Қ. Сәтпаевтың өмiрi



Кiрiспе

1. Қ. Сәтпаевтың өмiрi

2. Жезқазған жерiндегi алғашқы қызметi

Қорытынды

Пайдаланылған деректер тiзiмi
Рас, “жыр алыбы” дегенде Жамбыл, “күй атасы” дегенде Құрманғазыны, “қара сөздiң атасы” дегенде Абайды айтатынымыз секiлдi, Қазақстандағы кен өндiрiсiн айта бастасақ, аузымызға Қаныш Имантайұлының есiмi бiрден түсерi хақ. Сонымен бiрге, елiмiзде ғылым академиясының ашылуы да, алғашқы академик атағының берiлуi де Сәтпаев есiмiмен тығыз байланысты.
Қ.Сәтпаев өзi таңдаған қиын, шытырман, ирелең жолда адаспай, кен өндiрiсiнiң болашағына деген сенiмдi тұжырымдары мен пiкiрлерiн шынайы түрде жеткiзе бiлдi. Сарыарқа даласындағы кен байлық көзiн халқымыздың келешегiмен қауыштырып, болашағымен байланыстырып бере алды.
Осындай ауыр жүктi мойнымен көтере бiлген ғалымды өз халқы ғана мойындап қана қойған жоқ, шет ел халқы да, ғалымдары мойындады.Бiздiң осы ойымызды, Қ.И.Сәтпаев атындағы халықаралық қордың президентi К.Салықовтың мына бiр сөзiмен дәлелдеп өтсек: “Поэту и философу Абаю казахский народ обязан своим духовным развитием, а Сатпаеву – развитием науки и экономики. Уникальность Сатпаева в науке, в воспитании молодых ученых такова же как и пример Абая для поэзии и поэтов”.
Ия, Абай қазақ поэзиясын жаңа деңгейге көтерген, ақын болса, Қаныш Имантайұлы қазақ ғылымының бастауында тұрған ұлы тұлға екенiнде еш күмән жоқ. Ғалым өзiнiң бар өмiрiн Жезқазғанды ең iрi кен өндiру орталығына айналдыруға арнады. Сәтпаев Жезқазған кенiнiң болашағына шүбәсiз сендi, ал Үлкен Жезқазған өнеркәсiбi ғалым өмiрiнiң темiрқазығына айналды

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қаныш Имантайұлы Сәтпаев

Жоспар

Кiрiспе

1. Қ. Сәтпаевтың өмiрi

2. Жезқазған жерiндегi алғашқы қызметi

Қорытынды

Пайдаланылған деректер тiзiмi

КIРIСПЕ

Рас, “жыр алыбы” дегенде Жамбыл, “күй атасы” дегенде Құрманғазыны,
“қара сөздiң атасы” дегенде Абайды айтатынымыз секiлдi, Қазақстандағы кен
өндiрiсiн айта бастасақ, аузымызға Қаныш Имантайұлының есiмi бiрден түсерi
хақ. Сонымен бiрге, елiмiзде ғылым академиясының ашылуы да, алғашқы
академик атағының берiлуi де Сәтпаев есiмiмен тығыз байланысты.

Қ.Сәтпаев өзi таңдаған қиын, шытырман, ирелең жолда адаспай, кен
өндiрiсiнiң болашағына деген сенiмдi тұжырымдары мен пiкiрлерiн шынайы
түрде жеткiзе бiлдi. Сарыарқа даласындағы кен байлық көзiн халқымыздың
келешегiмен қауыштырып, болашағымен байланыстырып бере алды.
Осындай ауыр жүктi мойнымен көтере бiлген ғалымды өз халқы ғана
мойындап қана қойған жоқ, шет ел халқы да, ғалымдары мойындады.Бiздiң осы
ойымызды, Қ.И.Сәтпаев атындағы халықаралық қордың президентi К.Салықовтың
мына бiр сөзiмен дәлелдеп өтсек: “Поэту и философу Абаю казахский
народ обязан своим духовным развитием, а Сатпаеву – развитием науки и
экономики. Уникальность Сатпаева в науке, в воспитании молодых ученых
такова же как и пример Абая для поэзии и поэтов”.

Ия, Абай қазақ поэзиясын жаңа деңгейге көтерген, ақын болса, Қаныш
Имантайұлы қазақ ғылымының бастауында тұрған ұлы тұлға екенiнде еш күмән
жоқ. Ғалым өзiнiң бар өмiрiн Жезқазғанды ең iрi кен өндiру орталығына
айналдыруға арнады. Сәтпаев Жезқазған кенiнiң болашағына шүбәсiз сендi, ал
Үлкен Жезқазған өнеркәсiбi ғалым өмiрiнiң темiрқазығына айналды

1. Қ. Сәтпаевтың өмiрi.

Халқымыздың бiртуар ұлы, ғұлама ғалым, қазақстан Ғылым Академиясының
тұңғыш президентi Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есiмiмен Қазақстандағы ғылыми
жетiстiктердiң көпшiлiгi байланысты, әсiресе, бiздiң жерiмiзде ғасырлар
бойы тұнып жатқан мол қазба байлықтарды зерттеп, игеруде еңбегi ерекше.
Қ.Сәтпаевтың ғұмырын көп жылдар зерттеп, өз шығармаларына арқау еткен
қаламгер Медеу Сәрсекенiң мына бiр пiкiрi - ғалымды ұлтымыздың ұлы тұлғасы
ретiнде танып –бiлуiмiздi қоштай түскендей:
“... Кеңес Одағы атанған кешегi дәуiрiмiзде, жалпы, тарих еншiсiне
көшуiне екi-ақ жыл қалған ХХ ғасырда күллi Қазақстан көлемiнде, бiздiң
қазақ халқынан Қаныш Сәтпаевтан асып, әлемдiк ғылым шыңына көтерiлген
ғұлама болған жоқ. Сондықтан, мен Қаныш Имантайұлын бiздiң ұлт қана емес,
бұрынғы Одақ бойынша да ғасырдың ұлы тұлғасы деп бiлемiн. Әркiмдi өзiне
лайық тұғырына қойып, шынайы бағасын белгiлеушi Уақыт пен Тарихтың шешiмi
бұл!”(31. )
Қаныш Имантайұлы Сәтпаев 1899 жылы бұрынғы Семей губерниясының
Павлодар уезiндегi Ақкелiн болысының 4 ауылы, қазiргi Павлодар облысы
Баянауыл ауданындағы Қ.И.Сәтпаев атындағы ауылда дүниеге келген екен. Бұл
жағдайды әйгiлi тарихшы Әлкей Марғұланның мына бiр ой бөлiсуiмен дәлелдей
аламыз:
“Қаныштың туып-өскен, бала күнiнде ойнақ салып қызықтаған жерi
Арқаның бiр сұлу өлкесi Баянауыл тауының сыртқы бөктерi. Ақкелiн. Бұл
тауларды орай ағып өтетiн өзендi Ащының суы дейдi. Оған құятын екi сала
бар. Бiрi- Айырық, бiрi-Сарықамыс. Қаныш сол Айырық сайының биiк жағасында,
ерте заманнан келе жатқан өзiнiң ата қыстауларында 1899 жылы апрель айының
12 күнi жарық дүниеге келедi”.
Ал, әйгiлi сәтпаевтанушы Медеу Сәрсекенiң еңбегiне сүйенер болсақ,
1909 жылдан бастап ауыл мектебiнде оқыған Қаныштың бiлiмге деген
ынтызарлығын байқаған мұғалiмi Г.В.Терентьев болашақ ғалымның әкесi Имантай
қариямен сөйлесiп, оның ендiгi бiлiмдi қалада алу керектiгiн дәлелдейдi.
Г.В.Терентьевтiң айтқан пiкiрiн Павлодардағы орыс-қырғыз училищесiнде сабақ
берiп жүрген Әбiкей Сәтпаев та қоштай түседi, Қанышты өзiнiң қасына алады.
“1911 жылы 12 жасар Қаныштың ағасы Әбiкей Павлодарға апарып, ондағы
екi кластық орыс-қазақ мектебiне түсiредi”
Ал, жылдар өте, осы оқиға жайында ғалымның өзi былай дейдi: “Алған
бiлiмiм үшiн - өмiр бойы туысым карт интеллигент Әбiкей Зейiнұлы Сәтпаевқа
қарыздармын...”.
Павлодар училищесiнде де өз қатарының алды болып бiтiрген Қаныш
Имантайұлы, ағасы Әбiкейдiң ақылымен кейiннен Семейде мұғалiмдер
семинариясына оқуға түседi.
”1914-1918 жылдар аралығында 4 жыл бойы Қаныш оқыған Семей
семинариясы қыр округiндегi ең тәуiр оқу орындарының бiрi болатын”.
Бұл жөнiнде айтылған М.Сәрсекенiң кiтабында толық айтылып өтiлген.
Семейдегi оқу орнын бiтiрген жасөспiрiм бала өзiнiң болашағын
Томскiдегi жоғарғы оқу орындарының бiрiмен байланыстырмақ болған едi.
Бiрақ, сұрастыра келе, семинария аттестатымен жоғарғы оқу орнына алмайтынын
бiлген болашақ ғалымның ұнжырғасын түсiп кеттi. Бiрақ, губерниялық халыққа
бiлiм беру бөлiмi оны Семейдегi жаңа ашылған мұғалiмдер дайындайтын курсқа
мұғалiм етiп жiбередi. Қаныш Имантайұлы сабақ бере жүрiп, өз бiлiмiн
толықтыруды да ұмытқан жоқ. Ғарифолла Нығматуллин есiмдi математик
мұғалiмнен бiлiм ала жүрiп, ағылшын тiлiн үйренуге де құлшынды. Бiрақ
денсаулығынан қиыншылық көрген ол, жоғарғы оқу орны туралы арманын әрi
шегеруiне тура келдi.
Бертiн келе, денсаулығы түзеле бастаған шамада, сот органында жұмыс
iстеп, қарапайым халықтың көңiлiнен шыға бастады. Осынау қызметтi атқарып
жүрген кездерi, геология магистрi М.А.Усовпен жақынырақ танысып, сол
кiсiнiң көмегiмен өзiнiң арманының негiзi геолог болу деп түсiнген Қаныш
Имантайұлы 1921 жылы Томск қаласына аттанады.
“µша бiлген қанатқа дүние кең” –дегендей, Қаныш Имантайұлының ғылымға
деген талабы, таңдаған мамандығына деген құлшынысы 20-шы жылдардың басында
Томск технологиялық институтында оқып жүрген кезiнде байқалды. Қ.Сәтбаевтың
ұстазы, үлкен оқымысты, профессор М.А.Усов қаршадай қазақ баласының ерекше
қабiлетiн ерте байқады. Академик Н.В.Мельников өзiнiң естелiк кiтабында
былай деп жазды: “Усовқа өзiнiң оқушысына геологияға деген
сүйiспеншiлiктi үйретудiң қажетi болған жоқ, ол оны одан әрi дамытты”.
Сонымен, 1921-1926 жылдар аралығында Томск техлонологиялық
институтының тау-кен факультетiнде оқыған Қаныш Сәтпаев қазақ халқынан
шыққан алғашқы геологтар қатарын толықтыруды армандады.

2. Жезқазған жерiндегi алғашқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қ.И.Сатпаевтың жер қойнауын зерттеуі мен Қазақстан Өндірісінің дамуына қосқан үлесі
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
ҚАНЫШ СӘТПАЕВ ҚАЗАҚ КСР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Қаныш Сатпаев геология ғылымының ең алғашқы педагог - мұғалімдерінің бірі
1946 жылғы Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Қазіргі күндегі экологиялық білім берудің географиялық негізі
С.Сейфуллин – әдебиет сыншысы
Жұмабай Шаяхметовтің өмірі мен қызметі
Қазақ халқының музыкалық фольклорын зерттеу тарихы
«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ»
Пәндер