Ежелгі және Орта ғасырдағы Қазақстан



1) Ежелгі егінжілер мен бақташылар ... ... ... .. 3
2) Тайпалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
3) Андроновшылар шаруашылығы ... ... ... ... ... .5
4) Кеншілер және металлурғтан мен
құмырашылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
5) Халық,қоғам,әдет .ғұрып ... ... ... ... ... ... ... ... 8
6) Діні мен өнері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
7) Тастағы суреттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Адамның егіншілік машығын игеру процесі, жабайы дәндерді, жеміс пен жидекткрді жинап- теруден оны өсіруге көшуі сан мыңдаған жылдарға созылды. Ғалымдар мәдени дақылдарды өсіріп жетілдірген кезең б.з. дейінгі VIII- VII мыңжылдықтар деп шамалайды және ол бәрінен бұрын Кіші Азияның таулы аудандарында пайда болса керек. Б. з. дейінгі VI-V мыңжыл егіншілік әуелі Түркіменстанның оңтүстігіне, Копетдаг алқабына жетіп, сосын Орта Азияға тарайды. Қазақстанның таулы және далалы аудандарына қола ғасырында б.з. дейінгі III мыңжылдық аяғында келеді.
Егіншілік пен бірге малшаруашылығы да пайда болады. Ғалымдар әуелі пайда болған егіншілік пе, әлде малшаруашылығы ма?- деген сауал жөнінде ұзақ дауласады. Адамның соның екуін де бір мезгілде қатар игергені кәзір айдан анық. Егіншілік топырағы құнарлы, суы жеткілікті жерде дамыған. Ал, құнары аз, қуаңшылығы басым аудандарда малшаруашылығы өркендейді. Сулы-нулы жерлерде малшаруашылығы егіншілікпен қабаттаса қанат жаяды.
Б.з. дейінгі II мыңжылдықтың бірінші ширегі біткен кезде евразия даласында қоланы ойлап шығарады. Ежелгі адамдар жезге қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтеді.
Қоладан ұңғылы балталар мен сүңгілер жасауды үйренеді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қола ғасырында андроновтық археологиялық мәдениетке жататын жәдігерлер ( мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер)қалдырған.(Ал ескі мола ең әуелі Андроново селосы жанынан -Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы іргесінде қазылып табылғандықтан, шартты түрде осылай аталып кеткен). Со жердегі қазу жұмыстарын 1913 жылы Б. В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М. П. Грязное осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері – шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі – орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Кейінірек андронов ескерткіштері Қазақстанның түскейінен, Жетісу мен Орта Азиядан да табылды.
Андронов мәдениетін зрттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі хронологиямен, уақыт межесін анықтау ісімен байланысты. Зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі: ерте қола -б.з. дейінгі XVIII-XVI ғ.ғ.; орта қола –б.з. дейінгі XV- XIIғғ; кейінгі қола – б.з. дейінгі XII-VIII ғ.ғ. басы. Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес, федоров, алакөл, замараев кезеңдерін көрсетеді деп есептелді. Бірақ кейін Федоров ескерткіштері ерте қола уақытына емес, орта орта қола уақытына жататыны даталанды,сөйтіп андронов мәдниеті дамуының сындарлы суреті бұзылды.
1) Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін /Очерк/.
Т.А.Мансұров,К.Н.Нүрпейісов,К.А.Пйщулина.Ю.И.Романов.
2) Жолдасбайұлы.С. Ежелгі және Орта ғасырдағы Қазақстан.
3) Гумелев. Көне түріктер Алматы 1994.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1) Ежелгі егінжілер мен бақташылар ... ... ... .. 3
2)
Тайпалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
3) Андроновшылар шаруашылығы ... ... ... ... ... .5
4) Кеншілер және металлурғтан мен
құмырашылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
5) Халық,қоғам,әдет –ғұрып ... ... ... ... ... ... ... . ...8
6) Діні мен
өнері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...9
7) Тастағы суреттері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .10
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ...13

Қола ғасыры

1) Ежелгі егіншілер мен бақташылар.

Адамның егіншілік машығын игеру процесі, жабайы дәндерді, жеміс пен
жидекткрді жинап- теруден оны өсіруге көшуі сан мыңдаған жылдарға
созылды. Ғалымдар мәдени дақылдарды өсіріп жетілдірген кезең б.з. дейінгі
VIII- VII мыңжылдықтар деп шамалайды және ол бәрінен бұрын Кіші Азияның
таулы аудандарында пайда болса керек. Б. з. дейінгі VI-V мыңжыл егіншілік
әуелі Түркіменстанның оңтүстігіне, Копетдаг алқабына жетіп, сосын Орта
Азияға тарайды. Қазақстанның таулы және далалы аудандарына қола ғасырында
б.з. дейінгі III мыңжылдық аяғында келеді.
Егіншілік пен бірге малшаруашылығы да пайда болады. Ғалымдар әуелі
пайда болған егіншілік пе, әлде малшаруашылығы ма?- деген сауал жөнінде
ұзақ дауласады. Адамның соның екуін де бір мезгілде қатар игергені кәзір
айдан анық. Егіншілік топырағы құнарлы, суы жеткілікті жерде дамыған.
Ал, құнары аз, қуаңшылығы басым аудандарда малшаруашылығы өркендейді.
Сулы-нулы жерлерде малшаруашылығы егіншілікпен қабаттаса қанат жаяды.
Б.з. дейінгі II мыңжылдықтың бірінші ширегі біткен кезде евразия
даласында қоланы ойлап шығарады. Ежелгі адамдар жезге қалайыны қосу
арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтеді.
Қоладан ұңғылы балталар мен сүңгілер жасауды үйренеді. Қазақстан
жерін мекендеген тайпалар қола ғасырында андроновтық археологиялық
мәдениетке жататын жәдігерлер ( мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы
суреттер)қалдырған.(Ал ескі мола ең әуелі Андроново селосы жанынан
-Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы іргесінде қазылып табылғандықтан,
шартты түрде осылай аталып кеткен). Со жердегі қазу жұмыстарын 1913 жылы
Б. В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М. П. Грязное осындай
қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері
– шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі – орасан зор
территорияға тарағанын анықтады. Кейінірек андронов ескерткіштері
Қазақстанның түскейінен, Жетісу мен Орта Азиядан да табылды.
Андронов мәдениетін зрттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі
хронологиямен, уақыт межесін анықтау ісімен байланысты. Зерттеушілердің
көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге
бөледі: ерте қола -б.з. дейінгі XVIII-XVI ғ.ғ.; орта қола –б.з.
дейінгі XV- XIIғғ; кейінгі қола – б.з. дейінгі XII-VIII ғ.ғ. басы. Бұл
кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес, федоров, алакөл,
замараев кезеңдерін көрсетеді деп есептелді. Бірақ кейін Федоров
ескерткіштері ерте қола уақытына емес, орта орта қола уақытына
жататыны даталанды,сөйтіп андронов мәдниеті дамуының сындарлы суреті
бұзылды.
Мұның үстіне Федорров ескерткіштерінің ерте және кейінгі
кезеңдерге бөлініп,ыдырап кететіні анықталды. Оның бірінші тобы б.з.
дейінгі XV-XIV ғғ., екінші тобы –XIII-XII жатады. Егер бұрын ескерткіштер
Орталық Қазақстан мен Оралдан табылса, енді кейінгілері Батыс Сібірден,
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысынан, Орта Азиядан табылды. Әсілі,
федоров тайпаларының жан-жаққа тараған кіндігі Қазақстан болса
керек;оларды бұл арадан тайдырып жібергендер алакөл тайпалары, Орталық
Қазақстанға олар белгісіз бір батыс орталықтан келеді.
Хош, сонымен, алакөл мен федоров тайпаларыбір мезгілде өмір сүреді,
соның арқасында олардың өзара қарым-қатынасынан аралас типтегі
ескерткіштер пайда болады.Жетісуда жетісу типіндегі, батыста
қожамберді типіндегі ескерткіштер қалыптасады. Андронов мәдениеті
тұтас болмаған: бұл мәдениетте бір кездері соның аясында тіршілік
еткен тайпалар мәдениетінің сипатын, ерекшелігін білдіретін варианттары
анық көзге түседі, сол себепті де бізде бір қатар туыс мәдениеттерді
біріктіретін андронов мәдениеті қауымдастығы дп айту әдтк айналған.

2) Тайпалар
Орталық Қазақстанның тайпалары. Андронов қауымдастығы құрамына енген
тайпалардың тараған негізгі аймақтардың бірі Орталық Қазақстан
болған.Бұл өңірден коптеген мекендер,қорымдар,көне рудниктер,құрбардық
орырдары мен тастағы суреттер-петроглифтер,30-дан аса қорыстармен 150-ден
аса ескі қабыр табылып зерттелген.Орталық Қазақстанның андроров мәдениетіне
тән сипаты-оның монументалдығы,
Мазарларының күрделілігі,тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының
жетіле түскендігі.
Ертедегі Нұра кезеңі-жерлеу салтында кремация (мәйітті өртеу)басым
болған.Мәйітті табытқа салып қою рәсімімен де жерлеу кездеседі.Көлемі
шағын,үстіне топырағы үйілген қабырлар айналасына тақта тастардан дөңгелек
немесе тікбұрышты қоршаулар салынған.Қоршау ішінде не жерден тікбұрышты
шұңқыр етіліп қазылған,жиек-жиегі тақта таспен (циста)көмкерілген моланың
өзі, не тас жәшік болады. Жерлу біткесін ьола үсті тақта таспен жабылып
тасталып отырған.
Керамика қатарынан сырты үшбұрыштар мен меадрлар , басылымды қосар
сызықтар келісім тауып, жарасымды өрнектелген құмыралар көз тартады.
Дөңгелек қола айналар, қола моншақтар ұшырасады. Қабір ішінен мәйітпен
қатар үй жануарларының сүйектері де табылған.
Келесі-Атасу кезңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да
игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлмі күрт өседі, оны
көптеген тау кендрін өңдеу орындарынан байқау қиын емес. Бұл кезңнің
Былқылдақ, Қарасай, Тмір астау, Қарабие, Елшібек, Беласар сияқты қорымдары
тиянақты зерттеліп, белгілі болған. Қорымдар мен қоныстардың үлкен бір тобы
Атасу өзенінің бойында. Қорым қоршаулары ішінен шұңқырлар, жәшіктер, тақта
тас-цисталар кездеседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып
жерлеу жиірек ұшырасады.
Мәдениетті дамытуда метал өндіріп баоқыту орасан зор рөл
атқарған.Орталық Қазақстанның палеометалдық ошағы көрші жатқан
Алтай,Сібір,Орал өңірі сияқты аймақтар мәдениетін дамытуға да ықпалын
тигізген.

3) Андроновшылар шаруашылығы.
Андронов қоныстарының көпшілігі таулардан ағатын дала өзеншелері мен
өзектері жағаларына орналасқан.Олармен іргелес өзендер жайылмаларында
тұрғындардың егіні мен бау-бақшалары болған. Қоныста қазба жұмысын
жүргізген кезде тары ботқасы күйген құмыралар табылды.Солтүстік
Қазақстандағы Алексеев қонысы құрбандық қамбаларында бидайдың құдай
жолына берілген масақтары мен дәндері жатқаны анықталды.Малокрасноярск
қонысында орақтар жүзінен ап-анық,боп басылып қалған дәндер таңбалары
кездесті.Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжарар:дәнүккіштер,ұнға астық
түйетін тікбұрышты және жұмырбасты келсаптар,орақтар мен тас кетпендер
еді.
Андроновшылар тіршілігінде мал өсіру бәрінен де маңызды рөл атқар-
ған.Андроновшылар тіршілігінде мал өсіру бәрінен де маңызды рөл
атқарған.Жануарлар ішерге-сүті мен етін, киерге –жүні мен терісінің
ісмерлікке –сүйек-мүйізін, отынға-тезегін берген. Андроновшылардың негізгі
тамағы –сүт еді. Одан сүзбе мен ірімшік жасаған, оны іркіт не сарысу
сүзетін ұсақ тесікті ыдыстардан байқауғаболады. Ет өте қат болған, оны
мейрамдарда ғана жеген, құдай жолына құрбандық еткен. Олардың негізгі малы-
қой, сиыр, жылқы екен. Тағам қажетіне негізінен тек екі-үш жастағы жас
малды жұмсаған, ал асыл текті малды тұқым үшін қалдырған. Шаруашы-лықтың
мұндай жүйесі мал санын кемітпей ұстауға, оның өнімділігін артты- руға
жағдай жасаған.
Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з. дейінгі I
мылжылдық басында андроновшылар отырықшы болған. Аралас шаруашылықпен шұ-
ғылданып, егін егіп, мал өсірген. Соңғысы үй іргесінің шаруасы саналған.
Мал өсірудің мұндай түрінен жайылым тез тозған. Мал шаруашылығының
өнімділігін бір деңгейде сақтап, оның санын арттыру үшін мал ұстаудың жаңа
түрлері мен тәсілдері қажет болды. Андроновшыларда бұл мал өсіру-дің
жайлаулық тәсілі (жартылай көшпелі)еді, мұнда әйелдер мен балалар ауылда
қалып, егіншілікпен айналысады да, еркектер мен жасөспірімдер
малмен бірге күллі көктем, жаз бойына алыстағы жайылымдарға кетіп,
үйлеріне күз соңына таман оралып отырған.

4) Ежелгі кеншілер,металлургтар мен құмырашылар.

Қазақстанның кен орындарын зерттеу барысында геологтар сол арадан кен
б.з.-дан үш мың жыл бұрын өндіріле бастағанын анықтайды.Қола дәуірінде кен
өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде жүргізілген.Мәселен,Жезқазған
өңірінде 100мың т.мыс қорытылған.Ал Успен руднигінде 200мың т.кен
өндірілген.Ежелгі кеншілер кенді тотықтандыру
(малахит,азурит,касетерит)тәсілін тапқан,сонда ол жыныста жез бен қалайы
қосындысы күрт көбейген.Кенді жүлгелерді тауып іске жаратқан,борпас
жынысты қайлалап,тас соққыштар мен бағалар қолданып өндірген.Ал қатты
жыныстарға отпен –өндірутәсілін қолданған,бұл тәсіл бойынша жүлгенің
шығатын жеріне немесе забойда от жағып жыныс қызған кезде,ол шатынап
жарылуы үшін оған су құйған,сосын шойбалғамен,қайламен соғып құлатқан.Ал
металы бар жыныстарды кенектерге салып жоғары шығарған. Метал балқытатын
шеберханалар Мало-Красноярск, Алексеевка, Никольское, Петровка да бар екені
мәлім болды. Метал балқытумен бірге андроновшылар оны шыңдау, шекімелеу
және қыспалау әдістерін білген.Алтын фольгамен оралған қоладан олар самай
сырғаларын, алқалар, білезіктер жасаған. Жетісудағы Қапал қыстағы жанындағы
қорымнан табылған, ішкі жағына екі ат бейнес салынған самайға тағылатын
салпыншақ зергерлік өнердің ғажайып үлгісі болып табылады.
Егер Үндістанның, Иран мен Ауғанстанның,Орта Азияның ежелгі егіншілері
ішінде қола дәуірінде ыдыс-аяқты өзге қолөнершілер арасынан суырылып шыққан
кәсіпқой құмырашылар істейтін болса,Қазақстанның далалары мен таулы мен
таулы алқаптарында әрбір отбасы ыдыс-аяқтарын өздері жасаған.Әйелдер саз
балшықты әзірлеп,одан ыдыс-аяқ істеп,оларды ошақтағы отқа ,кейде таспен
қоршалған шұңқырға алаулатып от жағып сонда күйдірген.Б.з.дейінгі XVII-
XVIғ.ғ. аяқ-табақтар белгілі бір қалыпқа салынып істелген,қалыптың өзі түбі
тегіс бәнкі тәрізді ,сырты ат қылынан немесе жуан жүн жіптен тоқылған
матамен қапталады екен. Ыдыс-аяқтар әртүрлі сызықтармен,не тарақша етіліп
түсірілген геометриялық ою-өрнектермен әсемделген.Кейбір құмыралар сыртына
қолдан жапсырып бедерлі нақыстар салынған.Ыдыс-аяқтың өрнектері тек әсемдік
үшін ғана емес ,оның ыдыс ішіндегі нәрсені тіл мен көзден,
жадылықтансақтайтын басқа да сиқырлы мәні болған ,бұған қоса ол ыдыстың
бос тұрмай,берекелі құтты болуына меңзейтін де мағынасы болғанға ұқсайды.
Орта қола кезеңінде (б.з.дейінгі XV-XIIIғғ.)ыдыс-аяқтар біркелкі
стандартқа көшіп,жетіле түседі:бұрынғыдан жұқа,әсем келеді.Олар қалып
көмегімен немесе дөңгеленте қолдан жапсыру тәсілімен әзірленген.;бұл тәсіл
бойынша әуелі ыдыстың түбі дайындалады да,сосын оған доңгелектеп
бүйірін,дөңгелек-иінін,сосын жоғары жағын орнатады.Ал енді бүйірі
дөңгеленіп келіп мойынға айналар жерде ойық пайда болады,бұл – орта қола
кезіндегі андронов мәдениетінің танымал бір белгісі. Бұлардың ою - өрнегі
бұрынғыша сызылған немесе штамппен түсірілген .Бұрынғы құмыралардан бір
өзгешелігі –ою-өрнектер үш жолақ ,талап етіліп жүргізіледі.Зерттеушілер
құмыраларды жасаудағы тағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Орта ғасырдағы қала мен дала
Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы
Ислам діні және мәдени өрлеу
Қимақтардың шығу тегі
Империя дәуірінің алтын ғасырының өкілі
Қазақ әдебиетімен Европа халықтары әдебиетінің байланысы
Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалалар
КӨРКЕМ ЕҢБЕК ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ пәнінен лекциялар жинағы
Пәндер