Қарлы қыс етектен түре қуылып, қаңғып шығып, тау басына тізе бүгіп, артын малып отырып қапты. Жалынғаны меңіреу аспа-ны, сүйенгені суық бұлт.

Қыс пенен кектемде шаруаның қиыншылығымен бірге қабаттап арқадан қысып, әлекті салып ең . . . «Кетші, кете түсші», - дегендей боп тау жотасындағы қыс белгісіне өшпенділікпен суық қарап ап, Несіпбай қайтадан аяқ астындағы шөптерге тесіле бастады.

Бір мезгілде аяғы тайып кетті. Оң жақта бір күдікті көрінген шөпке қадалып келе жатып аяғының астындағы тікше, тайғақ кемерді байқамай қапты.

Қол-аяғы сербеңдеп азғана калбақ қағып қалды да, бір мезгіле артымен жалп етіп отыра кетті. Шапанының етегі де лап етті. Қалдайған, қастекі қара бөрік басынан ұшқан бетінде ойдан ойды қуалаи төмен қараи зыр қақты.

Несіпбай есін жиғанша төменгі жағында бірдеме дүр-дүр етіп, жел күнгі өрттей лаулады . . . Есіне сонда түсті. Кемердің астында жусап жатқан қой-қозы бар екен. Құлағанда соны үркітіп, бей-берекет қылыпты.

Несіпбай көк шалғынды уыстай жұлып, өрге-қарай тырмысып қайта тұрды. Көкейін кескен өзге емес. Қүлар алдында бір күдікті, көзі шалып қалған. Сол араға келе бере шөге қалды.

Айтпап па ем пәле деп . . . Міне кәпір қүзғынның өзі деп, бір топ шытырды жұлып алып жерге атты. .

Сол кезде мұның ойға барып түскен бөркін алып Күзенбай келді. Оның сыбдырына бұрыла бере Несіпбай:

- Көрдің бе, қырсықты . . . - дегенде, өздеріне мәлім жайды іле жөнеліп:

- Атама, бар демеп пе ем. Бар. Тек амандық берсін, - деп титығы құрыған амалсыздықпен күрсініп алды.

- Қаран қалсын, қаран қалғыр, -деп Несіпбай барлық үлкен денесі, өне бойымен бір үлкен дағдарыс белгісін білдіріп, жалаң-бас басын сол қолымен сүйеп, мелшиіп калды. Оң қолы әлдеқандай шөпті алып, қалың жирен мұртының астына кіріп, қажетсіз, себепсіз тісін шұқиды, Бұ да Несіпбайдағы дағдарыстың сырт белгісінің бірі.

Екеуінің аяқтарының астында, аз төменде ерекше мөлдір сулы Тастақ өзені жатыр. Екі жағы майыскан әдемі көк балауса. Айрықша бір жарастығы бар, біркелкі өскен ал күре шалғын. Сол екі жағада жоғары-төмен созылып, түскі жусауын өткізіп, совхоздың бір сақпан койы жатыр. Екеуінің міндетіндегі қой. Бұлардың есі-дертін билеген, ойы мен бойын түгел жеңген жалғыз уайым, жалғыз мұң осы койлар муңы.

Үстінде тұнжыраған көк мөлдір күмбез май аспаны. Сондайлық көк мөлдір тұман, сағым ішіндегі қиял тауы - Алатау. Қиыршық құмды таза арнамен сыбдырлай түсіп, шалғын қуалап, жағасын желкілдетіп ақкан қасқа бүлақ. Жота-жотада бүлың-бүлың етіп, жайқала түсіп, құлпыра толқып түрған қызғалдақ торғындары. өзектің салқын лебімен ырғала түсіп, оңды-солды толқып жатқан жоғары-төмендегі көк шалғындар . . . Жүздеген әндер мен шырыл Қаққан әлдеқайдағы торғайлар. Алатау гүлдеріндей мың түсті боп жадт-жүлт етіп ұшқан көбелектер бәр-бәрі де бұл екеуінің қазіргі күйінде көздеріне көрінбейді. Сезілмейді.

Ақырын өсіп өз бетімен өтіп жатқан есепсіз, әсерсіз, мағынасыз бір ағымдар.

Екеуінің көзі де қойда. әсіресе қозыларда . . . Бәрінің де үстері, және де, су болған. Марқа қозылар мен шуда жүн Еділбай қойларының үстері бүгін мына ашық күнде аз құрғаса да, әлі де сыбасып тұр.

Шайыры кетіп, жауынға шайылған жүн. Жаңадан жылаған көз-дің кірпігі жабысып жасаңсып түрмай ма? Соған ұқсайды.

Бүгін, қазір Несіпбайдың іші де сондай жылап тыйылған, жасын іріккен іш тәрізді.

Сондықтан ол куана алмайды. Кеше соққан сеңнен бүгін әлі серги алмайды. Үндеспей ұғысады. Күзембай күйі де сол.

Келбетті сары түсті, қырма сақал, қой көзді Несіпбайдың бет әжімдерінің бәрі қазір ерекше тереңдеп тұр. Әр жерінде көкшіл көлеңке бар. Кейде белгісіз тістенген уарында шеке, самайына шейін бүлкілдейді. Басы тағы төмен. Етті қалың қабағы зорға ашылып, зорға жұмылған сияқтанады. Елестеп кешегі сурет келеді. Көз алдына келе бере іркіледі.

Ыза ма, өкініш пе, әлде өкпе ме? Не дерін білмейді. Көнгісі келмей тыртысады. Бір минутқа, ішін сара тілген өткір сезім, біздей сұғып шаншып өтті. Мол денесі білдемеден оқ тигендей бүрісіп құрыса берді. Қабағы тастай түйіліп кетті. Есіне алғысы келмей өзімен-өзі алысқан тәрізді. Бірақ болмады. Кешегінің суреттері қорғаншақ ойдың таса-тасасымен бүкшиіп, бұғып, баспалап бірі артынан бірі келе берді.

Совхоздың өндіріс кеңесі еді. Халық мол. Жауапты адамдар, директор, ферма бастықтары, политотдел, үлкен шабандар - бәрі де күйзеу, рабочкомнан Зылиха. өзінің Зылихасы. Талай тар ке зең, тас кешуде бір өткен Зылихасы.

«Ұрғанда мені сен ұрдың-ау. Мұқатайын деп пе едің? Не кегің бар еді? Не жазып ем?. . » - деген сияқты өзін актағысы келген өкпе аралас кінәлар бірі үстіне бірі тықпалап, алғашқыда Зылиханы бұған жеңдіріп бара жатқан сияқтанды.

Жоқ . . . Жоқ . . . Ол кұр ашу, қара боран ғой. Қазақшылық қой деген бір күдік тағы шығады.

- Не көрсем бірге көргенім рас. Жолдасың екенім де рас. Бірақ совхоздың міндетті қызметінде отырып, кеңестің саналы азаматының катарында отырып, сені құр байым екен деп ақтай берейін бе? Өйтсем өлгенім артық емес пе? - десе қайтем.

Пай-пай . . . ащы да болса шын-ау . . . Несіпбай дағдарып бары күрсінді. Кұр тісін шұқиды, түкіре берді.

Қасынан Күзембай да тұрып кетіпті.

- Оның рас-ақ болсын. Ал қатты айтканың не?

- Айтпай қайтушы ем?

- Айтқанда не дедің? Не дедің? Мен жаман-жақсы болсам да Несіпбайың емес пе ем? Совхоздың жаманы мен бе едім?

- Қиялама. Оның кара дау . . . - дегендей болады Зылиха. Тағы күрсінеді Несіпбай. Тағы қабақ түйіліп; іш шаншып кетті.

- Не қарап жүрдің, не қара басты, жас күніңнен көрген-бақ-қаның қой емес пе еді? Шытыр болса, алғаш керіп отырғаның осы ма еді? Байдың қой-қсзысын бағып жүргенде бір күнде үстіп он -қозысын өлтірсең не көрер ең?. .

- Апыр-ай, ең ащың осы болды-ау . . . Қамшыладың, дүреледің-ау, Бәлем қатын . . . Осыныңа егескенде осы . . . - деп қажырланайын десе де Иесіпбай: «Пәлен етіп жіберейін бе?- дегенді айта алады.

Қайтадан сүлық түсті . . . өз-өзінен басын изеп:

- Сенікі рас . . . Ал жеңдің. Дегеніңе жете бер. Мейлің, мейлің . . .

Бірақ бұ да ауыр. Өкпе, кінә . . . Тағы кішкене көтеріңкіреп:

- Кінә болса кінә, иә . . . Ал бәрі рас. Сонда мені баяғы бай қатынынша, адуын, көк айыл, дүние қоңыз қожайын бәйбішеше жер-легенің не? Ал . . . - дей бергенде Зылиха көз алдында отырғандай малдасын құрып шаншылып қоқиланып алды.

- Бәлем осы арада қысылмай аман қалшы, - деп сұрланып та алды.

Сырт қарағанда Зылиханың бүл әлсіз жері екені рас, Ол бүрын осы бөктердің, нақ осы ТасГақ өзенінің иесі болған Дулат байы Жүсіптің қатыны болатын. Бірақ болғаны не керек. Оған да Зылиха қосылмайды . . . Өкпеші дәукес ой, шын жаиды еске алған саиын ұтылып, тоналып жүтай берді.

Бай болғанда қойлы бай. Бірақ сасық, дүние қоңыз құнсыз еді. Зылиха - үш қатынның бірі. Жастай алған, малға қызықтырып, кедей сорлы әкесін әрі алдап, әрі сызын еткізіп қорқыта жүріп алған. Кәрі бай Зылиханың жарық күнін түнге айналдырған. Жанар отын сөндіріп, тіршілігін күл беттендірген. Жар қызығының орнына көн боп кепкен кәрі шал, Зылихаға мал қызығын ұсынды. Онысы өзге емес, сол қалың қойды ертелі-кеш тынымсыз бағып-қағу. Қозы алу, қозы салу, қой сауу, құрттаған, биттегенімен алысу. Шалдың айғайымен бірге секіріп тұрып түн үйқыны төрт бөліп, қалғи-шүлғи жүріп сары ала етек боп сарп ұру . . .

Зылиха ойлап көрсе, ол бір шынымен с. атып алынып, мал соңына салынған атсыз, тәңір жарылғасынсыз малшы, күн-малшы еді. Мұнын, бойындағы жастық ажарын сыидырып, жас қанындағы тір-шілік отын әтіпремін, жоямын деген есеп еді.

- Сонда шіркін, құдай кәні, бір, қасқыры қатты болған қоным та, жаңбырлы күз түнінде қой шетінде күзетте отырып, әлі күнге сырт дүниеден бүркеп тығып сөндірмей келген өмір шырағын, ыс-тық жас күшағымен бірге саған бермеп пе еді, Несіпбай-ау? Екі ең-бекші, екі бейнетқор қолы түн қараңғылығының, өмір қараңғылығының ортасында, бірін-бірі сипалап кеп таппап па еді? Шын табыспап па еді? Берік ұстаспап па еді? Көрген-баққаны сен емес пе ең?

Жирен мүрт болар-болмас күлкімен жиырылып, басы да бір-екі шұлғығандай болды.

Арты 17-жыл. Әйел бостандығы. Бүрын шеңгелдеп түтқан ескі құрсау, енді ең болмаса босағандай боп, екеуінің етегіне кеп оралды. Бірақ 17-жылда қосшы, одан партияға кірісті. Бұлар жеңді.

Содан Зылріханың табаны тайған жоқ, Жүсіптен алғаш көргені кесел болса да, бері келе басқа нәрсе айналды. Бейнетқордың бәрі ететін ащы тәжірибе, өмір сабағы болып, өміріне жол азық болды. Қешегі жиын ішінде Несіпбайды бетке ұрған, қамшыдай ширықтырған Зылиха сөзі. Зылиха мінезі өзгерген, өскен; Зылиха мінезі орынды . . . Айтар дау жоқ, - деп аз тұнжырап отырып:

- Құрысын, - деді. Жеңілгені, көнгені . . .

- Арқасы шилі болған аттай шыға қап тұрасың-ау, ескінің сызы, - деп өзін-өзі бір тежеді, Мойын қатып, сіресіп тұрғаныңмен, ақыры шындыққа көзің жетіп, қиын да болса енді кеп ойысып ба-рып соған көнудің өзі де көңілге бір медеу емес пе? Ойлап, талдап шықпаса да Несіпбай осыны көкірекпен сезді. Калтарысы жоқ, то-мырыла кететін морт көңілінде ол шыншыл, әділ болатын. Бас кетсе де дұрысты дүрыс деу түп қазығы.

Кешеден ішінде дүмбілез боп, шиеленген түйіндей боп байланып бір ыза қып, бір өкпелетіп, біресе ашу шақыртып жүрген бір жай осылайша шешілді.

Қой жусап жатыр. Тоқ бүйі. рлері солықтай түсіп ыстык, ашық, жайлы күннің астында көз жұмып күйіс кайырысады. Қозы, лақ қана біресе езенге барып тамсана түсіп, бастарын жерінгендей шұлғи-шұлғи тастап, шулайды. Біресе енелерінің айналасында қойқактап секіріп, ырғып ойнақ салады.

Өнген, өскеннің жарастығын даттап түрған көрікті дүние енді ғана Несіпбайға жадырап қараған әлпетті. Сөйткенде кешегі істе-гінің тағы бір толқыны лық етіп, сырғып келді. Ол жиынның түйіні сол еді.

Кеше таңертең осы қойдан, осы Күзембай Несіпбай отарынан сазандап 10 қозы өлді.

Көктем калың жауынды боп, көк қаулап қатты өсті. Қауырт есті. Осындайда дәл осы бөктердің ерте күннен қалмай келе жатқан бар пәлесі болушы еді. Ол - шытыр деген у шөп.

- Он шақты күн болды. Сол пәле білінгеннен бері ферма-ферма-ның бәрі бірдей қой өлтіре бастады. Қыстан жаға жұлынып, етек жыртылғандай болса да тіс, тырнақты салып, малды түгел амандап шыққан қой совхозы.

Енді совхоздың барлық-еңбекшісі үмітті де қуанышты. Өздеріне сенім бітіп, еңбек жанрандай болып, тіршіліктері күле қарағандай еді. Мынау өлім, күтпеген пәле болып жаман үйлықтырды. Ферма-ферма, кашар-қашар қайда барарын білмей, шытырдың бабын таба алмай сеңдей соғылды. Мамандар індет себебін, шытырдың бітімін, тек затын зерттеп жатыр. Бірақ не керек, қой өліп тұр.

Екі ферма шытырдан құм таза болар деп 40-50 шақырым жердегі қумға қашты . . .

Несіпбай өткеннің бір тәжірибесін еске алып: «бір қабат тауға кіре тұрсам не етеді?» деп өз қашарын алып сол мына тұманды өскейге өрлеп еді. Шытыр болмады. Қой өлімі жоқ. Үш күн аманақ етті. Совхоздың қысылғаи күнінде талай рет осындай шығыс тауып жүрген Несіпбай еді. Көңіліне қуаныш та, мақтан да кіре бастап еді.

Бұдан да қырағымын, жырындымын деген Жартыбай шабан қумды сағалап, алысқа мойын созса, бүл совхоздың жалпы жоспарын бұзбай, жақыннан-ақ шығыс тапқан сияқты еді.

Бірақ дәл кеше сол Жартыбай есебі дүрысқа шыққандай боп, бұл- бір тосын апатқа ұшырап қалды.

Таңертең күн ашық болды. Тау қойны ешбір жаман ырым шек-кен жоқ, меңіреу, тілсіз, дүлей әуе не бүккенін кім біледі? Қой, қозы тыраңдап қара шаттың бір тік бетінде шашырай жайылып жатыр еді. Мал ортасында Несіпбай өзі. . Және Күзембай мен баска екі шабан да болатын.

Тау оты қой бүйірін күн жайылса да қампита қапты. Соны тамашалап жүріп айналаға көз салмап еді. Ұлы сәске кезінде құмнан, теңіз жақтан сайтандай боп, болымсыз сүр бұлт шықты. Шығысы-мен быксыған індеттей боп, сүріне-қабына асыққан тәрізденіп, тауға қарай ұмтылды. Барған сайын құрдым, шөл бітімдес жүтаң сұрлық қоюланып қалыңдай берді.

Тау ішінде жүріп бұлар байқамап еді. Бір сәтте аспанның қақ жартысын басып, жоғарыдағы бніктің басын қоршап алды. Алдамшы күні сөніп, әлдеқайда тығылып кетті. Ес жиғанша болмады, шатыр-шұтыр нажағай ойн-ап, алғаш соққан жел лебімен бірге нөсер де қүйып берді. Секунд сайын аспаны мен тауы қоса күтірлеп, Алатау бүгін ғана дайта туып жер астынан енді ақтарылып шығып келе жатқандай болды.

Қой-қозы біресе ыға жөнеліп, біресе дірдектеп бастарын ыққа бұрып, жонын төсеп көрді. Бишара жас қозы ене бауырына басын тықты. Кейде нақ төбелерімен жарық беріп, шарт еткеыде ніріліп, ықтап түрған қон дүрік беріп жарылып та кетеді.

Несіпбай мен барлық шабан қатты састы. Енді Несіпбай ойынан жортып өткен күдіктің бір үздігі:

- Ай, жаңылмас игі едім. Жартыбай кәпір айтып еді, сол ақыл таппаса игі еді . . . Бұршақ деп еді-ау, - дей берді.

«Шығасыға иесі басшы» болғаны ма? Аузын жиғаны сол-ақ екен. Нөсер шын бұршак, мұз бүршакқа айналып сала берді.

Киіз калпақтың сыртынан сытырлатып үрып барады. Барған сайын соққысы катаң. Жерге түскені шоршып-шоршып түсе баста-ды. Күн де сәттің ішінде суыта берді.

- Ай, ірілеп кетті-ау, кәпір, жазым қылмаса игі еді.

- Кесектеп-кесектеп кетті-ау.

- Енді қайттік?

- Қылды-ау, қылды-ау қыласыны, - дей берісті. Сол арада Несіпбайдын, көз алдында, енесінің бауырына артын тығып тұрған қызыл касқа қозыға бір кесек бұршақ қара құстан сақ етті. Сол секундта жас қозы, ыршып барып қалпактай түсті. Сұп-сұр боп бір сәтте қартайып кеткен Несіпбай жүзі, енді бір ой-мея есін жиғандай болды, жаңағы қозыға карай тап беріп:

- Шөкем-ай, бишарам-ай, - деп кеп үстіне өз денесімен төне, беріп қоршай қалды. Болмады, бул алғашкы ғана тұяқ серпу сияқ-ты еді.

- Осыдан соң есін жиып, айғай салып, бар қойды бір араға шырық иіруге тырысты.

Орындарынан тапжыла алмай, есі шығып калған қойлар оңайлықпен иірілмеді. әйтседе барды салып қарбаласып жанталаса жүріп, - 4-5 жүз қойды болса да бір араға шоқтай кып иіріп алды. Жалғыз айла, Несіпбай тапқан айла осы еді.

Иірілген қойдың іші үсақтарына - козы, лақка пана болды. Соққыны қатқан сіңір, үлкен қойлар ғана көретін болды.

Бірак керегі не? Қырсыкты таудың бар бұршағын бір өзінің басына алудан тартынбас еді. Дәрмен, талап бәрі ақтарылып, төгіліп қалғандай болды. Он қозы өлді. өзге талай қозы әлсіреп, миы айналып, мүгедек боп калды. Кешегі жиында Несіпбай басын сарапқа салдырған осы опат. Бүгін міне кайта қашып, тауды адыра тастап тағы балаққа кеп отыр. Сенбейді, шытыр мынау.

Қойдың алды өре бастады. Бір шеті өзеннің арғы жағасындағы қыраңға шығып кетіпті. Күзембай сонда жүр екен. Несіпбай орнынан тұрғанда, ойдағы қойдың бәрі өрді. Сонда көрді . . . Ойлаған күдігі куттірмейін деген екен.

- Уа, кесел, оттан қашсам, суға ұрындырдың ба?- дей берді. әне, ана кой тулап жатыр . . . Жүгірді . . . Белгілі, іші кеуіп кетіпті. Улаған ғой, торсиып дөңбектей боп, іші шаңырақ атып кетіпті. Жүгіре басып, жанынан дәрігер берген бізді түтікті суыра келеді. Анадан Күзембай да бірдеме деп дабырлай жүгірді . . . Ол алыста. . Жеткенше қашан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезовтің шығармашылық ғұмырнамасы
Мұхтар Әуезов – балалар жазушысы
Мұхтар Әуезов және балалар әдебиеті
азушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі аса ірі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов
МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ӘҢГІМЕ ЖАНРЫН ОҚЫТУ
Абай жолы - Әуезов творчествосының ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің шарықтап шыққан шыңы
Мұхтар Әуезов тағылымы
ӘУЕЗОВ МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ- қазақ совет жазушысы
Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларының тәрбиелік қызметі
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz