Ислам дінінің пайда болуы мен таралуы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.11
І тарау Ислам дінінің тарихы
1.1 Ислам дінінің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12.17
1.2 Мұхаммед Ислам мен халифаттың
негізін салушы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18.22
1.3 Ислам дәуірінің жаңа кезеңі Хиджра ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23.24
1.4 Құран.Кәрім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25.30
ІІ тарау Қазақстанға илам дінінің таралуы
2.1 Исламға дейінгі қазақ жері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31.35
2.2 Қазақтардың Исламды қабылдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36.39
2.3 Бүгінгі Қазақстандағы ислам жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40.53
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54.55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56.57

Дін – араб тілінен енген термин. „Дін” терминінің пайда болуы және оның ұғымының кең ауқымдағы сан қырлылығы исламға дейінгі Араб елі тұрғындарының тіліндегі „дин” сөзіне байланысты.
Құранда „дін” термині түрлі мағынада жүзден аса қолданылады. Ол „сот”, „тиісінше бағалау”, „ақырет күні” деген сөз айшығы, ұғымында жеке адамның „сенімін”, дінін және діни қауым өмірінің негізі болып табылатын салт-жораның жүйесі ретіндегі діннің мағынасын білдіруі мүмкін. Дін – терминінің негізгі мәні, Аллаға құлшылық етудің міндеттілігі мен оның билігінің шексіздігі туралы айтылған аса маңызды Құран идеясына байланысты.
Дін төңірегіндегі Құрани ұғымының сан алуандығы орта ғасырдағы мұсылман теологиясында көптеген сан түрлі түсініктердің туындауына себеп болды. Құранмен салыстырғанда бұл түсіндірулер, діни сана мен қоғам алдында тұрған жәрдем мәселелерді басқа бір қырынан қарастырды. Ертедегі адамдар табиғатқа, жан-жануарларға өсімдіктерге (тотемизм), ата-баба рухтарына, сонымен қатар тағы да басқа құбылыстарға табынды. Ерте заманнан-ақ дінннің орны ерекше болып, оның мәні үлкен қарқынмен өсе бастады. Ру-тайпалардың арасында таралған діндер, уақыт келе ұлттық діндерге ұласа бастады. Ал бұл ұлттық діндер ұлғайып, әлемдік діндердің пайда болуына әкелді.
Діннің өзгермейтін, даусыз „ақиқат” деп танылатын негізгі қағида ережелері – діни уағыз деп аталынады. Ислам дінінің басты уағыздары, Құран мен Суннада жинақталған. Ол уағыздар, Мұхаммедтің өсиеті түрінде, халықтың әр дәуіріндегі өмірінің шежірелері, әдет-ғұрыпы тұрғысында, өткен өмір мен болашақ заман туралы аңыздар, астарлы мысал әңгімелер түрінде айтылады. Онда ежелгі арабтардың да, христиан, яһуди дінінің де, көне парсының зорастризмнің де қиял-ғажайыпқа толы діни аңыздары кездеседі. Мұса (Моисей), Жүсіп (Иосиф), Ғайса (Исус), Жақып (Яков), Дәуіт (Давид) тағы басқа пайғамбарлар құдайдың өкілі деп жарияланды.
Қазіргі кезде үш әлемдік діндер бар. Оларды атап көрсетсек мынадай: буддизм, христиан және ислам.
Христиан діні ІІІ–Ү ғасырда қалыптаса бастады. Жаңа дінді жақтап, көне заман философиясына, иудаизмге, діннен безушілерге қарсы күрес жүргізді, көне заман философиясының идеалистік бағыттағы кейбір қағидаларын сұрыптап пайдаланды. ІХ–ХІ ғасырларда батыс Европа мен Византия да дін ілімдері арасында талас болды. Одан батыс Европа мен Византиядағы феодализмнің даму ерекшеліктері, Болгария тағы басқа елдерге ықпал жүргізу үшін күрескені көрінеді. ХІІ–ХІІІ ғасырларда схоластикаға байланысты, христиан діні ілімінің дамуында жаңа кезең басталды. Схоластиканың кейбір өкілдері, діни наным мен ақылдың арасында үйлесімдік барын және құдайдың ұлылығын дәлелдеді. Мұндай жағдайда езілуші халықтың талап-тілегі де діни формада көрінді.

1. Құран 1-5 аят
2. Бартольд В.В. Культура мусульманство – Москва,-1925-48-б
3. Құран 109-2
4. Құран 109 1-6
5. Құран 109 16-125
6. Құран 182 аят
7. Құран 2-2
8. Құран 90-38-87
9. Құран 174
10. Құран 38-67аят
11. Құран 41аят
12. Құран 10-57 аят
13. Құран 69-51 аят
14. Ұлтымыздың болашағы – діни бірлестігімізде //Жас Алаш//–2005-№59-9-б
15. Құран 5-3 аят
16. Құран 4-48 аят
17. Ислам энциклопедия Алматы,1995-125- б
18. Бұл да сонда, 146-б
19. Құран және құран оқу ережесі //Ислам әлемі// –2001-№1-9-б
20. Климович Л Содержание о Коране, – Москва, 1929-11-б
21. Ислам энциклопедия Алматы, 1995-145-б
22.Орынбеков М. Қазақ сенімдерінің бастаулары. Оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 2002-6-б
23. Есім Ғ, Артемьев А, Қанаев С, Біләлова Г. Дінтану негіздері.
Алматы: Білім, 2003-116-б
24.Құран. Ахзаб сүресі. 33 аят
25. //Нұр Астана//– № 5-2005-4-б
26. Жебесін Г. Ақыл-ойдың азғындары. Алматы, 2003-95-б
27. Құран. Бақара сүресі. 255 аят.
28. Құран. Нақыл сүресі. 124 аят.
29. Құран. Ғалия сүресі. 20-21 аят.
30 Бұлұтай М.Ж. Ата баба діні Түркілер неге мұсылман болды? – Алматы: Білім, 2000-374-б.
31. Бұл да сонда, 390-б
32. Орынбеков М. Қазақ сенімдерінің бастаулары. Оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 2002-102-б
33. Ғафуров Б.Г. Древнейшая и средневековая история. Москва, 1972-316-б
34. Орынбеков М. Қазақ сенімдерінің бастаулары. Оқу құралы – Алмат: Қазақ университеті, 2002-103-б
35. Әбсаттар қажы Дербісәлі. Ислам және заман. – Алматы, 2003-6-б
36. Құдайбергенов Б.Қ, Әмірғозин С.Т. Діни мерекелер мен рәсімдердің әлеуметтік мәні. Оқу құрал – Алматы: Қазақ Университеті, 2004-32-б
37. Әбсаттар қажы Дербісәлі. Ислам және заман. – Алматы, 2003-12-б
38. Ислам және өркениет–№5-2005-5-б
39. Ислам және Қазақстан мәдениеті. //Республикалық,ғылыми-практикалық конференция материалдары// – Алматы, 2003- 29-б
40. Ислам және Қазақстан мәдениеті. //Руханият// – Алматы, 2003-7-б
41. Ислам және Қазақстан мәдениеті. //Руханият//– Алматы, 2003-№7-4-б
42. Бұлұтай М.Ж. Мұсылман қазақ еліміз – Алматы: Арыс, 2001-153-б
43. Шапағат Нұр – №11- 2004,- 3-б
44. Г. Жебейн. Ислам және өркениет – Алматы,- 2005- №1-1-4-б
45.Құран. Ағзап сүресі. 33-40 аят
46. Г. Жебейн. Ақыл ойдың азғындауы. – Алматы,- 2003-38-б
47.Құдайбергенов Б.Қ, Әмірғазин С.Т. Діни мерекелер мен рәсімдердің әлеуметтік мәні. Оқу құралы. – Алматы, 2004-52-б
48. Большаков О. История халифата.
49. Фильтшинский М. История Аравии, халифат, культура

Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-11
І тарау Ислам дінінің тарихы
1.1 Ислам дінінің пайда болуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12-17
1.2 Мұхаммед Ислам мен халифаттың
негізін салушы

... ... ... ... ... .18-22
1.3 Ислам дәуірінің жаңа кезеңі
Хиджра ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 23-24
1.4
Құран–Кәрім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..25-30
ІІ тарау Қазақстанға илам дінінің таралуы
2.1 Исламға дейінгі қазақ
жері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
-35
2.2 Қазақтардың Исламды
қабылдауы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .36-39
2.3 Бүгінгі Қазақстандағы ислам
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40-53
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ...54-55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 56-57
Кіріспе
Аса қамқор, мейірімді Алла атымен бастаймын.
Дін – араб тілінен енген термин. „Дін” терминінің пайда болуы және
оның ұғымының кең ауқымдағы сан қырлылығы исламға дейінгі Араб елі
тұрғындарының тіліндегі „дин” сөзіне байланысты.
Құранда „дін” термині түрлі мағынада жүзден аса қолданылады. Ол „сот”,
„тиісінше бағалау”, „ақырет күні” деген сөз айшығы, ұғымында жеке адамның
„сенімін”, дінін және діни қауым өмірінің негізі болып табылатын салт-
жораның жүйесі ретіндегі діннің мағынасын білдіруі мүмкін. Дін – терминінің
негізгі мәні, Аллаға құлшылық етудің міндеттілігі мен оның билігінің
шексіздігі туралы айтылған аса маңызды Құран идеясына байланысты.
Дін төңірегіндегі Құрани ұғымының сан алуандығы орта ғасырдағы
мұсылман теологиясында көптеген сан түрлі түсініктердің туындауына себеп
болды. Құранмен салыстырғанда бұл түсіндірулер, діни сана мен қоғам
алдында тұрған жәрдем мәселелерді басқа бір қырынан қарастырды.
Ертедегі адамдар табиғатқа, жан-жануарларға өсімдіктерге (тотемизм), ата-
баба рухтарына, сонымен қатар тағы да басқа құбылыстарға табынды. Ерте
заманнан-ақ дінннің орны ерекше болып, оның мәні үлкен қарқынмен өсе
бастады. Ру-тайпалардың арасында таралған діндер, уақыт келе ұлттық
діндерге ұласа бастады. Ал бұл ұлттық діндер ұлғайып, әлемдік діндердің
пайда болуына әкелді.
Діннің өзгермейтін, даусыз „ақиқат” деп танылатын негізгі қағида
ережелері – діни уағыз деп аталынады. Ислам дінінің басты уағыздары, Құран
мен Суннада жинақталған. Ол уағыздар, Мұхаммедтің өсиеті түрінде, халықтың
әр дәуіріндегі өмірінің шежірелері, әдет-ғұрыпы тұрғысында, өткен өмір мен
болашақ заман туралы аңыздар, астарлы мысал әңгімелер түрінде айтылады.
Онда ежелгі арабтардың да, христиан, яһуди дінінің де, көне парсының
зорастризмнің де қиял-ғажайыпқа толы діни аңыздары кездеседі. Мұса
(Моисей), Жүсіп (Иосиф), Ғайса (Исус), Жақып (Яков), Дәуіт (Давид) тағы
басқа пайғамбарлар құдайдың өкілі деп жарияланды.
Қазіргі кезде үш әлемдік діндер бар. Оларды атап көрсетсек мынадай:
буддизм, христиан және ислам.
Христиан діні ІІІ–Ү ғасырда қалыптаса бастады. Жаңа дінді жақтап, көне
заман философиясына, иудаизмге, діннен безушілерге қарсы күрес жүргізді,
көне заман философиясының идеалистік бағыттағы кейбір қағидаларын сұрыптап
пайдаланды. ІХ–ХІ ғасырларда батыс Европа мен Византия да дін ілімдері
арасында талас болды. Одан батыс Европа мен Византиядағы феодализмнің даму
ерекшеліктері, Болгария тағы басқа елдерге ықпал жүргізу үшін күрескені
көрінеді. ХІІ–ХІІІ ғасырларда схоластикаға байланысты, христиан діні
ілімінің дамуында жаңа кезең басталды. Схоластиканың кейбір өкілдері, діни
наным мен ақылдың арасында үйлесімдік барын және құдайдың ұлылығын
дәлелдеді. Мұндай жағдайда езілуші халықтың талап-тілегі де діни формада
көрінді. Капитализмнің тууына байланысты, христиан дінінің үстем буржуазия
табының мүддесіне үйлестірілетін протестант діні шықты. Ол негізінен діни
сезімге, эмоцияға назар аударды және ескі дәстүрлерді, шіркеу аңыздарына
сенуді сынай отырып, дінге іштей сену туралы догманы дамытты. Шіркеу мен
папаның басшылық ролін мойындамады және діннің бірден-бір дерегі „ізгі
жазба” деп таныды. Протестант дінінде бұдан әрі пиетизм ХІХ-ХХ ғасырлардағы
идеалистік философиямен ұштасқан рационалдық бағыт, „тарихи сын” яғни
„консервативтік” діні дамыды.
Ислам, иудизм, буддизм діндері таптық, саяси мақсаттарды көздейді.
Олар да белгілі бір тарихи кезеңде үстем тап мүддесін қорғау мақсатымен сан
рет өзгеріп, дамып отырды. Ислам діні дүниені жаратушы Алла біреу ғана,
оның жердегі өкілі Мұхаммед пайғамбар деп қарайды. Х ғасырдан бастап екі
бағытта – антроморфизмнің белгісі бар „жазмыш” идеясына толы ашаризм
бағытында және ерік бостандығын ұран еткен, кейде ұстаған мутализм
бағытында дамыды.
Будда дінін де, азап шегу арқылы күнәні өтеуге болады деген ұғым
басты орын алады. Бұл адам жаны басқа біреуге ауысып өмір сүреді–міс деген
нанымға байланысты. Буддизм діні дами келе оның ілімі буддизм философиясына
ауысты.
Яғни ең алғаш және тұңғыш адамзат болған Адам атамыздан бері қарай
өте маңызды болып есептеледі. Сондықтан әрбір адам баласы балиғат жасқа
толғаннан кейін және де ақыл есі толысқаннан кейін, ислам дінін қабылдауға
тырысуы керек. Қысқасы әрбір ақыл иесін өз қалауларымен дүние және аһіретте
нағыз бақытқа жеткізетін тәңірлік жүйе. Адамзат өзінің қоршаған ортасына
көз жүгіртіп бұл табиғат қалай тіршілік етіп жатыр, бұлар әу баста қалай
жаратылғанын және күн мен түннің қалай өздігінен ауысып күндер мен
түндердің өтіп жатқанын ойлап, ақылға салып көргенде тағы да көптеген
сұрақтар көкейіңе келеді. Егер адам баласы қандай да бір нәрсе өздігінен
жасала қалды десе сенбес еді. Мәселен: баяғыда бір ғалым жанындағы сенбеген
достарына сенім келтіру үшін бір орбитаның схемасы бойынша темірден сол
орбитаның жүйелерін жасайды. Сонда ертесіне келген достары: „Бұны кім
жасады? Қандай әдемі?,” – дейді. Сонда әлгі ғалым айтады: Білмеймін
ертеңгісін тұрсам, стөл үстінде тұр екен – дегенде ешкім сенбепті. Сол
кезде ғалым айтады: – „Енді сендер ойлап көріңдер бұл өмірдің де бекерден
бекер пайда болмағанын және осы жаратылыстардың да иесінің бар екеніне
ойланып көріңдер,” – депті. Шынымен ойланып ақылға салып көрсе осы дүниені
жаратқан иесі бар екендігіне сену керек.
Ол– Алла. Алла Тағала тұңғыш адам және Пайғамбар (с.ғ.с) адамзаттан
бастап, пайғамбарлар арқылы діндерін жіберіп отырған. Негізгі түпқазыққа
қарасаң, жіберілген діндердің барлығының негізі – Ислам. Бұл тәңірлік
діндер кейіннен бұрмалау салдарынан Алла Тағала Пайғамбарымыз (с.ғ.с)
арқылы ақиқат діндерінің ең соңғысы және хақ, таза дін есебінде қазіргі
Ислам дінін бүкіл дүниежүзі халқына түсірді. Ислам нанымының ең маңызы,
іргетасы Аллаһ Тағала бір екеніне сену.
Алла Тағала бұл ислам дініне бекерден - бекер бұйрық қылмаған. Бұл хақ
дін күллі адамзат тарихында әрқашан да болған, бола да бермек. Бұл туралы
атақты философ Генри Бергсон: „Өткен тарихта және заманымызда ғалымды,
пәнді яки фәлсәфәні (дін) білмейтұғын адам қоғамдарын кездестіруге болады.
Бірақ дінсіз ешбір қоғам болмайды,”–деген. Эрнест Ренан: „Сүйген
нәрселеріміздің, дүниедегі өміріміздің және нығыметтердің бәрінің жоқ
болып кетуі мүмкін. Діндарлығымыздың жоғалуы мүмкін емес”,– дейді. Діндер
тарихын зерттеген мамандар сезімдердің адамдарды біріктіруге қандастық,
жерлестік, руластық, нәсілдестік қатарлы факторлардың бәрінен күшті
болғанын дәлелдеген. Яғни, қоғамның алуан дінге бөлінуі – ұлтты
ұйымдастыратын байланыстарды әлсіздендіретін және әлеуметтік бейбітшілікті
бұзатын қауіпті фактор. Жалпы, адамзат тарихы, дінге бөлінушілік және діни
өшпенділік салдарынан туындаған қақтығыстар мен дағдарыстарға толы ...
Бартемели Сейит діндарлықтың пайда болуы хақында былай деген: „Ілім
деген не? Адам деген кім? Бұлар қайдан келді? Оларды кім жаратты? Соңы
қалай болмақ? Өмір деген не? Өлім деген не? Өлімнен кейін не болмақ?”. Әр
ұлт, қоғам және жамағат осы сұрақтарға өзінше жақсы - жаман, қабылданар-
қабылдамбас жауаптар берген. Міне діндарлық дегеніміз осы”.
Тарихтан мәлім, Пайғамбарларымызға дейінгі дәуірде жер бетінде
жамандық пен зұлымдық үстемдік құрды. Сол кездегі адамдар құдды көрқоқыс
пен надандық шалшығында жүзіп жүретін. Адамзат хақ, әділет және
өркениетте мәдениеттен мақұрым, надандық, батпағына көмілетін. Адамдар бір-
біріне тісін қайраған топтар халінде тайпаларға бөлініп, қантөгіс
тыйылмады. Адамзаттың осы халін ақын Мекмет Акиф екі жолмен тамаша
суреттейді.
Міне, тап осындай дәуірде 571 жылы рәбнул әуәл айының он екісі күні
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) таңға жуық дүниеге келді.
Пайғамбарлар шоғырының соңғы жұлдызы Мұхаммедке (с.ғ.с) пайғамбарлық
40 жасында берілгенімен, ол оған дейін де талай ғажайыптарды бастан
кешіреді. Ол әмір еткеніміздей турашыл бол деген тәңір бұйрығын толық
өмірімен сәйкес, мінез-құлқының байлығымен барлық күллі жұртқа үлгі-өнеге
бола білді. Ол өтірік пен екіжүзділік атаулыдан аулақ болды. Ешкім-ешкімге
сенбейтін сол бір шақта барлығы оған иланып, сенім артты. Дау тудырған
мәселелерде оның қара қылды қақ жарған әділ билігіне жүгінетін.
Пайғамбарлыққа дейін сол адамгершілігі мен туралығына сенбеген дұшпандары
да мойындаған, сондықтан оны халқы Мұхаммед-үл-әмин (сенімді Мұхаммед) деп
атап кеткен.
Пайғамбарлық келерден бұрын Ыбырайым (с.ғ.с) нің діні бойынша Аллаға
ғибадат қылып жүргетін Мекке маңындағы Хира тауында болып жүрді. Сол жерде
Алла Тағала құдіреті мен ұлылылығы жайлы, яғни бұл табиғатты, біздерді кім
жаратты деген оймен көп толғанатын.
Осындай күндердің бірінде Мұхаммед (с.ғ.с) өзіне таныс әлемге енген
Жәбірейіл (ғ.с.) періште Алланың әмірімен оған пайғамбарлық міндеті мен
Ислам дініне сенуді білдіруге келді.Ол Мұхаммедке (с.ғ.с.) :
– Оқы! – деді.
– Пайғамбарымыз (с.ғ.с) : нені оқиын?- деп сұрады.
– Жәбірейіл (ғ.с.) қайтадан:
– Оқы! –деді.
– Мұхаммед (с.ғ.с.) өз жауабын қайталады.
– Жәбірейіл (ғ.с.) оны кеудесінен үш мәрте қысып жіберді. Сол кезде
Пайғамбарымыздың бойында рухани күш пайда болды. Мұхаммед (с.ғ.с) бір
ұлы құдіретпен оқи жөнелді. Періште үшінші әмірін айтқанда алғашқы
аяттар оқыды. Аяттың мағынасы: „Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы.
Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты.
Сондай қаламмен үйреткен. Ол адамзатқа білмеген нәрсесін
үйреткен”1;1-5аят. Осылайша Мұхаммедке (с.ғ.с) пайғамбарлық міндеті
жүктеледі. Құран –Кәрім содан жиырма үш жылда тәмәмдалды. Он үш жыл
бойы адамдарды Меккеде хақ жолына шақырды. Бар ауырлық, зорлық-
зомбылықтарға сабырлық танытты. Алланың барын, біреу екенін жаюға
тырысты. Кейін Мәдине қаласына қоныс аударып ол жерде он жыл
пайғамбарлық міндетін атқарды.
Адамдарға адамшылықты танытып, өркениетке тәрбиеледі. Көрсоқыр
көңілдерге Ислам нұрымен жарық берді. Осылай міндетін орындап жүріп,
жеңіске жетіп, алпыс үш жасында дүниеден өтті. Адамзатқа жол нұсқаушы Құран-
Кәрім мен сүннет амалдарын аманат етіп қалдырды. Мұхаммед (с.ғ.с.) туралы
ағылшын пәлсапашысы Т.Карлайн былай дейді: „Хазіретті Мұхамед (с.ғ.с.)
мүлдем риясыз, яғни адам көзіне көріну үшін әділ, турашыл болған жоқ. Сол
үшін мен оны сүйемін ... Мұхаммед (с.ғ.с.) – ді безбенге салар таразы
табиғатта жоқ. Ол өлшеуге келмес ұлы, әрі құдіретті”– деп тәмәмдаған сөзін.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бақи әлемге озған ҮІІ ғасыр аяғында Исламият батыста
Атлант мұхиты, шығысында Үндістан-Қытай мұхиттарына дейінгі ұлан-ғайыр
аумаққа жайылған. Исламият негізінде ғылымды қолдайды. Ислам ғылымының
ешқандай қағидасына кереғарлық танытпайды, қайшылық жасамайды. Ислам
ғылымының нағыз бұлағы болып табылады. Ол адамзатқа ең тура жолға
бастайтын ғылымды уағыздайды.
Мұсылман ғалымдары шұғылданбаған, үлес қоспаған ғылым саласы мүлде
жоққа тән. Ол туралы Бартольд В.В „ Только благодаря арабским географам
современные ученые распологают материалом для суждения о том, как мало
изменились климатические и физико-географические условия Передней и Средней
Азии за последние тысячелетие”2;48 б.
Ғылым туралы сүйікті пайғамбарымыз әз Мұхаммед (с.ғ.с) айтқан мыңдаған
сөздері, яғни хадистерін еске алғанда хақ дін исламның мыңдаған дәлелдері
бар, ғылымға сондай мән бергенін аңғарамыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір
хадисінде: „ Ғылым талап ету, ілім үйрену еркек. Және әйел, күллі
мұсылмандарға парыз,” – деген.
Мінеки, аталған хадисте барлық адамзат баласына ғылым үйреніп, біліп-
зерттеу парыз делінген.
Құран-Кәрім – мұсылмандардың қолындағы қасиетті кітап. Сол кітабымызда
тікелей ғылыммен, ақыл ойлаумен және ғибрат алу, зерттеуге байланысты
көптеген аяттар баршылық.
Құран–Кәрімде былай делінген: „Біз адам баласына көптеген мысалдар
келтіреміз, оларды ғалымдар ғана түсінеді!” және де „ Пенделерінің ішінде
Аллаһтан шын мәнінде ғалымдар ғана қорқады!”– делінген.
Сондай-ақ қасиетті кітабымыз Құранда осы бертінде ғана сырлары ашылған
көптеген табиғат құбылыстарының мән-жайы хақында осыдан он-төрт ғасыр
бұрын хабарлаған. Атақты француз зерттеушісі Д. Маурисио Бусаиленің
анықтауына қарағанда осы заманғы ғылым мойындаған төмендегідей хақиқаттар
хақында Құран-Кәрімде анық тұжырымдар келтірілген, жаратылыстың алты
сатысы, ғаламдардың, көктер мен жердің жаратылу сатылары, күннің арасына
кірумен болды, өйткені ай жарықты күннен алады. Бұл құбылыстар геометрия
және математика пәндерімен дәлелденген хақиқаттар. Мұндай хақиқаттарды
дінге қарсы деп кері қағуға тырысқан кісі, ғылымға емес, өзінің дініне
іріткі салған.”
Тағы бір Құран дәлелі: көмір, мұнай, метеориттер хақында мынадай
аяттар бар. „Ол Аллаһ жайылымдарды шығарды, сонан соң оларды қара және
құрғақ бір халге айналдырды!”Яғни, биологиялық тілде айтсақ, Аллаһ Тағала
жайылымдардағы әр түрлі шөптерді, ағаштарды және өсімдіктерді өсіріп, сонан
соң оларды қап-қара тыңайтқышқа, одан кейін көмірге айналдырды. Құранда
мұнай жайлы: „Ол Раббың жайылымдарды шығарды, сонан соң оларды қап-қара сел
суына айналдырды!” Анықтағанда, сан миллиондаған жылдар бұрын жер шарында
қалың ағаш желектері болған, осы желектер орасан мол мөлшерде оттегі
өндіріп, атмосфераны толтырған, содан кейін ғасырларға ұласқан күшті жер
сілкінісі салдарынан ағаштар жер астында қалған, сөйтіп миллиондаған
жылдарда мұнайға айналған.
Құран-Кәрімде сонымен қатар атмосфераның жерді қауіпті сәулелерден һәм
көк тастарынан қорғайтын қасиетпен жаратылғандығы туралы„Аспанды қорғаушы
шатыр ретінде жараттық!”- деп жазылған. Жалпы хақ діні Ислам ғылымға ең
жоғары дәрежеде мән берген ғалымды құрметтеген, ғылыммен шұғылдануға
ынталандырған, яғни ғылым іздеу парыз құлшылық ету деңгейіне көтерген
бірегей дін.
Соңғы ғасырларды мұсылмандар „схоластикалық” әдістерді
менсінбегендіктен һәм тәжірибе арқылы тұжырымға жету үрдісін көп
ескермегендіктен өздерінің лайықты орындарынан алшақтаған. Құран-Кәрімнің
хақтығын әбден тереңдеп үйретудің маңызы үлкен болады.
Тарихта бірінші рет халифалықтар дәуірінде дүние жүзі мәдениеттері
тығыз араласты: Қиыр Шығыста мәдениеттің жетістіктері батысқа,
мұсылмандардың ғылыми– мәдени табыстары болса Қытай еліне мәлім болды.
Халифалар батыстағы франк, герман, рим патшаларымен және шығыстағы қытай
хандарымен тығыз қатынаста болды. Негізгі Ислам мәдениеті деп аталатын
осы сала фәни ақылдың шамасы жетпейтін көп сұрақтардың жауабын ашып береді.
Мұнымен тарихта мәдениет қатынастарының дамып, өзара бірігуі Исламнан кейін
ғана мүмкін болды.
Сыр бойы мен Жетісу өңіріндегі, орта ғасырлардағы қалалар орны
мұсылман ғалымдарының еңбектерінің арқасында ашылды.
Күллі адамзат тарихында бірінші рет нөл цифрын мұсылман ғалымдары
тапты және еңбектерінде пайдаланды. Нөлді бірінші рет сан ретінде
пайдаланған, Мұхаммед Мұсаұлы әл-Хорезми болды. Арал теңізі маңында
дүниеге келген дана бабамыз, сонымен қатар мыңнан төмен қарайғы сандарды
бөліп жазуды көрсетті.
Х-ХІІІ ғасырлар аралығында Қазақстан аса дамыған ортағасырлық ислам
өркениетінің ажырымас бөлігіне, дәлірек айтсақ, оның шалғай аймағы, шетіне
айналып осы үрдіс барысында түркі-ислам синтезі толық үстемдік құрды.
Кейіннен түркі көшпенділерінің өзі қыпшақ, қарлұқ, тағы басқа тайпаларының
мұрагері болып қалыптасқан, дербес ұлт ретінде ХҮ ғасырда тарихи сахнаға
шыққан қазақ халқы осы исламданған түркі мәдениетін иемденіп оны одан әрі
дамытты. Ескі тарихнамада қалыптасқан олқылықтардың, жаңсақ пікілердің
орнына шын мәнінде Қазақстан алғашқы ортағасырдың өзінде, яғни ХІІІ
ғасырдың бас кезінде ислам дүниесімен толық біріккен, мұсылман аймағына
айналғанын біз үнемі шетелдің қайбір ғалымдарының тұжырымына келсек, ежелгі
түркілердің діни, мәдени тарихын зерттеген Түркия ғалымдары осы мәселеге
байланысты Х ғасырды Орталық Азияның исламдану тарихындағы шешуші кезеңдер
деп есептейді. Мәселен: Хикмет Тапиу, Фуназ Көпірұлы сияқты ірі ғалымдар өз
еңбектерінде былай деп көрсетті: „Х ғасырда түркі тайпаларының кем
дегенде сексен пайызы мұсылмандықта болды. ХІІ ғасырда Исламият барлық
Орталық Азиядағы үстем дінге айналды.” Орыс халқының шығыстанушысы
Н.Веселовский өз кезеңінде қыпшақтардың діндеріне тоқталып, „Шыңғыс хан
келуден бұрын қыпшақ –половецтердің басым көпшілігі мұсылман дінін
қабылдаған еді,”– деп жазған еді.
Ислам діні, әлеуметтік-идеологиялық құбылыс ретінде Арабия қоғамы
дамуының тарихы нәтижесін де болды. Ол көне заманнан бастап, орта ғасырға
өтпелі кезеңдегі бүкіл Таяу Шығысқа тән жалпы өзгерістерді алып келді.
Оның дүниеге келуі таза діни жағынан алып қарағанда өзіне дейінгі байырғы
діндердің өркендеуі және әсер етуіне, яһуди, сондай-ақ синкретиклық
монотеизмнің өзіндік арабтық үлгісін бойына сіңірген араб халқының діни
сана-сезімінің дамуына байланысты болды.
Ү–ҮІ ғасырларға таман Арабияның солтүстігі мен оңтүстік аудандарындағы
таптық көне мемлекеттер ыдырады. Көбінесе осы мемлекеттердің экономикалық
ахуалының негізі болған керуен саудасы әлсіреді. Сонымен қатар көптеген
қала орталықтары азып кетті. Мал баққан көшпенділердің өріс аударуы жиілеп,
олардың әскери күш-қуаты артып, соның нәтижесінде олар отырықшылардың мекен-
жайын басып кіре бастады. Олардың шөл даламен көгалды, құнарлы жерлерін
басып алып, өздеріне қаратты. Байырғы егіншілік аймақтары мал жайылымына
айналды. Арабияның солтүстігі, шығысы мен оңтүстіктегі кейбір жерлер бірте-
бірте Иран, Византия, Эфиопия секілді көршілес мемлекеттерінің тікелей
билігіне көшті. Сонымен қатар Иран мен Византияның өзара қырқысуы,
арабтардың осынау алып империясының осал жерін байқауына мүмкіндік берді.
Осы кезеңнің арқасында Ислам діні жалпы қазақ даласына ҮІІ ғасырдың басында
арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын да
айтқанда, Ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол
дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері
болмай, қайта ол феодалдық қарым- қатынастарды жандандыра түсетінін көре
білген феодалдық үстем тап өкілдері ислам дінін қуана қарсы алды.Өйткені
бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат мүддесін
қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын,
саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды.
Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе
жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні
қағидаларына мән бермеді. Акдемик Бартольд В.В: „ХІІІ ғасырдың басында
мұсылман Хорезми билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай
облысындағы қыпшақтармен соғуына тура келді,”–деп жазуына қарағанда, сол
кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп,
ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбаханның жазуына қарағанда, қажет
десеңіз ХҮІ ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып,
оларға қарсы „ғазауат” соғысына шығуда талап еткен. Өйткені шариғат
заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне
қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы
сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт,
молшылық, жақсылықтар, әкелді, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне
көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты.
Қазір Исламның Қазақстанға келгеніне 1250 жыл болып отыр. ХХ ғасыр
бізге тәуелсіздік әкелді. Ол сонысымен де қымбатты. Бірақ ол бізге сондай-
ақ жоқшылық, есірткі, маскүнемдік, ұрлық-қарлық секілді қасіреттерді де
қалдырып кетті. ХХІ ғасырда бізді не күтіп тұр: „Еліміздің тағдыры қалай
болады,”– деген сауалдар елін, жерін сүйетіндерді көп ойландырытыны сөзсіз.
Сол себепті жаңа ғасырда діни істерге де жаңа сапалық өзгерістер қажет деп
есептейміз. Біз дін саласына имандылықтың сапалы өзгерісін әкелсек дейміз.
1992 жылы қабылданған „Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер
туралы” заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу жайы бірнеше рет
талқыланды. Біз республикамызда ежелден келе жатқан Ислам және
православиялық христиан діндерін ғана қалдырып, өзгелеріне тосқауыл қою
керек деп есептейміз. Бірақ біздің қоғам олай етсек, Батыс „демократия
бұзылды” деп байбалам салады деп қаймығатын сияқты. Демократия
тәуелсіздігіне ештеңе де, ешнәрсе де нұқсан келтіре алмайтын алпауыт елдер
үшін әрине оңтайлы- ақ. Ал егемендігіне бар-жоғы он екі- ақ жыл болайын деп
отырған жұртқа одан гөрі елі мен жері, діні мен тілінің біртұтастығы,
жұртшылық тыныштығы, отанының қауіпсіздігі қымбат емес пе?! Осындай игі де
ұлы мақсатты сырттан келген тексіз тоталитарлық секталар емес, елдің жетпіс
пайызы ұстанып отырған Ислам діні қорғайды. Оның көздеген мақсаты –
мемлекетіміздің, рухани тірегі, алтын діңгегі болу.
Мұсылман халықтарының отарлық тәуелділіктен азат болуы мұсылман
қоғамының алдына түпкілікті жаңа мәселелер қойды. Ең алдымен бұл азаттық
алған елдердің даму жолын таңдау мәселесі айналасында кең етек алған
күреске әсер етті, оның барысында капиталистік, социалистік даму жолдарынан
өзгеше „үшінші жол” деген атпен көптеген көзқарас жүйесі пайда болды.
Исламның құнды дәстүрлі жақтарына сүйене отырып, мұсылман қоғам
қайраткерлері Ислам елдеріне қолайлы жалғыз ғана исламдық даму жолының
нұсқасын ұсынды. Соның негізінде „ислам мемлекеті”, „исламдық билеу”,
„исламдық экономика” тағы басқа даму жүйесі пайда болды.
Ислам мемлекеті көзқарас жүйесі негізінде – қазіргі замандағы қоғамның
саяси ұйымдасуын дәстүрлі ислам үлгісі бойынша жүзеге асыру, бұқаралық және
діни билік біріксе, шариғат ұйғарымына сәйкес табыстың әділ бөлінуі,
экономиканың ғарыштап дамуы іске асар еді. Жалпы алғанда, бұл көзқарас
жүйесі – нақтылы елдің даму ерекшелігін есепке ала отырып, классикалық
исламның саяси және әлеуметтік-экономикалық ілімдерін жаңарту болып
табылады. Оларды іске асыру және насихаттау шараларды „исламдандыру” деп
аталып, жасалуы „жоғарыдан” – заң жүзінде кейбір ережелерді өндіру және
„төменнен” діни-саяси ұйымдардың қысымы нәтижесінде жүзеге асырылды. Бұл
бағытта мұсылман бауырластық ұйымы белсенділік көрсетуде.
Батыстың рухани құндылықтары бізге үлгі бола алмайды. Біз өзіндік
менталитеті, тамыры терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани
мұрасы бар халық екенімізді ұмытпауымыз керек.
Осындай жағдайда не істей аламыз? Ұлтымызды айрандай ұйытқан
дінімізді сақтау және мемлекетіміздің сенімділікте дамуын қамсыздандыру
үшін не жасауымыз керек? Ең бастысы, Қазақстандағы конфессияаралық
татулықты сақтауымыз шарт. Бұл басқа дін өкілдеріне толеранттылықпен
қарауды қажет етеді. Ислам дінінде зорлық-зомбылық жоқ екенін 3109. және
адамдардың түрлі діндерге сену еркіндігін мойындаған дін 4;,1-6. Дініміз
адам құқықтарын таптауға, бәйкүнә адамдарға жәбір көрсетуге, фитнә жасауға,
лаң салуға, бейбітшілікті бұзуға жол бермейді.
Сонымен қатар, Ислам діні мұсылмандардың өз имандарына берік болуын,
адастырушы күштердің арбауына түспеуін, ізгі амал істеп, пайдалы ой және
өнім өндіруін бұйырады. Қазіргі заңдарды пайдаланып, миссионерлер біздің
елімізге дендеп кіріп, жаппай азаматтарымызды көндіріп жатқанда, саналы
мүминдердің қарап отырғаны болмас. Біз нағыз мұсылмндар, нағыз отансүйер
қауым Құрандағы „Аллаһтың жолына хикметпен және әдемі үгітпен шақыр!
Олармен ең әдемі түрде күрес! Шынында, сенің Раббың өз жолынан адасқандарды
ең жақсы білуші! Ол тура жолдағыларды да ең жақсы білуші!” 5;16125. Осы
аят бойынша, өз дінімізді халқымызға түсіндіруші және мұсылмандар
арасындағы береке-бірлікті нығайтушы іс-әрекеттерді ұдайы жасап тұруымыз
шарт.
Басқа ағымдар мен теріс пиғылды діни секталармен, тариқаттармен
күресудің ең басты шарты – алдымен хақ жолды, яғни Ислам дінін, оның
бұрмаланбаған, хұрафасыз, бидғатсыз, яғни қоспасыз, саф формасын үйрену.
Нағыз исламды білу үшін біз, мұсылмандар қасиетті Құран-Кәрімді басшылыққа
аламыз. Өйткені, Құран „Адамзатты тура жолға бастаушы”6182, „өз ішінде
қайшылықтары жоқ және тақуа иелерін тура жолға бастаушы”72„барлық
әлемдерге арналған үгіт”8;90,3887, „Аллаһ тарапынан жіберілген анық
нұр”9174, „ұлы хабар”10;3867, „теңі жоқ кітап”1141), „көңілдегі
дерттерге шипа”1257, „нағыз шындық”13;6951. 14;№59:9б.
Құран бізге бұл дүниеде бақытты болу жолын ұсынды ахиреттегі қуанышты
сыйлайды, бұрынғы үмметтердің ғибратты өмірінен хабарлайды, басқа
діндердің қателескен тұстарын ашып береді, олардың даулы мәселелеріне жауап
береді.
Ислам танушы ғалымдарымыздың ұйғарымы бойынша, мына аят ғазиз
Пайғамбарымызға түсірілген ең соңғы аятта: „Дәл бүгін сендер үшін
діндеріңді кемеліне жеткіздім! Сендерге деген ізгілігімді (нығыметімді)
тәмәм еттім! Сенде үшін Исламды таңдадым, Исламға разы болдым!” 15;53.
Осы аят Ислам дінінің толықтай түсіп болғанын анық баяндайды. Құранның осы
соңғы аятынан кейін ешкім дінге ешнәрсе қоса алмайды және діннен ешнәрсені
алып тастай алмайды. Бұл маңызды қағиданы мұқият түсініп алуымыз шарт,
ағайын. Өйткені діндегі кері ағымдар мен дінді бұрмалаушылықтар ылғи да
Құранның кейбір үкімдерін жою, яки жоққа шығару арқылы немесе Құранға
сәйкес емес жаңа үкімдер шығару арқылы жасалған. Біз әр түрлі нәрсенің
Ислам дініне сәйкестігін Құран – Кәрім арқылы тексеріп алуымыз шарт.
Қазір біздің елімізде Ислам атын жамылған әр түрлі үгіт насихат
жүргізіп жатқан топтар баршылық. Олардың біразы саяси мақсатты көздеген
топтар болса, ендігі біреулері эканомикалық мүдделер төңірегінде
ұйымдастырылған. Қазақстанымыздың жерасты һәм жерүсті байлықтарына көз
алартқан кейбір сыртқы күштер тарапынан арнайы ұйымдастырылған және Ислам
үмметінің ішіне келбетін ауыстырып кірген шірікшіл, фитнәшіл, пасық -тардың
бар екенін ескерелік. Олардың жалған уағыздарына иланып кетушілер қаншама
десеңізші!
Біздің еліміздің тәуелсіздігінің сақталуы, еліміздің аман, жеріміздің
тыныш болуы, халқымыздың мығым бірлігіне тікелей байланысты. Жас
мемлекеттің керегесін керісіп, уығын қадасқан бүгінгі ұрпақ ұлттық бірлік
пен татулықтың үлгісін көрсетуі керек. Ал, ұлттық бірліктің берік болуы,
діни бірлігімізге тәуелді.
Өзіміздің зерттеу жұмысымызда „Ислам тарихы негіздері” атты тақырыпты
ІІ тарауға бөліп қарастырдым. Онда қамтылатын өзекті бөлімдер: Ислам дініне
дейінгі қазақ жері және Ислам дінінің таралуы, пайда болуы, Ислам негізін
салушы– Мұхаммед (с.ғ.с.), Қазақтардың исламды қабылдауы. Ең соңғысы,
Бүгінгі Қазақстандағы ислам жағдайы атты үлкен бөлімдерге тоқталып, қамтып
өттім. Зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты мен басты міндеті:
Қазақстандықтардың ислам дінін қабылдауы мұсылмандық негіз адамдар
статусының құндылығында жатыр. Ол діни принциптерге негізделеді. Сонымен
қатар, күллі әлем ислам дінінің хақ екніне көздерін жеткізсе екен деймін.
Ол үшін білікті де білімді, сауатты имам керек. Осыны Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев өз сөзінде айтып кеткен.
Қазргі кезде дінге діни көзқарасымыз біртіндеп дұрысталып қалған
сияқты. Бәрібір көптеп қол біріктіріп қарап қалмайық ағайын! Неліктен бұлай
дейміз?, себебі: „ Басқа діндердің ашса аузында қалып, жұмса алақанында
қалмайық ”дегеніміз. Сол үшін хақ дінімізді екі қолымызбен мықтап ұстайық!
І ТАРАУ Ислам дінінің тарихы
1. Ислам дінінің пайда болуы.
Єлемде ‰ш дін адамзаттыњ мєдени ќазынасы деп танылады. Олар:
будда діні, христиандыќ жєне ислам діні.
Ислам б±лардыњ қатарындаѓы жања єрі жас дін. әл-Ислам термині, Құранда
иман (сенім) және ад-дин (діни міндеттердің жиынтығы, дін) деген сөзге
жақын мағынада сегіз рет ұшырасады. Осындай үш түрлі түсініктің арақатынасы
мұсылман дін–ғылымы өкілдеріне әрқилы түсіндіріледі. Сунниттер арасында кең
тараған көзқарастардың бірінде ад-дин деген түсінікке бес тіректің жиынтығы
ал негізгі діни қағидалар әл-Ислам, Алланың хақтығы мен Мұхаммед
хабарлағанының бәріне сенім – әл-иман, өнегелі рақымшыл – әл-ихсан,
жатқызылады. Ислам дін ғылымының бес тірегі туралы түсінік мұсылман қауымы
өмір сүрген ең ерте кезеңде қалыптасты. Ислам дін мен іс-әрекеттерді
біріктіреді. Ислам барлық адамдарды шынайы дінді уағыздап, соған сай іс-
әрекет жасай алатын дәрежеге жеткізуге ұмтылады.
Кім осы дінді уағыздап және өз дініне сай дұрыс әрекет жасаса, сол
адам мұсылман. Ислам дінінің негізін құрайтын бес тірек мынадай: бірінші
тірегі „ашшаһада,” – Исламның ақиқат деп танылатын діни ережелеріне
сүйенген екі қағидасынан тұратын бір тәңір құлшылығы сенімге тәубә және
Мұхаммедтің елшілік қызметін тану, екінші тірегі „намаз”, үшінші тірегі
„ораза”, төртінші тірегі „зекет”, бесінші тірегі „қажылық”. Ислам дін
ғылымының бес тірегінің төртеуі Ислам іргетасын қалаушының әдет-ғұрып пен
діни өмір қағидаларына көбірек көңіл бөлгенін білдіретін моральдық және
әдет-ғұрыптық ұйғарымынан тұрады.
Сенім– Исламның бірінші тірегі. Мұсылман Кәлимаға тілін келтіру арқылы
өзінің дінді қабылдағанын жария қылады. Бұл кәлималарда Алладан басқа
Тәңірдің жоқтығы, Мұхаммед пайғамбар оның соңғы елшісі екендігі туралы
айтылады.
Сенім іс-әрекет арқылы дәлелденеді. Мұсылман оған Алла мен Оның
Елшісі не бұйырса, соның бәрін орындайды және сондай-ақ ол Алла мен Оның
Елшісі тиым салғанның бәрінен бойын аулақ ұстайды. Іс-әрекетпен
күшейтілмеген сенім (иман) ешқандай пайда әкелмейді және сенімсіз жасалған
іс-әрекеттер ешқандай негізге сүйенбейді. Сенім мен іс-әрект өзара тығыз
байланысты болып келеді.
Намаз–Исламның екінші тірегі. Мұсылман күніне бес рет Намаз оқиды.
Намаз адамның Алланы есінен шығармауына және оның әмірін басшылыққа алуына
көмектеседі. Ол адамның барлық жағымсыз іс-әрекеттен тартынып жүруіне
көмектеседі және оның – Алланың құлы екендігін есіне салып отырады. Адамдар
әдетте намазды мешітте оқиды, олар сол жерде кездесіп, бір-біріне игі істер
жасауға көмектеседі.
Әйелдер мен балалар әдетте намазды үйлерінде оқиды. Он екі жастан
асқан ұл балалар мешітке барып, сол жерде намазды көпшілікпен бірге оқуы
керек. Егерде мешіт алыста болса, намазды үйде оқуға да болады және оны
көпшілік мұсылмандар мен оқыған қашанда жақсы.
Рамазан айында ораза ұстау– исламның үшінші тірегі. Рамазан –
Исламның (айға байланысты) күнтізбесі бойынша тоғызыншы ай. Рамазан – ауыз
бекіту яғни ораза ұстау айы. Әрбір ересек мұсылман, сондай-ақ балалар да
бұл ай бойына ораза ұстауы керек. Ораза – кешірім айы. Пайғамабарымыз
Мұхаммед (с.ғ.с.), „Кімде-кім ауыз бекітсе, Алла тағала оның істеген
күнәләрын кешіреді” деген. Сондықтан да Алла тағала ораза айының бір түнін
қасиетті де қадірлі етті. Алла тағаладан қасиетті кітабымыз түскен рамазан
айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған түн Қадір түні деп аталады.
Сол түнгі тілектеріңізді, Алла тағалаға қылған отыз күн ораза ұстап ниет
еткен ғамалдарыңызды жаратушымыз қабыл етеді.
Ораза арам ниеттен арылтып, сүйіспеншілік және шапағат сәлемдерін
оятады. Қасиетті айда барлық реніштеріңізді ұмытып, жан дүниелеріңізді
нұрға, рухани байлыққа толтырғайсыздар. Өйткені ораза тек ішіп-жеуден
сақтануды ғана емес, бейәдет, жаман сөздерден, харам істерден сақтануды
қажет етеді. Бұл айда ешкіммен таласпай, тартыспай, ренжіспей тек, „Менің
аузым ораза еді”,– деп себеп айтсаңыз болғаны. Ораза айында иманыңыз
күшейіп, жан-дүниеңіз шаттанып, өзіңізді ұлы сабырға жеңдіре аласыз.
Қасиетті айда жұмақтың есіктері айқара ашылып, тамұқтың есіктеріне
құлыптар салынады. Ал адамды азғырушы шайтандар кісенделеді. Рамазан айы
баршамыз үшін сынақ екенін ұмытпайық, бауырлар! Жылына бір мәрте келетін
айдың қадірі мен қасиетін уысымыздан шығарып алмай, Алла тағаланың берген
мүмкіндігіне қуана құлшылық етелік, біліп істеген, білмей істеген
қателіктерімізге кешірім етуін сұралық. Ең соңғысын өзіміз сынап көрелік.
Өйткені ораза, төзімнің жартысы, ал төзім – дініміздің жартысы.
Қадірлі жамағат! Ораза – Алланың шарапаты. Бұл – рухани тәрбиелеу және
дамыту құралы. Ол адам әрнеге еліктеуден сақтайтынына және өзінің белгілі
бір тәртіпке қалыптасуына көмектеседі. Ол брлық жанды теңестіреді және
байлардың кедейлердің қалай ашығатынын, азап шегетін бір сәт те, аз да
болса сезінуіне мүмкіндік береді.
Ораза деп, ниет ету шартымен таң рауандаудың алдыннан күн батқанға
дейін ішіп, жеуден, жыныстық қатынастан тиылуды айтады. Рамазан айында, есі
дұрыс, балағатқа жеткен әрбір мұсылманға ораза тұту „фарыз ғайын”.Ал
оразаны күнінде тұтудың шарттары: дені сау, етек кірден, нифастан таза
және мұқим болуы (жолаушы болмауы). Ораза тұту үшін дәреті, бой дәреті болу
шарт емес.
Оразаның түрлеріне тоқталсақ.
1) Фарыз
2) уәжіп
3) сүннет
4) мүстахап
5) нәфіл
6)мәкрүһ.
Енді осылардың ішіндегі фарыз оразаларына тоқталайық. Бұл фарыз ораза,
рамазан айының оразасының атасы яғни мезгілінде ұсталуы. Қазасы яғни
мезгілінен кейін төленуі. Кәффәрәті яғни рамазан оразасын әдейілеп бұзудың
жазасы үшін ұсталатын ораза.
Екіншісі, уәжіп оразалар; нәфіл етіп тұтуға ниеттенгеннен кейін бұзылған
оразалардың қазалары және нәзір оразалар.
Үшіншісі, сүннет оразалар: Мүхаррам айының (арабша бірінші айдың)
күндерде тұтылатын оразалар.
Төртіншісі, мүстахап оразалар: әр арабша айдың он үш, он төрт, он бесінші
күндерінде ұсталатын оразалар. Әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндерінде
және шәууал айында алты күн тұтылатын оразалар.
Бесіншісі, нәфіл оразалар: бұл айтылғандардың тысында мәкрүһ болмаған
әрқайсы бір күндерде ұсталатын оразалар. Мәкрүһ болған оразалар: мүхаррам
айының тек қана оныншы күні ораза ұстау халалға жақын мәкрүһ.
Айт күндерінде, тек қана жұма күндерінде не сенбі күндері мен наурыз
күндерінде ораза ұстау мәкрүһ тахрими харамға жақын мәкрүһ. Дегенмен (
жұма, сенбі, наурыз күндері) ораза ұстауды әдет еткен күндеріне сәйкес
келсе бір сәрі.
Оразаның ниеті. Негізінен қандай да бір оразаға жүректен ниет ету
жеткілікті. Сәресіге тұру да бір ниетке жатады. Дегенмен ниетті тілмен айту
мұстахап болады. „Нағыз Алла үшін рамазан айының оразасын ұстауға таңнан
күн батқанға дейін ниет еттім”. Осы ұғымда арабша да ниеті бар. Оразаны
бұзып, әрі қаза, әрі кәффәрат болатын нәрселер. Оразалы болған кісінің
төмендегі нәрселерден зорлықсыз өз еркімен, біле тұра істесе әрі қаза, әрі
кәффәрат болады. Жыныстық әрекет істесе, екеуіне де қаза, әрі кәффәрат
керек, мейлі қорек, мейлі дәрі үшін бір нәрсе жеп-ішу, тамағына барған қар,
жаңбыр суын жұту, сасыған болса да шикі ет жеу себепті ауыз ашылады.
Кәффәрат келмейді. Бидай немесе тары түйірін жеу, әдет еткеннің балшықты
жеуі, желінуі әдет етілмеген балшықты дәрі үшін жеу, біраз тұз тату,
жұбайының, не басқа бір сүйгенінің түкірігін жұту, қан алдырғаннан кейін не
әйелін ұстанғаннан, не сүйгеннен кейін, не мұртын майлағаннан кейін оразам
бұзылды деп ішіп-жеуі, темекі тартуы, насыбай атуы, ғұд, ғабар делінген хош
иісті ағаштың түтінін ішке тарту, ине құйдыру осы жағдайда ауыз ғана
ашылады, кәффәрат келмейді. Бір пәтуаны толық түсінбегендіктен қателесіп
ораза бұзылса кәффәрат келмейді. Ал егер пәтуаны біліп тұра ораза бұзса
кәффәрат келеді. Біз жоғарыда кәффәрат деген сөзді өте көп кездестірдік..
Енді осы сөздің мағынасын ашсақ, „кәффәрат” деп, рамазанда бір ғұзыры
болмаған, өз еркімен оразасын бұзған бір мұсылманның төлейтін жазасын
айтады. Жоғарыда көрсетілген нәрселердің бірін істеген кісіге кәффәрат әрі
жазасы міндетті болады. Осылайша ораза бұзылғанда ол бұзылған күннің
оразасына бір күн қаза ораза тұту айрықша кәффәрат төлеу ләзім. Міне ораза
тұтудың алдын алғы шарттары осындай.
Кедейлердің жоқ-жітіктерінің пайдасы үшін жасалған қайырымдылық шара–
зекет. Исламның төртінші тірегі. Зекет араб тілінен енген сөз. Нақты
мағынасы қаріп-қасірге үлестіру үшін жиналатын салық. Мұсылман құқығын
танушылар бұл терминді „тазару” деп түсіндіреді. Генетикалық тұрғыдан зекет
исламға дейінгі тайпалық ғұрыпқа барып тіреледі. Онда олжаны бөлісу
барысында тайпалардың бір-біріне көмек „қоры” құрылатын болған. Меккелік
сүреде зекет, игілікті іс, материалдық көмек, қайыр-садақа деген мағынаны
білдіреді. Қауым мұқтаж мүшелеріне деп жүйелі түрде жинауға міндеттеу
хижрадан кейін бірден жүзеге асырылса керек. Соманың едәуір бөлігі қолға
бәдуиләрмен шарт жасасқаннан кейін барып 630 жылы Меккенің табалдырығын
аттаған соң түсе бастады. Олардан алынатын үш мөлшері тегінде, біртұтас
принцип бойынша емес, әрбір сәтте жеке-жеке айқындалып отырған. Зекетті
кемтар емес, мұсылмандар ғана төлейді. Зекет мыналардан тұрады: бірінші,
тұқымдық астықтан, екінші, жүзімдік пен құрма ағашынан (бақша дақылдары
туралы пікір әр алуан) үшінші, малдан, төртінші, алтын мен күмістен,
бесінші, дүние-мүліктен төленеді. Ислам, дәулеттің Алланың қалауы бойынша
жұмсалуы керек. Ислам кедейлер мен жоқ-жітіктердің байлардан ақша алуға
құқы бар деп айтады. Сондықтан да Ислам әрбір мүмкіндігі бар мұсылманға
ақшаларының бір бөлігін кедейлердің пайдасына және игі істерге жұмсауды
жүктейді. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің неғұрлым жақсы және бақытты өмір
сүруіне мүмкіндік береді. Мұқтаждарға ақшасынан бөліспеу, олардың аштық пен
аурудан азап шегуіне жол беру, өте үлкен күнә.
Исламның бесінші тірегі – қажылыққа бару. Ең алдымен қажылыққа
тоқтамас бұрын Мекке қаласы жайында біраз тоқталып өтейік. Мекке, мұсылман
дардың қасиетті қаласы. Онда Қағба бар, бас мешіт Масджид әл-Харам
орналасқан. Исламның негізін қалаушы Мұхаммедтің отаны және күллі
арабтардың ежелгі мәдени орталығы. Мұсылман аңыздары бойынша мұнда
бірсыпыра уақыт Адам ата мен Хауа ана, Шис, Ибраһим, Исмаил және Хаджар
тұрған. Исламның қорыққа айналдырылған қасиетті жерлерінің бірі. Аңызға
қарағанда Меккені джурхум, хуза тәрізді ежелгі тайпалар қоныс еткен. Ал ІҮ
ғасырдың аяғында мұнда құрайыш тайпасы қоныстанған. Меккенің қақ ортасында
әл-Қағба орналасқан, биіктігі 15 метрлік тастан салынған ғимарат. Ал оның
ортасында 1,5 метр биіктікте, күміспен жиектелген үлкен „қара тас”
қондырылған. Бұл әл-Қағбаға сиынудың негізі, жерге, адамдарға жіберілген
Алла тағала құдіреттілігінің белгісі болып табылады. Жер бетіндегі барлық
мұсылмандар, бір тұтас бірлестік. Олар бір ғана дінді уағыздайды. Олар
өмірде бір ғана қағиданы басшылыққа алады. Меккеге қажыға бару, исламның
бес парызының бірі. Дәулеті жететін мұсылман, ал мүмкіндігі болмаса өз
орнына басқа адам жіберуіне болады. Қажыға Мұхаммед пайдаланған ай
күнтізбесі бойынша зу-л-хиджжа айына барады. Тәуап етушілер зу-л-хиджжа
күні Меккеге келеді. Ихрам алу, арылу жорасынан өткеннен кейін олар кіші
тәуап жасайды. Содан соң умра және қажылық жорасын жеке-жеке жасаушылар
тұлымын кесіп, ихрамнан шығады. Ал умра мен қажылықты бірге хиджжа күні
тәуап етушілер хұтба намазын өткізеді. Келесі күні ауыз суларын алып,
батыстан шығысқа қарай созылып жатқан Мин және Мұздалиф алқаптарын бойлап
өтіп, Арафат алқабына бет алады. Тәуап етушілердің бір тобы зу-л-хиджжаның
сегізінен тоғызына қараған түнді Минада, екінші тобы Арафатта өткізеді.
Тәуап етушілер – хұтбаны тыңдап , күн батқанша намаз оқиды. Сосын Мұздалиф
алқабына барады. Бұл жора ифада деп аталады. Мұздалифтегі мешітте кешкі
және ақшам намазы оқылады. Зу-л-хиджжада таңғы намаздан кейін Мұздалиф
тауынан жеті тас алып, оны Мина алқабындағы Мұхаммедтің жолын бөгегісі
келген Ібілісті бейнелейтін үш бағанның соңғысына парып тастайды. Сол жерде
мал құрбандыққа шалынады. Зу-л-хиджжа күні мұсылман әлемі атап өтетін үлкен
мейрам болады. Олар шаштарын алғызған, не тұлымдарын кескізген тәуап
етушілер Меккеге беттеп, онда соңғы рет тәуап етеді. Содан соң Мина
алқабына барып, үш бағанның үшеуіне де тас тасталады. Қажы атағын алғандар
басына жасыл шалма орауға құқық алды. Осы жағдайдың өзі соңғы діни қағидаға
қарағанда құқықтың көбірек дамуын айқындап берді. Алғашқы исламда діни
қағида мен әдет-ғұрып, дін мен құқық арасында белгілі бір айқын айырмашылық
болмады. Күні бүгінге дейін исламдық басқару идеясына қызмет етіп келе
жатқан Мұхаммед пайғамбар билігінің теократтық сипаты саяси өкімет дін
басшыларының қолында болған мемлекет құрылысының өзгешелігі мұсылман қауымы
басшысының қолындағы рухани және зиялылар үкіметін бөлінбейтін етіп
бекітті. Алайда Мұхаммед қайтыс болған соң бұл қағида мұсылман қауымының
арасында шешілмейтін қайшылықтар туғызды. Сонымен бірге ол және күллі
мұсылман әлемінің саяси тағдырына үлкен әсер етті. Ислам жоғары үкіметтің
біртұтас көзқарас жүйесін жасай алмады, хариджиттер үкіметтің қауымдық
түрін және қауым басшысының міндетті түрде сайланбалы жолын қуаттады, ал
шииттер үкіметінің Әли руына алдын ала беріліп, ұйғарылып қойылған тәңірлік
табиғатын таныды. Ал сунниттердің теориясы мен практикасы үкіметтің
тәңірлік және ұжымдық ара-жігінен тұрады. Сөйтіп, Исламда негізгі
қайшылықтар жоғары үкімет мәселесін шешуге байлнысты еді. Бірақ, Исламның
түсуі белгілі бір дәрежеде мұсылман мемлекеті мен оның идеологиясының
дамуына әсер етуіне орай мұсылман қоғамында, мұсылман діни қағидасын
жасауға түрткі болған дін ғылымының мәселелеріне деген қызығушылық туғызды.
Б‰гінде жер ж‰зінде шамамен бір миллиард ж‰з жетпіс мыњдай адам осы дінді
±станады. XX ѓасырда ислам дінін т±тынушылар саны екі есеге жуыќ µсті. Б±л
біріншіден, ислам діні тараѓан аймақтардаѓы демографиялыќ жаѓдайларѓа
байланысты болса, екіншіден, басќа діндер тараѓан дєст‰рлі аймаќтарда
адамдардыњ ислам жолына бет б±руынан болып отыр. Ислам – әлемдегі күшті
дамыған діндердің үшіншісі және ең соңғысы. Ислам араб тілінен аударѓанда
„бой ‰сыну ” деген маѓынаны береді. Ислам жєне мұсылман (муслимун - бой
±сынушы ерлер, муслиматун - бой ±сынушы єйелдер) деген сµздерініњ т‰бірі
бір. Ислам біздің дәуіріміздің ҮІІ- ғасырының басында Батыс Арабиядағы араб
тұрғындары арасында пайда болып, одан ұлғайып, қанатын жайса, біртіндеп
араб тайпаларының да бірігуіне зор әсер етті. Соған сай ислам діні өз
тұсында үлкен рөлге ие болды. Ол қазір де өз мәнін жоймай, қағидалары мен
өсиеттері халық пайдасына жараса, оның пайда болған мемлекеті Арабия да
қазір көрнекті елдер қатарында тұрғаны айқын. Ислам - монотеистік дін. Яғни
жаратушы ретінде тек Аллаһ Тағаланы ғана танитын, оған ортақ қосуға үзілді
– кесілді тыйым салатын дін. Құран-Кәрім аяғына дейін осы бұлтартпас
қағиданы қайталайды. Аллаһ Тағалаға ортақ қосуды „шірк” дейді. Шірктің өзі
„ашық шірк” және „жасырын шірк” деп екіге бөлінеді. Ашық шірк дегеніміз–
адамдардың пұтқа табынуы, яки Аллаһ Тағалаға жанама тәңірлер қосу. Ал
жасырын шірк дегеніміз – Аллаһ Тағаланы Жаратушы ретінде мойындай отырып,
оның кейбір биліктерін, құқықтарын, атрибуттарын фәни адамдарға да беру.
Аллаһ Тағала Құранда барлық күнәларды кешіру мүмкін екенін айтып, шіркті
ешқашанда кешірмейтінін білдіреді. „Күдіксіз, Аллаһ өзіне серік қосылуын
әсте кешірмейді! Бұдан басқа күнәларды қалаған құлдары үшін кешіреді.
Аллаһқа серік қосқан адам шексіз үлкен күнә істеп, жала жапқан
болады.”16;448. Тәухид, яғни Исламдағы Аллаһ Тағаланың бірлігі ақидасына
аса сақтықпен ие болуымыз шарт. Бұл дініміздің ең маңызды мәселесі.
Пайғамбарымыздың ақтық деміне дейін қайталаған өсиеті. Әз Елші шіркке
апаруы ықтимал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz