Windows-ды баптау


Реферат

«Программаны іске қосу тәсілдері. WINDOWS-ды баптау.

Қызмет көрсету қосымшалары: дискіні тазалау, тексеру, дефрагментация»

Windows-ті іске қосу.

Windows-ті іске қосу процесі - қолданушының қатысуын қажет етпейтін тізбектелген операциялар жиынтығын құрайды. Оның жұмысы компьютерді іске қосқаннан-ақ басталады. Операциялық жүйенің қосылуының арнаулы схемасы бар:

Алғашында, компьютерді қосқанда тұрақты жадта орналасқан BIOS жүктеліп, дербес компьютердің құрылғыларын басқарудың тәсілдерін қарастырады. Кейін, компьютердің құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуі үшін драйверлер қажет. Олар оперативті жадыға жүктеліп компьютер сөнгенге дейін сонда сақталады.

Операциялық жүйе құрылымының бірнеше файлдары бар: config. sys, autoexec. bat, win. ini, system. ini. Олардың арқасында жүктелу процесін басқарып

Графикалық қабықшаның жүктелгенінен кейін диалогтік терезе ашылып, пароль жазуынызды сұрайды. Бұның себебі мынада болуы мүмкін:

  • Компьютер желіге қосылып тұр;
  • Компьютерді бірнеше қолданушы қолданады, олардың әрқайсысында өзіндік ерекше интерфейсті қолданады;

Программаларды іске қосу және құжаттарды ашу.

Программаны іске қосу және құжаттарды ашу - қолданушының компьютерде ең көп жасайтын операциялары.

Программаларды іске қосуды түрлі әдістермен орындауға болады.

Ең қарапайым әдіс - программаларды Windows-тің Бас менюі арқылы қосу. Көптеген программалар жазылғаннан кейін Бас менюде немесе жұмыс үстелінде жарлықтар жасап кетеді. Бұл жарлықтармен де программаларды іске қосуға болады.

Кейде программаның жарлықтары Бас менюге автоматты түрде жазылмайды. Онда қолданушы программаны оның жұмыс каталогінен қосады.

Программаны іске қосу - бұл қосымшаның негізін құрайтын файлдардың оперативті жадыға жазылуы. Нәтижесінде тапсырмалар тақтасында программаны көрсететін батырма пайда болады және қосымшаның терезесі ашылады. Бірақ, терезе ашылмауы мүмкін, себебі, біріншіден, программа ешқашан терезе ашпайды, екіншіден, терезе оралған түрде ашылған. Құжатты ашу мына екі іс-әрекетті орындаумен орындалады:

Бұл құжатты өңдей алатын программаның іске қосылуы;

Құжаттың бұл программаға жүктелуі Загрузка

Нәтижесінде қосымша ағымды болады да құжат автоматты түрде ашылған терезенің ішінде орналасады.

Каталогтар. Каталог және файлдармен жұмыс.

Әрбір дербес компьютердің қолданушысына, қашан да болсын каталог немесе файлдармен жұмыс істеуіне уақыт келеді. Көп файлмен жұмысты ыңғайлы ету үшін каталогтар құрылады.

Windows-те қажетті каталогты ашқан соң мынаны істеуге болады:

  1. оның мазмұнын қарау және ішінен белгілі бір файлды ашу;
  2. Файлдарын көшіру, жою, ашу;
  3. Ішіндегі программаны ашуға болады;
  4. Құжатты ашу;
  5. Каталогта жаңа құжат немесе жаңа каталог құру;

WINDOWS - тің негізгі обьектілері.

  1. Жұмыс үстелі.

Экраннан жүйелік буммалар, құжаттар мен жарлықтардың әр түрлі шарт белгілері көрінеді. WINDOWS - тің экраны жұмыс үстелі деп аталады. Жұмыс үстелінде Менің компьютерім (Мой компьютер), Қоржын (Корзина), Желілік орта (Сетевое окружение) т. б. шарт белгілері орналасқан. Желілік орта (Сетевое окружение) шарт белгісі желемен байланысқан компьютерлерге қатынас жасау мүмкіндігін береді. Әр шарт белгінің өзіндік атқаратын қызметі болады.

  1. Тапсырмалар тақтасы.

Жұмыс үстелінің төменгі жағындағы көлденен жолақ - Тапсырмалар тақтасы (Панель задач) деп аталады. Онда программаларды жылдам іске қосуға, файлдарды іздеуге, анықтама алуға мүмкіндік беретін “Іске қосу” (Пуск) батырмасы орналасқан.

Іске қосу батырмасына тышқанды шерткенде Бас меню (Главное меню) ашылады. Бас менюдің командалары келесі деңгейдегі менюлерден құралуы мүмкін. Мұндай командалардың оң жақ шетінде белгісі тұрады. Бас меню Ctrl +ESC пернелерін басқанда ашылады. Бұл тәсілді Іскке қосу батырмасы экранда көрінбей тұрғанда пайдаланған тиімді. Бас менюдегі командалар қатарын әр адам өз қалуымен өзгертуіне болады.

  1. Тышқан тәрізді тетік.

Тышқан тәрізді қол тетіктін екі немесе үш батырмасы болады. Оның сол жақ батырмасы - негізгі, ал оң жақ батырмасы - қосымша, ал ортанғы - программалау батырмасы болып саналады. Экранда тышқан курсорының түрі жұмыс режиміне қарай әртүрлі болып отырады.

1 сурет. Тышқан тәрізді тетік және оның курсор түрлері.

Тышқанды шерту - оның сол жақ батырмасын бір рет басып, қайта босату арқылы орындалады. Екі рет шерту - сол жақ батырманы жылдам екі рет басып, қайта жзібері арқылы іске қосу.

Тасымалдау - курсорды кез келген шарт белгіге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап, курсорды қажетті жерге орналастыру арқылы жүзеге орындалады.

Терезе көлемін өзгерту - курсорды терезе жақтауына орналастырып, ол екі жақты тілсызыққа айналғанда, тышқанның сол жақ батырмасын басулукүйде ұстап, терезе жақтауларын кез келген бағытта ығыстыру.

Жанама немесе динамикалық мәзірді шақыру - тышқанның оң жақ батырмасын басып, қайта босату арқылы орындалады.

Тышқанның көмегімен Windows операциялық жүйесін және оның қосымша программаларының жұмысын басқарамыз. Мысалы : кез келген командаларды орындаймыз немесе суреттер саламыз, оның бөлігін қиып алып басқа орынға қоямыз, т. б. .

  1. Менің компьютерім.

Жұмыс үстеліндегі Менің компьютерім шарт белгісі, компьютердегі бүкіл бумалар мен файлдарды жинақтап қойған кішкене қобдиша тәрізді. Компьютердегі бумалар мен файлдарды көру үшін, тышқан күрсорын осы шарт белгіге орналастырғаннан кейін, сол жақ батырманы екі рет жылдам шерту керек. Сол сәтте экранға Менің комьпютерім программасының терезесі шығады. Бұл терезе Windows жүйесінің барлық стандарты терезелері сияқты тақырып, меню, саймандар тақтасы қатарларынан, басқару батырмаларынан және қалып - күй қатарынан тұрады. Терезе ішінде компьютердегі барлық дискілер тізімі көрініп тұрады, олардың қажетті бірінің атына тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы кез келген дискінің ішкі мазмұның көру мүмкіндігі бар.

Менің компьютерім терезесінде А:, С: және Е (компак - диск) дискілерін білгішелерін орналасқан. С: дискісі таңдалынып алынған. Бұл терезеден бумалар, ақпараттың сақталу типіне тәуелсіз әртүрлі шартбелгілер түріндегі құжаттар көзге түседі. Осы терезеден бірсыпыра қосымша программаларды сақтайтын Windows бумасында тышқанды екі рет шертсе, экранда Windows терезесі шығады.

CALC - файлында тышқан тетігін екі рет шертсе, кәдімгі есптеуіш калькулятордың терезесі ашылып, амалдарды орындау мүмкіндігі туады. Ал, картаның суреті бар SOL файлы арқылы пасьянс карта ойының іске қосуға болады.

Жұмыс үстеліндегі Тапсырмалар тақтасында (Панель задач) орналасқан сағатты түзету үшін, курсорды сағаттың үстіне орналастырып, тышқанды екі рет шерткеннен кейін шығатын Қасиеттер : Дата / Уақыт (Своиства : Дата / Время ) диолог терезесінің Дата және Уақыт (Время) өрістеріне қажетті шамаларды енгіземіз.

Қызмет көрсету қосымшалары:

Дефрагментация - локальды бөлімдерді анализдеп, фрагментацияланған файлдар мен каталогтарды олар дискіде біріңғай аумақ алып жататындай етіп біріктіреді. Нәтижесінде файл және каталогтарды жазу немесе оқу жылдамдығы артады. Файл және каталогтардың бөлек бөліктерін біріктіре отырып дефрагментациялау программасы дискідегі бос орынды да біріктіреді. Дефрагментацияға кететін уақыт бірнеше факторлерге тәуелді: диск көлемі, фрагментациялау дәрежесі және файлдар саны мен олардың көлемі. Дефрагментация жасаудың алдында томды анализдеу арқылы бүкіл фрагментирленген файлдар мен каталогтарды табу керек. FAT, FAT32 және NTFS файлдық жүйелердегі томдарды өндеуге мүмкіндік береді.

Дискті тексеру және қателіктерін жою программасы. Диск жұмысында қателіктерді табу үшін арналған. Ол программаны іске қосқанда дискпен басқа жасау мүмкін емес. Ол, әдетте өз жұмысын операциялық жүйе іске қосылғандағы уақытқа тағайында қояды. Дискіні тексеру уақыты ондағы файлдар санына және көлеміне байланысты.

Дискідегі файлдарды архивациялау программасы. Файл және каталогтарды архивациялауға немесе бұрыңғы қалпына келтіруге арналған. Сонымен қатар, мұнда авариялық диск құруға және архивациялауды немеме файлдарды бұрыңғы қалпына келтіру программасын белгілі бір күнде орындалуын тағайындап қоюға болады. Көбінесе, бұл қосымшаны қажетті файлдарды сақтап қалу үшін қолданады, себебі операциялық жүйе немесе компьютер құрылғыларының біреуінің сыр беруінен қолданушыға қажетті құжаттар жойылып кетуі мүмкін.

Қызмет көрсету қосымшалары программаларын орындау бұл салада көп білімді қажет етпейді. Әрбір программаның өзінің операцияларын орындауға көмектесетін шебері бар.

Операциялық жүйені баптау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желілік қатынас құрудан қорғау
Программаны қосу және жою
Жергілікті есептеуіш желіні баптау
Мультимедия
Дыбысты кодтау
Географиялық аймақ бойынша желілерді классификациялау
Delphi- де программалау
Delphi ортасы – программа жазудағы ең бір қуатты жүйелердің бірі
WORD редакторын тағайындау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау
Компьютерлiк вирустар жайлы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz